Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 18:24, дипломная работа
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.Диссертациялық жұмыс сот әділдігінің түсінігі мен құқықтық табиғаты принциптерін анықтауға байланысты жеткіліксіз игерілген(ізденушінің ұстанымы бойынша)мәселелер, сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтық iстер бойынша соттардың сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының түсінігі, мазмұны және жүзеге асырылуының кешенді зерттеулерінен тұрады.
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 3
КІРІСПЕ 5
АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК 15 ҚАҒИДАСЫНЫҢ ТЕОРИЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Сот әділдігінің түсінігі және табиғи құқықтық принципі 15
Бәсекелестік қағидасының қалыптасу тарихы мен дамуы 30
Қазақстан Республикасының заманауи азаматтық сот ісін жүргүзуінің бәсекелестік қағидасының түсінігі мен мазмұны 45
Бәсекелестік қағидасының азаматтық сот ісін жүргізудің басқа қағидаларымен өзара байланысы және қатынасы 62
Дәлелдеу сатысындағы бәсекелестік қағидасының манызы 82
Бәсекелестік-тараптар мен іске қатысушы басқа тұлғалардың дәлелдеу қызметінің негізі 82
Дәлелдеу сатысындағы соттың орны мен бәсекелестігі 101
Өкіл ретінде адвокат қызметінің ерекшеліктері мен бәсекелестігі 110
3.ӘР САТЫДАҒЫ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАҒИДАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ 117
Сот өндірісінің бірінші сатысындағы бәсекелестік қағидасының жүзеге асуы 117
Аппеляциялық сатыда сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 142
Заңдық күшіне енген сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 159
ҚОРЫТЫНДЫ 170
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 176
Әділсоттылықтың келесі маңызды белгісі, оның сотпен жүзеге асатындығы болып табылады. Сот құқық бұзушылыққа жәрдемдесушіліктіңжәне құқықтық даудың туындау себептерін анықтайды және оларға жеке анықтамалармен, шешімімен сәйкес әсер етеді. Осылай,«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяның мәртебесі туралы»Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 1 бабына сәйкес соттың ерекше өкілеттіктерін басқа органдараға беруді ескеруді заңнамалық актілерді басуға тыйым салынады. Ешқандай өзге органдар және тұлғалар сот билігінің қызметтерін немесе судьяның өкілеттігін өзіне иеленуге құқығы жоқ.
Сот билігі, көрсетілгендей, азаматтардың заңға қатынасына, олардың құқықтық немесе құқыққа қайшы іс-әрекеттерді таңдауын қалыптастыруына қатты әсер ететін тетіктері бар. Әділсоттылықты жүзеге асыру рәсімі, олардың жариялылығы, қаталдығы мен салтанаты, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы заңның рөлі мен заңды құрметтеудің,сотпен және талқылауға қатысушылармен демонстрациялануы, белгіленген құқықтық тәртіптен кез-келген шегінуге соттың мән беруі, әрбір іс бойынша барлық жалған жағдайларды анықтау – бұл, сот өндірісінің қатысушылары да, іске қатысты азаматтар да өтетін мектеп.[98, 15 б.].
Бірақ
бұл азаматтардың өзі қоғамдық
шындықты көреді, сотқа ашық немесе
бүркемелі қысым жасалған
Осыған байланысты қоғамдық сараптамаға және кең талдауға жататын сұрақтардың бірі, - соттардың қызметіне кадралды ұсынуды іріктеп алу болып табылады деп ойлаймын. Халық арасында қандай әдіспен адамдар емтихан тапсыру тәртібін өтеді және комиссиядан өтудің нақты ставкалары жайлы аңыздар тараған. Көптеген болашақ судьялардың басшылыққа алатын негізгі мотивтары, бұл дұрыс және адал ниетпен әділсоттылықты жүзеге асыру емес, өзінің жеке баюы екенін бекітемін. Егер ол осылай болса ондақандай әділсоттылықтың нәтижелілігі туралы, Конституция мен ҚР заңдарының сақталуы туралы сөз қозғауға болады. Сондықтан да сот қызметіне кандидаттыққа өткізудегі біліктілік комиссиясы біліктілік емтиханын өткізудегі өз өкілеттігін ҚР- сы Жоғарғы соты кеңесінің юрисдикциясына тапсыру керек.Бұл дегеніміз ерекше жауапты қызметтерге қылмыстық іске бағытталған адамдардың кездейсоқ кіруіден сақтайды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстанның халқына жолдауында заманауи қоғамның қажеттіліктеріне жауап беретін тиімді әділсоттылықты жоғарылатуға шаралар ұсынады.
Әділсоттылықтың тиімділігі – бұлсоттардың қызметіне берілетін бір жағынан қарапайым, біржағынан қиын және көп қырлы критерий бойынша берілетін қоғамдық баға. Бізде қандай әділсоттылық орнатылған деген сұрақ туындағанда ол бағалайтын элемент ретінде қызмет етеді.Әділсоттылықтың тиімділігін жоғарылату – мемлекет дамуының елеулі шарттарының бірі және оларды қандай мәселелер туындатқанына қарамастан қоғамдық дамуыдың жағымсыз салдарларын жою болып табылады.
Басқа аядағы шешімдердің, соның ішінде, ең бірінші экономикалық дамуына байланысты негізгі мәселе болып табылады.Тиімді әділсоттылықсыз, мемлекеттік және қоғамдық қызметтің басқа бағыттарында ары қарай даму болмайды.
Сот билігін ұйымдастыру негізінен белгілі деңгейде әділсоттылықты туындататын тиімсіз шарт.
Қазақстан Республикасының
әділсоттылықты жүзеге асыру
барысында, сотты материалдық
–техникалық және
Азаматтық істер бойынша сот билігін және нәтижелі әділсоттылықты жүргізуді реттеу үшін соттың бірінші инстанциясындағы судьялардың жұмысбастылығы туралы мәселені шешу қажет.Негізгі буындағы соттардың қызметіндегі жұмысбастылығы туралы мәселе әлі шешілмеді, бірақ соттардың штаттық саны бұл мәселені шешуші еді. Соттардың штаттық саны істерді дұрыс және уақтылы шешу керек, істен кейінде көптеген соттар себепті сылтаулармен жоқ болады, сондықтан сот төрағасы бұны қадағалауы қажет.Сонымен бірге бір судьяға қанша істен түсетінін нормативтік жағдайда қабылдай және бекіте отырып реттеу керек деп санаймын.
Егер де осылай
аудан соттарының
Сот құрамының сапасын қамтамасыз ету бұл жеке сұрақ. Бұл айтарлықтай рөлді Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы институтына беріледі.
Судьяның қызметінде
жұмыс атқару үшінсот
Қазіргі кезде сынақ мерзімін өту ресми сипатқа ие. Бұл сынақ мерзімін өтуші үміткер сынақ мерзiмi алдағы жұмыс орыны бойынша өтетiн жағдайлардың көпшiлiгiнде байланысты.Осындай сынақ мерзімін басқаратын судьялар үміткерлердің мамандандырылған дағды алуында белсенділік танытпайтыны және судьялық үміткегерге объективті баға беруде өздеріне жауапкершілік алмайтыны, ескерте кететін жағдай.
Ол үміткер үшін қалай маңызды болса, мемлекет пен қоғам үшін де солай маңызды болып отыр.
ҚР-сы Президентінің 26.06.2001 жылдан
№ 643 Жарлығында судьялыққа кандидаттың
сынақ мерзімін өту туралы ереже
және судьялыққа кандидаттың сынақ
мерзімін өту туралы үлгілік бағдарлама,
белгілі түзетулерді талап
Сонымен қатар сынақ мерзімін
өтуші үміткерге сот
Сонымен қатар,
сот өызметкердерін
Қазір,сырттай оқу бөлімінде тұрмақ күндізгі оқу бөлімінде де студенттердің соттық-құқықтық, прокурорлық мамандандырылуында мақсатты дайындық жүргізілмей жатыр. Тек мамандандырылған жооларда, мысалы Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ-нің Қарағанды қалалық заң институтында тыңдаушыларға тергеу-криминалист мамандығы бойынша, демек болашақ тергеушілерді, анықтаушыларды, криминалисттерді дайындауда мақсатты дайындық жүргізіледі.
Сондықтан, Қазақстандағы
жоолардың заң
Болашақта судья қызметін атқарғысы келген ҚР азаматтарын осындай жооларда сот этикасы мен сот қызметінің негіздерін терең оқыту керек.
Егер 5 жылдық оқу мерзімін негізге алатын болсақ, онда 2 курстан бастап, келісімшарт негізінде, осындай студенттерді белгілі аудандық және оған теңестірілген судьяларға бекітіп қою керек. Жоғарғы біліктілігі бар оқытушылар мен тәжірибелі сот жетекшілерінің басшылығымен, студенттер сот жұмысымен танысулары, сот процесстеріне қатысулары және т.б. керек болады. Болашақ судьяларды оқыту мәселесінің жетекшілігі үш бағытта жүргізілу керек. Бір жағынан жооның сот факультетінің оқытушылары, екінші жағынан – сот әкімгері, ал үшінші жағынан – студент бекітілген судьяның өзі.
Оқу курсын толық бітірген соң, сот факультеттерінің түлектеріне ұсынылатын жоғарғы заң білімі туралы дипломдарда сот қызметінде олардың өткен дайындық нәтижелерінің қорытындылары көріну керек.
Одан кейін, сот факультеттерінің күндізгі бөлімінің осы түлектерін, соттарға кеңесші, көмекші қызметіне бағыттау керек.
Бұнда, қызметтегі судьялардың қайта дайындығын жақсарту механизмі жеткілікті деңгейде істелмегендігін ескеру керек.Сонымен қатар, судьялардың біліктілігін арттыру механизмін жақсарту керек. Мысалы, біліктілікті жоғарылату курсын өту үшін әрбір судья өндірістен тыс оқуды өтіп, соған тиісті құжат алуы керек. Бірақ бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін, осы оқу курсын қажет ететін қызметтетегі судьялардың өзі қажет, бірақ олар көбіне әділсоттылықты жүзеге асыруда бос болмағанықтан, олар біліктілікті арттыру курстарына қатысуға көбінесе мүмкіндіктері болмайды.
Осыған орай, судьялардың біліктілігін арттыру бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін сот төрағасы жағынан бақылау орнату ұсынылады.
Сот билігін нығайту және дамыту процессі жүзеге асуда, бірақ әділсоттылықты жүзеге асырудағы маңызды аспект – сот актілерін орындауға назар аудару керек. Әділсоттылықты жүзеге асыру қаралған істер бойынша сот шешімдерімен ғана шектелмейді, сонымен қатар сот актілерін тиісті орындауды қосады.
Қазіргі уақытта, сот актілерінің барлығы орындалмайды, орындалса да уақытылы емес.
Осылай, ҚР Жоғарғы Сотына қарасты соттық басқару Комитетінің мәліметтері бойынша, дәл қазіргі уақытта шығарылған сот шешімдерінің үштен бірі уақытылы орындалмайды.
Төмен еңбекақы, айтарлықтай жүктемелер, әлеуметтік қорғалмағандық сот орындаушының қызметін білікті қызметкерлер үшін шырайсыз қылады. Сондықтан, көп сот орындаушылар – ол бір жыл жұмыс істеп, кейін басқа лайықты жұмысқа ауысатын кешегі жоолардың студенттері.
Сот орындаушылар қызметінің
төмен шырайлылығына
Осыған орай, атқарушы өндіріс органдарында, жылына 50% құрайтын кадрлардың тұрақтамауы байқалады.
Сонымен қатар, бұндай жағдайларда сот орындаушылардың жемқорлық құқық бұзушылықтары, әртүрлі теріс пайдаланушылықтары және заң бұзушылықтарының жүзеге асу мүмкіндігі жоғары.
Осылай, нақты мәліметтерге сәйкес, 2002-2006 жылдар аралығында жемқорлық құқық бұзушылық фактілеріне байланысты сот әкімгерлерінің 273 қызметкерлеріне,оның ішінде көбісі сот орындаушылар, 427 қылмыстық іс қозғалды, ол бойынша 77 қызметкер сотталды.
Бұл мәселелердің барлығы сот билігінің беделімен, соттық қорғау кепілдігімен тікелей байланысты. Сондықтан, соттық - құқықтық жүйенің реформасын үдемелі жүзеге асыруда бұл мәселелер қараусыз қалмайды.
Мемлекеттік биліктің құрамдас бөлігі ретінде сот билігінің өзі, демократиялық және құқықтық мемлекет қалыптастыруда маңызды орын алады. Әділсоттылық, қолданыстағы процессуалдық заңнамада бекітілген қағидаларға сәйкес дәлме-дәл жүзеге асуы керек.
ҚР Конституциясының мәтінін оқыған кез-келген азамат, оның қоғамдағы жағдайын реттемелейтін, оның негізгі конституциялық құқықтарын, құқықтық қорғауын және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жолдары туралы ережелерді табады.
ҚР Конституциясының VII «Соттар мен әділсоттылық» бөлімінде сот актілерінің рөлі мен құқықтық күші анықталған және Конституцияда орнатылған әділсоттылық қағидалары барлық соттар үшін жалпы және міндетті болып табылатындығы бекітілген.
Әділсоттылықтың болуы әрқашан тиімді биліктің және оның легитимділігінің шарты болып табылады. Соған қарамастан, әділсоттылықты жүзеге асырудың әлеуметтік және саяси маңыздылықтарын ғана емес, сонымен қатар оны кім жасайтынын, нені басшылыққа алатынын ажырату керек [99, 3б.].
Әділсоттылық, әділсоттылықты және басқа қызметтерді жүзеге асыруда сот қызметінің тәртібі және ұйымдастырылу құрамы және мазмұнын анықтайтын ҚР Конституциясында, «ҚР сот жүйесі мен судьяның мәртебесі » туралы Конституциялық заңда, ҚР-ның процессуалдық заңнамасында бекітілген негіз болатын идеялар қағидаларына негізделеді.
Құқық қорғау органдарының ұйымдастырушылық - құқықтық қызметін қарастыратын заң әдебиеттерінде, әділсоттылық қағидалары Конституцияда бекітілген немесе одан туындайтын негіз қалаушы құқықтық идеялар немесе сот билігін жүзеге асырушы немесе мемлекеттік биліктің осы түрін едәуір маңызды жақтарын басқаратын, мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы мен қызметін анықтайтын бастапқы жағдай ретінде қарастырылады.Әділсоттылықтың шегін немесе жеке жақтарын көрсететін әрбір бөлім,әділсоттылықты реттейтін, барлық заңи бұйрықтарға тірек болатын өзара қатынасы мен сәйкестігі негізінде жүйені құрайтын бастапқы байланыс[100, 65б.]. Бірақ, сонымен бірге «әділсоттылық – сот билігінің ең маңызды, бірақ жалғыз көрінісі емес» деген пікірлер бар. Сот билігінің ұйымдастырушылық-құқықтық қағидалары жайлы айтқан дұрысырақ болады. Шын мәнінде, әділсоттылық қағидалары, әділсоттылқтың өзі – бұл құқықтық дауларды шешудегі соттың қызметі болғандықтан, ең алдымен, сот билігінің функционалды аспектісі ретінде көрініс табады. Ұйымдастырушылық аспект сот жүйесінің негізін құраушы жағдайлардың бастапқысы, әділсоттылық қағидаларының тура мағынасы болып табылмайды [90, 89 б.]. Дегенмен, қағидалардың бұндай бөлінуі біздің қөзқарасымыз бойынша ресми сипатқа иа, өткені әдебиеттерде тек қана ұйымдастырушылық (сот құрылысы) және тек қана процессуалдық (сот өндірісі ) қағидалар болмайтындығы түсіндіріледі.Сот билігінің органы ретіндегі сот қызметінің тәртібі мен түрі, оның ұйымдастырылуының белгілі тәртібіне мәжбүрлейді, ал бұл, өз кезегінде, сот қызметінің түрі мен тәртібіне өз ізін қалдырады [79, 23б.; 101, 127б.].