Қазақстан Республикасының сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының қолданылуы (азаматтық істер бойынша)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 18:24, дипломная работа

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.Диссертациялық жұмыс сот әділдігінің түсінігі мен құқықтық табиғаты принциптерін анықтауға байланысты жеткіліксіз игерілген(ізденушінің ұстанымы бойынша)мәселелер, сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтық iстер бойынша соттардың сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының түсінігі, мазмұны және жүзеге асырылуының кешенді зерттеулерінен тұрады.

Содержание

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 3
КІРІСПЕ 5
АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК 15 ҚАҒИДАСЫНЫҢ ТЕОРИЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Сот әділдігінің түсінігі және табиғи құқықтық принципі 15
Бәсекелестік қағидасының қалыптасу тарихы мен дамуы 30
Қазақстан Республикасының заманауи азаматтық сот ісін жүргүзуінің бәсекелестік қағидасының түсінігі мен мазмұны 45
Бәсекелестік қағидасының азаматтық сот ісін жүргізудің басқа қағидаларымен өзара байланысы және қатынасы 62
Дәлелдеу сатысындағы бәсекелестік қағидасының манызы 82
Бәсекелестік-тараптар мен іске қатысушы басқа тұлғалардың дәлелдеу қызметінің негізі 82
Дәлелдеу сатысындағы соттың орны мен бәсекелестігі 101
Өкіл ретінде адвокат қызметінің ерекшеліктері мен бәсекелестігі 110
3.ӘР САТЫДАҒЫ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАҒИДАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ 117
Сот өндірісінің бірінші сатысындағы бәсекелестік қағидасының жүзеге асуы 117
Аппеляциялық сатыда сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 142
Заңдық күшіне енген сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 159
ҚОРЫТЫНДЫ 170
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 176

Прикрепленные файлы: 1 файл

Егембердиев Ержан Ошакбаевич.docx

— 279.44 Кб (Скачать документ)

6.2 Қолданыстағы іс жүргізуді қадағалау,осы сатыдағы азаматтық іс жүргізуде бәсекелестік қағидасының шектеуінорнатуды реттейді. Бәсекелестікті көп жағдайда реттеу жәнешағым беру құқығы бар теңқұқықты тұлғалардың құрылуын  қамтамасыз ету мақсатында қадағалау тәртібінде сот актілеріне қарсылық білдіру үшін , келесілер қажет:біріншіден,ҚР АІЖК-нің 393 бабының 3 тармағына өзгертулер мен толықтырулар енгізу: «3.Қадағалау шағымының алдын ала қарау мерзімі туралы прокурор,тараптар және сот актісіне шағымдалатын,мүделлері қозғалатын өзге де тұлғалар,дегенмен олардың келмеуі қадағалау тәртібі бойынша істі қозғауға негізі жоқ немесе бар болуына байланысты сұрақтың шешілуіне кедергі келтірмейді».Екіншіден,іске қатысушы барлық тұлғаларға Қадағалау шағымының көшірмесі және өзінің сот өндірісін бірден соттың қабылданғанынан кейін қадағалау өндірісі бойынша қозғау  туралы соттың қаулысынҚР АІЖК-не бекіту.Осылай,ҚР АІЖК-нің 395 б-ның 1 тармағына келесі мазмұндағы өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек:«1. Қадағалау сатысы шағымдалған сот актілерін қайта қарау өндірісін қозғау туралы соттың қаулысын алғаннан кейін  қадағалау шағымының көшірмелері,қадағалау өндірісін қозғау туралы соттың қаулысы,сот мәжілісі болатын күні,уақыты,өткізілетін орны көрсетілген қадағалау сатысын қарастыру туралы хабарлама шағымдалған сот актілерінде мүдделері қозғалған  тараптарға және өзге тұлғаларға жіберіледі.».

6.3 ҚР-ның АІЖК-нін 406 б-ның 2 тармағында«Іске қатысушы тұлғалармен» сөздері алып тастау туралыбаяндалуы тиіс: «Істі қайта қарауға негіз болатын,анықталған жағдайларға байланысты шағым үш айдан кешіктірілмей берілуі мүмкін». Осындай заңи өзгерістер тәжірибелік мағынаға ие болған  прокурордың және іске қатысушы тұлғалардың тең құқықтылығын, сот актілеріндегі жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қайта қарау кезіндегі бәсекелестік қағидасының жүзеге асыруын қамтамасыз етуші еді.

Диссертациялық  зерттеу жұмысының теориялық және тәжрибелік маңызыазаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру үшін оның қорытындылары қолданылуы мүмкін; азаматтық істер бойынша әділ соттылықты одан әрі жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы соттарының құқық қолдану қызметінде; ЖОО-ның заң факультеттеріндегі оқу процессінде «ҚР-ның азаматтық іс жүргізу құқығы » пәнін оқыту, «Азаматтық сот өндірісі қағидалары » немесе «Дәлелдеу құқығы» арнайы курстарын, сонымен қатар ғылыми-тәжірибелік және теориялық конференцияларды өткізу;

Диссертацияның негізгі  жағдайы азаматтық іс жүргізу  құқығындағы  оқу-әдістемелік еңбектерін құрастыруда, азаматтық сот өндірісі және сот әділдігі қағидаларын, сонымен қатар бәсекелестік қағидасын одан әрі тереңірек зерттеуде қолданылуы мүмкін.

Зерттеу қорытындыларын тәжірибелік анықтау.Диссертация Қазақ гуманитарлық-заң университетінің азаматтық-құқықтық кафедрасында дайындалды. Диссертацияны рецензиялау және талқылау Қазақ гуманитарлы –заң университетінің «Азаматтық-құқықтық пәні» кафедрасының мәжілісінде, содан кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің  «Сот билігі және қылмыстық іс жүргізу » және «Азаматтық және кәсіпкерлік құқық » кафедраларының ортақ мәжілісінде өткізілді.Диссертациялық жұмыста қамтылған негізгі тәжірибелік және теорилық жағдайлар, шешімдер мен ұсыныстар азаматтық сот өндірісі мен сот әділдігіне жіберу мәселелері бойынша халықаралық және республикалық конференциялардың баяндамаларында, мақалаларында жарияланды. Жалпы көлемі 4,6-ны құрады. Жалпы көлемі 21,65-ті құраған, азаматтық іс бойынша тәжірибелік сабақтарды және дәрістерді оқу кезінде, оқу-әдістемелік әдебиеттерді өңдеу барысында, диссертациялық зерттеудің материалдары қолданылған.

Диссертацияның  құрылысы және көлемі. Диссертация белгілер мен қысқартулардан,кіріспеден,негізгі бөлімнен,қорытындыдан,пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.Кіріспе бөлімінде тақырыпты таңдау, оның өзектілігі, зерттеу мақсаты, оның ғылыми жаңалығы мен әдістемелік негізі қамтылады,қорғауға шығарылатын негізгі жағдайлар қалыптасады. Негізгі бөлім зерттеудің қорытындыларынан және үш бөлімнен тұрады, олардың біріншісі төрт бөлімнен тұрады, екінші және үшіншісі үш бөлімнен тұрады. Қорытынды бөлімде негізгі тұжырымдар және қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге ұсыныстар туралы баяндалады. Диссертациялық жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттер мен олардың автораларының тізімі беріледі. Жұмыстың жалпы көлемі -компьютермен терілген 187 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Азаматтық сот  ісін жүргізудегі бәсекелестік  қағидасының теориялық аспектілері

    1. Әділ соттылық қағидасының түсінігі және құқықтық табиғаты

Азаматтық сот ісін жүргізудегі  бәсекелестік қағидасын оқуға кіріспес бұрын,азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізудегі бәсекелестік қағидасының әр түрлі сатылардажүзеге асуын және бәсекелестік қағидасының түсінігін, әділ соттылық қағидасының түсінігі мен құқықтық табиғатын анықтаудағы артықшылықтарға байланысты, әділ соттылық қағидасының түсінігі мен құқықтық табиғатын анықтаудағы мәселелерді қарастыру керек.

Әлемдік тәжірибедегі ортақ қабылданған билікті заң шығарушы, атқарушы және сот билігі деп бөлу үлгісі бізде де қабылданды, ал сот билігінің тәуелсіздігін ҚР- сы Конституциясы кепілдендіреді.Сотты қоғамдық процесстерден тыс, оқшау орган ретінде қарастыру дұрыс болмас еді.Мемлекет пен азаматтық қоғамның мақсаты болып, әрбір азаматтың іс жүзінде заң мен сот алдындағы тең субъективтік құқықтары мен бостандықтарына құқықтық кепілдік ету,істе   судьялардың, яғни соттық билікті жүзеге асырушыларды сырттағы жағымсыз әсерден барынша қорғау табылады. Тәжірибеге кез - келген субъектілердің сотпен қорғалатын құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделерін құқықтық қатынастарда  ұзақ және кідірмелі болу артықшылары идеясын енгізу мен дамыту, сот билігін жүзеге асырудың нысаны ретінде әділсоттылықтың ерекшелігі және артықтышылықтарымен келісулі болуы керек.

Сот билігі мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде бөлініп  шығады. Ол ерекше жағдайға ие,себебі жария биліктің органы бола тұра жеке құқықтар мен міндеттерді қорғайды.

     Сот билігін  жүзеге асырудың маңызды нысаны  болып әділ соттылықты жүзеге  асыру табылады деп ҚР Конституциясының 75 бабының 1 тармағы және «ҚР  сот жүйесі мен судьяның мәртебесі  » туралы Конституциялық заңның 1 бабының 1 тармағы бекітеді.

ҚР Конституциялық Кеңесінің  қаулысына сәйкес,мұндай құқыққа тек қана бірегей сот жүйесін құрайтын Жоғарғы Сот және ҚР жергілікті соттары ие [88].

     Сот билігі  біртұтас және әлеуметтік категория  ретінде мемлекеттік биліктің  бірегейлігі мен бөлінбейтіндігінің  көрінісі ретінде айқындалады. Ол оның мазмұнының негізгі элементтерін ерекшелейді: біріншіден, билік бөлу қағидасының тармағы болып табылады; екіншіден, өзінің функционалдық белгілеріне байланысты мемлекеттік билік болып табылады; үшіншіден,оқупәні ретінде ол  мемлекет қызметіне әділ соттылық жүйесінің ұйымдастырылған-рәсімделген бәсекелестік нысанын құрайды [89, 268 б].

     Профессор  К.Х. Халиковтың негізді пайымдауынша,кеңестік  ғылымда «сот билігі » түсінігі  «әділ соттылық» түсінігімен  ұқсастықта қолданылды.[79, 14.б]. Оның ескертулері әділ,себебі «кеңес дәуірінде дәстүрлі бекітілген сот билігінің түсінігі, мемлекеттік биліктің құрамдас бөлігі ретіндебүгінгі күні адам құқығын қамтамасыз ету және  маңызды толықтырылған көзқарасты қажетсінетін Қазақстанда, жеткілікті деңгейде таралған,шын мәнінде онымен мемлекеттікресми саясатын және оның  идеологизациясын  жүзеге асырутүсіндіріледі »[79, 9б.].

Профессор К.Мамидың пайымдауынша, «сот», «әділ соттылық» және «сот билігі» түсініктері терең мағынаны қажет етеді [90, 76б.].

     Бұған дәлел  ретінде «сот, сот билігі және әділ соттылық – бірдей емес,бірақ өзара байланысты түсініктер: сот билігі сот әділдігімен жүзеге асады, ал сот әділдігі тек сотпен жүзеге асады »[91, 50б.].

      Ресей баспасының  заң сөздігінде «сот билігіне»  келесідей анықтамалар берілген : 1) cот әділдігін жүзеге асырудағы өкілеттіктердің жиынтығы; 2) жоғарыда көрсетілген өкілеттіктерді жүзеге асыратын мемлекеттік органның жүйесі [92, 790б.].

      Мемлекеттік қызметтің нысаны ретінде сот әділдігін жүзеге асыру, құқықтық дауларды сотпен қарау және шешуде  қарастыру жоғарыдағы анықтамалардан көрінеді.

Заң әдебиттерінде сот  әділдігі түсінігі әр түрлі құқықтық аспектілерде қарастырылады.

Көптеген заңгер-ғалымдар материалдық құқықтық нормаларды қолданатын азаматтық, қылмыстық және өзге де істерді  қарайтын және шешетін сот мәжілісіндегі  соттардың (сот алқасы) қызметіндегі әділ соттылықты процессуалдық нысанда жүзеге асыруды анықтайды [93, 55б; 94, 38б; 95, 67б].

 Бірақ, «Әділ соттылық- лауазымды тұлғалар, мемлекеттік  және мемлекеттік емес органдар, адам мен азаматтың құқықтары  мен заңды мүдделерін маңыздырақ  жүзеге асыруға тікелей қатысатын,  құқық қорғау органының қызметі», - деп кейбір авторлар жазады. Оның міндетіне іс жүзінде  барлық құқық қоғау органдарының  қызметін жүзеге асыру бағынышты.  Сондықтан әділ  соттылық –  жалпы құқық қорғау органдары  қызметінің өзегі» [96, 11б].

      Өзге заңгер-ғалымдар  «Әділ соттылық- заңды, негізделген,  әділетті сот шешімінің жалпыға  міндеттілігін  қамтамасыз ететін, заңмен бекітілген тәртіпті және  оның талаптарын орындамау жағдайында  сотпен жүзеге асатын азаматтық,  қылмыстық және өзге де сот  өндірісінің заңмен белгіленген  құқық қорғау қызметі » деп  пайымдайды [97, 24б].

       Көріп  отырғанымыздай, жалпы әділсоттылық  құқықтық қатынастарды және құқықтық дауларды, нақты фактілерге құқықтық нормаларды қолдану мәселесін қарастыру және шешу болып табылады. Осылайша сот билігі жасалып қойылған құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық ескерту және әділ жаза,сонымен қатар  заңдық мағынасы бар куәландырылған дәлелдемелерге байланысты экономикалық,әкімшілік жіне азаматтық дауларға байланысты мәселелерді щешеді. Демек, Конституцияға және өзге де нормативтік -құқықтық актілерге  негізделген даулар мен істерді шешу соттың қызметі болып табылады және сот билігінің мазмұнын құрайды. Осылайша әділсоттылықтың негізгі мақсаты жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін және бұзылған құқықтарын қалпына келтіру,мемлекеттің мүддесі мен құқықтарын  әрқашан қорғау болып табылады.

Қоғам мен оның демократиялығындағы  сот билігінің негізгі көрсеткішінің  орны азаматтардың сотпен қорғалатын құқығының деңгейі болып табылады. Сот билігі құқықтық мемлекеттің  қоғамдағы тұрақтылықты және құқықтық тәртіпті, әлеуметтік тыныштықты қамтамасыз ететін институт болып табылатындығының түсініспеушілігі қазіргі күнге дейін шешімін таппаған. Кез келген биліктің негізгі мәселесі азаматтардың сенімі мен мемлекеттің ұйымдастырылуы болып табылады. Бұл сенімнің деңгейі оның азаматтарды қалай қорғауы және  ұйымдастырылуымен тікелей анықталады.

Халықтың көп бөлігі құқықты  дұрыс білмегендіктен,кейбір нормативтік  актілердің түрлерін біле бермейді, әйтсе  де өзінің жеткілікті деңгейдегі білімінің  болуына байланысты көбісі өзінің конституциялық құқықтарын біледі. Осыған сәйкес, құқықтық қорғаудың қоғам үшін маңызды және анықтаушы критерийі болып, өзінің конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін сотпен қорғау мүмкіндігі болып табылады.

Мемлекетте болып жаткан жаңартулардың жалпы  нәтижесі,   әділсоттылықтыңқоғамдық өмірдің негізгі аясында қандай маңызды орынды алатынына байланысты болады.

       Демократия  жағдайында адам мен азаматтың  құқықтары мен бостандықтары  заңмен қорғалуы тиіс. Бұл қорғау  демократиялы және тәуелсіз сотсыз жүзеге асуы мүмкін емес.

Әділсоттылықтың конституциялық негіздері- соттық заңнаманың дамуы  мен салалық нормаларды пайымдаудың мүмкін нұсқалары және  қоғамдағы әділсоттылықтың мағынасы мен рөлін анықтай алатын негізгі кезең. Құныдылықтар бағдарын асыра бағалау ,  заңнамадағы елеулі өзгерістер ,  осы және басқа да әлеуметтік топтардың саяси құмарлықтары осы процессте шешуші мағынаға ие  болуы мүмкін емес және бола алмайды.

Конституциялық кеңістіктің шеңберінде нақты қоғамдық дамудың мүмкіндігі, мемлекеттің және қоғамның көмегімен қамтамасыз етілуі тиіс. Осы істе сот механизімі қоғамда пайда болған қайшылықтарды тиімді және таңдаулы шешу жолы ретінде жүзеге асуы тиіс.

Мамандар, қазіргі таңда  сот тәжірибесінде конституциялық нормаларға сілтеме жасайтын жағдайлардың аз болатындығы жайлы дұрыс белгілейді.Расында  да, бұл шындық және бұның себебі соттардың негізгі заңды елемеитіндігінде емес. Құқық қолдану құрылымдары, сөздік айналымдар, қалыптасқан клишелер – бұл жағдайлардың барлығы қазіргі сот актілеріндеәлі де қорытындыларды мазмұндауды қалыптастырудың стилі болып табылады. Сондықтан  соттардың күнделікті тәжірибесіндегіКонституцияныңрөлін анықтауды жүзеге асыратыны туралы мәселе өзекті болып отыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, іс жүзінде қабылданған немесе әділсоттылықты жүзеге асыру нәтижесінде қабылданатын ерекше қасиеттерге ие сот актілері. Осылардың бірі болып заңдық күшіне енген жалпыға міндетті сот актілері табылады. Бұндай сот актілерінің қызметі бүкіл республиканың аумағына және орындауға міндетті тек іске қатысы бар тараптарға таралады. Сот актілерін орындамау және орындалуына кедергі келтіру заңды жауапкершілікке әкеп соғады.

Сот актілерінің сапасы туралы мәселе тек қана сот өндірісі тәртібі  бұзылған кезде, сонымен қатар сот  мәжілісінің хаттамасын енгізудегі мәдениеттің жоқтығы және сот  мәжілісінде болып жатқанның  барлығы сол тексерілуге тиіс сот актілерінің шегінен тыс  қалған жағдайда туындайды.

Әділсоттылық жалпыға  міндетті сот актілерінен басқа  да белгілерге ие. Атап айтқанда, әділсоттылық тек заңмен белгіленген тәсілдермен ғана жүзеге асады. Осылайша, Конституциялық нормаларға және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяның мәртебесі туралы»Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «сот билігі азаматтық, қылмыстық және өзге де заңмен белгіленген сот өндірісінің нысанына сәйкес жүзеге асады». Азаматтық және қылмыстық істер бойынша әділсоттылықты жүзеге асыру барысындағы сот билігін жүзеге асыру, сәйкес процессуалдық кодекстермен реттемеленеді. Сот өндірісінің өзге нысандарына әкімшілік заңнамамен белгіленген әкімшілік құқық бұзушылықтарды қарау тәртібі жатады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының қолданылуы (азаматтық істер бойынша)