Дайын өнімнің талдауы және аудиті бойынша жетілдіру шаралары және жұмыс жоспарының есебін өзгерту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 18:55, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономиканың даму барысында, кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік есебінің рөлі мен қажеттілігі артуда. Тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестіктің өсуінің, нарық коньюнктурасының жиі өзгерістерінің жағдайларында, кәсіпорынды басқаруда жедел және тактикалық басқару шешімдерін қабылдау мақсатында шынайы және аналитикалық ақпарат қажет.
Қазіргі заман өзгерістері жағдайында кәсіпорын жұмысын жетілдіру және қадағалауда, бухгалтерлік есептің толыққанды қолданылуы артуда.

Содержание

Кіріспе
7
1
Дайын өнiмДІ ШЫҒАРУ МЕН ҚОЛДАНУ есебiн ұйымдастырудың теориялық негізі
11
1.1
Дайын өнімнің экономикалық мәні мен экономикадағы алатын орны
11
1.2
Дайын өнім есебін жүргізудің негіздері
13
1.3
Дайын өнімнің есебін ұйымдастырудың шетел тәжірибесі
20
2
Дайын өнімді САТУ МЕН ШЫҒАРУ есебіНІҢ ЖҮРГІЗІЛУІН ТАЛДАУ («ВК МКК» АҚ-ның мысалында)
22
2.1
«ВК МКК» акционерлік қоғамының техникалық – экономикалық көрсеткіштерін зерттеу
22
2.2
Дайын өнімді өндіру есебінің ұйымдастырылуын талдау
25
2.3
Дайын өнімнің сатылу есебінің ұйымдастырылуы және талдау
28
2.4
«ВК МКК» акционерлік қоғамында пайдалануға арналған тауарлардың есебі
43
3
ДАЙЫН ӨНІМДІ САТУ МЕН ШЫҒАРУ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ, ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫ
50
3.1
ВК МКК» АҚ-ның өнім өндірісіне факторлық талдау және дайын өнім есебіндегі кемшіліктер
50
3.2
«ВК МКК» АҚ дайын өнімінің аудитін жүргізу
54
3.3
Өнімді өндіру көлемін ұлғайту резерві ретінде еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін жоғарылату
57
3.4
Дайын өнімнің талдауы және аудиті бойынша жетілдіру шаралары және жұмыс жоспарының есебін өзгерту
61

ҚОРЫТЫНДЫ
65

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дайын өнімді сату мен шығарудың есебі мен аудиті ДИПЛОМКА.doc

— 567.00 Кб (Скачать документ)

Директордың және басқарушылардың аппараты өндірістік қызметті жалпы басқарады, шикізаттар мен материяларды жабдықтау мәселелерін шешеді кәсіпорынның шаруашылық-экономикалық қызметін реттейді. Сонымен қатар әкімшілік аппаратының басты міндеті өндірістік көрсеткіштердің орындалуына лауазымды бөлімдері арқылы бақылау жасау.

Басқарушылық аппаратының барлық мамандарының арнайы жоғарғы экономикалық және техникалық білімдері бар, сонымен қатар сол білімдеріне сәйкес лауазымды қызмет атқарады. Әр бөлімнің өзіндік лауазымдық инструкциялары негізінде жұмыс істейді. Өздерінің қызметінде талаптарға сай құжаттар негізінде, яғни өнім бақдарламасы, қаржылық жоспар, бухгалтерлік баланс, қаржылық нәтиже жөнінде есеп берушілік және т.б. қолданылады. Құжаттардың толтырылуы, құжат айналымының дұрыстылығы жоғары дәрежеде ұйымдастрылған.

«ВК МКК» АҚ-ғы құжаттарының нысандары: шаруашылықтың өнімі мен қызметі, еңбек және еңбекақы, негізгі құралдар мен материалдық емес активтер, материалдар, капиталдық жұмыстағы құрылыс, машиналары, автокөліктегі жұмыстар, түгендеу нәтижелері, кассалық және банк операциялары т.с.с. «ВК МКК» АҚ-ғы есептік саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды. Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизацияны есептеу әдістері, табысты есептеу әдістері және тағы сол сияқты.

Сонымен қатар, есепті жүргізіп қана қоймай, оның тиімділігін қатаң талап етіп, әділ бағасын беретін және де кеңес беріп, нұсқау көрсететін бухгалтерлік есептің дұрыстылығын қадағалайтын аудит болып табылады. «ВК МКК» АҚ-ның бухгалтерлік есебі аудиттің зерттеу объектісі болып саналса, аудит – бухгалтерлік есептің сапасын, тиімділігін арттырып, оны халықаралық өлшемдер мен стандарттарға негізделіп жүргізуге жетелейді және оны талдаудыңда ерекшелігі зор көмек береді. «ВК МКК» АҚ-өзінің қызметін бекітілген жарғы, есептік саясат негізінде қызмет жасайды [12], Қазақстан Республикасының Президентімен бекітілген нұсқауларын, ережелерін, заңдарын, лициянзияларын ұстанады. Директор және директор орынбасары арқылы жұмысшылар персоналын басқару процесі жүзеге асырылады. Директордың және басқарушылардың аппараты өндірістік қызметті жалпы басқарады, шикізаттар мен материалдарды жабдықтау мәселелерін шешеді, кәсіпорынның шаруашылық-экономикалық қызметін реттейді. Сонымен қатар, әкімшілік аппаратының басты міндеті өндірістік көрсеткіштердің орындалуына лауазымды бөлімдері арқылы бақылау жасау. Экономика және бухгалтерия бөлімінде алты маман жұмыс істейді. Олардың негізгі атқаратын қызметі кәсіпорын қызметінің бухгалтерлік есебін жүргізу, экономикалық талдау, жоспарлауды жүзеге асыру, шаруашылықтың құжаттылығын қамтамасыз ету. Басқарушылық аппаратының барлық мамандарының арнайы жоғарғы экономикалық және техникалық білімдері бар, сонымен қатар сол білімдеріне сәйкес лауазымды қызмет атқарады. Әр бөлімнің өзіндік лауазымдық инструкциялары негізінде жұмыс істейді. Өздерінің қызметінде талаптарға сай құжаттар негізінде, яғни өнім бағдарламасы, қаржылық жоспар, бухгалтерлік баланс, қаржылық нәтиже жөнінде есеп берушілік және т.б. қолданылады. Құжаттардың толтырылуы, құжат айналымының дұрыстылығы жоғары дәрежеде ұйымдастрылға

«ВК МКК» АҚ-ның құжаттарының нысандары: шаруашылықтың өнімі мен қызметі, еңбек және еңбекақы, негізгі құралдар менматериалдық емес активтер, материалдар, капиталдық жұмыстағы құрылыс, құрылыс машиналары, автокөліктегі жұмыстар, түгендеу нәтижелері, кассалық және банк операциялары т.с.с.

Қазақстанда нарықтық қатынастарға көшумен бірге дамыған елдерде қолданылатын стандарттарға бағытталған ұлттық есеп саясатын қалыптастыруға деген қажеттілік пайда болды. Есеп саясаты ретінде бухгалтерлік есепті жүргізу мен оның негізінде қаржылық, өндірістік есептілікті жасау процесінде қолданылатын тәсілдер, принциптер, дәстүрлер, ережелер, процедуралар жиынтығын түсінуге болады. Есеп саясатының құқықтық негізін бұйрықтар мен Қазақстан Республикасының заңдық және нормативтік актілерінің негізінде жасалған басқа да құжаттар құрайды [14]. Осы құжаттар шаруашылық операцияларын бухгалтерлік және салық есептерінде тіркеу үшін негіз болып табылады.

Бүгінгі таңда «ВК МКК» АҚ өзінің өндірістік потенциалын жоғалтпаған, толық қуатында жұмыс істеп тұрған, тез дамып келе жатқан кәсіпорындардың бірі. Меншікті зертханасы шикізат пен дайын өнімнің сапасын бақылауға мүмкіндік беретін заманауи компьютерлік жабдықтармен жасақталған.Жетілдірілген темір жол тізбектері мен мамандырылға автопарктің арқасында өнімнің барлық түрлерінің жеткізілуі іске асырылады. Астықты тасымалдау, сақтау және өңдеу барлық технологиялық және санитарлық нормаларды қатаң сақтаумен жүргізіледі. Бидай диірменге берілмес бұрын көп деңгейлі тазартудан өтеді, еленеді, жуылады, кептіріледі. Тартылған ұн сатуға тек 1 айдан кейін ғана түседі. Мұндай технология ГОСТ-ң барлық талаптарына жауап береді. Кәсіпорында өзінің макарон өндірісі бар, онда жоғарғы сұрыпты макарон өнімдерінің 15-тен астам түрлері шығарылады. Макарон өндірісі жаңа итальяндық құрал-жабдықпен жабдықталған. Өндірістің өнімділігі – тәулгіне 24 тонна. Макарон өнімдері жалпыға мәлім «Ардагер» брендімен шығады. Жем зауыты жемдері ұнтақталған және түйіршіктелген түрде шығарады. Зауыттың айтарлықтай ірі қоймасы, шикізатты түсіру мен дайын өнімді тиеуге арналған механикаландырылған құралдары бар.

 

 

2.2 Дайын өнімді өндіру есебінің ұйымдастырылуын талдау

 

Кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің орындалуына, шаруашылық операциялардың орындалуына бас директор, бухгалтерлік есеп бойынша есептік саясаттың қалыптасуына, бухгалтерлік есептің жүргізілуіне, бухгалтерлік есептіліктің толық және нақты берілуіне бас бухгалтер жауапты.

Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп кәсіпорынның бухгалтерлік службасымен жүзеге асырылады және келесі лауазымдардан тұрады [12]:

  • Салықтық есеп бойынша бухгалтер;
  • Есептік-қаржылық топ;
  • Өндіріс шығындарын есепке алу тобы;
  • Негізгі және айналым құралдарын есеке алу тобы;
  • Есептік топ;
  • Дайын өнімді есепке алу тобы.

Атап өтетін жайт, зерттелініп отырған кәсіпорында бухгалтерия қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулары жоқ. «Бухгалтерлік қызметтің лауазымдық міндеттері туралы» бұйрық бар [15], ал бұл бухгалтерияның бөлімшелері арасында қызметтік лауазымдарды бөлуді қиындатады.

Аталған бұйрыққа сәйкес, бухгалтерия қызметкерлерінің лауазымдық міндеттеріне келесілер жатады:

1) Мүлік, міндеттемелер мен шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу бойынша жұмыстарды орындау;

2) Қаржылық тәртіптің және ресурстардың  оңтайлы орындалуын қадағалауға  бағытталған шараларды әзірлеуде  және жүзеге асыруда қатысу;

3) Бухгалтерлік есептің тиісті  учаскелері бойынша бастапқы құжаттаманы қабылдау және бақылау және оларды есептік жұмысқа дайындау;

4) бухгалтерлік есеп шоттарында  негізгі құралдар, тауарлы-материалдық  құндылықтар мен ақша қаражаттарынығ  қозғалысымен байланысты операцияларды  айқындау;

5) Өнімнің өзіндік құнының есептік калькуляциясын құру, шығындар мен өндірістік емес шығыстардың қалыптасу көздерін анықтау, олардың алдын-алу бойынша ұсыныстар жасау,

6) Республикалық және жергілікті  бюджеттерге салықтар мен алымдарды  есептеу және аудару, мемлекеттік  бюджеттен тыс әлеуметтік қорларға сақтандыру жарналарын, банктер төлемдерінғ жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысын есептеу және аудару және т.с.с.;

7) Бухгалтерлік есеп және есептілік  мәліметтері бойынша ішкі шаруашылық  резервтерді анықтау мақсатында, үнемдеу режимін жүзеге асыру және құжат айналымын жетілдіру мақсатында кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін экономикалық талдау жүргізуде қатысу;

8) Ақша қаражаттарын, тауарлы-материалдық  құндылықтарды, міндеттемелерді инвентаризациялануында  қатысу;

9) Басшыларды, несие берушілерді, инвесторларды, аудиторларды есептің тиісті әчсаскелері бойынша нақты және салыстырмалы біхгалтерлік ақпаратпен қамтамасыз ету;

10) Бухгалтерлік ақпарат мәліметтерінің  базасын қалыптастыру, жүргізу және  сақтау бойынша жұмыстарды атқару;

11) Басшылықтың басқа да қызметтің  тапсырмаларын орындау [15].

Қазіргі таңда кәсіпорындар дайын өнімнің шығарылуына жылдық, календарлық жоспар құрады: кварталдық, айлық, күнделікті графиктер. Кәсіпорын цехтарының жұмысының ырғақтылығын қадағалау мен реттеу мақсатында диспетчерлік қызметкерлер графиктің орындалуының оперативтік есебін жүргізеді. Құрастырылған графиктер дайын өнімнің тиелу мерзімімен сәйкес келуі керек, себебі графиктер арқылы сатыпалушылар алдындағы келісімшарттық міндеттемелердің орындалуын қадағалауға болады. Шығарылған дайын өнім өндіріс сферасынан  айналым сферасына өтеді [16.Б.18].

Негізгі өндірістен дайын өнімдер қоймаға кабылдау – тапсыру накладнойлар арқылы қабылданады. Қабылдау – тапсыру накладнойларында дайын өнім тапсырушы цех, дайын өнім қабылдаушы қойма, номенклатуралық номер және өнім атауы, өлшем бірлігі, саны және тағы басқалары көрсетіледі. Қабылдау –тапсыру накладнойларының нақты құрамы шығарылатын өнімнің өндіру технологиясының ерекшеліктерімен байланысты.Қабылдау – тапсыру накладнойлары техникалық бақылау қызметінің өкілімен, тапсырушы цех жұмысшысымен, қойма меңгерушісімен және  басқа материалды жауапты тұлғамен ( дайын өнімді сақтауға қабылдаған) қол қойылып бекітіледі.

Келісім шарт бойынша дайын өнім қабылдауда сатыпалушы кәсіпорынның өкілі қатысатын болса, оның да қол қоюы керек. Қабылдау – тапсыру накладнойлары бір жолғы және жинақтаушы накладнойлар болып бөлінеді ( декадалық, айлық). Олар тапсырушы цехымен екі данада жазылады. Бір данасы қойма меңгерушісіне беріледі, ал екінші данасы дайын өнім қабылдау қолхатымен бірге цехте қалады.

Егер дайын өнімді  цехтан қоймаға жібергенде қиыншылықтар туындаса (мысалы, тасымалдауға қиын көлемді өнімдер), бұл жағдайда дайын өнім кәсіпорыннан тыс шығарылғанша дейін сол өндірілген цехында сақтауда қала береді. Көрсетілген қызметтер мен атқарылған жұмыстарды қабылдау – тапсыру актілерімен рәсімделеді. Кәсіпорын бухгалтериясында  қабылдау тапсыру накладнойлары бойынша ай бойынша шығарылған өнім туралы жинақтаушы ведомостар жүргізіледі. Айдың аяғында ведомостарда шығарылған дайын өнім түрлері бойынша есеп жүргізіледі және оны жоспарлы өзіндік құны бойынша бағалайды.(не болмаса басқа есептік бағасымен қарастырылады) Осы баға бойынша дайын өнімнің аналитикалық есебі жүргізіледі [17].

Негізгі өндірістің аналитикалық есебінің көрсеткіштері бойынша  шығарылған өнімнің өндірістік өзіндік құны дайын өнімнің түрлері мен  оған деген тапсырыс  түрлері бойынша анықталады. Келісім шарт бойынша дайын өнім қабылдауда сатыпалушы кәсіпорынның өкілі қатысатын болса, оның да қол қоюы керек. Қабылдау – тапсыру накладнойлары бір жолғы және жинақтаушы накладнойлар болып бөлінеді (декадалық, айлық). Олар тапсырушы цехымен екі данада жазылады. Бір данасы қойма меңгерушісіне беріледі, ал екінші данасы дайын өнім қабылдау қолхатымен бірге цехте қалады. Шығарылған дайын өнім түрлерінің өзіндік құнының анықталған сомалары өндірілген дайын өнім ведомосында жазылады, кейін сомаларды жалпылап барлық шығарылған өнім көлемінің нақты өзіндік құны шығады.

Жоспарлы өнімнің өзіндік құнынан нақты өзіндік құнының ауытқу сомалары әр өнім бойынша және шығарылған өнім көлемі бойынша анықталады. Дайын өнімнің синтетикалық есебі 1320 «Дайын өнім» шотында жүргізіледі. Бұл шотта қоймадағы дайын өнімнің бар болуы мен қозғалысы жайлы ақпараттар жинақталады. Комплектация үшін қабылданған дайын өнім немесе сатуға арналған, яғни тауар ретінде 1330 «Тауарлар» шотында есептеледі.  Осы шоттардың дебеті бойынша дайын өнім қоймаға түсуі, кредит бойынша шығуы көрсетіледі [18]. Егер қандай да бір дайын өнім кәсіпорында өндірістік процессте толық қолдануға жіберілсе, онда олар материалдарға жатады және  1210 «Материалдар» шотында көрсетіледі.

Дайын өнімді негізгі өндірістен қабылдағанда келесідей шоттар корреспонденциясы жазылады.  Дебеттен 1320 «Дайын өнім», кредитттен 8010 «Негізгі өндіріс», 1320 шотында  негізгі өндірістен дайын өнімнің нақты өзіндік құны көрсетіледі, ал кредиттен 8010 « Негізгі өндіріс», 8020 «Полуфабрикаттар ,8030 «Қосалқы өндіріс» . Дайын өнімнің өзіндік құны анықталғанда дебеттен 7010, кредиттен 1320 шоты көрсетіледі. Егер дайын өнімді  цехтан қоймаға жібергенде қиыншылықтар туындаса( мысалы, тасымалдауға қиын көлемді өнімдер), бұл жағдайда дайын өнім кәсіпорыннан тыс шығарылғанша дейін сол өндірілген цехында сақтауда қала береді. Көрсетілген қызметтер мен атқарылған жұмыстарды қабылдау – тапсыру актілерімен рәсімделеді. Кәсіпорын бухгалтериясында  қабылдау тапсыру накладнойлары бойынша ай бойынша шығарылған өнім туралы жинақтаушы ведомостар жүргізіледі. Айдың аяғында ведомостарда шығарылған дайын өнім түрлері бойынша есеп жүргізіледі және өнімдерді жоспарлы өзіндік құны бойынша бағалайды.(не болмаса басқа есептік бағасымен қарастырылады) Осы баға бойынша дайын өнімнің аналитикалық есебі жүргізіледі [18].

Кәсіпорын бухгалтериясы дайын өнімнің сапалық және сандық мөлшерін натуралды түрде тексеріп отыруы қажет.Әр айдың аяғында лабораториялық зертеулердің деректерімен қабылдау-тапсыру құжаттарының жазуларын салыстыру қажет. Егер қабылданған  дайын өнім, лабораториялық зерттеулерден өтпегені анықталса немесе қабылдау тапсыру құжаттарын толтырғаннан кейін зерттеу процедурасынан өтсе, онда бұл толық өндірілмеген, дайын өнім деп саналмайтын құндылық деп есептеледі. Тексеру  ақырғы айдың бастапқы  құжаттар негізінде де жүргізіледі ( смена рапорттары, маршрут қағаздары, нарыдтар бойынша) және осы құжаттарда өндірілген дайын өнімнің көлемі, бағалары, құны  нақты көрсетілігенін тексеру қажет.

 

 

2.3 Дайын өнімнің  сатылу  есебінің ұйымдастырылуы және талдау

 

Дайын өнімді сатуды сатыпалушымен бекітілген келісім шарт бойынша немесе бөлшек сауда арқылы жүзеге асады. Дайын өнімді жеткізу келісім шартында сатыпалушы мен жабдықтаушының реквизиттері көрсетіледі. Дайын өнімнің көрсеткіштері, бағалары , шегерімдер, есеп айырысу тәртібі, қосылған құн салығының сомасы және басқа да реквизит көрсетіледі. Халықаралық тәжірибеде келісім шартта күтпеген жағдайлар (форс- мажор) келісім шарт шарттарын орындау кепілдігі, күтпеген шығындарды жабу, арбитраж және тағы басқа қосымша мәліметтер қарастырылады.

Информация о работе Дайын өнімнің талдауы және аудиті бойынша жетілдіру шаралары және жұмыс жоспарының есебін өзгерту