Қазақстан Республикасының сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының қолданылуы (азаматтық істер бойынша)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 18:24, дипломная работа

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.Диссертациялық жұмыс сот әділдігінің түсінігі мен құқықтық табиғаты принциптерін анықтауға байланысты жеткіліксіз игерілген(ізденушінің ұстанымы бойынша)мәселелер, сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтық iстер бойынша соттардың сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының түсінігі, мазмұны және жүзеге асырылуының кешенді зерттеулерінен тұрады.

Содержание

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 3
КІРІСПЕ 5
АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК 15 ҚАҒИДАСЫНЫҢ ТЕОРИЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Сот әділдігінің түсінігі және табиғи құқықтық принципі 15
Бәсекелестік қағидасының қалыптасу тарихы мен дамуы 30
Қазақстан Республикасының заманауи азаматтық сот ісін жүргүзуінің бәсекелестік қағидасының түсінігі мен мазмұны 45
Бәсекелестік қағидасының азаматтық сот ісін жүргізудің басқа қағидаларымен өзара байланысы және қатынасы 62
Дәлелдеу сатысындағы бәсекелестік қағидасының манызы 82
Бәсекелестік-тараптар мен іске қатысушы басқа тұлғалардың дәлелдеу қызметінің негізі 82
Дәлелдеу сатысындағы соттың орны мен бәсекелестігі 101
Өкіл ретінде адвокат қызметінің ерекшеліктері мен бәсекелестігі 110
3.ӘР САТЫДАҒЫ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАҒИДАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ 117
Сот өндірісінің бірінші сатысындағы бәсекелестік қағидасының жүзеге асуы 117
Аппеляциялық сатыда сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 142
Заңдық күшіне енген сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 159
ҚОРЫТЫНДЫ 170
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 176

Прикрепленные файлы: 1 файл

Егембердиев Ержан Ошакбаевич.docx

— 279.44 Кб (Скачать документ)

Бұл қағида лениндік жағдайдың  « біз ешқандай жеке меншікті мойындамаймыз», « шаруашылық аясында біз үшін жеке меншік емес, жариялық- құқық қана бар», мемлекеттің жеке құқықтық қатынастарға араласу қажеттілігі туралы тікелей қорытындысы болды[130, 398б.].

Бұл туралы әлемге аты әйгілі ғалым М.А. Гурвич, « кеңестік соттың белсенділігі, одан кейін прокуратураның белсенділігі диспозитивтік және бәсекелестік қағидаларына сәйкес құрамдас бөліктеріне  қосылған, бұл буржуазиялық «таза  бәсекелестік » құрылымынан тым  ерекшеленген » деп жазған [8. 24б.].

Сондықтан, бәсекелестік қағидасын  сақтау революциядан кейінгі кезеңде  кеңестік азаматтық сот өндірісінде  аса маңызды болмағанын ескеруне болады. Кеңестік азаматтық процессуалдық  заңнамада бекітілген бәсекелестік қағидасы сот тәжірибесінде жүзеге асырылмады, бұл көбіне мән- жай бойынша  тергеу өзгешелігіне жатты. Әлеуметтік мағынада бәсекелестік қағидасы политизирленген  болды.

Жалпы біз көріп тұрғандай  бәселестік қағидасы үлкен тарихқа  ие. Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келе бәсекелестік қағидасы даму сатысының  әр кезеңінде азаматтық сот өндірісінде  көрініс тапқан. Және әрбір тарихи сатысында тараптардың және іске қатысушы өзге де тұлғалардың құқықтық дауларды шешуде бәсекелестіктің қандай маңызға ие болғанын, оның жүзеге асуынан көре аламыз.

 

 

1.3 Қазақстан Республикасының  заманауи азаматтық сот өндірісінде  бәсекелестік қағидасының түсінігі  және құрылымы.

Осы немесе басқа құқықтық құбылыстың мәнін дұрыс анықтау  үшін ең алдымен оған дұрыс түсінік  беру керек. Бәсекелестік қағидасы туралы анық түсінікке ие болу үшін, біздің ойымызша азаматтық іс жүргізу құқығының  қағидалары туралы және құқықтық қағиданың  түсінігіне байланысты мәселелердің кеңінен  таралған теориялық жағдайын көрсету  керек.

Негізі латын тілінен  алынған (principium- негіз, бастапқы  )“бәсекелестік” сөзі екі негізгі мағынаға ие- объективтік (шығу жағдайы белгілі бір теориядан, оқытудан) және субъективтік (оның шындыққа қатынасын айқындайтын адамның ішкі сенімдері).

Заңи қағидалардың теориялық  талдауы құқықтық реттеудің тәжірибелік  мәселелерін шешуде үлкен маңызға  ие, сондықтан заңгер ғалымдар әрқашан  осы қиын көп зерттелген құбылысты  әлі де зерттеуде.

Зерттеуші- заңгерлер, құқықтың қағидалары- бұл заңнамада бекітілген және экономикалық қатынастардың мінезінде  келісілген идеологиялық тәртіптің  жалпы, негізгі басқарушы жағдайы  дегенмен келіседі [22, 67б.].

Осылайша құқық теориясында  құқықтық қағидалар «құқықтың мазмұнын мінездейтін, оның қоғамдағы мазмұны  мен мақсатын басқаратын ойлар» ретінде  айқындалады[131, 237 б.], «... құқыққа енетін ойлар» [132, 186 б.], «құқықты жалпы басқаратын жағдай» [133, 37б.], «негіз салатын құқықтық ойлар, ... нормалар жүйесінің негізі» [60, 43б.], «... мемлекеттік биліктің күшімен  қамтамасыз етілген, құқықтық қорғалған және нормаларда бекітілген жетекші идея» [66, 266 б.]. Заңгер – ғалымдардың осы және басқа да жүйелі талдаулары, олардың шығармашылық еңбектерінің нәтижесі болып табылатын жалпы жағдай, жетекші идея ретінде құқықтық қағиданы анықтауға мүмкіндік береді.

Бірақ, заңнамалық әдебиеттерде, өздерінің белгілері бойынша  құқықтың қағидалары екі түрлі болады, үлкен екі топқа бөлінеді: біріншісін қолданыстағы құқықтың қағидалары құрайды, ал екіншісі – құқықтық қағидалар. Қолданыстағы құқықтың қағидалары тікелей оның құрамына кіретін атқаратын жағдай (ереже) ретінде танылады. Олар онда нақты айқындалған және бекітілген маңызды нормалар ретінде танылған. Сондықтан, осы топқа енгізілген қағидалар құқықтық нормалардың барлық қасиеттеріне ие, басқаратын қатынастардың қатысушылары үшін міндетті және олардан шегіну мемлекеттегі заңдылықтың бұзылғандығы ретінде саналады. Басқа құқықтық қағидалар қолданыстағы құқықтың құрамына енбеген, онда жазылмаған және құқықтық басқару қасиетіне ие болмайтын, бастапқы заңнамалық жағдайлар мен идеяларды құрастырады[134, 210–211б.].

Құқықта мәтіні бекітілмеген идеяларды бөлу мақсатында Р.З.Лившиц және В.И. Никитинский «құқықтық  қағида» терминінің орнына «құқықтық  сана қағидасы» терминін қолдануды  ұсынады. Құқықта мәтіні бекітілген  идеяларды авторлар құқықтың қағидалары деп атайды[135, 32 б.].

Сондықтан, «заңнамада бекітілмеген идеялар құқықтың қағидасы болып  санала алмайды Олар құқықтық қызметті және құқықтық қағидаларды реттей алмайды» дегенді дұрыс деп санаймыз[136, 92 б.]. Оларды сондай деп мойындау үшін, олар тікелей нормативтік-құқықтық актілерде немесе құқықтың басқа  нысандарында  көрініс табуы керек[137, 222 б.].

Осылайша, құқықтық қағиданың  жаңа зерттеулердің бірінің авторы  А.И.Бобылев та ғылыми анықтамалардағы  құқықтық қағиданың жағдайын, бастамаларды бағыттайтын жетекші идеялар, бастапқы жағдайлар нормативтік-құқықтық актілерде немесе құқықтың басқа нысандарында  көрініс табқан жағдайда ғана құқықтық қағида ретінде танылады деп ерекше айқындайды[138, 90 б.]. Келесідей тұжырымдарға назар аудару кереу: құқықтың нормаларына қарағанда құқықтың қағидалары «... жалпылаудың және абстракциялаушылықтың нормативтік бұйрықтардың тым жоғары деңгейіне ие және әдеттегідей нақтылықты және талдап тексеруді талап етеді» [137, 223 б.]. Заңнамалық әдебиеттерде, қағидалар құқықтық нормалардан тыс, оларды іске асыратын немесе олармен бірге және бірдей   дербес  теориялық және тәжірибелік мағынаға ие ма? деген сұраққа пікірталас туындайды.

Ғалымдардың біреулері, негізгі  құқықтық қағидалардың жалпыламалығы,олардың құқыққа немесе құқықтық нормаларға және институттарға толығымен енгендігінде  және оларда өзінің нақтылығын және дамуын алғандығында деп ойлайды[139, 70 б.]. Сондықтан құқықтың кез-келген саласының негізгі қағидасы құқық саласының  осы немесе басқа жиынтығын құрайтын құқықтық нормадан анықтауға болады.

Сол кезде Л.С. Явич, құқықтың кейбір қағидалары белгілі бір уақытқа  дейін заңнамада нақты көрініс  таппаған, сот тәжірибесі және құқықтық дәстүрлердің аясында қызмет атқара алатын, нақты құқықтық қатынастардың  және субъективтік құқықтардың кешенінің  аясында қалыптасып , жүзеге асуы және қызмет етуі мүмкін [78, 149–150 б.].

Осы проблема бойынша зерттеушілердің  айырмашылығы құқық қағидаларының  мазмұнын талдауда әртүрлі әдістемелік  тәсілдерден қолданғаннан болады. О.В. Смирнов, құқықтық норманың белгілі жиынтығының ішкі жағынан, оның мәнімен анықталған, құқық қағидасы нормалардан бұрын пайда бола алмайды. Қағидалар мен құқықтық норманың сәйкестігі, қағидалардың нормаларға қатысты екінші категорияда қызмет ететіндігінде[140, 14–15 б.].

Бірақ келесіге сілтейтін «құқық қағида– талдап тексеру, нақтылау процесінде мінез-құқлық ережелерінің нормаларына өзгеретін, атқаратын, бастапқы құқықтың нормасы»тура қарама-қарсы көзқарас бар[141, 145 б.]. Бұл тұжырымдаманы салалық қағиданың  көптеген зерттеушілері мақұлдайды.

Нақты құқықтық нормалардың  және құқықтық қағидалардың сәйкесігін қарастыра отырып, Т.М. Абайдельдинов  және Н.З.Сеитова атты отандық ғалымдар келесідей негізгі талаптарға назар  аударады: «құқық нормалары құқықтық қағиданың құрылымына және мағынасына сәйкес келу керек, одан туындап, қарсы  шықпау керек» [142, 115 б.], құқықтық қағидаларға  негізделуі керек, тек осындай әдістер  арқылы заңнаманы жетілдіру керек. Көрсетілген мағынада құқықтық нормалардың  алдында құқықтық қағидалардың басымдығы  сөзссіз ерекшеленеді[142, 114–116 б.].

Ю.А. Демидов ескергендей тәртіптің мазмұны бола тұра қағидалар нормалармен салыстырғанда аса тұрақтылыққа ие[143, 79 б.].

Бірақ, құқықтың қағидалары өзгермейтін болып қалмайды. Құқықтың өзі сияқты, олар дамиды,  жаңа байланыстармен, құқықтық норма мазмұнының өлшемінің  қасиеттерімен   толықтырылады. Сандық өзгерістер құқықтық жүйенің сапалық  жаңаруларына әкелгенде, оның қағидалары жаңарады.

Құқықтық қағидалар құқықтың құрылысын да құрамын да алдын ала анықтайды. Құқықтың қағидалар «осы нормаларда нақты айқындалған, маңызды норма ретінде қалыптасқан оның құрамына тікелей кіреді» [134, 210 б.]. Қағидаларда құқықтың әлеуметтік мақсаты, мазмұны көрініс табады[131, 242 б.].

Сондықтан олардың мағынасы құқықтануда маңызды орынға ие. Зерттеулердің  нәтижелері көптеген еңбектерде көрініс тапқан құқықтық қағидалардың теориясын өңдеуге алып келді [21; 138; 143; 145].

Құқықтық қағидалардың маңызды  ерекшелігі, олар тек нақты қатынастарды ғана емес, сонымен қатар қоғамдық  дамудың маңызды тенденцияларын білдіреді, одан кейін жіберілетін  құқықтық идеялардың бағдарламаларының  талаптарын қосады.

«Бағдарламалаушы қызметті»  қолданыстағы заңнамалардың преамбулаларында көрсетілген, жаңа идеялардан тұратын конституциялық актілердің немесе формулалардың, өзгеше «қағида-нормалары», «бағдарлама-нормалары», «мәселе - нормалары» жүзеге асырады[78, 32 б.].

Құқықтың қағидалар қоғамдық қатынастардың құқықтық реттеуінің өзгеше серттелген үйлесімді жүйесінде орналасқан. Басқаша айтқанда, Н.В.Разуваев ескергендей «салаға байланысты құқықтық қағиданың жүйесі жүйе құрайтын фактор деңгейіне көтеріледі,  жіктеудің, дифференциациялаудың, сәйкестендірудің  белгісі ретінде қарастырылады»[146, 37–54 б.].

Әрбір құқық саласының  қағидаларында негізгі қағидалар  ерекше нақтылықпен және дербестілікпен танылады.

жалпы құқықтық қағидаға негізделген, солай ақ аталған құқықтық қағидаға негізделген дербес құқықтық сала ретінде  танылған азаматтық іс жүргізу құқығы да ерекшелік емес [3, 24б.].

Азаматтық іс жүргізу құқығы теориясында жалпы құқықтық қағида ретінде аталған құқық саласы қағидасының жалпы қабылданған  түсінгі жоқ.

Сонымен бірге заң әдебиеттерінде азаматтық іс жүргізу құқығы қағидасының  түсінігін құқық қағидасы түсінігі арқылы анықтау тенденциялары белгіленді.

Осыған сәйкес профессор  Н.А.Чечинаның « жалпы құқықтық қағиданы сипаттайтын белгілер азаматтық іс жүргізу құқығының қағидаларына да тән» деген тұжырымдамасы дұрыс деп көрсетілген [66, 267б.]. Сәйкесінше азаматтық іс жүргізудің қағидаларын азаматтық іс жүргізу нормаларының заңнамасында бекітілген басқарушы идеялар, негізгі жағдайлар ретінде анықтауға болады.

«Азаматтық іс жүргізу  құқығының қағидасы азаматтық іс жүргізудің қалыпты ерекшеліетерін анықтау керек, яғни өзі негізделген  идеяны бекіту керек» деп А.А.Ференс- Сороцкий жазған [147, 10б.]. Бұл, қағиданың нормативтік сипатқа ие екендігін тағы да ерекшелейді, яғни олар құқықтық нормада бекітілген, себебі олар жалпы процессуалдық сипатқа ие және өндірістің барлық түрлерінде және іс жүргізудің барлық сатыларындағы қызметін анықтайды.

Айтарлықтай  қызығушылықты  И.В. Тыричеваның іс жүргізудің қағидалары тәуелсіз көрініс тапқанымен декларация ретінде танылмаулары қажет деген пікірі туғызады[148, 6б.].

Олай болса заңгерлік  техника қағидасының процессуалдық  заңнамалық актіде танылуы, бұл мәселе бойынша былай әдебиеттерде белгіленген: « Егер заңнамалық нормалар нақты ерекшеленген құрылыммен (гипотеза, диспозиция, санкция) формальды анықталған мінез- құлық ережелерінде көрініс тапса, онда жалпы талаптар және негізгі ерекшелейтін қағидалар бұндай құрылымға ие емес» [149, 52б.].

Қағидалы норманың үш жақты  құрылымын анықтауға болғандықтан бұндай оймен келісу қиын. Барлық дәлелдеуші нормалар, тараптардың құқықтары  мен міндеттері туралы ережелер талап  арызбен және қарсы талап арызбен  және т.б. қарау тәртібі- азаматтық  сот өндірісіндегі бәсекелестік қағидасының диспозицисы азаматтық  іс жүргізу құқығының көбін құрамайды  ма? Осы қағиданың процессуалдық  санкциясы қадағалау сатысының  аппеляциялық сатының шешімнің күшін  жоятын негіздер мен тәртіптердің нормасы  болып табылмайды ма? Біздің ойымызша, логикалық құқық нормалары дәстүрлі қолданылады, сондықтан азаматтық іс жүргізу құқығының қағидаларына үш жақты құрылымды қолдану мәселесі шешілуде. Бүгінгі таңда азаматтық іс жүргізуде бәсекелестік қағидасының қызметін процессуалдық санкциямен қамтамасыз ету мәселесі өткір болып тұр, бірақ біз бұны осы жұмыстың екінші бөлігінде қарастырамыз.

Біздің ойымызша, «азаматтық іс жүргізу құқығының қағидасы»  түсінігін анықтау, құқықтық сананың  аясы ретінде және құқықтық нормада  қалыптасқан, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жеке құқықтық идея ретінде  осы құқықтық көріністің саяси- әлеуметтік ерекшелітерін көруге мүмкіндік  береді және ол оның барлық нақты көріністерінен айқындалады.

Осыған орай азаматтық  сот өндірісінің қағидасы мазмұны  бойынша объективті деп айтуға болады. Олар қоғамда бар және қоғамның өзінің демократиялық деңгейін көрсететін, идея болып  табылатын экономикалық және әлеуметтік шындықтармен анықталады. Соңғылары өз кезегінде азаматтық іс жүргізу құқығы қағидасының мазмұнын құрайды. Бұл өте маңызды құқық нормаларында бекітілген құқықтық идеялардың арасында нақты айырмашылық әрқашан бола бермеген, сонымен қатар құқықтық сана идеялары- бұл, саналы түрде құқықтық реттеуді қалыптастыруға негізделген ғылыми зерттеулер.

Жоғарыда көрсетілгендерге негізделе, біз азаматтық іс жүргізу  құқығындағы қағидаларды азаматтық  іс жүргізу заңнамасында бекітілген, азаматтық сот өндірісінің демократиялық  және ізгілік мәнін көрсететін, оның барлық сатыларының мазмұны мен  ретін анықтайтын және азаматтық  іс жүргізу қызметін белгіленген  мақсаттар мен міндеттерге жетуге бағыттайтын, азаматтық істер бойынша  әділсоттылықты жүзеге асыруда сот  алдында мемлекеттің заңнамамен қойылған талаптарын реттейтін және негіз қалайтын идея ретінде қарастыруды  ұсынамыз.

Заң әдебиеттерінде « азаматтық іс жүргізу құқығының қағидалары», «іс жүргізу қызметінің қағидалары», «азаматтық іс жүргіудің қағидалары» түсініктерін шектеу керектігі туралы ойлар бірнеше рет айтылған. Бұндай сұрақ « азаматтық іс жүргізу құқығы», « азаматтық іс жүргізу», «азаматтық сот өндірісі » түсініктерінің әр түрлі мағынасының нәтижесінде көтерілді. «азаматтық іс жүргізу құқығы», «азаматтық іс жүргізу», «азаматтық сот өндірісі» категориялары өзара ерекшеліктерге ие екендігін мойындау керек. Азаматтық іс жүргізу құқығы құқықтың саласы ретінде азаматтық іс жүргізуді және азаматтық сот өндірісін оқытады. Соңғысы азаматтық істерді қарастыру мен шешуден тұратындықтан азаматтық іс жүргізудің бөлігін құрайды.

Информация о работе Қазақстан Республикасының сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының қолданылуы (азаматтық істер бойынша)