Қазақстан Республикасының сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының қолданылуы (азаматтық істер бойынша)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 18:24, дипломная работа

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.Диссертациялық жұмыс сот әділдігінің түсінігі мен құқықтық табиғаты принциптерін анықтауға байланысты жеткіліксіз игерілген(ізденушінің ұстанымы бойынша)мәселелер, сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтық iстер бойынша соттардың сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының түсінігі, мазмұны және жүзеге асырылуының кешенді зерттеулерінен тұрады.

Содержание

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 3
КІРІСПЕ 5
АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК 15 ҚАҒИДАСЫНЫҢ ТЕОРИЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Сот әділдігінің түсінігі және табиғи құқықтық принципі 15
Бәсекелестік қағидасының қалыптасу тарихы мен дамуы 30
Қазақстан Республикасының заманауи азаматтық сот ісін жүргүзуінің бәсекелестік қағидасының түсінігі мен мазмұны 45
Бәсекелестік қағидасының азаматтық сот ісін жүргізудің басқа қағидаларымен өзара байланысы және қатынасы 62
Дәлелдеу сатысындағы бәсекелестік қағидасының манызы 82
Бәсекелестік-тараптар мен іске қатысушы басқа тұлғалардың дәлелдеу қызметінің негізі 82
Дәлелдеу сатысындағы соттың орны мен бәсекелестігі 101
Өкіл ретінде адвокат қызметінің ерекшеліктері мен бәсекелестігі 110
3.ӘР САТЫДАҒЫ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАҒИДАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ 117
Сот өндірісінің бірінші сатысындағы бәсекелестік қағидасының жүзеге асуы 117
Аппеляциялық сатыда сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 142
Заңдық күшіне енген сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 159
ҚОРЫТЫНДЫ 170
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 176

Прикрепленные файлы: 1 файл

Егембердиев Ержан Ошакбаевич.docx

— 279.44 Кб (Скачать документ)

Бірақ бәсекелестік қағидасының  мазмұны соттың процесуалдық қызметімен қамтылады, дәлірек айтқанда:

  • Тараптардың  оған қажетті дәлелді құжаттар алуына  дәлелді өтініш арқылы көмектесуі(ҚР АІЖК 15б. 2 т., 66 б. 4т., 72 б.), сонымен бірге, бәсекелестік іс жүргізуде, мән – жайдың бар немесе жоғын анықтау тараптардың талаптары мен қарсылықтарын дәлеледейтін, сонымен бірге өзге де істің дұрыс шешілуіне әсер ететін және осылайша тараптардың және іске қатысушы өзге де тұлғалардың белсенділігін ынталандыру;
  • Тараптар және іске қатысушы дамдар, олардың өкілдері, сот отырысының немесе жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жасаудың уақыты мен орны туралы хабарландырылады және соттың шақыру қағаздарымен сотқа шақырылады, қажет болған жағдайлардатапсырыстық хат, телефонограмма немесе жеделхат, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша қысқа мәтіндік хабарлама арқылы хабарландырылуы немесе шақырылуы мүмкін.(ҚР АІЖК 129б.) сонымен бірге, олар іске алдын ала дайындалып, іске  өздерінің құқықтық ұстанымдарын қорғау арқылы қатысуы.
  • Тараптардың және іске қатысушшы өзге де тұлғалардың азаматтық іс жүргізудің кез-келген сатысында іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге(ҚР АІЖК 47 б.);
  • Сот процесіндегі тараптардың және іске қатысушы өзге де тұлғалардың  туындаған барлық істің мән-жайы бойынша сұрақ қоюға және өзінің дәлелдемелерін ұсынуға мүмкіндік беру;
  • Сот сараптаманы тараптың өтініші бойынша және өз бастамасы бойынша тағайындайды (ҚР АІЖК 91 б. 3 т.);
  • Шешімді түсіндіру(ҚР АІЖК 232 б.);
  • Істі қараушы сот объективтілікті және әділдікті сақтай отырып, істің мән-жайын толық және объективті зерттеуге тараптардың құқықтарын іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды, іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, іс жүргізу әрекеттерін жасаудың немесе жасамаудың салдары туралы ескертеді және заңда көзделген жағдайларда олардың өз құқықтарын жүзеге асыруына жәрдемдеседі. Сот іс жүргізу шешімін зерттеуге қатысу тараптардың әрқайсысына бірдей негізде қамтамасыз етілген дәлелдемелерге ғана негіздейді(ҚР АІЖК 15 б. 3т.) 

Жоғарыда мазмұндалған оның элементтерін тануға келесілер мүмкіндік (оны құрайтын компотенттермен) береді:

  1. Қарама-қарсы мүдделері бар бәсекелес тараптардың және іске қатысушы өзге де тұлғалардың болуы;
  2. Дауда құқықтық ұстанымдарын қорғау үшін сот дәлелдеуі аясында тараптардың және іске қатысушы өзге де тұлғалардың процесуалдық құқықтары мен міндеттері;
  3. Тұлғалардың азаматтық сот өндірісінде тәжірибеснің болмауы, олардың бәсекелестік процестегі белсенділігіне кедергі болмауы үшін, тараптар мен іске қатысушы өзге де тұлғаларға процесуалдық көмек көрсетудегі соттың өкілеттілігі;

Жоғарыда көрсетілгендерді ескере келе және азаматтық іс жүргізу  құқығы ғылымында бар анықтамалар  негізінде ұлттық азаматтық іс жүргізу  заңнамасында қолданылатын «бәсекелестік қағидасының» түсінігі мен мәнін ашу үшін, қарама-қарсы материалдық-құқықтық мүдделері бар тараптардың және іске қатысушы өзге де тұлғалардың азаматтық іс жүргізуде өздерінің құқықтық ұстанымын белсенді қорғау арқылы кең процесуалдық құқықтар мен міндеттерге ие болады, оны реттейтін немесе негіз қалайтын идея ретінде заңи бекіту, анықтау сот және өзге де тұлғалардың тарапынан процесуалдық көмек алу (өкілдер, прокуратура, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары), іс бойынша дәлелдемелерді жинау, ұсыну, зерттеу және оларға баға беру жолы.

Ескерте кететін жағдай, азаматтық сот өндірісіндегі  бәсекелестік қағидасының бар екеніне  жеке авторлар күмән келтіреді. Атап айтқанда В.М. Семеновтың пайымдауынша, бәсекелестік қағидасын орнын ауыстыратын  екі қағида бар: сот өндірісінің бәсекелестік нысанындағы тараптардың процессуалдық теңдік қағидасы және  азаматтық іс жүргізудегі соттың процессуалдық белсенділік қағидасы [155, 164б.]. Қазіргі таңда бәсекелестік қағидасының заңи бекітілгенін ескере отырып, азаматтық іс жүргізудегі бәсекелестік қағидасының түсінігі мен бәсекелестік нысанының шектеулі болуына қарай, біз ғылыми қызығушылықтың бар екенініне сенеміз.

К.Б.Калиновскийдің іс жүргізудің бәсекелестік нысаны бәсекелестік қағидасының  болуына кедергі келтірмейді  деп санайды [1566 65-66б.]. Осындай ұқсас пікірді азаматтық іс жүргізудегі атқару қағидасын зерттеген, ғалым- процессуалист И.М. Резниченко « бәсекелестік қағидасын жеке қағида ретінде қарастырудың қажеті жоқ, керісінше, сот өндірісіндегі теңдік қағидасының шегінде ғана қарастыру қажет » деп айтқан болатын [53, 143б.]. Сөт өндірісіндегі бәсекелестік қағидасы мен бәсекелестік нысанынының ара қатынасы туралы мәселені кең ауқымда қарастыруды ойлау қажет.

А.А.Мельников  азаматтық  іс жүргізудегі тұлғаның құқықтық жағдайын қарастыра отырып, процесуалдық нысанның мазмұнын келесі ережелермен анықтайды:

1)  істерді сайланған  тәуелсіз судьялармен қарасытру;

2)  оларды ашық сот  өндірісінде қарастыру;

3)   шынайы қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, барлық мүдделі тұлғаларды процесуалдық құқыққтарының көлемі бойынша іс жүргізуге қатытыру;

4)   сот шешімдерінің заңдылығы мен негізділін тексеру;

5)   осы қаулылардың  заңдылығы.

Осыларды негіздей отырып, автор процессуалдық нысан азаматтық  іс жүргізу құқығының негізгі  қағидаларына сүйенеді деген қорытындыға  келді [49, 28б.].

Басқа да көптеген ғалымдар секілді автор өзінің назарын процессуалдық нысантүсінігін нормативті негізде түсіндірілетінің ерекше атап өткен [9, 9б.; 68, 173б.]. Сонымен қатар процесуалдық нысан дегініміз, бұл ең алдымен сот өндірісіндегі тараптардың және соттың процесуалдық қызметіне сипаттама, алайда кез- келген әрекет заңмен реттеледі. Осыдан қорыта келе, кейбір ғалымдар процесуалдық нысанды азаматтық- құқықтық қатынастан туындайтын дауларды шешу және қарастырудағы сот қызметiнiңерекше нысаны ретінде анықтайды (М.К.Треушников) [62, 7б.]. Сонымен бірге көптеген авторлар  процесуалдық нысан бұл, процесуалдық әрекеттерді жүзеге асыратын қағида, яғни заңмен бекітілген процесуалдық тәртіп деп пайымдайды. Бұл бағыттың өкілдері болып И.А. Жеруолис, В.М. Семенов, К.И. Комиссаров, К.С. Юдельсон, Р.Д.Рахунов, М.Л.Якуб және басқалар табылады [14, 12б.; 20, 7б.; 36, 68б.; 158, 84б.; 159, 39б]. Бір қатар ғалымдар процесуалдық нысанның соншалық ауқымды анықтамасына  қарсы келе отырып, қызметтің қағидалары процесуалдық нысанды анықтайды, бірақ олар оның мазмұнына кірмейді  деп санайды [160, 65б; 161, 109б]. Осы пікірге қосыла отырып, азаматтық сот өндірісі қағидалары процесуалдық нысанның маңызды жақтарын анықтайды, бірақ қағидалардан басқа азаматтық іс жүргізу нысанына басқа да факторлар әсер ететінін ескере кеткен жөн.

Демек, «бәсекелестік қағидасы іс жүргізудегі бәсекелестік нысанын  шарттайтын, іске қатысушы субъектілердің құқықтары мен міндеттерін, сотпен және өзара қарым- қатынастарын мен жағдайларын анықтайды» деген авторлардың пікірі әділетті [61, 27б.].  Бірақ сот алдында іске қатысушы тұлғалардың дау және бәсеке нысанында көрініс тапқан бәсекелестік қағидасының теңдігі зерттеліп отырған қағиданың арнайы ерекшелігін көрсетпей, дәлелдеу құжатының қалыптасуына және өз ұстанымын қорғауды анықтауға құқығы. Осылай, бәсекелестік қағидасы іске қатысушы тараптардың және өзге де тұлғалардың кезекті сот алдындағы сөйлеу нысанында ғана  көрініс таппайды, сонымен қатар тек бір тарап қана дәлелдер мен айғақтарды ұсынып, ал екінші тарап өзінің жоқтығына байланысты белгілі бір дәлелдерсіз және объективті себептерсіз бұны жасай алмаған жағдай. Алайда, керек жағдайларда өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін дау кезінде тараптардың бәсекелестік мүмкіндігі прокурормен, сот өкілдерімен, мемлекеттік органдар және  жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен толықтырылуы мүмкін, сондықтан азаматтық сот өндірісіндегі бәсекелестік нысаны кез- келген азаматтық істі қарау барысында, азаматтар мен ұйымдардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау арқылы өзінің маңызын барлық жағынан сақтау арқылы көрініс табады.

Жекелеген авторлардың пайымдауынша азаматтық іс жүргізуде бәсекелестік нысаны бұл, бәсекелестік қағидасының  мазмұнының көрінісі [3, 49б.].Іске қатысушы әрбір тұлғаның өзінің құқықық ұстанымын қорғау үшін, азаматтық іс жүргізу заңнамасында қарастырылған азаматтық іс жүргізудің бәсекелестік нысаны, барлық азаматық іс жүргізу құқығын қолдану ретінде көрініс табатынын көрсетеді [53, 142б.]. Басқа авторлар, азаматтық іс жүргізудегі бәсекелестік нысаны бәсекелестік қағидасының құраушы бөлігі болып табылады деп санайды [72, 42б.]. Бұл, өз кезегінде, жоғарыдағы түсініктердің өзара байланысты және мағынасы бойынша ұқсас, бірақ бірдей емес екендігін ескертеді [31, 41б.]. Бәсекелестік қағидасы мазмұнының құрамдас элементінің бірі болып бәсекелестік қағидасы мазмұнын қарастыру кезінде сот дәлелдеуі аясындағы тараптардың және іске қатысушы өзге тұлғалардың құқықтары мен  міндеттері табылатындығын ескере кетсе, онда азаматтық іс жүргізудің нысаны ретіндегі бәсекелестік қағидасы оның барлық сатыларын қамтиды (азаматтық істерді қозғау сатысынан басқа) және «кез- келген іс жүргізу және оның қағидасының нысаны жалпы және жеке болып сәйкестіндірілетінін » ескеріп,  кез- келген азаматтық істі қарастыру кезінде өзінің көрінісін табады [151, 48б.]. Сәйкесінше азаматтық іс жүргізудегі бәсекелестік нысаны бәсекелестік қағидасының құрамдас бөлігі бола алмайды, себебі, бәсекелестік қағидасының түсінігі оның азаматтық іс жүргізу нысанының негізін , яғни қасиетін анықтайды. Осыған сәйкес азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен анықталған азамттық істерді қарау және шешу тәртібі оны басқа заңи нысандардан ерекшелеп, азаматтық іс жүргізудің нысаны ретінде мазмұндайды.

Соған сәйкес, қазіргі таңда  азаматтық сот өндірісіндегі  бәсекелестік қағидасының «таза» күйінде  жоқ деген пікірлер бар [61, 27б.]. Аталған сұрақ бойынша құқықтық талдау жасау үшін біз кішкене бәсекелестік қағидасының даму тарихына көз жүгірту дұрыс деп санадық.Е.В. Васьковский, А.Х. Гольмстен, Т.М. Яблочков және т.б. азаматтық іс жүргізудегі бәсекелестік теориясын зерттеген ғалымдардың пікірінше азаматтық іс жүргізудің революцияға дейінгі және революциядан кейінгі кезеңдерде, бәсекелестік қағидасы іс жүргізу қызметін жүзеге асыру, оның ішінде іс жүргізу құжаттарын жинау және дәлелдемелерді іздеу арқылы анықталады. Аталған қызметтердің кімге жүктелгеніне байланысты, бұл міндеттер дауласушылардың тек өздеріне жүктелген жағдайларда ғана бәсекелестік «таза» деп танылады. Ал егер аталған міндеттер сотқа жүктелсе, онда бұл инквизициялық ( тергеу) қағида. Басқа жағдайда, бұл міндеттер тараптарға  және сотқа бірдей жүктелсе, онда процес бәсекелестік және тергеу қағидаларының сәйкестігіне негізделе құрылады [30, 129-130б.], яғни «жұп» қағидалар теориясына сәйкес [162, 104б.].

Е.В. Васьковский ұсынғандай, азаматтық іс жүргізудің құрылымын бәсекелестік қағидасының пайдасына көрсетейік.

«1. Алдымен, істің деректі  жағы кіге ол танысырақ, кімнің қандай дәлелдер арқылы оны растауға болатындығын және сол дәлелдемелерді қайдан іздеу керектігін білетін тұлға арқылы анықталуы мүмкін. Бұндай жағдайда дауласушы тараптар судьяға қарағанда аз да болса жағымды жағдайда болады, себебі олардың өзінің ісі бойынша нақты деректерді олардан артық ешкім білмейді.

2.Тура сол сияқты істің  мән- жайын  анықтауда кімнен  болсын және қандай жағдайда  болсын соттанда артық мүдделі  болады.

Әрбір тарап процесті ұтуға  тырысады және осы мақсатпен сотқа  сотқа өзінің мүддесін жақтайтын  және қарсыласының талаптарына қарсы  болатын барлық деректерді іздеп  табуға және ұсынуға тырысады. Егер бұған қарамастан ол жалған деректерді ұсынатын болса немесе шынайы деректерді бұрмаласа, қарсы тарап шындықты қалпына келтіру және жалған деректерді ашуды тездетсе: бұған оны өзінің жеке мүддесі итермелейді. Сот басқа  жағдайда болады: ол материалдық шындықты анықтауда жеке тұлға ретінде  де және мемлекеттік биліктің өкілі ретінде де мүдделі емес, ол үшін процесте қай тарап жеңетіні бәрібір; ол үшін жеңістің бекітілген іс жүргізу ережелерінің бұзылмауы маңызды.

3.Бәсекелестік қағидасы азаматтық іс жүргізудің мазмұнына сәйкес келеді. Жауапкерге талаптар қою арқылы талапкер оны құқықтық нормадан және деректі жағдайлардан шығарады. Соттың міндеті онымен жасалған шешімнің қолданыстағы құқықтық нормаларына сәйкес дұрыс жасалғандығын тексерумен шектеледі. Егер де сот бұнымен шектелмей аталған деректі дәлелдемелерді өзі іздесе. Одан кейін қолданыстағы құқыққа негізеделе шешім шығарса, онда ол тараптардың жағдайына түсуші еді және сот шешімінде өзінің жеке шешімдерін тексеру керек еді.

4. Біз қозғап отырған,  азаматтық іс жүргізудегі құқықтардың  мазмұны тергеу қағидасын қолдануға  рұқсат бермейді. Жеке құқықтар  азаматтар арасында олардың жеке  өміріндегі қатынастарды анықтайды.  Ал оларға сот жататын мемлекеттік  биліктің араласуы дұрыс емес. Жеке оның ішінде отбасылық өмірге қол сұғылмауы керек, егер сотқа онда жеке тінту жүргізуге рұқсат берсе, онда азаматтар көп жағдайларда сотқа жүгінбей- ақ, заңи дауларды басқа әдіспен шешуді таңдайды: алқа билер соты, бітімгершілік шарты, кей жағдайларда өз басқаруымен шешу.

5. Бәсекелестік қағидасы  толықтай формальды диспозитивтілік  қағидасына сәйкес келеді. Толықтай  еркіндікке ие бола іс жүргізудің  қорғану тәсілдерімен қолдана,  оның ішінде процессуалдық құжаттардың  осы және басқа да расталатын  және бекітілетін дәлелдемелері,  тараптар өз қалауынша сол  құжаттардың көлемінің азаюын  немесе көбеюін өздері шешеді. сондықтан оларға іс жүргізу  құжаттарының толықтығы үшін  жауапкершілікті жүктеу табиғи  құбылыс.

6. Тергеу қағидасы сотты  дауласушы тараптардың байсалды қарауын доғарып және іс жүргізу дауына кірісуге міндеттейді. Сот оған тән байсалдылықты, бейтараптылықты, объективтілікті жоғалтып және істің мән- жайын алдын- ала зерттеу барысында оған шындыққа жақынырақ деп санаған кез- келген тараптардың біреуі жағына көмекші жағдайына ене алады.Бірақ бұл шын мәнінде жүзеге аспаса да, дегенмен, сотқа күмән тудыруда  және азаматтардың сотқа деген сенімін бұзуда бұндай шешімнің болу мүмкіндігі бар. Судья тек қана бейтарап болып қана қоймай, сонымен қатар сондай болуға тырысуы керек. «Іс жүргізудің сәтті болуы азаматтардың тек қана алқа билер сотына ғана емес, сонымен қатар судьядан полиция қызметкерінен қорыққандай қорықпай, оған да сондай сеніммен қарауы абзал».

7. Бәсекелестік қағидасын  қабылдануы, сонымен қатар еңбектің  бөлінуіне де маңызын тигізеді. Бұл, барлық қиын жұмыстың тек  бір тұлғамен ғана жүзеге асырылғаннан  қарағанда әрқашан жақсы нәтиже  алып келеді. Деректі құжаттардың  дайындығы дауласушы екі тараппен  де жүзеге асырылады, тараптардың  әр қайсысы өзінің мүддесін  жақтайтын дәлелдемелерді жинайды  және екі тарапта заңгер- маманның (адвокат) көмегіне жүгіне алады.

8.Бәсекелестік қағидасы  дауласушылардың жеке даралығына  жол береді және жеке қызығушылық пен қуат тудыруына әсер етеді.

Керісінше, тергеу қағидасы оларды соттың қарауына береді; олардың  белсенділігі бәсеңдейді; олар жоғарыдағы көмекке сене бастайды, егер олар қателескен жағдайда олар сотты кінәләп оның әділеттілігіне күмән тудырады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының қолданылуы (азаматтық істер бойынша)