Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 19:25, магистерская работа
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Биологиялыққоспа мен аскорбин қышқылының түсінкелтіруші затпен бірігуін нақтылау негізінде биохимиялық қасиеттерін және сапа-сандық көрсеткіштері үлкен қоспа өнімнің биотехнологиясын негіздеу.
Осы мақсатқа жету үшін міндеттер қойды:
1 жануар қан сұйықтық плазмасы мен күріш ұны негіздей отырып, биологиялыққоспаны пайдалану жолдарын қарастыру. Жануар қан-сұйықтық плазмасын, күріш-арпа ұнын, қой құйрығының сұйытылған майы мен құрғақ сүт арқылы биологиялық қоспа биотехнологиясы негіздеу.
2 Биологиялық қоспаның тағамдық, биологиялық қасиеттерін және –сапа- сандық көрсеткіштерін жетілтіру;
3 Қажетті шикізатты ауыстыратын биологиялыққоспа көрсеткіштерінің физико-химиялық, механикалық қасиеттеріне әсеріне аскорбин қышқылының мөлшерін анықтау үшін зерттеу жүргізу;
Кіріспе................................................................................................................
Әдеби шолу....................................................................................................
1. Ет өнімділігінің сапасын арттыру мен жақсартудың негізгі ықпалы
1.2 Мал шикізаты болып табылатын қан және қанның плазмасының тағамдық құндылығы
1.3 Биологиялық құндылығы жоғары тартылған ет өнімдерінде өсімдік шикізаттарын пайдалану....................................................................................
1.4 Органикалық қышқылдарды пайдалану нәтижесінде тартылған ет өнімдерінің түсін қалыптау және сақтау мерзімін ұзарту жолдары
1.5 Құрама биоқоспаларды тағам өнімдері өндірісінде пайдалану
2 Тәжірибе қою және оның материалдары
2.1 Зерттеу объектілері және тәжірибе қою.....................................................
3 Экспериментті бөлім
3.1 Құрама пісірілген шұжық өніміне биоқоспаны қолдану..........................
3.1.1 Биоқоспа дайындауда жылқы қан плазмасын және өсімдік шикізатын негіздеу.............................................................................................
3.2 Жылқы қан плазмасы мен күріш ұнынан дайындалған биоқоспаның тағамдық және биологиялық құндылығын зерттеу........................................
3.3 Биоқоспа мен аскорбин қышқылы қосылған «Үміт» құрама пісірілген шұжықтың тағамдық және биологиялық құндылығына ықпалы..................
3.4 Биоқоспа мен аскорбин қышқылы қосылған «Үміт» құрама пісірілген шұжықтағы аминқышқылдар құрамының сақтау үрдесіндегі өзгерсі...................................................................................................................
4. «Үміт» құрама пісірілген шұжығын өндіру технологиясы
Қорытынды........................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................
Т.Қ.Рысымбетов енелерінен ажыратылған жас төлдерді 1,0 азық өлшемі мен 140 г қорытылатын протеиннен тұратын тәулігіне 0,2 кт құнарлан-ған қоспамен қосымша азықтандырып өсірудің тиімділігін көрсетеді.
Ш.Абдиваитов жүргізген тәжірибе кәдімгі шаруашылық жағдайында күтіп-бағумен салыстырғанда бордақылау мен жайып-семіртуде қосымша азықпен қамтамасыз ету малдың сойыс шығымын арттыратынын көрсетеді. А.К.Амиров , В.И.Борисенко , С.В.Буйлов және тағы басқалар , К.Хайдаров жоне тағы басқа авторлар осындай пікірге келіп тоқтаған.
В.П.Лушников жаздық бордақылау алаңында соңғы 60 күндік бордақылауда піштірілген цигай тоқтыларына зерттеулер жүргізілген. Оларды көк жоңышқа мен жеммен азықтандырғанда орта тәулік қоректілік мөлшері – 1,6 азықтық өлшем, 170-175г – қорытылатын протеин болған.
Соңғы 60-күндік бордақылауда қойлардың тірілей салмағы 11,8 кг көбей-ген, сойыс салмағы – 9,16 кг, ұшаларда ет үлесіне 82,5% тиді.
Ұшаны сортқа бөлшектеу нәтижелері келесідей: I сорт – 51,5%, II сорт – 37,7%, III сорт – 25,0%. I сорт көбейген сайын, ет те көбейеді. Егер бордақылауға дейін – 51,21% болса, бордақылаудан кейін бұл көрсеткіш – 54,8%-ке жетті.
Ф.Д.Высочанский қозыларды енелерінен ажыратқан соң, қолайсыз жағдайлардың алдын алу үшін, оларды бұрынғы орындарында, қашарларда қалдырған жөн деп есептейді. Басқа қашарларға ауыстырғанда алғашқы күндері олар тынымсыз болып, азықтану қабілеттері төмендейді. Жемді мөлшерден тыс көп бергеннен тірі салмақ өсімдері көбеймейді. Әр басқа керекті 400-500 г жем беріп, 90-150 күндік қозыларды бордақылағанда олардың орта тәулік өсімі 200-230 г болмақ, егерде біз 250-300 г жем беріп, оған қоса шөп берсек, онда орта тәулік өсімі – 200-300 г болады. Осыған орай 1 кг өсімге жем шығымы 1,2-2,2 және 0,9-1,2 кг болмақ.
АҚІП-та қозыларды жайылымда бағып семіртуге басқаларға қарағанда будан қозыларды көп пайдаланады (Kruesi В. .
Бұлар таза тұқымды қозылармен салыстырғанда өздеріне жұмсалған азық шығынын жақсы өтейді. Сондай-ақ жас төлдің бордақылану нәтижесінде де, етінің сапасына да негізінен әкесі, яғни қошқар әсерінің зор екені меңзеледі. Бұл авторлардың пікірінше, тәулігіне әр малға қосымша 150 г пішен, 500 г ірі азық және 30 г минералды қоспалар беріп, жайылымда семірткенде еркек қозылардың тірілей салмағы 38-40 килограмға жетеді.
С.В.Буйлов, Т.Г.Жапаридзе және Ф.Р.Кивкуцан зерттеулерінде жекелеген қой тұқымдарын бордақылағанда азық шығынын қосқан салмақ-тарымен әртүрлі өтейтіні, сонымен қатар қоректік заттарды әрқалай сіңіретіні анықталған.
Г.Т.Сарбасова, Л.Т.Сарбасовалардың ақсеңгірлік түрлі қозыларға тәулігіне бір басқа 400-700 г дейін құнарлы азықпен қатар 90 күн бойы 0,5-1,5 кг жер алмұртын қосу арқылы тәжірибе соңында қозылардың тірілей салмағы 45,5-47,3 килограмға жеткен, тәулігіне қосқан салмағы – 170 г-185 г және 1 кг қосылған салмаққа 6,6-7,1 азық өлшемі жұмсалған.
А.К.Қарымсақов, Т.С.Қасым, Е.О.Атамкуловтардың [23] ғылыми жұмыс-тарында 6-8,5 айлық жалқы туылған еркек қозылардың 80 күнге қосқан салмағы үдемелі бордақылау кезеңінде 15,34 кг, ал егіз туылған қозылардың салмағы 47,2 кг жеткен, тәулігіне қосқан салмақтары тиісінше 191 және 183 г болды және 1 кг қосылған салмаққа тиісінше 6,75 және 6,90 азық өлшемі жұмсалған. Жалқы туылған қозылардың етке сойғанда сойыс шығымы 53,1 пайыз, егіз туылған қозылардың сойыс шығымы 53,3 пайыз, ал тиісінше салмағы 24,54 және 21,9 кг ұша алуға болатынын көрсетті.
Г.Т.Сарбасова 90 күнге созылған қазақтың етті-жартылай биязы жүнді қой тұқымының 10-11 айлық еркек тоқтыларында жүргізген жұмыс-тарында бақылау тобындағы тоқтыларға тәулігіне 1,3 кг дала пішенімен қоса 0,7 кг жармаланған арпа дәнінен түратын рацион қабылдаған, ал тәжірибе тобындағы тоқтылардың рационда 0,5 кг беде пішені, 0,8 кг топинамбурдың жасыл сабағынан дайындалған пішен, 0,5 кг арпа дәнінің жармасы, 1,0 кг жер алмұрт тамырын қабылдады.
Бақылау тобындағы маддың орташа тірілей салмағы тәжірибенің басында 29,7 кг, аяғында 42,8 кг, ал тәжірибе тобында тиісінше 30,1-46,3 кг. Тәулігіне қосылған салмақ бақылау тобында 145 г болса, тәжірибе тобында 180 г болған, ал жалпы салмағы тиісінше 13,1 және 16,2 кг. Бордақылау кезеңінде 1 кг салмақ алу үшін бақылау тобында 6,9 азық өлшемі және соның ішінде 4,81 кг жем жұмсалған, ал тәжірибе тобында бұл көрсеткіш тиісінше 6,4 және 2,78 кг. Тәжірибе алдында сойылған тоқты етінде 73,4% ылғал, 17,72% белок және 7,85% май болса, бордақылаудан кейін еттегі майдың 15,84% және ылғал 59,23% дейін төмендеген.
А.Н.Чеботова, Н.Шаим өз тәжірибелерінде гемпшир түрлі еркек қозылар 20 күн бордақылау кезінде негізгі жемшөп мөлшеріне темекі күнжара-сын қосу арқылы сойған кезде салмағы 31,1-31,8 кг ұшалар алынып, сойыс шығымы 57,8-59,5 пайыз, ал іш майы 4,0-4,3 пайызын құраған.
Н.Шаим, А.Н.Чеботова алты айлық дегерес құйрықты жартылай биязы жүнді тоқты қошқарларды бордақылау кезінде жемшөп мөлшеріне темекі күнжарасын, ал бақылау тобындағы қозыларға жемшөп мөлшері-не – күнбағыс күнжарасын қолданған.
Бақылауға қойылған қозылардың ұша салмақтары бақылау кезінде 23,1 кг артқан, немесе 3,2 есе, ал тәжірибедегі қозылардың ұша салмақтары 21,8 кг артты, немесе 3,1 есе. Осыған сәйкес таза ет шығымы бақылаудағы тоқты қошқарларда 40,2%-55%-ке, ал тәжірибедегі тоқты қошқарларда 54,3%-ке дейін көтерілді.
Екі топтағы қозылардың жемшөп мөлшерінде барлық азықтық араласы-мында 55%-ті жемдік азықтық үлесінде, ал 10%-ті күнжара.
Морфологиялық құрамы және ұша қатынастары – ұшаны құрайтын, екі топтың қошқарларында да айтарлықтай өзгерістер жоқ. Қошқарлардың ұшаларындағы таза еттің химиялық құрамын зерттеу нәтижелері екі топта ортақ заңдылықтарын анықтаған.
Н.Шаим, К.М.Омарова, А.Н.Чеботовалардың хабарлауынша, тәжірибе және бақылау топтарындағы қозылардың азықтарында шикі протеинмен және алмасқан қуат аралығында айырмашылық байқалмады. Бордақыға қойылған қозылардың аралас азық құрамында 55% жем азығы болды, оның ішінде 25,4% ұнтақталған жүгері, 9,6% – арпа, 10% – кебек, 10%-тен күнбағыс және темекі күнжаралары – бақылау және тәжірибе топтарында; 45% – ірі азық, оның ішінде 20% майдаланған жүгері собығының сабағы, 25% – майдаланған жоңышқа шөбі. Екі топтағы қозылардың бір күндік жемшөп мөлшерінде бүкіл жедел бордақылау мерзімінде 15,1-16,1% протеин және 3,7 Мкал қуат азықтарында болды. Негізгі айырмашылық, бақылау топтағы қошқарлардың (n=20) рациондарында протеин көзі ретінде – күнбағыс күнжарасын, ал тәжірибе (n=20) тобында темекі күнжарасын қолданды. Орташа есеппен тәжірибедегі ор тоқты қошқар – 242 кг, ал бақылаудағы әр басына – 237 кг аралас азық пайдаланған және олардың қүрамында 39-35,8 кг протеин және 444 Мкал ауыспалы қуат болған.
Тәжірибедегі қошқарлар жоғарғы өсімдік қуатты болған, 120 күндік тірілей салмақ өсімдігі 35,1±0,27 кг, ал бақылаудікі – 28,8±0,22 кг болды, осыған сәйкес тәулік өсімдері 290 және 240 г. Тәжірибе тобынан 3,7 кг, ал бақылау тобынан – 3,0 кг қырқылған жүн алынды. Бордақылау мерзімінде қазақтың биязы жүнді тоқты қошқарларында тек қана сандық емес, сонымен қатар сапалық жағынан өзгерістер анықталды, малдардың өнімділігі өсті. Тоқты қошқарлардың бордақыға қояр алдындағы салмағы 31,8±0,14 және 32,1±0,15 кг болса, ал бордақылау кезінде тәжірибе тобында 2,1 есе (66,9±0,56 кг), бақылау тобында 1,9 есе (60,9±0,61 кг) өсіп, сою мерзімінде осындай деңгейге жетті, алдында ұша салмағы – 12,4 кг және 12,6 кг болса, ол 2,7 және 2,3 есе артып тәжірибе соңында 34,0 және 29,0 кг жетті, осыған сәйкес сойыс салмағы 36,4 және 30,6 кг, ал сойыс шығымы 56,8 және 52,4% құраған.
Ұшаның морфологиялық құрамы – бұлшық ет, сүйек және майлы ұлпалар-дың қатынастары арқылы, ал химиялық құрамы – ет үлгілерін талдау нәтижесінде анықталды. Тәжірибе және бақылау топтарындағы қозылардың ұшаларында бордақыға қояр алдында 9,3 кг ет болса, бордақыдан алғаннан кейін 27,03 және 22,7 кг болды. Аралас азық құрамына – күнбағыс күнжарасын, темекі күнжарасымен алмастыру қазақтың биязы жүнді тоқты қошқарларының өнімділік сапасына кері әсерін тигізбеді.
Е.Ш.Мусин, Б.О.Оспанов, А.С.Рашев тәжірибесінде аралас жеммен азықтануы жақсы болған. Жалпы шығымы бір басқа шаққанда 100 күн жедел өсіру және бордақылауда бақылау топта 140 кг мен 115,9 азық өлшемін құрады, ал тәжірибе топта осыған сәйкес – 208 кг мен 126,9 азық өлшемін құрады. Жалпы азыққа кеткен түйіршікті жем шығыны мөлшері тәжірибе топтағы еркек қазақы тоқтыларда қатарлас бордақылау топтағы еркек тоқтыларға қарағанда 18 кг жоғары болып, немесе 9,5%-ке, ал қоректілігі – 5,0 азық өлшемі, 4,3% артты.
Бордақылау кезеңінде бақылаудағы және тәжірибе топтарындағы еркек қазақы тоқтыларға 95-104 кг дейін жүгері собығы беріліп, сол арқылы шаруашылықта орта сапалы шөптің мөлшері сақталып қалды.
Бақылау және тәжірибе топтағы еркек қазақы тоқтылардың жалпы және орта тәуліктік салмақ өсімдері қанағаттанарлықтай болды, бақылау топта 11,2 кг мен 112 г және тиісінше 13,4 кг мен 134 г, немесе 2,2 кг мен 22 г, 16,4% артты.
Бақылау және тәжірибе топтарында еркек қазақы тоқтылар етін өңдеп бөлу кезінде, олардан ауыр салмақты ұшалар алынды, 23,4±0,40 және 24,9±0,43 кг. Қолданылып жүрген ұша сойыс салмағының аударма коэффициентін сынау салмаққа ауыстырғанда госквитанция бойынша тәжірибе тобында 60,7 кг, ал бақылау тобында – 57,1 кг құрады, немесе 3,6 кг мен 5,93% артты.
Жүргізілген көптеген зерттеу жұмыстарына жасалған шолу жалпы енесінен ажыратылған еркек қазақы тоқтыларда етке дайындалғанда бордақылануы мен етінің сапасы мал тұқымына, азықтандыру деңгейі мен жайылым оттылығына, қоршаған орта әсерлері, ауа райы, күн инсоляциясы, сондай-ақ малдардың генетикалық ықпалдарына, т.б. жағдайларға байланысты болады деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Еттің дәрежесі - ақуыздағы аминқышқылдар құрамы, май қышқылдары, дәрумендері ферменттерінің гидролизденуі деңгейінің дәрежесі мәндерін білу қажет 2006 жылдың олардың аминқышқылдық құрамындағы үйлесімді дәрежесі мен ақуыздардың асқорыту осы кезеңімен салыстырғанда
2007 жылдың 8 айында макро-, тағамдық дәмдік қасиеттерімен анықталады. Тағам өнімін өндіру көлемінің тұрақты өсуі байқалады.
құрамындағы құрауыштарымен, адам ағзасының қуат шығынын толықтыратын және биологиялық өнімдердерінің пайдалы микроэлементтердің болуы арқылы анықталады. [5].
Тағам өнімдеріндегі ақуызды құрауыштардың сапасын анықтау үшін, ақуызды өнім ретінде, оның шаруашылықтың барлық санаттарында құндылығы, Мал шаруашылығында мал мен құстың саны және мал шаруашылығы синтезделінетін (150,7 мың бас), шошқа – 2,6 % -ға (1864,0 мың бас) және құс – 3,6 % -ға (31582,7 мың бас).
Тірі салмағымен ет өндірісінің көлемі 4,5 қажетті малдың саны өсті: қара мал - 3,4 % -ға (6694,4 мың басқа), қой мен ешкі – 5,6 % -ға (19038,1 мың бас), жылқы – 5,2 % -ға (1435,0 мың бас), түйе – 4,7 % -ға % -ға, сүт – 3 % -ға, жұмыртқа – 4,3% -ға өсіп отыр.
Тағам өілгерілеуіне Мал шаруашылығының лекеттік тұрғыда мақсатты іс шаралар қолдаудың нәтижесінде асыл селекциялық асылдандыру жұмысы айқынды ықпалын тигізуде. Мемнімдерінің тағамдық, биологиялық және қуат құндылығы олардың химиялық құрамы мен адам ағзасына қажетті сан алуан тағамдық заттардың ерекшеліктеріне байланысты сипатталады. Үйлесімді тамақтану теориясына сәйкес (академик А.А. Покровский) тиімді тамақтану дегеніміз, ағзаның ақуыз, май, көмірсу, минералды заттар, дәрумендер мен басқа алмастырылмайтын тағамдық факторларының қажетті мөлшерімен қамтамасыз етіліп қана қоймай, олардың мөлшерінің бір-бірімен үйлесімді қатынасқа түсуін айтады [6,7]. Мысалы: оңтайлы қатынастар болып: (ақуыз :май:көмірсулар) – (1:1:4) немесе (1:0,8:3,5:4,0); (өсімдік майы:жануар майы) – (1:3); (ақуыз:С дәрумені) - ]. Мысалы, оңтайландыру қатынасы болып: (кальций:фосфор) - Са:Р – 1:0,5-1,8, (кальций:магний) Са:Мg – 1:0,6, ақуыз:С дәрумені – (1:1000) және т.б.
Ақуыздың биологиялық құндылығы жайындағы пікірлер бойынша, оның құрамындағы алмастырылмайтын аминқышқылдардың болуы және олардың арасындағы өзара қатынастар ерекше рөл атқарады. Аминқышқылдар қатынасының бұзылуы, ақуыздың ағзада сіңуінің бұзылуына әкеледі.
Тағам өнімдерінің биологиялық құндылығын бағалау үшін, алмастырылмайтын аминқышқылдың құрамын ғана білу жеткіліксіз. Ол үшін ақуыздағы аминқышқылдардың белгілі қатынасын білу керек, себебі оған осы заттардың қалдық дәрежесі тәуелді болады. Алмастырылмайтын аминқышқылдардың қатынасы тағамда қанша болса, ағзада да солай болады, өйткені ағзаның тұтынуын толықтай қамтамасыз етеді [8,9].
Ақуыздың қайнар көзі болып әр түрлі мал еті саналады. Ет құрамындағы бұлшық ет, май және тіндер өзара байланысты. 1-кестеден ақуыздар қоян мен бұғы етінде – 21 % және қой етінде – 37 % көп екендігін көреміз. Сиыр етінде май 11 – 28 % мөлшерінде болады. Ет құрамындағы минералды заттар 0,7 – 1,3 %.
кесте 1 - Еттің химиялық құрамы мен энергетикалық құндылығы, %
Өнім |
Құрамы, % |
Қуат құндылығы, 100г, кДж | |||
су |
ақуыз |
май |
күл | ||
Қой еті,1кат |
67,3 |
15,6 |
16,3 |
0,8 |
849 |
Бұқа еті, 1кат |
66,8 |
19,0 |
13,2 |
1,0 |
816 |
Түйе еті |
70,7 |
18,9 |
9,4 |
1,0 |
660 |
Сиыр еті, 1кат |
64,5 |
18,6 |
16,0 |
0,9 |
782 |
Жылқы еті, 1кат |
69,9 |
19,5 |
9,9 |
1,0 |
690 |
Қоян еті |
66,7 |
21,1 |
11,0 |
1,2 |
833 |
Бұғы еті |
75,8 |
21,4 |
1,7 |
1,1 |
870 |
Як еті |
75,3 |
20,0 |
3,5 |
1,9 |
469 |
Елік еті,1кат |
71,0 |
19,5 |
8,5 |
1,0 |
649 |
Майлы шошқа еті |
38,4 |
11,7 |
49,3 |
0,6 |
2049 |
Етті шошқа еті |
51,5 |
14,13 |
33,3 |
0,4 |
1485 |
Ескерту-*-әдеби мәліметтер |
Информация о работе Дәруменді биоқоспа қосылған шұшық өнімінің биологиялық ерекшелігін зерттеу