Қазақстан Республикасының сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының қолданылуы (азаматтық істер бойынша)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 18:24, дипломная работа

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.Диссертациялық жұмыс сот әділдігінің түсінігі мен құқықтық табиғаты принциптерін анықтауға байланысты жеткіліксіз игерілген(ізденушінің ұстанымы бойынша)мәселелер, сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтық iстер бойынша соттардың сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының түсінігі, мазмұны және жүзеге асырылуының кешенді зерттеулерінен тұрады.

Содержание

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 3
КІРІСПЕ 5
АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК 15 ҚАҒИДАСЫНЫҢ ТЕОРИЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Сот әділдігінің түсінігі және табиғи құқықтық принципі 15
Бәсекелестік қағидасының қалыптасу тарихы мен дамуы 30
Қазақстан Республикасының заманауи азаматтық сот ісін жүргүзуінің бәсекелестік қағидасының түсінігі мен мазмұны 45
Бәсекелестік қағидасының азаматтық сот ісін жүргізудің басқа қағидаларымен өзара байланысы және қатынасы 62
Дәлелдеу сатысындағы бәсекелестік қағидасының манызы 82
Бәсекелестік-тараптар мен іске қатысушы басқа тұлғалардың дәлелдеу қызметінің негізі 82
Дәлелдеу сатысындағы соттың орны мен бәсекелестігі 101
Өкіл ретінде адвокат қызметінің ерекшеліктері мен бәсекелестігі 110
3.ӘР САТЫДАҒЫ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАҒИДАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ 117
Сот өндірісінің бірінші сатысындағы бәсекелестік қағидасының жүзеге асуы 117
Аппеляциялық сатыда сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 142
Заңдық күшіне енген сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 159
ҚОРЫТЫНДЫ 170
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 176

Прикрепленные файлы: 1 файл

Егембердиев Ержан Ошакбаевич.docx

— 279.44 Кб (Скачать документ)

Аталған мәселелердің шешімі тараптар мен іске қатысушы өзге де тұлғалардың бәсекелестік қағидасын  сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік  береді.

Сот отырысында істі талқылаудың соңғы сатысы шешімді(ұйғарым) шығару және жариялау болып табылады. Іске қатысушы тараптардың соттық жарыссөздері біткеннен кейін, сот шешім шығару үшін кеңесу бөлмесінде шығарылады, бұл  туралы төрағалық етуші сот залындағы  тұлғаларға хабарлайды(ҚР АІЖК-нің 215 б.) Бұл бөлмеде өзге адамдардың болуына  жол берілмейді. Жұмыс уақытының  аяқталуына қарай, сондай-ақ жұмыс күні ішінде сот (судья) кеңесу бөлмесінен шығып  демалу үшін үзіліс жариялауға құқылы. Сот істі шешу үшін және сол бойынша  дұрыс шешім шығару үшін ұсынылған  дәлелдемелердің растығында немесе толықтығында күмәндануы мүмкін. Егер сот кеңесу бөлмесінде іс үшін маңызы бар жаңа мән-жайларды анықтауды  немесе дәлелдемелерді қосымша зерттеуді  қажет деген қорытындыға келсе, істі мәні бойынша қарауды қайта  жалғастыру туралы ұйғарым шығарады. Ары қарай жалпы тәртіп бойынша  процессуалдық әрекеттер заңда  көзделген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

Дәлелді шешімнің заңдық күшіне енгеніне дейін, тараптардың  және іске қатысушы өзге де тұлғалардың  келіспеген жағдайында аппеляциялық шағым (наразылық) берілуі мүмкін.

Біздің көзқарасымыз бойынша, сот отырысын өткізудің  бұндай ережелері соттың бірінші  сатыдағы өндірісінде бәсекелестік қағидасының жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

Азаматтық сот  өндірісінде бәсекелестік қағидасының  дамуы соттың тек бірінші сатысында  ғана емес, сонымен қатар азаматтық  іс жүргізудің басқа да сатыларында  жүзеге асады.

 

3.2 Аппеляциялық тәртіп бойынша сот актілерін қайта қарау кезінде бәсекелестік қағидасының жүзеге асуы.

Соттың аппеляциялық сатысындағы  өндіріс – бұл  азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылатын, барлық сот өндірісіне тән, жалпы міндеттерден тұратын азаматтық іс жүргізудің құрамдас бөлігі(ҚР АІЖК-нің 5 б.).

Сондықтан аппеляциялық өндіріс  сатысында азаматтық сот өндірісінің  көптеген қағидалары толық көлемде  қызмет етеді:  әділсоттылықтың тек  сотпен жүзеге асуы қағидасы, соттардың  тәуелсіз болуы және олардың тек  қана Конституция мен ҚР Заңдарына  ғана бағынуы, заңдылығы, жариялылығы, тікелейлілігің, сонымен қатар тараптардың  бәсекелестігі мен процессуалдық  теңдігі және т.б.

С.А.Шишкиннің пайымдауынша: «Тиімді бәсекелі сот өндірісі тарихи, әлеуметтік, экономикалық және басқа  да себептердің қорегі болып табылады. ...Істің деректі жағын анықтау  және мәселелерді зерттеу үшін назардың тараптардың құқығына аударылуы  жоғарғы тұрған сот сатыларындағы  судьялардың соттық қызметінің баға беру криетрилерінің өзгеру қажеттініе акеп соғады, ал бұның болуы  аппеляциялық өндірістің(немесе оның аналогы)  енгізілуінсіз, яғни істі мән-жайы бойынша қайта  қараусыз мүмкін емес деуге болады» [75, 120−121б.].

Осылай, соттың бірінші сатысында  сот (судья) жағынан да және іске қатысушы тұлғалар жағынан да кеткен әр түрлі  қателіктер мен ағаттықтар үшн істі әрқашан жан-жақты және толық  қарау мүмкіндігі болмайды.

Сондықдан, заң шығарушы бұндай жағдайларды ескере отырып бұндай соттардың шешімдеріне аппеляциялық тәртіп бойынша  наразылық білдіру  немесе шағым беру мүмкіндігін қарастырды (ҚР АІЖК-нің 40,41 тарау).

Аппеляциялық тәртіп бойынша  тек Қазақстан Республикасының  бірінші сатысындағы, заңдық күшіне енбеген соттың шешімдеріне ғана (Жоғарғы Соттың шешімдерінен басқа) шағым (наразылық) беріле алады(ҚР АІЖК-нің 332 б. 1 т.). Бұл жерде бәсекелестік қағидасының ары қарай жүзеге асуының мәселелерін қарастыру  маңызды, яғни тараптар және іске қатысушы өзге де тұлғалар соттың бірінші сатысында басталған бәсекелестікті енді аппеляциялық сотта жалғастыра алушы еді. Ережеге сәйкес, бұл сәтті З.Х.Баймолдинаның дұрыс пайымдауынша, заңдық күшіне енбеген,  бірінші сатыдағы сот шешімдерін тексеру бойынша аппеляциялық сатыдағы соттың қызметін қозғау құқығынан тұратын аппеляциялық шағым (наразылық) беру құқығын жүзеге асыру туындаған сәтпен байланыстыру[24, 246 б.].

«Сот шешімдеріне аппеляциялық шағым беру және наразылық беру құқығы – азаматтық істер бойынша  әділсоттылықтың, шешімдердің заңдылығының және негізділігінің, сот қорғауының  тиімділігін жүзеге асырудың кепілдігінің бірі», - деп С.А.Акимбекова жазады[220, 16 б.].

ҚР АІЖК-нің 334 бабының 3 тармағына  сәйкес бұндай ереже сот шешімін  толық нысанда шығарғаннан кейін  жүзеге аса бастайды.

Бес күннен артық уақытқа  созылмайтын дәлелді шешімге  аппеляциялық шағым (наразылық) беру мерзімі  оның толық нысанда толтырылған  уақыттың келесі күнінен есептеледі. Сәйкесінше, осы уақыттан бастап бірінші сатыдағы соттың шешіміне аппеляциялық шағым беру (наразылық білдіруге) құқығы туындайды.

Бірақ шет мемлекеттердің тәртібі бойынша, шағым беру құқығын  жүзеге асырумен тікелей байланысты, шағым беру үшін  мерзімдерді  есептеудің бастапқы сәті, заң әдебиеттерінде көрсетілгендей, шешім шығарған уақыттан бастап емес оның көшірмесін тараптарға берген күннен бастап саналады. Бұл  ереже,әрине, іске қатысушы тараптардың  мүдделеріне сәйкес келеді. Бұдан  басқа, аталған ереже нақтылы  іске қатысушы тұлғаларды да, сонымен  қатар істі талқылау барысында қатыспаған тұлғаларды да бірдей жағдайға қояды [24, 249 б.; 55, 112 б. ]. Мүдделі тұлғалардың бұндай теңдей жағдайы аппеляциялық өндірісте бәсекелестік қағидасын жүзеге асыруға жақсы жағдайлар жасайды.

Аппеляциялық өндірісте  сот актілерін қайта қарау  үшін тараптар және іске қатысушы өзге де тұлғалар сот шешімдеріне өздерінің  аппеляциялық шағым беру немесе наразылық  білдіру құқығын сәйкес шыһағым (наразылық) беру (келтіру) арқылы жүзеге асыра алады. Сондықтан ҚР АІЖК-і аппеляциялық шағым, наразылық беру(келтіру) тәртібі мен мерзімдерінің тәртібін қарастырады (ҚР АІЖК-нің 334 б.).

жазбаша нысанда және  мазмұны бойынша ҚР АІЖК-нің 335 бабының  талаптарына сәйкес , келесідей талаптарға сәйкес толтырылады, 1) шағым немесе наразылық жолданатын соттың атауы;2) шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін тұлғаның атауы;3) шағым жасалатын немесе наразылық келтірілетін шешім және сол шешімді шығарған соттың атауы; 4) істі қараудың дұрыс еместігі неде екендігін көрсету;5) заңдарға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және материалдарына сілтеме жасай отырып, шешімнің заңсыздығы немесе негізсіздігі неде екендігінің негіздемесі;6) шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін тұлғаның шағымды немесе наразылықты толық немесе бөлігінде келтіретінін және қандай өзгерістер енгізуді талап ететіндігін көрсету;7) шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген құжаттардың тізімі; 8) шағымды, наразылықты беру (келтіру) күні және шағым, наразылық беретін (келтіретін) адамның қолы болуы тиіс. Өкіл берген шағымға сенімхат немесе іске осындай өкілеттік болмаса, өкілдің өкілеттігін растайтын өзге де құжат қоса тіркелуге тиіс. 

Әдеттегідей, аппеляциялық шағым беру (наразылық білдіру) қаулы шығарған сот арқылы, жоғарғы тұрған сотқа беріледі (келтіріледі) (ҚР АІЖК-нің 334 б. 1 т.). Сонымен бірге, сот тәжірибесінде іске қатысушы тұлғалардың тікелей соттың аппеляциялық сатысына беретін жағдайлар да болады. С.А. Акимбекованың пікірінше, тараптарға соттың осы немесе басқа сатысына шағым беру мүмкіндігін берудің қажеттігі жоқ, себеі бұл екі сатыдағы соттарға да, тараптарға да ыңғайсыздық туғызады. Біріншіден, қолданыстағы ҚР АІЖК-не сәйкес аппеляциялық шағымның тікелей аппеляциялық сатыға түсуі барысында, ол оны қаулы шығарған сотқа жіберуге міндетті, ал ол өз кезегінде аппеляциялық шағымның мерзімі өткеннен кейін істі шағыммен қоса аппеляциялық сатыға жіберуге міндетті (ҚР АІЖК-нің 334 б. 1 т.). Осыған орай, соттар уақыт алатын, қажет емес, артық процессуалды қызметтер атқарады. Екіншіден, аппеляциялық шағым бірінші сатыдағы сотқа келіп түскен кезде, судья шағым беру тәртібін, яғни ҚР АІЖК-нің 335 бабында көзделген келесідей ережелердің, апелляциялық шағымда немесе наразылықта:1) шағым немесе наразылық жолданатын соттың атауы; 2) шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін тұлғаның атауы; 3) шағым жасалатын немесе наразылық келтірілетін шешім және сол шешімді шығарған соттың атауы; 4) істі қараудың дұрыс еместігі неде екендігін көрсету; 5) заңдарға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және материалдарына сілтеме жасай отырып, шешімнің заңсыздығы немесе негізсіздігі неде екендігінің негіздемесі;6) шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін тұлғаның шағымды немесе наразылықты толық немесе бөлігінде келтіретінін және қандай өзгерістер енгізуді талап ететіндігін көрсету; 7) шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген құжаттардың тізімі; 8) шағымды, наразылықты беру (келтіру) күні және шағым, наразылық беретін (келтіретін) адамның қолы болуы тиіс. Өкіл берген шағымға сенімхат немесе іске осындай өкілеттік болмаса, өкілдің өкілеттігін растайтын өзге де құжат қоса тіркелуге тиіс. Апелляциялық шағымда немесе наразылықта айғақтарына апелляциялық шағым немесе наразылық бойынша дау айтылатын куәларды шақыру туралы өтініштің де болуы мүмкін.  Апелляциялық шағым, наразылық беретін (келтіретін) тұлғаның бірінші сатыдағы сотқа табыс етілмеген жаңа айғақтарға сілтеме жасауына тек шағымында олардың бірінші сатыдағы сотқа оларды табыс етуге мүмкіндігі болмауы негізделген жағдайда ғана жол беріледі және 337 бабында көзделген келесідей ережелердің, апелляциялық шағым немесе наразылық судьяның ұйғарымымен оларды берген (келтірген) тұлғаға мына жағдайларда:1) шағымды, наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы судьяның ұйғарымдағы нұсқаулары белгіленген мерзімде орындалмағанда;2) шағымды немесе наразылықты берген (келтірген) тұлғаның өтініші бойынша; 3) егер шағымдану немесе наразылық келтіру мерзімі өтіп кетсе және шағымда немесе наразылықта оны қалпына келтіру туралы өтініш болмаса немесе оны қалпына келтіруден бас тартылған жағдайда; 4) егер шағымды немесе наразылықты апелляциялық шағым немесе наразылық беруге (келтіруге) құқығы жоқ тұлға берсе (келтірсе) қайтарылады сақталуын тексереді. Шағым іспен бірге аппеляциялық сотқа түскен кезде, судья қайтадан шағымның тура осы шарттарға сәйкестігін тексереді. Бірдей процессуалдық әрекеттер әртүрлі сот сатыларының судьяларынмен екі рет тексеріледі. Сондықтан, оның пікірінше, шағым беруді тікелей аппеляциялвқ сот сатысына жіберуді бекіту, ҚР АІЖК-нің 334 бабының 1 тармағын сақтауда мақсатқа лайықты емес[220, 21−22 б.]. Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл дұрыс емес, себебі аппеляциялық сатыдағы соттың міндеті аппеляциялық шағымдардың (наразылықтардың) негізінде бірінші сатыдағы соттың істі шешуінің дұрыстығын тексеруді жүзеге асуры, істі мән-жайы бойынша жаңадан қарау.

  ҚР АІЖК-нің 334 бабының 3 тармағына сәйкес шағым, наразылық сот шығарған шешімнің көшірмелері тапсырылған күннен бастап он бес күн ішінде берілуі (келтірілуі) мүмкін. Келесі жағдайларға байланысты заңмен бекітілген бұл мерзімді ұзарту керек деп санаймыз. Біріншіден, шығарылңан сот актісімен қанағаттанбаған іске қатысушы тұлғалар оған шағым беруге(наразылық білдіруге) дайындалу керек. Е.А. Борисованың пайымдауынша, олар, қандай дәлелдерді, ойларді қажет деңдейде ашпағандығы,негіздемегендігі туралы және соған сәйкес бірінші сатыдағы соттың назарына алынбағандығы туралы дұрыстап ойланулары керек.  Олар бар мүмкіндігінше қателіктерін жойып, өз қорғауларын  толықтырып, дамытулары керек, соған сәйкес аппеляциялық сотқа жаңа түсініктер, қарсылықтар, айғақтар, дәлелдемелер ұсынулары қажет [27, 73 б.]. Екіншіден, И.М.Зайцев дұрыс пайымдағандай, психологиялық тұрғыдан  шағым беруге дайындалу керек,  дәлелді шағым құрастыру керек, бұны заңгердің көмегінсіз жүзеге асыру қиынға соғады және мемлекеттік баж салығын төлеу керек [40, 117 б.]. Үшіншіден, С.А.Акимбекованың пікірінше, бірінші сатыдағы соттың қаулысына шағым беру (наразылық білдіру) мерзімі сот отырысының хаттамасын толтыруға, хаттамаға ескерту келтіру және оларды қарауға бекітілген мерзімге байланысты екендігін ескеру қажет. Осылай, белгілі жағдайларға байланысты хаттаманы толтыру сот отырысынан кейін сегізінші күні аяқталуы да мүмкін, ал ауыр істер бойынша хаттаманы толтыру аппеляциялық шағым беру мерзімінен кем түспейтін мерзімде аяқталуы мүмкін[220, 19−20 б.б.]. Төртіншіден, соттың бірінші сатысындағы қаулыға шағым беру мерзімі кеңсе қызметкерлерінің қызметтеріне толықтай байланысты екендігін ескеру керек. Бұл туралы 19 ғасырдың процессуалисттері айтқан. Осылай, Г. Вербловский, қаулы қаншалықты жайырақ шықса, тараптарға аппеляциялық  шағым беру үшін соншалықты  аз уақыт қалады, бұл көп жағдайда сот шешімінн толық сынап,талқылауды  талап етеді және  жалғаспалы дайындықты талап етеді, әдетте заң тарапынан ауыр істер бойынша. Жаһанданбаған шешім  дайындау  бұл жағдайда қалпына келу керек аппеляциялық мерзімді өткізіп алуға негіз болады [27, 74 б.]. Бесіншіден, егер өткізіп алған мерзімді қалпына келтіруге болады десек те онда бұндай жағдай іске қатысушы тұлғалар үшін қайтадан сотқа өз кінәсә бойынша емес өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы сотқа шағымданып, себепті жағдайлармен мерзімді өткізіп алғандығы туралы дәлелдер ұыну қажет.

Жалпы талаптардан басқа,   аппеляциялық шағым (наразылық) беруші тұлға соттың бірінші сатысында  белгілі болмаған жаңа дәлелдемелерге сілтеме жасап, өз  құқығын жүзеге асыра алады. Бұл жағдайда, шағымға (наразылыққа) қоса бұл дәлелдемелерді бірінші сатыдағы сотқа тапсыру  мүмкіндігі болмағандығы туралы жазбаша  нысанда түсіндіруді қосу қажет.

Соттың аппеляциялық сатысының  арнайы міндеттері және оның қызметінің ерекшеліктері белгілі мөлшерде осы сатыдағы азаматтық сот өндірісінің  бәсекелестік қағидасының қызметіне  әсер етті.

Аппеляциялық өндіріс  сатысында белгілі мөлшерде бәсекелестік қағидасының қызметі шектелген.

Бірінші сатыдағы сотқа қарағанда  аппеляциялық сот істе бар жазбаша  құжаттардан істің жағдайларын  туралы қажетті деректерді алады.

Аппеляциялық сотта дәлелдеуді жүзеге асыру жағынан бәсекелестік қағидасының жүзеге асуын нақтырақ қарастырайық.

Біріншіден, бәсекелестік қағидасы ҚР АІЖК-нің 335 бабының 3 тармағында көзделген  апелляциялық шағым, наразылық беретін (келтіретін) тұлғаның бірінші сатыдағы сотқа табыс етілмеген жаңа айғақтарға сілтеме жасауына тек шағымында олардың бірінші сатыдағы сотқа оларды табыс етуге мүмкіндігі болмауы негізделген жағдайда ғана жол берілетін дәлелдемелерді жинау және ұсыну процессімен тығыз байланысты.

Профессор М.С.Шакарянның пайымдауынша, азаматтық іс жүргізудің аталған  сатысында бәсекелестік қағидасы толықтай сақталмайды, себебі екінші сатыдағы сот  дәлелдемелерді толықтай зерттемейді [72, 350 б.]. Аталған жағдайда, автор, екінші сатыдағы сот тек бірінші сатыдағы сотта тараптардың ұсынған дәлелдемелерін ғана қарастыруы керек дегенді айтқысы  келді. Бірақ, ҚР АІЖК-нің 345 бабының 2 тармағында көзделген «Апелляциялық сатыдағы сот мәлiмделген талап қою шегiнде жаңа фактiлердi анықтап, тараптың дәлелдi себептер бойынша бiрiншi сатыдағы сотқа беруге нақты мүмкiндiгi болмаған жаңа дәлелдемелердi зерттей алады» деген ерекшелікті ескеру қажет.

ҚР АІЖК-нің нормаларында көрсетілгенді ескерсек, аппеляциялық сот мәлiмделген талап қою шегiнде жаңа фактiлердi анықтап, тараптың дәлелдi себептер бойынша бiрiншi сатыдағы сотқа беруге нақты мүмкiндiгi болмаған жаңа дәлелдемелердi зерттей алады. Бұған сәйкес, аппеляциялық сотқа шағымданған тұлға, өз шағымында, наразылығында олардың бірінші сатыдағы сотқа оларды табыс етуге мүмкіндігі болмауы негізделген жағдайды түсіндіру керек (ҚР АІЖК-нің 335 б. 3 т.). Осылай ұсынылған жаңа дәлелдемелерге аппеляциялық сатыдағы сотта сілтеме жасауға болады. Іске қатысушы тұлғалармен берілген жаңа дәлелдемелер, әдетте, жазбаша дәлелдемелер болып табылады.

Аппеляциялық  тәртіпте істі қарау барысында , егер іске қатысушы тұлғалар соттың бірінші  сатысында бұл дәлелдемелерді ұсынуға  мүмкіндіктері болмағандығы дәлелдермен  мойындалса, онда  алқа билер соты  әрқашан зерттеуге жататын жаңа дәлелдемелерді ескеру керек.

Жаңа дәлелдемелерге негізделген дәлелдерге байланысты аппеляциялық соттың ұйғарымы, тек  олармен тараптар танысқан жағдайда ғана шығарылуы мүмкін (ҚР АІЖК-нің 338 б. 1 т. 1 тармақша).

Информация о работе Қазақстан Республикасының сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының қолданылуы (азаматтық істер бойынша)