Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 18:55, курсовая работа
Нарықтық экономиканың даму барысында, кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік есебінің рөлі мен қажеттілігі артуда. Тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестіктің өсуінің, нарық коньюнктурасының жиі өзгерістерінің жағдайларында, кәсіпорынды басқаруда жедел және тактикалық басқару шешімдерін қабылдау мақсатында шынайы және аналитикалық ақпарат қажет.
Қазіргі заман өзгерістері жағдайында кәсіпорын жұмысын жетілдіру және қадағалауда, бухгалтерлік есептің толыққанды қолданылуы артуда.
Кіріспе
7
1
Дайын өнiмДІ ШЫҒАРУ МЕН ҚОЛДАНУ есебiн ұйымдастырудың теориялық негізі
11
1.1
Дайын өнімнің экономикалық мәні мен экономикадағы алатын орны
11
1.2
Дайын өнім есебін жүргізудің негіздері
13
1.3
Дайын өнімнің есебін ұйымдастырудың шетел тәжірибесі
20
2
Дайын өнімді САТУ МЕН ШЫҒАРУ есебіНІҢ ЖҮРГІЗІЛУІН ТАЛДАУ («ВК МКК» АҚ-ның мысалында)
22
2.1
«ВК МКК» акционерлік қоғамының техникалық – экономикалық көрсеткіштерін зерттеу
22
2.2
Дайын өнімді өндіру есебінің ұйымдастырылуын талдау
25
2.3
Дайын өнімнің сатылу есебінің ұйымдастырылуы және талдау
28
2.4
«ВК МКК» акционерлік қоғамында пайдалануға арналған тауарлардың есебі
43
3
ДАЙЫН ӨНІМДІ САТУ МЕН ШЫҒАРУ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ, ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫ
50
3.1
ВК МКК» АҚ-ның өнім өндірісіне факторлық талдау және дайын өнім есебіндегі кемшіліктер
50
3.2
«ВК МКК» АҚ дайын өнімінің аудитін жүргізу
54
3.3
Өнімді өндіру көлемін ұлғайту резерві ретінде еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін жоғарылату
57
3.4
Дайын өнімнің талдауы және аудиті бойынша жетілдіру шаралары және жұмыс жоспарының есебін өзгерту
61
ҚОРЫТЫНДЫ
65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Мысал. Кәсіпорын халыққа бидай-ұн сатумен айналысады. Сатушы ұйым ұн жасаушы кәсіпорыннан алу үшін келісім-шартқа отырады, онда сол тоңазытқыштың бағасынан 10% жеңілдік жасауы туралы айтылған, себебі алынған ұнда залал болған жағдайда алушы кәсіпорын (яғни, сатушы ұйым) бар шығынды өз мойнына алады. Енді осымен байланысты шоттар корреспонденциясын (қосымша Б) келтіреміз [13].
Кесте 8 – Шоттар корреспонденциясы
рет № |
Шаруашылық операциялардың мазмұны |
Сомасы, Теңге |
Шоттар корреспонденциясы | |
дебет |
кредит | |||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Тауар өндіруші кәсіпорыннан жеңілдігі ескерілген 2102 дана 50кг. қап 8200 теңгеден ұн алған: - ұнды алған сомасы - ҚҚС сомасына (12%) |
17241379 2068965 |
1330 1420 |
3310 3310 |
2. |
Кәсіпорында тауардың есебі сатып алынған бағасы бойынша жүреді, сондықтан сату бағасы бойынша қосымша жазулардың қажеттілігі жоқ. Есептік кезеңде ұнды тұтынушыларға сатылған және олармен шыққан залалды жөнінде бір жылға келісімшарт жасалған: - сатылған ұннан түскен түсім сомасына (мұнда сатушының табысы да, ҚҚС сомасы де ескерілген) - ұнды сатып алынған құнына |
22500000 3600000
17241379 |
1010 1010
6030 |
6010 3130
1330 |
3. |
Кепілдік міндеттемесін орындау мақсатында: -келіп түскен залал орнын толтыру сомасына - ҚҚС сомасына (12%) |
760000 121600 |
1314 1420 |
3310 3310 |
4. |
Келіп түскен тауармен жатқызылған |
2880221 |
3130 |
1420 |
5. |
Бюджетке ҚҚС сомасы төленді (3600000 – 2068965 - 121600), яғни айырмасы ғана төленді |
1409435 |
3130 |
1010 |
6. |
Алты ай өткен соң 12 сатып алушыларға, олардың талабы бойынша кепілдік қызмет көрсетілді. өздерінің накладнойы бойынша есептен шығарылды: - залалдық шығындар - залал орнын толтыру бойынша қосымша еңбек ақы төленді - еңбек ақыдан әлеуметтік салық ұсталынды [61100 – (10%-міндетті зейнетақы жарнасы) х 21%] |
72180
61100
11548 |
7110
7110
7110 |
1314
3350
3140 Әлеуметтік салық субшоты |
Жыл соңында тауарды сатумен және жалпы және әкімшілік шығыстарымен байланысты барлық жұмсалған шығыстарын жинақтап, олардың үлес салмағын және келесі жылға жасалатын сауда үстемесінің орташа деңгейін анықтап, кәсіпорынның болашақ шығыстарын барынша дәлдік тұрғысында жоспарланған.
Егер де тауардың кемістіктері тұтынушылардың кінәсінен болса, атап айтқанда, тасымалдау, сақтау және пайдалану ережелерін бұзса, онда тұтынушылардың талабы қанағаттандырылмайды.
Тауар айырбастау. Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңға және бөлшек сауда ережелеріне сәйкес, тұтынушының талап еткен сапасына немесе басқа да қасиетіне сәйкес келмеген жағдайда тауарды айырбастап беруін талап етуге құқысы бар. Тұтынушыдан алынған (яғни, қайтарылған) тауарға екі дана етіп накладной жазылады, ол тұтынушының басқа тауарды алуына немесе оның төлеген ақшасын алуына негіз бола алады, сонымен қоса тұтынушы касса чегін бірге қосып береді, бұл соңғы тауардың тап осы магазиннен сатып алғандығын қуаттайды [24.Б.58].
Енді біз тауар айырбастау кезінде болған баға өзгерісіне шоттар корреспонденциясын құрастырамыз.
Келісім-шартты бұзу. Келісім-шартты бұзу, негізінен, бағаның өсуінен, не төмендеуінен болуы мүмкін. Келісім-шарт бұзылғанда жазылатын бухгалтерлік жазу тауар айырбастау кезінде жазылатын жазуға ұқсас болып келеді, тек келісім-шартбұзылғанда тауар алынбайды, ол тек ақшалай өтеледі. Бұл кезде 3210 шоты дебеттеліп, 1010 шот кредиттеледі.
Сатып алу бағасын азайтқан кезде (сатып алушының шығысын өтеу) бухгалтерлік есептің келесі шоттары корреспонденцияланады, бірақ ол тауардың кемшілігі кепілдік берілген мерзімнің ішінде анықталса ғана жүзеге асады.
Бұл арада атап өтетін бір жайт, ол кепілдік мерзімінің ішінде тиісті құжаттары бар болған жағдайда ғана тұтынушының шығысы өтеледі, яғни кемшіліктер тұтынушылардың кінәсінен болмаса болмағаны. Сапаның тиісті болмауы сатылатын тауардың бағасын өзгертуі мүмкін, бірақ оны тек кәсіпорынның басшысы ғана өзгерте алады.
Қолдануға берілген тауарлардың қайтарылуы, сатудан да, бағадан да жеңілдік жасаудың есебі мына шоттарда жүргізіледі:
6030-шот, «Сатылған тауарлардың қайтарылуы»;
6030-шот, «Сату жеңілдіктері»;
6030-шот, «Баға жеңілдіктері».
Осы синтетикалық шоттар бойынша жасалатын есептің ұйымдастырылуын қарастырып көрейік.
Сатылған тауарлардың қайтарылуының есебі (6030-шот). Бұл шот тұтынушыға сатылған тауарлардың қайтарылып берілгендігі жөніндегі ақпараттарды жинақтауға арналған.
Қайтарылатын тауарлардың басты себептері болып: алып-сату бойынша жасалған келісім-шарттың тиісті деңгейде орындалмауы; тауардың саны мен сапасының сәйкес келмеуі; шартта көрсетілген ассортименттердің түгел болмауы; запас бөлшектерінің түгел еместігі және т.б. жатады. Осы және басқа да жағдайда сатып алушылар келісімшартты орындаудан бас тартып, тауарды иесіне қайтарады. Бұл кезде сатып-алушы кәсіпорын сатушы ролін, ал сатқан-кәсіпорын сатып алушы ролін атқарады, яғни олардың арасында жаңа міндеттемелер пайда болуы мүмкін.
Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатуға байланысты жұмсалған шығындарды есепке алуға 7110 «Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату бойынша жұмсалған шығыстары» шоты арналған.
Бұл шотта сату бойынша жұмсалған шығыстардың мынадай түрлері көрініс табады: кәсіпорын қоймаларындағы өнім ыдыстарына және өнімді байлансты, өнім ыдысқа салынбай және буып-түйілмей босатылуы да мүмкін, немесе қоймаға кірістелген өнімнің өзіндік құнының құрамында ыдыс құнының енгізілуі де мүмкін. Егер өнімді ыдысқа салу өнімді қоймаға тапсыруға дейін өндіріс технологиясына сәйкес жүзеге асырылса, ыдыстардың құнын өнімнің өндірістік өзіндік құнына енгізеді; өнімді жөнелтетін станцияға (айлаққа) тасымалдау, оны көлік құралдарына арту бойынша жұмсалатын шығындар; комиссиялық алымдар немесе жасасқан шарттар бойынша өткізуші ұйымдарға өнімді өткізгені үшін төленетін шығындар; өнімді өткізетін жерлерде сақтауға арналған қоймалардың күтіп ұсталынуы; сатушылардың және басқа қызметкерлердің еңбекақысы мен аударымдары; өнімді сақтау және тасымалдау кезінде болатын табиғи кемулері; жарнама және өнімді сату үшін жасалған зерттеумен байланысты шығындары; өткізушіге және басқа делдалдық ұйымдарға төленетін комиссиялық алымдар (аударымдар); өнімді сатуға байланысты басқа да шығындары (өнім сапасын анықтауға жұмсалатын шығындар т.б.) жатады.
Сатылатын өнімнің шығындары сатып алушының есебінен өтелетін болса, онда бұндай шығындар 7110 шотта көрсетілмейді, тек қана қосалқы және қызмет көрсететін өндірістер мен шаруашылықтардың қызметтері ретінде есепке алынады. Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын жасағанда сату бойынша жұмсалған шығындарды тек сатылған өнімнің толық өзіндік құнын және өнімді, жұмыстарды және қызметтерді сатуға байланысты нәтижелерін (табысты немесе зиянды) есептеп шығарған кезде ғана оған жедел түрде назар аударылады.
Өнімді сатуға жұмсалған шығындардың баптары бойынша талдау есебі өнімді сатуға жұмсалған шығындар есебінің тізімдемесінде, яғни кәсіпорын бекіткен баптарының номенклатурасы бойынша жүргізеді (Қосымша В).
Төменде 7110 «Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өнімін сату бойынша жұмсалған шығыстары» шоты бойынша жасалған шоттардың корреспонденциясы келтірілген.
Кесте 9 – «Дайын өнімді қолдану бойынша жұмсалған шығыстары» шоты бойынша жасалған шоттардың корреспонденциясы
Қатар № |
Шаруашылық операциялардың мазмұны |
Сома, теңге |
Шоттар корреспонденциясы | |
дебет |
кредит | |||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Тауарды сатумен байланысты еңбеккерлерге, сондай-ақ тауарды сату, түсіру процесіне қызмет көрсеткендерге есептелген жалақы |
54000 |
7110 |
3350 |
2. |
Жинақ зейнеткерлік қорға, міндетті зейнеткерлік жарнасы жалақыдан ұсталды |
5400 |
3350 |
4220 |
3. |
Жалақы сомасынан тиісті қорларға аударымдардар жасалады 10206 теңге [54000-(10% жинақ зейнеткерлік қорға, міндетті зейнеткерлік жарнасы) х 21%] |
10206 |
7110 |
3140 |
4. |
Өнімді буып-түю, орау үшін ыдыс материалдары жұмсалды |
28620 |
7110 |
1340,1340 |
5. |
Жабдықтаушылардан жарнама, қойманы күзету және басқа да шығыстары үшін жасалған шот-фактурасы қабылданды: - жабдықтаушылардың көрсеткен қызметі үшін - ҚҚС сомасына (16%) |
24000 3840 |
7110 1420 |
4110 4110 |
6. |
Қойманы жалға бергені үшін, жалға сомасы есептелінді: - жалға төлемі үшін - ҚҚС сомасына |
27000 4320 |
7110 1420 |
3390 3390 |
7. |
Сату процесінде қолданған негізгі құралдар мен материалдық емес активтер бойынша есептелген амортизациясы |
18000 |
7110 |
2740-2740, 2421-2429 |
8. |
Құжаттармен дәлелденген, тауарды сатумен байланысты басқа да шығыстары өтелді |
1900 |
7110 |
1251,1010 |
811 Шотының дебеті бойынша |
163726 |
|||
9. |
Есептік кезеңнің соңында (жыл соңында) есепке алынған шығыстар жиынтық табыс (зиян) шотына есептен шығарылады |
163726 |
5430 |
7110 |
Жоғарыда келтірілген жазбалардың нәтижесі бойынша 7110 шоты жабылады. 7110 шотында жарнама шығыстары, материалдар болуы мүмкін (қалам, қаламсап, сия, бояу, қағаздар т.б.) яғни, материалдануы және материалданбауы мүмкін (радио, телевизор арқылы немесе баспа-газет, журнал арқылы). Жарнамаға берілген материалдар 2 МЕК аспаса, онда оларға ҚҚС салынбайды.
Сатылған тауарлардың қайтарылуы, сатудан да, бағадан да жеңілдік жасаудың есебі мына шоттарда жүргізіледі:
Сатылған тауарлардың қайтарылуының есебі (6030-шот). Бұл шот тұтынушыға сатылған тауарлардың қайтарылып берілгендігі жөніндегі ақпараттарды жинақтауға арналған.
Қайтарылатын тауарлардың басты себептері болып: алып-сату бойынша жасалған келісім-шарттың тиісті деңгейде орындалмауы; тауардың саны мен сапасының сәйкес келмеуі; шартта көрсетілген ассортименттердің түгел болмауы және т.б. жатады. Осы және басқа да жағдайда пайдаланушылар келісімшартты орындаудан бас тартып, тауарды қайтарады. Бұл кезде сатып-алушы кәсіпорын сатушы ролін, ал сатқан-кәсіпорын сатып алушы ролін атқарады, яғни олардың арасында жаңа міндеттемелер пайда болуы мүмкін.
Мысал. Көтерме кәсіпорын бөлшек сауда кәсіпорнына 1060000 сомаға 129,3 қап ұн үлестірген. Қоймадан тауарды алыс-беріс кезінде он тауардың ақауы бар екені анықталған. Сондықтан бөлшек сауда ұйымы мерзімі шықпай тұрған жағдайда тауарды жабдықтаушының өзіне қайтаруды ұйғарған. Енді біз осы жағдаймен байланысты шоттар корреспонденциясын құрастырамыз (қосымша А).
Сатудан жасалатын жеңілдіктердің есебі (6030 шоты). Қалыптасқан практикалық есеп айырысуда сатудан жасалатын жеңілдіктердің қатарына мына түрлері жатады:
Сату көлемінен жеңілдік – айға, тоқсанға және басқа да мезгіл кезеңіне сату көлемінің нәтижесі бойынша сатып алушыға берілетін жеңілдік;
Қолма-қол төлемі үшін жеңілдік –шотты қолма-қол ақшамен төлеуші сатып алушыларға береді;
«Сконто» жеңілдігі (баға жеңілдігі) – жабдықтаушының шотында (инвойсында) көрсетілген мерзімде немесе контракт мерзімімен салыстырғанда одан ертерек төлеген сатып алушыларға беріледі, ол мәміле құнының 3-5% құрауы мүмкін;
Делдалдық (диллерлік) жеңілдік – тауардың сатылуын ұйымдастырушы делдалдарға, агенттерге берілетін жеңілдік;
Жабық жеңілдік – тұйықталған (оңашаланған) кәсіпорындарға (экономикалық бірліктерге) тауарды сатқаны үшін сатылған өнімнің көлемінен берілетін жеңілдік;
Функционалдық жеңілдік – тауар қозғалысын арттырғаны үшін, тауарды тасымалдағаны үшін, сақтау, қорғау, есебін жүргізу т.б. қызметтері үшін сол тауарды өндірушілерге (жабдықтаушыларға) берілетін жеңілдік.