Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 18:55, курсовая работа
Нарықтық экономиканың даму барысында, кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік есебінің рөлі мен қажеттілігі артуда. Тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестіктің өсуінің, нарық коньюнктурасының жиі өзгерістерінің жағдайларында, кәсіпорынды басқаруда жедел және тактикалық басқару шешімдерін қабылдау мақсатында шынайы және аналитикалық ақпарат қажет.
Қазіргі заман өзгерістері жағдайында кәсіпорын жұмысын жетілдіру және қадағалауда, бухгалтерлік есептің толыққанды қолданылуы артуда.
Кіріспе
7
1
Дайын өнiмДІ ШЫҒАРУ МЕН ҚОЛДАНУ есебiн ұйымдастырудың теориялық негізі
11
1.1
Дайын өнімнің экономикалық мәні мен экономикадағы алатын орны
11
1.2
Дайын өнім есебін жүргізудің негіздері
13
1.3
Дайын өнімнің есебін ұйымдастырудың шетел тәжірибесі
20
2
Дайын өнімді САТУ МЕН ШЫҒАРУ есебіНІҢ ЖҮРГІЗІЛУІН ТАЛДАУ («ВК МКК» АҚ-ның мысалында)
22
2.1
«ВК МКК» акционерлік қоғамының техникалық – экономикалық көрсеткіштерін зерттеу
22
2.2
Дайын өнімді өндіру есебінің ұйымдастырылуын талдау
25
2.3
Дайын өнімнің сатылу есебінің ұйымдастырылуы және талдау
28
2.4
«ВК МКК» акционерлік қоғамында пайдалануға арналған тауарлардың есебі
43
3
ДАЙЫН ӨНІМДІ САТУ МЕН ШЫҒАРУ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ, ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫ
50
3.1
ВК МКК» АҚ-ның өнім өндірісіне факторлық талдау және дайын өнім есебіндегі кемшіліктер
50
3.2
«ВК МКК» АҚ дайын өнімінің аудитін жүргізу
54
3.3
Өнімді өндіру көлемін ұлғайту резерві ретінде еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін жоғарылату
57
3.4
Дайын өнімнің талдауы және аудиті бойынша жетілдіру шаралары және жұмыс жоспарының есебін өзгерту
61
ҚОРЫТЫНДЫ
65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- көтерме сауда (нарық) бағалары бойынша - тауарлар көтерме сауда арқылы өткізілетін есепте қолданады;
- босату бағалар (бос) бойынша - олар қосымша құнға салынатын салық сомасына өседі - кейбір бір тапсырмаларды және жеке жұмыс тарлы орындау жағдайында қолданады. Өнімнің өзіндік құнына мыналар кіреді: кәсіпорында өнім өндіруге шығатын еңбек, қаржы.
Өнімнің өзіндік құны оныц шығару мен өткізуге арналған, ақшалай түрде бейнеленген шығыдар кәсіпорын өнімнің жұмыстың, көрсетілген кызметінің өзіндік құны өндіріс процессінде табиғи ресурстарын, материалдарды, отынды, энергияны, негізгі кұрал-жабдықтарды, еңбек ресурстарын, қолданумен байланысты шығындардан сондай-ақ оны ендіру мен өткізуте шыққан шығындардан жиналады.
Өнімнің өзіндік кұнына мыналар кіреді [9.Б.58]:
Кәсіпорында өнім өндіруге шығатын еңбек, қаржы және еңбек керек-жарақтары шығындары (өндірісті дайындау менгеру шығындары, өндірісті технологиясы және ұйымдастырумен, тапкырлық және үнемділікпен байланысты шығындар; техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шығыстар; кадр жинақтау, дайындау және қайта даярлаумен байланысты шығыстар; салықтар, өндірісті басқару шығындары және т.б.);
Өнімді өткізу, орау, сақтау, тасу мен тасымалдауы делдалдық кызметке төлеу, комиссиялық алымдармен сыйақылармен; жарнамаға шығатын шығындармен байланысты шығыстар;
Өнімді осы кәсіпорында өндіру мен өткізуге байланысты емес, бірақ олардың өнімнің өзіндік құнына кіргізу жолымен орныны толтыру жай ұдайы өндірісті геологиялық – барлау жұмыстарына-барлау, жерді қайта өңдеуге шығындар, тамыр жіберген ағашқа суға төлеу) қамтамасыз ету үшін қажетті.
Сонымен қатар, өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына ақаудан, жұмыс тың өндірісішілік себептерге байланысты тоқтап калуынан болған шығындар, материалдык құндылықтардың кем шығуы, өндірістік зақым (сот шешімі негізінде) алуға байланысты еңбекке қабылеттілігін жоғалту салдарынан жәрдемақы төлеу де кіреді.
Басқару есебі жүйесінде өзіндік құнды жасау, қалыптастыру тәртібі реттелмегеи. Бұл өзіндік құн салық салу максаты үшін емес, басқарушының шығындар жайлы толық түсінгі болуы үшін есептеледі. Сондықтан бүл есеп жүйесінде өзіндік құн шоттарының әр түрлі тәсілдері қолдануы мүмкін. Кәсіпорын үшін өз шығындарын басқару мүмкіндігі болуы, өзіндік құнға ықпал ете алуы өте маңызды, яғни өзіндік құнның құрылымы туралы анық сенімді ақпарат қажет. Дәл осындай ақпарат бухгалтерлік басқару есебі жүйесінде пайда болады.
Дайын өнімні өзіндік құнына кіретін шығын түрлеріне байланысты отандық экономикалық әдебиетте оның мынадай түрлерін дәстүрлі бөлуде: цехтық – тікелей шығындар мен жалпы өндірістік шығыстарды біріктіреді; өнімді дайындауға шыққан цехтың шығындарын сипаттайды; өндірістік – цехтың өзіндік құн мен жалпы шаруашылық шығыстар кіретін және өнім өндіруге байланысты кәсіпорынның шығындары; толық өзіндік құн – коммерциялық және өткізу шығыстарына ұлғайған өндірістік өзіндік құн. өндіріс пен де, өнім өткізумен де байланысты кәсіпорынның жалпы шығындарын біріктіреді.
Егер есепте көтерме бағалар, жоспарлы өзіндік құн, нарықтық бағалар қолданса, айдың аяғында есеб бағалары бойынша дайын өнім құнының нақты өзіндік құнының ауытқуын есептеу қажет. Осы ауытқу тиелген өнімге және қоймадағы өнім қалдықтарына таратылады. 1-ші суретте көрініп тұрғандай бұл жағдайда ортасалмақты пайыз әдісін қолданып, есептік бағалары бойынша құнының нақты өзіндік құнынан ауытқуын арнайы есептеме бойынша анықтайды.
Сурет 1. Толық өзіндік құнның қалыптасу процесі
Яғни, дайын өнімнің толық өзіндік құны өндірістік құн, коммерциялық шығыстар, әкімшілік шығыстарды қамтиды.
Коммерциялық шығыстардың құрамына қосымша шығыстар кіреді. Қосымша шығыстар бұл тікелей материалдық шығындар мен тікелей еңбек шығындары мен аударымдары.
2-ші кестеде көрсетілгендей дайын өнімнің нақты өзіндік құнының есептік бағалардан пайыздық ауытқуы 1 ге тең болды. Егер есепте көтерме бағалар, жоспарлы өзіндік құн, нарықтық бағалар қолданса, айдың аяғында есеп бағалары бойынша дайын өнім құнының нақты өзіндік құнының ауытқуын есептеу қажет.
Осы ауытқу тиелген өнімге және қоймадағы өнім қалдықтарына таратылады. Бұл жағдайда ортасалмақты пайыз әдісін қолданып, есептік бағалары бойынша құнының нақты өзіндік құнынан ауытқуын арнайы есептеме бойынша анықтайды.
3 кестеде (қосымша Ә) көрсетілгендей өндірісте қысқартылған өзіндік құн әдісі қолданған жағдайда және біркелкі өнім түрлері шығаратын өндірістерде ( біркелкі рентабельділік деңгейімен) жүзеге асырылады. Ол есептемелерде ауытқулардың дәлдік деңгейін арттыра түседі.
Кесте 2 – «ВК МКК» АҚ дайын өнімнің нақты өзіндік құнының есебі
№ пп. |
Көрсеткіш |
Есептік бағалар бойынша |
Нақты өзіндік құны бойынша |
Ауытқу (+,–) |
1 |
Дайын өнімнің ай басындағы қалдығы |
300 000 |
306 000 |
+6 000 |
2 |
Өндірістен қабылданған Дайын өнім |
2 700 000 |
2 724 000 |
+24 000 |
3 |
Қорытынды |
3 000 000 |
3 030 000 |
+30 000 |
4 |
Нақты өзіндік құнының ауытқулары/ тұрақты есептік бағаларға қатынасы пайыз бойынша |
Х |
Х |
1,0 |
5 |
Тиелген тауарлар |
2 500 000 |
2 525 000 |
+25 000 |
6 |
Ай аяғындағы дайын өнімнің қалдығы |
500 000 |
505 000 |
+5000 |
Сонымен, бұл сұрақ шеңберінде біз дайын өнімнің негізгі және қосалқы цехтарының сатуға арналған өнім екенін, дайын өнімнің өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы, стандартпен немесе техникалык шарттарға сәйкестігі, техникалық бақылау (сынау) кызметінен өткендігі, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің кабылдап алғаны және басқа жайлары міндетті түрде актімен рәсімделетіні анықталды.
1.3 Дайын өнімнің есебін ұйымдастырудың шетел тәжірибесі
Евросоюзға кіретін елдер Европалық бірлестігінің директиваларының негізінде кәсіпорындарда бухгалтерлік, қаржылық есепті ұйымдастырады. Дайын өнім есебін IAS 2 директивасы реттейді. Нақты дайын өнім есебіне арналған стандарттар қарастырылмағандықтан. IAS 2 «Материалды-техникалық қорларды көрсетумен бағалау» IAS 11 «Өндірістік контрактарының есебі мен қаржылық есептемесі» стандарттарында дайын өнім бағалау есебі көрсетілген. Осы директивалардың келесідей қолдану ерекшеліктері бар [10]:
Кесте 3 - «ВК МКК» кәсіпорынның дайын өнім қоры
Өзіндік құн |
Нақты таза сауда бағасы |
Қайта өңдеу құны |
Ең төменгі мағына |
Ең төменгі мағына | |
Жем |
5000 |
5400 |
5200 |
5000 |
5000 |
Арпа |
3000 |
2900 |
3000 |
2900 |
2900 |
Бидай |
2000 |
2100 |
1900 |
2000 |
1900 |
10000 |
10400 |
10100 |
9900 |
9800 |
2 Дайын өнімді ШЫҒАРУ мен ҚОЛДАНУ есебіНІҢ ЖҮРГІЗІЛУІН ТАЛДАУ («ВК МКК» АҚ-ның мысалында)
2.1 «ВК МКК» акционерлік қоғамының техникалық – экономикалық көрсеткіштерін зерттеу
«Шығыс Қазақстан ұн-құрама жем комбинаты»Акционерлік қоғамында («ВК МКК»АҚ) есеп саясаты ҚР-ң заңдарына сай қалыптастырылған: «Бухгалтерлік есеп туралы», әдістемелік нұсқаулар және кәсіпорын қызметінің ерекшеліктеріне байланысты басқа да заңнамалық актілер. Қаржылық есеп –синтетикалық шоттарында жүргізіледі. Есеп саясаты [12] акционерлер жиналысымен мақұлданған. «ВК МКК» АҚ-ң есеп саясаты бухгалтерлік есепте шаруашылық қызметтің барлық фактілерін көрсету толықтығын және қаржылық есептерде ақпараттың шынайлығы мен толықтығын қамтамасыз етеді. Комбинат өз тарихын 1929 жылдан бастайды, бұл жылы Ертістің жағасында алғашқы монолитті сыйымдылығы 8 мың тонна темірбетонды элеватор құрылысы басталған болатын. 1940 жылы дербес кәсіпорын ретінде Қазақстандағы алғашқы жем зауыты салына бастады, 1942 жылдың қаңтарында көшіріліп әкелінген зауыттардың жабдықтарымен іске қосылды. 1957 жылы үкімет шешімімен екі дербес зауыттардың негізінде Семей Ұн-құрама Жем Комбинаты құрылды. 1994 жылы комбинат акционерлік қоғам болып қайта ұйымдастырылды.
Акционерлік қоғам мемлекеттік тіркеуден өткен мерзімнен бастап заңды тұлға құқығына ие болады. Акционерлік қоғам өзінің мөрін, жеке балансын, банкілерде банкілік есеп–шотын, өзінің тауаымен және символикасымен бланкілерді иеленеді.
Акционерлік қоғам қатысушыларының құқықтары: қоғамның басқарма істеріне жарғыда көрсетілген тәртіпте қатысуға; қоғамның қызметі туралы ақпараттар алуға және оның құжаттарымен танысуға; таза пайданы бөлуде қатысуға; қоғам таратылған жағдайда борышкерлермен есептескеннен қалған мүлікті өздерінің үлестер сәйкес мүлікті немесе оның бағасын алуға; салған салымына сәйкес акционерлік қоғамның мүлкіндегі өз үлесін алып серіктестік құрамынан белгіленген тәртіп бойынша шығуға.
Акционерлік қоғамның қатысушылар міндеттері: құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға; құрылтай құжаттарында көрсетілген мөлшерде,тәсілмен, мерзімінде және тәртіпте салымдар енгізуге, қоғамның коммерциялық кұпиясы болып жарияланған мәліметтерді етлеуге.
Акционерлік қоғамның негізгі негізгі қызмет мақсаты пайда түсіру болып болып табылады. «ВК МКК» АҚ-ның өндірістік – шаруашылық қызметін толық көру үшін оның негізгі техника – экономикалық көрстекіштері есептеледі [13]. Келесі 4-ші кестеде қоғамның негізгі техникалық-экономикалық көрстекіштерінің динамикасы келтірілген.
Талданып отырған 2010-2012 жылдарға «ВК МКК» АҚ-ның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне толығымен бөлшекті талдау қорытындысы келесідей, 2010 және 2011 жылдары техникалық-экономикалық көрсеткіштер төмендеу әрі жоғарлау беталысын алып отыр. Мысалы өнімді шығару көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 7,5% -ға қысқарды. Бірақ өнімді сатудан түскен табыс 2012 жылы 2 есе артып, кәсіпорын белгілі бір дәрежеде пайда үлесін алды. Сатылған өнімнің өзіндік құны 2011 жылға қарағанда 2012 жылы 1,6 есе артты. Бұл кәсіпорын өніміне шығындардың өсуімен байланысты беталыс. Кәсіпорынның өндірістік қызметінен түскен жалпы табыс 2011 жылы 41686 мың теңгеге азайып, 2012 жылы бұл көрсеткіш 12 есе шамаға өсті. Алдыңғы екі жылдары кәсіпорын салынған қаражаттарды қайтара алмай, шығынға ұшырағаны анық. Бұл жағдай кезең шығындарының үлкен қарқынмен өсіп отырғанын көрсетеді. Бұған қарамастан кәсіпорын осы жылдары дағдарыстардан шығу шараларын қабылдады, яғни жаңа техника енгізеді, жұмыс үшін персонал жинайды, еңбекақыны өсіреді, дегенімен бұл шаралардың барлығы нәтижесіз болды. Бұған себеп жалпы әкімшілік қажеттіліктерге үлкен шығындар, өнімді дайындау үшін шикізаттың қымбаттылығы және т.б. Сондықтан кәсіпорын алдында дағдарыстан шығу бойынша бағдарламаны өңдеу қажеттілігі туындады.
2012 жыл «ВК МКК» АҚ үшін нәтижелі болды. Кезең шығындары 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 26,8 % -ға өскенімен, сатылған өнімнің өзіндік құны 1,6 есе өсті. Осының салдарынан кәсіпорын өнімдеріне баға өсті. Осының нәтижесінде таза табыс көрсеткіші 1,1 есе артты. Зерттеліп отырған кезеңдерде жұмысшылардың орта тізімдік саны 2012 жылы 68 адамға ұлғайды. Орташа еңбек ақы мөлшері де 5109 теңгеге немесе 45,5% -ға өсті. Кәсіпорынның қызметінің тиімділігінің жалпы көрсеткіші - бұл рентабельділік. Бұл көрсеткіш 2012 жылы 1,3 пайызды құрады. «ВК МКК» АҚ-ы қолдануында кеңсе және жөндеу жұмыстары жүргізілетін ғимараттар бар. Кәсіпорынның басқарушылық аппараты кеңседе орналасқан. «ВК МКК» АҚ-ғы басқару аппараты штаттық тізімнен 26 адамды құрайды. Барлық басқарушылық шешімдерді басқарушылар құрамы шешеді. Бас инженер және директор орынбасары арқылы жұмысшылар персоналын басқару процесі жүзеге асырылады. Бас бухгалтер мен персонал бойынша менеджер басқарушылар құрамында бухгалтерия мен кадралар бөліміне басшылық жасайды.