Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 18:24, дипломная работа
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.Диссертациялық жұмыс сот әділдігінің түсінігі мен құқықтық табиғаты принциптерін анықтауға байланысты жеткіліксіз игерілген(ізденушінің ұстанымы бойынша)мәселелер, сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтық iстер бойынша соттардың сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының түсінігі, мазмұны және жүзеге асырылуының кешенді зерттеулерінен тұрады.
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 3
КІРІСПЕ 5
АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК 15 ҚАҒИДАСЫНЫҢ ТЕОРИЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Сот әділдігінің түсінігі және табиғи құқықтық принципі 15
Бәсекелестік қағидасының қалыптасу тарихы мен дамуы 30
Қазақстан Республикасының заманауи азаматтық сот ісін жүргүзуінің бәсекелестік қағидасының түсінігі мен мазмұны 45
Бәсекелестік қағидасының азаматтық сот ісін жүргізудің басқа қағидаларымен өзара байланысы және қатынасы 62
Дәлелдеу сатысындағы бәсекелестік қағидасының манызы 82
Бәсекелестік-тараптар мен іске қатысушы басқа тұлғалардың дәлелдеу қызметінің негізі 82
Дәлелдеу сатысындағы соттың орны мен бәсекелестігі 101
Өкіл ретінде адвокат қызметінің ерекшеліктері мен бәсекелестігі 110
3.ӘР САТЫДАҒЫ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАҒИДАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ 117
Сот өндірісінің бірінші сатысындағы бәсекелестік қағидасының жүзеге асуы 117
Аппеляциялық сатыда сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 142
Заңдық күшіне енген сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 159
ҚОРЫТЫНДЫ 170
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 176
Заңды
тұлғалардың заңды мүдделері
мен құқықтарын қорғау мақсатында прокурордың
қойған талабы бойынша ұлттық азаматтық
іс жүргізу заңнамасы нақты
Өз
жұмысында азаматтық сот
Заңнамалық тәртіпте
заңды тұлғалардың ұйымдық-
Егер жауапер өзінің құқықтары
мен заңды мүдделерін қорғауға белсенді
түрде ниеттелген болса, онда оған материалдық
жағдайына көңіл бөліп, өкіл ретінде
кәсіби заңгердің көмегіне жүгінуге
тура келеді. Үшіншіден, егер талап
қоюшы прокурор бітімгершілік келісім
жасау құқығынан басқа барлық
процессуалдық құқықтармен
Солай-ақ процессуалдық заң талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, және бұл мән-жайларды растайын дәлелдемелерді ұсынуды ескереді(ҚР АІЖК 247 б. 3 т.). Толық құқылы қатысушы ретінде жауапкердің өкілге құқығы бар. Осылайша, заңның нормасына сәйкес, азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы. Азаматтың іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды. Сенімхатқа, заңдарға, сот шешімдеріне не әкімшілік актісіне негізделген істі сотта жүргізуге тиісінше ресімделген өкілеттігі бар әрекетке қабілетті кез келген адам сотта өкіл бола алады. Өкілдің өкілеттіктері заңға сәйкес берілген және ресімделген сенімхатта көрсетілуге тиіс. Талапкердің және жауапкердің құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта өздерінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттарды сотқа көрсететін ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары, қорғаншылары, патронат тәрбиелеушілері немесе оларды алмастыратын басқа да адамдар қорғайды немесе тапсырма бойынша өкілдік ететін келесі адамдар: 1) адвокаттар; 2) заңды тұлғалардың қызметкерлері - осы заңды тұлғалардың істері бойынша; 3) кәсіптік одақтардың уәкілетті адамдары - құқықтары мен мүдделерін қорғауды осы кәсіптік одақтар жүзеге асыратын жұмысшылардың, қызметшілердің, сондай-ақ басқа да адамдардың істері бойынша; 4) заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйымдар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары; 5) заңмен, жарғымен немесе ережемен басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары; 6) басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі; 7) іске қатысушылардың өтінуімен сот рұқсат еткен басқа да адамдар(ҚР АІЖК 58,59,62 ,63 б.). Азаматтың іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды(ҚР АІЖК 58 б. 1 т.). З.Х. Баймолдинаның пікірінше, өкіл арқылы істі жүргізудің өзі, кем дегенде келесідей үш себептермен келісілген: біріншіден, мүдделі тұлғаның өз ісін жүргізудің ыңғайсыздығы; екіншіден, мүдделі тұлғаның кәсіби заңи көмек алу қажеттігі; үшіншіден, тұлғаның өзі істі жүргізе алмауы(кәмелет жасқа толмауы, әрекет қабілеттігі жектеулі, әрекет қабілеттігі жоқ және т.б. жағдайларда) [22, 195 б.]. Бұл заңнамалармен қатар ҚР АІЖК-нің 60 бабы сотта өкіл бола алмайтын тұлғалардың тізімін көрсеткен. Олар келесілер: судьялар, тергеушілер, прокурорлар мен өкілді органдардың депутаттары, олардың процеске тиісті ұйымдардың уәкілеттік берілген адамдары немесе заңды өкілдер ретінде қатысу жағдайынан басқа жағдайда сотта өкіл бола алмайды, Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма алған адвокаттар сотта өкіл бола алмайды және адам, егер мүдделері өзі өкіл болып отырған адамның мүдделеріне қайшы келетін адамдарға осы іс бойынша заң көмегін көрсетсе немесе бұрын көрсеткен болса немесе судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, куә немесе айғақшы ретінде қатысса, сондай-ақ егер ол істі қарауға қатысушы лауазымды адаммен туыстық қатынастарда болса, өкіл бола алмайды.
Сондықтан, өкілдік институтын енгізу және оны ары қарай дамыту азаматтық сот өндірісінде бәсекелестік қағидасының жүзеге асырудың қолайлы шарттарын жасайды деп ойлаймыз.
Егер мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар немесе жекелеген азаматтар олардың өтінуімен басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін, сол сияқты қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қойып сотқа жүгінген жағдайда (ҚР АІЖК 56 б.) арызда бұл тұлға көрсетілуі тиіс;егер арызда қоғамдық немесе мемлекеттік органдардың мүддесін қорғау көзделсе, онда мемлекеттік қай органы немесе мекемесі мүддені көздеп отырғандығы көрсетілу тиіс (салық мекемесі, әкімдік, КЖК және т.б.).
Бұл талаптың сақталуы
міндетті, себебі ҚР АІЖК-нің 129,130 б. сәйкес
сотқа қатысушы адамдар, олардың
өкілдері, сондай-ақ куәлар, сарапшылар,
мамандар және аудармашылар сот отырысының
немесе жекелеген іс жүргізу әрекеттерін
жасаудың уақыты мен орны туралы хабарландырылады
және соттың шақыру қағаздарымен сотқа
шақырылады. Хабарлау немесе шақыру хабарландырылатын
немесе шақырылатын адамға тарап немесе
іске қатысатын басқа да адам көрсеткен
мекенжай, ұялы байланыстың абоненттік
нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша
жіберіледі. Егер сотқа хабарланған мекенжай
бойынша азамат іс жүзінде тұрмайтын болса,
хабарлау немесе шақыру оның жұмыс орнына
жіберілуі мүмкін. Ұйымға арналған хабарлау
немесе шақыру оның орналасқан жеріне
жіберіледі.
Шақыру қағазында немесе өзге де хабарлауда,
шақыруда мыналар болуға тиіс: 1)
сотқа хабарланатын немесе шақырылатын
адамды көрсету (тегі, аты, әкесінің аты
және олар жолданатын адамның тұрғылықты
жері не ұйымның атауы мен орналасқан
жері); 2) соттың атауы мен нақты
мекен-жайы; 3) келетін жері мен
уақыты; 4) адресатқа хабарлау немесе
оны шақыру жүргізілетін істің атауы;
5) адресат кім ретінде хабарланып немесе
шақырылып отырғандығын көрсету; 6)
іске қатысушы тұлғаларға іс бойынша оларда
бар барлық дәлелдемелерді табыс етуді
ұсыну;7) адресаттың болмауына
байланысты шақыру қағазын немесе өзге
де хабарламаны, шақыруды алған адамның
оны алғашқы мүмкіндік болған кезде адресатқа
тапсыруға міндеттілігін көрсету;8)
хабарланатын немесе шақырылатын адамның
сотқа келмей қалу салдарын және оның
келмеу себебін сотқа хабарлауға міндетті
екенін көрсету;9) шақыру қағазын
немесе өзге де хабарлауды, шақыруды жіберуші
адамның қолы. Хабарлау немесе шақыру
туралы телефонограмма жіберген адам
оны кімге және қай уақытта бергендігін
көрсете отырып өзінің қол қоюымен куәландыруы
тиіс, сонымен қатар талаптан бас тарту
және бітімгершілік шартын жасау құқығы
туралы хабарландырылуы тиіс. Бұл талаптарды
орындамау немесе талап арызда деректерді
анық баяндамау соттың тек іс-әрекетін
қиындатып және істі шешуде кері жаққа
ғана бағыттамай, сонымен қатар, ең маңыздысы-
жауакердің құқықтарын елеулі бұзады:
оның неден қорғану керек екенін білу
құқығынан айырады және сәйкес қорғану
әдісін таңдау мүмкіндігінен айырады.
Бұл жағдай азаматтық сот өндірісіндегі
бәсекелестік қағидасының жүзеге асуына
кері әсер етуі мүмкін.
Егер талап
кою барысында сот ҚР АІЖК-нің
154 б. 1 т. 1-5 тармақшаларында көзделген
келесідей мән-жайларды анықтайтын
болса: 1) талап қоюшы істердің
осы санаты үшін дауды сотқа дейін
алдын ала шешу заңдармен белгіленген
тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті
қолдану мүмкіндігі жойылмаса; 2)
іс осы соттың соттауына жатпаса; 3) арызды әрекетке қабілетсіз
адам берсе; 4) арызға оған қол
қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойса; 5)
осы немесе басқа бір соттың іс жүргізуінде
сол тараптар арасында, сол нысана туралы
және сол негіздер бойынша дау жөнінде
іс бар болса; онда ол талап арызды қайтару
туралы дәлелді ұйғарым шығару керек.
Егер талап арыз ҚР АІЖК-нің 150 және 151 б. 1-3 тармақшаларына сәйкес келмесе, судья оны қозғалыссыз қалдыру керек және сол туралы сәйкес ұйғарым шығарады. Бірақ ҚР АІЖК-де арызды қайтару немесе қозғалыссыз қалдыру туралы әртүрлі негіздер қарастырылған, бұндай жағдайларды сот талап арызды қойған тұлғаға ақаулықтарын түзеу үшін уақыт беріп, сол жайлы оған хабарлау керек.
Арызды қайтару
туралы соттың ұйғарымы істің пайда
болуына бөгет жасайды, сондықтан
оған жеке шағым, қарсылық білдірілуі
мүмкін(ҚР АІЖК 155 б. және 154 б. 2-4 т.). Бұндай
ұйғарымның көшірмесін өзін қорғау мақсатында
жауапкерге дәлелдеу құжаттарын дайындау
үшін артық уақыт бар екені
туралы білу үшін жіберу керек. Сондықтан
ҚР АІЖК-нің 154 б. 2 т. келесідей өзгерістер
мен толықтырулар енгізу керек: «Талап
арызды қайтару туралы ұйғарым сотқа
келіп түскен уақыттан бастап бес
күн ішінде шығарылып, талапкерге және
жауапкерге арызға қосымша тіркелген
құжаттармен жіберілу немесе тапсырылу
керек». ҚР АІЖК-нің 155 б. 2 т. сәйкесінше
келесідей мазмұндағы өзгерістер мен
толықтырулар: «Кері жағдайда арыз
тапсырылмады деп саналады және соттың
ұйғарымы бойынша арызға қосымша
тіркелген құжаттармен
Бұдан басқа судьялар азаматтық істі қозғау барысында судья талап арызды қабылдаудан, егер: 1) арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса; 2) сол тараптардың арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған соттың заңды күшіне енген шешімі немесе талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына байланысты іс бойынша сот ісін жүргізуді тоқтату туралы немесе тараптардың бітімгершілік келісімін немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы болса, бас тартады. Судья арызды қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді ұйғарым шығарады, онда, егер іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса, талап қоюшының қандай органға жүгінуі жөн екендігін көрсетеді. Арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым ол сотқа түскен кезден бастап бес күн мерзімде шығарылуы және арыз берушіге арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге табыс етілуге немесе жіберілуге тиіс. Арызды қабылдаудан бас тарту өтініш берушінің сол жауапкерге сол нысана және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтіреді. Арызды қабылдаудан бас тарту туралы судьяның ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін(ҚР АІЖК-нің 153 б.). Арызды қарау барысында, заңмен көзделген процессуалдық мерзім ішінде судья оны өндіріске қабылдау туралы мәселені шешу керек. Арызды қабылдап, судья азаматтық істі қозғау туралы ұйғарым шығарады(ҚР АІЖК 152 б.).
Егер сот істі қозғағаннан кейін ҚР АІЖК 249 б. көрсетілген: 1) талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген дауды алдын ала сотқа дейін шешудің міндетті тәртібін сақтамаса және осы тәртіпте қолданудың мүмкіндігі жоғалмаса;2) арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;3) арызға қол қойған және оны берген адамның арызға қол қоюға және оны беруге өкілеттігі жоқ болса; 4) осы немесе басқа соттың іс жүргізуінде осы тараптар арасындағы, сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша бұрын қозғалған іс бар болса; 5) eгep заңнамалық актiлерде өзгеше көзделмесе, тараптар арасында бұл дауды заңға сәйкес аралық соттың немесе халықаралық коммерциялық төреліктiң шешіміне беру туралы келісім жасалса және жауапкерден істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін дауды сотта шешуге қарсылық білдірілсе;6) өздерінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген тараптар екінші шақыру бойынша сотқа келмесе; 7) өзінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген талап қоюшы екінші шақыру бойынша сотқа келмесе, ал жауапкер істі мәні бойынша қарауды талап етпесе; 8) өзінің мүддесіне сай іс қозғалған адам мәлімделген талапты қолдамаса; 9) талап-арызды қайтарып алу туралы өтініш берілсе, ал жауапкер істі мәні бойынша қарауды талап етпесе; 10) көрсетушіге арналған күші жойылған бағалы қағаздар және ордерлі бағалы қағаздар бойынша құқықты қалпына келтіру туралы істер жөніндегі өтініш жарияланымнан бастап үш ай мерзім аяқталғанға дейін берілсе, арызды қараусыз қалдырады. Аталған шарттардың сақталмауын анықтаса, онда ол арызды қараусыз қалдыруға мәжбүр болады және соған сәйкес ұйғарым шығарады. Сондықтан мүделі тұлға соттың арызды қараусыз қалдыру жөніндегі ұйғарымына жеке шағым берілуі немесе наразылық келтірілуі мүмкін. Арызды қараусыз қалдыруға негіз болған мән-жайлар жойылғаннан кейін мүдделі адам жалпы тәртіп бойынша сотқа тағы да арыз беруге құқылы(ҚР АІЖК 250 б.).
Азаматтық істі
қозғағаннан кейін азаматтық
сот өндірісінде бәсекелестік идеясын
күшейту үшін осы санаттағы істер
бойынша дауды сотқа дейінгі
алдын-ала шешудің міндетті, заңмен
бекітілген тәртібіне байланысты қажет
құжаттардың барлығын талап арызға
қосымша тіркеп талапкерге байланысты
талаптарды қарастыру керек. Аталған
шарттар ҚР АІЖК-нің 249 б. 1 т. және 154
б. 1 т. 1 тармақшаыснда келесідей
мәтінде көзделген: судья, талап қоюшы
осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген
дауды алдын ала сотқа дейін шешудің міндетті
тәртібін сақтамаса және осы тәртіпте
қолданудың мүмкіндігі жоғалмаса, арызды
қараусыз қалдырады және талап қоюшы істердің
осы санаты үшін дауды сотқа дейін
алдын ала шешу заңдармен белгіленген
тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті
қолдану мүмкіндігі жойылмаса, талап арызды
қайтарып жібереді.