Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 19:36, курсовая работа
Тақырыптың өзекті мәселелері. Нарықтық экономиканың даму барысында, кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік есебінің рөлі мен қажеттілігі артуда. Тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестіктің өсуінің, нарық коньюнктурасының жиі өзгерістерінің жағдайларында, кәсіпорынды басқаруда оперативті және тактикалық басқару шешімдерін қабылдау мақсатында шынайы және аналитикалық ақпарат қажет.
Қазіргі заман өзгерістері жағдайында кәсіпорын жұмысын жетілдіру және қадағалауда, бухгалтерлік есептің толыққанды қолданылуы артуда.
КІРІСПЕ
7
1
КАБЕЛЬ ӨНДІРІСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ- ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕСЕПКЕ ӘСЕР ЕТУІ
8
1.1
Кабель өндірісінің есебін ұйымдастыру ерекшеліктері
1.2
«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
11
1.3
Бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы мен есеп саясаты
18
2
ДАЙЫН ӨНІМ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ЕСЕБІ
26
2.1
Дайын өнімнің мәні және оны бағалау
2.2
Дайын өнім шығарудың және өткізудің есебі
29
2.3
Өткізілген өнім қозғалысының құжаттық рәсімделуі
36
3
ДАЙЫН ӨНІМ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ОНЫ ӨТКІЗУДІҢ ТАЛДАУЫ МЕН АУДИТІН ЖЕТІЛДІРУ
39
3.1
Дайын өнімді шығарудың және өткізудің талдауы
3.2
Дайын өнімді шығарудың және өткізудің аудиті
49
3.3
Дайын өнімнің ішкі аудит жүйесін ұйымдастыру
54
3.4
Дайын өнім есебінің талдауы және аудитін жетілдіру шаралары және ұсыныстары
57
ҚОРЫТЫНДЫ
59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жоғарғы аталғандардың барлық
шарттарында есептеу әдісі
Есеп саясатының техникалық бөлімін жасаған кезде келесі мәселелер қарастырылу керек:
Материалдар есебі. Өндіріске жатқызылатын, материалдық ресурстардың іс жүзіндегі өзіндік құнын анықтау әдісі туралы шешім қабылдау керек: орташа құн өлшем әдісі, алғашқы сатып алған уақыты бойынша өзіндік құн (ФИФО әдісі), немесе сатып алынатын материалдардың бірлік өзіндік құны бойынша (ерекше теңестірулер). Шаруашылық субъектімен материалдық (тауарлы) ресурстарды бағалау әдісінің тек қана бір түрі таңдалуы мүмкін, ол тауарлы-материалды қорлардың барлық түріне қолданылу қажет;
Басқару есебі. Айта кететін жайт, берілген есептің мәліметтері кәсіпорынның сыртқы тұтынушылардың кең ауқымына арналмаған, оларды ішкі бақылау мен жоспарлау мақсатында қолданады, тиісті есептік және есеп беру регистрлеріні бірегейлендіруіне арнайы талаптар күші жоқ. Кәсіпорын басқару есебін Бас жоспар шоттарында келтірілген синтетикалық шоттарды қолдана отырып жүргізе алады немесеоларға қосымша немесе жеке өндірістік шоттар жүйесін қолдана алады. Жеке шоттар жүйесінде калькуляциялық есебін жүргізетін, схеманы таңдай отырып, өндірістік қызмет, құрылым, басқаруды ұйымдастыру ерекшеліктерінен шыға келе, кәсіпорын оны қолданудың құрамы мен әдістемесін өз бетімен құрады;
— өндіріске кеткен шығындар есебімен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдісі. Кәсіпорын тура және жанама шығындар тәртібін, объектінің калькуляциясы мен есебін анықтайды. Негізгі қызмет түрінің сипатына байланысты кәсіпорыншығындарды есептеу мен өнім құнын калькуляциялауда өндірістік өңдеу (попередельный) әдісін, тапсырыстық әдісін (позаказный) немесе нормативтік әдісін (нормативный) таңдай алады. Таңдалған әдістің ішінде шалафабрикаттық немесе шалаемесфабрикаттық нұсқасын қолдана отырып салыстырмалы есеп жүргізуге болады;
— жанама шығындардың есебі мен таратылуы. Кәсіпорын өндірістік қызмет ерекшеліктеріне сәйкес №7 «Тауарлы-материалдық қорлар есебі» (халықаралық қаржылық есеп стандартында №2 «Қорлар») бухгалтерлік есеп Стандарт әдістемелік нұсқауында келтірілген жанама шығындарды құрайтын шығындар тізіміне қосымшалар мен өзгерістер еңгізуге құқылы; жеке субшоттар оқшауланған есебі қолданылуы мүмкін көлік пен құрылғыларды жөндеу мен ұстауға кеткен шығындар, цехтік көлікті ұстауға кеткен шығындар, өндірістік дайындық және және басқа да жағдайларды меңгеру, олардың көлемі қосымша шығындар құрамында маңызды үлес салмағын құрайды; қосымша шығындардың сметалық ставкасы әдістемесінің есебі мен тарату тәртібі көрсетіледі: қосымша шығындардың нормативті көлеміне пропорционалды, жоспарлы калькуляцияға қосылған, материалдардың тура шығынына пропорционалды, тура іс жүзіндегі еңбек ақы төлеу шығындарына пропорционалды, немесе жанама шығындарды тарату экономикалық әдістемесінің қысқартылған түрін қолдану, мысалы күрделі коэфиициент бойынша, тұтынушылық талаптарға сәйкес өнімді өңдеуге кеткен шығындарды анықтайды;
Мүлік пен міндеттемелерді түгендеу. Басты түгендеуден басқа іс жүзіндегі бағалықтардың бар болуына қосымша тексерулер жүргізілуі мүмкін. Осылайша кәсіпорын түгендеу жүргізудің күнімен кезеңін, сонымен қатар тексеріске жататын мүлік пен міндеттемелер тізімінқұрайды;
бухгалтерлік есеп формасы. Кәсіпорын есеп регистрінің тізімі мен құрылуын, ондағы жазу техникасын, қайталануын және байланысын анықтай отырып бухгалтерлік есеп формасын өз еркімен таңдайды. Есеп формасын таңдау кезінде көптеген кәсіпорындар ақпаратты өңдеуде машиналық технологияға жүгінеді, бұл бухгалтерлік есеп жүргізу формасының біреуін қолдануға мүмкіндік береді: бірегей журнал ордері, мемориалды ордер немесе қысқартылған форма;
—жұмыс шоттар жоспары. Бас шоттар жоспарын басшылыққа ала отырып кәсіпорын синтетикалық шоттар қосып жеке меншік жұмыс шоттар жоспарын құру керек, бұл қаржылық-шаруашылық қызметін, кәсіпорынның қаржылық және мүліктікжағдайынкөрсету үшін қажет. Осыдан кейін субшоттар тізімін жасайды, оларды жұмыс шоттар жоспарына кіретін синтетикалық шоттарға ашу керек. Кәсіпорын аналитикалық есеп объектілерінің есебі мен кодының мағынасын сипаттайтын толық номенклатурасын құрайды. Осылайша есептілік, бақылау, талдау мен басқару мәселелерін есепке алады.Шаруашылық қызметтің спецификалық операциялармен мен басқа фактілер туындаған жағдайда шоттар корреспонденцияна Жұмыс шоттар жоспарын қолдану бойынша Нұсқауда көрсетілмеген, кәсіпорын коррсепонденцияның типтік схемаларын толықтыруға құқылы. Бұның жалғыз шарты болып Бас шоттар жоспарында тіркелген негізгі методолгогиялық қағидаларды ұстану болып табылады;
— ішкіөндірістілік есептілік. Есеп беру формасы мен құрамын, мезгілділігін, құралған күні мен тапсыруын, құрылуы мен бақылануына жауаптыны, сонымен қатар потенциалды тұтынушыларды анықтай отырып, барлық ішкі есептілік жүргізу мәселелерін кәсіпорын өзі шешеді.
Есеп саясатының ұйымдастырушылық бөлімі келесі мәселеллерді қарастыру жолымен құрылады:
— бухгалтерлік қызметтің ұйымдастырушылық формасы мен құрылымы. Кәсіпорын құрылымдық бөлімше ретінде бухгалтерияның болу не болмауын, есеп жүргізуін арнайы ұйымға тапсыруын немесе сәйкесінше келісімшартпен арнайы маман жалға алу алмауын өзі шешеді; бухгалтерлік қызметтің қалай ұйымдастырылу керектігін, яғни маманардың саны қанша болу керктігін, қандай бөлімшелердің (топ, сектор) болуын (есептілік, материалды, өндірістік, салыстырмалы және басқа да бөлімшелер), және олардың қаншалықты бағынатындығы. Кез келген жағдайда кәсіпорынның басшысының міндетіне бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін маңызды шарттар құру кіреді;
— есептің орталықтандырылу деңгейі. Қызметтің нақты шарттарына байланысты кәсіпорынныңбарлық есеп жұмыстары бөлімшелеріне тұтастай жұмылдырылған кезде есеп орталықтандырылған форма бойынша құрылуы мүмкін;орталықтандырылмаған форма бойынша орталықтандырылған бухгалтериямен қатар жеке бөлімшелерде жұмыстарының соңғы циклын жүргізетін жеке есеп бухгалтериялар құрады, жеке баланс құрғанға дейін, активтер мен пассивтерін кәсіпорынның жалпы балансына жататын, немесе аралас форма бойынша бухгалтерлік қызмет бөлімшелері талдау жұмыстың жартысын ғана орындаған кезде;
— ішкіөндірістік бақылау. Кәсіпорын ішкі өндірістік жүйенің қандай болуы керек екендігін өзі шешеді, оның ең тиімді элементтерін анықтайды, олардың арасынан әрбір жұмысшының алғашқы құжаттарды дұрыс толтыруын және дер кезінде тапсырылуына жауапкершілік танытатынын ерекшелеуге болады. Ішкі және шығу есеп құжаттарына қол қою құқығы бар, жауапты тұлғалар ортасын анықтайтын, қатал есептілік бланктерін қолданылатын, оларға кәсіпорын шешімімен белгілі бір бағалықтар айналымын анықтайтын кез келген алғашқы құжаттар бланкісі жатқызылуы мүмкін; бағалықтардың сақталуына мүмкіндік береді; шаруашылық қызметтің бухгалтериясына ревизиялық комиссиямен, ішкі аудит қызметпен, тәуелсіз аудиторлық ұйыммен, немесе кәсіпорынның шешімімен басқа да уәкілеттіжеке тұлғалармен кездейсоқ тексерістер жүргізу тәртібін құрайды; шаруашылық қызметтің қазіргі заман талабына сай бағытта және біліктілігін көтеру мақсатында басқару персоналын орта және жоғары білім беру жүйесін ұйымдастырады; басқа да персоналдармен қайтадан жұмысқа алынған мамандар арасында сәйкес нұсқау жүргізеді.
Есеп саясатын таңдау барысында, қабылданатын шешімнің дербестілігі, танымал талаптар мен қағидалардан шығу керек, оларды ұстану жалпы республика бойынша кәсіпорында пайда болған есеп саясаты мен шаруашылық жағдайдың аддекваттылығына қол жеткізуге мүмкіндік тудырады. Есеп саясатын құру кезіндегі негізгі талаптар мен қағидалар бухгалтерлік есеп стандартында №1 «Есеп саясаты және оны ашу» немесе қаржылық халықаралық есеп стандарты №1 «Қаржылық есептілікті ұсыну» анық көрсетілген.
Көбінесе есеп саясатын құрған кезде кәсіпорынның мүлкі ме міндеттемелері осы кәсіпорынның меншік иелерінің мүлкі мен міндеттемелерінен жеке жүзеге асатынына көңіл бөлу керек, (оқшауланған мүлік қағидасы), кәсіпорын өз қызметін кейін ары қарай жалғастыратыны нақты болу шарт, яғни өзін өзі тарату немесе қызмет масштабын қысқарту деген сияқты ниетінің болмауы, кәсіпорынмен таңдалған бухгалтерлік есеп жүргізу әдістері бір есепті кезеңнен басқа мүмкін болған дәлелденген және мақсатты түзетулер шаруашылық жағдайының өзгерісі жағдайында қолданылады, шаруашылық қызметтің барлық фактілері олар өз орны болған есепті кезеңге жатады. Бұдан басқа келесідей талаптарды ұстану қажет:
бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметтің барлық фактілердің толық бейнеленуі.
Көрсетілген қағиалар мен талаптар кез келген кәсіпорынның есеп саясатын қабылдау мен өңдеудің негізгі мәселесіболуы тиіс. Олардың жеткіліксіз негіздеорындалмауы кәсіпорынның мүліктік және қаржылық жағдайын, қызметінің нәтижесінің бейнесін бұзуы мүмкін, ал белгілі шарттарда бухгалтерлік есептің теріс жүргізілуін көрсетуі мүмкін.
Есеп саясаты дегеніміз –
бұл басқарушы субъектімен
Кез келген ұйым есеп саясатын барлық қаржылық есептілік қолданылатын әрбір Халықаралық Қаржылық есеп стандартына (Халықаралық Қаржылық есеп стандарты №1 «Қаржылық есепті ұсыну») сәйкестаңдау және қолдану керек. «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС-ң басқармасы есеп саясатын құрған кезде осы стандартты ұстанады.
«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС есептілік пен берілген Есеп саясатын келесі адресаттарына қатысты бөлігінде есеп саясатысын есеп беру өкiлдiк етедi:
а) иесiне - жалпы құрылтайшылардыңжиналысында, талап бойынша кез келген мерзiмге және кез келген көлемде;
б) бекітілген көлем мен белгіленген мерзімде тiркеудiң орны бойынша салық инспекциясы;
в) бекітілген көлем мен белгіленген мерзімде аймақтық орналасқан жері бойынша ұлттық статистикалық агентке;
«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС басқару құрылымы келесідей түрде көрінеді. Басқарманың ағымдағы қызметі К.Ю.Цхебас директормен жүзеге асады. Ол серіктестік атынан қызығушылықтарын ұсынады, мәмілелер жасайды, штатты бекітеді, бұйрық мен жарлықтар шығарады және «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС барлық жұмысшыларына орындаулары үшін міндетті бұйрықтар береді.
Сонымен, «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС бухгалтерлік есебі бекітілген заң тәртібіне сәйкес бухгалтерияда жүргізіледі. Есеп автоматтандырылған формада «1С Кәсіпорын 8.0» бағдарламасын қолданылу арқылы жүргізіледі. Есеп жүргізу барысында дербес компьютерде келесілер қамтамасыз етіледі:
а) жеке журналда жауапты тұлғамен қол қойылатын әрбір ай сайынғы бухгалтерлік есеп мәліметтерін басып шығаруға жіберу (касса, банк, шот бойынша айналым-сальдолық ведомость);
б) пароль арқылы магнитты таспада рұқсат етілмеген доступта есеп мәліметтерін сақтау;
в) әрбір айдың соңындағы есеп мәліметтері бар дискетаның қосымша данасының бар болуы.
2 ДАЙЫН ӨНІМ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ЕСЕБІ
2.1 Дайын өнімнің мәні және оны бағалау
«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС тауарлы-материалдың қорлар есебі №2 «Қорлар» қаржылық халықаралық есеп стандартына сәйкес ұйымдастырылады, бұнда тауарлы-материалдық қорлардың өзгеруі, өзіндік құны, есептілікте ашылуы мен бағалануы сияқты стандарттың әрекет ету саласы анықталған.
Тауарлы-материалдық қорлар дегеніміз – бұл активтер түріндегі: қорлар, шикізаттар, материалдар, сатып алынған шала фабрикаттар мен жинақтама бұйымдар, отын, ыдыстар, өндірістік материалдардың запас бөліктері, өндірісте немесе жұмыс қызмет көрсеткенде қолдануға арналған; субъектінің шаруашылық қызметін жүзеге асыру барысында сатуға арналған аяқталмаған өндіріс түрінде, дайын өнім және тауар түрінде [2].
Тауарлы материалдық қорлар
есебі алдында келесідей
- запастардың өз уақытында және толық келіп түсуін және бақылау, сақтау орындарындағы оларды қадағалау;
- запастар айналымының барлық операцияларының уақытылы және толық құжатталуы;
- тауарлы дайындау шығындарды уақытылы және дұрыс анықталуы;
- қоймадағы қорлар жағдайын бақылау;
- ішкі ресурстарды әртараптандыру мақсатында субъектіге керек емес материалдық қорларды шығару және өткізу;
- сақталу орындардағы запастардың қалдықтары мен айналымын нақты ақпаратын алу.
Тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құнына келесілер кіреді:
сатып алуға кеткен шығындар: сатып алу бағасы, тиеу пошлинасы, комиссиондық сыйақылар, орналасқан жеріне тиеумен, қалпына келтірумен байланысты көліктік-дайындық шығындары, материалдар сатып алуға басқа да шығындар.
өнімді қайта өңдеуге кеткен шығындар (жұмыс, қызмет көрсету) – табиғи ресурстар өндіру процесіндегі қолданылатын құн; шикізат, еңбек ресурстар, материалдар, отын т.б.
өндірісті ұйымдастырумен технологиямен оқшуаланған тікелей өндіріс бірлігімен байланысты басқа да шығындар.
Өндірістік өзіндік құнды құрайтын өнімді өндіруге кеткен шығындар экономикалық мазмұны бойынша келесідей түрде топтасады:
Өндірістік өзіндік құнға жатпайтын шығындар:
Тауарлы-материалдық қорларды өткізудің өзіндік құны сол есепті кезеңдегі онымен байланысты табыс шығын деп танылады.
Барлық тауарлы-материалдық қорлар есебі активті 1300 «Қорлар» негізгі шоттар бөлімінде жүргізіледі.
Әрбір шоттар бойынша ұйымдар материалдар есебі бойынша субшоттар мен аналитикалық шоттардың керекті мөлшерін аша алады.
Өндіріске жұмсалатын материалдық ресурстардың іс жүзіндегі өзіндік құнның анықтамасы қорларды бағалаудың келесі әдісінің біреуі көмегімен жүргізіледі:
Тауарлы-материалдық қорлардың орташа құн өлшемі есепті кезең басында ұқсас бірліктердің орташа құнымен есептеледі.
ФИФО әдісімен тауарлы-материалдық қорларды бағалаған кезде ең алдымен бірінші сатып алынған не бірінші өндірілген (бірінші болып келіп түскен, бірінші болып есептен шыққан) қорлар құнын есептен шығару керек).
Информация о работе Дайын өнімді шығарудың және өткізудің талдауы