Қазақстан Республикасының сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының қолданылуы (азаматтық істер бойынша)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 18:24, дипломная работа

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.Диссертациялық жұмыс сот әділдігінің түсінігі мен құқықтық табиғаты принциптерін анықтауға байланысты жеткіліксіз игерілген(ізденушінің ұстанымы бойынша)мәселелер, сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтық iстер бойынша соттардың сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының түсінігі, мазмұны және жүзеге асырылуының кешенді зерттеулерінен тұрады.

Содержание

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 3
КІРІСПЕ 5
АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК 15 ҚАҒИДАСЫНЫҢ ТЕОРИЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Сот әділдігінің түсінігі және табиғи құқықтық принципі 15
Бәсекелестік қағидасының қалыптасу тарихы мен дамуы 30
Қазақстан Республикасының заманауи азаматтық сот ісін жүргүзуінің бәсекелестік қағидасының түсінігі мен мазмұны 45
Бәсекелестік қағидасының азаматтық сот ісін жүргізудің басқа қағидаларымен өзара байланысы және қатынасы 62
Дәлелдеу сатысындағы бәсекелестік қағидасының манызы 82
Бәсекелестік-тараптар мен іске қатысушы басқа тұлғалардың дәлелдеу қызметінің негізі 82
Дәлелдеу сатысындағы соттың орны мен бәсекелестігі 101
Өкіл ретінде адвокат қызметінің ерекшеліктері мен бәсекелестігі 110
3.ӘР САТЫДАҒЫ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАҒИДАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ 117
Сот өндірісінің бірінші сатысындағы бәсекелестік қағидасының жүзеге асуы 117
Аппеляциялық сатыда сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 142
Заңдық күшіне енген сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 159
ҚОРЫТЫНДЫ 170
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 176

Прикрепленные файлы: 1 файл

Егембердиев Ержан Ошакбаевич.docx

— 279.44 Кб (Скачать документ)

Бәсекелестік  қағидасының екінші аспектісі, аппеляциялық сотта сот отырысын жүргізудің тәртібін және осы сотта істі қараудың шегін  басқаратын, құқықтық нормаларда көрініс  табатын, азаматтық сот өндірісінің  бәсеке нысанының шегінде тараптардың  құқықтық ұстанымын аппеляциялық сотта  таңдаумен , негіздеумен, қорғаумен  байланысты.

Соттың бірінші  сатысында істі қарау және шешу тәртібімен салыстырғанда аппеляциялық өндірістегі  бәсекелестік қағидасының ерекшелігі тараптардың талаптары бұл жерде  төмен тұрған соттың ұйғарымын өзгерту  немесе толықтай немесе бір бөлігінің  күшін жоюды сұрау нысанда  шағым (наразылық) беріледі. Өз кезегінде, азаматтық іс жүргізудің бұл сатысында  тараптардың бәсекелестігі әділсоттылықты жүзеге асыруды тез және дұрыс  қамтамасыз ету және сот қателіктерін жібермеу, істі мән-жайы бойынша  екінші рет қарау кезінде соттық қорғау құқығын толықтай жүзеге асырудың кепілдігіні  мақсатымен жүзеге асады.

Соттың аппеляциялық сатысында бәсекелестік ауызша да, жазбаша да нысанда жүзеге аса  береді. Істің құжаттары сотқа  бұл екі нысан арқылы да жетеді ортаны құрайды.

Соттың аппеляциялық сатысында, соттың бірінші сатысындағы  сот сияқты іс мән-жайы бойынша қаралады, бұл жерде азаматтық істер  бойынша алқа іске қатысушы тұлғалардың  түсініктері мен пікірлерін, куәгерлердің  жауаптарын(егер олар болса) тыңдайды, тараптарды және олардың өкілдерін  оларда бар қолдаухаттар  және толықтырулар бойынша сұрайды, соттық жарыссөздер жүргізіледі, прокурордың қорытындысы тыңдалады, бұл жерде іс жүргізу ауызша нысанда жүзеге асырылады деген қорытындығы келуге болады. Бірақ, бұған қарамастан, аппеляциялық өндіріс үшін соттың бірінші сатысындағыдай ауызша басымдық тән емес, керісінше тараптардың жазбаша бәсекесі, себебі аппеляциялық сатыда сот процессі бірінші сатыдағы соттың құжаттарына негізделе жүзеге асырылады. Бұдан басқа заң шығарушы аппеляциялық шағымның (наразылықтаң) жазбаша нысанын қарастырады (ҚР АІЖК-нің 335 б.) және оған қарсылық білдірудің  жазбаша нысаны (ҚР АІЖК-нің 340 б.), сонымен қатар іске қатысушы тұлғалардың болмаған жағдайында, бірақ істі қарау уақыты мен орны ескртілген  жағдайда шағымды (наразылықты) қарау мүмкіндігі  (ҚР АІЖК-нің 352 б. 2 т.). Аппеляциялық өндірісте тараптардың жазбаша бәсекелестігі басымдыққа ие болғанына қарамастан, дауласушылардың ауызша бәсекесінің маңызы аз емес.

Судья Е. Темірова пайымдағандай, аппеляциялық сатыдағы соттың шешімнің күшін жойып және әстә қайта қарауға жіберуінен туындаған  бұйрықтардың міндетті күшін шектеу, осы соттағы дәлелдемелердің  бағасының ерекшелігін сипаттайды, яғни,  ол бірінші сатыдағы соттың қызметіне кірісуге және істі қайта  қарап жатқан сотқа әрбір нақты  дәлелді қалай бағалау керектігін және істі мәні бойынша қалай шешу керектігін үйретуге құқығы жоқ [225, 33 б.].  В.Ю.Раудсалудың пікірінше,  екінші сатыдағы соттың істі екінші рет қарайтын сотқа нұсқаулықтары, өз мазмұны бойынша үш топқа бөлінеді. Біріншілері сот талқылауының толықтығы, жан-жақтылығы және  объективтілігіне байланысты, екіншісі бірінші сатыдағы соттың дәлелдемеге баға беру және шешімді қалыптастыруға жатады, үшіншісі – іс жүргізу құқығының нормаларын дұрыс қолдану мәселесі [226, 10 б.]. «Бұл нұсқаулықтар аппеляциялық сот сатысында шешіледі алады, сонымен қатар мүдделі тұлғаларда қосымша құжаттар мен дәлелдемелерді ұсыну мүмкіндігі бар екенін ескеретін болсақ. Бұл құжаттарды соттың ешқандай сатысына ұсынбау тараптардың процессуалдық мүдделерінің жоқтығына және бәсекелестік қағидасына сәйкес аппеляциялық сатыдағы сот тек қатаң ерекше жағдайларда ғана төмен сатыда тұрған сотқа осы немесе басқа дәлелдемелерді зерттеу қажеттігі туралы нұсқаулықтар бере алады деген қорытындыға келеміз. Бұл белгілі қиындықтардың алдын алуға мүмкіндік береді, себебі істі жаңа қарауға беру мүмкіндігі істі берудің формальді себептерін жоғалтуына байланысты аппеляциялық сот та оны мәні бойынша қарай алады», - деп Е.Темірова жазады[225, 33 б.]. Біздің пікірімізше, бұндай жағдай бәсекелестік қағидасын жүзеге асыруға көбірек мүмкіндік беруші еді. Сондықтан, заңнамалы түрде істі жаңа шешім шығаруға жіберу және күшін жоюға байланысты негіздердің шектелуін қарастыру керек. Яғни ҚР АІЖК-нің 358 бабының 4 тармақшасына келесі мәтіндегі өзгерістер енгізу: «4) шешімнің күшін жою және істі соттың бірінші сатысына процессуалдық құқықтың және аталған кодекстің 364 бабында көзделген материалдық нормалардың бұзылғандығын анықтаған жағдайда жаңа қарастыруға жіберу, сонымен қатар егер аппеляциялық сатыдағы сот, бірінші сатыдағы сотта жүзеге асқан, ҚР АІЖК-нің 366 бабының 1 тармағында көзделген  негіздерді санамағанда, қажет жағдайда талқылауды толықтырып дербес жаңа шешім шығара алмаса». Бұндай жағдай, аппеляциялық сатыдағы сотқа істі жаңа қарауға бірінші сатыдағы сотқа жібермей-ақ, істе бар және қосымша берілген құжаттардың негізінде, мәні бойынша тез және дұрыс шешу кепілдігін бере отырып жаңа шешім шығару құқығына  ие болу мүмкіндігін береді. Бұндай норманың жүзеге асуы азаматтық сот өндірісінің мәселелерін шешуге бағытталған аппеляциялық өндірістегі мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеду.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Н.Ә. Назарбаев Жаңа Қазақстан жаңа әлемде: Президенттің Қазақстан халқына жолдауы// Заңгер. − 2007. − № 3. − С.2−3.

2 . Н.Ә.Назарбаев. Жылдамдатылған экономикалық, әлеуметтiк және саяси жаңғыртудың жолындағы Қазақстан: Iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы Қазақстан халқына Президента жолдауы// Казахстанская правда. – 2005. – 19 ақпан.

3.Азаматтық іс жүргізу: ЖОО арналған оқулық /Жауапты ред. проф.Ю.К. Осипов. – М.: БЕК, 1995. – 462 с.

4 . Ғасырлар шекарасындағы мемлекет пен құқықтың өзекті мәселелері – Владивосток, 1998. – 487 б.

5 Авдюков М.Г. Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу бойынша мiндеттер бөлiнiсi// Кеңестік мемлекет пен құқық.– 1972. − № 5. − Б. 49−54.

6. Боннер А.Т. Азаматтық іс жүргізу бойынша таңдамалы еңбектер– СПб.:          С.-Петерб. мем. ун-т, 2005. – 992 б.

7. Гуреев П.П. Кеңестік азаматтық іс жүргізудегі соттық дәлелдемелердің түсінігі // Кеңестік мемлекет пен құқық – 1966. – № 8. – Б. 55–66.

8. Гурвич М.А. Кеңестік азаматтық іс жүргізу құқығының қағидалары// Кеңестік мемлекет пен құқық – 1974. – № 12. – Б. 20–27.

9.Кеңестік азаматтық іс жүргізу / Ред.  проф. М.А. Гурвича. – М.: Жоғарғы мектеп, 1975. – 399 б.

10 .Гурвич М.А. Азаматтық iс жүргiзудегi дәлелдеу заңдық мiндет болып табылады ма?// Кеңестік юстиция– 1975. – №5. –  Б. 14–17.

11 Елисейкин П.Ф. Кеңестік азаматтық іс жүргізу құқығының пәні мен қағидалары.– Ярославль: Яросл. ун-т, 1974. – 109 б.

12 Клейнман А.Ф.Кеңестік азаматтық іс жүргізу: Оқулық. – М.: Госюриздат, 1954. – 368 б.

13 Пятилетов И.М. Кеңестік азаматтық іс жүргізудегі жауапкердің мүддесін қорғау:Оқу құралы.– М., 1990. – 116 б.

14Кеңестік азаматтық іс жүргізу/ Ред. В.М. Семенова,                  К.И. Комиссарова. – М., 1988. – 378 б.

15 Тараненко В.Ф. Төрелiк процесстiң қағидалары және олардың құрастыруына кеңес iс жүргiзу теориясының ықпалы:Дис. заң ғыл.док.– М., 1983. – 356 б.

16 Абдраимов Б.Ж. Жер құқығының нормаларының iске асыруының iс жүргiзу формаларының  жетiлдiруiнiң мәселелерi.– Алматы: Юрист, 2001. – 264 б.

17 Абдраимов Б.Ж., Боголюбов С.А. Ресей мен Қазақстанның жер құқығы: дамыту мәселелері, іс жүргізу формаларын іске асыру.– М.: Юристъ, 2007.   – 454 б.

18 Абдуллина З.К.Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу мәселелері: Оқу құралы.– Алматы: Дәнекер, 2004. – 146 б.

19 Абдуллина З.К.Бірінші сатыдағы соттардағы азаматтық істердің өндірісі: Оқу құралы. – Алматы, 2003. – 140 б.

20 Абрамов С.Н. Азаматтық іс жүргізу.– М., 1948. – 539 б.

21 Алексеев С.С.Құқық теориясының мәселелері.– М., 1972. – Т. 1. – 448 б.

22 Баймолдина З.Х.Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы: 2 томда.Т.1. Жалпы бөлім. Оқулық. – Алматы: КазГЮА, 2001.  – 416 б.

23 Баймолдина З.Х.Азаматтық сот ісін жүргізу қағидалары: заңшығарушылық реттеу мәселелері //Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығының өзекті мәселелері: Қазақстан Республикасының 10 жылдық тәуелсіздігіне арналған ғылыми теориялық конференция материалдары, Алматы қ., 4 сәуір 2001 жыл. – Алматы: КазГЮА, 2001. –  Б. 4-24.

24 Баймолдина З.Х.Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы: 2 томда.Т.2.Ерекше бөлім.Оқулық. – Алматы: КазГЮА, 2001.  – 468 б.

25 Баймолдина З.Х.Бірінші сатыдағы соттарда азаматтық істерді қарау: Ғылыми-құрал.– Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 96 б.

26 ҚазақССР АІЖК арналған ғылыми-практикалық комментарий. − Алматы: Казахстан, 1976. –  544 б.

27 Борисова Е.А.Азаматтық(арбитраж) іс жүргізудегі апелляция. – 2-ші шығ., өзг. және толық. – М.: Городец, 2000. –  288 б.

28 Бычкова Е.С.Азаматтық сот өндірісіндегі арнайы білімдердің институтын дамытудың мәселелері:Дис. заң ғыл. канд.– Алматы: КазГЮУ, 2004. – 166 б.

29 Ванеева Л.А. Кеңестік азаматтық іс жүргізудегі соттық таным:Оқу құралы.– Владивосток: Дальневосточн. мем. ун-т, 1972. – 133 б.

30 Васьковский Е.В.Азаматтық іс жүргізідің оқулығы/ Е.В. Васьковский: МГУ  М.В. Ломоносов атындағы, заң фак., каф. азам. іс жүр., КубГУ, заң .фак., каф. азам. іс жүрг. және еңбек құқығы– Краснодар, 2003. – 528 б.

31 Викут М.А., Зайцев И.М.Ресейдегі азаматтық іс жүргізу: Оқулық. – М.: Юристъ, 2004. – 459 б.

32 Викут М.А.Азаматтық іс жүргізу құқығының өзекті сұрақтары// Құқықтану.– 1998. – №1. – Б. 160–163.

33 Грось Л.А.Азаматтық іс жүргізу құқығына материалдық құқық нормаларының әсері(ғылыми-практикалық мәселелері): Дис. …заң ғыл. док. – М., 1999. – 528 б.

34 Гукасян Р.Е. Кеңестік  азаматтық іс жүргізудегі мүдде мәселелері.– Саратов: Приволжск. кітап. шығ., 1970. – 185 б.

35 Кеңестік  азаматтық іс жүргізу / Ред. проф. А.А. Добровольского. – М., 1977. – 386 б.

36 Жеруолис И.А. 35Кеңестік  азаматтық іс жүргізудің негізі.– Вильнюс, 1969. – 108 б.

37 Жуйков В.М.Азаматтық іс жүргізу құқығының мәселелері.– М.: Городец, 2001. – 288 б.

38 Жуйков В.Азаматтық сот өндірісіндегі тараптардың айтысу қағидасы// Ресейлік юстиция. – 2003. – №6. – Б. 22–26.

39 Жуйков В.М. Азаматтық іс жүргізу құқығындағы новеллалар туралы.– М., 1996. –  166 б.

40 Зайцев И.М. Азаматтық іс жүргізудегі соттық қателерд болдырмау. – Саратов:  Саратовского ун-т басылым, 1985. – 334 б.

41 Зиманов С.З.Ежелгі әлемдегі қазақтардың құқығы және оның қайнар көздері.Кітап: Ежелгі әлемдегі қазақтардың құқығы: 10 томды. Т.1. – Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 440 б.

42 Козлов А.Ф. Азаматтық істі прокурордың қозғауы // Азаматтық іс жүргізу заңнамасын жүзеге асыру мен дамытудың мәселелері.– Свердловск, 1982. – Б. 75–77.

43 Козлов А.Ф.Прокурор– іске қатысушы тұлға //КПСС ХХVII съездінің азаматтық іс жүргізу мәселелерін шешуінде . – Свердловск, 1987. – Б. 35–38.

44 Комаров В. Украинаның азаматтық және арбитраждық іс жүргізу заңнамасын реформалаудың өзекті мәселелері //ТМД: азаматтық іс жүргізу құқығын реформалау / Жалпы ред. М.М. Богуславского және А. Трунка. – М.: Городец, 2002. – Б. 74–106.

45 Курылев С.В.Кеңестік әділсоттағы дәлелдеу теориясының негіздері.− Минск, Бас. БГУ  В.И. Ленин атындағы, 1969. – 204 б.

46 Курылев С. Дәлелдеу кезіндегі міндеттерді бөлу қағидасы туралы // Кеңестік юстиция. – 1966. – №16. – Б. 9–10.

47 Юхо И., Курылев С. Польша Халықтық Республикасының азаматтық іс жүргізу Кодексі// Кеңестік юстиция. – 1967. – №1. – Б. 25–29.

48 Мами К.Қазақ халқындағы би институты соттық биліктің құқықтық формасы ретінде// Вестник КазНУ. Серия құқықтану. – 2004. – № 1 (29). – Б. 15–18.

49 Мельников А.А.Кеңестік азаматтық іс жүргізудегі тұлғаның құқықтық жағдайы.– М., 1969. –  253 б.

50 Молчанов В.В.Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдемелердді жинау: Дис. заң ғыл. канд.– М., 1986. – 236 б.

51 Осокина Г.Л.Азаматтық сот өндірісіндегі прокурордың наразылығы: Автореф. дис. заң ғыл. канд.– Томск, 1980. – 18 б.

52 Поляков И.Н. Диспозитивтілікт қағидасының азаматтың істерді қарайтын соттың және ортақ юрисдикциялық органның қызметінде:Автореф.заң ғыл. канд..– М., 1977. – 19 б.

53 Резниченко И.М.Азаматтық іс жүргізудің функционадық қағидалары (құқықтық және психологиялық аспектілері): Дис. заң ғыл. док. – М., 1989.       – 309 б.

54 Решетникова И.В. Ресейлік азаматтық сот өндірісіндегі дәлелдеу құқығының курсы.– М., 2000. – 288 б.

55 Решетникова И.В.Англия мен АҚШ дәлелдеу құқығы.– М: Городец, 1999. –  284 б.

56 Решетникова И.В.ТМД қатысушы елдердің азаматтық сот өндірісі // «Әділеттің» ғылыми еңбектері. – 2002. – № 1 (11). – Б. 139–153.

57 Социалистік азаматтық іс жүргізудегі сот шешімдерін тексеру/ Жауапты. ред. В.М. Савицкий. – М.: Наука, 1989. –  87 б.

58 Салогубова Е.В. Римдік азаматтық іс жүргізу/ Ред. М.К. Треушникова. – М.: Городец, 2002. – 157 б.

59 Сулейменов М.К. Азаматтық құқықтағы үшінші тұлға // Кеңестік мемлекет және құқық.– 1978. – №3. – Б. 123–128.

60 Арбитражды процесс: Заң ЖОО мен факультеттеріне арналған оқулық / Ред. проф. М.К. Треушникова және проф. В.М. Шерстюка. 4-е бас., өзг. және тол.. – М.: Городец, 2000. – 480 б.

61 Азаматтық іс жүргізу: Оқулық /  Ред. проф. М.К. Треушникова.       – 2-ші бас., өзг. және тол. – М.: Юриспруденция, 2000. – 380 б.

62 Треушников М.К. Кеңестік азаматтық іс жүргізу құқығы.– М., 1989. – 366 б.

63 Треушников М.К. Кеңестік азаматтық құқықтағы дәлелдеме және дәлелдеу.– М., Мәскеу ун-т, 1982. – 160 б.

64 Трубников П.Я. Бөлек категориялардағы азаматтық істерді соттық қарау:Оқу құралы.– М.: Былина, 1999. – 303 б.

65 Фондаминский И. Д.Азаматтық іс бойынша ісжүргізу кезеңдері мен өндірістің құрылыс // Шаруашылық механизм: дамытудың құқықтық формалары.− Алматы, 1982. − Б. 99−107.

66 Чечина Н.А.Азаматтық іс жүргізудегі таңдамалы еңбектер.– СПб.: Бас. үйі С.-Петерб. мем. ун-т, 2004. – 656 б.

67 Азаматтық іс жүргізу. Оқулық / Ред. В.А. Мусина, Н.А. Чечиной, Д.М. Чечота. – 2-ші, толық. – М.: ПРОСПЕКТ, 1999. – 472 б.

68 Чечина Н.А. және Чечот Д.М.Азаматтық іс жүргізу формасы, іс жүргізу нормалары және өндіріс// Заңи іс жүргізу формасы:теория және практика. – М.: Юрид. лит., 1976. – 279 б.

69 Чечина Н.А.Кеңестік азаматтық іс жүргізу құқығының қағидалары мен олардың нормативтік бекіту// Құқықтану. – 1960. – №3. – Б. 79–83.

70 Кеңестік азаматтық іс жүргізу/ Ред. проф. Н.А. Чечиной және       Д.Н. Чечота. – Л., 1984. – 405 б.

71 Лапин Б.Н. Азаматтық істерді сотта қарауға дайындаудың тиімділігін арттырудың теориялық және практикалық мәселелері // Азаматтық іс жүргізудің теория мен практикасының өзекті мәселелері / Ред. Н.А. Чечиной және Д.М. Чечота. – Л.: ЛГУ, 1979. – Б. 148–150.

72 Ресейдің азаматтық іс жүргізу құқығы: ЖОО арналған оқулық / Ред. М.С. Шакарян. – М.: Былина, 1999. – 504 б.

73 Кеңестік азаматтық іс жүргізу: Оқулық / Жауапты. ред. М.С. Шакарян. – М.: Заң. әдебиет., 1985. – 528 б.

74 Шакарян М.С. Біздің талқылауларымыз// Кеңестік юстиция. – 1987. – №11. – Б. 26–29.

75 Шишкин С.А. Азаматтық және арбитраждық сот өндірісіндегі айтысу: Құрал.– М.: Городец, 1997. –  185 б.

76 Щеглов В.Н. Соттық азаматтық іс жүргізудегің субъектілері: студенттерге арналған лекция.– Томск: ТГУ, 1979. – 129 б.

77 Юдельсон К.С.Кеңестік азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу мәселелері.– М.: Госюриздат., 1951. – 296 б.

78 Явич Л.С.Дамыған социалистік қоғамның құқығы(мазмұны мен қағидалары). – М.: Заң. әдеб., 1978. – 256 б.

79 Халиков К.Х. Қазақстан Республикасының соттық биліктің мәселелері (теоретикалық және қылмыстық-процессуалдық зертеу): Автореф. дис. …    заң ғыл. док. – Алматы, 1998. – 50 б.

80 Халиков К.Х. ҚР азаматтарының қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігіне байланысты соттық-құқықтық құқықтарын қорғаудағы кейбір мәселелер // Вестник КазНУ. Заң серия . – 2003. – №1. – Б. 50–53.

Информация о работе Қазақстан Республикасының сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының қолданылуы (азаматтық істер бойынша)