Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 21:03, дипломная работа

Краткое описание

Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдері оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен, бригадаларынан кәсіпорынның әкімшілігі белгілеген мерзімде бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін толтырылатын бұл алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі. Сондай-ақ бұл құжаттағы еңбек бағасының дұрыс қойылуы олардың жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі және шифрлардың дұрыс қойылуы тексеріледі.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................3

1 ҰЙЫМДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ...................................................................5
1.1 Еңбек ақы жүйелері мен формалары............................................................5
1.2Ұйымның ұйымдық - өндірістік қызметіне сипаттама және негізгі көрсеткіштері......................................................................................................13

2 ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ БОЙЫНША ЕСЕП АЙРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 «СтройСервис» ЖШС еңбекақының синтетикалық және аналитикалық есебі.............................................................................................20
2.2 Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін сомалар есебі.....................................................................................................................28
2.3 Еңбекке ақы төлеудің бухгалтерлік есебінің ҚЕХС сәйкес ұйымдастырылуы...............................................................................................42
2.4. Еңбекақының талдамалы есебі...................................................................50

3. ЕҢБЕК АҚЫ ҚОРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУ
3.1 Талдаудың міндеттері және оның мақсаты..........................................53
3.2 Қызметкерлермен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуды тексеру...............................................................................................................55
3.3 Еңбекті пайдаланудың тиімділігін талдау.............................................62

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................69

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................71

Прикрепленные файлы: 1 файл

dip_3025.doc

— 714.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 


        

    Сызба 2- Еңбекақыны құқықтық  реттеу жүйесі

 

 

Кәсіпорындарда еңбекке ақы төлеудің формалары тәжірибесінде еңбекақының негізгі 2 формасы қолданылады: мерзімді және кесімді. Мерзімді формада 1 сағаттық жұмыстың тарифтік мөлшерлемесімен жұмыс істеген уақыты негізге алынса, кесімдіде – жұмыс көлемі мен бір бірліктің бағасы негізге алынады. Нарықтық эканомикалық шарттарына сәйкес еңбекақының дәстүрлі емес формасы соңғы нәтиженің алдыңғы табыстық пайызына сәйкес бастау алды.

         Егер еңбекақы орындалған жұмыстың көлеміне емес, берілген уақытқа төленетін болса, онда еңбекақының бұл формасы мерзімді деп аталады. Мерзімді еңбекақыда жұмысшы – қызметкерге еңбекақыны сағаттық (күндік) тарифтік мөлшерлемесі мен оның жұмыс істеген уақытына (сағатына, күніне) көбейту арқылы анықтайды. Басқа санаттағы жұмысшы- қызметкерге еңбекақы келесі түрде анықталады. Егер қызметкерлер бір айдың қызметін толық атқарған болса, олардың жалақысы есептелген еңбекақыға сәйкес болады. Егер қызметкерлер жұмыс күндерінің санын толық атқарған болса, олардың еңбекақыларын берілген мөлшерлемені жұмыс күндерінің күнтізбелік санына бөліп, оны кәсіпорын төлеуге тиісті жұмыс күндерінің санына көбейту арқылы анықталады. Бүгінгі күні толық емес жұмыс күнінде немесе оның толық емес жүктемесінде еңбекақының нақты орындалған жұмыстың сағатына төлеу тәжірбиесін қолданылу ұсынылады.

         Еңбекақының мерзімді – сыйақылық жүйесінде тарифтік еңбекақыға тарифтік мөлшерлемеге немесе басқа да өлшеуіштерге қатысты пайыз көлемінде сыйақы қосылады. Жұмысшы – қызметкерлердің еңбегін мерзімді формада есептеудің негізгі құралы табель болып табылады. Сыйақы бір айлық жұмыс нәтижесінде немесе одан ұзағырақ уақыт мерзімінде берілуі мүмкін.

          Егер жұмысшы – қызметкерге еңбекақы орындалған жұмыстың немесе өндірілген өнімнің бір бірлігіне алдын-ала белгіленген мөлшерде есептелетін болса, онда еңбекақының бұл түрі – кесімді еңбекақы деп аталады. Еңбекақының кесімді формасы бойынша есеп айырысу жұмыстың орындалғаны туралы құжаттың негізінде жүзеге асады. Кесімді еңбекақы тура кесімді, кесімді – сыйақылық, кесімді үстемелі, жанама кесімді, аккордтық деп бөлінеді. Еңбекақының тура кесімді формасында жұмысшы – қызметкерлерге еңбекақы қажетті біліктілік деңгейі ескеріле отырып, олардың өндірген өнімі мен орындалған жұмыстың санына байланысты есептеледі.

         Кесімді – сыйақылық формасында, кесімді еңбекақы сапасынан бөлек, жұмысшы – қызметкерлерге сыйақы берудің шарттары мен көрсеткіштерін орындағаны үшін сыйақы есептелінеді: жұмыстың сапасы, жедел түрде орындалу тұтынушылар тарапынан арыздардың болмауы, ақаудың жоқтығы және т.б. сыйақы мөлшері кесімді еңбекақыға қатынасты белгіленеді. Сыйақы беруді пайыздық жүйесін ұйымдастыруда басқа да әдістер қолданылуы ықтимал.

         Кесімді – үдемелі жүйеде жоспардан тыс орындалған жұмысқа төмен деңгей жоғарылайды.

         Жанама – кесімді еңбекақы құрал-жабдықтарда және жұмыс орындарында қызмет көрсетуші жұмысшылардың еңбек өнімділігін ынталандыру үшін қолданылады. Мұндай жүйеде жөндеушілердің, жинақтаушылардың, мастерлер мен олардың көмекшілерінің және басқа да еңбекақысы қызмет көрсетіліп жатқан ауданның негізгі жалақысына пайыздық қатынаста есептеледі.

       Аккордтық жүйе жұмысының немесе өнімнің белгіленген сапасын орындағаны үшін жиынтық жалақыны анықтауға негізделген. Жұмыс, оның орындалу мерзімі көрсетіліп, бағаланады.

         Ол үшін (жұмыстың орындалу кезеңі) еңбекақының жалпы сомасы, жұмыстың анықталу мерзімі және сыйақының көлемі көрсетілген жұмыстың орындалу кезегі шығарылады. Орындалған жұмыс үшін толық есеп айырысу, объект толық қабылданған кезде ғана жүзеге асады. Мұндай жұмыс көбінесе құрылыста қолданылады.

         Еңбекақының кесімді немесе мерзімді формасы жеке немесе коллективті (бригадалық) төленуі мүмкін. Бригадалық форма мамандарды жинақтау қажеттілігі туғанда қолданылады.

         Еңбекақыны төлеудің бригадалық кесімді формасында бригаданың жалпы жалақысын нақты орындалған жұмыстың бір бірлігінің бағасына көбейту арқылы анықталады. Бригадалық табысты оның мүшелерінің арасында бөлген дұрыс. Бұл жерде түрлі әдістер пайдаланылуы мүмкін. Жалпы табысты оның мүшелері арасында бөлудің ең қарапайым әдісі жұмысты атқаруға кеткен уақытқа пропорционалды бөлу болып табылады. Бригаданың жұмыс нәтижесіне әрбір жұмысшының қосқан еңбек үлесін толық есептеу үшін бригаданың мүшелерінің келісімімен еңбекке қатысу коэффициенті (ЕҚК) қолданылады.

          Бір сағаттың тарифтік мөлшерлемесі жұмысшылардың разрядына сәйкес мерзімділерге және кесімділерге жеке-жеке бекітіледі.

          Жұмысшылардың жалақысы тарифтік мөлшерлеменің негізінде, ал қызметкелерге – қызметтік еңбекақыға сәйкес төленеді. Еңбек заңына сәйкес белгілі бір уақыт аралығында белгіленген жұмыс уақытын толық өтеген және өзінің еңбек міндеттемелерін атқарған жұмысшы – қызметкердің айлық жалақысы еңбекақының бекітілген және төменгі деңгейінен төмен болмауы керек.

        Қазақстан Республикасының «2009 жылға арналған республикалық бюджет туралы» заңымен 2009 жылғы 1-қаңтардан бастап еңбекақының ең төменгі деңгейі 13470 теңге болып бекітілді. Біріңғай тарифтік тор арқылы жұмысшылардың тарифтік тордың мөлшерлемесіне сәйкес тарифтік коэффициентіне көбейту арқылы табылады.

          Еңбекақының формалары, штатық кесте қызмет бабына сәйкес төленетін еңбекақы, сыйақы беру жүйесін бекітілген еңбекақы шегінде әр кәсіпорын өз бетінше таңдайды.

         Еңбекақы ақшалай немесе натуралдық мөлшерде төленуі міндетті. Қазақстан Республикасының Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік Қорғау министрлігінің 12.05.2007 жылы бекіткен жұмысшы қызметкерлердің еңбекақысын төлеу бойынша сұрақтарға метфикалық нұсқаулар жарлығына сәйкес ақшалай формадағы еңбекақы бұл:

- Орындалған жұмысқа (жұмыс істеген уақытқа) кесімді бағалар, тарифтік мөлшерлемелер, қызметтік еңбекақы, табыстан алынған пайызға немесе орташа пайда бойынша ұйымда қабылданған еңбекақы жүйесі мен формаларына тәуелсіз түрде есептелген еңбекақы;

- Жұмыс стажына (ұжымда үздіксіз жұмыс істегені үшін үстемелер), сыйақылар пайыздық үстемелер);

- Ағымдық сипаттағы өндірістік нәтижелер бойынша сыйақылар;

- 1 жылдық жұмыс нәтижесіне сыйақылар;

- Еңбек демалысына жыл сайынғы қосымша (еңбек демалысына материалдық көмек);

- Еңбек жағдайына байланысты қосымша төлем  (ауыр және зиянды жұмыс үшін, сондай-ақ аса ауыр және аса зиян жағдайда);

- Түнгі уақыттағы жұмысқа, көпкезекті тәртіпке қосымша төлемдер;

- Жыл сайынғы және қосымша еңбек демалысына ақшалай өтеу;

- Жұмыстың тоқтап қалуына байланысты төлем;

- Қызметкерлердің уақытша еңбек қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда берілетін қосымша төлемдер;

- Жұмыс үстемеленген уақытқа төленетін басқа да төлемдер;

   Натуралдық формадағы еңбекақы :

-Натуралдық төлем тәртібінде берілетін айлықтың құны;

Экономикалық жеке салаларында (Қ.Р. заңнамасына сәйкес) жұмысшы – қызметкерлерге ақысыз берілетін коммуналдық қызмет көрсетулер, азық-түліктің құны;

- Темір жол, әуе, теңіз, өзен, автомобиль транспорттары мен қаланың электртранспорттарының жұмыскерлердің жол жүруіне берілген жеңілдіктердің құны;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақысыз берілетін заттардың (формалық киім, мундирімен қоса алғанда) құны мен оларды төмендетілген бағамен сатуға байланысты жеңілдіктер сапасы;

- Ұйым қаражатының есебінен қызметкерлер мен олардың балаларының емделуге, демалуға, экскурсиямен саяхат жолдамаларын төлеу;

-  Тұрғын үйді, пәтер құнын, жатақханадағы орынды төлеу;

- Жалпы пайдалануға жататын көлікпен, арнайы бағыттар мен , ведомоствалық көліктер мен жұмыс орнына келетін жол жүру ақысын төлеу;

- Мерей тойға арналған сыйлықтарға сатып алу немесе жұмысшы- қызметкерлерді марапаттауға кеткен шығындар;

   Еңбекақы қорына жататын басқа да төлемдер:

- Еңбек көлемінің қысқаруына немесе еңбек сипатының өзгеруіне байланысты жұмысшылардың қызметтен кетуіне берілетін демалыс жәрдемақылар ( ұйымның жабылу жағдайында, штаттың санының қысқаруы мен және т.б. сонымен қатар, қайғылы оқиғаға байланысты немесе жұмыстан шығу жағдайларына);

- Жұмысшылардың санының немесе штаттың қысқаруымен, ұйымның қайта ұйымдастырылуына және жойылуына байланысты жұмыстан шығарылған қызметкерлерге жұмысқа тұрғанға дейінгі мерзімге төленетін сома;

- Баланың дүниеге келуіне; ақылы медициналық операциялар жасауға, куәландыратын құжаттар болған жағдайда берілетін материалдық көмек.

- Жұмысшы- қызметкерлердің жұмысына байланысты денсаулығына тигізген залалдарына төленетін төлем;

- Жоғары және орта арнайы оқу орындарының кешкі және сырттай бөлімдерінде оқитын жұмысшыларға берілетін оқу демалыстарын төлеу;

- Уақытша еңбекке қабілетсіз күндерді;

- Бала туу немесе жүктілікке берілетін демалысты төлеу;

- Қазақстан Республикасының Үкіметімен қарастырылған жағдайда төлеу;

- Берілген арнайы киімнің, арнайы аяқ киімнің немесе басқа да қорғаныс құралдары, сабын, сүт, емдеу – профилактикалық тағамдардың құны;

- Зейнетақы жинақтау қорына міндетті зейнетақы төлемдері;

- Жұмысшының денсаулығына тигізген қандай да бір залалы үшін табысты қайтару;

          Еңбекақының құрамына жұмысшылардың дивиденттер және пайыздар түрінде алған табыстары кірмейді. Еңбекақының қорына негізгі және қосымша еңбекақы табыстары кіреді. Еңбекақының айтарлықтай бөлігі болып табылатын негізгі еңбекақы қызметіне төлемдерден (тарифтік мөлшерлемеден) тұрады. Оған жұмысшы – қызметкерлерге жұмыста болған уақытына, орындаған жұмыс саны мен сапасына төленетін еңбекақы; кесімді бағалар; тарифтік мөлшерлемелер бойынша төлемдер; кесімділер мен мерзімділерге сыйақылар; еңбектің қарапайым жағдайының ауытқуына байланысты қосымша төлемдер; жұмыс уақытынан тыс жұмыста болғаны үшін; бригадирлер үшін; жұмысшылардың кінәсінсіз жұмыстың тоқтап қалуына байланысты төлемдер жатады.

 

  1.2 Ұйымның ұйымдық - өндірістік қызметіне сипаттама және негізгі көрсеткіштерін талдау

 

       «СтройСервис» жауапкершілігі шектулі серіктестігінің негізгі қызметі темір – бетон бұйымдарын өндіру және құрастыру, өнеркәсіптік, азаматтық құрылыстарды салу, түрлі объектілерде монтаждау және жөндеу жұмыстарын жүргізу, бұған қоса түрлі өз жарғысында көрсетілген коммерциялық қызметтерді жүзеге асыру болып табылады. Ол серіктестік ретінде 5 сәуір 2002 жылы 4958 – 1933 ЖШС куәлігімен тіркеуден өткен. Қазалы темір-бетон құрастыру зауыты 1982 жылы Батыс Қазақстан темір жолын темір-бетон бұйымдарымен қамтамасыз ету мақсатында екі СБ-153 бетон араластырғыштарымен жылына 10000м3  бұйым өндіру мүмкіндігі бар типтік бетон араластырғыш желі ретінде салынды. Ол инерттік материалдардың ашық қоймасынан, 600 тонналық цемент сақтау орнымен, цемент пен инерттік материалдарды қабылдау, беру және дозалау құралдарымен жабдықталған.

        1986 жылы өнімділігі 10 плита болатын кеңістіктік плита желісі бар бұйымдарды шығару үшін жазғы полигон салынды. Полигонда қабырғалық блоктар, барлық маркадағы фундаменттік ұзынша блоктар, колонналар, аэродромдық плиталар, электр беру желісіне тірек болатын бұйымдар шығарылады.

         Зауытта құрылыс лабораториясы, әкімшілік-тұрмыстық ғимарат арматуралы – каркастық цех, автотұрақтар, ағаш өңдейтін цех бар. Зауыт 160-тан астан темір –бетон бұйымдарын шығарады.

         Серіктестіктің жеке балансы, фирмалық белгісі, мөрі, бланктерде есеп айырысу шоттары бар.

         Зауытта жоғары білікті инженерлік- техникалық қызметкерлер, кәсіпқой мамандар жұмыс істейді, олар қазіргі талаптарға сай сапалы бұйымдар шығаруға мүмкіндік береді.

          ЖШС «Строй Сервис» -нің өндірістік қызметінің нәтижесі оның бөлімшелерінің қызметімен анықталады. Серіктестіктің жұмысының тиімділігі жұмыс процесінің дұрыс ұйымдастырылуына, технологиялық құрал-жабдықтардың пайдалану деңгейіне байланысты. Зауыттың  қарамағында бетон құю цехы, құрылыс бригадасы, ағаш өңдеу цехы, ұстахана, өндірістік- сметалық бөлім, техникалық бақылау бөлімі, есеп қисап бөлімі, жабдықтау - өткізу бөлімі, қаржы-жоспарлау бөлімі, өнімнің сапасын тексеру лабораториясы және кадрлар бөлімі жұмыс істейді.

           ЖШС «СтройСервис» -де негізгі бөлім – бетон құю цехы. Онда темір –бетон бұйымдары дайындалады. Бұл цехта өндірілетін негізгі бұйымдар түрлі маркадағы колонналар, баспалдақтық, тротуарлық плиталар, тас шеңберлі құдық плиталары, фундаменттік блоктар мен қабырғалық тас плиталар. Цехта орта есеппен жылына 3381 мың теңгенің өнімі өндіріледі. Зауытта темір-бетон бұйымынан бөлек құрылыстық заттар – есік, терезе, едендік ағаштар жасалынады. Бұл өнімдерді серіктестікте ағаш өңдеу цехында дайындайды.

                 ЖШС «СтройСервис» қызметін басқаруды тікелей серіктестік төрағасы жүзеге асырады.төраға серіктестік жарғысымен заңдылықтар талаптарына сәйкес мүлкіне иелік жасайды, жұмысшылардың құрылымын, еңбек ақы жүйесін бекітеді, серіктестіктің қаржылық жағдайына, оның мүлкінің сақталуына жауап береді.

          Бас экономист экономикалық шешімдерді дайындап, өндірісті болжамдап жоспарлау, несие, қаржыландыру, баға саясаты және мүліктердің тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.

           Бас инженер өндірісте ғылым мен техниканы дамытуға бағытталған жалпы техникалық саясатты жүргізеді, күрделі жөндеу, күрделі құрылысқа, өндірістік бөлімшелердің қызметтеріне басшылық жасап, техникалық қауіпсіздікті сақтауға, электроэнергиясымен, жылу және сумен қамтамасыз ету мәселелеріне жауап береді.

Информация о работе Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру