Қазақстан Республикасының сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының қолданылуы (азаматтық істер бойынша)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 18:24, дипломная работа

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.Диссертациялық жұмыс сот әділдігінің түсінігі мен құқықтық табиғаты принциптерін анықтауға байланысты жеткіліксіз игерілген(ізденушінің ұстанымы бойынша)мәселелер, сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтық iстер бойынша соттардың сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының түсінігі, мазмұны және жүзеге асырылуының кешенді зерттеулерінен тұрады.

Содержание

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 3
КІРІСПЕ 5
АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК 15 ҚАҒИДАСЫНЫҢ ТЕОРИЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Сот әділдігінің түсінігі және табиғи құқықтық принципі 15
Бәсекелестік қағидасының қалыптасу тарихы мен дамуы 30
Қазақстан Республикасының заманауи азаматтық сот ісін жүргүзуінің бәсекелестік қағидасының түсінігі мен мазмұны 45
Бәсекелестік қағидасының азаматтық сот ісін жүргізудің басқа қағидаларымен өзара байланысы және қатынасы 62
Дәлелдеу сатысындағы бәсекелестік қағидасының манызы 82
Бәсекелестік-тараптар мен іске қатысушы басқа тұлғалардың дәлелдеу қызметінің негізі 82
Дәлелдеу сатысындағы соттың орны мен бәсекелестігі 101
Өкіл ретінде адвокат қызметінің ерекшеліктері мен бәсекелестігі 110
3.ӘР САТЫДАҒЫ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАҒИДАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ 117
Сот өндірісінің бірінші сатысындағы бәсекелестік қағидасының жүзеге асуы 117
Аппеляциялық сатыда сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 142
Заңдық күшіне енген сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 159
ҚОРЫТЫНДЫ 170
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 176

Прикрепленные файлы: 1 файл

Егембердиев Ержан Ошакбаевич.docx

— 279.44 Кб (Скачать документ)

Билер тараптардың ортақ  келісуімен таңдалды, кез- келген тарап  іс басталғанша биден бас тарта  алды. Бұндай дәстүр тараптардың бәсекелестігінің шарты ретінде қызмет атқарды. Даулар тек жеке-дара судьямен ғана жүзеге асырылуы мүмкін болды. Бұл жай және кең таралған нысан болды. Бұл нысан көбіне билерге дауды шешу үшін ауылдастары, жақын туыстары немесе тараптардың өздері талапкер мен жауапкер өз еріктерімен дауларын билерге беріп отырған және оны шешуін сұраған.Егер арыз берген жәбірленуші судьямен туыстық немесе жақын қарым- қатынаста болса, көп жағдайда судьяның өзі істі қарауға қызығушылық білдірген. Соңғы жағдайда би жауапкерді сотқа өзі шақырған, бұндай жағдайда жауапкер шақырудан бас тарта алмаған. Оның келмеуі туысқандар арасындағы қарым- қатынаста ұят саналған. Егер би ақылды, көреген, сатылмайын болса, оған түскен шағымдардың саны жиі болатын, оған екі тарап да алыс жерлерден де келе беретін.

Қиын, шиеленіскен, ұзақ уақыт  созылған  істер алқа билермен қарастырылған, олардың біреуі төрағалық қызметін атқарушы Төре би болған. Жалпы өз руластарының мүдделерін қорғау, тараптардың кінәсіздігін және кінәлілігін дәлелдеуді тараптардың  әрқайсысының жақтаушы билері таныстарған. Билер соты институтын зерттей келе Қ.А.Мами келесіні ескерген: «... ғасырлар бойы қалыптасқан сот талқылауларының  нысаны іс жүргізудегі бәселелестік менталитеті мен адамдардың танымында  көрініс тапқан. Сот процесіндегі бидің билігі рәсімнің тәртібімен әлдендірілген. Дауласушы тараптар бидің алдына отырып оның билігін қабылдағандарын білдіріп, қамшыларын бидің алдына тастаған, осы рәсімнен кейін бидің барлық талаптарына,  қосымша дәлелдемелерді ұсыну, айғақтарды шақыру, би алдында ант беріп айтқанын бұлжытпай орындау кірген»[48, 18б.].

Бұдан басқа, билер сотының  тәжірибесінде мүмкін жолдар ретінде  істің мән - жайын анықтау бойынша  қазақтардың қалыпты құқығына ант  қабылдау институты белгілі, бұл  белгілі дәрежеде тараптардың бәсекелестігіне жағдай жасаған. Еркін Абиль Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық  тарихы курсы бойынша лекцияларында, ант қабылдаудың 2 түрі бар, олар: дәлелдеуші және тазалаушы деп жазады. Дәлелдеуші ант қабылдау талапкердің куәсінен алынады. Тазалаушы ант қабылдау жауапкер жақтан берілген. Ант беруші ресми жағдайда жауапкердің кінәсіздігі туралы ант беруі керек. Әдетте ант беруші аз болса да күмән болған жағдайда ант беруден бас тартқан, себебі аяғында оның қатесі анықталса, заңнан тыс жалған жауап беруші ретінде жауаптылыққа тартылған, оның мүлкі мен малы жазасыз тоналуы мүмкін. Ант берушінің тазалаушы анттан бас тартуы, жазалау үкімін шығаруға негіз болған[112, 103б.].

Бұндай дәстүрді  христиан шіркеуі соттарында байқауға болады, «...қылмыстық істерде айыптау және азаматтық істерде бәсекелестік процесінің қағидалары қалыптасқан бірінші ғасырда рим құқығын басшылыққа алған. Бұл жерде дауласушы тараптардың айыптылығы мен кінәлілігін анықтау мақсатында әділсоттылық істеріне Құдайлықтың тікелей кірісуге сенімі үстемдік етті. Солардың бірі кінәліні діни - адамгершілік  әдістермен кінәсін мойындатуды жүзеге асыртқызатын, тазалаушы ант қабылдау болды»[113, 31–32б.]. Бұндай ант қабылдау және оны сотта қарау тәртібі қазақтың құқықтық тарихын оқу үшін қосымша деректер сиқыршы Мхитара Гошаның поляктік – қыпшақ болжамының Армянтүп тұлғасының мәтінінде айтылған. Бұл деректеросындай мәнге ие ант берудің екі түрін көрсетеді, олар ант беруді мойындау және ант беруден бас тарту деп аталынады [114, 364-368б.].

XVIII–XIX ғасырда Қазақ хандығының Ресеймен бірігуінен кейін (үш жүздің: кіші, орта және ұлы) патшалық билік өзінің территориясында империялық сот жүйесін құра бастады. Осылайша жергілікті дәстүрлерді ескере отырып азаматтық және қылмыстық сот өндірісі бойынша істерде  қаулылар қабылданды, бірақ сонымен бірге қырғыздардың (қазақтардың) әдеттегі құқығы қолданылған болатын.

"Қырғыз даласы газетінде"  орналастырылған материалдардың  бірінде "қырғыздардың өзара  наразылықтары, айтыс- тартыстары  және айыптаулары азаматтық талаптарда  сипатталады деп көрсетілген.Қырғыздар арасында айыптар мен қылмыстар үшін кінәлілерді жауаптылыққа тартпаған, тек жәбірленушілер ғана олардан шығынын және айыппұл ретінде сыйақыны өндіріп алады және қырғыз тілінде “ қылмыстық жауаптылық” немесе “қылмыстық іс ”деген терминге түсінік жоқ, сондықтан ең ауыр жазаларда,мысалы өмірге қастандық жасау, қызды абыройынан айыру, қарулы шабуыл жасау қырғыздардың әдеттегі азаматтық талаптарында көрініс тапқан” [115, 647б.].

Ескерту- “Қырғыз даласы газеті” 1888- 1902 жылдары Омск қаласында қазақ және орыс тілдерінде шыққан болатын. Газет беттерінде Қазақ өлкесінің жағдайын әлеуметтік- саяси, экономикалық- құқықтық тұрғыда қамтыған мақалалар жарияланған болатын.

Тарихта былай делінген: «Ордалық барлық дауларды шешуде, өкпе реніштерді, ұрыс- керістерді және басқа да қақтығыстарды өзінің үйінде сотпен және қариялармен шешуге әдеттенген. Кез- келген би мен қария істі қарастыруда қиналған адамға әділ көмек көрсетуді өзінің парызы деп білген; ол келген барлық шағымдарды, дәлелдерді егжей- тегжейлі шыдамдылықпен тыңдайды, содан кейін ғана өзінің мүлтіксіз және қасиетті орындалуға жататын шешімін шығарады. Алқа билер сотында кез- келген іс ақырын қарасытырылады, яғни дауысты көтеріп сөйлеу әдепсіздік ретінде саналған»[115, 104б.].

Бірақ қырғыз халық сотының  жұмысына барлық қырғыздар риза болған жоқ. Мысалы, «қырғыздардың  орыс, татар және өзбектердің ықпалымен көз- қарастары, түсініктері және мінездері айтарлық өзгерді, бәлкім енді  қариялармен басқару саналы болып саналмайды, себебі ол өз ғасырын жасаған» деп көрсетілген.

Тек көп жағдайда талапкер дәулетті, судьямен және болыстың билеушісімен жақсы қарым- қатынаста болған кезде оның дәлелсіз арызын оның  пайдасына қанағаттандырып отырған. Осылайша, «... осындай мерзімнің ішінде талапкердің таңдауымен, 50 туысқандарының бәреуі жауапркерді ант беру арқылы ақтаған, ал кері жағдайда жауапкерден талапкердің пайдасына бір нәрсені өндіріп алу» [115, 366б.]. Бұндай іс жүргізудің тараптардың бәсекелестігіне жағдай жасамағаны белгілі.

Қазақстанның Ресей ипмериясына  бірігуі  қазақстардың қалыпты құқығын  бұзып, Қазақстан аумағына орыс құқығын  қалыптасуы басталды.

Құқықтық әдебиеттерде Қазақстанның аумағында қолданылған орыс құқығының  нормаларын екі үлкен бөлімге  бөлуге болатындығы  көрсетілген: бірінші  бөлігі, бүкіл империяда күші бар  және Қазақстанның арнайы жағдайында көрініс таппаған  нормалардан  тұрса, екіншісі, Ресейдің арнайы Қазақстан  үшін бекітілген нормалары. Олардың  қатарына келесідей маңызды актілерді  жатқызуға болады: 1822 жылғы Сібір  қырғыздарының жарғысы; 1854 жылғы  Сібір қырғыздарына таралған жалпы  империяның заңдары; 1867 және 1868 жылдардағы Уақытша жағдайлар және т.б. [116, 138б.].

1867-1867 жылдардағы реформалар  дәстүрлі құқықтық жүйені бүзуға  бағытталған жалпы империялық  заңнаманың және сонымен қатар  жалпы империялық сот жүйесінің  Қазақстан аумағына тарауын көздеген.

Билер болыстық съезбен сайланып үш жылға тағайындалған және әскери губернатормен бекітілген. Бұндай жағдай сотта жемқорлықтың дамуына кең  мүмкіндік берген. Сонымен қатар  егер бұндай реформаның алдында қазақтар жоғары мәртебелі биге шағымданса онда реформа оларды өз еркінен тыс  болыстық билерге шағымдануға міндеттеді. Соңғылары істі өзінің туысқандарының пайдасына шешкен және жемқорлықты  кеңінен тәжірибеде қолданған. Бұл  жағдайлардың барлығы тараптардың  сот ісін жүргізудге бәсекелестігіне  кері әсерін тигізді.

Тек XIX және XX ғасырларда патшалық үкімет Қазақстанға 1864 жылғы сот реформасының негізгі жағдайларын енгізді.

Әйтсе де. С.З.Зиманов ескергендей  жалпы билер соты іс жүргізудің бәсекелестігіне  негізделген. Тараптардың әрқайсысы  қажет болған жағдайда өзінің билерімен  бірге келген, кейде руласының  мүддесін қорғайтын бір бимен  ғана емес. Би сотында кез- келген тарапқа  жақтасу рұқсат берілмеген. Әдетте сот талқылаулары ханның есік алдында, билердің үйінде, белгіленген жерлерде, көбінесе көшпенді қоныстарда жүзеге асқан [41, 35б.].

Билер соты ауызша түрде, жариялы  және көп жағдайда өкілеттікке рұқсат етіліп жүзеге асқан. Халық арасында оның сондай мәртебеге ие болғаны  соншалық, оған орыс халқы да қазақтармен  дауласқан жағдайд жиі шағымданған  және ол ешқандай тәртіптік шараларды  қажет етпеген [112, 167б.].

Билер соты институтының оң жақтары туралы атақты қайраткер  Ш.Уәлиханов «сот билерінің маңызды  құндылығы оның формальдылығымен ресмилілігінің болмауында. Бидің маңызы оның мәртебесіне негізделген және оның шені сот тәжірибесінің дәлелі ретінде болған. Жәбірленген қырғыздарға кез- келген соттық мәртебеге ие тұлғаға шағымдануға еркін құқық берілген, бұл біздің қазіргі таңдағы науқастардың мәртебелі дәрігерлерге қаралғанымен, ал айыпталушының атақта адвокаттарға жүгінуімен бірдей » деп ерекше көңіл бөлген» [41, 71-72б.].

Өз шешімдерінде атақты билер  заманауи өкілдерге қарағанда «жоғарғы қағидаға негізделген ар- намыс, адамгершілік, абырой - кез- келген дауды шешуде негізгі аргументі  болып және халықтың амандығының үміті ретінде танылған. Осы аргумент көп жағдайда бақтасушылардың халық алдында бәсекелестігінің адами түсінікті жоғары қоюын арттырған » - деп А.К.Нурпеисов жазған [117, 49-54б.].

     Сонымен бірге  билер соты рулардың ескі дәстүрі  бойынша дауларды шешуде өзінің  руласының мүддесін қорғауға  мүмкіндік берген, яғни қорғау  институты қолданылған. Қорғау  жүйесі бұның алдында қазақтарда  дамыған, олар үшін бұл өз еркімен жасаған әрекеті болған. Осы немесе басқа дауласушы тараптың теңдей туысқандық қатынаста болған руластары бейтарап болып қалған, мүмкіндігінше дауласушы тараптарды татуластыруға тырысқан. Сондықтан, қазақтарда тараптардың әр қайсысы өзара келісу нәтижесінде биді сайлаған, ол би бейтарап қызмет атқарған, бұндай жағдайда сайланбалы сот нысаны жиі қолданылған деп болжауға болады. Бұл оларда қалыптасқан дәстүрлердің өзгеруіне, яғни дауласушы тараптардың судьяны таңдауы әр топтан бір тұлғаның қатысуымен жүзеге асуын өзгертуге әкелді.

 Егер ежелгі орыс  деректемелеріне көз салсақ, «Орыс  шындығы» және басқа да ежелгі  деректемелер бәсекелестікті азаматтық істерді қарастыруда қағида ретінде санамаған. Алайда, тараптардың құқықтық жағдайы және олардың, әсіресе дәлелдеу сатысындағы рөлі бұл туралы көрнекі куәландырады. Азаматтық істі қозғау мүдделі тұлғаның шағымдануы немесе жала жабуы арқылы жүзеге асады. Шағымсыз іс қаралмаған. Істі басталғанда талапкер өз шағымданған жауапкердің тұлғасын білуге міндетті болған. Жауакерді іздеу және оны шақыру талапкерлерге жүктелген [118, 174б.].

   Тараптар іс жүргізуде  бірдей жағдайға ие болған  және бірдей талапкер деп аталған. Олар өздері дәлелдеудің пәнін, олардың талаптарын және қарсылықтарын мақұлдаған дәлелдемелерді анықтаған. Іс бойынша деректі жағдайларды анықтау толығымен тараптарға жүктелген. Сот тек дәлелдемелерді бағалап және шешім шығарып, арбитр ретінде ғана қызмет атқарған. Ф.М. Дмитриевтың айтуынша ежелгі сот бәсекелесуілердің арасында дұрыс жарыс болған [119, 218б.].

    Толық іс жүргізу  жекелеген қызметтерді немесе  кешенді қызметтерді жүзеге асырудан  тұрған. Дәлелдемелер соттың алдына  ұсынылған, хатшылар мен жазылған  қарсы тараптарға таныстырылған.  Тараптардың енжарлығы іс жүргу  қызметін жүзеге асырудағы қарсылық  ретінде қарастырылған. Осылай, Новгородтық  Сот грамотасында бір тараптың  сотқа келмеуі басқа тараптың  пайдасына шешіледі деп көрсетілген.  Сот белгіленген мерзімде куәгерлерді және басқа тарапты бетпе- бет шақырмаса ұқсас шешімдер шығарылып отырған. Бұл грамота жауапкердің қарсы талап қоюына мүмкіндік берген.

XV-XVI ғғ. сот қызметкерлері дәлеледемелерді ұсыну жалпы ережесін сақтаған. Дәлелдеу мен әшкерелеуді тараптар жүргізуге тиіс болды. Іс олар ұсынған дәлелдемелерге негізделіп шешілген. XVI ғасырдан бастап істің деректі жағдайларын анықтау бойынша сот қызметінің өкілеттіктері кеңейтіле бастаған. Судья тек қана тараптардың арызын тыңдап, дәлелдемелерді ғана қарастырмаған,сонымен қатар белгілі бір деректерге байланысты түсінік алған, тараптардан қосымша дәлелдемелерді талап етіп, нақты дәлелдемелерді талдауға ұсыныс білдіре алған. Тараптардың талабы бойынша бәсекелестік іс жүргізуде дәлелдеу әдісі ретінде жаппай тінту жүргізуге рұқсат етілген [120, 126 б.]. Тек 1723 жылдың  5 қарашасында қабылданған «Соттың нысаны туралы» жарлық (ары қарай Жарлық) қана іздеу поцесін жойды. К.Д. Кавелиннің ойынша, Жарлық « азаматтық сот өндірісіндегі ... ежелгі сот нысанын қалпына келтіру...уақыттың қажеттіліктерімен сәйкесінше түрін өзгерткен »[121, 349–350б.].

Жарлық ауызша сот айтуын енгізді, сот үкіметін кеңейтті, тараптарға бәсекелесуге жағдай жасады. Бәсекелестік қағидасы сот талқылауы сатысында  да, сотқа дейінгі дайындық сатысында  да сақалды. Сотқа дейінгі бір  аптадан кешіктірілмей жауапкерге арыздың көшірмесі (тізімі) өзін-өзі  қорғауға дайындалу үшін берілді. Жауапкер тізімді («реверс») алғаны туралы қолхат берді. Сот тергеуі арыздың әрбір пункті бойынша жүргізілді. Жауапкерге әр пункт бойынша жауап беру жүктелген. Арызға жауапты жазбаша нысанда беруге тыйым салынған. Бірінші пункттен өткеннен кейін екінші, үшінші және т.б. пункттерге өткен. Тараптардың әр қайсысынан барлық дәлелдемелер әр пункттың шағымы бойынша бірінші талапкермен, одан кейін жауапркермен ұсынылған. Талап беруші сот талқылауына дейін барлық керекті құжаттарды дайындауға міндеттенген. Жауапкер сот талқылауының кез- келген уақытында қосымша сот дәлелдемелерін қосуды өтіне алған. Бұл жағдайда талапкерге құжаттарды іздеуге қажет уақыт берілген. Бірақ 1723 жылғы Жарлық іс жүргізудің бәсекелстік нысанын соңына дейін жандандырмаған. Ол тараптардың ұсынылған дәлелдемелеріне неізделген сот шешімін шығаруға міндеттелген. Сонымен қатар сот іс бойыншақосымша тараптармен ұсынылмаған  анықтамаларды  өзі жинай алған. Бұл Жарғы соттың анықтама жинау шегінің мөлшерін анықтамаған, бұл сот еркіндігіне мүмкіндік берген. «... Соттардың анықтама жинау туарлы I Петрдың мойындауы жүз жыл уақыт өткеннен кейін кері әсерін тигізді...» [122, 433б.].

Информация о работе Қазақстан Республикасының сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының қолданылуы (азаматтық істер бойынша)