Қазақстан Республикасының сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының қолданылуы (азаматтық істер бойынша)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 18:24, дипломная работа

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.Диссертациялық жұмыс сот әділдігінің түсінігі мен құқықтық табиғаты принциптерін анықтауға байланысты жеткіліксіз игерілген(ізденушінің ұстанымы бойынша)мәселелер, сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтық iстер бойынша соттардың сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының түсінігі, мазмұны және жүзеге асырылуының кешенді зерттеулерінен тұрады.

Содержание

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 3
КІРІСПЕ 5
АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК 15 ҚАҒИДАСЫНЫҢ ТЕОРИЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Сот әділдігінің түсінігі және табиғи құқықтық принципі 15
Бәсекелестік қағидасының қалыптасу тарихы мен дамуы 30
Қазақстан Республикасының заманауи азаматтық сот ісін жүргүзуінің бәсекелестік қағидасының түсінігі мен мазмұны 45
Бәсекелестік қағидасының азаматтық сот ісін жүргізудің басқа қағидаларымен өзара байланысы және қатынасы 62
Дәлелдеу сатысындағы бәсекелестік қағидасының манызы 82
Бәсекелестік-тараптар мен іске қатысушы басқа тұлғалардың дәлелдеу қызметінің негізі 82
Дәлелдеу сатысындағы соттың орны мен бәсекелестігі 101
Өкіл ретінде адвокат қызметінің ерекшеліктері мен бәсекелестігі 110
3.ӘР САТЫДАҒЫ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАҒИДАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ 117
Сот өндірісінің бірінші сатысындағы бәсекелестік қағидасының жүзеге асуы 117
Аппеляциялық сатыда сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 142
Заңдық күшіне енген сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 159
ҚОРЫТЫНДЫ 170
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 176

Прикрепленные файлы: 1 файл

Егембердиев Ержан Ошакбаевич.docx

— 279.44 Кб (Скачать документ)

ҚР АІЖК-не  өзгерістер мен толықтырулар енгізгенге дейін 2001 жылдың 11 шілдесінен  Қазақстан  сот өндірісінің аралас нысанын  қабылдаған, яғни сот актілерін қайта  қарастыратын апелляциялық және кассацияық екі институт  қатар жұмыс жасады. Бірақ сот шешімдері мен бірінші сатыдағы сот анықтауларына соттық қадағалауға қарағанда кассациялық сот судьяларға қадағалау жүргізетін нысан ретінде есептеліп, таратылған.

ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда, қадағалау тәртібінде және жаңадан ашылған мән –  жайлар бойынша заңды күшіне енген  сот актілерін қайта қарау қамтылған. Арыз беру жолы және  қадағалау тәртібінде қайта қарауға негіз болған жағдайда, егер жаңадан ашылған мән- жайлар бойынша қайта қарауға негіз бар болса бұндай қайта қарау прокурордың наразылығымен және қадағалау шағымымен жүзеге асырылады.Жоғарғы тұрған саты сот актілерінің заңдылығын және негіздемесін тексереді, олардың күшін жойып жаңа шешім шығара алады, бірақ нақты мән- жай бойынша іс қаралмайды.

Сонымен бірге заңнамалық өзгеріске бірнеше рет ұшыраған қадағалау шағымдарының алдын ала  қарау рәсіміне тиісті әлі де шешілмеген сұрақтар бар. Сонымен бірге жаңадан ашылған мән- жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау процесуалдық мерзімдерінің қолданылуы және есептелуіне байланысты сұрақтар да  өзекті мәселе болып табылады.

Сот өндірісін мемлекеттік  және ресми тілде жүзеге асыру  қағидасы, сонымен қатар басқа  да қоғамда көп қолданылатын тілдерде  жүзеге асыру ҚР  Конституциясының 7 бабында және ҚР- ның 1997 жылдың 11 шілдесінде қабылданған «Тілдер туралы»  заңының 8 бабында көрсетілген.

1997 жылдың 8 мамырының   ҚР Конституциялық Кеңесінің № 10/2 қаулысына сәйкес : “Берілген конституциялық норма қандай да болмасын жағдайларға қарамастан бір мағынада түсініледі, яғни, мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін өзі басқару органдарында қазақ тілі және орыс тілі бірдей, теңдей дәрежеде қолданылады”.

Онымен бір деңгейде орыс тiлi дересми пайдаланылады. Қажет болған жағдайда  сот өндірісі  шағын ғана ұлттың немесе халықтың өкілі тұратын жерде, яғни жергілікті халықтың көпшілігінің тілінде жүргізілуі мүмкін.

Айтарлықтай қызығушылықты  бәсекелестік қағидасы мен тараптардың  теңдігі тудыруы мүмкін. Осы қағидаға сәйкес соттың істі қарауда  тең  негізде екі тарапта қатысады – талапкер және жауапкер. Екі тарапта  өздерінің тең процессуалдық  құқықтарын қолданады, тең дәрежеде өздерінің дәлелдемелерін ұсына  алады, өз ой- пікірлерін еркін баяндай  алады, осылайша соттың іс бойынша шындыққа жетуіне септігін тигізеді.

    Соттар істің кез келген сатысында, сот мәжілісінде тараптардың тең мүмкіншіліктерін  және іс бойынша айқындамаларын (позициясын), процессуалдық белсенділіктерін қамтамасыз етуі тиіс. Судья әділсоттылықты жүзеге асыруда бейтарап болуы тиіс, қарастырылып отырған іс бойынша қандай да бір нысанда болмасын алдын ала пайымдауларын айтуға құқығы жоқ. Өз ой- пікірін тек қана кеңесу бөлмесінде айта алады.

ҚР жаңа АІЖК- сі дәлелдемелерді жинау және ұсынуды тараптарға аудара салғаны туралы заң әдебиеттерінде бір емес көп рет айтылған болатын [38, 22-23б.]. Бірақ та,тәжірибеде тараптар дәлелдемелерді ұсынбайды, ал құқықтық дауды шеші үшін заңды және негізді шешім шығаруы тиіс, әйтпесе сот дәлілдемелерді тараптардан алуға мәжбүр болады. Сондықтан өз жұмысында іс жүргізудің әр сатысындағы бәсекелестік қағидасының жүзеге асуының кепілдігін қамтамасыз ететін механизімдер және шарттар терең зерттеледі.

Бәсекелестік қағидасы қандай дәрежеде сотта жүзеге асуы тиіс? Қазақстан Республикасы  соттарының  азаматтық істер бойынша әділсоттылықты жүзеге асырудағы бәсекелестік қағидасын қолдануы, осы және басқа да сұрақтарға толығырақ жауап диссертацияның келесi тарауларындада айтылған.

Менiмен мәселелердiң тек  қана кейбір қатарлары ғана белгiлелген. Шын мәнінде олардың саны едәуір көп және олардың барлығы таразыға тартуды және тез шешімді қажет етеді.

      Негізінен,  өткізіліп отырған сот реформасын  талдай отырып, Қазақстанның  демократиялық  және құқықтық мемлекет ретінде  қалыптасуы сот билігінің күшейтілуімен  бірге жүретіндігін атап өткен  жөн.

Бүгінгі жағдайда қоғамның және алқа билер сотының өкілдері отандық әділсоттылықтың әлемдік  стандартқа қаншалықты сәйкес келуін, оң және қарсы дәлелдеулерді акценттеуге  назар аудармауы қажет.

     Сот жүйесінің  тиімділігімен байланысты өткізіліп  отырған соттық- құқықтық реформа  түбегейлі мәселені шешуді болжайды.

    Cот реформасының  жүзеге асуы бойынша жұмыс  сот корпусының және заң ғылымының  өкілдерінің, кәсіптік қызметтің,  қоғамның ,заңнамалық және атқарушылық  билікті қосқанда белсенді қатысушылықпен  жалғасуы тиіс деп ойлаймыз.

Жоғарыдағы ұсыныстар  судьяның тәуелсіздігін, әділсоттылықты жүзеге асырудағы тиімділікті жоғарылатуға, әділсоттылық қағидаларының, оның ішінде бәсекелестік қағидасының жүзеге асуын  қамтамасыз етуге кепілдігін нығайтады.

 

 

    1. Бәсекелестік қағидасының қалыптасу және даму тарихы

  Заманауи азаматтық сот өндірісі ұзақ тарихи даму нәтижесінде қалыптасты. Азаматтық сот өндірісінің жетілдіруі сабақтастық және жаңалық сәттерімен, тарихи тәжірибенің жиналуымен және мемлекеттік құқықтық жүйенің қалыптасқан және қызмет ететін осы немесе басқа сатыларындағы үнемі жаңарумен  сипатталады. Мемлекет және құқық тарихын зерттей отырып, А.И. Королев құқықтық құбылыстың нақты тарихи талдауын, олардың нақты өмірде қандай ағыммен қалыптасқанын, әр түрлі сатыдағы байланыстарын және қатынастарын ескерді. Өткенді және болашақты салыстыруға мемлекеттік құқықтық нысанының алдын ала дамуының мойындамауын қарастыру, оларды жою емес , жеке тараптардың бар тарихи тәжірибені мойындамауын шегеру мүмкіндігін береді. Өткеннің және қазіргінің өзара байланысы, мемлекеттік- құқықтық даму болашағының негізіндегі ғылыми түсінік сыни талдау үшін қажет [104, 23б.]. Тарихи талдау жүзеге асырылып жатқан реформаны, қазіргі таңдағы тұжырымдамаларды бағалау ұсынысына мүмкіндік береді.

Заманауи жағдайды және оның болашағын анықтауды ғылыми тану мақсатында азаматтық сот өндірісі тарихын зерттеу нақты жақтардың  аспектілерін ерекшелеуді жүзеге асыру  үшін қажет.

   Бәсекелестік –  азаматтық құқықтық дауларды  шешудің ертенден келе жатқан  нысаны. Бәсекелестіктің бейнесі  ретінде Рим империясы дәуірінің  нақты бәсекелестік іс жүргізуі  қызмет етті.

Римнің мемлекет болып  қалыптасқанға дейінгі кезеңінде  бұзылған құқықты қорғау үшін дәстүрлер  қолданылған, ең ауыр жаза ретінде рудан  шығарып тастау танылған. Дәстүрдің  орнын өзін- өзі билеу және қорғау басты [105, 332-333б.]. Қанды кекке де жиі жүгініп отырған. Өзінің құқығы бұзылған деп санаған әрбір адам өз отбасының күшімен жәбірлеушінің сазайын тарттырған [106, 33б.; 107, 41б.]. Өзін өзі қорғану кейінірек XII кесте заңдарында бекітілген, мысалға, қарыз берушінің борышкерге жеке- дара әсер ету шарасы [108, 261-272б.].

  Рим мемлекетінің  қалыптасуымен жеке бастың бұзылған құқығын қорғау бірте- бірте қалпына  келе бастады. Алдымен дауласушы тараптар мемлекеттік органдарға,ең бірінші патшаға дауды шешіп және кінәлі тарап төлеуге тиіс шығынды өтеудің мөлшерін төлетуге жүгінді және бұл тараптардың еркіне байланысты болды. Кейінірек Римде туындаған кез -келген дауда сот рөлін патша атқарған. Және олар шешім шығаруды да жүзеге асырған. “Осылайша азаматтық іс жүргізу қалыптасып дами бастады” [105, 333б.].

    Мемлекет нығайғаннан  кейін азаматтық сот өндірісі  құқықтық қорғанудың жалғыз әдісі  болды. Өзін- өзі басқаруға   leges juliae de vi publica et de vi privata құқығымен тыйым салынды, осылайша қылмыстық құқық бұзушылық ретінде саналды, сонымен қатар күштеп міндеттерді орындатуға тыйым салынды [105, 334б].

    Азаматтық іс  жүргізудің ежелгі түрі болып  легисакциялық іс жүргізу танылды  [58; 105; 109]. Ол өзінің қатаң формальдылығымен, яғни тараптардың жасалған рәсімімен ерекшеленді. Барлық рәсімдердің және белгілердің жиынтығы "legis actio"[110, 26б.] деген атқа ие болды, сондықтан іс жүргізудің өзі легисациялы деп аталды.

    Осы іс жүргізудің  ерекшелігі болып сот өндірісіндегі  екі саты: "in jure" іс жүргізуі және "in judicio" іс жүргізуінің болуымен сипатталады."In jure" іс жүргізуіне тараптар мен сот магистры (претор, префект, аудан басшылары) қатысты. Магистрат сот қызметін жүзеге асырған жоқ, ол тек қана тараптар жүзеге асырған ресми актілердің сот өндірісіне қатысты. Оның қатысуы рәсімде бекітілген әйгілі сөздер,формулаларды айтумен байланысты болған. Ал тараптарға келетін болсақ олар құқықта жазылған әйгілі ресми актілерді жүзеге асырған. Бұл актілердің негізі талапкердің жауапкерге қарсы жүзеге асырғысы келген өз құқығы туралы арыздануы болып табылады. Жауапкер талапкердің жазған арызына қарсы шыққан. "In jure" сатысындағы қорытынды  акті болып litis contestatio немесе туындаған даудың пәнін куәгерлерге көрсету және дауды судьяға шешім шығару үшін жіберу танылды.

    Егер "in jure" сатысында жауапкер талапкердің арызымен келіспеген жағдайда  заңда бекітілген нысанда қарсы шыққан жағдайда іс жүргізу келесі сатыға өткен: өндіріс "in judicio" немесе мән- жай бойынша істі шешуден басталған.

Тараптардың нақтылы дәлелдерін тараптардың өзі жеке тұлғалардан тұрған магистрлардың қатарынан таңдаған судьялар қарастырған, өз кезегінде магистрлар Гракхтардың кезеңінен сенатор болған, ал Август кезеңінен 200 000 сестерцийден астам мүлкі болған азаматтар танылған.

Сотпен шығарылған шешім  апелляциясыз болған, яғни қайта шағымдану  мүмкіндігі болмаған [106, 40б.; 109, 149б.].

Құқықты жаратушы деп саналған сол кездегі заңгерлердің тым ұсақшылдығынан, жарғы нысанан және рәсімінен тыс кез-келген ауытқуы ауырлықтың жеңілісіне акеп соққан, сондықтан бірте - бірте сот өндірісінің бұл нысандары қолданыстан шыққан.

Одан басқа, "legis actiones" жүйесі оның қиын рәсімділігімен жаңа социалды – экономикалық қатынастардың даму деңгейіне одан әрі сәйкес келмеді. Іскерлік өмір ескі ресми актілердің тар аясына кіре алмайтын қатынастардың жаңарған нысанын ұсынған.

Эбуций (lex Aebutia) заңының және Юлий (dual leges Juliae) заңының нәтижесінде Римде формулалар арқылы сот өндірісі енгізілген болатын, соның нәтижесінде формулярлық іс жүргізу қалыптасты[111, 32б.].

Атақты тарихшы В. Хвостов  белгілегендей: «Іс жүргізудің өзгеру мазмұны "in jure" өндірісіндегі, дауды қалай шешу керектігі туралы претордың жазбаша нысандағы бұйрығымен тараптардың шағымдануында ғана болмаған, сонымен қатар легисакциялық формула заңына негізделген претор тек енжар куә болғандығына негізделген» [109. 223б.].

Өндіріс бұл іс жүргізуде  де jus және judicium сатыларын бөліну қағидасын сақтаған. Нақты осыда (ординалды) өндірістің  қалыпты тәртібі болған.

Соттың «in jure» органы Римде претор болып табылады, ал муниципияларда – муниципиалды магистрлар. Соттың «in judicio» органдары,  жалпы ереже бойынша претормен тағайындалған жеке судьялар болған.

«In jure»сатысы формулаларды  құрастырумен біткен және дау сот шешіміне берілген. Судья істі қарағаннан кейін, шешім шығарудан бас тарта да(өзі үшін іс түсініксіз болған жағдайда), істі шеше де алған, нақты мән-жай бойынша шешім шығару(sententia).

Рим империясының бұл заманында  азаматтық іс жүргізу тараптардың  ниеті бойынша туындаған. Сот  үшінші артық тарап болған және іс жүргізу бәсекелестігінің шешімін  шығарушы енжар күйде болған.

Қазақ даласындағы  революцияға  дейінгі бәсекелестік қағидасының  тарихи дамуы туралы бізге Қазақстанның мемлекет және құқық тарихынан белгілі, оның ішінде, тараптар арасында ұзақ жылдар бойы дауларды шешумен айналысқан  сот билердің қызметінің ұйымдастырылуынан  білеміз.

Қазақ елінің даласында да басқа мемлекеттегідей қоғамдық қатынастарды реттейтін өздерінің  нормалары, дәстүрлері, салттары болған.

Адамдар арасында белгілі  бір жағдайларға байланысты даулар туындағанда, бұндай қатынастар Адат (қазақтардың  қалыпты құқығы) нормаларымен реттелген. Бұндай құқықтық дауларды би судьялар, ақсақалдар және молдалар шешкен. Даулар мен шағымдарды қарау және шешу көбінесе құзіретті тұлғалар, сот билеріне берілген. Билер сотында тараптар дәлелдемелерді ұсынып, өз ұстанымдарын қорғаған. Сөйтіп, істі қарау кезінде тараптар арасында бәсекелестік жүрген.

Сот билерінің шешімі сенімсіздік  тудырған кезде, оны қайта қарауды  жоғарғы сот билігіне ие хан жүзеге асырған. Сол кездегі қолданыстағы қазақтардың қалыпты құқығы іс жүргізуде тараптарды даулаушы немесе талапкер және жауапкер деп атаған. Сонымен қатар, іс жүргізуге тараптардың куәлары – айғақтар және  жан берушілер қатысқан. Бұндай іс жүргізу қазақтың қалыпты құқығы бойынша жариялы, бәсекелес болған және барлық қылмыстық, азаматтық істер талап өндірісімен жүзеге асырылған [112, 102 б.].

Қазақтың атақты ғалымы, көптеген еңбектердің авторы С.З.Зиманов  ескергендей, қазақтың қалыпты- құқықтық жүйесінде халықтың санасына толықтай енген және оның дәстүрлі менталитетінің мазмұнын, судья- билердің мәні мен мәртебесін анықтаған нормалар мен қағидалардың қабаты жасалған.

Шындық пен әділдік, оларға жету деген ұмтылыс, қазақ құқығының  нормаларына негізделген сот  өндірісінің және билердің сот шешімдерінің фундаментальді негізі болған ұлы сөздер: «Атаныңқұлы айтса да, әдiлдiкке басыңды ий»,«Әдет - әдет емес, жан – әдет», «Тiл жүйрiк емес, шын жүйрiк».

Істі қараудағы қарапайымдылық және қол жетерлік, тікелейлік және мүлтіксіздік, сот бейтараптығы мен дәлелдеудегі бостандықты қамтамасыз ету, тараптардың және өзге де сотқа қатысушылардың процеске қатысу мүмкіндігін шектемеу, тараптарды бітімгершілікке алып келуге тырысу және үлкен қисындылықты қамтамасыз ету және  қоғам алдында сот шешімдерінің сендірерлігі, сонымен қатар кінәлі тарап үшін қатаң және ауыр жазалар би сотының мазмұны мен нысанын құраған [41, 34б.].

Осылайша, «ең алдымен  билер соты  – сот шешімдерінің әділдігіне, судьялардың тәуелсіздігіне кепілдік беретін, әдістер мен қағидаларға  негізделген, сот билігінің қоғамдық – саяси институты», - деп Қ.А.Мами ескерген.[48,18 б.]. Сот билерінің шешімдерінің әділдігіне кепіл беретін бұндай қағидалардың қатарына бәсекелестік қағидасын жатқызса болады.

Билер сотының жоғарғы  мәртебесіне сот талқылауларының  оңайтылған рәсімі де өз септігін тигізді. Соттың нысаны мен құрамына көбіне 2 фактор әсер етті, олар: істің ауырлығы және оған қатысушы тараптардың ниеті.

Информация о работе Қазақстан Республикасының сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының қолданылуы (азаматтық істер бойынша)