Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 19:36, курсовая работа
Тақырыптың өзекті мәселелері. Нарықтық экономиканың даму барысында, кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік есебінің рөлі мен қажеттілігі артуда. Тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестіктің өсуінің, нарық коньюнктурасының жиі өзгерістерінің жағдайларында, кәсіпорынды басқаруда оперативті және тактикалық басқару шешімдерін қабылдау мақсатында шынайы және аналитикалық ақпарат қажет.
Қазіргі заман өзгерістері жағдайында кәсіпорын жұмысын жетілдіру және қадағалауда, бухгалтерлік есептің толыққанды қолданылуы артуда.
КІРІСПЕ
7
1
КАБЕЛЬ ӨНДІРІСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ- ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕСЕПКЕ ӘСЕР ЕТУІ
8
1.1
Кабель өндірісінің есебін ұйымдастыру ерекшеліктері
1.2
«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
11
1.3
Бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы мен есеп саясаты
18
2
ДАЙЫН ӨНІМ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ЕСЕБІ
26
2.1
Дайын өнімнің мәні және оны бағалау
2.2
Дайын өнім шығарудың және өткізудің есебі
29
2.3
Өткізілген өнім қозғалысының құжаттық рәсімделуі
36
3
ДАЙЫН ӨНІМ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ОНЫ ӨТКІЗУДІҢ ТАЛДАУЫ МЕН АУДИТІН ЖЕТІЛДІРУ
39
3.1
Дайын өнімді шығарудың және өткізудің талдауы
3.2
Дайын өнімді шығарудың және өткізудің аудиті
49
3.3
Дайын өнімнің ішкі аудит жүйесін ұйымдастыру
54
3.4
Дайын өнім есебінің талдауы және аудитін жетілдіру шаралары және ұсыныстары
57
ҚОРЫТЫНДЫ
59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
15 кесте - «ИНТЕЛЬКАБЕЛЬ» ЖШС дайын өнімнің шығарылуы мен өткізілуінің аудит бағдарламасы
№ |
Тексеру кезеңері |
Аудиторлық тексеру объектісі |
Процедуралар |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Дайын өнімнің бекітілген есебінің есеп саясатын талдау |
Есеп саясаты |
Есеп саясатының бухгалтерлік есеп бойынша тиісті жағдайын зерттеу |
2 |
Келісімшарттардың дұрыс толтырылуы мен бар болуын іріктеп тексеру |
Келісімшарттар |
Формальды белгілер бойынша келісімшарттарды тексеру |
3 |
Қоймадағы дайын өнім қозғалысының құжаттарының толтырылуын іріктеп тексеру |
Дайын өнімнің қойма есебінің карточкасы, шот-фактуралар |
Тауарлы балансты талдау, іріктеп түгендеу |
4 |
Дайын өнімнің сатылуы мен шығару есебін дұрыс ұйымдастырылуын тексеру, сатылған өнімнің өзіндік құнын есептен шығару |
Есеп саясаты, №5,7,10,11,12,14,15,16 ведомостері Журнал-ордерлер №6,8,9,10,11,15. Бас кітап |
Есеп жазуларн тексеру, құжаттарды арифметикалық бақылау |
15-кестенің жалғасы | |||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Сатылған өнімдер мен төлеу шығындарының өзіндік құнын уақытылы және толықтылығын есептен шығарылуын тексеру |
Тиелген өнімнің іс жүзіндегі өзіндік құнын есептеу журнал-ордер № 10, 11 |
Есептеу жазу құжаттарын қайтадан есепке алу, бақылау |
6 |
Көрсетілген тиеу құжаттарын, прейскуранттағы бағаларды іріктеп тексеру |
Шот-фактуралар, накладнойлар, сату кітапшалары |
Формальды белгілер бойынша құжаттарды тексеру |
Көрсетілген тиеу құжаттарындағы бағада, прейскуранттағы бағада сәйкес келуін іріктеп тексеру |
Шот-фактуралар, накладнойлар, баға прейскуранты |
Құжаттардың нақты қолда бар болуы бойынша тексеру, құжаттарды бақылау | |
Дайын өнімді тиеу есебінің регистрлердегі мәліметтерін тексеру |
№ 16 ведомость, №11,12,15 журнал-ордерлер |
Есеп жазуларды тексеру, қайтадан есептеу | |
Дебиторлық берешек сомасының толықтығын тексеру |
Келісімшарттар, салыстыру актілер, есептеулер, №1,2,11 журнал-ордерлер, №16 ведомосі |
Растау, бақылау, іріктеп түгендеу | |
0 |
Есептің дұрыстығын және салық салу есебін, сатып алушылармен тауар айырбастауды қолдануды және басқа да есептеу формаларын тексеру |
Журнал – ордер №8,10,11 табыстар мен шығындар туралы есеп, салық бойынша есептеулер |
Қайтадан есептеу, есеп ережесін сақталуын тексеру |
1 |
Сатудан түскен түсімнің №2 форма көрсеткішінің дұрыс құрылуын тексеру |
Бас кітап |
Есеп жазбаларын тексеру, қайтадан есептеу |
2 |
Дайын өнім сатудан және оған әсер ететін факторлардың қаржылық нәтижесінің динамикасын талдау |
Регистрлер, бухгалтерлік және статистикалық есептіліктер |
Экономикалық талдау әдістері, аналитикалық процедуралар |
Өндірістік фирмаларда «дайын өнім қалдықтары (finishedgoodsinventory)» деген бап бар.
Дайын өнім есебі кезінде үш негізгі бухгалтерлік мәселелер туындайды:
1. қорлар есебінің мәселелері (recording)
2. қорларды бағалау мәселесі (valuation)
3. есептіліктегі мәселе (reporting)
Қорлар есебінің екі әдісі бар. Бұл қорлардың тұрақты есеп жүйесі (perpetual inventory system). Мұнда барлық кірістер қорлар шотына жазылады, ал олардың потенциалды шығыны ағымдағы кезеңде нарықтық бағаға дейінгі құны есептен шығарылуы көрсетілуі тиіс. АҚШта нарықтық баға ретiнде немесе нарықтық құн запастардың орнын басуының құнын осы жағдайда ескереді. Қорлар құны мен нарықтық баға арасындағы айырмашылық тура және жанама әдісімен есептен алынады.
Бұндай жүйе көп елдерде қолданылады, көбінесе АҚШ, Канада, Бельгия, Францияда. Бірақ мемлекеттерде бухгалтерлік есептің ұлттық жүйеде өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, Бельгия салық органдарына ашық мемлекет сияқты табыстар мен шығындар есебіне «Дайын өнім және оның қозғалысы» деген жеке есебін тіркеуді жөн көреді.
Шет елдерде дайын өнімнің ішкі аудиті үшін түгендеудің екі түрін қолданады:
1. толық түгендеу (қабырғадан қабырғаға дейін)
2. іріктеп түгендеу (циклдық түгендеу)
Бірінші жағдайда өндірістің тоқталуымен компания қорларының толық есептеу жүргізіледі. Егер есеп қанағаттанарлықтай болса, өнімнің жеке түрі бойынша іріктеп түгендеу жүргізіледі. Кей жағдайларда түгендеудің екі түрін де қолданады. Бірақ кәсіпорындар жылына бір рет түгендеу жүргізіп отыруы қажет. Әдетте бақылау процедуралары қойма басшылық қызметінің нәтижесін бағалауының алдын ала тергеу және келесі бағалауды қосады. SAS №43 (аu, 901, 26-27 бөлімі) келесі процедураларды ескереді:
- қойма әкімшілігінің қаржылық жағдайы мен кәсіптік беделін қарастыру.
- өндірістік ғимараттар мен коммуникацияларды байқау.
- қоймашымен қолданылатын ішкі аудит (бақылау) процедуралары және әдістемелері туралы запастар.
- қоймашының қаржылық есебін тексеріп шығу және сол бойынша тәуелсіз аудиторлардың есебі.
- тексерулер негізінде жаңа ақпараттармен байланысты түзетулер жүргізу және талдау.
- табиғи өнімнің есебі, егер тауар өзара бірыңғай, өзгеретін бірліктерден тұрған жағдайда бұл іске асады
-қоймашыдан алынған меңгерушінің құжаттамаларының берілгендерімен есепте көрсетілген сандардың қиылысуы.
Дайын өнiмнiң үздiксiз есепке алуының мерзiмдi аналитикалық регистрлерi табиғида қалдықтардың есептеулерiн нәтижемен сәйкес табиғи қалдықтарын өндiрiп алады, бағалайды, жиынтық құнын шығарып, сальдо шотын өткізілетін өнімнің өзіндік құнына жатқызады. Маңызды және қайта пайда болған айырмашылықтарды талдайды, себебін анықтайды және оларды жою шараларын өткізеді.
Қорлармен байланысты екінші үлкен мәселе - бұл қорлар құнын бағалау мәселесі, өйткені жыл ішінде бір туар бағасы өзгеріп отырады.
Компаниямен орнатылған есеп тәжірибесі физикалық бірліктер ағыны сияқты емес (goodsflow), қорлардың келіп түсуі мен сатылуы құндық ағыны (costflow) болып түсіндіріледі деген болжамға негізделеді.
Қалдық қорларды бағалаудың әдісі бірнеше бар және соған сәйкес өткізілген өнімнің өзіндік құнына көлемді есептен шығару:
1 арнайы бірегейлендіру әдісі (specificidentificationmethod)
2 орташа құн әдісі (averagecostmethod)
3 ФИФО әдісі (FIFO first- in- first- out )
Қорлардың соңғы көлемінің құны анықталғананнан кейін олар баланста көрсетілуі тиіс. Бұның мәні бақылау принципі күшіне қорлар ең төменгі мүмкін болатын құн бойынша бағаланады және бейнеленеді: нарықтық құн немесе өзіндік құн (lowofcostofmarcet).
Өйткені әр түрлі жағдайлар себебінен нарықтық баға олардың өзіндік құнынан төмен бола алмайды, өткізілген өнімнің өзіндік құнынының дебет шотына сату пайда болады. Ай соңына қорлардың сальдо шоты соңғы қорлар көлеміне тең. Кей жағдайларда қорлардың санының есебін жеке жүргізеді, ол қазіргі уақытта қанша қорлар түрі қолда бар екендігін анықтау үшін қажет. Бұл нұсқаны қорлардың тұрақты есебінің модификациялық жүйесі деп атайды.
Қорлар есебінің екінші әдісінде қорлар есебінің кезеңдік жүйесін қолданады. Қорлар шоты кезең ағымында өзгеріссіз қалады, ал барлық кірістер «Кірістер» деген шотта көрсетіледі. Қалдық қорлар көлемі түгендеу - «физикалық шот» жолымен анықталады. Өткізілетін өнімнің өзіндік құны кезең соңында келесідей есептеледі [7]:
Осылайша, «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС-де дайын өнім есебі дұрыс жүргізіледі, барлық алғашқы құжаттар толтырылады. Жүргізілген аудит ешқандай бұзушылықтар айқындаған жоқ.
3.3 Дайын өнімнің ішкі аудит жүйесін ұйымдастыру
Аудиторлық бақылау есеп-төлем құжаттарын, салық декларацияларын және тағы басқа қаржылық міндеттемелер мен экономикалық субъектілердің талаптарын, сонымен қатар басқа да аудиторлық қызмет көрсететін аудиторлардың (аудиторлық фирмалардың) бухгалтерлік (қаржылық) есепті ведостволықтан тыс тәуелсіз тексерісті жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметін білдіреді. Ол экономикалық субъектінің қызметін қаржылық бақылауымен қатар мемлекеттік органдарының арнайы уәкілетімен жүзеге асырылады.
Аудиторлық қызметтің негізгі мақсаты экономикалық субъектінің бухгалтерлік (қаржылық) есептілігін ақиқаттылығын және онымен жасалатын шаруашылық операциялар мен нормативтік актілердің сәйкестігін анықтау болып табылады. Тексерудің кім жүргізгеніне байланысты аудитті ішкі және сыртқы деп бөледі.
Ішкі аудит ішкіфирмалық аудиторлық қызметпен жүзеге асырылады және табыс пен рентабельділікті максималдау мақсатында кәсіпорынның ресурстарды тиімді және үнемді пайдалану бойынша басқарушылық шешімдерді тиімділігін жоғарылатуға бағытталған. Ішкі аудиттің ерекшелігі ол – біріншіден, ұйымның ішінде аудитор мамандарымен жүргізіледі; екіншіден – басқарушылық шешім қабылдау үшін, қызметкерлер туралы мәліметтер алу үшін басшылықтың қалауы бойынша ұйымдастырылады; үшіншіден - аудит жүргізуді қаржыландыру бойынша шығындарды ұйымның өзі жабады.
Демек, аудит жүргізу барысында мемлекет бухгалтерлік (қаржылық) есеп пен есептіліктің дұрыс және жоғары сапасын қамтамасыз етуге, бюджет қаражатын шығындамай дұрыс есептеулер мен салықтар және де басқа да төлемдер алуға мүмкіндік алады. Бірақ бұл мемлекеттік ұйымдардың арнайы уәкілдігімен жүргізілетін аудиттің мемлекеттік бюджеттік-қаржылық бақылауды ауыстыратынын білдірмейді [8].
Сыртқы аудитті жеке аудиторлар мен арнайы аудиторлық фирмалар жүргізеді. Ақылы түрде жүргізілетін сыртқы аудиттің негізгі міндеті болып тексерілетін кәсіпорынның қаржылық шаруашылық бойынша қорытынды шығару және айқындылығын орнату ғана емес, сонымен қатар бар жетіспеушіліктерді жою бойынша ұсыныстар мен соңғы қаржылық нәтижелерді жоғарылату және жақсарту бойынша ұсыныстар жасау болып табылады [8].
Ішкі және сыртқы аудит
бірін бірі толықтырады және сонымен
бірге бір бірінен
16 кесте – Ішкі және сыртқы аудиттің сипаттамасының ерекшеліктері
Факторлар |
Ішкі аудит |
Сыртқы аудит |
1 |
2 |
3 |
Есептің қойылуы |
Кәсіпорынның бөлімшесі сиқты басқарудың сұранысына сүйене келе және жалпы кәсіпорынмен басшылықпен анықталады |
Тәуелсіз жақтар арасында келісімшартпен анықталады: кәсіпорынмен және аудиторлық фирмамен (аудитормен) |
Объекті |
Басқарудың жеке функционалдық тапсырмаларын шешу, кәсіпорынның ақпараттық жүйесін тексеру мен өңдеу |
Кәсіпорынның есебінің жүйесі мен есептілігі негізінен |
16 -кестенің жалғасы |
||
1 |
2 |
3 |
Мақсат |
Кәсіпорын басшылығымен анықталады |
Аудит бойынша заңдылықпен |
Құралдар |
Өз бетінше таңдалады (немесе ішкі аудит стандарттарымен анықталады) |
Жалпықабылданған аудиторлық стандарттармен анықталады |
Қызмет түрі |
Орындаушылық қызмет |
Кәсіпкерлік қызмет |
Жұмысты ұйымдастыру |
Басшылықтың нақты тапсырмаларын орындау |
Жоғарыда айтылған нормаларға және аудиторлық тексерістерге сүйене келе аудитормен дербес анықталады |
Өзара байланыстар |
Кәсіпорынның басшылығына |
Тең құқылы серіктестік, тәуелсіздік |
Субъектілер |
Қызметкерлер, кәсіпорынның басшылығының қол астындағылар мен кәсіпорынның штатында болатындар |
Сәйкес аттестаты және осы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиясы бар тәуелсіз сарапшылар |
Біліктілік |
Кәсіпорынның басшылығының шешімі бойынша анықталады |
Мемлекетпен реттеледі |
Төлем |
Штаттық кесте бойынша еңбекақы есептеу |
Келісімшарт бойынша көрсетілген қызметке төлеу |
Есептілік |
Басшылық алдында |
Аудиторлық қорытындының қорытынды бөлігі болуы шығуы мүмкін, аналитикалық бөлігі клиентке беріледі |
Ішкі аудит басқарушылық бақылаудың бірден бір ажырамас және маңызды элементі болып табылады. Ірі кәсіпорындарда басқарудың жоғарыдағы буыны күнделікті ұйым қызметін бақылаумен және төменгі басқару құрылымымен айналыспайтындығымен байланысты ішкі аудитке сұраныс пайда болады. Ішкі аудит осы қызмет түрі жайында мәлімет береді және менеджерлердің есебінің дұрыстылығын, айқындылығын растайды.
Ішкі аудитке сұраныстың шарттары:
Ішкі аудит ең алдымен ресурстарды жоғалтуды тоқтатуға және кәсіпорын ішінде керекті өзгерістерді жүзеге асыру үшін қажет.
Ішкі аудиторлардың міндетін анықтауды бас бухгалтер мен қаржы директорына бағынатын бухгалтерия бойынша ревизиялық топтар орындайды, бірақ ішкі аудиторлардың міндеттерін кеңірек және оларға кіретіндер: активтердің жағдайын бақылау жіне шығынды болдырмау;
Осылайша, ішкі аудит шеңберінде активтерді сақтауға егжей-тегжейін бақылау ғана емес сонымен қатар саясаты мен менеджменттің сапасына бақылау жүзеге асырылады.
3.4
Дайын өнім есебінің талдауы
және аудитін жетілдіру
«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС-нің бухгалтерлік есебі мен есептілігінің дұрыс жүргізілуі мен ұйымдастырылуы негізінде өткізілген жұмыс нәтижелері бойынша келесі қорытындылар жасап шығаруға болады.
Жалпы талдау
керекті деңгейде қойылған және елеулі
кемліліктері жоқ. Жұмыс жоспарындағы
көптеген шоттардың жоқтығынан олар
бойынша операциялар
«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС-нің бухгалтерлік есебі орнатылған заң тәртібі мен Халықаралық Қаржылық Есеп Стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Есеп автоматтандырылған формада «1С Предприятие 8.2» компьютерлік бағдарламасын қолданумен жүргізіледі. Сонымен қатар барлық алғашқы құжаттар қолданылады. Автоматтандырылған жүйе еңбек сыйымдылығын төмендетуге және құжат айналымының азаюын қамтамасыз етеді.
Информация о работе Дайын өнімді шығарудың және өткізудің талдауы