Дайын өнімді шығарудың және өткізудің талдауы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 19:36, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзекті мәселелері. Нарықтық экономиканың даму барысында, кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік есебінің рөлі мен қажеттілігі артуда. Тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестіктің өсуінің, нарық коньюнктурасының жиі өзгерістерінің жағдайларында, кәсіпорынды басқаруда оперативті және тактикалық басқару шешімдерін қабылдау мақсатында шынайы және аналитикалық ақпарат қажет.
Қазіргі заман өзгерістері жағдайында кәсіпорын жұмысын жетілдіру және қадағалауда, бухгалтерлік есептің толыққанды қолданылуы артуда.

Содержание

КІРІСПЕ
7
1
КАБЕЛЬ ӨНДІРІСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ- ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕСЕПКЕ ӘСЕР ЕТУІ


8
1.1
Кабель өндірісінің есебін ұйымдастыру ерекшеліктері

1.2
«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
11
1.3
Бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы мен есеп саясаты
18

2
ДАЙЫН ӨНІМ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ЕСЕБІ


26
2.1
Дайын өнімнің мәні және оны бағалау

2.2
Дайын өнім шығарудың және өткізудің есебі
29
2.3
Өткізілген өнім қозғалысының құжаттық рәсімделуі
36

3
ДАЙЫН ӨНІМ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ОНЫ ӨТКІЗУДІҢ ТАЛДАУЫ МЕН АУДИТІН ЖЕТІЛДІРУ


39
3.1
Дайын өнімді шығарудың және өткізудің талдауы

3.2
Дайын өнімді шығарудың және өткізудің аудиті
49
3.3
Дайын өнімнің ішкі аудит жүйесін ұйымдастыру
54
3.4
Дайын өнім есебінің талдауы және аудитін жетілдіру шаралары және ұсыныстары
57


ҚОРЫТЫНДЫ
59

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

готовая продукция.docx

— 205.04 Кб (Скачать документ)

Әдетте арнайы проектілер мен заказдарға арналған көрсетілген  қызмет пен ауыстырылатын тауар  болып табылмайтын арнайы бірегейлендіру бағалау әдісі бойынша тауарлы-материалдық қорлар бірлігінің өзіндік құн есебін сипаттайды.Берілген әдісті алдын ала қолдану үшін, алдын ала қорлардың соңғы қалдық тізімін білу қажет: қандай қорлар және қандай бағада қалғанын.

Орташа құн өлшем әдісін мысал ретінде қарастырып көрейік:

1 наурыз 2012 жылға қалдық – 50 метр 1000 теңгеден, 50000 теңге сомасына.

3 наурыз 2012 жылға сатып алулар – 20 метр 2000 теңгеден, 120000 теңге сомасына.

6 наурыз 2012 жылға сатып алулар – 40 метр 3000 теңгеден, 120000 теңге сомасына.

20 наурыз 2012 жылы шығын – 60 метр.

Орташа құн өлшем әдісі  көмегімен қорлардың соңғы қалдығы  есептеледі.

1. кабельдің орташа құнын анықтаймыз

(1000 + 2000 + 3000) / 110 = 54,5 теңге

2. өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтаймыз

60 метр* 54,5 теңге = 3270 теңге

3. Ай соңына қорлардың соңғы қалдығы

50 + 20 + 40 – 60 = 50 метр

4. Қорлардың соңғы қалдық құны

50 * 54,5 = 2725 теңге

Ұйымның қорларды бағалау  әдісін таңдауға мүмкіндігі бар және бұл әдіс кәсіпорынның есеп саясатында тіркелуі тиіс сонымен қатар әрбір  жыл сайын қолданылып отыруы тиіс. Маңызды негіздер болған жағдайда, есепті кезеңде ұсынылған есеп саясаты туралы түсініктеме хатта  өзгерістің нәтижесімен зардабының себебін анықтай отырып кәсіпорын таңдалған әдісін өзгерте алады.

Тауарлы-материалдық қорларды бағалау өндірілген дайын өнімнің  өзіндік құны арқылы табыс көлеміне әсер етеді, сонымен қатар заңды  тұлғалардан алынатын табыс салығының  көлеміне де әсер етеді. Сондықтан материалдық  қорларды бағалаудың дұрыс жүргізілуін  салық органдары қадағалап бақылап  отырады.

Дайын өнім – өткізуге арналған негізгі және көмекші цехтардың  өнімі. Дайын өнім өндіріспен аяқталуы, жабдықталуы тиіс, техникалық шарттармен стандарттарға сәйкес болуы, техникалық бақылау қызметімен қабылдануы, паспорты, сертификаты және де оның сапасы мен комплектілігін куәландыратын басқа да құжатының болуы, қоймаға өткізілуі тиіс, ал тапсырысшыға өткізу жерінде қабылдау актілерімен немесе басқа да құжаттармен толтырылуы керек.  Дайын өнімді есепке алу үшін 1320 «Дайын өнім» активті шот қолданылады [3].

Дайын өнімге бір жаққа жасалған өндірістік сипаттағы жұмыс пен қызметті, сонымен қатар өткізуге арналған меншік өндірісінің шалафабрикаттардың құнын жатқызады. Өндіріс пен өнімнің (жұмыс, қызмет) өткізу бойынша жоспардың орындалуы негізгі көрсеткіш болып табылады, бұл субъектінің қызметін сипаттайды.

Субъект өз өнімін, жұмыс және қызметін тұтынушылармен жасалған шаруашылық келісімшартты орындау тәртібімен  өндіреді. Өнімнің бір бөлігін өзінің сату сауда желісі арқылы өндіре алады. Субъектінің маңызды міндеті –мөлшері, номенклатурасы, жеткізу мерзімі, өнімнің сапасы мен басқа да шарттар бойыншакелісімшарттық міндеттемелерді орындау болып табылады. Сатып алушыларға (әрбір өндірісші-кәсіпорын сонымен қатар сатып алушы да болады) жеткізілетін өнімдерге өз уақытылы төлемі жалпы республиканың экономикасының және әрбір субъектінің тұрақты жұмыс істеуінің бірден бір шарты болып табылады.

Дайын өнімді синтетикалық есепте іс жүзіндегі өзіндік құны бойынша бағалайды: ал аналитикалық есепте – келісімшарттық құн немесе жоспарлы өзіндік құн бола алатын, нақты бағасы бойынша бағалайды. Іс жүзіндегі және жоспарлы өнімнің өзіндік құнының немесе іс жүзіндегі өзіндік құнымен келісімшарттық құн арасындағы айырмашылығын жеке есептейді.

Бухгалтерлік есепте дайын өнімді бағалаудың келесі түрлері қолданылады: 

- өндірістік өзіндік құн (жоспарлы, іс жүзіндегі), бұнда дайын өнімді өндіруге кеткен барлық  өндірістік шығындар кіреді;

- толық өзіндік құн (жоспарлы, іс жүзіндегі), бұл коммерциялық шығындармен қоса (өндірумен, жарнама және басқа да сатып алушылармен өтелінбеген байланысты шығындар) өндірістік өзіндік құннан тұрады;

- кәсіпорынның келісімшарттық құны бойынша;

- бөлшек баға бойынша –қоғамдық тамақтану кәсіпорыны мен бөлшек сауда желісі арқылы өндірілетін және кең нарыққа келіп түсетін жеке тұтынудағы тауарлар бағасы бойынша. Олар сауда қосымшасымен келісім құнынан тұрады, ол сауда ұйымдарының табысының пайда болуы мен шығындар айналымын жабу үшін жүргізіледі.

Сату бағасын құрған кезде  франкені көрсетеді, яғни әр бір жерге  дейін (кімнің шотына) өнімді тиеумен  байланысты шығындар сомасын өтеу жүргізіледі;тағайындау франко-станциясы, (кемежай) – жабдықтаушы тағайындау станциясы (кемежай) дейін өнімді тиеу бойынша шығындарды өтейді, яғни бұл шығындар өнімнің сату бағасына кіреді;  тағайындау франко-станциясы (кемежай) – жабдықтаушы өнімді жөнелту станциясыны дейінгі кеткен және вагондарға тиеу бойынша шығындарды өтейді, қалған шығындарды сатып алушы өзі өтейді (жабдықтаушы станциясынан бастап өз станциясына дейін және қоймаға дейінгі жеткізу).Жеткізу келісімшарттары жабдықтаушының франко-қоймасына құрылуы мүмкін (жабдықтаушы өткізу бойынша  шығындарын өтемейді) және сатып алушының франко-қоймасы (өнімді қоймаға дейін жеткізіп салудың барлық шығындарын жабдықтаушы өтейді).

 

 

2.2 Дайын өнім шығарудың және өткізудің есебі

 

Дайын өнімді өндірістен қоймаға  қабылдау-тапсыру найкладной бойынша  немесе өнім өндіру мәліметі бойынша  кірістіреді. Қабылдау-тапсыру накладнойы екі данада жасалады.  Дайын өнімді қоймаға өткізгеннен кейін бір данасы қоймада қалып, екіншісі цехта қалады. Қабылдау-тапсыру накладнойы кәсіпорындарда аспапты, радиотехникалық және басқа да өндірістің жаппай және сериялық сипаттағы өндіріс салаларында өндірістің тапсырыстық әдісі есебі бойынша қолданылады. Накладнойда шығарылған өнім көрсеткіштерімен қатар өнімді өткізудің оперативті есеп көрсеткіштері келтірілген.  Бұл форманы жеке тапсырысшыларға үлкен номенклатурада дайындайтын кооперативтік жабдықтаушылардың бөлшектерін есепке алу үшін қолданылады.

Барлық  өндіріс салаларында өндірістік тапсырмалардың орындалуына және шығарылған дайын өнімнің құнын есептелуіне оперативтік бақылау жүргізу үшін өнім өндіру жинақтарын қолданады. Жинақтау бойынша бір айға өнімді Кірістеуді іске асыруға болады. Бұл жағдайда оған сәйкес накладнойлар қоса тіркеледі.  Қоймада дайын өнім есебін материалдар есебене  ұқсас қойма есебі карточкаларында жүргізеді. Ай соңында карточкада шығарылған қалдықтарды қойма меңгерушісі дайын өнім қалдықтары кітабына көшіреді. Дайын өнімнің кіріс және шығыс құжаттары қабылдау тапсыру реестрі құжаттарымен бухгалтерияға келіп түседі. Қабылдау-тапсыру құжаттары реестрлерінің мәліметтері дайын өнімнің кірісі және шығысы бойынша олардың келіп түсу мөлшеріне сай есептеу тобы бойынша дайын өнім есебін синтетикалық жинақ ведомосінде толтырады. Ведомостте ай басына өнім қалдығын, кірісін және шығысын  көрсетеді және есептеу тобы бойынша ай соңына қалдық шығарылады.  Жинақтау ведомосінің мәліметтері дайын өнім қалдық кітабымен салыстырылады, бұл қойма және синтетикалық есептің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Ай соңында есеп калькуляцияларын құрғаннан кейін барлық өнімнің іс жүзіндегі өзіндік құны анықталады және  іс жүзіндегі мен жоспарлы өзіндік құн немесе іс жүзіндегі өзіндік құн мен кәсіпорынның келісім құны арасындағы айырмашылығы анықталады. Жинақ мәліметтері негізінде дайын өнім шотын 1320 «дайын өнім» дебетіне және 8110 «негізгі өндіріс»,  8210 «меншік өндірісінің шала фабрикаттары» және 8310 «Қосалқы өндіріс» кредитіне апарады. 

Дайын өнім есебі және өткізу бойынша құжат айналымының жалпы  схемасы 6 суретте көрсетілген, ал «ИНТЕЛКАБЕЛЬ»  ЖШС-ң дайын өнім есебінің құжат  айналымы схемасы А қосымшасында келтірілген.

 


 

 



 



 

 



 



 

6 сурет–Дайын өнім есебі және өткізу бойынша құжат айналымының жалпы схемасы

 

Мәміле бойынша іс жүзіндегі  және күтіліп тұрған шығындардың  бағалануы жоғары деңгейдегі нақтылықпен өндіріледі, өйткені тауар сомасы келісімшартта айтылған, ал жабдықтаушы станциясына дейінгі тасымалдау шығындары тасымалдау мекемесінің құжаттарымен белгіленген тарифтер бойынша расталады. Тауарларды өткізу барысында келесідей мәміле түрлері жасалады: тауар өткізуді тоқтату мәмілесі. Мәміленің бұл түрінде келісімшартқа сәйкес тауар сатып алушыға меншік құқығында беріледі, бірақ оның шығуы белгілі уақыт мерзіміне жабдықтаушы қоймасында сақталады. Бұндай мәміле табысы сатып алушыға тауарға меншік құқығын беру кезінде келсідей шарттарды ұстанғанда танылады: тауарды жеткізіп беру жабдықтаушымен келісімшартта белгіленген мерзімде іске асырылады; жабдықтаушыда сатып алушыға жіберуге дайын тауар бар; сатып қойылған тауардың тиеу құны төленіп қойылған. оплачено стоимость доставки проданных товаров. Егер екі жақ тараптарда сатып алуға ғана немесе өткізу үшін тауарларды өндіруге деген ниеті болса, өткізуден түскен табыс танылмайды. Кәсіпорын мәмілеге қатысатын басқа заңды тұлғалармен табысты үлкен деңгейдегі нақтылықпен бағалайды келесілерге қатысты: арыз күші бар және екі жақ тараптарының қызмет көрсету және қабылдау әрбір жақ тараптардың құқығы; күтіліп тұрған өтемдер сомасымен; төлеу шарттары мен әдістері. Басқа сөзбен айтқанда, жұмыс істеу және қызмет көрсету келісімшартта атқарылған жұмыс, қызмет көрсету тәртібі, олардың төлем тәртібі мен құны  нақты айтылуы тиіс.

Кәсіпорын өнімді бекітілген келісімшартқа сәйкес өндіреді. Олардың  негізінде өткізу бөлімшесінде кәсіпорын  бұйрықтар шығарады – қоймадан өнімді жөнелтуден (тиеу) кейін есеп айырысу төлем құжаттарын жазып беру үшін бухгалтерияға жіберетін, сатып алушыға өнімді жөнелту немесе тиеу накладнойлары. Сонымен қатар бухгалтерияға тауарлы-көліктік накладнойлар келіп түседі, онда темір жол тарифтік сомасы немесе су фрахтысы көрсетілген. Бұл құжаттардың негізінде бухгалтерияға төлем талап-тапсырмасын  жазып береді, бұл сатып алушыларға акцепттен кейін инкассоға банкке өткізіледі, немесе сатып алушының төлемі үшін. Заңды түрде сатып алушыға тиелген өнім сатып алушының төлем-талап тапсырмасын төлемге дейін жабдықтаушының меншігінде қалады. Тиелген (жөнелтілген) тауар есебін 1210 «Сатып алушыладың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоты өнім, (жұмыс, қызмет) көрсету есебі ведомосінде немесе машинограммада жүргізіледі.

Жұмыс қызмет көрсету және төлеу кезінде ұқсас шоттар корреспонденциясы  тек 1320 «Дайын өнім» шотының орнына 8110, 8310, 8410 шоттарын кредиттеу сияқты айырмашылыпен құрылды, бұл шаруашылық қызметінің қандай өндірісте, тараптарға қандай жұмыс атқарып, қызмет көрсетілгеніне байланысты.  

«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС–де дайын өнім есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес жүргізіледі. «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС–де дайын өнім болып көлік және коммуникацияға арналған кабель, сонымен қатар кабелдік-өткізгіш өнім. Сауда-саттық қызметі қоймадағы жиі тауар айналысымен байланысты. «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС –де қойма есебін кәсіпорынның материалға жауапты тұлғасы қоймашы жүргізеді.

Тауарлар өндірушілер  қоймасынан Семей қаласына келіп  түседі. Тауарды кірістеу тәртібі  келесідей болып табылады:

«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС кәсіпорынның директоры жабдықтаушыларға тапсырыс береді 

Өнім өткізу бойынша администраторлар телефон арқылы тиеу мерзімі және төлем формасы туралы келіссөздер  жүргізеді 

Келісімге қол жеткізгеннен кейін материалға жауапты тұлға  қоймадан дайын өнімді алады.

Төлем формасына байланысты өнім келесі қжаттарда бейнеленеді:

А) қолма-қолсыз есеп айырысу кезінде

Материалға-жауапты тұлға  тауарға төлем туралы сенімхат пен банктің төлем-тапсырмасын көрсетеді

Өнім шот-фактура арқылы жүргізіледі 

Қоймадан дайын өнімді жіберуге накладной толтырылады 

Б) қолма-қол есеп айырысу кезінде

Материалды-жауапты тұлға  жабдықтаушы кассасына талап етілген соманы тапсырыс бойынша төлейді және өнімді алуға төлем квитанциясы мен сенімхат көрсетеді

Дайын өнім өткізуге салықтық шот-фактура мен накладной толтырылады 

Дайын өнімді өткізу есебі  бойынша шоттар корреспонденциясы  7 кестеде көрсетілген.

 

Кесте 7 - «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС дайын өнім есебінің шоттар корреспонденциясы

 

р/с

Операциялар мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

Дебет

Кредит

1

Дайын өнім келіп түсті

1320

8110,8210, 8310

2

Өндірілген өнімнің өзіндік құнын  ечептен шығару

7010

1320

3

Сатып алушылармен қайтарылған өндірілген өнімнің өзіндік құнының бейнесі

1320

7010

4

Артық дайын өнімді кірістеу

1320

6280

5

Кәсіпорынның әкімшілік шығындарына  дайын өнімді есептен шығару

7210

1320

6

Дайын өнімді қайтарымсыз өткізу

7470

1320

7

Төтенше жағдайларда дайын өнімді есептен шығару

7470

1320

8

Қоймадағы дайын өнімнің нормадан тыс жетіспеушілігі:

- кінәлі адам табылмаған кезде

-кінәлы адамдар шотына өтелуі

 

7210

1250

 

1320

1320

9

Қоймадағы дайын өнімнің нормадан тыс жетіспеушілігі

7210

1320


 

«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС қоймасына келіп түскен тауар тауарлы-материалдық құндылықтар есебі қоймалық кітапта толтырылады және тауарлар тізіміне жазылады (егер өнім қайтадан келіп түссе). Қоймашы жұмысқа орналасқанда жеке, материалға жауапкершілік туралы келісімшартқа отырады. «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС  қоймасында кіріс накладнойы бухгалтердік есепте бейнеленеді, кірістеледі.

Дайын өнім қоймадан қолма  қол есеп айырысумен өткізіледі, немесе кассаға ақша өткізген соң тегін  жеткізіліп салынады:

1. сатып алушы клиент таңдалған тауар бойынша шығыс накладнойын, шот фактураны, сонымен қатар екі данада чек толтырады, бір ғана чекті алып талап етілген соманы төлейді төлеп қойғаннан кейін ол төленген чекті көрсетіп екінші чекпен құжаттарын алады

    1. қоймашыға екінші чекті пен қалған құжаттарын қоймашыға дайын

өнімді алу  үшін көрсетеді 

    1. қоймашы өнімді құжаттар бойынша өткізеді, бұнымен қоса өзінде

екінші чек  данасын қалдырады.

Жұмыс күнінің соңында  қоймашы компьютер мен қоймашының чегін салыстырады және қалған өнімді тексереді. Қалдық туралы мәлімет директорға күнделікті өткізіліп отырылаы, бұл  бойынша басшы өнім сатып алу  туралы шешім қабылдайды. Сонымен қатар «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС-де өнім жол жүріс саудасы арқылы іске асырылады. Көлікпен қамтамасыз етілген сауда агенттері қарауындағы аумақтарды айналып өтеді және өнімді көтерме және бөлшек саудамен қолма қол есеп айырысумен кішігірім дүкендер сатып алушыларына өткізеді.

Информация о работе Дайын өнімді шығарудың және өткізудің талдауы