Қазақстан Республикасының сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының қолданылуы (азаматтық істер бойынша)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 18:24, дипломная работа

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.Диссертациялық жұмыс сот әділдігінің түсінігі мен құқықтық табиғаты принциптерін анықтауға байланысты жеткіліксіз игерілген(ізденушінің ұстанымы бойынша)мәселелер, сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтық iстер бойынша соттардың сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының түсінігі, мазмұны және жүзеге асырылуының кешенді зерттеулерінен тұрады.

Содержание

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 3
КІРІСПЕ 5
АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК 15 ҚАҒИДАСЫНЫҢ ТЕОРИЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Сот әділдігінің түсінігі және табиғи құқықтық принципі 15
Бәсекелестік қағидасының қалыптасу тарихы мен дамуы 30
Қазақстан Республикасының заманауи азаматтық сот ісін жүргүзуінің бәсекелестік қағидасының түсінігі мен мазмұны 45
Бәсекелестік қағидасының азаматтық сот ісін жүргізудің басқа қағидаларымен өзара байланысы және қатынасы 62
Дәлелдеу сатысындағы бәсекелестік қағидасының манызы 82
Бәсекелестік-тараптар мен іске қатысушы басқа тұлғалардың дәлелдеу қызметінің негізі 82
Дәлелдеу сатысындағы соттың орны мен бәсекелестігі 101
Өкіл ретінде адвокат қызметінің ерекшеліктері мен бәсекелестігі 110
3.ӘР САТЫДАҒЫ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАҒИДАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ 117
Сот өндірісінің бірінші сатысындағы бәсекелестік қағидасының жүзеге асуы 117
Аппеляциялық сатыда сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 142
Заңдық күшіне енген сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 159
ҚОРЫТЫНДЫ 170
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 176

Прикрепленные файлы: 1 файл

Егембердиев Ержан Ошакбаевич.docx

— 279.44 Кб (Скачать документ)

Қазақ гуманитарлық- заң  университеті

УДК 347.9 (574)Қолжазба құқығында

 

 

 

Егембердиев Ержан  Ошакбаевич

 

 

Қазақстан Республикасының сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының қолданылуы (азаматтық істер бойынша)

 

 

12.00.11- сот билігі;құқық қорғау органдары;құқық қорғау қызметінің ұйымы;адвокатура;12.00.03 –азаматтық құқық;кәсіпкерлік құқық;отбасы құқығы;халықаралық жеке құқық;азаматтық іс жүргізу;төрелік іс жүргізу

 

 

Заң ғылымының кандидаты  дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

 

 

 Ғылыми жетекшілер:

    заң ғылымдарының  докторы,

   профессор Абдраимов  Б.Ж.,

 

                  заң ғылымдарының кандидаты,

       доцент,Баймолдина  З.Х.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Астана,2007

МАЗМҰНЫ

 БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР                                                             3

 КІРІСПЕ                                                                                                        5

  1. АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК                   15      ҚАҒИДАСЫНЫҢ ТЕОРИЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
    1. Сот әділдігінің түсінігі және табиғи құқықтық принципі                       15
    2. Бәсекелестік қағидасының қалыптасу тарихы мен дамуы                      30
    3. Қазақстан Республикасының заманауи азаматтық сот ісін жүргүзуінің бәсекелестік қағидасының түсінігі мен мазмұны                                    45
    4. Бәсекелестік қағидасының азаматтық сот ісін  жүргізудің басқа қағидаларымен өзара байланысы және қатынасы                                   62
  2. Дәлелдеу сатысындағы бәсекелестік қағидасының манызы                  82
  3. Бәсекелестік-тараптар мен іске қатысушы басқа тұлғалардың дәлелдеу қызметінің негізі                                                                                         82
  4. Дәлелдеу сатысындағы соттың орны мен бәсекелестігі                       101
  5. Өкіл ретінде адвокат қызметінің ерекшеліктері мен бәсекелестігі     110

3.ӘР  САТЫДАҒЫ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАҒИДАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ                                                            117

  1. Сот өндірісінің бірінші сатысындағы бәсекелестік қағидасының жүзеге асуы                                                                                                            117
  2. Аппеляциялық сатыда сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы                                                                            142
  3. Заңдық күшіне енген сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы                                                                                                159

ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                           170

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ                                         176

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БЕЛГІЛЕР МЕН  ҚЫСҚАРТУЛАР

Диссертацияда келесі белгілер мен қысқартулар қолданылады:

ғ.- ғасыр;

ғғ.- ғасырлар;

ж.- жыл;

жж.- жылдар;

т.- тарау;

ҚР Конституциясы-  1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданаған Қазақстан Республикасының  Конституциясы (ҚР-ның 1998 жылы 7 қазаннан №284-1 Заңымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар) // Қазақстан Республикасы Парламентінің Қаулылары.-1998- №4. -217 бап;

ҚР-ның сот жүйесі туралы конституциялық заңы- 2000 жылғы 25 желтоқсаннан «Қазақстан Республикасының сот мәрбесі және сот жүйесі» туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы // Қазақстан Республикасы Парламентінің Қаулылары.-2000- №23. -410 бап;

ҚР АК- 1994 жылғы 27 желтоқаннан Қазақстан Республикасының Жоғарғы Стының Қаулысымен күшіне енген Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі(жалпы бөлім)//Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қаулылары.- 1994. − №23-24 (қосымша);

МКК- мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорын;

ҚазКСР АІЖК- 1963 жылғы  28 желтоқсаннан Қазақ Кеңес Социалистік  Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексі(күшін жоғалтты)//Жоғарғы Кеңестің және ҚазССР Үкіметінің Қаулылары. − 1964. − №2 ҚазССР заңдар жинағы. − Том 11. – 178 бет;

ҚР АІЖК - № 411 1999 жылғы 13 шілдеден Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексі.Қазақстан Республикасының Қаулысы 1999. − №18. – 644 бап;

РФ АІЖК- Ресей Федерациясының азаматтық іс жүргізу кодексі.//Ресей  Федерациясының заңдар жинағы. − 2002. − №46. – 4532 бап;

ГФР АІК – Германия Федеративті  Республикасының азаматтық іс жүргізу  кодексі.// http://jurcom5.juris.de/bundesrecht/BMS_index.html;

ҚР «Неке және отбасы »  туралы Заңы – 1998 жылғы 17 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы » № 321 Заңы // Егемен Қазақсатан. – 1998 -. – 27 желтоқсан;

ҚР «Нотариат » туралы Заңы – 1997 жылғы 14 шілдеден Қазақстан Республикасының «Нотариат » туралы № 155 Заңы // Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулысы. -1997.- №13-14.- 206 бап;

ҚР «Еңбек » туралы Заңы – 1999 жылғы 10 желтоқсаннан  Қазақстан Республикасының «Еңбек » туралы №493 Заңы // Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулысы. -1999.- №24.- 1068 бап;

«Адвокаттық қызмет туралы»  ҚРЗ – 1997 жылғы 5 желтоқсаннан № 195«Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Қазақстан Республикасы Парламентінің Қаулылары. − 1997. − №22. – 328 бап;

ҚР ЖС нормативтік қаулысы  – Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Сотының Қаулысы.

ҚазКСР – Қазақ Совет  Социалистік Республикасы.

т. – тармақ, тармақтар;

тш. - тармақша;

ҚР – Қазақстан Республикасы;

бт. – бет;

ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер  Достастығы;

б.- бап, баптар;

АҚШ – Америка Құрама Штаты;

бм.- бөлім, бөлімдер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы  сипаттамасы.Диссертациялық жұмыс сот әділдігінің түсінігі мен  құқықтық табиғаты  принциптерін  анықтауға байланысты жеткіліксіз игерілген(ізденушінің ұстанымы бойынша)мәселелер, сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтық iстер бойынша соттардың сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының түсінігі, мазмұны және жүзеге асырылуының кешенді зерттеулерінен тұрады. Зерттеу жұмысы қолданыстағы ҚР заңнамасындағы кемшіліктерді талдау,құқық қорғау қызметін регламенттеу және азаматтық сот ісін жүргізудегі сот және адвокатураның іс жүргізушілік жағдайын және азаматтық істер бойынша тиімді сот әділдігін құру бойынша диссертанттың ұсыныстарын қамтиды.

Зерттеу тақырыбының  өзектілігі.Қазақстанда соңғы он жылда болған экономикалық,саяси және құқықтық өзгерістер,құқықтық қағидалардың дамуына,оның ішінде сот әділдігі қағидаларына және азаматтық іс жүргізу қағидаларына айтарлықтай әсерін тигізді. Қазақстан Республикасында жүргізілген саяси-құқықтық жаңаруларға байланысты сот әділдігі мен азаматтық сот ісін жүргізу қазіргі даму сатысында өзінің бастапқы мағынасына ие болды. Сонымен бiрге негiзгi назарды тек шешім шығаруға ғана емес,азаматтық iстер бойынша сот әділдігіне жіберілетін соттардың күнделiктi қызметiндегi қағидаларын жүзеге асыруға бағытталады. Бұны азаматтық сот ісін жүргізудегі бәсекелестік қағидасының дамуы мысалынан көре аламыз. Аталған қағида басқа да көптеген қағидалар сияқты тұрақты, қатқан күйінде болмай жаңаруға бейімделеді. Қоғамдық қатынастардың дамуына байланысты оның құрамы баийды, қолданылу аясы кеңейеді,құқықтық кепілдігінің  жүзеге асуы қалыптасады.

Бәсекелестік қағидасының  ары қарай дамуының қажеттілігі  туралы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Жаңа  Қазақстан жаңа әлемде»атты жолдауында көрініс тапты[1]. ҚР-ның жаңа АІЖК-де бекітілгендей, тараптар өз өкілдері арқылы дәлелдемелерін жинайды және сотқа ұсынады. (ҚР-ның АІЖК-нің 15б. 2т.) Сот істің нақты мән-жайын анықтау мақсатында өз бастамасымен айғақтар жинаудан босатылған, алайда тараптың дәлелді өтініші бойынша АІЖК-де көзделген тәртіппен қажетті материалдарды алуға жәрдемдеседі.

Азаматтық істерді қарау  мен шешу кезінде тараптардың  бәсекелестігіне соттың жағдай жасағанына қарамастан заңи шешімді талап ететін бірқатар шешілмеген сұрақтар бар. Іс жүзінде дауды уақытылы және сапалы шешу мақсатында  сот тараптардандәлелдемелерді табандылықпен талап етеді. Біздің ойымызша бәсекелестік қағидасы әрекет ететін жаңа азаматтық іс жүргізу заңнамасының шарттары негізінде,оның тиімді жүзеге асуына байланысты азаматтық іс жүргізудің әртүрлі сатыларында азаматтардың, ұйымдардың бұзылған құқықтарын немесе даулы құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауды талап етеді. Ол мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық аясындағы жалған демократияың дамуына алғышарттар  құрады, құқықтық мемлекеттің негізін күшейтуге бағытталған негіз болатын принциптердің бірі болып табылады.

Қазақстандық сотта қаралатын азаматтық iстердiң санының өсуіне байланысты бәсекелестік қағидасы уақытылы, объективті және әділ шешім шығаруда   маңызды орын алады. Бәсекелестік қағидасының қызметі соттардың өз бастамалары бойынша айғақтарды жинауды шектеуге; тараптардың және іске қатысушы өзге тұлғалардың жауапкершілік деңгейін көтеру олар үшін жағымсыз шешім шығару қаупінің туындауына; материалдық құқық қатынастары (азаматтық, отбасылық, еңбек, кәсіпкерлік ж/е т.б.) субъектілерінің құқықтық сауаттылығын көтеруге шақырады. Әлі күнге дейін кейбір судьялар нақтылы құжаттар жинау сатысында азаматтық істерді шешуде бастамашылық білдіруде. Судьяның мұндай iс жүргiзу қызметінбірінші инстанциядағы сотқа сот талқылауына азаматтық істерді әзірлеу кезінде байқалады. Жауапкер оған  жағымсыз бірінші сот инстанциясының заңдық күшіне енген сот шешіміне қарсылық білдіріп, өзінің аппеляциялық шағым беру құқығын пайдаланатын жағдайлар болады.

Сот тәжiрибесiндегi жарысатындықтың  қағидасының iске асыруы тағы басқа  тұлғалар, қатысушы iсте тараптарға азаматтарға, тұрғынның аласалау заңға  сүйенген мәдениетiнiң заңгерлiк  көмегiнiң аласа деңгейi, сонымен  бiрге соттың белсендi көмегiнiң көрсетуiн  пайда болатын дәстүрге азаматтарының  сенiмi нақтылы қиындықтар салдарынан шақырды.

Сот тәжірибесінде бәсекелестік қағидасын жүзеге асыру азаматтарға заңи көмек көрсетудің төмен деңгейде болуы,халықтың құқықтық мәдениетінің төмендігі,сонымен қатар соттың іске қатысушыларға, тараптарға және өзге де тұлғаларға белсенді көмек көрсетуі,қалыптасқан дәстүрге азаматтардың сенімі келеңсіз қиыншылықтар туындатты.

Өз кезегінде бәсекелестік қағидасының ары қарай дамуын болжаған, ең жақын келешекке сот  жүйесінің басым бағыт қызметін анықтаған 2005 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жедел экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация жолындағы Қазақстан» атты Жолдауында қолданыстағы азаматтық iс жүргiзу заңнамасын  жетiлдiруге байланысты сұрақтар орын алғаны заңды болып табылады.[2,3б.]

 

 Болып жатқан азаматтық  іс жүргізу құқығындағы іс  жүргізулер шетел соттары қызметі тәжірибелері және шетел заңнамасына анық түрде қызығушылық білдіріле басталған аттас ғылымға әсер ететіні заң әдебиеттерінде байқалады. Бұның әсерінен көптеген іс жүргізушілер азаматтық іс жүргізудегі тараптардың бәсекелестік қағидасының кеңеюін,объективтік шындық қағидасының қайта қаралуын және тағы басқаларын жақтайды.

Азаматтық iс жүргiзу құқығының  ғылымына азаматтық iстер бойынша төрелігін жүрудiң төңiрегiн дегi барлық заң шығару новеллаларының мағынасын түсiнуге тура келедi және шетел елдерiнiң тәжірибесі қазiргi шарттардағы азаматтық iсін жүргiзудi ары қарай дамытуға көмектеседi.[3,3б.]

Заманауи жағдайларда  бәсекелестік қағидасы жаңа мәнмен толықтырылған.Сот бүгiн нақты iстiң жағдайларын анықтау бойынша барлық шара қолдануға мiндеттi емес,тараптардың құқықтары мен мiндеттерi; соттың болған белсендiлiгi тұлғалар, қатысушы iстерде, соттың бұрынғы рөлiн толық  іске қатысушыларға ауысады,соттың орны анықтау және көмек көрсету қызметімен анықталады және тәмамдалады.[4,389б.]

Көптеген факторлармен шартталған ,бәсекелестік қағидасымен байланысты сұрақтардың ғылыми зерттеулері:аяқталмаған  соттық-құқықтық реформа; қатысушы iстерде дәлелдеуi бойынша тағы басқа тұлғалардың  тараптарының белсендiлiктiң ұтымды байланысының анықтаулары, , жағдайлардың iстi шешуi үшiн мән болатын соттарының әрекетiнiң күрделiлiгi; тағы басқалар бұл қағиданың теориялық мәселелерiнiң  азаматтық сот iсiн жүргiзуiнде  жеткiлiксiз өңделмеген.ТМД және Еуропа елдерінде азаматтық-iс жүргiзу заңдарындағы бәсекелестік қағидасының дамытуының мәселелерiн  зерттеу сот тәжiрибесiнде өзекті мәселе.Нақтылы шарада азаматтық сот iсiн жүргiзудi даму тенденцияларын айқындап, оларды болжап және қолданыстағы заңның әбден жетiлдiруi бойынша заң шығарушыға ғылыми ұсыныстар беруге мүмкiндiк береді, соттардың практикалық тәжiрибесiнде - заңдардың дұрыс қолдануы бойынша нормативтiк қаулыларының жобалауының жанында дұрыс бағыт қарастыру кезiнде және нақты азаматтық iстердi шешуi, ол тек қана теориялық емес,сонымен қатар тәжірибелік мәнге ие болады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының қолданылуы (азаматтық істер бойынша)