Қазақстан Республикасының сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының қолданылуы (азаматтық істер бойынша)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 18:24, дипломная работа

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.Диссертациялық жұмыс сот әділдігінің түсінігі мен құқықтық табиғаты принциптерін анықтауға байланысты жеткіліксіз игерілген(ізденушінің ұстанымы бойынша)мәселелер, сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтық iстер бойынша соттардың сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының түсінігі, мазмұны және жүзеге асырылуының кешенді зерттеулерінен тұрады.

Содержание

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 3
КІРІСПЕ 5
АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК 15 ҚАҒИДАСЫНЫҢ ТЕОРИЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Сот әділдігінің түсінігі және табиғи құқықтық принципі 15
Бәсекелестік қағидасының қалыптасу тарихы мен дамуы 30
Қазақстан Республикасының заманауи азаматтық сот ісін жүргүзуінің бәсекелестік қағидасының түсінігі мен мазмұны 45
Бәсекелестік қағидасының азаматтық сот ісін жүргізудің басқа қағидаларымен өзара байланысы және қатынасы 62
Дәлелдеу сатысындағы бәсекелестік қағидасының манызы 82
Бәсекелестік-тараптар мен іске қатысушы басқа тұлғалардың дәлелдеу қызметінің негізі 82
Дәлелдеу сатысындағы соттың орны мен бәсекелестігі 101
Өкіл ретінде адвокат қызметінің ерекшеліктері мен бәсекелестігі 110
3.ӘР САТЫДАҒЫ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАҒИДАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ 117
Сот өндірісінің бірінші сатысындағы бәсекелестік қағидасының жүзеге асуы 117
Аппеляциялық сатыда сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 142
Заңдық күшіне енген сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 159
ҚОРЫТЫНДЫ 170
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 176

Прикрепленные файлы: 1 файл

Егембердиев Ержан Ошакбаевич.docx

— 279.44 Кб (Скачать документ)

Бірақ соған қарамастан Н.А.Чечина, « азаматтық іс жүргізу қағидаларын  іс жүргізу қызметінің қағидаларына, азаматтық іс жүргізу қағидаларына қарсы қоюға немесе бөлуге мүлдем болмайды. Іс жүргізу құқығының қағидалары азаматтық іс жүргізудің қағидалары болып табылады» деп дұрыс  ескерген [66, 267б.]. Әдеттегідей, заң әдебиеттерінде «азаматтық іс жүргізу» және «азаматтық сот өндірісі » терминдері әр түрлі түсініктерді білдіру үшін қолданылады. Сонымен қатар ҚР АІЖК 2 тарауында бәсекелестік қағидасы басқа қағидалар сиқты азаматтық сот өндірісінің қағидасы ретінде анықталады. Аталған қағида нені білдіреді?

Морфологиялық талдаудың  терминінен шыға келе «бәсекелестік  »- бұл бір нәрседе біріншілік үшін бәсеке. Бәсекелестік- бір нәрседе  біреуден асып түсуге ұмтылу дегенді  білдіреді [150, 983б.]. Сонымен қатар бәсекелестік белгілі ережелер және оларды үзеге асыру жағдайларынан асып түсуге   деген ұмтылыс. Атақты « Орыс тілінің сөздігі» атты еңбектің авторы, профессор С.И.Ожегов ерекше сот өкілеттіліктері жағдайында іс жүргізудегі бәсекелестікте тараптардың процессуалдық құқықтарының теңдігін ұсыну қажеттігін көрсетеді. Басқаша болуы мүмкін емес ( яғни теңсіздік), себебі ол бірыңғай жеңілдетілген жағдайлар менүйлесімсіз(ықылассыз,әділетсіз) артықшылықтарды қамтамасыз ету түрімен дауласушы тараптардың сандық және сапалық жиынтығын ашық немесе жасырын түрде бағалауы мүмкін.

Азаматтық сот өндірісінің  негізін қалаушы қағиданың бірі - бәсекелестік  -  іс үшін маңызды  мәнге ие және негізделген және заңи шешім шығару үшін, барлық мән-жайларды ашу үшін қажетті жағдайлар жасайды.

Бәсекелестік қағидасы заңнамада  бекітілгеніне қарамастан, азаматтық  іс жүргізу құқығы ғылымында оның түсінігі мен мазмұны туралы сұрақтар әлі күнге дейін пікірталас тудыруда.

Әдебиеттерде азаматтық  сот өндірісіндегі бәсекелестік қағидасының түсінігі туралы көптеген көзқарастар айтылған, бірақ жалпықабылданған нақты анықтама жоқ.

Осы сұраққа байланысты авторлардың  көзқарастарын талдап көрейік. Осылай, ғалым – процесуалист З.Х.Баймолдинаның  ойынша, «бәсекелестік қағидасы азаматтық іс жүргізуде тараптардың арасында бәсекені талап ететін, тараптардың қарама-қарсы заңи мүдделерінен туындайды»[22, 94 б.].

Басқа авторлар: «Бәсекелестік  қағидасы дегеніміз олардың материалдық  – құқықтық және процесуалдық мүдделерінің  бір- біріне қарама-қайшылығы қайнар көз болып табылатын азаматтық  іс жүргізудегі сот талқылауы  тараптардың бір-бірімен  бәсекелестігі  арқылы жүзеге асыруы» деп айтады. [151, 47–48 б.].

Басқа авторлар «істегі сот  талқылауы тараптардың бір-бірімен  бәсекелестігі нысанында жүзеге асады, бұның қайнар көзі болып материалдық- құқықтық мүдделері табылады» деп  пайымдаған [3, 31 б.; 152, 31–32 б.].

Көріп отырғанымыздай олардың  пікірлері бірдей, демек бәсекелестік қағидасының қайнар көзі болып азаматтық іс жүргізудегі тараптардың материалдық-құқықтық мүдделерінің қарама – қайшылықта болуы. Осылайша, көріп отырғанымыздай, тараптардың және іске қатусышы өзге де тұлғалардың мүдделерінің материалдық-құқықтық қарама-қайшылықтары бәсекелестік қағидасының мазмұнын құрайды.

Аталған қағиданы талдауды жалғастыра келе оның  келесі негізде  көрініс табуын  атауға болады: «Бәсекелестік- сот өндірісінің демократиялық  қағидасы, соған сәйкес сот мәжлісіндегі істі талқылау тараптардың дауласуы нысанында жүзеге асырылады» [153, 646б.]. Осыған сәйкес тараптардың мүдделерінің материалдық- құқықтық қарама- қайшылығы құқық туралы даудың негізін құрайды, бұл өз шешімін юрисдикциялық сотта (судьяда) табады. Юрисдикция- құқықтық дауларды шешетін, сот өндіретін заңдылық. [150, 793б.]. Азаматтық сот ісін жүргізудің  міндеттері  болып азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және  заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін  нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу   болып табылады. (ҚР АІЖК 5б.).

Әлеуметтік дауларды шешу даудың тікелей қатысушыларының  бірге белгілі бір өлшемде  мақұлданған қызметінен тұрады, сонымен  қатар даулы мәселе бойыншадаудың  соңғы шешіміне келу үшін  егер олар болған жағдайдаүшінші тұлғалар арқылы келісімге жету, бұл ескерте кететін  жайт. Тараптар белгілі бір объективтік  жағдайлардың немесе заңнаманың арнайы талаптарынан туындаған мәселені өздері шеше алмаған немесе шешкісі келмеген жағдайда құқық қолданушының қызметіне  жүгінеді. Бұндай бір жағынан олардың қатысушыларын үдетуден және күресудің ақырғы шегінен тоқтату мақсатында қатынастарға белгілі бір шек қойылады, басқа жағынан тараптардың өздерінің, олардың өкілдерінің, істің белгілі қорытындысына мүдделі үшінші тұлғалардың  белсенді (мысалы, дәлелдемелерді ұсыну)және тікелей қатысуы барысында даулы мәселені шешу жүзеге асырылады.

Тағы да ескере кететін  жағдай, дауды шешудің міндетті талабы болып, істің барлық мән- жайын толық  және жан- жақты зерттеу, заңнама  көздеген мақсатына байланысты нақты  сол құқықтық норманы қолдану. Егер құқық нормасы және оның қабылдануы қоғамның шынайы қажеттілігімен келісілген және қоғамдық қатынастардың прогрессивті қозғалысы мен дамуына бағытталған  болса, онда сәйкесінше оның дұрыс қолданылуы даулы жағдайды шеше алады немесе оның арық қарай дамуына және күшеюіне жол бермейді.

Азаматтық іс жүргізу қатынастарындағы тараптардың арасында туындайтын даудың барлығы жанжалды сипатқа ие болмайтыны маңызды.

Кез- келген дау белгілі бір іс бойынша немесе оның жеке құрамдас бөлігі бойынша нақты тараптардың арасындағы келіспеушіліктен тұрады және тараптардың негізгі мақсаты болып, ең алдымен, қарсыласты басу емес туындаған мәселені шешу болып табылады. Алайда, сөзсіз осы немесе басқа сатыда немесе тараптар бір- біріне  көнбесе немесе аталған жағдайды шешуде ұрысқа қатысушылардың пікірінше ұрысты даусыз шешу мүмкін болмаған деп санаса  кез- келген дау ұрысқа айналып кетуі мүмкін. Осыған орай сот процесі бір жағынан тараптарға сот сатыларына шағымдану арқылы, сол арқылы даудың ұрысқа айналуын белгілі мөлшерде болдырмай, туындаған жағдайдан орынды шешім табуға мүмкіндік береді. Басқа жағынан құқықтық нормаларда бекітілген, сол арқылы ұрысты жағдайды қатаң реттемеленген заң шегіне ауыстыра, заңнама талаптары мен мақсаттарына сәйкес субъектілердің іс әрекеттерін өзара әрекеттестік арқылы сәйкестендіру.

Келесі жағдай, бәсекелестік қағидасын анықтаудаулы мәселелерді қарастыру бойынша қызметті анықтайтын басты қағида,бұл дәлелдемелердің толық және уақтылы ұсынылуының қажеттілігі болып табылады.

        Заң  әдебиеттерінде дұрыс ескергендей  «бәсекелестік қағидасының реңді  сипаттары болып дәлелдеудің  бекітілген ережесіне сәйкес  іске қатысатын әр бір тұлға  өзінің нақты қай талаптар  мен шағымдарға негізделе сілтеме  жасаған жағдайларын дәлелдейді»[61, 27б.].Қолданыстағы заңнама бойынша тараптар және іске қатысушы өзге де тұлғалар дәлелдемелерді ұсынады ( ҚР АІЖК 66б.1 б.). Тараптарға шешімнің толықтығы мен дұрыстығы байланысты болатын, ұсынылған құжаттар үшін толық жауапкершілік жүкетеледі. Егер дәлелдемелердіұсыну тараптар және іске қатысушы өзге тұлғалар үшін қиын болса, онда сот олардың сұрауы бойынша дәлелдемелерді талап етуге көмек көрсетеді (ҚР АІЖК 66б.4б.).

Осылай, жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес «азаматтық істер бойынша  сот өндірісі  олардың талаптары  мен шағымдарына негізделе отырып, дәлелдеу жағдайындағы сот алдында  тараптардың бәсекелесуі даулы  мағынаға ие. Ал бұндай әдіс сот өндірісін  ұйымдастыруда бәсекелестік қағидасы атауына ие»[67, 39б.].

Біздің ойымызша,өз құқықтық ұстанымдарын соттық дәлелдеу кезінде тараптардың және басқа тұлғалардың азаматтық іс жүргізуде тараптардың процесуалдық бәсекелестігінсіз белсенділігін анықтай алмайтын бәсекелестік қағидасын анықтау бұл тағы да бір ескере кететін жағдай. Сондықтан В.Ф.Тараненконың «бәсекелестік қағидасы іс бойынша құжаттардың құрылу әдісі мен тәсілдерін анықтайды, дауда өз ұстанымын түсіндіріп және дәлелдеу арқылы, соған сәйкес сотқа істің нақты мән- жайын анықау арқылы негізделген, заңды, толық және дұрыс шешім шығаруға кепіл беретін тараптардың және іске қатысушы тұлғалардың белсенділігін бекітеді» деген пікірін әділ деп санаймыз [15, 47б.]. Өзге авторлар да «бәсекелестік іс жүргізу іске қатысушы тұлғалардың құқықтық белсенділігіне негізделген демократиялық, ал оның қорытындысы (cот шешімі) егер дәлелдеу бойынша негізгі міндеттеме мүдделі тұлғаларға жүктелген болса, сенімді болып табылады» [31, 42 б.]. Сондықтан, тараптардың және іске қатысушы өзге тұлғалардың бұндай белсенді процесуалдық қызметі белгілі бір шекте сот талқылауының қорытынсын және істің шешілуін алдын – ала анықтайды. Бұл өз кезегінде келесідей шешім шығаруға мүмкіндік береді, заманауи сот өндірісіндегі бәсекелестік қағидасының түсінігі азаматтық іс жүргізудегі субъектілердің талдауына негізделеді. Кез-келген өзара қызмет қарама-қайшылық пен қызметтестіктің диалектикалық бірегейлікті болжайды. Дәстүрлі бәсекелестік дәлелдеу әдістері мен деректі мағлұматтардың аясында қалыптасқан тәртіпті анықтаса, онда оны дәлелдеу әдістері мен істің нақты мән-жайын анықтау бойынша олардың  процесуалдық қызметтестігінде және процесуалдық бәсекелестігінде көрініс табатын  азаматтық сот өндірісінің субъектілерінің өзара қарым- қатынасы ретінде  қарастыруға болады. Осылай, «тараптардың және іске қатысушы өзге де тұлғалардың   дәстүрлі элементі болып табылатын процесуалдық бәсекелестігінде бәсекелестік іс жүргізу көрініс табады» [154, 159−160 б.]. Азаматтық сот өндірісіндегі бәсекелестік қағидасының сипаты демократиялық саяси жағдайдың ажыратылмайтын элементі болып табылады. Құқықтық идея ретінде қалыптасқан бәсекелестік қағидасы, азаматтық істер бойынша әділсоттылықтың демократиялық және әділетті түрде жіберілуі жалпы танылған нысан бойынша анықталады.

Жоғарыда айтылғандар, бәсекелестік мазмұнының не құрайтынын білуге мүмкіндік  береді.

Н.А.Чечинаның пайымдауынша, «АІЖК-де тек қана қағидалардың реті көрсетіліп қана қоймай, сонымен қатар олардың әрқайсысының нақты құрылымы ашылады» [69, 82−83 б.]. Автор, бұндай нұсқаны белгілей отырып, барлық азаматтар үшін АІЖК-нің қолдануының ыңғайлығын қамтамасыз еткісі келді деп есептейміз.

Сонымен қатар, азаматтық  іс жүргізу заңнамасы «бәсекелестік» терминінің мазмұнын ашпайды.

Азаматтық сот өндірісіндегі  бәсекелестік қағидасының анықталмаған мазмұны нақты істерді қарастыруда  айтарлықтай қиындық тудырады.

Бірнеше авторлардың пайымдауынша бәсекелестік қағидасының мазмұны  келесі ережелерді ашылады: біріншіден, әр тарап өзінің талабы мен шағымының  негізінде сілтеме жасайтын мән-жайларын дәлелдеуі тиіс; екіншіден, тараптар өздерінің талаптары мен шағымдарының негізінде әртүрлі заңи деректерге сілтеме жасауғақұқылы; үшіншіден, егер іс бойынша тараптармен ұсынылған дәлелдемелер жеткіліксіз болған жағдайда сот тараптардан қосымша дәлелдемелерді талап етуге құқылы[151, 47−48 б.; 152, 32 б.].

Азаматтық іс жүргізу құқығының  өзекті мәселелеріне арналған ғылыми – теориялық конференцияда сөз  сөйлей отырып З.Х.Баймолдина «әдебиеттерде  бәсекелестік қағидасының мазмұнына  бірқатар түсініктер берілген. Азаматтық  іс жүргізу құқығының нормаларына  сәйкес бәсекелестік қағидасын 3 аспекті  бойынша қарастыру керек» деп  пайымдаған. Оларды аша келе, ол бірінші  аспектіні тараптардың және іске қатысушы өзге де тұлғалардың  дәлелдеу қызметімен байланыстырады. Дәлелдеу міндеті біріншіден іске қатысушы  тараптарға жүктеледі. «Әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән – жайларды дәлелдеуі тиіс» (ҚР АІЖК-нің 65 б. ). Тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар үшін дәлелдемелерді ұсыну қиындық келтірген жағдайда, сот олардың өтініші бойынша дәлелдемелерді сұратып алдыруға жәрдемдеседі.(АІЖК 66 б. 4 т.) Тараптар дәлелдемелерді ұсынғанда және оларды зерттеуге қатысқанда теңдей құқықтарды иеленеді.

Іс бойынша  нақты мән-жайды анықтау үшін тараптармен және іске қатысушы өзге де тұлғалармен ұсынылған өтініштері бойынша талап етілген дәлелдемелер  сотпен зерттеледі және бағаланады.

Дәлелдемелерді  жинау соттың өз бастамасымен жүзеге аспайды.

Баяндалған ережелерге сәйкес,  тараптардың және іске қатысушы өзге де тұлғалардың дәлелдеу қызметін жүзеге асыруы азаматтық іс шешілуіне  субъектілердің құқық туралы дауымен келісушілігі болып табылады. Әрбір тараптың мақсатыөз мүддесін қанағаттандыратын сот шешіміне жету, сондықтан өзінің талаптары мен шағымдарын дәлелдеуге және  негіздеуге міндетті. Тараптардың заңи мүдделерінің қарама- қайшылығы процесте тараптардың өзара бәсекелестігіне алып келеді.

Тараптардың өз заңи ұстанымдарын таңдауы, сонымен  қатар сотта оны қорғаудың  амал-тәсілдері екінші аспект болып  табылады. Қандай заңи ұстанымды таңдау туралы мәселе тәуелсіз, тараптың өз еркімен  шешіледі. Тарап өзінің құқықтық ұстанымын  өзгерткен жағдайда да (мысалы, талапкер өзінің арызынан бас тартқан жағдайда, жауапкер талап арызбен келіспесе де ақырында оны мойындайды) таңдау әрекеті өз еркімен жүзеге асырылады.Сонымен қатар, тарап іс бойынша өзінің құқықтық ұстанымының амал-тәсілдерін дербес шешеді.

Азаматтық сот  ісін жүргізу тараптардың айтысуы  мен тең құқықтылығы негізінде  жүзеге асырылады. Тараптар бірдей іс жүргізу құқықтарын пайдаланады  және бірдей іс жүргізу міндеттерін  көтереді. Бұл үшінші аспект болып табылады(АІЖК-нің 15 б. 1 т.) Барлық соттық істің жүрісі, сонымен қатар талқылауда бәсекелестік нысанға ие. Тараптар дәлелдемелерді ұсыну жолымен бәсекелеседі. Істі талқылаудағы олардың зерттеуге қатысуы, сот мәжілісіндегі іс бойынша өздерінің құқықтық ұстанымын негіздей отырып сот жарыссөздеріне қатысуы және т.б. Бұл дегеніміз, азаматтық іс жүргізу басынан аяғына дейін бәсекелестікке негізделеді. Сот тек қана құқық туралы дауды шешіп, әділсоттылықты жүзеге асыруда бейтарап болуы керек [23, 11−12 б.].

Ең соңғы көзқарас бәсекелестік қағидасының мазмұнын ауқымды және толығырақ анықтайды. Сонымен қатар  мынаны ескере кеткен жөн,  бәсекелестік қағидасының мазмұны тараптардың  және іске қатысушы өзе де тұлғалардың, соттың (судьяның) процесуалдық құқықтары  мен міндеттерін ашып көрсетеді. Ең алдымен, бәсекелестік қағидасының  мазмұнын тараптардың және іске қатысушы өзге де тұлғалардың азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттері құрайды:

  • Істің құжаттармыен танысу, оларды жазып алу және көшірме жасау;
  • Өтініш ету, оның ішінде қосымша дәлелдемелерді талап ету;
  • Дәлелдемелерді ұсыну және оларды зерттеуге қатысу;
  • Сотқа ауызша және жазбаша түсініктер беру;
  • Сот процесінде туындаған барлық сұрақтар бойынша өз  дәлдемелерін  ұсыну;
  • Сот жарыссөздеріне қатысу;
  • Сот мәжілісінің хаттамасымен танысу және оларға жазбаша ескерту беру;
  • Қарастырылатын істің орны мен уақыты туралы уақытылаы ақпарат алу;
  • Бәсекелестікте өзінің соттық өкілінің болуы;
  • Соттан келесі құжаттардың көшірмесін ала отырып, қарсы тараптың ұстанымын білу: талап арызды ұсыну (ҚР АІЖК 151 б.), шағым(арыз); сырттай шешімнің және оған қоса тіркелген құжаттардың күшін жою; аппеляциялық шағымдар(ҚР АІЖК 344 б. 2т.); қадағалау шағымы(ҚР АІЖК 395 б.) және сот актісін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қайтару(ҚР АІЖК 406-3 б.);

Информация о работе Қазақстан Республикасының сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының қолданылуы (азаматтық істер бойынша)