Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 19:36, курсовая работа
Тақырыптың өзекті мәселелері. Нарықтық экономиканың даму барысында, кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік есебінің рөлі мен қажеттілігі артуда. Тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестіктің өсуінің, нарық коньюнктурасының жиі өзгерістерінің жағдайларында, кәсіпорынды басқаруда оперативті және тактикалық басқару шешімдерін қабылдау мақсатында шынайы және аналитикалық ақпарат қажет.
Қазіргі заман өзгерістері жағдайында кәсіпорын жұмысын жетілдіру және қадағалауда, бухгалтерлік есептің толыққанды қолданылуы артуда.
КІРІСПЕ
7
1
КАБЕЛЬ ӨНДІРІСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ- ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕСЕПКЕ ӘСЕР ЕТУІ
8
1.1
Кабель өндірісінің есебін ұйымдастыру ерекшеліктері
1.2
«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
11
1.3
Бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы мен есеп саясаты
18
2
ДАЙЫН ӨНІМ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ЕСЕБІ
26
2.1
Дайын өнімнің мәні және оны бағалау
2.2
Дайын өнім шығарудың және өткізудің есебі
29
2.3
Өткізілген өнім қозғалысының құжаттық рәсімделуі
36
3
ДАЙЫН ӨНІМ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ОНЫ ӨТКІЗУДІҢ ТАЛДАУЫ МЕН АУДИТІН ЖЕТІЛДІРУ
39
3.1
Дайын өнімді шығарудың және өткізудің талдауы
3.2
Дайын өнімді шығарудың және өткізудің аудиті
49
3.3
Дайын өнімнің ішкі аудит жүйесін ұйымдастыру
54
3.4
Дайын өнім есебінің талдауы және аудитін жетілдіру шаралары және ұсыныстары
57
ҚОРЫТЫНДЫ
59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Шығынсыздықты талдау дегеніміз – бұл басқарушылық жоспарлау және менеджерлердің қарамағындағы бақылау құралы. Шығынсыздықты талдаудың мақсаты кәсіпорынның өндірістік қызметінде өзгеріс байқалатын жағдайда қаржылық жағдайына қалай әсер ететінін анықтайды, шығынсыздықты талдау шығындар, көлем және табыс сияқты сипаттамалардың өзара байланысын бақылауға көмектеседі. Осы көрсеткіштермен өзара қатынасы өндіріс көлемі жетекшіге өнім шығарудың кризистік деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Негiзiнде шығынсыздық сыздықты талдау шығынсыздық нүктесінiң анықтауына ықпал етеді.
Шығынсыздық нүктесі – бұл кәсіпорынға нөлдік қаржылық жағдайды қамтамасыз ететін өндірістік көлем нүктесі, бұл нүктеге қол жеткізген соң кәсіпорын барлық өзінің шығындарын жауып, табыстары нөлге теңеледі.
Бұл ақпарат кәсіпорынға бәсекелестік жағдайда баға белгілеуін өз мүмкіндіктерін бағалауға қызмет қауіпсіздігін анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар шығындармен басқару құралы болып табылады. Шығынсыздық нүктесінің анықталуы келесі шарттар орындалу жағдайында ғана пайдалы бола алады:
Егер берілген шарттың біреуі орындалмаса, шығынсыздық талдауын қолдану қателіктерге әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындардың өзгеруі туралы ақпарат өндіріс көлеміне байланысты басқарушылық шешім қабылдауға үлкен мағына береді. Кәсіпорынның өзгермелі және тұрақты шығындарының өзара байланысын талдауы бұндай шығындарды бөлу шығындарды топтастыру базасына негізделген өндіріс көлеміне тәуелді.
Өзгермелі шығындар өнім құнын
сипаттайды. Өзгермелі шығындардың
жиынтығы өндіріс көлеміне сызықтық
тәуелділік етеді, ал өзгермелі шығындар
тұрақты көлемдегі өнімнің
Өзгермелі шығындар динамикасы 9 суретте келтірілген, осыдан өзгермелі шығындардың өзгерісі байқалады.
9 сурет – Жиынтық және салыстырмалы өзгермелі шығындардың динамикасы
Тұрақты шығындар өндіріс көлеміне тәуелді еместігіне және есепті кезең ағымында алынғандығымен ерекшеленеді. Оларға жарнамаға, жал төлеміне, негізгі құралдар мен материалды емес активтердің амортизациясына кеткен шығындар жатады.
Тұрақты шығындардың жиынтығы тұрақты мөлшер болып табылады, ал салыстырмалы тұрақты шығындар үлесі өндіріс көлеміне байланысты өзгереді.
Жиынтық тұрақты шығындар мен салыстырмалы тұрақты шығындардың динамикасы 9 сурет көрсетеді.
10 суреттен көрініп тұрғандай өндіріс көлемі неғұрлым көп болса, келіп түскен өнімнің өзіндік құны шығындар үлесі соғұрлым аз.
Шешім қабылдау барысында
ең пайдалы мәлімет болып
МТ = Өткізілген өнім – өзгермелі
шығындар
Маржиналды табыстың жиынтығы өндіріс көлемін қолдануымен байланысты өзгереді. Салыстырмалы маржиналды табыс тұрақты болады, өйткені өзгермелі шығындар өнім бірлігіне және өнімнің өткізу құны тұрақты деп саналады. Әрбір сатылған өнім бірлігі маржиналды табыс береді, ол тұрақты шығындарды жабуға жұмсалады, одан кейін таза табыстың өсуіне кетеді.
10 сурет – Тұрақты жиынтық және салыстырмалы шығындар динамикасы
Басқару есеп жүйесінде шығынсыздық нүктені анықтау үшін қолданылады:
- теңестіру әдісі;
- маржиналды табыс әдісі;
- графикалық әдіс;
Теңестіру әдісі келесі формула көмегімен таза табысты есептеуге негізделеген [5]:
өзгермелі шығындар - шығындар = табыс (3)
Бұл әдіс құрылымдық жылжулар әсерін талдау үшін қолданылады.
Мысалы: таза табыс нөлге тең деп алайық, осы шартта табыс пен тұрақты және өзгермелі шығындар арасында теңдік болуы мүмкін.
Кәсіпорын өзгермелі шығындар 1 метрге бағасы 500 теңге бұйым сатып алды, ал бірлігі 300 теңгені құрайды. Тұрақты шығындардың жалпы сомасы 70 000 теңгеге тең, жоғарыдағы көрсетілген формула бойынша теңдік құрастырайық:
(500*х)-(300*х)-70 000=0
х= 70 000/200
х=350 кабельдің метрі
Шығындарын жабу үшін кәсіпорынға 350 метр кабель жасап шығару кетек.
Шығынсыздық нүктені ақшалай өлшемде көрсету үшін, бірлік санын өнім бірлігінің бағасына көбейту қажет.
Шығынсыздық нүктесі = 350 метр* 500 тенге = 175 000 тенге.
2) маржиналды табыс әдісі маржиналды әдіс көмегімен шығынсыздық нүктесін есептеуге егізделген. Өнімнің бірлігіне келетін маржиналды әдіс тұрақты шығындарды жабатын әрбір өткізілетін бірліктің үлесін көрсетеді, яғни барлық тұрақты шығындарды жабу үшін қанша бірлік сатылуы керек, бұл шығынсыздық нүктесі әдісі келесідей есептеледі [5]:
Шығынсыздық нүктесі = Тұрақты шығындар / Салыстырмалы Маржиналды табыс (5)
Берілген әдіс бойынша шығынсыздық нүктесі:
Шығынсыздық нүктесі = 70 000/200= 350 кабельдің метрі.
Егер маржиналды табыстың нормасы белгілі болса, онда шығынсыздық нүктесі келесі формула бойынша есептеледі [5]:
Шығынсыздық нүктесі = Тұрақты шығындар/ Маржиналды табыс нормасы (6)
Маржиналды табыс нормасы өнімді өткізуден түскен табыс сомасының өзгеруі маржиналды табысқа қалай әсер етіп тұрғанын көрсетіп тұр:
Маржиналды табыс нормасы = Маржиналды табыс/өнімді өткізуден түскентабыс * 100% (7)
Маржиналды табыс нормасын есептеу мысалы 14-кесте көрсетілген.
14-кесте – Маржиналды табыс нормасын есептеу мысалы
Көрсеткіштер |
Барлығы |
Өнім бірлігі |
% |
1.Өткізуден түскен табыс |
200,0 |
500 |
100 |
2.Өзгермелі шығындар (-) |
120,0 |
300 |
60 |
Маржиналды табыс |
80 |
200 |
40 |
Тұрақты шығындар (-) |
70,0 |
||
Табыс (шығын) |
10,0 |
Маржиналды табыс нормасы = 80,0/200,0*100%= 40 %
40 % маржиналды табыс нормасы өнімді өткізуден түскен табыстың өсуі бір ақша бірлігіне маржиналды табыстың 0,4 теңгеге өсуіне әкеп соғатынын білдіреді.
Шығынсыздық нүктесі = тұрақты шығындар/ маржиналды табыс нормасы (8)
Шығынсыздық нүктесі = 70,0 / 40 %= 175 000 теңге.
Графикалық әдіс шығынсыздық нүктесінде көрнекті түсінік береді. Осылай табу кешенді графиканың құрылуына апарады «шығындар – көлем - табыс».
График тiзбегiнің жасалуы келесідей кезеңдерден тұрады:
Графикке тұрақты шығындар сызығын жүргізу керек, бұл үшін параллелді Х осі жүргізіледі;
Берілген тұрақты шығындарды өзгермелі шығындар көлем мөлшерін формула бойынша көрсету [5]:
У- А + ВХ,
мұндағы :А- Тұрақты шығындар
В- Өзгермелі шығындар
Х – Өндіріс көлемі
өнімді өткізуден түскен табыс сомасын жүргіземіз. Графиктегі шығынсыздық нүктесі – бұл табыстар мен шығындар сипаты бойынша тура шығынның қиылысу нүктесі. Бұл 11 суретте график түрінде келтірілген.
11 сурет – Шығынсыздық нүктесінің графикалық әдістегі анықтамасы
Демек, «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС-ң шығынсыздық нүктесінде табыс та, шығында ала алмайды, яғни табыстар шығындарға тең. Егер «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС кабел мөлшерін шығынсыздық нүктесінен көп өндірсе, онда ол пайда түсіреді. Ал егер аз болса, шығынға үшырайды.
3.2 Дайын өнімді шығарудың және өткізудің аудиті
Кез келген кәсіпорында өнімді шығару және өткізу процесі негізгі бөлімі болып табылады. Бұл бөлімде бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін қолданушыларға өткізуден түскен табыс, өнімнің өзіндік құны, өнімді өткізуден түскен пайда (шығын) сияқты маңызды процестер құрылады. Олар шаруашылық субъектінің негізгі қызметінің тиімділігін, өзінің өндірістік ассортиментін кеңейту шамасын, әлеуметтік және материалды тұтынушыларды көңілінен шығатын өнімдермен қамтамасыз етуін, бюджет және басқа да ұйымдар алдындағы міндеттемелерін орындауын бейнелейді. Дайын өнімді өткізу бойынша операция салық төлеу объектісі болып және осыған сәйкес негізгі бақылау учаскесі болып табылады. Ұйымдағы өнімді өткізу бухгалтерлік есебінің тексерісі аудиторлық фирмалармен жүргізілетін қызмет түріне жатады.
Өнім өткізуді тексеру мақсаты есептегі толықтылық, уақытылық және дұрыстылық бейнесін объективті бағалаудан тұрады.
Ең алдымен аудиторға баланста келтірілген мәліметтер қажет, 1320 «Дайын өнім» шоты бойынша Бас кітап мәліметтерімен салыстыру, содан кейін «пайда болған жері бойынша негізгі өндірістегі шығындар жіктелуі, сонымен бірге дайын өнімнің іс жүзіндегі өзіндік құнын анықтау» №10 журнал-ордерге №2 ведомость, №10 журнал-ордері мен басқа да есеп регистрлерінің дұрыс жүргізілуін тексеру, өндірістен қоймаға тапсырылатын өнімді уақытында және дұрыс құжаттау. Аудиторға «Дайын өнім» 1320 шоты есебіндегі өнім толығымен жабдықталғанына, тексеріс пен сынақтан өткендігіне, накладной бойынша қоймаға тапсырылғандығына көзі жету керек.
Аудитті сапалы жүргізу үшін ең маңыздысы шығару туралы оперативті бақылау жүргізу тәртібімен танысу болып табылады. Оперативті бақылау накладнойдағы іс жүзіндегі мәліметтермен күнделікті жоспардағы мәліметтермен салыстыру жолымен жүзеге асырылады.
Бүкіл өндірістік өнім бухгалтерлік
есепте көрсетіледі. Егер өнім цехта
қабылдау-тапсыру
Кәсіпорын жасалған келісімшарттарға сәйкес өнім өндіреді. Олардың негізіне өткізу бөлімінде кәсіпорын сатып алушыларға өнім жіберуге және тиеуге бұйрық-накладнойлар жазады, оларды тиегеннен кейін қоймадан есеп-төлем құжаттарын толтыру үшін бухгалтерияға өткізеді. Сонымен қатар бухгалтерияға көліктік накладнойлар келіп түседі. Бұл құжаттардың негізінде төлем-талап тапсырмасы толтырылады, олар сатып алушымен акцептелгеннен кейін банк инкассосына немесе сатып алушыға төлеу үшін тапсырылады.
Тиелген тауарлар есебін 1210 «Алу шоттары» шоты №11 журнал-ордерге сатып алушылар және тапсырысшылармен есеп айырысу есебу бойынша ведомосте жүргізеді. Жазуларды ведомосте шот-фактура, бұйрық-накладнойлар және жазылған төлем-талап тапсырмасы негізінде жасайды. Төлеу туралы белгі банк көшірмесі, кассалық ордерлер негізінде ведомосте жасалады.
Ай ағымында дайын өнімді нақты баға бойынша қоймадан тиеп есептен шығарады. Ай соңында ведомосттерде есеп бағасы бойынша тиелген өнім сомасын есептейді. Тиелген өнімнің іс жүзіндегі өзіндік құны есептеу жолымен табылады.
Кейін аудитор іс жүзіндегі өндірістік өзіндік құнын есеп мәліметтері бойынша құнынан ауытқуының дұрыс есептелу ережесін тексеруі керек, оны тиелген өнімге бөлуін және оның қоймадағы қалдықтарын, тиелген өнімнің өндірістік өзіндік құнын тапсырыс пен өнім түрі бойынша дұрыс анықталуын қадағалауы қажет.
Өнімді тиеу және өткізумен байланысты операциялардың бухгалтерлік есеп шотының жазбаларының дұрыс жүзеге асырылуын тексеруге аудитор көп көңіл бөлуі тиіс.
Жоғары айтылғандарға
сүйене отырып шаруашылық субъектімен
бақыланатын дайын өнімнің
Қазіргі уақытта дайын өнімнің бастамашылық аудиті барлық алғашқы құжаттарды, есеп регистрлерін зерттеп білуді талап етеді. Қоймадағы дайын өнімнің сақталуын бақылауды ереше талап етіледі. Кәсіпорынның ішкі жағдайын бақылау үшін тестілеу қолдану қажет. Бұл тесттен ұйымның дайын өнім есебінің осал жерлерін және қойма есебінің жағдайын анықтап, айқындау.
Өткізілетін өнім есебі мен аудитінің шетелдік тәжірибесі. Шет елдерде дайын өнім есебі бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүргізіледі. Дайын өнімді тауарлы-өндірістік қорлар бөлімшесіне топтастырады Cinventory-амер. Stoc-ағыл. Қорлар кәсіпорынның ең маңызды активтерінің бірі болып табылады және табыс көзі болып табылады, олардың есебі мен бағалануы балансқа және табыстар мен шығындар есебіне әсер етеді. Қорлар дегеніміз әдеттегі үлестік цикла ағымындағы сатуға арналған активтерді айтамыз.
Информация о работе Дайын өнімді шығарудың және өткізудің талдауы