Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 18:24, дипломная работа
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.Диссертациялық жұмыс сот әділдігінің түсінігі мен құқықтық табиғаты принциптерін анықтауға байланысты жеткіліксіз игерілген(ізденушінің ұстанымы бойынша)мәселелер, сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтық iстер бойынша соттардың сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының түсінігі, мазмұны және жүзеге асырылуының кешенді зерттеулерінен тұрады.
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 3
КІРІСПЕ 5
АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК 15 ҚАҒИДАСЫНЫҢ ТЕОРИЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Сот әділдігінің түсінігі және табиғи құқықтық принципі 15
Бәсекелестік қағидасының қалыптасу тарихы мен дамуы 30
Қазақстан Республикасының заманауи азаматтық сот ісін жүргүзуінің бәсекелестік қағидасының түсінігі мен мазмұны 45
Бәсекелестік қағидасының азаматтық сот ісін жүргізудің басқа қағидаларымен өзара байланысы және қатынасы 62
Дәлелдеу сатысындағы бәсекелестік қағидасының манызы 82
Бәсекелестік-тараптар мен іске қатысушы басқа тұлғалардың дәлелдеу қызметінің негізі 82
Дәлелдеу сатысындағы соттың орны мен бәсекелестігі 101
Өкіл ретінде адвокат қызметінің ерекшеліктері мен бәсекелестігі 110
3.ӘР САТЫДАҒЫ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАҒИДАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ 117
Сот өндірісінің бірінші сатысындағы бәсекелестік қағидасының жүзеге асуы 117
Аппеляциялық сатыда сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 142
Заңдық күшіне енген сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 159
ҚОРЫТЫНДЫ 170
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 176
Бұл жерден азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеменің құқығы мен міндеті бірігіп кеткен көреміз. Алайда профессор С.В.Курылевтың пікірін естен шығармауымыз керек, яғни « дәлелдеу құқығы екі тарапқа да сотты шатастыру үшін емес, керісінше әділеттік орнатуға көмектесу үшін ұсынылады. Расында да, тараптың біреуі бұл құқықты жүзеге асыруында өзінің дұрыстылығына күмән келтіруі мүмкін. Сонымен қоса, саналы түрде дәлелдеу құқығын сотты шатастыру үшін қолдануы мүмкін деген ой бар. Бірақ бұл дегеніміз сотты шатастыруға құқық берілді деген сөз емес, дәлелдеу құқығын кері әсерде қолдану десек те болады. Алайда кейбір кездерде бұндай жағдайлармен амалсыз көнуге тура келеді, себебі даудың сотпен шешілуіне дейін қай тараптың дәлелдеу құқығын қолдана отырып өзінің дұрыстылығана күмін келтіретінін, ал қайсысы өзінің құқығын кері әсер де пайдаланып жатқанын анықтау мүмкін емес. Кей жағдайларда сот тарап құқығын айқын теріс пайдаланып жатқанменде келісуге тура келеді»[45, 110- 111б.]. Сондықтан, дәлелдеудің құқығы мен міндеттерінің құқықтық табиғатын қарастырғанда оны бәсекелестік қағидасынан бөліп алып қарастыру мүмкін емес деп санаймыз.
Бізге белгілі , азаматтық іс жүргізуде ереже бойынша теңдей іс жүргізу құқықтарына ие екі тарап қатысады, кез келгені іс бойынша заңды және негізді шешім алуына құқығы бар. Бәсекелестік қағидасына сәйкес тараптар дәлелдеме материалдарын ұсынады, соған сәйкес соттан өздеріне жағымды шешім алуға ұмтылады.
Бұл туралы өз уақытында азаматтық іс жүргізудегі сотты тану туралы мәселені зерттеуде, Л.А.Ванеева былай деп жазған: «Сот әділ шешім шығаруы үшін, алдымен істің нақты мән- жайын анықтап алуы тиіс. Бұндай нәтиже тараптардың (іске қатысушы өзге де тұлғалардың) қызметінің белсенділігі ретінде көрініс табады, соттың да». Азаматтық іс жүргізу құқығының аясындағы атақты ғалымның З.К.Абдулинаның пікірінше «іске қатысушы тараптардың және өзге тұлғалардың дәлелдеу қызметін қаншалықты дұрыс және мақсатты пайдаоанғанына қарай, шешімнің негізді және заңды шығарылуына кепіл болады» [18, 6б.]. Соған байланысты, біздің ойымызша бұндай жағдайды бекітетін құқықтық нормалар бәсекелестік процесіне жағымды жағдай туғызады. Тараптардың және мүдделі түлғалардың дәлелдеу құқығын жүзеге асыруы- бәсекелестік қағидасының жүзеге асыруына негіз болады.
ҚР АІЖК 65 және 66 баптарының мазмұнын қорыта келе И.В. Решетникованың пікірін қолдасақ болады, яғни азаматтық іс жүргізуде тараптарға дәлелдеудің екі міндеті жүктеледі: дәлелдемелерді ұсыну, өзінің дәлелдемелерін дәлелдеу.
Заң ғылымында мынандай қорытынды бар, яғни дәлелдеу міндеті материалдық- құқықтық және процесуалдық мазмұнға ие [188, 13б.].
Бұндай дәлелдеудің материалды-
Дәлелдеу бойынша міндеттерді орындамау әрине материалды- құқықтық мазмұны бойынша іс жүргізуде өзінің мүддесін қорғай алатын субъектілерге ғана қатысты: тараптар, үшінші тұлғалар, арызданушылар, арыз және азаматтық істер бойынша шағым берушілер.
Ещқандай да фактілердің дәлелденбегеніне байланысты материалдық- құқықтық зардаптың туындауын сотқа, прокурорға, мемлекеттік органдардға, өзге тұлғаларды қорғаудағы іске қатысушыларға, өкілдерге жүктеуге болмайды.
Сондықтан бірде- бір норма бұл субъектілердің және тараптардың арсындағы дәлелдеу міндетін бөліп болжай алмайды. ҚР АІЖК- де тек тараптардың дәлелдеу міндетіндегі талаптары мен қарсылықтарының негізі туралы айтылады.
Материалды- құқықтық көз қарас бойынша зардаптың мүмкіндігі дәлелдеу бойынша тек тараптардың арасында ғана міндеттерді бөлугежол беріледі.
Алайда, дәлелдеу бойынша міндет процесуалдық жаққа да ие екенін атап кеткен жөн. Дәлелдеу міндетінің ажырамас құрамы ретінде дәлелдемелерді ұсыну, яғни осы дәлелдемелердің процесуалдық жақтан көрініс табауы болып табылады.
Сот қажетті және қосымша дәлелдемелерді ұсынуды кез келген дәлелдеу субъектісіне емес, дәлелдеу міндеті жүктелген тұлғаға ғана жүктеуді ұсынады, және тек оларды ұсыну мүмкін болмаған жағдайда оларды сұратып алуға жәрдемдесіп, дәлелдемелерді жинауға көмектеседі. Яғни, дәлелдемелерді ұсынудәлелдеу субъектілерінің процесуалдық қызметінің жүзеге асуына дәлелдеу міндетінің бекітілуінің жетілуінежетті, яғни азаматтық іс жүргізу істері бойынша шынайы жағдайлардың анықталуына септігін тигізеді. Егер бұндай міндеттер ҚР АІЖК- де мүдделі тұлғаларға қатысты қарастырылмағанда, сот дәлелдемелерді талап ету құқығынан айырылушы еді.
Дәлелдемелерді ұсыну міндеті процесуалдық міндет ретінде тек тараптармен ғана емес, сонымен қатар дәлелдеудің өзге субъектілерімен де өзгертіледі. Бұндай жағдайда П.П.Гурееваның пікірімен келіспеуге болмайды, оның пайымдауынша заң іс үшін елеулі жағдайларды тараптардан басқа іске қатысушы тұлғалар дәлелдеуі тиісті ме екенін тікелей айтпайды, оның қызметі барлық іске қатысушы тұлғаларға таратылады. Даудың пәніне жеке дара талап арыз ұсынатын үшінші тұлға талапкердің барлық құқықтарын қолданады және оның барлық міндеттерін орындайды, өзінің талаптарын негіздейтін жағдайларды дәлелдейді. Жеке дара талаптармен арызданбайтын үшінші тұлға, оның процестегі тараппен қарым қатынасына әсер ететін айғақтарды дәлелдеуі тиіс. Өзге тұлғалардың мүддесін қорғауда арыз беретін прокурор және өзге де ұйымдар немесе азаматтар, өздері ұсынып отырған арыздың негізіндегіжағдайларды дәлелдеулері тиіс [190, 99б.].
Профессор Л.А.Гросьтің пікірі әділетті, яғни «дәлелдеудің ортақ ережесі іс жүргізу кодексінде бекітілген. Ол жерде бір қарағандағы дәлелдеу міндетінің субъектілері бірдей еместігі туралы мәселе шешіледі» [33, 401б.]. Дәлелдеу бойынша міндеттер тараптар арсында бөлінеді: әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән- жайларды дәлелдеуі тиіс (ҚР АІЖК 65б.). Алайда ҚР АІЖК- нің 66б. 1т. бекіткендей, дәлелдемелерді тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар береді. Азаматтық іс жүргізуде де іске қатысушы барлық тұлғалар дәлелдеу міндетінің субъектісі болып табылатыны процесуалдық әдебиеттерде және тәжірибеде ортақ танылған[61, 166-168б.; 190, 99б.]. Сондықтан бәсекелестік қағидасы өзінің қызметін барлық іске қатысушы тараптарға ғана емес, барлық тұлғаларға таратуы қажет деп санаймыз. ҚР АІЖК-нің 65 бабына мынандай өзгертулер енгізуді ұсынамыз: « Іске қатысушы әр тұлға өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән- жайларды дәлелдеуі тиіс». Бұндай құқықтық белгілеу бәсекелестік қағидасы қызметінің аясын кеңейтеді, іске қатысушы тұлғалардың процестегі өзінің ұстанымын қорғауда мүмкіндіктеріне оң әсерін тигізеді, тиісінше өздерінің құқықтары сот кепілдігімен бекітіледі.
С.В.Курылев, М.А.Гурвич, Т.А.Лилуашвили және өзге авторлар азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу заңи міндет болып табылады дегенді мойындаған [10, 17б.; 45, 100б.; 188, 12-14б.].
Жалпы келтірілген белгілеу
қолданбайды,автор М.Г.
Бұндай көзқарасты М.К. Треушниковта ұстанады, оның пайымдауынша «ортақережеден дәлелдеу міндетін бөліп шығару материалдық құқықтық жеке нормаларында мазмұндалатын жеке ережелермен орнатылады. Кеңірек таратылған тәсіл ретінде дәлелдеу міндетін бөлудің жеке ережелерін бекіту болып дәлелдеу презумциясы табылады ( өзге нәрсе дәлелденбегенше айғақтың бар немесе жоғын болжау)»[63, 50б.].
Жалпы алғанда, азаматтық іс жүргізуде презумция маңызды орынға ие, себебі тараптар мен сот үшін дауды дұрыс шешуде аз процесуалдық күш салуына септігін тигізеді және бәсекелестік қағидасының жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
Материалдық құқықтық нормаларда (азаматтық, еңбек, отбаслылық және өзге де салаларда) дәлелдеу ережелері мазмұндалған, нақты тарапқа байланысты айғақтарды дәлелдеу міндеті презумцияның көмегіне жүктеледі.
Мысалы, тараптың арызы бойынша жарамсыз деп танылған мәміле, өзге тараптан келтірілген шығынның орнын толтыруды талап етуге құқылы, егер қателесу басқа тараптың кінәсінен туындағанын дәлелдесе. Егер бұл дәлелденбейтін болса,тараптың арызы бойынша жарамсыз деп танылған мәміле, өзге тарапқа шығынды, келтірілген зиянды немесе зақым келтірілген мүлкін өтеуі тиіс. Бұл жерде дәлелдеу міндетін бөлу ережесі жауапкердің кінәсіздік презумпциясына негізделеді.
Азаматтық құқықта дәлелдемелік презумцияларының екі түрі кеңінен таралған: 1) зардап келтірушінің кінә презумпциясы; 2)міндеттерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған тұлғаның кінә презумпциясы.
Зиянның орнын толтыруға байланысты дауды шешуде талап қоюшы жауапкердің кінәсіне сілтеме жасаса да, дәлелдеудің жалпы ережесі бойынша оны дәлелдеуге міндетті емес (ҚР АІЖК 65б.).Жеке құқық дәлелдеу міндетін бөлуді өзгертеді: зардап келтіруші зардаптың оның кінәсінсіз келтірілгенін дәлелдеуі тиіс (ҚР АК 931б.). Зиян келтірушінің кінәсі келтіріліген зиянның айғақтарынан туындаған барлық мән- жайларға таратылады. Талап қоюшы енжарлық көрсеткен кезде, жауапкер дәлелдемелерді ұсынудағы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда белсенділік білдіруі тиіс, сәйкесінше, бұндай процес бәсекелестік қағидасының жүзеге асуын көрсетеді.
Отбасылық, еңбек және азаматтық іс жүргізу құқықтарының нормаларында дәлелдеу міндетін бөлудің жалпы ережесін згертетін презумпциялар бар, алайда кейде азаматтық құқықта орын алатындай, олар айтарлықтай нақты құрастырылмайды.
Отбасылық құқықта, мысалы, өзара некеде тұратын тұлғалардан пайда болатын сәби, ата- аналарының неке туралы куәлігінен көз жеткізеді.
Неке бұзылған сәттен бастап екі жүз жетпіс күннің ішінде бала туылған жағдайда, оны жарамсыз деп тану немесе ерлі зайыптының біреуі қайтыс болғаннан кейін баланың анасы немесе баланың әкесі болып анасының бұрынғы зайыбы саналады, егер басқа дәлелденбеген болса («Неке және отбасы туралы » ҚРЗ 46б. 2т.). Талапкер тіркелген некеден туылған балаларға алименттік міндеттемені өндіріп алу бойынша істерде, әкелік айғақты дәлелдеуге тиіс емес.
Егер жауапкер әкелік құжатты жарамсыз деп санаса, онда оған әкелік құжатты жарамсыз деп санаған мәліметтерді, айғақтарды дәлелдеу міндеті жүктеледі. Сондықтан оның әкелігі соттық тәртіпте даулануы және теріске шығарылуы мүмкін ((«Неке және отбасы туралы » ҚРЗ 49б. 1т.). Бұндай жағдай талап қоюшының пайдасына, себебі жауапкер сотқа өз қарсылықтарын дәлелдеу үшін көп күш салуы қажет. Дегенмен, дәлелдемелерді жинау мен ұсыну кезінде тарап процесуалдық әрекеттерді атқарады, қажет болған жағдайда соттың көмегімен істе өзінің ұстанымын қорғауда бәсекелестік қағидасының жүзеге асуы көрініс табады.
Еңбек заңнамасының нормаларына
сәйкес бекітілген заңнамада жұмысшы
мен әкімшілік арасында оған сеніп
тапсырылған құндылықтарға
Сондықтан, ҚР АІЖК 71 бабының 4 тармағына сәйкес былай көрсетілген, яғни «заңға сәйкес анықталды деп ұйғарылған фактілер азаматтық істі талқылау кезінде дәлелденбейді. Мұндай ұйғарым жалпы тәртіппен теріске шығарылуы мүмкін». Мұндай құқықтық белгілеу сот ісін жүргізудегі тараптардың бәсекелестілігінің жағдайы ретінде қызмет етеді.
Азаматтық іс жүргізу құқығының
нормаларында презумпция бәсекелестік
қағидасын жүзеге асырушы тәсіл
ретінде қарастырылады. Мысалы, егер
тарап сот сұратқан дәлелдемені
өзінде ұстап қалса және оны соттың
сұратуы бойынша ұсынбаса, ондағы
мәліметтер осы тараптың мүдделеріне
қарсы бағытталған деп
Егер тарап сараптама жүргізуге қатысудан жалтарса немесе оны өткізуге кедергі келтірсе (сараптамаға келмесе, сарапшыларға зерттеу үшін қажетті материалдар бермесе, сотқа беруге мүмкіндік болмайтын немесе қиындық келтіретін өзіне тиесті объектілерді зерттеуге мүмкіндік бермесе), ал істің мән- жайлары юойынша мұндай тараптың қатысуынсыз сараптама жүргізу мүмкін болмаса, сот қай тараптың сараптамадан жалтарғанына, сондай- ақ ол үшін оның қаншалықты маңызы барлығына қарай анықтау үшін сараптама тағайындалған фактіні анықталған немесе жоққа шығарылған деп тануға құқылы (ҚР АІЖК 91б. 8т.).
Осы ережелерді енгізгеннен кейін, іске қатысушы тұлғалардың өздерінің іс жүргізу міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершіліктерінің күшеюі бәсекелестік қағидасының жүзеге асуына септігін тигізеді.
Презумпцияларға негізделген дәлелдеу міндетін бөлу бойынша жеке ережелердің маңызы профессор Л.А.Гросьтің пайымдауынша, «...нақты айғақтарды дәлелдеуде қиындық туған кезде заң тарапты мұндай міндеттен босатады, егер осымен байланысты басқа айғақ дәлелденсе.Тәжірибеде бұл мынаны білдіреді, талап қоюшы немесе жауапкердің мүддесінде болжанған айғақтарды дәлелдеу мақсаты болса, оны дәлелдеуден босатылады, қарсы тарап болжанған айғақтарды теріске шығаруға құқылы»[33, 401-402б.].
Осыған байланысты қате пікірді
« тараптардың құқығын қорғау..
Қарсы айғақтарды дәлелдеу
міндеті, профессор Л.А.Грось