Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 19:25, магистерская работа
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Биологиялыққоспа мен аскорбин қышқылының түсінкелтіруші затпен бірігуін нақтылау негізінде биохимиялық қасиеттерін және сапа-сандық көрсеткіштері үлкен қоспа өнімнің биотехнологиясын негіздеу.
Осы мақсатқа жету үшін міндеттер қойды:
1 жануар қан сұйықтық плазмасы мен күріш ұны негіздей отырып, биологиялыққоспаны пайдалану жолдарын қарастыру. Жануар қан-сұйықтық плазмасын, күріш-арпа ұнын, қой құйрығының сұйытылған майы мен құрғақ сүт арқылы биологиялық қоспа биотехнологиясы негіздеу.
2 Биологиялық қоспаның тағамдық, биологиялық қасиеттерін және –сапа- сандық көрсеткіштерін жетілтіру;
3 Қажетті шикізатты ауыстыратын биологиялыққоспа көрсеткіштерінің физико-химиялық, механикалық қасиеттеріне әсеріне аскорбин қышқылының мөлшерін анықтау үшін зерттеу жүргізу;
Кіріспе................................................................................................................
Әдеби шолу....................................................................................................
1. Ет өнімділігінің сапасын арттыру мен жақсартудың негізгі ықпалы
1.2 Мал шикізаты болып табылатын қан және қанның плазмасының тағамдық құндылығы
1.3 Биологиялық құндылығы жоғары тартылған ет өнімдерінде өсімдік шикізаттарын пайдалану....................................................................................
1.4 Органикалық қышқылдарды пайдалану нәтижесінде тартылған ет өнімдерінің түсін қалыптау және сақтау мерзімін ұзарту жолдары
1.5 Құрама биоқоспаларды тағам өнімдері өндірісінде пайдалану
2 Тәжірибе қою және оның материалдары
2.1 Зерттеу объектілері және тәжірибе қою.....................................................
3 Экспериментті бөлім
3.1 Құрама пісірілген шұжық өніміне биоқоспаны қолдану..........................
3.1.1 Биоқоспа дайындауда жылқы қан плазмасын және өсімдік шикізатын негіздеу.............................................................................................
3.2 Жылқы қан плазмасы мен күріш ұнынан дайындалған биоқоспаның тағамдық және биологиялық құндылығын зерттеу........................................
3.3 Биоқоспа мен аскорбин қышқылы қосылған «Үміт» құрама пісірілген шұжықтың тағамдық және биологиялық құндылығына ықпалы..................
3.4 Биоқоспа мен аскорбин қышқылы қосылған «Үміт» құрама пісірілген шұжықтағы аминқышқылдар құрамының сақтау үрдесіндегі өзгерсі...................................................................................................................
4. «Үміт» құрама пісірілген шұжығын өндіру технологиясы
Қорытынды........................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................
Австралия елінде, егер қозы енесінен ажыратылғаннан кейін жеткілікті түрде қоректік заттармен қамтамасыз етілсе, онда олар енесін еміп жүрген кездегісіндей немесе одан да жақсы жетіледі деп есептейді.
С.И.Семенов және тағы басқалар жас төлдің енесінен ажыратылған мезгілін есепке ала отырып, сол жыл бойы бордақылап, етке өткізудің тиімділігін зерттеген.
Бірінші жүргізілген тәжірибеде қозылар енесінен 4,5 айлығында, тірілей салмағы 22,4 килограмға жеткенде; екіншісінде – 3,5 айлығында, салмағы 17,7 кг; үшіншісінде – 2,5 айлығында, салмағы 15,9 килограмға жеткенде ажыратылды. Авторлар, қозыларды ажырата отырып, толыққанды жемшөп мөлшері ұсақталған жемшөп қоспаларын пайдаланып бордақылау арқылы көптеген мөлшерде өнім алуға және осы өндірістің тиімділігін көтеруге болатындығын дәлелдеген. Бұл жерде қозыларды енелерінен ажыратуды 2,5 айлығында ұйымдастыру тиімді болып есептеледі.
В.В.Кулик және тағы басқалардың , әр түрлі деңгейдегі құнарландырыл-ған азықты цигай қойы қозыларының рационына кіргізе отырып, олардың ет және жүн өнімдеріне әсерін зерттегенде байқағандары – жас төлдерді құрамында 40-50 пайыздай құнарлы азығы бар ұнтақталған жемшөп қоспа-ларымен үдемелі түрде бордақылағанда, орта есеппен тәулігіне салмағы 37,4-57,1%-ға, тірілей салмағы 12,6-19,6%-ға, қырқылған жүнін – 1,8-5,5%-ға арттыруға болады екен.
М.Б.Казалиев , В.В.Терентьев, В.В.Терентьев, Б.Б.Траисов және т.б. жергілікті жібек және қылшық жүнді саулықтарды батыс қазақстан қошқарларымен және солтүстік кавказдық етті-жүнді қошқарлармен шағылыстырып, алынған малдардың бордақылау нәтижелері мен етінің сапасына азықтандырудың әсерін зерттеген. Авторлардың анықтағаны: сойған кезде салмағы 18,56-20,2 кг ұшалар алынып, сойыс шығымы 48,3-49,3 пайызды құраған.
Л.Ю.Мисходжаев [8] етті-жүнді төлдердің жасы мен азықтандыру деңгейіне байланысты ет өнімділігін зерттей келе, азықтандыру деңгейіндегі өзгешеліктердің тәжірибеге қойылған ісектердің тірілей салмағының өзгеруіне ерекше әсер еткенін анықтаған.
Ш.А.Ахметовтың жүргізген тәжірибелерінде бордақылауға қойылған еркек қазақы тоқтыларды құрамында жем, жоңышқа шөбі, 30% дейін арпа, бидай, жоңышқа сабаны, 10 пайызға дейін қамыс бар рационмен азықтандырғанда, олардың желінуі 80% дейін жоғарылаған.
Автор қазақы тоқтыларды бордақылап, осындай жемшөп мөлшерімен азықтандырғанда, қазақы тоқтылар тәулігіне 215 грамға дейін салмақ қосып, сойғанда қоңдылығы жоғары, орташа салмағын 38,2-41,0 килограмға жеткізуге болатынын дәлелдеді.
М.К.Кройтердің тәжірибесінде екі ай жайып семірту мен бір ай бордақылау нәтижесінде тоқтылардың тірілей салмағы 7,5 айлығында 37,3-42,5 килограмға жеткен. 1 кг қосылған салмаққа 9,2-11,3 азық өлшемі жұмсалған.
Тәуліктік өсім мөлшері мен оған жұмсалған азық мөлшері арасындағы өзара байланыс коэффициенті кері мөндегі (корреляция) жоғары дәрежелі анықтықты құрайды (-0,8-09), демек жануарлардың тірілей салмағының өсімі жоғары болған сайын, оның өніміне азық аз жұмсалады. Мысалы, 5-6 айлық етті-жүнді бағыттағы қозылардың тірі салмақ өсімі тәулігіне 101-104 г болғанда, олардың 1 кг салмақ өсіміне азық шығыны – 7,4 азық бірлігін құрады, ал 221-260 г – 4,6 азық бірлігі, 260 г жоғарыға – 4,2 азық бірлігі жұмсалды (Жиряков А.М., Хамицаев Р.С. [83]).
Қ.Ү.Медеубеков, К.М.Касымов, Б.И.Мусабаев қозыларды етке өткізу дәстүрлі технологиясы бойынша қозыларды етке 6-7 айлығында емес, 9 айлығында өткізуді ұйғарды. Қазақтың етті-жүнді және финский ландрас будандарынан 1,81 кг қозы жүн қырқылды, бұл бордақылаудағы финский ландрастардан 0,26 кг артық. Тоғыз айлығында жүргізілген бақылау сойысында келесі ерекшеліктер анықталды. Қазақтың етті-жүнді бағытындағы және финский ландрас тобындағы жалқы еркек тоқтылардың сою алдындағы салмақ өлшемінің анықтық көрсеткіштері үшемдерге қарағанда 8,6 кг (21,2%) асты, ал егіздерден – 3,2 кг (7,1%), ұша салмағы бойынша 2,6 кг (21,7%) (Р<0,01) сәйкес салмағы 23,4 (Р<0,01) және 4,3% іш май салмағы – екі есе артты.
Сонымен, еттің өнімділігін және сапасын арттыру үшін жас төлдерді сояр алдында бордақылайды (алдын ала қырқып) немесе малды жедел жайып семіртумен, соңынан қолда ұстап бордақылаумен байланыстырады. Жоғары деңгейде азықтандыру – бордақылаудың тиімділігін арттырып, сойыстың және еттің сапасын, химиялық құрамын жақсартады. Бордақылауда түйіршікті толық құнды азық қоспасын қолдану азықты қалдырмай жеудің арқасында тірілей салмақ өсімін жедел арттырады. Союдың қолайлы мерзімі 7-9 айлық жас мөлшері болып табылады, өйткені осы жас мөлшер кезеңдерінде ұшалар толық салмақты деңгейге жетіп – 19,8-20,3 кг, ал жоғарғы сойыс шығымы (48,3 және 47,2%) жетеді.
А.И.Гольцблат пен А.Д.Шацкий етті бағьптағы селекцияда негізгі көрсеткіштер – төлдердің өсу жылдамдығы, азықты тиімді қолдану және ұша сапасы болып табылады деп санайды.
Алматы облысының шаруашылықтарында қсірілетін әр түрлі қой тұқымы, тұқымдық топ пен будан қозылардың әрқайсысын күніне 0,4 кг арпа жармасымен, 0,1 кг бұршақ ұнтағымен қосымша азықтандыра отырып, бір ай жайып қоңдандыруды ұйымдастырған А.Г.Голодновтың дерегі бойынша тәулігіне ең көп салмақ қосқан (137-140 г) құйрықты тоқтылар болды. Қазақтың биязы жүнді қой тұқымының тоқтылары тәулігіне 103 г, РМҚБ будандары – 135 г, ЛҚБ – 129 г салмақ қосты.
М.О.Кенжеханов, Қ.Ү.Медеубеков бордақылау мерзімінде (60 күн) еркек қазақы тоқтыларға толық мөлшердегі біркелкі құрамдағы түйіршік жем (% есебімен) берілген, оның ішінде: жоңышқа шөбі – 40,0; бидай сабаны – 15,0; жоңышқа ұны – 15,0; арпа жем – 30,0; тұз керегінше. Бордақылауға қояр алдындағы топтар арасында ең жоғарғы тірілей салмақ еділбай мен роман х қазақтың қылшық жүнді будандарында анықталды.
Бордақылау нәтижесі көрсеткендей, ең жоғарғы орташа тәулік өсім еділбай мен романов х қазақтың қылшық жүнді тоқтыларында болды және олар бордақылаудағы қатарларынан 33,6%-ке, немесе 46 г басым, немесе тәжірибе топтағылардан қарғалы х романов х қазақтың қылшық жүнділерінен – 12,2%-ке, немесе, 20 г; тәжіктің х романов х қазақтың қылшық жүнділерінен – 4,6%-ке, немесе 8 г басым түсті. Бір килограмм қосымша салмақ өсіміне жұмсалған азық шығымдары арасында ең төмен көрсеткіш еділбай х романов х қазақтың қылшық жүнді тобында тиісінше 18,1; 5,2 немесе 3,5%-ке екені анықталды.
Е.О.Нүрбековтың дерегі бойынша Алматы облысының «Ақсеңгір» тәжірибе шаруашылығында тәулігіне бір малға 0,3 кг құнарлы азықпен қосымша азықтандырып, 60 күн жайып семірту кезінде қазақтың төлшең қойының еркек тоқтыларының салмағы жалпы туылған төлдер тобында 6,8 кг, егіздер тобында 4,7 кг және үшемдер тобында 4,6 кг артып, тәулігіне қосқан салмақтары тиісінше 113, 78 және 76 г болды.
Қ.Ү.Медеубеков, А.Г.Племянниковтердің атап көрсеткеніндей, қозы-ларды туылған жылы етке тапсыру отардағы саулықтардың үлес салмағын 65-70 пайызға дейін көтереді, бір малға шаққанда өндірілетін ет мөлшерін тірілей салмақпен есептегенде 25-40 килограмға жеткізіп, жүн түсімі мөлшерін 10-15 пайызға арттырады.
Г.А.Кунц, И.У.Петровец, В.В.Соколовтардың жұмыстарында қой төлін қай айда болса да етке тапсырудың жоғары тиімді болып, едәуір пайда әкелетінін анықталды. Етке тапсырылған қозы ұшалары жақсы жетілген бұлшық етімен, орташа деңгейдегі май мөлшерімен ерекшеленіп, бірінші дәрежеге жатқызылды.
Қозыларды туылған жылы етке өткізудің тиімділігін басқа да көптеген ғалымдар өз еңбектерінде атап көрсеткен.
Н.Қ.Жұмаділлаев, Қ.Ү.Медеубеков, К.М.Қасымовтардың ғылыми жұмыстарында жалқы еркек қозылар тобында дегерес х төлшіл қой будандары 50 күнге 9 кг, олармен шамалас, яғни қатар қарғалы х төлшең қой – 8,9 кг немесе ұрғашы төлдермен салыстырғанда тиісінше 12,5 немесе 11,2 пайыз артық салмақ қосқан. Ал бордақылау соңында сойғанда ең салмақты ұшалар – 21,4-22,2 кг (жалқы тоқтылар тобы) және 19,3-20,3 кг (егіздер тобы) – будандар тобынан алынды.
Р.Г.Валиев, Э.С.Шаптаков Самарқан облысы, Киров атындағы совхозда жүргізген жұмыстарында будан фин ландарсы х қаракөл қозылардың ет өнімділіктерін зерттеген.
Бақылауға алынған тоқтылардың сою нәтижелері будан еркек тоқтылардың сою алдындағы салмақтары, қазақы тоқтылар 6-12 айлық тоқтыларына қарағанда 11,52 және 9,1% жоғары болды. Будан тоқтылардың (6-12 ай) сойыс салмақтарында бақылауға алынған тоқтылардың салмақтарынан 14,5 және 9,7%-ке жоғары болып отыр. Осымен қатар сойыс шығымы да 3,4 және 2,3% басым түсті.
Еттің химиялық құрамын зерттегенде, 6-айлық будан тоқтылардың еттерінде, қазақы тоқтыларына қарағанда 1,5%-ке суы кем болып, ал 5,4-9,4%-ке протеин мен майы көп, осыдан еттің құнарлығы жоғары. Тәжірибе топтағы малдардың (12 айлық) еттерінде су мен май 2,7 және 41,7%-ке төмен бақылаудағы топтың тоқтыларының еттерін қарағанда, ал протеин мен күл 16,5 пен 3,9%-ке жоғары.
Будан тоқтылардың (6-12 айлық) еттері таза тұқымдыларға қарағанда қүнарлы (3,23 ккал) екені байқалған.
В.П.Лушников, Б.Н.Шарлапаев жазғы-күзгі мезгілде азық мәзірінде көк балауса, пішен және құрама жем жеген бордақылаудағы қозылардың табиғи жайылымнан кейін қосымша жем жегендерден әддеқайда басымдылығы және тиімділігі айқындалды. Бордақылаудағы цигай қозыларының орташа тәулік салмақ қосуы 136 г, цигай және еділбай будандарында – 147 г, ал жайылым-дағыларда сәйкесінше 99г және 117 г немесе 37,4-25,7% кем болған.
Енесінен ажыратылған 4,5 айлық таза тұқымды қозылардың сойғандағы салмағы 12,5 кг, ал будандарда 13,9 кг болды. Таза тұқымдылардың жайылымнан кейінгі салмағы 15,1 кг, бордақыларда 16,2 кг. Будандардың көрсеткіштері сәйкесінше 17,0 және 19,1 кг болды.
С.Исенбаев, К.Қанапиннің [14] зерттеулерінде тірілей салмағы 40 кг еділбай еркек қазақы тоқтыларын 4 айлығында сойғанда бұлшық ет-сүйек ара-қатынасы жоғары және ең қолайлы майлы салмақ үлесіне (18,9 пайыз) жетуте болатынын көрсетті. Сонымен қатар сүйектің үлес салмағы 20 пайыздан аспады. Оларды 4; 6 және 9 айлығында етке сойғанда сойыс шығымы 50,5; 48,6 және 51,9 пайыз, еттілік коэффициенті 4,0; 3,27 және 3,94-ке тең болып, тиісінше сойыс салмағы 19,6; 18,6 және 24,1 кг ұша алуға болатынын көрсетті.
Қ.Қарымсақов, Қ.Асубаев, С.М.Амитовалардың жүргізген ғылыми жұмыстары 4-4,5 және 7-7,5 айлық қозыларды сою нәтижелері гемпшир типтес қошқарлардан алынған төлдердің ет өнімділігінің жоғары болатындығын көрсетті. Онда тірілей салмақ 10,70-11 кг немесе 34-40 пайыз, ұша салмағы 5,05-5,72 кг немесе 34-43,9 пайызға, сойыс салмағы 5,53-5,98 кг немесе 36,5-44,1 пайыз артып, ұша және сойыс шығымдары тиісінше 1,11-1,54 және 0,8-1,5 пайыз жоғарылады.
Әлемнің көптеген елдерінде тез жетілетін және жұмсалған мал азығын жақсы өтейтін қой тұқымдарының қозылары көптен бері бордақыланады.
Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Канада, Австралия, Аргентина, және басқа елдер суффольк, саутдаун, гемпшир секілді тез жетілетін қой тұқымдарын пайдалана отырып, көп мөлшерде қозы етін өндіреді. Мысалы, жас қой етін өндіруде әлемдегі алғашқы орындардың бірін иеленіп отырған Жаңа Зеландияда барлық етке өткізілген қой ішінде 4-5 айға дейінгі қозылардың үлес салмағы 70 пайыздан асады, ал Германияда жалпы қой шаруашылығы табысының 85 пайызы етке өткізілетін қозылардың үлесіне тиеді.
С.И.Фарсыхановтың мәліметтеріне қарағанда гиссар қойы тез жетілгіш, сонымен қатар жоғары ет өнімділігімен ерекшеленеді. Бұл тұқым қозыларын 4-6 айлығында сойғанда 15,8 кг бұлшық ет ұлпасын алуға болады, ал бұлшық ет-сүйек қатынасының коэффициенті 3,2 құрайды.
С.С.Рахманов зерттеулерінде өзі қатарлы қазақтың аралас жүнді және дегерестік биязылау жүнді тоқтыларына қарағанда (2,03 мен 1,96 кг, немесе 0,20 мен 0,27 кг аз, және 9,0 мен 12,1%) еділбай еркек тоқтыларды азықты орта тәуліктік тұтыну жағынан ерекшеліктенеді (2,23 кг).
Бордақылау кезеңінде еділбай тұқымының еркек қазақы тоқтылары жоғарғы жедел өсімталдығымен ерекшеленеді. Тәуліктік тірілей салмақ өсімі орта есеппен 177 г және бұл көрсеткіш қазақтың аралас жүнді және дегерестің биязылау жүнді тоқтыларына қарағанда жоғары (11 және 26 г, немесе 6,2 мен 14,7%) болды.
Қазақтың қылшық жүнді және еділбай тұқымды еркек тоқтылары өздерінің дегерес биязылау жүнді қой тұқымына қарағанда мал азығын қосқан салмағымен жақсы өтуімен ерекшеленеді. Әр килограмм тірілей салмақ өсіміне біріншілер кейінгілерге қарағанда 8,5 пен 8,8 азық өлшемі, немесе 6,6 мен 3,3%-ке аз жұмсалды.
Еркек қазақы тоқтыларды бордақылауға қою алдындағы бөлшектеп сою кезінде, жалпы сойылған өнімдердің шығымдарын есептегенде, салыстырмалы топтағы жануарлар арасында, ірі салмақты еділбай тұқымының еркек тоқтыларынан (39,6±1,0 кг) ауыр ұшалар алдында – 15,4 кг, ал құйрықтың салмағын қосқанда шығымы – 18,1 кг жетті, осыған сәйкес 28,9 мен 45,7% болды. Тірілей салмақ жағынан төмендеу қазақтың қылшық жүнді тұқымдық топтың еркек тоқтылары (33,7±0,7 кг) және дегерес биязылау жүнді тұқымдары (31,1±1,1 кг) салмақ жағынан айтарлықтай ауыр емес ұшалар берді, осыған қарай 13,4 пен 13,0 кг, ал құйрық майларымен бірге – 14,8 бен 13,7 кт, шығымдары 39,8 бен 41,9%, 43,9 бен 44,2% шамасында болды.
Тірілей салмақтарына қарай тоқтылардың бордақылауға қояр алдындағы ішкі майлары айтарлықтай болмаған – 1,3-1,5%. Барлық топтағы тоқтылардан субпродукт шығымдары біркелкі болып, 12,6-13,3 құраған.
Морфологиялық құрамы бойынша тоқтылардың ұшаларында айтарлықтай өзгерістер байқалған. Таза ет шығымы (құйрық майсыз ұша салмағы) дегерес тоқтыларында – 80,0%, ал қазақтың қылшық жүнді аздау және еділбай тұқымды қойларында 77,6 мен 76,6%, ал ұшадағы сүйек шығымы, керісінше, біріншіде аздау – 20,0%, ал соңғыларда 22,4 пен 23,4%. Тоқтылардың ұшала-рындағы бұлшық етпен сүйек қатынастары (құйрық майсыз) айтарлықтай өзгеріссіз, біркелкі шыққан, 70,1-70,8 және 29,2-29,9%.
К.Мыңбаев атындағы тәжірибе шаруашылығына 4,5-5 айлық 10 қарғалы еркек тоқтысын олардың өсу мен еттену ерекшеліктерін қолайлы азықтандыру деңгейінде зерттеу үшін 45 күндік екі кезеңдік жедел өсіру және бордақылау бағытында арнайы ғылыми-шаруашылық тәжірибелері жүргізілді.
Информация о работе Дәруменді биоқоспа қосылған шұшық өнімінің биологиялық ерекшелігін зерттеу