Қазақстан Республикасының сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының қолданылуы (азаматтық істер бойынша)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 18:24, дипломная работа

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.Диссертациялық жұмыс сот әділдігінің түсінігі мен құқықтық табиғаты принциптерін анықтауға байланысты жеткіліксіз игерілген(ізденушінің ұстанымы бойынша)мәселелер, сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтық iстер бойынша соттардың сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының түсінігі, мазмұны және жүзеге асырылуының кешенді зерттеулерінен тұрады.

Содержание

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 3
КІРІСПЕ 5
АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК 15 ҚАҒИДАСЫНЫҢ ТЕОРИЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Сот әділдігінің түсінігі және табиғи құқықтық принципі 15
Бәсекелестік қағидасының қалыптасу тарихы мен дамуы 30
Қазақстан Республикасының заманауи азаматтық сот ісін жүргүзуінің бәсекелестік қағидасының түсінігі мен мазмұны 45
Бәсекелестік қағидасының азаматтық сот ісін жүргізудің басқа қағидаларымен өзара байланысы және қатынасы 62
Дәлелдеу сатысындағы бәсекелестік қағидасының манызы 82
Бәсекелестік-тараптар мен іске қатысушы басқа тұлғалардың дәлелдеу қызметінің негізі 82
Дәлелдеу сатысындағы соттың орны мен бәсекелестігі 101
Өкіл ретінде адвокат қызметінің ерекшеліктері мен бәсекелестігі 110
3.ӘР САТЫДАҒЫ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАҒИДАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ 117
Сот өндірісінің бірінші сатысындағы бәсекелестік қағидасының жүзеге асуы 117
Аппеляциялық сатыда сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 142
Заңдық күшіне енген сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 159
ҚОРЫТЫНДЫ 170
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 176

Прикрепленные файлы: 1 файл

Егембердиев Ержан Ошакбаевич.docx

— 279.44 Кб (Скачать документ)

     1765 жылдың 27 шілдесінде  қабылданған Жарғыны қолдануда  «сот нысанын» басшылыққа алу  туралы   Екатерина II- ші жазды және соған қарамастан  ауызша сот айтуын алып тастады. Тәжірибеде судьялар іс жүргізуде азаматтық және қылмыстық істерді бөлмей біресе тергеу, біресе бәсекелесу нысанын қолданған. 1864 жылғы сот реформасына дейін тергеу процесі абсолютті түрде жоғарғы орынған ие болды.

    1864 жылғы II Александрдың үкіметімен сот реформасы жүргізілді. Азаматтық сот өндірісін жүргізетін Жарғы қабылданды, бұл жарғыны құрастырған кезде Рим құқығының дәстүрлі рецепция үлгісі болған Францияның Азаматтық Кодексі қолданылды [123, 50-80б.]. 1864 жылғы азаматтық сот өндірісінің Жарғысында римдік азаматтық іс жүргізудің негізін қалаған келесі қағидалар көрініс тапты: диспозитивтілік, жариялылық, ауызшалық, бәсекелестік.

XIX ғасырдың 70- жылдары жарияланған қағидалардан, оның ішінде бәсекелестік қағдасынан шегіну орын алды. Бұл сол кездегі құқықтанушы- ғалымдардың пікірталасын туғызды.

    Бәсекелестіктің  пайда болуын революцияға дейінгі  процессуалистер, Германияда қалыптасқан  доктринада ( ең алғашқы бәсекелестік 1804 жылы Геннермен қалыптасқан)“ бәсекелестіктің бастауы бәсекелстік қағидасының іс жүргізуіне емес, азаматтық іс жүргізудің диспозитивтілігіне негізделген ” деп баяндаған [124, 276б.]. Осы диспозитивтіліктен бәскелестік қағидасының процессуалдық мәртебесі анықталған, бұндай жағдайда судья енжар, ал тараптар белсенді болған. Тәжірибеде бұл тараптардың дәлелдемелер мен амалдардың қайнар көзін сотпен тануын білдірген. Сот тараптардың өздері жинаған материалдарынн ғана қарастыруға құқылы болған. Азаматтық сот өндірісіндегі бәсекелестіктің негізі болып келесілер танылған:

     - ерекше субъективтік  процессуалдық құқық болып саналған, бекітілген сот шешімін даулаудың  негізін анықтаған және сот  өз шешімін шығаруда тараптардың  ұсынылған деректеріне негізделуін  міндеттеген нақтылы қарсылықтарды  негіздеудің еркіндігі;

    - тараптардың  дәлелдеу ережелеріне еркін қатынасы, іс жүргізуді әр тараптың өзінің  пайдасын қорғайтындай жағдай  берген. Дауланатын дәлеледемелер  ғана дәлелдеуді қажет еткен.  Деректі мойындау қарсы тарапты  onus probandi- дан босатқан және сотқа дауды шешілді деп санауға мүмеіндік берген;

   - тараптардың талаптан толық немесе жартылай бас тартуды анықтағаны, талапты және бітімгершілік келісімін мойындағаны өзін- өзі шығармашылық билеушілігі;

  - өндірістің бастауы  мен ары қарай дамуы мәселелелерінде  тараптардың еркіндігі [124, 280б.].

    Істің нақытылы  материалдарын басқаратын  тараптардың  жеке автономиясы тараптардың  жалған деректерді дұрыс деректер  (формальды мойындау)  деп ұсынуына және шындығында орын алған деректерге (формальды қарсылық) қарсы шығуға әкеп соққан. Бәсекелестік қағидасының бұндай теорилық түсінігі азаматтық іс жүргізуде мемлекет нақты зерттеуге және істі шешуге тікелей қызығушылық білдірмейтіндігінде құрылды.

   Бәсекелестік қағидасын  тәжірибеде қолдану революцияға  дейінгі құқық теориясында наразылық  тудырды. Ең алдымен азаматтық  іс жүргізу құқығы теорисында  пікірталас туындады, бірақ ол  қылмыстық іс жүргізуге ойланбастан өткен және белгілі маңызға ие болған. Профессор Т.М.Яблочков, өзінің «Азаматтық іс жүргізудің негізгі қағидаларын оқытуға» арналған мақаласында, «азаматтық іс жүргізу заңнамасында бекітілген бәсекелестіктен туындаған бастаулар, көптеген заңгерлерді істің жағдайына сәйкес материалдық шындықты іздеу, бәсекелестік процестің маңызымен сәйкес келмейді деген қорытындыға әкелді» деп жазған[124, 282б.].Баптың авторы сол соттық шешiм айғақтар емес дәлелдеуге жол беретiн және тараппен көрсетiлген сотқа сот шындық сенген оқиғалармен "Даулы материалмен" азаматтық-iс жүргiзу заңның анықтаулары түрінде, сонымен бiрге тура сол сотқа тарап танылған талаптануды зерттеулерiнен iркiлуге ұйғаратын анықтау немесе сот "Сот мойындауымен" сәйкес жұмыс iстеуге тiкелей мiндеттей алды[124, 289б.]. Автор көрсеткендейбұндай жағдайларда сот барлық істерді біле бермеген, тараптардың дұрыс емес тұжырымдарынан сақтана алмаған, ал бәсекелестік қағидасы егер ол қарсы тараппен танылса жасалған арыздардың әділеттілігін анықтауға тыйым салған[124, 290 б.].

Революцияға дейінгі басқа  құқықтанушылар басекелестікті азаматтық  сот өндірісі қағидасы ретінде есептеумен келіспеген.

Сол негіздемелер бойынша  процестің ішкі құрылымына бәсекелестіктің  сәйкес келмеуі, оны шындықты ашудың әдісі ретінде де әшкереледі: «Шындықты  ашудағы бәсекелестік әдісі жалған әдіс, бұнда көбіне оның қаруы емес, әділсоттылық бөгет болып тұр». Таза бәсекелестік процесі басқа істерде, оның ішінде жариялы істерде әрқашан материалдық шындыққа үрей тудыртады, тура сондай жағдай жеке қызығушылық істерде де болуы мүмкін[124, 133б.]. Сыншылар «сотқа құқық негіздерінің деректерін ашуға үлкен еркіндік  беру керек » деген қорытындыға келді[126]. Бірақ бәсекелестік заңнаманың мақұлдауын алды және бұл оның ары қарай дамуының мәселесін шешті. Ғылым процесуалдық жоспардағы бәсекелестіктің  жаңа теориялық негіздері арқылы шешім іздеді.Осылай, кейінірек азаматтық – құқықтық диспозитивтіліктен процесуалдық диспозитивтілік жасалды, бұл тараптардың тек өзінің әрекеттерімен басқару құқығын берді. Бәсекелестік мәселелерін ғылыми іздеуден тұратын профессор Т.М. Яблочковтың дәйексөз айтылған жұмысында, «бәсекелестік жеке мағынасы жоқ. Ол судьяға істің даулы жағдайларын шешу үшін және шешім шығаруға қажет құжаттарды беру үшін  басқа мақсатты көздемейді. Осылайша, бәсекелестік бұл шын мәнінде сот анықтамаларына қажет жанама құбылыс»[124, 316 б.].

Бұндай талқылауда бәсекелестік,  дәлелдеудің аз ғана орнын алып тұрғаны  және шындықты іздеудің әдісін анықтай алмайтыны, қағида ретінде қалыптасуға таласа да алмайтыны түсінікті.

Революцияға дейінгі теорияда бәсекелестік сыншылары келесідей  қорытындыларға келеді:

  • Бәсекелестік іс жүргізудің  қағидасы болмаған және бола да алмаған, себебі қағида қызметтің негізі ретінде оның мәні және міндетімен тығыз байланысты болуы керек.
  • Бәсекелестік сот қызметінің әдісі болмаған және бола да алмаған, себебі  әдіс қызметті жүзеге асыруды және оның мәселелерін шешуді жүзеге асырады, ал істің деректі жағдайларын зерттеп, анықтаудағы сот бастамасын талап еткен бәсекелестік, шындықты анықтаудағы соттың мақсатына бөгет жасаған.

Әйтсе де, бәсекелестік, сол  кездегі атақты ғалымдармен қағида ретінде танылған. Аса көрнекті ресейдің заңгер – ғалымы Е.В. Васьковский, «тараптардың ұсынған дәлелдемелеріне тек  баға беретін, соттың енжар жағдайдағы, іс жүргізудің материалдарын жинау және дәлелдемелерді іздеу дауласушылардың өз әрекеттілігі арқылы жүзеге асады» деп ескерген. Іс жүргізу құжаттарын жинау және дайындаудың бұндай түрі бәсекелестік қағидасы деп аталады, яғни іс жүргізудің деректі құжаттары үшін жауапкершілік немесе дәлірек айтқанда, іс жүргізуде тараптардың деректі құжаттарды еркін басқару құқығы»[30, 129–130 б.]. Н.Н.Розиннің кеңес дәуірі кезеңіндегі еңбектерінде бәсекелестікке келесідей пайымдау беріледі «...Мемлекеттің мүдделерін және оны тұлғалардың жеке мүдделері  сіңіруді табандылықпен үдету керек болмаған жағдайда немесе бұл қажеттілік ерекше өткірлікпен білінбесе, онда іс жүргізуден полиция элементі жоғалады және сот басқару, қаруынан құқықтық дауды шешу органы: азаматтар арасындағы немесе азаматтар мен мемлекет арасындағы әділсоттылықтың қарапайым институтына айналады. Сонымен бiрге процесс бұндай жағдайда өзінің қалыпты тұрпатын алады -  тап осында соттан бөлек, қең құқықтарға ие тараптар пайда болады, ал сотқа тек тараптар арасында туындаған дауды шешу құқығы,  яғни  өзінің ғана міндеттері жүктеледі, бiр сөзбен айтқанда, процесс айыптаушы немесе бәсекелес  болып қалыптасады»[127, 300 б.].

Бәсекелестіктің, сонымен  бірге азаматтық істер бойынша  сот өндірісі аясындағы бәсекелестік қағидасы дамуының тарихи талдауы революцияға  дейінгі кезеңде, оның өте маңызды ерекшеліктерініңжалғасуынан көрінеді.

Бастапқыда бәсекелестік ретінде қалыптасып, ол шешіліп жатқан даулардың ерекшелігіне толықтай сәйкес келді.

Қазақтардың қалыпты құқығы, Орыс шындығы және ежелгі құқықтың басқа да қайнар көздері бәсекелестікті азаматтық істерде қағида ретінде  атамаса да, бірақ тараптардың құқықтық жағдайы және дәлелдеу сатысындағы тараптардың рөлі бұны анық растайды.

Бәсекелестік іс жүргізуде  ежелден келе жатқан қағидалардың бірі. Мың жылдан астам уақытта бұл  қағида қазақ даласы мен Ресей  патшалығында сот тәжірибесінде  қолданылып келді.

1917 жылғы революциядан  кейін саясатта және құқық  аясында айтарлықтай өзгерістер болды. Осылайша,  сот өндірісін және оның негізгі бастауларына негізделе шешімдер шығарылу тиіс болған, іс бойынша нақты ретті білмейтін адамдар әділсоттылықты жүзеге асырды. №1 декретпен барлық сот мекемелері жеңілдетілген, егер олар  еңбек етушілердің революциялық құқықтық санасына және революциялық арына қарсы келмеген жағдайда революцияға дейінгі кезеңде қабылданған заңнамалық жағдайды басшылыққа алған жергілікті соттар құрылған. Бірақ, 1918 жылдың соңына қарай революцияға дейінгі қабылданған соттардың заңға сілтемелері 1918 жылғы 30 қарашада қабылданған халықтық сот туралы жағдайымен тыйым салынды. Халықтық сот  еңбекші-крестьяндардың өкіметі туралы декретті қолданды, егер олар толық болмаған жағдайда әлеуметтік сана басшылыққа алынды.

1923 жылғы РКФСР АІЖК-нің  қабылдануымен азаматтық сот  өндірісінің дамуына қағидалық  өзгерістер әкелді.

1923 жылға РКФСР АІЖК-де диспозитивтік, тараптардың сот пен заң алдындағы теңдігі, іс жүргізудегі тараптардың теңдігі, істі қараудағы соттың белсенділігі, жариялылық, сот өндірісіндегі ұлттық тіл мәртебесі, ауызшалық, тікелейлік, үзілмеушілік қағидаларымен бірге бәсекелестік қағидасы да ескерілген.

Алайда, 1923 жылғы РКФСР  АК бойынша азаматтық іс жүргізуді  пайымдай отырып, соттың арттырылған, сонымен қатар азаматтық сот  өндірісіндегі прокурордың өкілеттігін  бекіте отырып, бәсекелестік қағидасына қарағанда инквизициялық қағида басымдыққа ие. Азаматтық іс жүргізудің мақсаты шынайы құқықтарды және дауласушылардың  қарым-қатынасын анықтау болып  табылды, сондықтан азаматтық құқықтық дауды қарастырудағы және шешудегі  соттың мақсаты болып формальды емес материалдық шындықты анықтау болып есептелді. Осы мақсат пен міндетке сәйкес сотқа тек тараптар ұсынған дәлелдемелермен ғана шектеліп қоймау жүктелді. Осылайша келесідей қорытындыға келуге болады, 1923 жылғы РКФСР-дің АІЖК-інде бәсекелестік қағидасы таза күйде өткізілмеді, себебі соттардың дербес қызметтеріне үлкен маңызды өкілеттік берілді. Сот өзінің бастамасымен  қажетті сынау әрекеттерін жүргізе алатын. Осылайша, РКФСР-дің  Жоғарғы сотының АКК  №31847/24ж. іс келесіні көрсетеді: « революцияға дейінгі кеңестік азаматтық іс жүргізу кодексіне бәсекелестік қағидасы жат нәрсе және керісінше заң соттың дербес қызметінің бастауларын жүргізеді»[44, 77 б.]. КСРО-дағы буржуазияның қалдықтарын жою және мемлекеттегі социализмнің толық жеңісінен Лениндік формулалар социалистік жағдайдағы жеке тұлғаның субъективтік құқықтары және оларды қорғау, қоғамдық және жеке мүдделердің байланысы жаңа мазмұнға ие болды. Бұл саяси-партиялық нұсқауларда танылды және қоғамдық құқықтық теорияларда көрініс тапты[128, 10 б.].

Осылай, 60-жылдардың басына қарай Кеңестік одақта және Кеңестік республикада азаматтық сот өндірісі аясындағы нормаларды жетілдіру  бойынша заңнамалық жұмыстар жүргізілді. Осыдан ккейін соттың қызметінің белсенділігін бекіткен және соған орай тараптардың басқару құқығын кемітіп, адвокаттың құқық қорғау қызметін және шындықты анықтауда Кеңестік « талқылау қағидасын» қолданған 1963 жылдың 28 желтоқсанында қабылданған ҚазКСР- ның Азаматтық іс жүргізу Кодексі қабылданды. Сондықтан бұл заңнамалық жағдай бәсекелстік қағидасының жүзеге асуын шектеген деп түсінуімізге болады.

ҚазКСР- дің АІЖК- нің 14 бабында  келесідей соттың өкілеттіктері  қарастырылған: істің құжаттарымен және түсініктемелерімен шектелмей, тараптардың  құқықтарын, міндеттерін нақты істің  мән- жайын жан- жақты,толық, объективті шындықты анықтау үшін заңда көзделген  барлық заңи әдістерді қолдану.

Сот іске қатысушы тұлғаларға олардың құқықтары мен міндеттерін  түсіндіріп, іс жүргізу қызметін жүзеге асырған немесе асырмаған жағдайда салдары туралы ескертуге, іске қатысушы тұлғаларға олардың құықтарын жүзеге асыруға көмек көрсетуге міндетті.

ҚазКСР- дің АІЖК- нің 48 бабында, әрбір тарап өзі сілтеме жасаған талаптар мен қарсылықтарға негізделген дәлелдемелерді ұсынуға міндетті екендігі көрсетілген.

Бәсекелестік қағидасына сәйкес іске қатысушы тұлғалар (ең алдымен тараптар) сотқа істі дұрыс шешу үшін қажет деректерді және соған байланысты дәлелдемелерді ұсынуға міндетті. Тараптар мен іске қатысушы өзге де тұлғалардың оларды ұсына алмауы жағдайында, олар өтінішке сәкес және өз бастамасымен сотпен бірге жиналған.

Тараптар мен іске қатысушы өзге де тұлғалардың дәлелдемелері  сот мәжілісінде зерттелді.

Сонымен қатар бәсекелестік қағидасы азаматтық іс жүргізудің бәсекелестік нысанынан тұрды. Соңғысы, іске қатысушы әрбір тұлға өзінің ұстанымын қорғауғаҚазКСР- дің АІЖК- нің 23 бабында көзделген барлық процессуалдық құқықтарды қолдануға құқығы бар дегенді білдіреді.

Алайда бәсекелестік қағидасы ретіндегі бәсекелестік азаматтық  іс жүргізу заңнамасында арнайы норма  ретінде белгіленбеген.

Осы мәселе бойынша А.Я. Вышинский, кеңестік бәсекелестік қағидасы бұл- тараптардың жариялылық және теңдік қағидасына, социалистік демократизімге негізделген сот процессіне соттың белсенді қатысуы, соған қоса тараптардың бәсекелестігі деген [129, 249б.]. Бәсекелестік қағидасының бұндай түсінігі дәлелдемелерді жинаудағы соттың белсенділігі туралы бекітеді, ал бұл жағдай тым қажетсіз.

Соттың белсенділік қағидасы кеңестік азаматтық іс жүргізу теориясында  әрқашан буржуазиялық, оның ішінде революцияға дейінгі Ресейлік сот  өндірісінен (сонымен қатар қазақ хандығынығ оған қосылғаннан кейін) «таза бәсекелестіктен»  қатты ерекшелейтін азаматтық істер бойынша кеңестік әділсоттылықтың маңызды ерекшелігі ретінде қарастырған.

Информация о работе Қазақстан Республикасының сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының қолданылуы (азаматтық істер бойынша)