Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 19:25, магистерская работа
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Биологиялыққоспа мен аскорбин қышқылының түсінкелтіруші затпен бірігуін нақтылау негізінде биохимиялық қасиеттерін және сапа-сандық көрсеткіштері үлкен қоспа өнімнің биотехнологиясын негіздеу.
Осы мақсатқа жету үшін міндеттер қойды:
1 жануар қан сұйықтық плазмасы мен күріш ұны негіздей отырып, биологиялыққоспаны пайдалану жолдарын қарастыру. Жануар қан-сұйықтық плазмасын, күріш-арпа ұнын, қой құйрығының сұйытылған майы мен құрғақ сүт арқылы биологиялық қоспа биотехнологиясы негіздеу.
2 Биологиялық қоспаның тағамдық, биологиялық қасиеттерін және –сапа- сандық көрсеткіштерін жетілтіру;
3 Қажетті шикізатты ауыстыратын биологиялыққоспа көрсеткіштерінің физико-химиялық, механикалық қасиеттеріне әсеріне аскорбин қышқылының мөлшерін анықтау үшін зерттеу жүргізу;
Кіріспе................................................................................................................
Әдеби шолу....................................................................................................
1. Ет өнімділігінің сапасын арттыру мен жақсартудың негізгі ықпалы
1.2 Мал шикізаты болып табылатын қан және қанның плазмасының тағамдық құндылығы
1.3 Биологиялық құндылығы жоғары тартылған ет өнімдерінде өсімдік шикізаттарын пайдалану....................................................................................
1.4 Органикалық қышқылдарды пайдалану нәтижесінде тартылған ет өнімдерінің түсін қалыптау және сақтау мерзімін ұзарту жолдары
1.5 Құрама биоқоспаларды тағам өнімдері өндірісінде пайдалану
2 Тәжірибе қою және оның материалдары
2.1 Зерттеу объектілері және тәжірибе қою.....................................................
3 Экспериментті бөлім
3.1 Құрама пісірілген шұжық өніміне биоқоспаны қолдану..........................
3.1.1 Биоқоспа дайындауда жылқы қан плазмасын және өсімдік шикізатын негіздеу.............................................................................................
3.2 Жылқы қан плазмасы мен күріш ұнынан дайындалған биоқоспаның тағамдық және биологиялық құндылығын зерттеу........................................
3.3 Биоқоспа мен аскорбин қышқылы қосылған «Үміт» құрама пісірілген шұжықтың тағамдық және биологиялық құндылығына ықпалы..................
3.4 Биоқоспа мен аскорбин қышқылы қосылған «Үміт» құрама пісірілген шұжықтағы аминқышқылдар құрамының сақтау үрдесіндегі өзгерсі...................................................................................................................
4. «Үміт» құрама пісірілген шұжығын өндіру технологиясы
Қорытынды........................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................
Ю.Ф.Заяс пен Б.М.Беккулова мәліметтеріне қарағанда, қырғыз биязы-жүнді қойларының май ұлпасының химиялық және майлы-қышқылды құрамы, олардың жынысы мен жас шамасына қарағанда көбінесе қоңдылығына байланысты болады. Қоңдылығының артуына байланысты ішкі май ұлпаларын-дағы май мөлшері артып отырады, ал ақуыз бен су мөлшері азаяды. Сонымен, ортадан төмен қоңдылықтығы сақа ісектердің май ұлпаларының құрамы: май – 91%, ақуыз – 1,9%, су – 6,7%. Орта қоңдылықтағы ісектер майының мөлшері 92 пайызға дейін көбейсе, ақуыз 1,75 пайыз, су 6 пайыз азайған. Сондай-ақ қоңдылығы ортадан жоғары ісектер майлылығы 93,8% артса, ақуыз бен су – 1,5 және 4,6% кеміген. Бұл пікірге басқа зерттеушілер де келіседі (Семенов С.И. және тағы басқалар ; Айбазов В.А. .
Г.Шиффер мен Б.Шарнер зерттеулері бордақыланып жатқан қозы-лардың жынысы мен дене бітімінің, қаңқа бұлшық еттеріндегі сутегі иондарының (рН) шамасына әсері болмайтыны көрсетеді. Бірақ малдың жас шамасының рН көрсеткішінің ауытқуына біршама әсері болады. Сонымен, жас және салмағы жеңіл мал етіндегі рН мөлшері сақа немесе салмағы ауыр малға қарағанда біршама жоғары келеді. Тағы бір байқалғаны, етін нығыздағанда бөлінген шырынның шамасы қошқарлар етіне қарағанда көп болған.
Басқа да тұқымдарға жүргізілген қой етінің сапасын зерттеу нәтижелері 4-20 айлығында грозный, лезгин таза тұқымды малы етінің құрамындағы ақуыз солтүстік кавказ, линкольн, ромни-марш будандары етіне қарағанда, ал шамасы мен қай тұқымға жататына қарамай еттеріндегі жалпы ақуыздың ішінде толыққұнды ақуыздар 71-84% аралығында болатынын көрсетті.
Көптеген авторлар, соның ішінде Р.П.Атабекян да ерте туылған қозылардан кеш туылғандарға қарағанда етті көп алуға болады деген пікірмен келіседі. Бірақ ақуыздарының сапалық құрамының айырмашылығы анықтал-маған.
И.А.Тапильский және тағы басқалардың , Өзбекстанда өсірілетін құйрықты және етті-жүнді қойлардың ет өнімділігін салыстырмалы бағалай отырып байқағандары: етті-жүнді қойлардың құйрықты қойларға қарағанда семіруте бейім болғанымен, ақуыз құрамы бірдей деңгейде болған.
А.Г.Племянниковтың көптеген жыл жүргізген тәжірибелерінің нәтижесінде анықтағаны: ұшасының анатомиялық бөліктерінің салмағы мен тұлғасының өсу қарқыны біркелкі болмайды. Сонымен, қаңқаның тез өсу мерзімі оған жапсарлас бұлшық еттердің жылдам өсуімен әр уақытта қатар жүреді. Сондай-ақ олардың қарқынды өсуі, жануарлардың қозғалғыш функцияларынан көп созылады. Бұл жас төлдерді жайылымда күтіп-бағудың бір орнында бордақылаудан артық әсері болатынын көрсетеді. Тартылмаған жас төлдер тартылғандарға қарағанда жақсы өсіп-жетіледі. Тартылған кезде жыныстық бездердің гормондық қызметі тоқтап, олардың өсуі төмендеп, сонымен қатар ет пен жүн 15-20 пайыздай кем шығады. Тарттыру ағзада көп мөлшерде май қорының жиналуына мүмкіндік туғызады.
К.Ж.Жазылбеков, Т.С.Садықұловтардың пікірінше, дене бітімі әртүрлі типті малдар ет өнімділігінің негізгі көрсеткіштері бойынша біршама ерекше-ленеді. Автордың тұжырымдауынша, жоғары экономикалық тиімділікке дене бітімі үлкен жас төлдерді енесінен ажыратылғаннан кейін, етке өткізгенде қол жеткізуге болады.
Бұндай тұжырымға А.А.Метлицкий, К.Ж.Шильдабаева , Н.Qоосһееr еt. Аl. , М.Т.Тhоmpson et.al және тағы басқалар қозыларға кеткен азық шығыны толық өтелетінін зерттей келіп, тоқтаған.
В.П.Лушников қырқымға дейін малдарды тиімді азықтандырып, малдарды 18-айлығында етке тапсырған.
Жайылымдағы таза тұқымды малдардың сойыс шығымға – 17,75 кг, яғни 9,6% басқаларға қарағанда артық болған. Еттілігі де 1,3 кг көп. Будан малдарды бордақылағанда және жайып бордақылағандағы көрсеткіштері жоғары болды. 18 айлығында сойылған таза тұқымды және будан малдардың мұздатылған ұшасының салмағы тәжірибеде біркелкі болды.
С.И.Семенов, Г.Ш.Хамидуллина мәліметтері бойынша, Челябинск облысының далалы аймақтары жағдайында, таза тұқымдылармен салыстырған-да будан жас маддың тірілей салмағы және етінің сапасы бойынша, ұшасының салмағы 18,0%, таза еті – 22,5% және сойыс шығымы – 2,2% жоғары болған.
Осыған ұқсас нәтижелер S.Рrасһ еt.аl. , А.З.Гребенюк, А.В.Кильпа , J.Jonas, C.Hanck және тағы басқа көптеген зерттеушілердің еңбектерінде де керсетілген.
Э.П.Мироедовтың пікірінше, бос амин қышқылдарының көлемді жиынтығы (цистин, лизин гистидинмен бірге, аргинин, серин, глицин және т.б.) қой ағзасы мен ұлпаларында малдың өскен сайын біркелкі амин қышқыл-дарының жоғары деңгейі екі күндік қозыларда байқалған. Содан кейін 4 айлық-тарында едәуір азайып, одан әрі шамалы көбейе бастаған. Жас төлдер ағза-сында орын алған осыған ұқсас өзгерістерді өз жұмыстарында В.В.Терентьев, Б.Б.Траисов, Н.А.Шманенков және тағы басқалар атап өткен.
С.И.Фарсыханов , А.К.Амиров , К.Хайдаров , А.Юсупходжаев және тағы басқалар малдың түріне, тұқымына, шығу тегіне, жынысына, жасына, бордақылану деңгейіне байланысты еттің химиялық құрамындағы және майдың физико-химиялық қасиеттеріндегі өзгешеліктерді анықтады.
Л.С.Новиковтың мәліметі бойынша, қой жасының ұлғаюына қарай ағзасындағы зат алмасудың өзгеруіне байланысты жалпы биологиялық тенденция – етінің майлылығы артып, ал құрамындағы судың азаюы байқала-тыны анықталған.
К.Хайдаров , J.Halleean et.al. малды сояр алдында аш ұстау ұзақтығының оның ұшасының салмақ жоғалтуына қаншалықты әсер ететінін зерттеген.
Авторлардың анықтағаны – жоғары қанды және семіз қозылардың ұшасы қоңдылығы нашар қозылардың ұшасына қарағанда, орта есеппен 2 пайыздай салмағын аз жоғалтқан.
Қазақстанда биязы жүнді және жартылай биязы жүнді тұқымдардың жас төлдері өнімдерінің артуына азық қуаты мен протеин конверсиялары ерекшеліктерінің әсерін зерттеумен А.Г.Племянников, З.Г.Ожерельева , А.Г.Племянников, Ш.Н.Зарпуллаев , Ш.Н.Зарпуллаев, Н.Е.Исағүлов, А.С.Рашев және т.б. айналысты. Бұл зерттеулерде өткізілген тиімді шараларға қоса ет өнімдерінің, қалыптасу ерекшеліктерінің және протеин конверсияларымен қуаттың қой шаруашылығы өнімдеріне тигізетін әсерлері айқындалған.
Ресей, Литва және Украинада ірі мал басын бордақылау кешендері мен алаңқайларында қой етін өндірудің үдемелі технологиясын жасаумен А.З.Гребенюк, А.Н.Ульянов, А.В.Рыжков, В.А.Бледнов және т.б. айналысқан. Бұл жерде жас төлдерді жедел күтіп-бағу мен бордақылауда азық шығымы тірі салмақтың, ішкі ағзалардың өсуімен және еттің морфологиялық құрамы мен биологиялық құндылығының өзгеруімен өтелетіні анықталған.
Атап кетер жайт, жоғарыда көрсетілген зерттеулер негізінде ірі шаруашы-лықаралық бордақылау кешендері, бордақылау алаңқайлары мен ауыл шаруашылық кәсіпорындарында жүргізілген. Бұл жерде жасалынған қойларды бордақылаудың технологиялық тәсілдері фермерлік шаруашылықтарда көбінесе қолдануға келмейді. Бұдан басқа бұл зерттеулерде жергілікті азық түрлері, есімдік, мал шаруашылықтарының ет өңдейтін және жеңіл өнеркәсіптің қалдықтары толық пайдаланылмаған.
Қозылардың туылғаннан кейінгі кезеңдегі мүшелері мен ұлпаларының өсу қарқынының әр түрлі болуына байланысты олар пайдаланған малдар азықтың мал өнімдеріне конверсиялануы (айналуы) да бір деңгейде жүзеге аспайды. Мал азығы алмасу энергиясы мен протеинінің өнімге айналуына мал тұқымы, жасы, жеке ерекшеліктері мен азықтандыру деңгейі әсер етеді.
Мал азығының конверсиялану тиімділігін бағалау мал ағзасында белок пен май түзілуін анықтауға негізделген.
Осы уақытқа дейін қой шаруашылығында жұмсалған жалпы мал азығының 40-45 пайызы тірілей салмақтың өсуіне, 55-60 пайызы жүн өндіруге жұмсалады деп есептеледі. Бұл мөлшерлер, сондай-ақ қойдың ет ұлпаларында азот түзілу деңгейін анықтауға негізделген. Бірақ бұл әдістің кемшілігі – май түзілуін есепке алуға мүмкіндік бермейтіндігінде.
Еркек тоқтыларға жасалған тәжірибелердің бірінде түзілген негізгі өнімдер ішінде жүнге кеткен азық энергиясы шығынының мөлшері 10,5% болатынын А.А.Вениаминов атап көрсеткенін ескерсек, жоғарыдағы нормативтердің бүгінгі өскелең талаптарға сай емес екендігі өзінен-өзі түсінікті.
Р.Қ.Қазихановтың мәліметтерінен қой қартайған сайын салыстырмалы түрде май түзілуінің артып, протеин конверсиясының төмендеуі саддарынан жалпы энергия және протеин шығындарының ұлғаятындығы байқалады. Еркек қазақы тоқтылардың 4,6 жоне 8 айға дейін бағу және бордақылау жолымен олардың тірілей салмағын 36, 47, 56 килограмға жеткізгенде әр килограмм тірілей салмаққа жұмсалатын азық шығыны 3,97-ден 4,63 және 5,77 азық өлшеміне дейін артса, азық протеинінің конверсиялануы 26 пайыздан 25,1 және 22 пайызға дейін төмендейтінін көруге болады.
А.С.Бевз бордақыға қойылған қозылар мен саулықтар ағзаларында май және протеиннің түзілу құрамы бойынша бір-бірінен ерекшеленетінін атап көрсетеді. Алғашқыларда бордақылау негізінде белок түзілу: ұшада – 50,76%, асқазан-ішек жолында – 28,13%, тері және қанда 7,46 пайызға жететін болса, соңғыларда бұл көрсеткіштер тиісінше 43,18; 12,75; 23,27 және 7,28% құраған.
А.Г.Племянников, З.Г.Ожерельевалар [ қазақтың етті, биязылау жүнді қой тұқымының еркек тоқтыларын 122 күн үдемелі бордақылау барысында ет және ет өнімдерінің ұлғаюы 11,9 кг, дәлірек айтқанда ұша еті – 9,5 кг, іш май – 1,07 кг, ішек-қарын, өкпе-бауырлары – 1,4 кг, тері – 3,3 кг, таза жүн – 1,1 кг, техникалық қалдықтар 2,9 килограмға өсетінін анықтады. Алмасу энергиясы мен протеиннің ет және жүнге айналуы әр түрлі деңгейде етті. Етке айналу – 75,6 жөне 40, ал жүнге айналу – 15,8 және 34,8% болды.
С.С.Рахмановтың мәліметтері бойынша еділбай еркек тоқтыларында алмасу энергиясы мен протеин ет және ет өнімдері түрінде көбірек – (88,6 және 64,3 пайызға дейін), ал жүн түрінде азырақ (5,8 және 21,4 пайызға дейін) түзілсе, қарғалы және дегерес қой тұқымдарында керісінше ет және ет өнімдері түрінде азырақ (82,8; 25,9 және 82,2; 28,0%), жүн түрінде көбірек (8,5 және 10,3 пайызға дейін) түзілетіндігі анықталған.
Келтірілген мәліметтерден қойлардың жеген азығын өтеу қабілеттілігін көтеруде, оларды өсіру, жайып-семірту және бордақылау жолымен семірту кездерінде алмасу энергиясы мен протеиннің конверсиялану тиімділігінен дәл баға берудің маңызы зор екендігі көрінеді.
Ш.Н.Зарпуллаев, Н.Е.Исағүлов, З.Г.Ожерельевалардың жүргізген тәжірибелерінде тоқтыларды 70 күнге созылған көктемгі-жазғы маусымдарда жайып-семірту кезінде ұша салмағының өсуі (9,9 кг) өкпе, бауыр, ішек, қарындары (1,8 кг), тері және оның туындылары (2,6 кг), техникалық шикізаттарға (2,3 кг) қарағанда әлденеше есе жоғары болды. Осы уақыт ішінде ұша салмағының іш майдың және терінің есуі (реті бойынша 1,89; 2,5; 2,45 есеге тең болды) өкпе, бауыр, ішек, қарындары мен жүнге (1,358; 1,5 есе) қарағанда қарқынды жүрді.
Жайып семірту кезінде мал денесінде ақуыз бен суға қарағанда май қарқынды түзіліп, оның үлес салмағы алғашқылармен салыстырғанда елеулі мөлшерде жоғары бодды. Осы уақыт аралығында тоқтыларда ақуыз негізінен жүн және техникалық шикізаттар есебінен, ал май, ұша және іш май есебінен түзілді.
Ұдайы жайып-семірту барысында етті-биязы жүнді тоқтыларда ақуыз бен алмасу энергиясы ет және ет өнімдері түрінде – 46,8 және 76,8%, тері және оның туындылары түрінде – 39,1 және 16,3%, ал техникалық шикізаттар түрінде 14,1 және 6,9% мөлшерінде түзілетіні анықталды.
Қазақы тоқтылардың таза салмағының өсуінде протеин мен алмасу энергиясының конверсиялану коэффициенті 21,2 және 20,8 пайыз болды.
Н.Н.Бабурский еркек қозылардың 4 тобын құрама сүрлеммен азық-тандыру тәжірибесін жүргізді. Бақылаудағы топ тек көк азықпен азықтан-дырылды, ал тәжірибе тобындағылары көк азықпен және құрама жеммен ішінара ғана азықтандырылды (қант қызылшасы, сәбіз және жүгері сабақтары). Сүрлемнің ара салмағы I топта 19,6%, II топта – 36,4%, ал III топта – 51,2 пайызды құрады. Бұл кезде өсу қарқыны тиісінше 20,39 және 56% артып, бақылау тобына қарағанда бұл топтарда азық шығыны азайған. В.И.Борисенко Орал облысының мал бордақылаумен айналысатын жағдайында қатардан шығарылған ұяң жүнді саулықтарды бордақылаудың нәтижесі жайлы былай дейді: «Мал басын бордақылау 30 күнге созылды. Азық құрамы майдаланған пішеннен, арпа жармасынан, дән қалдықтарынан, құрама жемнен және минералды қоспалардан тұрды. Орта есеппен тәулігіне 153 г салмақ қосып, әр малдан 2 сом 61 тиын пайда табылды».
С.И.Казанцев жоғары сапалы қозы етін өндіру мақсатында қозыларды қарқынды бағып-өсіріп, бордақылап көрді.
Тәжірибе қозылардың үш тобына жүргізілді. Әр топта 28-ден қозы болды. 5-6 айлығында қозылардың тірілей салмағы 40,9 кг тартты. І-ші топ малының азық құрамының жалпы құнарлылығының 20,25 және 55% пішеннен, сүрлемнен, сонымен қатар ірі азықтан тұрды.
П-ші топтағы қозылардың азық құрамы бірінші топпен сәйкес болғанымен, құнарлылығы мен көлемі жағынан аумағы өзгеше бодды (20,45 және 35%). Екі ай бордақыланғаннан кейін қозылардың тірілей салмағы 45,5; 44,6 және 44,9 кг тартып, ұшасының салмағы тиісінше 19,5, 18,9 және 19,2 кг болды.
Бұл тәжірибеден пішеннің шамасы бірдей болғанмен, сүрлемнің мөлшерін азайта отырып, құнарлы азықтың мөлшерін көбейтсе, тірілей салмақ пен ұша салмағы біршама көтерілетінін байқауға болады.
Венгер Халық Республикасында енелерінен ажыратылған қозыларды бір килограмында 120-125 г қорытылатын протеині бар азық қоспаларымен азықтандырады (Ласло Вереш және тағы басқалар .
Өз ғалымдарымыздың енелерінен ажыратылған қозыларға бір килогра-мында 140-145 г қорытылатын протеині бар азық қоспаларын беріп жасаған тәжірибелерінен жақсы нәтижелер алынған (Хаданович И.В., Афанасенко В.И. ; Голыдблат А.И. Петровец И.И. .
Ә.М.Омбаев 45-120 күндік қозылардың әр қайсысына бір тәулікте берілетін 137 г қорытылатын протеин мен 172 г шикі протеиннің арасында болатын протеиннің ең қолайлы деңгейін тапты.
Қазіргі кезде енелерінен ажыратылған қозылардың тұқымдық түрлерін, ажырату мезгілдерін және қой шарушалығын жүргізу жағдайларының ерекшеліктерін ескере отырып құнарландырылған қоспалардың бірнеше рецептері жасалған.
В.М.Родионов, А.Л.Мальцев , және тағы басқалар тәрізді өз авторларымыздың тәжірибелері көрсеткеніндей, құрама жемді пайдалана отырып, құрғақ азық беріп өсірілген, енелерінен ажыратылған қозылар өсімтал-дығымен, жетілгіштігімен және өзіне жұмсалған азық шығынын толық өтегіштігімен ерекшеленген.
Информация о работе Дәруменді биоқоспа қосылған шұшық өнімінің биологиялық ерекшелігін зерттеу