Қазақстан Республикасының сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының қолданылуы (азаматтық істер бойынша)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 18:24, дипломная работа

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.Диссертациялық жұмыс сот әділдігінің түсінігі мен құқықтық табиғаты принциптерін анықтауға байланысты жеткіліксіз игерілген(ізденушінің ұстанымы бойынша)мәселелер, сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтық iстер бойынша соттардың сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының түсінігі, мазмұны және жүзеге асырылуының кешенді зерттеулерінен тұрады.

Содержание

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 3
КІРІСПЕ 5
АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК 15 ҚАҒИДАСЫНЫҢ ТЕОРИЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Сот әділдігінің түсінігі және табиғи құқықтық принципі 15
Бәсекелестік қағидасының қалыптасу тарихы мен дамуы 30
Қазақстан Республикасының заманауи азаматтық сот ісін жүргүзуінің бәсекелестік қағидасының түсінігі мен мазмұны 45
Бәсекелестік қағидасының азаматтық сот ісін жүргізудің басқа қағидаларымен өзара байланысы және қатынасы 62
Дәлелдеу сатысындағы бәсекелестік қағидасының манызы 82
Бәсекелестік-тараптар мен іске қатысушы басқа тұлғалардың дәлелдеу қызметінің негізі 82
Дәлелдеу сатысындағы соттың орны мен бәсекелестігі 101
Өкіл ретінде адвокат қызметінің ерекшеліктері мен бәсекелестігі 110
3.ӘР САТЫДАҒЫ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАҒИДАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ 117
Сот өндірісінің бірінші сатысындағы бәсекелестік қағидасының жүзеге асуы 117
Аппеляциялық сатыда сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 142
Заңдық күшіне енген сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 159
ҚОРЫТЫНДЫ 170
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 176

Прикрепленные файлы: 1 файл

Егембердиев Ержан Ошакбаевич.docx

— 279.44 Кб (Скачать документ)

Ұйымдастырушылық қағидаларының  жүйесі мен сот қызметі туралы осы қағидалардың және олардың бір немесе бірнеше басқару қағидаларына бағынуы тек өзара бағыну  және келісушілік мәтінінде айтуға болады деп профессор К.Х. Халиков ойлайды.

Профессордың ойынша, өзі бағындыратын және өзара бір-бірімен келісетіннің барлығы, демократизмнің, заңдық және объективтік  шындықты анықтауды қамтамасыз етудің және заңды дұрыс қолданудың қағидалары болып табылады[79, 24–25б. ].

Барлық әділсоттылық қағидалары бір- бірімен өзара қарым- қатынаста  және қызметте, бір -бірін өзара толықтырып тұрады, ал кейбіреулері өзге де қағидалардың реттелуіне кепілдік береді, сондықтан  олардың бір жүйені құрайтыны  сөзсіз.Барлық субъектілерүшін сотпен қарастырылатын құқықтық дауларды қарау және шешудегі  құқықтық қатынастарда әділсоттылық қағидасы міндетті болып табылады. Сот өз кезегінде қағидаларды бұзбауға және сақтауда бақылау жүргізуге міндетті.  Басқа жағдайда, қағиданы бұзған тұлғаға заңдық жауапкершілік тағайындалады. Бәсекелестік қағидасында тұрақтылық қасиеті болғандықтан, ол азырақ өзгеруге ұшырайды.

Осылайша әділсоттылық қағидасының  қандай түсініктерден тұратынын  айтуға болады.Біріншіден, олар әділсоттылықтың негізгі қасиеттерін анықтайды, сондықтан әділсоттылық туралы басқа құқықтық нормалар оған қайшы келемеу керек. Екіншіден, олар заң шығару және құқық қолдану қызметіның барлық субъектілер үшін жалпы міндетті болып табылады. Үшіншіден, олар басқа құқықтық нормалармен салыстырғанда тұрақтылық қасиетіне ие болады. Төртіншіден, олар әділсоттылық туралы жаңа нормаларды қабылдағанда және талқылағанда маңызды орынға ие, себебі нормативті құқықтық актілерге дұрыс бағыт пен түсінік береді.

Әкімшілік және азаматтық  сот өндірісі шегінде жүзеге асатын әділсоттылық қағидасы сот мәжілістерінде орындалады, ал қылмыстық сот өндірісі сатыларында сот талқылауын (тергеу және алдын- ала тергеу сатыларында ) болжайды, бірақ сот өндірісінің әр сатысындағы көрінісі бірдей бола бермейді. Қылмыстық процесстің нақты сатыларындағы деңгей түрлі мәселесінен көрініс табады. Олардың жан-жақты көрініс табудеңгейі қылмыстық процесстің нақты сатысының алдында тұрған; процесстің белгілі бір сатысындағы лауазымды тұлғалардың және әр түрлі мемлекеттік органдардың қызметі; сатылар мен институттардың ерекшеліктері; процесске қатысушы азаматтар мен өзге де қатысуышылардың қызметінің маңызы және т.б.  мәселелерге байланысты [100, 45б.].

Азаматтық істерді қарау  және шешудегі сот қызметі тек  әділсоттылықтың негізгі  идеяларымен  ғана жүзеге  асуы емес, сонымен қатар  оларға сөзсіз бағынуы тиіс. Сондықтан 1999 жылғы ҚР АІЖК-не келесі нормалардың  енуі орынды деп санаймыз:

  • Азаматтық сот өндірісіндегі қағидалардың бұзылуы оның мінез- құлқы мен маңыздылығына байланысты шығарылған сот актілерінің күшін жоюға әкеліп соғады (ҚР АІЖК 23б.);
  • Істерді шешуде соттың заңды бұзуына жол берілмейді және заңсыз сот актілерінің күшін жоюға әкеліп соғады; заңды бұзған  кінәлі сот заңда бекітілген жауапкершілікке тартылады  
    (ҚР АІЖК 6б. 3т.)[23, 4-5б. ].

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге шақыратын сот билігі, азаматтық істер бойынша әділсоттылықты жүзеге асырудың негізін қалаушы бастамаларды бұзбауы тиіс немесе бұл, ең алдымен, мемлекеттік биліктің осы тармағының маңыздылығы мен мақсатына қарсы келуші еді. Басқа жағынан соттар, қоғамда, бәсекелестікпен нығайтылған, тәуелсіздікпен беделінің мызғымастығының шынайы билігіне ие болуы керек. Тек бұндай сот қана шын мағынадағы әділсоттылықты жүзеге асыра алады және тек осы жағдайда ғана әділ қоғам және әлеуметтік- бағытталған саналы қозғалыс туралы айтуға болады.

ҚР Конституциясының 77 бабында  бекітілген процессуалдық қағидаларының сақталуы, әрбір судья үшін күнделікті жұмыс процессі болуы керек. Орынды ойлардан(процессуалдық қағидалардан) туындаған болса да олардан кез келген бас тарту, сот қызметіне байланысты барлығын жоққа шығаруы мүмкін, процессуалдық нақтылық, толықтылық және анық талаптар және ережелерарқылы процесте тараптардың теңдігін қамтамасыз етіледі. Соттардың өзі белгілі бір жағдайларға байланысты бұл сұрақтарды қоя алмайтындықтан, бұл жерде заңи қоғам мен заңи ғылымның жауапкершілігі мен рөлі жоғары.

     Соттар адам  мен азаматтардың конституциялық  құқықтары мен бостандықтарын  кемсітетін заңдар мен нормативтік  актілерді қолдануға құқықтары  жоқ деп ҚР Конституциясының 78 бабында бекітілген. Бұл баптың  мазмұнына назар аударсақ, Конституцияға  қарсы келетін нормаларды қолдану  барлық заңнамалық базаға байланысты және сәйкесінше сот процессінің аясына қатысы бар тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың ерекше жауапкершілігі соттардың мойнында. Сол себепті отандық әділсоттылыққа уақыт өткен сайын жоғары талаптар қойыла береді.

    Сот сот өндірісін  жүзеге асыру қағидаларын басшылыққа  ала отырып әділсоттылықты жүзеге  асыруыдың сапасын жоғарылатуы  керек, сонымен қатар істерді  қарау мерзімінің бұзылуын қысқарту,еңбек  ережелерін және сот этикасының  нормаларын сақтау және жалпы  сот беделін арттыру.

    Сот жүйесін дамытуда соттыңөзін- өзі дұрыс ұстауы, соттардың тәуелсіздігін және оған құрметін нығайтуда  маңызды орынға ие. Осыған байланысты іске қатысушыларға соттың дөрекі қарым қатынасына шағым жасалу мүмкін емес, процессте өзін әдепсіз ұстауы, отбасылық жағдайындағы мінез- құлқы, азаматтармен дөрекі сөйлеуі, тараптардың біреуі оның жақыны болған жағдайда шағым жасаудан бас тартуы, процесске себепсіз кешігуі, процееске соттың мантиясыз қатысуы, өкінішке орай әсіресе жаңадан тағайындалған соттардың арасында көп орын алады.

     Заң нормалары  мен судья этикасы кодексін  басшылыққа ала отырып, судья  өз  антына берік болуы керек,  заңға сөзсіз бағынуы және  оның адалдығы мен бейтараптығында  күмән болмайтындай өзін- өзі  ұстауы керек.

 Судья этикасына қарама  қайшы келетін сот ұйымының  аталған ережелерін, еңбек тәртібін дөрекі бұзуы, сотты тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы сұрақ туындатуы мүмкін.

    Қазақстанда реформа  жылдарында әділсотыллықты жүзеге  асыруда судьяның бейтараптығы  мен тәуелсіздігін толық жүзеге  асыру мүмкігдігін қамтамасыз  ететін  құқықтық механизімдерді  қалыптастыра алды.

Бүгінгі таңда тәртіптік  өндіріс бойыншатуындайтын мәселелерді істерде қарастыратын, Республиканың кез- келген судьясының тәртіптік ісі бойынша әкімшілік соттардағы тәртіптік- квалификациялық мүшелік жұмыс жасайды,  өз кезегінде сол сұрақтарды қарастырады, бірақ  тек қана облыстық соттардың судьяларына қатысты,сонымен қатар төрағалармен аудан соттарының судьялары Республикалық тәртіптік- квалификациялық мүшелікте жұмыс жасайды.

      Әділсоттылық  қағидаларының кейбір мәселелелерінің  жүзеге асуын талдайық.

  Өз кезегінде Конституцияның  көптеген баптарында көрініс  тапқан заңдылық қағидасы  барлық  құқықтық жүйе үщін, құқықтық  қатынастардың барлық субъектілері  үшін маңызы бар негізгі,салааралық қағида болып табылады.

     Республиканың  құқықтық мемлекет ретінде бекітілуі  қарастырылған бұл қағида ҚР  Коституциясының 1 бабынан бастап  барлық баптарына  толықтай  енген. 4 бапта қолданыстағы құқықтың  қайнар көздері, Конституцияның жоғарғы заңдық күші, халықаралық құқық нормаларының басымдылығы, оларды қолдану шарттары негізінде нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы бекітілген.

      Әділсоттылықтың  алдына қойылған міндеттерді  жүзеге асыруы, азаматтардың заңды  мүдделері мен құқықтарын қорғауды  қамтамасыз ету қағидаларын жүзеге  асыру, судьялардың құқықтық мәртебесінде  бекітліген заңдылық қағидасы  сот билігін жүзеге асыруда  көрініс табады.

     Заңдылық қағидасының  жүзеге асуы Конституция мен  заңдардың бұзылған баптарын  қалпына келтірумен және бұндай  құқықтардың бұзылуына жол бермеуіне  бағытталған әрекеттермен  байланысты.

     Заңдылық қаңидасы  судья әділсоттылықты жүзеге  асыру барысында тек Конституцияға  және заңға бағынатындығында  көрініс табады. Судья істерді және құқықтық дауларды қарастыруда және шешуде процессуалдық және материалдық құқықта қамтылған нормалардың барлығын сақтауға міндетті.

Қатаң заң бұзушылық тек  сот актілерінің күшін ғана жоймайды, сонымен қатар шешім шығарған немесе  тікелей шешім шығаруға қатысқан судьяны тәртіптік жауаптылыққа тартады. Сондықтан соттың және өзге де сот процессіне қатысушылардың   осы қағиданы дұрыс қолдануы және сақтауы іс бойынша дұрыс шешім  шығаруға негіз болады.

    Келесі қағидалардың  бірі болып жарилық қағидасы  танылады. ҚР АІЖК- нің 19 бабында  бекітілген сотта істі қараудың жариялық қағидасы барлық азаматтардың, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сот мәжіліс залына еркін кіріп, азаматтық процестің барлық сатыларында (бірінші, апелляциялық, қадағалау сатыларының соттарында) басынан аяғына дейін қатысуы және сот отырысы залында болып жатқан жағдайлардың бәрін өз көздерімен көруі қамтамасыз етіліп, азаматтық істердің барлық соттарда ашық жүргізілетінін, сондай- ақ олардың сот отырысы залында болып жатқан жағдайлардың бәрін өз қалаулары бойынша жазып алу, стенограмманы және дыбыс жазуды пайдаланып жазып алу құқығын білдіреді. Жариялылық сондай- ақ заңда көрсетілген жағдайларды сақтай отырып сот отырысы кезінде тікелей хабар жүргізуді, киноға және суретке түсіруді және бейнетаспаға жазып алуды көздейді [102]. « Азаматтық істерді жариялылық қағидасы бойынша қарауды жүзеге асыру туралы » 2005 жылдың 28 қазанынан № 5 ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының үшінші бөліміне сәйкес сот талқылауының жариялылығы деп істі ашық қарау ғана емес, сонымен қатар істің ашық және сот рәсімдерінің қол жетімділігі, яғни сот шешімінің жариялы түрде хабарлануы, тараптардың өзге де сот процесіне қатысуышлардың шағымдарымен танысуы, жоғары сатыда тұрған сотта істі қараудың уақыты мен орны туралы хабарлауы, заңды күшіне енген шешімдердің дерекқорына еркін кіру мүмкіндігі, сот акітлерінің жүзеге асуы туралы ақпарат алу мүмкіндігі.

     Іс жүзінде  әлі күнге дейін азаматтар   көбіне қарастырылған іс бойынша мәліметтер, мысалы, істі қарау күні, уақыты және өткізілетін орны туралы, алдын ала сотпен белгіленген уақытта іс қаралмаған жағдайда сот отырысын кейінге қалдыру, сонымен қатар заңдық күшіне енген сот актілерінің толық мәтінімен таныса алмайды. Сондықтан сот өндірісіндегі жариялық қағидасын жүзеге асыру өзекті мәселе болып отыр.

     Мемлекет сот  реформасын жүзеге асыру аясында  әділсоттылықты жүзеге асырудың  сапасын арттыру мақсатында соттарға  жаһанданған ақпарат технологияларын  енгізу бағдарламаларын қаржыландыруда. Қазіргі кезде ҚР- ның Жоғарғы  Сотының нормативтік қаулыларының  және заңды күшіне енген сот  актілерінің нормативтік қоры  құрылған ҚР Жоғарғы Сотының  ақпараттық сайты бар.

Азаматтық, әімшілік және қылмыстық істерді автоматтандырылған бөлу жүйесі бірте- бірте енгізілуде. Автоматтандырылған жүйенің көмегімен сот актілерінің бірегей ауқымы құрылуда және өңделуде.

Әділсоттылықты жүзеге асырудың сапасын арттыру және жемқорлық  әрекеттерінің болу мүмкіндігі туралы ескерту үшін, қазіргі уақытта  барлық соттардың негізгі бөлімдерін копьютерлендіру қажет.

Соттарда сот процестерінің  ашықтылығын және айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында Интернет-беттерін құру үшін Интернет желісіне қосылу. Мысалы, бразилия соттарының көпшілігі Интернетті қоғам туралы толық ақпарат алу  үшін, сот шешімдерінің мәтінін алу  мүмкіндігі және істі ары қарай жалғастыру үшін қолданады. Сондықтан бұндай бағдарлама сот процесінің тараптары мен өкілдері үшін өте тиімді [103, 7-8б ].

Сот қызметіндегі ақпараттық технологияларды қолдану мәселелерін  шешу үшін, біріншіден, тиісті нормативтік  жағдайларды құрастыру және қабылдау қажет. Содан кейін, сот ғимаратын  ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық жабдықтауға кірісу.

Сот өндірісіндегі алқалық және дара басшылық қағидаларының үйлесуі,бұл шешімді ортақ қабылдайтын және салиқалық жауапкершілік жүктелген,  бірнеше мүшедене тұратын алқа билер сотының әділсоттылықты жүзеге асыратын - сот өндірісіндегі алқалыққа негізделген.

Бірінші сатыдағы істі сотта  қарау сотпен жеке дара жүргізіледі. Жоғарғы тұрған соттар мен сатылардың тәртібі Қазақстан Республикасының  процесуалдық заңнамасымен анықталады. Судьялар істі алқалық қарастыруда  дауыс беруден тартынуға құқықтары  жоқ. Сонымен бірге судьялардың  біреуі төрағалық етуші болады.

ҚР АІЖК-нің 37 бабына сәйкес азаматтық істерді бірінші сатыдағы сотта қарау сот атынан қызмет ететін судьямен жеке- дара жүзеге асырылады. Апелляциялық және қадағалау сатысындағы істерді сотта қарау алқа билер сотымен жүзеге асады. Істі алқа билер сотымен қарастырғанда соттардың құрамына соттардың (үшеуден кем емес) тақ саны кіруі керек, олардың біреуі төрағалық етуші болады.

Әділсоттылықты жеке дара жүзеге асыратын  судьяларға соттың барлық өкілеттіктері беріледі. Алқа билер сотында барлық судьялар тең  құқыққа ие, сонымен қатар төрағалық  етуші де [90, 109 б.].

Сатылық қағидасы әділсоттылық қағидасы ретінде істерді бірінші  және жоғарғы тұрған соттарда қарау  болып табылады. Бірінші сатыдағы соттар істі нақты мән-жайы бойынша  және құқықтық дауларды қарастырумен айналысады.

Соттың бірінші сатысындағы  заңды күшіне енбеген шешімдерді анықтау апелляциялық тәртіпте қарастырылуы мүмкін. Істе бар және қайта ұсынылған дәлелдемелерді зерттеп, істің нақты мән- жайы бойынша сот актілерін қайта қарастыруды апелляциялық сотта жүзеге асырады. Істі қайта қарау нәтижелері бойынша төменгі тұрған сот шешімінін күшін жойып, жаңа шешім шығаруға құқылы.

Информация о работе Қазақстан Республикасының сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының қолданылуы (азаматтық істер бойынша)