Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 21:03, дипломная работа

Краткое описание

Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдері оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен, бригадаларынан кәсіпорынның әкімшілігі белгілеген мерзімде бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін толтырылатын бұл алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі. Сондай-ақ бұл құжаттағы еңбек бағасының дұрыс қойылуы олардың жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі және шифрлардың дұрыс қойылуы тексеріледі.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................3

1 ҰЙЫМДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ...................................................................5
1.1 Еңбек ақы жүйелері мен формалары............................................................5
1.2Ұйымның ұйымдық - өндірістік қызметіне сипаттама және негізгі көрсеткіштері......................................................................................................13

2 ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ БОЙЫНША ЕСЕП АЙРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 «СтройСервис» ЖШС еңбекақының синтетикалық және аналитикалық есебі.............................................................................................20
2.2 Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін сомалар есебі.....................................................................................................................28
2.3 Еңбекке ақы төлеудің бухгалтерлік есебінің ҚЕХС сәйкес ұйымдастырылуы...............................................................................................42
2.4. Еңбекақының талдамалы есебі...................................................................50

3. ЕҢБЕК АҚЫ ҚОРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУ
3.1 Талдаудың міндеттері және оның мақсаты..........................................53
3.2 Қызметкерлермен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуды тексеру...............................................................................................................55
3.3 Еңбекті пайдаланудың тиімділігін талдау.............................................62

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................69

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................71

Прикрепленные файлы: 1 файл

dip_3025.doc

— 714.50 Кб (Скачать документ)

  Сәуір айындағы жұмыс күні                    -    22

  Тұрақты еңбекақысы                               -    11000

  Жұмыс істеген күні                                 -    15

  Ауырып қалған күні                                -     4

  Қоғамдық жұмыс атқарған  күні               -     3

  Шешімі: 11000/22=500·18(15+3)=9000  яғни, сәуір  айындағы жұмысшының тиісті мерзімдік  еңбекақысы 9000 теңге болды.

Мерзімді еңбекақының төмендегідей түрлері бар:

  1. Жай мерзімді;
  2. Мерзімдік сыйақы.

Жай мерзімді жүйесі бойынша – жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген уақытына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді.

Мерзімді сыйақы – жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифте немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбекақысына қосымша олардың өндірген өнімдерінің көлеміне, санына, сапасына және тағы да басқа көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беру болып табылады.

Кесімді еңбекақы – еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Мұндай төлемдер қатарына: жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер; қоғамдық жұмыс атқарғаны үшін төлемдер; жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру үшін берілетін үзілістерге төленетін төлемдер; жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер және тағы басқалар жатады.

Кесімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатында қолданылады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін қолданғанда жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті еңбекақы, олардың өндірген өнімінің көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған, яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады. Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді. Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға керекті, яғни қажет болатын, адам/сағат, адам/күн өлшемінде көрсетілген уақыт болып саналады. Өнім өндіру мөлшері жұмысшылар мен қызметкерлердің белгілі бір уақыт аралығында жасап шығаратын, өндіретін өнімнің санымен немесе көлемімен анықталады. Кесімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің бригада бойынша істеген жұмысына төленетін жағдайда жоғарыда аталған алғашқы құжаттарға әр жұмысшы мен қызметкердің жұмыс істеген уақыты, мамандық дәрежесі, бригада болып өндірген өнімі мен істеген жұмысының көлемі, саны және олардың бір данасын жасауға, өндіруге белгіленген бағасы көрсетіліп жазылады. Мысалы: құрамында алты жұмысшы жұмыс істейтін бригаданың сәуір айында өндірген өнімі мен істеген жұмысына тиісті еңбекақы қоры 62669 теңге 60 тиын делік. Бұл жағдайда осы бригададағы әрбір жұмысшының еңбекақы мөлшері олардың мамандық дәрежесі мен жұмыс істеген уақытына сәйкес былайша есептеліп шығарылуын 1-кестеден көруге болады:

Кесте 1 - Мамандық дәрежесі мен жұмыс істеу уақытына сәйкес кесім ді еңбекақыны есептеу тәртібі

 

Жұмысшылар мен қызметкерлердің аты-жөні

Мамандық дәрежесі

Жұмыс істеген сағаттарының саны

Тарифтік коэффициенті

Тариф бойынша есептелген еңбекақы

сомасы соммасы

Қосымша табыс коэффициенті

Есептелген еңбекақы сомасы

   

1

2

3

4(2·3)

5(6*/4*)

6(4·5)

1

Тажибаев А

1

175

1.76

308

26.1

8838.8

2

Амантаев Б

2

160

2.06

329.6

26.1

8602.06

3

Әбдірахманов Ж

3

165

2.35

187.75

26.1

10120.3

4

Бақтыбаев С

4

154

2.64

406.5400

26.1

10611.2

5

Жұмашев М

5

150

2.93

439.5

26.1

11471.0

6

Тілесов Ж

6

164

3.23

529.72

26.1

13825.7

 

Жиыны

 

968

 

2401.13

 

62669.6

Ескерту: Ұйымның мәліметтері негізінде жасалды

 

 

Қосымша табыс коэффиценті бұл мысалымызда 26 (жиырма алты) теңге 10 (он) тиынға тең болып отыр (яғни 6 бағана/4 бағана немесе 62669 теңге 60 тиын / 2401 теңге 13 тиын =26 теңге 10 тиын)

Кесімді еңбекақының мынадай жүйелері бар:

  • тікелей кесімді;
  • кесімді сыйақы; 
  • үдемелі кесімді;
  • аккордтық;
  • жанама кесімді.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеудің тікелей кесімді жүйесі бойынша бір жұмысшының немесе бір бригаданың өндірген өнімінің, істеген жұмысының бәрі тек қана белгіленген еңбек бағасымен есептеледі. Бұл жүйе бойынша еңбекақы мөлшері – бұл құжатта көрсетілген, өндірілген өнімнің санын сол өнімнің бір данасына қарастырылған, яғни белгіленген еңбек бағасына көбейту арқылы анықталады. Дәлірек айтқанда өндірілген өнім саны өнім бірлігі санына көбейтіледі. Мысалы; машинистка бір беті 50 теңгеден  75 бет терді. Яғни, нақты еңбек ақысы 75*50=3750 теңге.

Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді сыйақылар өндірісте өнім өндірудің саны мен сапалық жағынан артығымен орындағаны, өнім өндіру барысында шикізаттар мен материалдарды, отындар мен энергияны үнемді де ұтымды пайдаланғаны үшін оларға төлеуге тиісті еңбекақысына қосымша сыйақы ретінде төленеді. Ұйымдарда немесе оның бөлімшелерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйақы төлеу жайлы ереже болуы қажет.

Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақының есептеудің үдемелі кесімді жүйесі бойынша төлем өнім өндіруге белгілі бір мөлшерден артық көлемде өндірген өнімдері үшін қосымша сыйақы ретінде төленеді. Бұл жүйе көп жағдайда қиын да – күрделі, ауыр болып саналатын операциялар мен жұмыстарды орындағандары үшін және еңбек өнімділігін белгілі бір дәрежеден артық орындау қиынға түсетін өндіріс орындарында қолданылады. Жалпы бұл жүйе кез-келген ұйымдарда қолданыла бермейді. Мысалы; касметикалық өнімдерді сату агенттері әрбір өнім үшін 150 теңге, ал 5 өнімнен артық сатқан үшін әрқайсысына 200 теңге алады. Агент 7 өнім сатқан болса онда оның еңбек ақысы: 150*5+200*2=1150 теңге.

Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі – ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуде қолданылады. Кесімді еңбекақының бұл жүйесі  жоғары сапалы өндірген өнімнің және орындаған жұмыстың санына, көлеміне қарай алдын-ала кесімді бағаны қоюды қажет етеді. Сондай-ақ бұл жүйе бойынша еңбекақы төлеу үшін алдын-ала атқарылатын жұмыстың көлемі мен сапасы анықталуы тиіс. Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу көбіне құрылыс салушы ұйымдарда және жүктерді тиеп түсірумен айналысатын өнеркәсіп орындарында қолданылады. Бұл жүйе бойынша еңбекақы есептеу шаруашылықта жұмысшылар мен қызметкерлер санын қысқартып еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мысалы; төрт адамнан тұратын  бригада 600 адам сағат жұмысынан 60 000 теңге еңбекақы тапты. 60 000 теңге бригада мүшелері арасында келесі түрге бөлінеді. Оны 2-кестеден көруге болады.

 

Кесте 2- Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі бойынша еңбекақыны есепту тәртібі

Жұмыс-

шылар

саны

Разр

яды

Орындалған жұмыс уақыты (сағ)

1сағттық тарифтік ставкасы

Тариф бойынша еңбекақы

Нақты еңбекақы

1

5

180

21,22

3824

3820*5,166=19733

2

4

170

19,78

3363

3363*5,166=17372

3

3

130

18,34

2384

2384*5,166=12315

4

2

120

17,07

2048

2048*5,166=10580

Жиыны

 

600

 

11615

60 000 теңге

Ескерту: Ұйымның мәліметтері негізінде жасалды


 

Еңбекақыны бөлу коэфициенті 60 000/11630=5,166

Халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақы есептеудің тағы бір жүйесі жанама кесімді жүйесі болып табылады. Бұл жүйе бойынша қосымша еңбекақы шаруашылықтың негізгі жұмысшылары мен қызметкерлеріне емес, оларға қызмет ететін көмекші өндірістің жұмысшыларына төленеді. Яғни бұл жүйе бойынша  еңбекақы ұйымдағы станоктардың, жабдықтардың және тағы да басқа құралдардың тоқтамай жұмыс істеп, белгіленген мөлшерден артық өнім өндіргені үшін слесарьларға, операторларға және жөндейтін, оларды жұмысқа дайындайтын басқа да жұмысшыларға төленеді. Мысалы; жұмысшыға негізгі жұмысшының еңбекақысынан  25 пайыз мөлшерінде еңбекақы 50 000 болса, көмекші жұмысшының еңбекақысы 12 500 теңге болады (50 000*25%).

        Қызметкерлердің еңбекақысын төлеуді ұйымдастыру келесі түрде жүзеге асады:

- Еңбекақының ең төменгі шегін мемлекет бекітеді;

- Экономиканың мемлекеттік емес секторының кәсіпорындарында жасалған ұйымдық келісімшарттардың негізінде еңбекке ақы төлеудің барлық шарттарын таңдау құқығы берілген (тарифтік немесе тарифсіз жүйе, сыйақы, ынталандырушы және өтемдік сипатта болатын үстемелер);

-Мемлекеттік кәсіпорында еңбекке ақы төлеуді реттеу дифференциялау тұрғысында жүргізіледі; жеке шаруашылық құқығында қызмет атқаратын кәсіпорындарда еңбекақы қоры бекітіледі; қазыналық кәсіпорындарда, сондай-ақ, тарифтік төлемнің, сыйақының, қосымша төлем мен үстемелердің шарттары бекітіледі;

- Меншік иелеріне (жеке кәсіпкерлерге) кәсіпкерлік қызмет тек алынған табысты (пайданы) еркін пайдалану құқығына кепілдік, сондай-ақ, көлемі шектелмеген пайда алуға құқық беріледі;

- Қазақстанның көпшілік облыстарында және жеке кәсіпорындарда, республиканың тәуелсіздік алмай тұрып қалыптасқан, еңбекақыға аудандық қоғамдар жүйесі қарастырылған.

      Еңбекке ақы төлеуді ұйымдастыру жүйесі– белгілі бір заңдылықпен орналасқан және өзара байланыста болатын элементтер бірлігін көрсетеді: тарифтік жүйе, мөлшерлеме, еңбекақы жүйесі мен формалары.  

       Еңбекақы формалары белгіленген уақыт аралығындағы қызметкердің еңбегінен алынған нәтижелер мен оның жалақысының көлемі арасындағы тәуелділікті көрсететін құрал ретінде анықталады, ол еңбекақы жүйесі – осы тәуелділікті жүзеге асыратын технология. Жаңаша көзқараста еңбекақының формасы мен жүйесін қызметкерге тиесілі жалақы мен қызметкердің атқарған жұмысының нәтижесі және оған кеткен шығынның арасындағы қатынасты анықтайтын ұйымдық – экономикалық механизм болып табылады.

        Төлем дербес және коллективті қызметтің нәтижесінде төленуі мүмкін. Сонымен қатар жұмыс беруші белгілеген еңбекақы көлемі, заңда бекітілген ең төменгі еңбекақы төлемінің көлемінен төмен болмауы тиіс. Негізгі еңбекақы  жұмысшы қызметкерге нақты жұмыс істеген уақытына, орындалған жұмыстың сапасы мен санына немесе өндірілген өнімнің белгіленген бағамдары немесе айлық бойынша есептеледі.

       Қосымша еңбекақы  - еңбекақының бұл формасы жұмысшы қызметкерге жұмыста болмаған уақытына, бірақ Еңбек заңына сәйкес төленеді. Оған еңбек демалысына төленетін еңбекақы, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттемелерді орындағаны үшін төленетін төлемдер, т.б. жатады. Негізгі және қосымша еңбекақыдан басқа (1 кесте) жұмысшы қызметкерлердің жалақысы мен тарифтік мөлшерлемеге кейбір үстемелер көзделген.

        Еңбекақының негізгі 2 формасы бар – мерзімді және кесімді . еңбекақының формасын таңдау технология мен өндірісті ұйымдастыру, еңбекті ұйымдастыру факторлары мен жұмыс күшімен қамту деңгейінің ерекшелігіне байланысты болады. Бұл факторлардың барлығы еңбекке ақы төлеуді, негізінен техникалық шарттар мен олардың қолдану аясының шектеу мүмкіндігі тұрғысынан сипатталады. Еңбекке ақы төлеу жүйесі жұмыс берушінің жеке еңбек шарттары мен актілері арқылы анықталады.

Информация о работе Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру