Дайын өнімнің талдауы және аудиті бойынша жетілдіру шаралары және жұмыс жоспарының есебін өзгерту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 18:55, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономиканың даму барысында, кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік есебінің рөлі мен қажеттілігі артуда. Тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестіктің өсуінің, нарық коньюнктурасының жиі өзгерістерінің жағдайларында, кәсіпорынды басқаруда жедел және тактикалық басқару шешімдерін қабылдау мақсатында шынайы және аналитикалық ақпарат қажет.
Қазіргі заман өзгерістері жағдайында кәсіпорын жұмысын жетілдіру және қадағалауда, бухгалтерлік есептің толыққанды қолданылуы артуда.

Содержание

Кіріспе
7
1
Дайын өнiмДІ ШЫҒАРУ МЕН ҚОЛДАНУ есебiн ұйымдастырудың теориялық негізі
11
1.1
Дайын өнімнің экономикалық мәні мен экономикадағы алатын орны
11
1.2
Дайын өнім есебін жүргізудің негіздері
13
1.3
Дайын өнімнің есебін ұйымдастырудың шетел тәжірибесі
20
2
Дайын өнімді САТУ МЕН ШЫҒАРУ есебіНІҢ ЖҮРГІЗІЛУІН ТАЛДАУ («ВК МКК» АҚ-ның мысалында)
22
2.1
«ВК МКК» акционерлік қоғамының техникалық – экономикалық көрсеткіштерін зерттеу
22
2.2
Дайын өнімді өндіру есебінің ұйымдастырылуын талдау
25
2.3
Дайын өнімнің сатылу есебінің ұйымдастырылуы және талдау
28
2.4
«ВК МКК» акционерлік қоғамында пайдалануға арналған тауарлардың есебі
43
3
ДАЙЫН ӨНІМДІ САТУ МЕН ШЫҒАРУ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ, ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫ
50
3.1
ВК МКК» АҚ-ның өнім өндірісіне факторлық талдау және дайын өнім есебіндегі кемшіліктер
50
3.2
«ВК МКК» АҚ дайын өнімінің аудитін жүргізу
54
3.3
Өнімді өндіру көлемін ұлғайту резерві ретінде еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін жоғарылату
57
3.4
Дайын өнімнің талдауы және аудиті бойынша жетілдіру шаралары және жұмыс жоспарының есебін өзгерту
61

ҚОРЫТЫНДЫ
65

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дайын өнімді сату мен шығарудың есебі мен аудиті ДИПЛОМКА.doc

— 567.00 Кб (Скачать документ)

Дайын өнім есебінің аудиті – дайын өнімді бағалау түрлері мен дайын өнімді босату немесе сатып - өткізу талаптарына сай қарастырлады. Осының нәтижесінде шоттар корреспонденциясын қолданғандағы сызбалар дұрыстығын тексереді. Мұндағы басты міндет дайын өнімнің есебіне , оның ішінде мынадай бөлімшелерге назар аударылуы тиіс:

  • дайын өнімді бағалаудың түрлерін , дайын өнімді бағалау, өнімді түсіруді және сатып - өткізуді құжаттау, өткізу шығындарының есебі.

Дайын өнім - өндірістен шығарылатын шұжықтар, кәсіпорынның айналым қаражаттарын құрамына кіретіндіктен, аудит жүргізуде барлық табыс көздерінің құралу сомасын, шығындардың жабылғандығы көрінісін бақылау, талдау – басты мақсат болады.

Дайын өнім – шаруашылықта толық өңдеуден өткен қолданыстағы стандарттарға сәйкес келетін техникалық бақылау бөлімі қабылдап қоймаға кіріске  алынған өнім. Демек,  дайын өнімдерге өзінің күрделі құрлысы және әлеуметтік саласы үшін сыртқа орындалған өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстар мен қызметтері, сонымен қатар сатуға арналған өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттардың құны да жатады. Шаруашылық қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіші, өндірілген дайын өнім ( қызмет, жұмыс ) сатылған өнімнің көлемі болып табылады.

Ішкі аудит жүргізу көзделетін болса, аудитор дайын өнімдердің дұрыс бағаланып, қоймаға кіріске алыну операцияларынның бухгалтерлік есепте көрсетілуін тексеруге кірісердің алдын – ала қаралатын мәселелерді түгел қамтитындай етіп бағдарлама жасап тексеру барысында  кездескен фактілердің нәтижесінде толықтырулар  мен түзету енгізіп басшылыққа ала отырып, мынадай мәселелерді анықтауы керек:

  • өндірістен  тапсырылған шұжықтардың дұрыс және уақытылы  құжатталғандығын;
  • дайын өнімдерді, яғни шұжықтарды шығаруға байланысты орын алған операциялардың бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілгендігін;
  • дайын өнімдер бұйымдардың түрлері мен тапсырыстар бойынша өндірістік өзіндік құнының дұрыс анықталғандығын;
  • өнімнің жоспарлы құнымен нақты өзіндік құнының ауытқу сомасының дұрыс есептеліп, олардың шығысқа шығарылғандығын;
  • шығарылған дайын өнімдердің ( жұмыс, қызмет ) бухгалтерлік корресонденцияларының дұрыс берілгендігін;
  • дайын өнімдердің дұрыс бағалануы;

Аудитор үшін ең алдымен қажеттісі баланста келтірілген мәліметтің 1320 « Дайын өнім » шоты бойынша Бас кітаптағы мәліметтермен салыстыру және басқа да есеп регистрларының дұрыс жүргізілуін өндірістен қоймаға өткізілген өнімдердің өзіндік құнының дұрыс анықталғандығын, құжаттарының уақтылы және дұрыс толтырғандығын тексеру болып табылады.

Кәсіпорындағы дайын өнімдердің аудитін сапалы өткізу үшін шаруашылықтың шарт бойынша міндеттемесінің уақтылы орындалуын қамтамасыз ететін , шығарылған өнімді жедел бақылауды жүзеге асыру тәртібімен танысудың маңызы зор. Аудитор бұл мақсатқа жету үшін субъектіде технологиялық үрдістің орындалуына, шығарылған өнімнің көлемі, ассортименті, сапасы бойынша жоспардың орындалуына және сондай – ақ өндірістің ырғақтылығын бақылаудың сапасына жүйелі тексеру тиісті. Жедел бақылау накладнойларына және күнделікті беріліп отыратын ақпараттарда көрсетілген нақты мәліметтерді жоспардағы салыстыру арқылы анықтайды.  Өнім өндіріу жоспарының орындалуымен қатар, одан ауытқу әсер еткен себептерін анықтап, кеткен кемшіліктерді жою үшін ауытқу жол берген нақты себептері анықталды.

Барлық өндірілген өнімнің бухгалтерлік есепте түгел көрсетілгеніне назар аударуы қажет. Егер шығарылған өнімге цехтардың немесе өойманың қабылдау - өткізу құжаттары толтырылмаса және бухгалтерлік есепте көрсетілмеу фактілер орнына, онда есепте жоқ өнімнің пайда болуына бірден – бір себепші болуы ықтимал.есепте жоқ өнім бухгалтерлік есеп құжаттарында көрсетілгендіктен , аудитор оны анықтау үшін қолданыстағы әдістемені қолдануы қажет.

Есепте жоқ өнімдер , көптеген жағдайда, осы өнімді өндірудің технологиялық үрдісін көрсететін құжаттардың жұмсалынған шикізат және дайын өнім шығару туралы жедел есеп мәліметтерінің  ж .т.б, сондай – ақ сатып алушыға артып жөнелтілген өнімдерді растайтын құжаттарының рұқсат қағаз шот – фактуралар, накладнойлар ж.б.негізінде анықталады . Кейбір жағдайларда есепте жоқ өнім алынған өнімді  көрсететін құжаттарымен, қоймалардың  және цехтардың өнім өндірушінің құжаттарымен , шаруашылықтың цехтарындағы және қоймалардағы дайын өнімдерді түгендеу мәліметтерімен, салыстыру жолымен  анықталуы да ықтимал.есепте жоқ шығарылған өнім қоймаға дайын өнім түрінде толығымен төменгі бағамен, натуралды және ақшаға шаққан күйінде анықталып кіріске алынуы мүмкін, яғни ең төменгі дара бағасымен. өнімді төмендетіп бағалау шаруашылықтың лауазымды және материалды жауапкершілікті тұлғаларының сауда ұйымдарымен өзара келісімі бойынша, есепте төмендетілген өнімнің құнымен сатылу құнының арасындағы айырмасын құрайтын түсімнің бөлігін жасырып қалуға  мәліметтерін осы өнімді қоймаға кіріске алынған немесе оны сауда ұйымдарына босатқан құжаттарымен салыстыру жолымен анықтауға міндетті.

Жоғарыда аталғандай, есепте жоқ өнім шығару есепте жоқ қолда бар шикізаттар мен материалдарға байланыстыболуы мүмкін. Сондықтан есепте жоқ өнім шығаруды бақылау, әдетте есепте жоқ артық шикізаттар мен материалдардың құрылу көздеріне бір мезгілде тексеру жүргізуді талап етеді.

Жоспарланған өзіндік құн келісім бағасы сияқты, тұрақты есептік бағасы ретінде алынады. Бұл әдісті қолданған кезде, өнімнің нақты өндірістік құнының жоспардағыдан немесе нормадағыдан жеке ауытқу есебі жүргізледі. Бұл әдістің ерекшеліктері сонда, дайын өнімді бағалауда жоспарлау мен есепте біріңғай бағалауда қамтамасыз етеді. Бірақ, егер жоспардағы немесе нормадағы өнімнің өзіндік құны жиі өзгерсе, онда дайын өнімнің қалдықтарын қайта бағалау қиындай түседі.

Толық өзіндік құн – бойынша бағалау, ол коммерциялық шығындар ( сатып алушылар есебінен орындары толтырылмайтын, өнімді өткізуге, жоспарлауға, т.б. байланысты шығындар.) қосылған өндірістік өзіндік құннан тұрады.   Аудитор дайын өнімдерді тексеруді оларды сатуға байланысты материалдарын тексерумен жалғастырады. Артып жөнелтілген немесе босатылған өнім ( жұмыс, қызмет  ) сатып алушының әлі төлемеген сатушының төлеуін талап етіп банкке өткізілген құжаттарын айтамыз.

Аудитор жасаған бағдарламасын кеңейте түсу үшін дайын өнімді сатуға байланысты мынадай мәселелерді анықтауға тиісті:

  • дайын өнім сатуға шарт жасалғандығын және олардың дұрыс рәсімделгенігін;
  • артып – жөнелтілген өнімдердің құжаттарының дұрыс толтырылғандығын;
  • артып – жөнелтілген өнімдердің бағасының дұрыс белгіленгендігін;
  • өнім сатуға жасалған шартқа сәйкес босату бағасының, өнімді сатушыдан сатып алушыға дейін жеткізу шығындарының  төлену тәртіптері ескеріліп, дұрыс белгіленгендігін , ( оларды мынадай түрлерге бөледі: франко- орын, сатушы, франко – қойма , жөнелтуші, франко – аймақ, белгіленген аймақ, франко – вагон, белгіленген франко – аймақ және сатып алушының франко – қойма );
  • артып жөнелтілген өнімдер үшін банкке төлемді талап ету табыстарының құжатының уақытылы табыс етілгендігін;
  • сатушы қоймасының тікелей босатылған өнімдерге жасалған құжаттардың дұрыстығын;
  • дайын өнімдердің қоймадағы есебіннің дұрыс ұйымдастырылғандығын;
  • артып – жөнелтілген және сатылған өнімдердің ( жұмыс, қызмет ) аналитикалық есептерінің дұрыс жүргізілгендігін;
  • артып – жөнелтілген және сатылған өнімдердің бухгалтерлік есеп шоттарында таратылып корреспонденцияларының дұрыстығын; аналитикалық және синтетикалық есеп мәліметтерінің есеп регистрларындағы, Бас кітаптағы және баланстағы жазулармен сәйкестігін.

  Кәсіпорынның  аудитор,сондай – ақ нақты өндірістік өзіндік құнының , оның есептік бағасы бойынша құнынан ауытқуын дұрыс есептеп шығарылуын, артып – жөнелтілген өнімдерге  және қоймадағы олардың қалдықтарына таратылуын және артып – жөнелтілген өндірістік өзіндік құнын бұйымдардың түрлері немесе табыстар бойынша дұрыс анықталуын тексеруге міндетті. 

 

 

3.3 Өнімді өндіру көлемін ұлғайту резерві ретінде  еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін жоғарылату

 

«ВК МКК» АҚ еңбек ресурстарын қолдануылына технико-экономикалық талдау кәсiпорынның қазiргi кезде өнiм өндiрiсiнiң көлемiн жоғарлата отырып тұрақты қызмет ететiнiн көрсеттi, бұл кәсiпорында барлық ресурстардың, соның iшiнде еңбек ресурстарының қолданылуына әсерiн тигiзедi. Жұмысшылардың еңбек өнiмдiлiгi, еңбек ресурстарының қолданылуының эффективтiлiгi, рентабельдiлiгi жоғарлайды. Сонымен қатар жұмысшылардың еңбек уақытын қолдану деңгейi жақсарады, шығарылатын өнiмнiң еңбексыйымдылығы төмендейдi.

Бiрақ кәсіпорынның мұндай қолайлы тенденцияларына қарамастан фирмада талдау көрсеткендей өзiнiң арықарайғы өндiрiстiк қызметiн дамыту және еңбек ресурстарын қолданылуын жоғарлату бойынша резервтерi бар. Осыған байланысты еңбек ресурстарын қолданылуын жетiлдiру бойынша келесiдей iс-шаралар ұсынылады.

1. Кәсіпорынның қызметiн  және еңбек ресуртарын қолданылуының  талдауы көрсеткендей кәсiпорында  еңбектi қолдану деңгейiн жоғарлатудың  және жоғары нәтижелердiң негiзгi себебi өнiм өндiрiсiнiң өсуi болып  табылады. Осылайша өнiм өндiрiсiнiң арықарайғы өсуi және өнiм ассортиментiнiң өсуi болашақта фирманың еңбек көрсеткiштерiн жақсартуға және қала тұрғындарын жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi деген қорытында жасауға болады. Жоғарыда айталғаннан кәсiпорынның еңбек ресурстарын қолданылуын жетiлдiрудiң негiзгi бағыты өнiм өндiрiсiнiң көлемiн жоғарлату бойынша iс-шараларды өндеу және енгiзу екенiн көремiз. Және тағы басқа күштi бәсекелестерден өнiмнiң сапасы және ассортиментi бойынша, сонымен қатар бағасы бойынша қалуда. Осылайша, ең бiрiншi ұсынылған iс-шара нан, кондитер, макарон өнiмдерiнiң өндiрiсiн басқа фирмалардың ұқсас өнiмдерiмен салыстырғанда бәсеке қабiлеттiлiрек және пайдалылырақ етiп жоғаралату бағдарламасын жасау болып табылады.

Бұл шара банктен ұзақмерзiмдi несие ресурстарын алуына негiзделген. Бұл банк рөлiнде мемлекеттiң кез-келген коммерциялық банкi немесе Қазақстанның даму Банкi таңдалады.

Бұл шараны негiздеу үшiн қазiргi кезде өнiмнiң барлық түрлерi бойынша кәсiпорын шикiзат ресурстарының шектелу есебiнен өзiнiң өндiрiстiк қуаттылығын толығымен пайдаланбайтынын ескеру қажет. Кәсiпорынның шығарылатын барлық өнiмi жергiлiктi аймақтық нарықта және де Қазақстан нарығында бәсекеқабiлеттi. Сонымен қатар кәсiпорын өзiнiң өнiмiн жақын шетел елдерiне шығаруға мүмкнiдiгi бар.

Шамамен, жоспарланған жылда өндiрiс көлемiн жоғарлату жоспарлануда: қызмет бойынша 150 мың тенгеге, қосалқы қызметтер бойынша 800 мың тенгеге, басқа да қызметтер өнiмдерi бойынша 400 мың тенгеге. Бұл үшiн банктен бiр жылға 18% бойынша 50 млн.тг. мөлшерiнде несие алу жоспарланады.

Жалпы бұл жобаның орнын бiр жылда толтыру жоспарланады. Оны енгiзу нәтижесiнде кәсiпорын өзiнiң өндiрiс көлемiн ғана көбейтпейдi, сонымен қатар жұмысшылардың еңбек өнiмдiлiгiн жоғарлатады, қосымша жұмыс орындарын қалыптастырады, осылайша еңбек ресурстарының  қолданылуын жақсартады.

2. Кәсіпорын жұмысшыларының  еңбекақы қорларының қолданылуын  талдағанда, сiңiрген еңбектiң сәйкес  нәтижелерiмен қамтамасыз етiлген  еңбекақыға шығындарды үлкен  мөлшерде үнемдеуi байқалады. «ВК МКК» АҚ еңбек бойынша төлемдер жүйесiнде бiрқатар кемшiлiктер бар. Ең басты кемшiлiк еңбекақы еңбектiң соңғы нәтижелерiмен нашар немесе мүлдем байланысты емес. Еңбек нәтижелерi ұжыммен алынған, ал жалақы – жеке. Бұны жою үшiн нәтижелердi жекелеу немесе жалақы жүйесiн ұжымдастыру керек [29.Б.13].

Бiрiншi жол қолданылмайды, себебi нәтижелердi ұжымдық мiнезден бөлу мүмкiн емес. Мысалы, ұжымдық қызығушылықты көптеген жекелерге бөлуге тырысқан кәсiпорындар өзiнiң тұрақтылығын жоғалтты және қазiргi кезде осы немесе басқа бiрiгу формаларды қайта құруда. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасында еңбектi мадақтаудың коллективтiк жүйелерiмен байланысты болатыны туралы түсiнiк күшеюде.

Еңбекақы жүйесiне қатысты келесiдей кемшiлiктердi бөлуге болады: еңбекақының өсуi эффективтiлiктiң өсуiмен байланысты емес; бұл жүйе ынтымақтастыққа бағытталмаған; еңбекақы жүйесi жеткiлiктi икемдi емес.

Бұл жүйелер ұжымдық ынтымақтастыққа бағытталмағанынын астында жұмысшылардың, ең басты-басқарушылар мен бағынаштылардың бiрiкпеушiлiгi жатыр.

Қазiргi кездегi экономика үшiн пайдаға қатысу және табыстарды бөлуге негiзделген еңбекақыны төлеу жүйелерi сәйкес келедi. Бұл кәсiпорын үшiн көрсетiлген еңбекақы жүйелерiнiң екiншiсi сәйкес келедi.

Табысты бөлу жүйесi сыйақыны төлеу өнiмдiлiк, сапа, материалды үнемдеу, еңбектiң тұрақтылығы сияқты көрсеткiштерiнен тәуелдi екенiн бiлдiредi. Нәтижесiнде жұмысшы өзiнiң жұмысының нәтижесi мен табыс мөлшерiнiң тығыз байланысын сезiне алады.

Бұл жүйе өнiмдiлiктiң, сапаның өсуiнiң, шығындардың төмендеуiнiң реттелуiне әсер етедi Табыстарға қатысу жүйесiнiң артықшылақтары көз алдымызда.

Бүкiл фирманың назарын өнiмдiлiкке және сапаға шоғырландыру қажет. Бұл үшiн өндiрiстi ұйымдастыруға талаптарды анықтау керек: барлық бағдарламалар мерзiмде немесе мерзiмге дейiн орындалуы керек; барлық жұмыстар төмен шығындармен орындалуы тиiстi; барлық қызметтер мен жұмыстар тапсырушымен бiрiншi көрсетумен берiледi: сапа бiрiншi бетте орналасуы керек; ең жоғары дәрежлi технологияларды, құрал- жабдықтарды және әдiстердi қолдану керек. Кадрлық саясат қолайлы климатты, кадрлардың тұрақтылығын, олардың өсу мүмкiндiгiн қолдау қажет. Сапаның 3 негiзгi проблемасын  бөлу керек. Еңбек сапасы: өнiмдiлiктi және сапаны басқару. Еңбек өмiрiнiң сапасы: басқару мәдениетi, жұмысшылар жағынан өндiрiстiк салым. Басқару сапасы: ұйымдастыруды басқарудың алдыңғы қатарлы рөлi, еңбек өмiрiнiң сапасы арқасында нәтижелiлiктi жоғарлатуға басшы жетуi керек. 

Информация о работе Дайын өнімнің талдауы және аудиті бойынша жетілдіру шаралары және жұмыс жоспарының есебін өзгерту