Дайын өнімнің талдауы және аудиті бойынша жетілдіру шаралары және жұмыс жоспарының есебін өзгерту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 18:55, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономиканың даму барысында, кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік есебінің рөлі мен қажеттілігі артуда. Тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестіктің өсуінің, нарық коньюнктурасының жиі өзгерістерінің жағдайларында, кәсіпорынды басқаруда жедел және тактикалық басқару шешімдерін қабылдау мақсатында шынайы және аналитикалық ақпарат қажет.
Қазіргі заман өзгерістері жағдайында кәсіпорын жұмысын жетілдіру және қадағалауда, бухгалтерлік есептің толыққанды қолданылуы артуда.

Содержание

Кіріспе
7
1
Дайын өнiмДІ ШЫҒАРУ МЕН ҚОЛДАНУ есебiн ұйымдастырудың теориялық негізі
11
1.1
Дайын өнімнің экономикалық мәні мен экономикадағы алатын орны
11
1.2
Дайын өнім есебін жүргізудің негіздері
13
1.3
Дайын өнімнің есебін ұйымдастырудың шетел тәжірибесі
20
2
Дайын өнімді САТУ МЕН ШЫҒАРУ есебіНІҢ ЖҮРГІЗІЛУІН ТАЛДАУ («ВК МКК» АҚ-ның мысалында)
22
2.1
«ВК МКК» акционерлік қоғамының техникалық – экономикалық көрсеткіштерін зерттеу
22
2.2
Дайын өнімді өндіру есебінің ұйымдастырылуын талдау
25
2.3
Дайын өнімнің сатылу есебінің ұйымдастырылуы және талдау
28
2.4
«ВК МКК» акционерлік қоғамында пайдалануға арналған тауарлардың есебі
43
3
ДАЙЫН ӨНІМДІ САТУ МЕН ШЫҒАРУ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ, ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫ
50
3.1
ВК МКК» АҚ-ның өнім өндірісіне факторлық талдау және дайын өнім есебіндегі кемшіліктер
50
3.2
«ВК МКК» АҚ дайын өнімінің аудитін жүргізу
54
3.3
Өнімді өндіру көлемін ұлғайту резерві ретінде еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін жоғарылату
57
3.4
Дайын өнімнің талдауы және аудиті бойынша жетілдіру шаралары және жұмыс жоспарының есебін өзгерту
61

ҚОРЫТЫНДЫ
65

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дайын өнімді сату мен шығарудың есебі мен аудиті ДИПЛОМКА.doc

— 567.00 Кб (Скачать документ)

Мысал. Көтерме кәсіпорын бөлшек сауда кәсіпорнына 1060000 сомаға 300 тауар үлестірген. Қоймадан тауарды алыс-беріс кезінде он тауардың ақауы бар екені анықталған. Сондықтан бөлшек сауда ұйымы мерзімі шықпай тұрған жағдайда тауарды жабдықтаушының өзіне қайтаруды ұйғарған. Енді біз осы жағдаймен байланысты шоттар корреспонденциясын құрастырамыз.

 

Кесте 7 - Дайын өнім мен тауарлар есебі бойынша шаруашылық операциялар.

 

Операциялвр мазмұны

Сәйкес құжаттар

Шттар корреспонденциясы

Дебет бойынша

Кредит бойынша

1

Негізгі және көмекші цехтардан шыққан дайын өнімдерді нақты күнмен кіріске енгізу

Техникалық бақылау бөлімінің қабылдау актісі

1320

8010,8030

2

Мекеменің өз қажеттігі үшін дайын өнім, материалдар құрамына аудару

Мекеме басшысының өкімі, жүк құжаттар

1310-1315,1317

1320

3

Дайын өнімді зауыт қажетіне босату:

  • жалпы өндірістік мақсат үшін
  • жалпы шаруашылық мақсат үшін

Мекеме басшысының өкімі, жүк құжаттар

8048

7210

1320

1320

4

Сатып алушылардың есептік құжаттарын ұсынуы бойынша тиелген немесе өткізілген дайын өнімнің нақты құны

Сатылған, өткізілген дайын өнім туралы акт

7010

1320

5

Дайын өнімдердің кемдерін есептен шығару

Түгендеу акт

7210

1320


 

Сатудан жасалатын жеңілдіктердің есебі (6030 шоты). Қалыптасқан практикалық есеп айырысуда сатудан жасалатын жеңілдіктердің қатарына мына түрлері жатады:

Сату көлемінен жеңілдік – айға, тоқсанға және басқа да мезгіл кезеңіне сату көлемінің нәтижесі бойынша сатып алушыға берілетін жеңілдік;

Қолма-қол төлемі үшін жеңілдік –шотты қолма-қол ақшамен төлеуші сатып алушыларға береді;

«Сконто» жеңілдігі (баға жеңілдігі) – жабдықтаушының шотында (инвойсында) көрсетілген мерзімде немесе контракт мерзімімен салыстырғанда одан ертерек төлеген сатып алушыларға беріледі, ол мәміле құнының 3-5% құрауы мүмкін;

Делдалдық (диллерлік) жеңілдік – тауардың сатылуын ұйымдастырушы делдалдарға, агенттерге берілетін жеңілдік;

Жабық жеңілдік – тұйықталған (оңашаланған) кәсіпорындарға (экономикалық бірліктерге) тауарды сатқаны үшін сатылған өнімнің көлемінен берілетін жеңілдік;

Функционалдық жеңілдік – тауар қозғалысын арттырғаны үшін, тауарды тасымалдағаны үшін, сақтау, қорғау, есебін жүргізу т.б. қызметтері үшін сол тауарды өндірушілерге (жабдықтаушыларға) берілетін жеңілдік.

Сатып алушыларға берілетін жеңілдіктердің барлық түрі келісім-шартта көрсетілуі тиіс және ол басқа да құжаттарда көрініс табуы мүмкін (мысалы, есеп айырысу-төлем құжаттарында, протоколда, келісімдерде).

Бағадан жасалатын жеңілдіктердің есебі (6030-шот). Жеңілдіктер дегеніміз – тауар бағасының жалпы, не ұйғарымды бағаға қарағанда төмендетілуі. Жеңілдіктер көтере әдісімен сатып алғандарға мерзімінен бұрын төлем жасағандарға, тұрақты сатып алушыларға және басқа жағдайларда беріледі. Жеңілдік процент түрінде немесе белгілі бір сомада көрініс табуы мүмкін.

Іс жүзінде шегерімдердің (жеңілдіктердің) мынадай түрлері қолданылады.

Сатып алынатын тауарлардың санына байланысты баға жеңілдігі (бонустық шегеру) тауарды бір жылдық көлемінен көбірек сатып алушыларға беріледі.

Уақытпен байланысты жасалатын жеңілдіктер – негізінен маусымдық сипатта көпшілік сұранысы бар өнім сауда саласында қолданылатын баға жеңілдіктері. Тауарларды (қызметтерді) маусымнан басқа уақытта сатып алушыларға жасалынады. 

Сандық жеңілдік – тапсырыстың көлеміне және саласына (сериялығына) байланысты берілетін баға жеңілдігі.  

Арнайы жеңілдік – белгілі бір жабдықтаушымен көптен бері (тұрақты) байланысы бар және басқа ерекшелік қатынастары үшін сатып алушыларға берілетін баға жеңілдігі.

Егер тауарлардың сапасы төмен болса (нормативтік-техникалық құжаттама шегінде) немесе прейскуранттарда (прайстарда) белгіленген талаптарға бағасы сай келмесе, жоғарыдағылардан басқа біршама жеңілдіктер жасалуы мүмкін. Осы аталған себептер бойынша жеңілдіктердің келесі түрлеріне жол беріледі:

- табиғи факторлардың немесе  өндірістегі объективтік жағдайлардың  ықпалымен жасалған сапа көрсеткіштерінің  номативтен ауытқығаны үшін;

- жыл мезгілдері бойынша әртүрлі  мөлшерде тұтынатындықтан (суға, жылуға, газға, энергияға) жасалатын маусымдық шегерімдері (жеңілдіктері);

- сапасы бірінші категориялы  өнімге жасалатын жеңілдіктер;

- белгіленген мерзімде аттестацияланбаған  немесе өндірістен алынуға жататын  өнімге жасалатын жеңілдіктер.

Баға жеңілдіктерінің барлық түрлері сатып алушы кәіспорынның табысы болып табылады және оларға заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы салынады.

6030-шоттары активтік, әрі күрделі  болып табылады. Бұл шоттар бойынша  сатып алушыларға жасалған жеңілдіктердің  түрлеріне қарай талдау есебі жүргізіледі. Талдау есебі үшін тізімдеме жүргізіледі, ол жыл басынан жасалған жеңілдіктердің түрлеріне дебеттік айналымдары бойынша жинақталады. 6030 шоттары жыл аяғында жабылады.

Жасалынған баға жеңілдіктері сатып алушылардың жазған шот-фактураларында көрініс табуы керек және оның негізінде нақты экономикалық есептесудің есебі жасалынады.

Егер де жеңілдік тауарды сату кезінде берілмесе, онда қосымша шот-фактураның негізінде берілетін жеңілдікті де, салық салынатын айналымнан ҚҚС мөлшерін де есептеуге болады. 6030 шоты бойынша жасалатын корреспонденцияны біз төменде келтіреміз.

Дайын өнімнің шығару, материалдарға жүргізетін түгендеуге сәйкес келеді. Тиелген дайын өнімдер , уақытында сатыпалушыдан төленбеген дайын өнім , басқа кәсіпорындардақоймада сақтаудағы жатқан дайын дайын өнімдер үшін инвентаризация жүргізгенде бухгалтерлік есептің арнайы шоттарындағы сомаларының негізделуін тексереді. Тауарлық материалдық құндылықтар есебінің шоттарында тексеру барысында, материалды жауапты тұлға қолында болғанда (жалдағы құндылықтар) арнайы құжаттар негізінде анықталған сомалар көрсетіледі.

  1. жолдағы тауарлы-материалдық құндылықтар бойынша
  2. жабдықтаушының есеп құжаттарымен немесе басқа да құжаттар;
  3. тиелген тауарлы материалдық қорлар  бойынша сатыпалушылармен көрсетілген  құжаттардың көшірмелері ( төлем талабы, вексель)
  4. уақытында төленбеген шоттар бойынша – вексель, міндетті  банктің нақтылауы
  5. басқа кәсіпорындардың қоймасында уақытша сақтауда жатқан дайын өнімдер – қолхаттар негізінде.

Тексеру барысында  дайын өнім есептелетін шоттарды да тексеру қажет, осы шоттар басқа да корреспонденцияланған шоттармен салыстыру қажет. Мысалы, 1330 тауарлар шотын тексергенде бұл шотта төленген сома мөлшерлерінің бар болуын тексеру қажет және жолдағы дайын өнім, бірақ ақысы төленген материалдардың сомалары.

Түгендеу жүргізілгенде арнайы комисия құрылады. Комиссия құрамы бас бухгалтер , материалды жауапты тұлға және басқа да  мамандардан құралады. Түгендеу айына бір рет немесе материалды жауапты  тұлға ауысқанда, төтенше жағадайларда, табиғи апаттар болғанда, бас бухгалтер ауысқанда жүргізіледі.

Түгендеу нақты қолда бар дайын өнім көлемін сомасын, құжаттар, деректермен салыстыру мақсатында жүргізіледі және артықшылыұ пен кемшілікті анықтау үшін. Түгендеу барысында түгендеу тізімі толтырылады. Түгендеу тізімі әрбір дайын өнімнің түріне  жасалады және жолдағы дайын өнімге, уақытында төленбеген өнімдерге, басқа кәсіпорындарда уақытша сақтаудағы өнімдердің әрбір түріне жасалады.

Түгендеу тізімінде: өнім атауы, саны мен құны тиелу күні, құжаттар нөмірлері көрсетіледі. Мерзімінде тиелмеген өнімдердің тізімінде сатыпалушының аты-жөні, мекен-жайы, дайын өнім саны, құны, жалпы сомасы, тиелу мерзімі және құжаттың нөмірі жазылған күні.

Басқа кәсіпорындарда уақытша сақтаудағы дайын өнімдердің түгендеу тізіміндесақтауға тапсырылғандағы рәсімделген құжаттардың деректері жазылады. өнімнің аты, саны жалпы сомасы, сорты, түрі, сақтауға қабылдаған күні, сақтау орны, құжаттардың күні мен нөмірлері. Түгендеу барысында дайын өнімнің бар болуы тиімді қолдануы, артықшылығы мен жетіспеушіліктер анықталады.

Мемлекеттік статистикалық бақылау формаларын толтыру жөніндегі ережелер бойынша, Қазақстан Республикасының өндірістік және қызмет көрсететін  заңды тұлғалары және олардың филиалдары мемлекеттік статистикалық органдарға тауарлар мен қызметтердің өндірісі мен тиелуі жайлы есептеме беруі қажет. Есептеме ай бойы статистика  органдарына беріледі.

Тауарлар мен қызметтерінің өндірісі мен тиелуі жайлы есептеме төрт бөлімнен тұрады.

1 бөлім. Жалпы экономикалық көрсеткіштері- есептік кезең бойынша , өткен айбойынша . есептік ай бойынша келесідей мәліметтер көрстіледі:

1.1 тауар мен қызметтер өндірілген  көлемі, негізгі қызмет бойынша;

1.2  тиелген тауарлар көлемі

1.3 Дайын өнім қалдығы, қайта  сатуға арналған тауарлар көлемі

1.4 Тұтынушыға көрсетілетін қызметтің  жалпы көлемі

1.5 бөлшек сауда көлемі

1.6 Кеден бірлестігіне жататын  мемлекеттік өнімдер

1.7 қызметтер мен тауарлардың  экспорты мен импорты

2 бөлім. Өндіріс қызметінің  көрсеткіштері

2.1  қолданылған электрэнергия мөлшері

2.2 қайта өңдеуден өткен шикізат  пен материалдар құны

2.3 өндірілген тұтынушылар тауары

2.4 кәсіпорын күшімен орындалған  қызметтер

2.5 ауыл шаруашылығының өнімдері, бау-бақша өнімдері

2.6 шаруашылық әдіспен орындалған  құрылыс-монтаждық қызметтер

2.7  нарық саудасындағы өнімдер

2.8 көтерме саудадғы өнімдер

2.9 Инновациялық өнімдер

2.10 Жүк тасымалдау көлемі

2.11 жүк көліктерінің жүк айналымы

2.4 «ВК МКК» акционерлік қоғамында пайдалануға арналған тауарлардың есебі

 

Кәсіпорындарында тауарды қолдану бойынша қолдану ережесіне сәйкес кепілдік міндеттемелер пайда болуы мүмкін [23.Б.216].

Кепілділікті берілген мерзімінің ішінде немесе жарамдылық мерзімінде, ал олар жоқ болған жағдайда тауардың сапасына қарап келісім-шарт негізінде белгілеуіне болады. Сондықтан келісім-шартта айтылған немесе алдын ала белгіленген жағдайда тұтынушы (қолданушы) талап ете алады:

  • сатып алу бағасын азайтуды;
  • тауардың кемістігін тегін орнына келтіруді (гарантиялы жөндеуді);
  • кемістігін орнына келтіруге жасаған шығысын өтеуді;
  • тиісті сапасы бар тауарға айырбастауды;
  • зиянды өтегеннен кейін келісім-шартты бұзуға құқығы бар.

Кепілдік мерзімі нормативтік құжаттарында белгіленеді және ол сатылған күнінен бастап есептеліне бастайды. Егер де бұндай нормативтік құжаттары болмаса, онда ол келісім-шарттың негізінде анықталады. Егер де тұтынушы тауарды пайдаланудан бас тартса, бірақ жөнделгеннен кейін алатын болып ниет білдірсе, онда тауардың кемістігіне кепілдік мерзім беруші кәсіпорынның есебінен тауарды жөндеу жұмыстары жасалынады. Кепілдік мерзім негізгі бұйыммен қатар олардың құрастырушы бұйымдарына да қатысты болады.

Сатып алынған тауардың кемістігі табылған жағдайда 14 күннің ішінде сол тауарды сатушы кәсіпорынға хабарлауы тиіс, сатып алынған күнін есептемегенде, ал егер де оның ашық дефектісі бар болған кезде және оны эксперт (сараптаушы) қуаттаған жағдайда, оның хабарлау мерзімі алты айға дейін күшін жоймайды.

Енді біз кепілдік міндеттемесінің орындалу жағдайының әртүрлі көрінісін бухгалтерлік есепте көрсетеміз.

Кепілді жөндеу (жөндеуге кепілдеме беру немесе тауар кемістігін тегін қалпына келтіру). Кепілді жөндеу бойынша шығыс сатып алушы мен сатушының арасында және сатушы сауда ұйымымен және өндіруші кәсіпорынның арасында жасалатын келісім-шартта міндетті шығыс ретінде көрсетіледі және ол сатушы ұйымның шығысы болып табылады. Әдетте, сатушы ұйым өз бетінше сатылған (сатылатын) бұйымның кемістігіне кепілдік бола алмайды. Болашақта пайда болатын кепілдік міндеттемелерді орындау үшін, сатушы ұйым тауарды өндіруші кәсіпорынмен қосымша келісім-шартқа отырады, тек жазбаша келісім болған жағдайда ғана ол іске асады.

Информация о работе Дайын өнімнің талдауы және аудиті бойынша жетілдіру шаралары және жұмыс жоспарының есебін өзгерту