Дайын өнімді шығарудың және өткізудің талдауы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 19:36, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзекті мәселелері. Нарықтық экономиканың даму барысында, кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік есебінің рөлі мен қажеттілігі артуда. Тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестіктің өсуінің, нарық коньюнктурасының жиі өзгерістерінің жағдайларында, кәсіпорынды басқаруда оперативті және тактикалық басқару шешімдерін қабылдау мақсатында шынайы және аналитикалық ақпарат қажет.
Қазіргі заман өзгерістері жағдайында кәсіпорын жұмысын жетілдіру және қадағалауда, бухгалтерлік есептің толыққанды қолданылуы артуда.

Содержание

КІРІСПЕ
7
1
КАБЕЛЬ ӨНДІРІСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ- ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕСЕПКЕ ӘСЕР ЕТУІ


8
1.1
Кабель өндірісінің есебін ұйымдастыру ерекшеліктері

1.2
«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
11
1.3
Бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы мен есеп саясаты
18

2
ДАЙЫН ӨНІМ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ЕСЕБІ


26
2.1
Дайын өнімнің мәні және оны бағалау

2.2
Дайын өнім шығарудың және өткізудің есебі
29
2.3
Өткізілген өнім қозғалысының құжаттық рәсімделуі
36

3
ДАЙЫН ӨНІМ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ОНЫ ӨТКІЗУДІҢ ТАЛДАУЫ МЕН АУДИТІН ЖЕТІЛДІРУ


39
3.1
Дайын өнімді шығарудың және өткізудің талдауы

3.2
Дайын өнімді шығарудың және өткізудің аудиті
49
3.3
Дайын өнімнің ішкі аудит жүйесін ұйымдастыру
54
3.4
Дайын өнім есебінің талдауы және аудитін жетілдіру шаралары және ұсыныстары
57


ҚОРЫТЫНДЫ
59

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

готовая продукция.docx

— 205.04 Кб (Скачать документ)

Демек, кабельдің технологиялық тізбегі оның өлшемімен типінен (түр) тәуелді. Дайын өнімге айналу үшін ол жоғарыда көрсетілген суреттердегідей кезеңдер қатарынан өтеді.

 

 

1.2 «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау

 

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын дұрыс әрі объективті бағалау  үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайына  комплексті бағалау жүргізу қажет  және оның даму тенденциясын анықтау керек. Бұндай зерттеу қаржылық талдау әдіс, тәсіл көмегімен жүргізіледі. Бұл жағдайда ол басқарушылық шешімдер жасалынуымен кәсіпорынның өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің байланыстыратын түйіні болып табылады

Салымшылардың (акционерлер), жұмысшылардың, банк және кредиторлардың алдындағы   өндірістік-шаруашылық қызмет нәтижесіне толық экономикалық жауапкершілік артатын, нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайының талдау маңыздылығы мен ролі зор.

Қаржылық жағдай – кәсіпорынның экономикалық қызметінің  ең маңызды сипаттамасы. Ол кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін анықтайды, іскерлік серіктестіктегі потенциалын, кәсіпорынның экономикалық қызығушылықтарын, қаржылық және басқа да қатынастарын әріптестерімен қандай дәрежеде кепіл бола алатынын бағалайды.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы  – бұл кәсіпорынның қаржылық қатынастар жүйесінің барлық элементтерінің өзара  әрекеттесуінің нәтижесі.

Қаржылық тұрақтылық жағдайы кәсіпорынның бүкіл өндірістік-шаруашылық қызмет процесінде қалыптасады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстарымен ағымдағы мерзімде қаншалықты дұрыс басқаруын уақытты анықтайтын сұраққа жауап береді. Алайда кәсіпорынның әріптестері мен акционерлерін есепті кезеңдегі қаржылық жағдай көрсеткіштердің процесі емес нәтижесі қызықтырады, бұны ақпараттар базасында ресми есептілікте анықтауға болады.

Кәсіпорынның толық және уақытылы салық төлеу қабілеттілігі  жағынан, кәсіпорынның қаржылық жағдайы салық органдарына маңызды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер үшін ең басты мәселесі, өйткені банктерді оның несие өтей алу қабілеттілігі қызықтырады, бұндай жағдайда банк оған қандай мерзімге пайыз және қанша пайыз мөлшерінде несие беруге болатынын тағайындайды.

Кәсіпорынның құрылуының нарықтық экономика жағдайындағы экономикалық мақсаттылығы пайда табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолютті  және салыстырмалы көрсеткіштермен  сипатталады.  Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші дегеніміз – бұл табыс немесе пайда сомасы. 26 желтоқсан 1995 жылы № 2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысында Заң күші бар 13 бабында: «табыстар дегеніміз – есепті кезеңдегі активтің өсуі немесе міндеттемелердің азаюы» делінген. Белгілі мөлшердегі шығын шығармай пайда табу мүмкін емес, кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік  мәселелерді шешу мүмкін емес. 

Табыстылық көрсеткішінің  жүйесі ең алдымен абсолютті қаржылық көрсеткіштер нәтижесінен тұрады, оған: өнім (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен  түскен табыс; негізгі емес қызметтен  түскен табыс; салық салғанға дейінгі табыс; салық салғаннан кейін түскен табыс; төтенше жағдайлардан түскен табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.

Нарықтық қатынастар жағдайында табыстың ролі жоғарылады. Тек қана табыс үш тамырлы өзара әрекеттесетін  мәселелерді анықтайды: не өндіру керек, қалай өндіру керек және кім үшін өндіру керек. Кез келген кәсіпорынның қалыптасуының басты мақсаты пайда табу, өйткені бұл нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның әлеуметтік дамуы мен өндірістілігінің қайнар көзі болып табылады. Табыстың өсуі өзін өзі қаржыландыру үшін қаржылық база құрауға ықпал етеді, ол нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің маңызды шарты болып табылады.Бұл қағида өнiмнiң өндiрiсi және кәсiпорынның өндiрiстiк-техникалық базасының кеңейтуi бойынша шығынды толық орны толатындықта негiзделедi.Ол дегеніміз, әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы және капиталды шығындарын меншік көздер шотынан жабатындығын білдіреді. Уақытша қаражатқа қажеттілік туындаған жағдайда, қысқа мерзімді банк суддаларынан немесе коммерциялық несиемен қамтамасыз етілуі мүмкін, егер ағымдағы шығындар мен ұзақ мерзімді банктік несиелер капитал салымына қолданылса.

Ескере кететін жайт, табыстың абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігіне емес, экономикалық тиімділік көрсеткіштеріне  жатады. Сондықтан түскен табысты нақты бағалау үшін табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері пайдаланылады, оған кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен табыстылық дәрежесін сипаттайтын әртүрлі рентабельділік көрсеткіштері жатады.

Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштерінің өсуі кәсіпорынның шаруашылық субъектісін ғана емес, сонымен қатар  мемлекетті де   қызықтырады. Сондықтан  әрбір кәсіпорында табыстылықтың  абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштеріне  жүйелі түрде талдау жүргізіліп отыруы қажет.

Кәсіпорынның экономикалық қатынастармен байланысты барлық кәсіпорындар осы кәсіпорынның серіктес ретінде қаншалықты сенімді екенін және экономикалық тиімді шешім қабылдай алатынын және тағы басқа сұрақтарына жауап бере алатындай, қаржылық жағдайы болу керек.

Техника-экономикалық көрсеткіштері  – фирманың әртүрлі бағыттардағы мәліметтері. Ол мәліметтерге сүйене отырып, кәсіпорынның дамуын немесе керісінше, фирманың құлдырауын, еңбек өнімділігімен қор сыйымдылығына, сонымен қатар кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштерінен туындайтын көптеген басқа да көрсеткіштеріне қорытынды жасауға болады.

1 кестеде «ИНТЕЛКАБЕЛЬ»  ЖШС қызметінің 2011-2012 жылдарға техника-экономикалық көрсеткіштері келтірілген.

1 кесте мәліметтерінен 2012 жылы өткізуден түскен пайданың 15202,2 мың теңгеге өкенін көреміз, шығарылған және өткізілген өнім көлемінің өсу себебінен яғни 17,8 % құрайды. Өткізілген өнімнен түскен табыстың динамикасы 4 суретте көрсетілген.

 


Сурет 4 –«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС 2011-2012 жылдардағы өткізуден түскен табысы

 

Кесте 1 –«ИНТЕЛКАБЕЛЬ»ЖШС қызметінің 2011-2012 жылдардағы негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер атауы

Жылдар 

         Ауытқу

2011 жыл

2012 жыл

сомасы‚ т.т.

пайыз

1. Өнім өткізуден түскен табыс‚(т.т.)

2. Жұмысшылардың орташа тізім саны, адам.

3. Еңбек өндірістілігі‚ теңге

4.Қорқайтарымдылығы (теңге)

5. Өткізілген өнімнің өзіндік құны (т.т)

6. Жалпытабыс (т.т.)

7. Таза табыс (шығын)(т.т)

8. Рентабельділік(%)

86097,3

186

 

462,8

13,4

83487,3

 

2610,5

1827,4

0,02

101300

150

 

676

19,1

98389,5

 

2910,5

2037,5

0,02

15202,2

55

 

213,2

5,1

14902,2

 

300

210,1

17,7

29,6

 

46,1

42,5

17,8

 

11,5

111,5


 

«ИНТЕЛКАБЕЛЬ»ЖШС-нің жұмысшылардың орташа тізімдік саны  55 адамға немесе 29,6%-ға өскен.

2012 жылы еңбек өнімділігі 213,2 теңгені немесе 46,1% құрайды, бұл жұмыстың жақсы өсу жылдамдығын көрсетіп тұр. Қорқайтарымлылық көрсеткіші негізгі қорларға әр бір салынған 1 теңгеге қанша өнім алынғанын көрсетеді, 2012 жылы 5,1 теңге немесе 42,5% көбейген.

Өнімнің өзіндік құны өндірістік кәсіпорын, серіктестік қызметінің ең маңызды экономикалық көрсеткіштерінің бірі, ол өнімді өткізумен өндіруге байланысты кәсіпорынның ақшалай түріндегі  барлық шығындарын сипаттайды. «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС дайын өнімнінің өзіндік құны бір жылда 14902,2 мың теңгеге немесе 17,8 пайызға өскен. 5 суретте өнімнің өзіндік құнының өзгеруі схема түрінде көрсетілген.

 


Сурет 5 –«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС 2011-2012 жылдардағы өткізілген өнімнің өзіндік құны

 

Жалпы табыс –  өнімді (жұмыс, қызмет) өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыспен негізгі қызметтің нәтижесіндегі өндірістік өнімнің (жұмыс, қызмет) өткізудің өзіндік құнынының арасындағы айырмашылықты  анықтайды.«ИНТЕЛКАБЕЛЬ»ЖШС кәсіпорынның жалпы табысы 2011 жылы өнімнің өткізуден және өндіруден түскен өсу көлемі есебінен 300 мың теңге немесе 11,5% өсті.

Таза табысы 2012 жылы 210,1 мың теңге немесе 11,5% өзгерді.

Демек, кәсіпорынның рентабельділігі – бұл салыстырмалы көрстекіші. 2012 жылы кәсіпорынның рентабельділігі өзгеріссіз қалды.

Кәсіпорынның  қаржылық жағдайы, оның тұрақтылығы  көбінесе капитал көзі құрылымына (меншік және қарыз капиталының қатынасы) және кәсіпорынның активтер құрылымының  оптималдылығына байланысты.

Кәсіпорынның  табыс көзі құрылымы талданды. Осы  мақсатта келесі көрсеткіштер есептелді:

1) Коэффициент       =          меншікті капитал                              (1)

              тәуелсіздік               авансталған капитал          

 

Бұл кәсіпорынның несиеге қаншалықыты тәуелді  екенін көрсетеді. Яғни,  0,5-0,6 мағынада. Берілген жағдайда Ктәуелсіздік = 0,56. Бұл «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС-ң 50 %-ға сыртқы несиеге тәуелді екенін айтады.

 

2) Коэффициент       =          қарыз капиталы                                    (2)

               тәуелділік          авансталған капитал

 

Бұл авансталған  капиталдың жалпы сомасындағы қарызды  көрсетеді. Ктәуелділік = 0,44.  Бұл «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС-де авансталған капитал сомасында 44 % қарыз құрайтындығын көрсетіп тұр.

 

3)      Коэффициент       =          меншікті капитал                        (3)

              қаржыландыру                қарыз капиталы

 

    Кқаржыландыру = 1,3.  К > 1, «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС  мүлкінің көп бөлігі меншікті капитал шотынан құралғанын көрсетеді.

Талдау процесінде меншікті және қарыз капиталының  құрылымы мен динамикасын неғұрлым ашып зерттеу керек, ондағы өзгерістер себебін анықтау қажет. 3-кестеде «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС-ң меншікті капитал құрылымының динамикасы келтірілген.

3-кесте – «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС-ң  меншікті капитал құрылымының динамикасы

 

№ п/п

 

      Көрсеткіштер атауы

 

2011 жыл

2012 жыл

 

Сомасы, (т.т.)

Үлес салм., %

Сумма, (т.т)

Үлес салм., %

1

2

3

4

5

6

1

Жарғылық капитал

(ш.5013)

530,0

15,6

530,0

8,4

2

Қосымша төленетін  капитал (ш.5321)

17,7

0,5

17,7

0,3

3

Қосымша төленбеген капитал (ш.5322)

242,5

7,1

242,5

3,8

4

Жалпы табыс

(ш.5410)

2610,5

76,8

5521

87,5

 

Барлығы

3400,7

100

6311,2

100


 

3-кесте меншікті капитал құрылымы мен мөлшерінде өзгерісті көрсетіп тұр: Жалпы табыстың  2910,5 мың теңгеге, құрылымда 10,7%-ға. 2012 жылы меншікті капитал сомасы 2910,5 мың теңгеге немесе 10,7%-ға өскенін байқауға болады.

Өндіріс кәсіпорындарында өндірілген өнім көлемін жоғарылатудың  маңызды факторларының бірі оларды жеткілікті көлеммен ассортиментте  негізгі қорлармен қамтамасыз ету  және оларды тиімді пайдалану болып  табылады.

Талдаудың негізгі  мәселесі ол кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің негізгі қорлармен  қамтамасыз етілгенін анықтау және оларды жалпы және жеке көрсеткіштері бойынша пайдалануын анықтау; олардың деңгейінің өзгерісінің себептерін анықтау; негізгі қорлардың өндірілген өнім көлеміне және басқа көрсеткіштеріне әсер етуін есептеу; кәсіпорынның өндірістік қуаты мен құрылғыларын пайдалануын зерттеу; негізгі қорлардың тиімді пайдалануын жоғарылатуды резервтерді анықтау.

4 кестеде «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС –ң негізгі құралдар құрылымын талдауы келтірілген.

 

4 кесте – «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС –ң негізгі құралдар құрылымын талдау

 

Негізгі құралдар атауы

2011 жыл

2012 жыл

Ауытқуы (+,-)

Сомасы     (т.т.)

Үлес салм, %

Сомасы     (т.т.)

Үлес салм, %

Сомасы (т.т)

Жер

484,2

7,5

484,2

9,1

 

Ғимараттар

1560,3

24,3

1465

27,6

-95,3

Көлік

3887,7

60,7

2611,6

49,3

-1276,1

Басқа негізгі құралдар

483,5

7,5

740,5

14,0

257

Барлығы

6415,7

100

5301,3

100

1114,4


 

4 кестеден көріп тұрғанымыздай 2011 жылы өзгерістер байқалады: ғамараттардың құны 95,3 м.т-ге, көлік құны 1276,1 м.т.-ге азайғанын көреміз.  Басқа негізгі құралдар сомасы 257 м.т.-ге өскен, ол негізгі құралдардың келіп түсуіне байланысты (компьютер сатып алынды)

Негізгі құралдарды тиімді пайдалануды қор қайтарымдылығы мен қор сыйымдылығы көрсеткіштері  сипаттайды. 5 кестеде «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС–ң негізгі құралдар қор қайтарымдылығы келтірілген.

 

5 кесте – «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС–ң негізгі құралдар қор қайтарымдылығын талдау

 

р/с

Көрсеткіштер атауы

2011 жыл

2012 жыл

абсолютті ауытқу (м.т.)

1

шығарылған өнім көлемі (ВП),(т.т)

80414

92300

+11886

2

негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны (м.т)

6415,7

5301,3

-1114,4

3

Қор қайтарымдылық ( тенге)

13,4

19,1

5,7

Информация о работе Дайын өнімді шығарудың және өткізудің талдауы