Дәруменді биоқоспа қосылған шұшық өнімінің биологиялық ерекшелігін зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 19:25, магистерская работа

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Биологиялыққоспа мен аскорбин қышқылының түсінкелтіруші затпен бірігуін нақтылау негізінде биохимиялық қасиеттерін және сапа-сандық көрсеткіштері үлкен қоспа өнімнің биотехнологиясын негіздеу.
Осы мақсатқа жету үшін міндеттер қойды:
1 жануар қан сұйықтық плазмасы мен күріш ұны негіздей отырып, биологиялыққоспаны пайдалану жолдарын қарастыру. Жануар қан-сұйықтық плазмасын, күріш-арпа ұнын, қой құйрығының сұйытылған майы мен құрғақ сүт арқылы биологиялық қоспа биотехнологиясы негіздеу.
2 Биологиялық қоспаның тағамдық, биологиялық қасиеттерін және –сапа- сандық көрсеткіштерін жетілтіру;
3 Қажетті шикізатты ауыстыратын биологиялыққоспа көрсеткіштерінің физико-химиялық, механикалық қасиеттеріне әсеріне аскорбин қышқылының мөлшерін анықтау үшін зерттеу жүргізу;

Содержание

Кіріспе................................................................................................................
Әдеби шолу....................................................................................................
1. Ет өнімділігінің сапасын арттыру мен жақсартудың негізгі ықпалы
1.2 Мал шикізаты болып табылатын қан және қанның плазмасының тағамдық құндылығы
1.3 Биологиялық құндылығы жоғары тартылған ет өнімдерінде өсімдік шикізаттарын пайдалану....................................................................................
1.4 Органикалық қышқылдарды пайдалану нәтижесінде тартылған ет өнімдерінің түсін қалыптау және сақтау мерзімін ұзарту жолдары
1.5 Құрама биоқоспаларды тағам өнімдері өндірісінде пайдалану
2 Тәжірибе қою және оның материалдары
2.1 Зерттеу объектілері және тәжірибе қою.....................................................
3 Экспериментті бөлім
3.1 Құрама пісірілген шұжық өніміне биоқоспаны қолдану..........................
3.1.1 Биоқоспа дайындауда жылқы қан плазмасын және өсімдік шикізатын негіздеу.............................................................................................
3.2 Жылқы қан плазмасы мен күріш ұнынан дайындалған биоқоспаның тағамдық және биологиялық құндылығын зерттеу........................................
3.3 Биоқоспа мен аскорбин қышқылы қосылған «Үміт» құрама пісірілген шұжықтың тағамдық және биологиялық құндылығына ықпалы..................
3.4 Биоқоспа мен аскорбин қышқылы қосылған «Үміт» құрама пісірілген шұжықтағы аминқышқылдар құрамының сақтау үрдесіндегі өзгерсі...................................................................................................................
4. «Үміт» құрама пісірілген шұжығын өндіру технологиясы
Қорытынды........................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ахметова А Б.doc

— 2.07 Мб (Скачать документ)

Тәжірибенің бірінші кезеңінде әр тоқты 1,5 кг пішен мен 0,65 кг бүтін арпадан тұратын жемшөп мөлшерімен азықтандырылды. Екінші кезенде желінетін шөп мөлшері 1,2 кг-ға дейін азайтылып, арпа тәулігіне әр тоқтыға 0,85 килограмға дейін көбейтілді. Тәуліктік жемшөп мөлшерінің құнарлылығы бірінші кезенде 1,27 кг азық өлшемі және 117 г қорытылатын протеин, ал екінші кезеңде тиісінше 1,4 кг азық өлшемі және 131 грамм қорытылатын протеинге тең болды.

90 күндік жедел өсіріп, бордақылаудан  кейін сойғанда қарғалы еркек  қазақы тоқтыларының ұша шығымы тәжірибенің бірінші кезеңінде 51,2%-дан 54,9 пайызға дейін жоғарылағанын көрсетті. Бордақылаудың екінші кезеңінде қазақы тоқтылардың сояр алдындағы салмағы 8,9 килограмм, ұша салмағы 6,4 килограмға артып, сойыс шығымы 56,9 пайызға дейін жетті. Жедел   өсіріп,   бордақылау   кезінде   ұшаның  сұрпы   ет   бөлігі   едәуір көбейді және екінші кезеңде сұрпы еттің салмағы тәулігіне орта есеппен 50 грамға артып отырды. Бұлшық ет ұлпасының өсімі де жоғары болып, оның абсолютті салмағы 11,1 килограмнан 13,39 килограмға дейін өсті (Қанапин К., Медеубеков Қ.Ү.

К.Қанапин мен Қ.Ырзағалиев [9] козыларды күзгі жайылымда етке даярлау тиімділігін анықтау мақсатында 6,5 айлық еркек қазақы тоқтыларды 60 күн жайып семірту жұмысын ұйымдастырған. Тәжірибе нәтижесінде еркек қазақы тоқтылардың әрқайсысы орта есеппен 7,9 кг қосымша салмақ қосты. Интенсивті өсіру кезеңінде тоқтылар тәулігіне орта есеппен 132 грамнан салмақ қосып, жайып-семірту аяғында олардың салмақтары 40,9 килограмға жеткен.

В.А.Бальмонт, А.Г.Племянников , С.М.Макбузов зерттеулеріне қарағанда еркек  қозыларды туған жылы етке тапсыру отардағы саулықтардың үлес салмағын 65-70 пайызға жеткізіп, бір қойға шаққанда 25-40 кг ет өндіруге мүмкіндік береді.

Т.И.Сарбасов, Г.П.Пильщикова, Т.И.Сарбасов , Қ.Құлақбаев және тағы басқалардың жүргізген зерттеулерінде қозылардың тірілей салмақтары енелерін еміп жүрген кезінде артып, ал енесінен ажыратылатын кезенде 4-5 айлығында күрт төмендейтіні анықталды. Бұл қозылардың енесінен ажыратылатын мезгілдің республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында жалпы жайылым отының күйіп, қурауымен сәйкес келіп, қозылар асқазанының өсімдіктердің қатқыл бөліктерін қорытып, сіңіруге жақсы бейімделмегендігінен және ағзаларының қоректік заттармен қажетті мөлшерде қамтамасыз етілмеуі себептерінен болады. Соның салдарынан олардың тірілей салмақтары төмендеп, өсіп-жетілуі тежеледі.

Ф.М.Мухамедгалиевтің пікірі бойынша қозылардың өсуінің күзде күрт төмендеп кетуі тек қана ана сүтін пайдаланғанда және азық мөлшерінің төмендеуіне ғана байланысты емес, оған өз мүшесінің зерзаттық заңдылық өсуі, ұлпа жүйесінің ішкі өзгерісі, біріншіден сүйек ұлпасының өсуі, жас мүшенің ересек мүшеге өтуіне байланысты. Әртүрлі сыртқы ортаның әсерлерін тиімді пайдалана отырып, өсу және дамуды тездетуге, сонымен қатар өсудің төмендеуін тоқтатуға және көп қозы шығымын болдыртпауға болады.

Ш.Н.Зарпуллаев, Р.К.Палтуева [16] егер де біз төлдердің тірі салмағын құрсақ мерзіміндегі олардың жедел даму дәрежесіне теңесек, онда еркек қозылар (4,9±0,1 кг), ұрғашы қозыларға (4,6±0,08 кг) қарағанда ірілеу болып туылған. Құйрықты еркек қозылар анасын еміп жүрген кезеңдерінде, ұрғашы қозыларға қарағанда тез өсіп-жетілулерімен ерекшеленген. Еркек және ұрғашы қозылардың тірілей салмақтары туылғаннан бастап аналарынан ажыратқанға дейін (13-ші шілдеге дейін) өсті, сондай-ақ 4,9±0,1 және 4,6±0,08-ден 32,7±0,4-тен 28,9±0,3 кг дейін, ал орта тәуліктік өсімдері 206 г мен 180 г болды. Аналарынан ажыратар кезінде еркек қозылардың тірілей салмақтары, ұрғашы қозыларға қарағанда 3,8 кг, немесе 13,1%-ке ауырлау тартты.

Жедел өсіру кезеңінде қозылар өте тез дамиды. Еркек және ұрғашы тоқты-лардың тірі салмақтары етке өткізер кезінде тиісінше 42,6±0,6 және 37,0±0,4 кг-ға дейін барады. Еркек және ұргашы тоқтылардың жалпы және орташа тәулік өсімдері осыған сәйкес, 9,9; 8,1 мен 220; 180 г дейін жетті. Жедел өсіру мерзімінде тірі салмақ өсімі айтарлықтай тез көтеріледі, сондықтан да еркек қазақы тоқтылардың тірілей салмақтары, ұрғашы тоқтыларға қарағанда 5,6 кг немесе 15,1%-ке жоғары. [8]

Қырық бес (45) күндік жедел өсіру кезеңінде қозылардың ұша салмақтары 13,4-тен 19,3 кг, немесе 1,4 есе өсті. Қозылардың ұша салмақтарының бұлай жедел артуы бұлшық ет пен майдың тез өсіп-жетілуіне байланысты, бұған сүйек қаңқасының өсіп-жетілуі айтарлықтай әсер етпейді. Осыдан, бұлшық ет қаңқасының салмағы мен май шөгінділері қозыларда 2,9 бен 2,3 кг көбейсе, ал сүйектер – тек 0,7 кг көбейді. Осының салдарынан еттік коэффициент пен және бүлшық ет – сүйек араларындағы көрсеткіштер көтеріліп, 3,96-3,11-ден 4,7-3,33 бірлік құраған.

С.А.Асамов, Н.А.Ибадовтардың жүргізген сынақ жұмыстарының мөліметтері бойынша, төл енелерінен ажыратылғаннан кейін жайылымда бағылғанда олардың ағзаларының қоректік заттарға деген қажеттілігі 45,6-61,1 пайызға дейін қамтамасыз етілетіндігі дәлелденген. Г.И.Алексееваның [6] айтуынша мұндай көрініс көбінесе шөл жайылымдары малазықтық өнімділігі-нің төмендігінен емес, негізінде ауа райы ыстықтығының қозылар ағзасына тигізер кері әсерінен болады деп есептейді.

Төлдің жайылымда қуаты күшті қоректік заттармен қамтамасыз етілуін қадағалау, оларды жаюды дұрыс ұйымдастыру және қосымша азықтандыру жас малдың өсіп, жетілуін жақсартудың негізгі көздері болып саналады.

В.Walker мәліметтері бойынша, өсіп келе жатқан жас мал тіршілігін қамтамасыз ету үшін орта есеппен әр бір кг алмасу салмағына 100,4-11,7 ккал жылу жұмсайды, ал жайылымда ұстағанда бұл көрсеткіш 22-43 пайызға көбейеді. Қалыпты жағдайда малдың 1 кг қосқан салмағының калориялығы 2500 ккаллорияға, ал бордақыланған малдардікі – 4000 ккалорияға теңеседі. Тіршілікке бейімділігіне және қосқан салмағының калориялығына кететін шығынға қарағанда, жас малдың қуатқа деген жалпы қажеттілігі 20 пайыз жоғары (Rowe J. ).

А.Мұсаханов [11] бордақылауға қойылған қазақтың етті-жүнді еркек қазақы тоқтыларының жемшөп мөлшерінде құрама жеммен қатар асқабақты қоса пайдаланғанда, еркек тоқтылардың тірілей салмағы 43,6-46,0 кг-ға дейін жоғарылаған.

Қазақы қой тұқымы ежелден қалыптасқан қой тұқымына жатады. П.Н.Кулешов қойдың бұл тұқымын ертеден келе жатқан испандық меринос тұқымының қатарына жатқызады. Бұл тұқымның негізгі өнімі – өте құнды және аса сәнді, ішкі жөне әлемдік сауда қатынасында үлкен сұранысқа ие болып отырған қаракөл елтірісі.

Сонымен қатар, қаракөл қойлары, қылшық жүн мен дәмділік сапасы жоғары қой етін береді. Қазақы қойлары жыл бойына жайылымда болып, әр түрлі табиғи өсімдік түрлерімен көбірек қоректенуіне байланысты, олардың еттерінің сапасы жағымды иісімен және ауыстыруға келмейтін амин қышқылдары мен   витаминдердщ жоғарғы ара-қатынастарымен ерекшеленеді.

Қазақы қой шаруашылықтарындағы ет өнімі, негізінде жасына байланысты және басқа да себептермен қатардан шығарылған саулықтардан, сонымен қатар мал тұқымын асылдандыру талаптарына сай келмейтін қошқарлардан алынған еттерден тұрады.

К.Е.Елемесов, М.Д.Закиров, Ә.М.Омбаев , В.А.Кузнецовтың барлық сойыс малы үшін бекітілген мөлшерге байланысты сақа қаракөл қойларын өңдегенде ұшасы мен майының шығымын зерттеуге арналған жұмысында өсіріліп жатқан қаракөл қойларында бұл көрсеткіштің артықтығын көрсеткен. Олардың пікірінше, еттілікті анықтау, қазақы қойларының бойында филогенетикалық дамудың нәтижесінде пайда болған бірнеше биологиялық ерекшеліктер болатынын көрсетеді. Бәрінен бұрын ерекше көзге түсетіні – оның жіңішке, жеңіл салмақты, және де сонымен қатар берік, жақсы дамыған бұлшық етті тұғыры.

М.Д.Тавитов қара түсті қазақы қойларының 5-6 айлығындағы өнімді-лігін зерттей отырып, бұл кезде олардан сапалы ет өндірудің тиімділігін атап өтеді.

Қазақы қойы етінің сапасына шет ел зерттеушілері де көңіл бөлген.

Д.Баденхорс және У.Хейнихен  мәліметтері бойынша қазақы қой-ларының ет өнімділігін басқа да қой тұқымдарының ет өнімділігімен салыс-тыруға тұрарлық. Әсіресе жас төлдерде ет өсімінің жоғарғы деңгейі оларды енелерінен ажыратып алғанға дейін байқалады. Біркелкі жайылым жағдайында IV-VI ұрпақ деңгейіндегі қозылардың орта есеппен тәулігіне қосатын салмағы 200 грамды құраған, ал таза тұқымды еркек қозыларда бұл көрсеткіш 254 г болса, ұрғашы қозыларда 213 г болған. Енесінен ажыратқанда ең ірі қозының салмағы 35,4 килограмға жетті. Мұндай өсім қаракөл саулықтарының аса сүттілігі мен бұл тұқымның қанында бар тез жетілгіштіктің куәсі бола алады.

О.Хенкис және тағы басқалар  қаракөл қойларының жасы мен етінің сапасының негізгі көрсеткіштері арасындағы байланысқа көңіл аудара отырып, олардың жас ерекшеліктерінің ет өнімдерінің сапасына онша әсері болмайды деген тұжырымға келеді.

Ш.Абдиваитовтың  жұмысы Жизақ облысына (Өзбекстан Республикасы) қарасты С.М.Киров атындағы қаракөл қойын өсіретін кеңшар жағдайында қара түсті тоқты қошқарлар мен әртүрлі әдіспен тартылған ісектерді ет өндіру үшін өсіріп-бағудың тиімділігін зерттеуге арналған.

Жайылымдағы жас төлдерді қосымша азықтандыра отырып, қазан айының соңына дейін, жоғары қосымша салмаққа қол жеткізудің мүмкіндігі анықталған. Жоғарғы тірілей салмаққа олар 7 айлығында жетеді (36-39 кг). Енелерінен ажыратылғандағы еті мен ет сойыс шығымы 46 пайызды құраса, ал 7-8 айлығында бұл көрсеткіш 50-55 пайызға дейін көтеріледі.

А.К.Чепелова  өз жұмысында өмірінің алғашқы жылында етке өткізілгенде қозылар еті сапасының жақсы болатындығы және қаракөл ісектерінің тиімділігі көрсетіледі.

С.А.Асамов  Самарқанд облысы (Өзбекстан) Советобад ауданына қарасты «Карнаб» мемлекеттік тұқыммал зауытының бордақылау алаңдарының жағдайында саулықтарды ұсақталған азықтармен бір орында күтіп-бағып бордақылау жолымен қой етін және қаракөлше өндірудің өндірістік технологиясының тиімділігін зерттеген.

Жасына қарай қатардан шығарылған қойлардан басқа, өсірілуге қалды-рылған 6-6,4 айлық жас тоқтылар да бордақыланды. Себебі олардың елтірісінің сапасы төмен болды. Бордақылау 1977 жылдың қазан айының 1-жұлдызынан бастап желтоқсан айының 10-жұлдызына дейін, 70 күнге созылды. Бордақылау-ға дейін еркек қазақы қозылардың салмағы 18,5 кг болса, ал бордақыланғаннан кейін олардың салмағы 29,7 кг тартты. Олар есеп жүргізілген мерзімде 11,2 кг жалпы тірілей салмақ қосып, орташа тәуліктік қосымша 160 г құрады.

С.И.Казанцев  жоғары сапалы қозы етін алу мақсатында қозыларды қарқынды бағып-өсіріп, бордақылап көреді.

Тәжірибе әр топта 28 қозыдан тұратын үш топқа жүргізілді. 5-6 айлығында қозылардың тірілей салмағы 40,9 кг тартты.

Ф.Джасимов  бордақылау ерекшеліктері мен еттің сапалық құрамын зерттеу мақсатымен қошқарларды, 16 айлық ісектер мен сақа саулықтарды, сондай-ақ қазақы тоқтылар және жайдары тұқымына жататын 4 айлық еркек қозыларды бордақылады. Жемшөп мөлшеріне жергілікті жемшөп түрлері пайдаланылды.

Еркек қазақы қозыларының бордақылау алдындағы салмағы 26,9 кг болса, екі ай бордақыланғаннан кейін олардың салмағы 33,7 килограмға өсті. Тиісінше бордақылау мерзімінде қосқан тірілей салмағы 6,8 кг, ал орта есеппен тәулігіне қосқан салмағы 113 г болды.

Осы шамалас жайдары тұқымына жататын еркек қозылардың бордақылауға дейінгі тірілей салмағы 28,9 кг болып, қазақы қозыларынан 2 кт-дай артық тартқан. Олардың бордақыланғаннан кейін тірілей салмақтары 39,5 кг тартып, бордақылану мерзімінде орта есеппен тәулігіне 176 г салмақ қосып отырған.

Әрбір 1 кг қосқан салмаққа кеткен азық шығынын есептегенде еркек қазақы қозылары 7 азық өлшемін жұмсаса, бұл шығын жайдары тұқымының еркек қозыларына 5,2 азық өлшемі болып, қазақы қозыларына қарағанда 2 азық өлшеміндей аз жұмсалған.

Химиялық құрамы жағынан екі тұқым да жоғары көрсеткіштер көрсете отырып, онша ерекшеліктері болмағанның өзінде, амин қышқылдарының   мөлшері жағынан жайдара тұқымының біршама артықшылығы байқалды.

Т.Ч.Джуракуловтың  әр түрлі зауыттық типтерге жататын еркек қазақы қозыларының сойыс шығымы мен етінің сапасын зерттеуге арналған тәжірибе жұмысының көрсеткені: памук пен нишан зауыттық типті еркек қозылардың сойыс шығымы жоғары болып, 47,2-46,4% құраса, қаракөл және мубарек қозыларда бұл көрсеткіш тиісінше 44,7 және 42,2% болды.

С.Ю.Юсупов, С.Р.Базаровтардың  мәліметтері бойынша, қазақы қойларының ет-май өнімі дене бітім түрлеріне де байланысты. Олардың арнайы мамандандырылған өндірістік бордақылау кешендерінде жүргізген тәжірибе-лерінің нәтижесі мынандай болды: дене бітімі болбыр қойлардың орта есеппен тәулігіне қосқан салмағы 126 г, беріктерінде – 123 г, ал нәзіктерінде – 110 г.

Ш.Абдиваитовтің  мәліметі бойынша кәдімгі шаруашылық жағдайында күтіп-бағып, азықтандырғанда, олардың тірілей салмағы мен қоңдылығы төмен болады. Соған орай оларды ет өндіруге пайдаланудың тиімділігі шамалы.

С.И.Фарсыханов  гиссар қойларының жас шамасының олардың ет-май өніміне әсерін зерттеді. Нәтижесінде қой еті мен майы шығымының, сонымен қатар олардың сапасының қондылық пен жас шамасына байланыстылығы анықталды.

Б.М.Беккулова, А.И.Гольцблат, А.Д.Шацкий  жұмыстарында, қозылардың жас шамасына және конституционалды-өнімділік типтеріне байланысты, еттерінің қанағаттандырарлық сапалық құрамы көрсетілді.

Қазақ биязы жүнді қой тұқымдарының жас шамасына байланысты, ет ұлпаларындағы ақуыздың құрамын зерттеген М.А.Алибековтің  мәліметіне қарағанда, толыққұнды ақуыздардың мөлшері қозылардың емізулі мерзімінде 68,9%-тен 77,2%-ке дейін көтеріліп, кейіннен оның құрамы біршама төмендейді. Зерттеулер нәтижесінде анықталғаны, еттің құрамында амин қышқылдарын құрайтын толыққұнды ақуыздардың шамасы 8-9 айлығына дейін өседі, ал ересектерінде – дәнекер ұлпа ақуыздары бірде азайып, біресе өсіп отырады.

К.Сейтқалиев  Ставрополь тұқымына жататын биязы-қылшық жүнді будан ісектердің амин қышқылдары құрамына мыс, кобальт және цинк микроэлементтерінің әсерін зерттей отырып анықтағаны, азық құрамына қосылған микроэлементтер ұлпаларда биологиялық толыққұнды алмастыруға келмейтін амин қышқылдарының өсуіне жағдай жасайды. Әсіресе лизин, цистин мен фениаланин, сонымен қатар серин, глицин, пролин мен тирозин көбірек жиналады.

Информация о работе Дәруменді биоқоспа қосылған шұшық өнімінің биологиялық ерекшелігін зерттеу