Дайын өнімнің талдауы және аудиті бойынша жетілдіру шаралары және жұмыс жоспарының есебін өзгерту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 18:55, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономиканың даму барысында, кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік есебінің рөлі мен қажеттілігі артуда. Тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестіктің өсуінің, нарық коньюнктурасының жиі өзгерістерінің жағдайларында, кәсіпорынды басқаруда жедел және тактикалық басқару шешімдерін қабылдау мақсатында шынайы және аналитикалық ақпарат қажет.
Қазіргі заман өзгерістері жағдайында кәсіпорын жұмысын жетілдіру және қадағалауда, бухгалтерлік есептің толыққанды қолданылуы артуда.

Содержание

Кіріспе
7
1
Дайын өнiмДІ ШЫҒАРУ МЕН ҚОЛДАНУ есебiн ұйымдастырудың теориялық негізі
11
1.1
Дайын өнімнің экономикалық мәні мен экономикадағы алатын орны
11
1.2
Дайын өнім есебін жүргізудің негіздері
13
1.3
Дайын өнімнің есебін ұйымдастырудың шетел тәжірибесі
20
2
Дайын өнімді САТУ МЕН ШЫҒАРУ есебіНІҢ ЖҮРГІЗІЛУІН ТАЛДАУ («ВК МКК» АҚ-ның мысалында)
22
2.1
«ВК МКК» акционерлік қоғамының техникалық – экономикалық көрсеткіштерін зерттеу
22
2.2
Дайын өнімді өндіру есебінің ұйымдастырылуын талдау
25
2.3
Дайын өнімнің сатылу есебінің ұйымдастырылуы және талдау
28
2.4
«ВК МКК» акционерлік қоғамында пайдалануға арналған тауарлардың есебі
43
3
ДАЙЫН ӨНІМДІ САТУ МЕН ШЫҒАРУ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ, ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫ
50
3.1
ВК МКК» АҚ-ның өнім өндірісіне факторлық талдау және дайын өнім есебіндегі кемшіліктер
50
3.2
«ВК МКК» АҚ дайын өнімінің аудитін жүргізу
54
3.3
Өнімді өндіру көлемін ұлғайту резерві ретінде еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін жоғарылату
57
3.4
Дайын өнімнің талдауы және аудиті бойынша жетілдіру шаралары және жұмыс жоспарының есебін өзгерту
61

ҚОРЫТЫНДЫ
65

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дайын өнімді сату мен шығарудың есебі мен аудиті ДИПЛОМКА.doc

— 567.00 Кб (Скачать документ)

Сатып алушыларға берілетін жеңілдіктердің барлық түрі келісім-шартта көрсетілуі тиіс және ол басқа да құжаттарда көрініс табуы мүмкін (мысалы, есеп айырысу-төлем құжаттарында, протоколда, келісімдерде).

Бағадан жасалатын жеңілдіктердің есебі (6030-шот). Жеңілдіктер дегеніміз – тауар бағасының жалпы, не ұйғарымды бағаға қарағанда төмендетілуі. Жеңілдіктер көтере әдісімен сатып алғандарға мерзімінен бұрын төлем жасағандарға, тұрақты сатып алушыларға және басқа жағдайларда беріледі. Жеңілдік процент түрінде немесе белгілі бір сомада көрініс табуы мүмкін. Іс жүзінде шегерімдердің (жеңілдіктердің) мынадай түрлері қолданылады. Сатып алынатын тауарлардың санына байланысты баға жеңілдігі (бонустық шегеру) тауарды бір жылдық көлемінен көбірек сатып алушыларға беріледі. Уақытпен байланысты жасалатын жеңілдіктер – негізінен маусымдық сипатта көпшілік сұранысы бар өнім сауда саласында қолданылатын баға жеңілдіктері. Тауарларды (қызметтерді) маусымнан басқа уақытта сатып алушыларға жасалынады. 

Сандық жеңілдік – тапсырыстың көлеміне және саласына (сериялығына) байланысты берілетін баға жеңілдігі.  

Арнайы жеңілдік – белгілі бір жабдықтаушымен көптен бері (тұрақты) байланысы бар және басқа ерекшелік қатынастары үшін сатып алушыларға берілетін баға жеңілдігі.

Егер тауарлардың сапасы төмен болса (нормативтік-техникалық құжаттама шегінде) немесе прейскуранттарда (прайстарда) белгіленген талаптарға бағасы сай келмесе, жоғарыдағылардан басқа біршама жеңілдіктер жасалуы мүмкін. Осы аталған себептер бойынша жеңілдіктердің келесі түрлеріне жол беріледі:

- табиғи факторлардың немесе өндірістегі объективтік жағдайлардың ықпалымен жасалған сапа көрсеткіштерінің номативтен ауытқығаны үшін;

- жыл мезгілдері бойынша әртүрлі  мөлшерде тұтынатындықтан (суға, жылуға, газға, энергияға) жасалатын маусымдық  шегерімдері (жеңілдіктері);

- сапасы бірінші категориялы өнімге жасалатын жеңілдіктер;

- белгіленген мерзімде аттестацияланбаған  немесе өндірістен алынуға жататын  өнімге жасалатын жеңілдіктер.

Баға жеңілдіктерінің барлық түрлері сатып алушы кәіспорынның табысы болып табылады және оларға заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы салынады. 6030-шоттары активтік, әрі күрделі болып табылады. Бұл шоттар бойынша сатып алушыларға жасалған жеңілдіктердің түрлеріне қарай талдау есебі жүргізіледі. Талдау есебі үшін тізімдеме жүргізіледі, ол жыл басынан жасалған жеңілдіктердің түрлеріне дебеттік айналымдары бойынша жинақталады. 6030 шоттары жыл аяғында жабылады.

Жасалынған баға жеңілдіктері сатып алушылардың жазған шот-фактураларында көрініс табуы керек және оның негізінде нақты экономикалық есептесудің есебі жасалынады.

 

 

3 ДАЙЫН ӨНІМДІ ШЫҒАРУ МЕН ҚОЛДАНУ ЕСЕБІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫ

 

3.1 ВК МКК» АҚ-ның өнім өндірісіне факторлық талдау және дайын өнім есебіндегі кемшіліктер

 

«ВК МКК» АҚ бойынша өнімді өндіру және қолдану динамикасын жоспарының орындалуын талдай отырып, оның көлемінің өзгеруінің факторларын анықтау қажет. Өнімді өткізуді талдаудың екі әдістемесі мүмкін.

Егер кәсіпорында түсім тауар өнімін тиеу бойынша анықталатын болса, онда тауар өнімінің балансы келесідей болады [28.Б.72]:

ГПН + ТП =  РП + ГПК.      (3.1)

Бұдан,

РП = ГПН + ТП – ГПК .       (3.2)

 

Егер түсім тиелген өнімді төлегеннен кейін анықталатын болса, онда тауар балансы келесідей болады:

ГПН + ТП + ОТН = РП + ОТК + ГПК     (3.3)

Бұдан,

РП = ГПН  + ТП + ОТН  - ОТК - ГПК ,    (3.4)

 

Мұндағы ГПН, ГПК - жыл басы мен жыл аяғына дайын өнімнің қалдықтары;

ТП – тауар өнімінің шығару құны;

РП – есепті кезеңде өнімді өткізу көлемі;

ОТН ,ОТК - жылдың басы мен жыл аяғына тиелген өнімнің қалдықтары.

 Осы факторлардың өнімді  өткізу көлеміне әсерін есептеу факторлық көрсеткіштердің нақты деңгейін базалық мәліметтермен салыстыру және олардың әрбіреуінің абсолюттік және салыстырмалы өсімдерін анықтау негізінде жүргізіледі. Бұл факторлардың әсерін анықтау үшін тауар өнімінің балансы талданады.

 

Кесте 10 - Өнімді өткізу көлемінің өзгеру факторларын талдау

Көрсеткіш   

Өнім құны, мың теңге

Өткізу көлемінің өзгеруі

2011

2012

Мың тг.

%

Жыл басына дайын өнімнің қалдығы

91192

156749

+65557

+71,9

Өнімді өндіру көлемі

1823845

3134990

+1311145

+265

Жыл аяғына дайын өнімнің қалдығы

34088

103781

+69693

2 есе

Өнімді өткізу көлемі

1363510

4151243

+2787733

+308


 

Өнім өндіру және өткізу көлемін анықтайтын факторлардың әсерін зерттеуге ерекше назар аударылады. Оларды үш топқа біріктіруге болады:

  1. кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамсыздандырылуы:

 

ВП = ЧР*ГВ;

РП = ЧР*ГВ*ДВ.        (3.5)

 

Мұндағы ЧР – кәсіпорынның жұмысшыларының орта тізімдік саны

ГВ  - бір жұмысшымен өнімнің орта жылдық шығарылымы

ДВ - есепті кезеңде шығарылған өнім көлемінде өткізілген өнім көлемінің үлес салмағы.

 

ВП = 690 * 4543 = 3134990

РП = 690 * 4543 *  1,3 = 4151243    (3.6)

 

  1. кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлармен қамсыздандырылуы және оларды пайдалану тиімділігі:

ВП = ОПФ*ФО;

РП = ОПФ*ФО*ДВ.      (3.7)

 

Мұндағы, ОПФ – кәсіпорынның негізгі өндірстік қорларының орта жылдық сомасы; ФО – қор қайтарылым.

ВП =  3711491 * 1,1 = 4082640

РП = 3711491 * 1,1* 1,3 = 5307432

 

3) өндірістің шикізат және материалдармен  қамсыздануы және оларды пайдалану  тиімділігі:

ВП = МЗ*МО;

РП = МЗ*МО*ДВ.      (3.8)

 

Мұндағы, МЗ - өнім өндірісіне кеткен материалды шығындар сомасы,

МО – материал қайтымдылығы.

ВП =   2382613 * 1,7 = 1401537

РП = 2382613 * 1,7 * 1,3 = 1821998

 

Осы факторлық талдау барысында  «ВК МКК» АҚ -да өнімді өндіру және өткізу көлемінің өзгерісіне, нақты айтатын болсақ оның ұлғаюына негізгі өндірістік қорларды пайдалану нәтижесінде жоғары дәрежеге жетуге болатындығы анық.

Осы факторлық талдаудан кейін өнімді өндіру және сату көлемін ұлғайту резервтерін анықтау қажет, оның негізгі қайнар көздері келесі 2 суретте көрсетілген.

 

 

Сурет 2. Дайын өнімді өндіру және сату көлемін ұлғайту резервтерін құру үлгісі

 

Өнімді өндіру жіне өткізу көлемін ұлғайту резервтері өнімді өндіру көлемін ұлғайту және сатылмаған өнімнің қалдықтарын қысқарту резервтері есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. Кәспорын алдында тұрған міндеттердің бірі осы екі жолдың да оңтайлы мәндерін қарастыру.

Өнімді өндіру көлемін ұлғайтудың резервтеріне еңбек ресурстарын пайдаланудыжақсарту есебінен, негізгі құралдарды пайдалануды жақсарту және шикізат пен материалдарды пайдалануды жақсарту есебінен іске асырылады.

Еңбек ресурстарын пайдалануды жақсартуға қосымша жұмыс орындарын ашу, жұмыс уақытының залалдарын қысқарту, еңбек өнімділігін жоғарлату есебінен қол жеткізуге болады.

Қосымша машиналар мен құрал-жабдықтарды сатып алу, олардың жұмыс қорының толық пайдалану, машиналар мен құрал–жабдықтардың интенсивтілігін жоғарлату сияқты шаралар есебінен негізгі құралдарды пайдалануды арттыруға болады.

Шикізат пен материалдарды пайдалануды жақсарту қосымша шикізат мен материалдарды сатып алу, шикізат пен материалдардың нормадан артық қалдықтарын қысқарту және өнім бірлігіне шикізат пен материалдардың шығынын қысқару сияқты шара есебінен жүзеге асыруға болады.

Зерттелген кәсіпорында кез келген субъекті тәрізді бухгалтерлік есепті жүргізуінде бірқатар кемшіліктер анықталды.

Дайын өнімді өндіру мен оны өткізуді есепке алу жүйесіндегі кемшіліктерге келесілер жатады:

- Өндіріс шығындарын есепке  алу мен өнім өзіндік құнын есептеудегі нормативті әдіс.·Бұл әдісті әртүрлі өнімнің жаппай және көп сериялы өндірісі кезінде, кәсіпорында материалдық және еңбек ресурстары шығындарының прогрессивті нормалары мен нормативтері болған жағдайда қолданылады.

ВК МКК» акционерлік қоғамы аталға шарттарға жауап бермейді. Сонымен қатар, кәсіпорын міндетті түрде қолданыстағы нормаларға талдау жасап, негізделген ұсыныстар жасап, енгізуі қажет, себебі қазіргі өзгермелі жағдайда нормалар өзгеріске ұшырайды (қосымша Г).

Шығындарды есепке алудың нормативтік әдісінің мәні келесіде: өндірістің кейбір шығындары калькуляция нормативтерімен қарастырылған өндірістік нормалармен есептеледі; нақты шығындардың өндірістік нормалардан ауытқуына оперативті есеп бөлек жүргізіледі және ауытқудың пайда болу объектісі, себебі және кінәлі тұлғалары көрсетіледі. Ұйымдастырушылық-техникалық шараларды енгізу нәтижесінде аталған өзгерістердің өнімнің өзіндік құнына ықпалын анықтайды.

- Кәсіпорындағы ішкі бақылау  жүйесі. Есептік-қаржылық топ қызметкерлері  тапсырыс берушінің қаржылық жағдайын оның қаржылық (баланстық) есептерін талдау негізінде бақылау жүргізеді. Ал бақылау параметрлері ретінде олар оңтайлы және критикалық көрсеткіштерді пайдалану қажет, мысалы, қаржылық тұрақтылық, өтімділік, төлем қабілеттілік көрсеткіштерін бағалауы қажет, олар келесі:

а) алынған құндылықтардың қор көлемі мен ҚҚС меншікті және ұзақ мерзімді займдық қаражаттардың сомалын мөлшерінен аспайды (абсолютті және қалыпты тұрақтылық);

ә) ақша қаражаттарының, қысқа мерзімді салымдардың, дебиторлық қарыздың және басқа да айналым активтерінің сомалы мөлшері кредиторлық қарыздың, мерзімінде өтелмеген басқа да қысқа мерзімді пассивтері мен ссудаларының сомалық мөлшерінен кем емес;

б) займдық және меншікті қаражаттардың ара қатынасының коэффициенті 1,0-ден жоғары емес;

в) автономия коэффициенті 0,5-тен кем емес;

г) ағымдағы өтімділік коэффициенті 2,0-ден кем емес;

д) меншікті қаражаттармен қамсыздану коэффициенті 0,1-ден кем емес;

е) баланс өтімділігінің жалпы көрсеткіші 1,0-ден кем емес;

ж) абсолютті өтімділік коэффициенті 0,2-0,7 аралығында;

з) мерзімді өтімділік коэффициенті 1,0-ден кем емес.

Қорытындыда атап өтетін жайт, аталған кемшіліктер және оларды жою бойынша ұсыныстар белгілі экономикалық әсерге бағытталған. Сол себепті бухгалтерлік есепті аталған ұсыныстар бойынша ұйымдастыру қажет.

 

 

 

3.2 «ВК МКК» АҚ дайын өнімінің аудитін жүргізу

 

Аудиторлық  тексеру – кәсіпорынның табыстық есебін тексеріп, онда көрсетілген шаруашылық табыстылық көрсеткіштерінің дұрыстығын анықтап, сонымен қатар бухгалтерлік есебін, қаржысын, салық заңдарын, әлеуметтік есеп ретін, келісім – шарт бойынша кәсіпкер ретінде тексеріп арнайы төлем арқылы қызмет көрсету, кезеңдері толықтай қарастырылмаған, яғни тексеру толық жүргізілмеген. Сырттай бақыланған тәртіп ешқандай сапалы жұмыс әкелмеген. Ал бухгалтерлік есеп   үшін ең негізгі ақпарат көзі, екіншіден, зерттеу, іздестіру обьектісі аудит болжамданбаған. Бухгалтерлік есеп нақты  бухгалтерлік құжат арқылы белгілі өлшемдермен тіркелген шаруашылық көрсеткіштерін үздіксіз өзара байланыста тіркеуге болады.

Дайын өнім есебінің аудитін жүргізу үшін мынадай негізгі қағидаларда сақтау керек.

    -- Алдымен, негізгі кәсіпорын  қызметінің барлық жағын, оған  алдымен әсер ететін факторлар  мен байланыстарын түгелдей бақылау, кәсіпорынның қаржылық қортынды есеп берудің дұрыстығы жайлы өз пікірін көрсететін қортындысында қаржы жағдайын дәл көрсету.

    -- Аудиторлық тексеру  барысында, кәсіпорынның шығарылған  өнімдерінің нақты санын, оған  яғни  өнім өндіруге кететін  шығындар сомасын, техникалық шарттарға, стандарттардың талаптарына сәйкестігін, қоймаға тапсыру мен қоймадан босатылу тәртібін, жеткізулер мен жабдықтаушыларменесеп айрысу кезеңдерін зерттеу керек. 

     -- Дайын өнімнің аналитикалық  есебінің жүргізілуінде қандай  мәліметтер алмасады, қандай құжаттар толтырылады, есеп айрысу құжаттардың түрлерімен толық танысамыз.

     -- Дайын өнімнің синтетикалық  есебінің жүргізілуінде өзіндік  құнның есептелуі мен оның  кейбір жағдайлардағы қозғалысын  есептік құндар бойынша, өндірістік  өзіндік құнның есептік құндар бойынша олардың құнынан ауытқуларын көрсетуді, қандай шоттарда есептелінетін қадағалау қажет.

Информация о работе Дайын өнімнің талдауы және аудиті бойынша жетілдіру шаралары және жұмыс жоспарының есебін өзгерту