Қазақстан Республикасының сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының қолданылуы (азаматтық істер бойынша)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 18:24, дипломная работа

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.Диссертациялық жұмыс сот әділдігінің түсінігі мен құқықтық табиғаты принциптерін анықтауға байланысты жеткіліксіз игерілген(ізденушінің ұстанымы бойынша)мәселелер, сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтық iстер бойынша соттардың сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының түсінігі, мазмұны және жүзеге асырылуының кешенді зерттеулерінен тұрады.

Содержание

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 3
КІРІСПЕ 5
АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК 15 ҚАҒИДАСЫНЫҢ ТЕОРИЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Сот әділдігінің түсінігі және табиғи құқықтық принципі 15
Бәсекелестік қағидасының қалыптасу тарихы мен дамуы 30
Қазақстан Республикасының заманауи азаматтық сот ісін жүргүзуінің бәсекелестік қағидасының түсінігі мен мазмұны 45
Бәсекелестік қағидасының азаматтық сот ісін жүргізудің басқа қағидаларымен өзара байланысы және қатынасы 62
Дәлелдеу сатысындағы бәсекелестік қағидасының манызы 82
Бәсекелестік-тараптар мен іске қатысушы басқа тұлғалардың дәлелдеу қызметінің негізі 82
Дәлелдеу сатысындағы соттың орны мен бәсекелестігі 101
Өкіл ретінде адвокат қызметінің ерекшеліктері мен бәсекелестігі 110
3.ӘР САТЫДАҒЫ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАҒИДАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ 117
Сот өндірісінің бірінші сатысындағы бәсекелестік қағидасының жүзеге асуы 117
Аппеляциялық сатыда сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 142
Заңдық күшіне енген сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 159
ҚОРЫТЫНДЫ 170
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 176

Прикрепленные файлы: 1 файл

Егембердиев Ержан Ошакбаевич.docx

— 279.44 Кб (Скачать документ)

«Презумпцияны қолдану, қалай болған да басқасы дәлелденбегенше  айғақтың бар немесе жоқ болуына болжам келтіру, бұл көптеген әлеуметтік жағдайлар атақты жинақтыққа ие болғанына негізделеді.Осындай жағдайлардағы бірдей сатылардың болуы көп деңгейде басқаларының да болуын болжайды»,- деп В.Б.Искаков жазған болатын [191, 90-91б.].

гррарр

Осылайша былай тұжырымдасақ болады: презумпция- бұл заңмен бекітілген ереже бойынша заңи айғақтардың бар болуына (жоқ болуына) болжам келтіру; егер бұл болжам мүдделі түлғамен жоққа шығарылмаса, онда (болжамды айғақ) бар (жоқ) сотпен танылады және сот шешімінің негізіне жүктеледі. Азаматтық іс жүргізуге М.К.Треушниковтын атап кеткеніндей,  дәлелді дәлелдемелік презумпциялар мәлім емес. Кез келген ұйғарым соттық дәлелдемелермен жоққа шығарылады [63, 53б.].

Алдында аталап кеткендей дәлелдеу, дәлелдеу субъектілерінің  құқығы да, міндеті де болып табылады. Презумциялар тараптарды міндеттерден босатады, бірақ оны дәлелдемелерді ұсыну құқығынан айырмайды. Тарап заңда көрсетілген негезідерде дәлелдеу міндеттерінен босатылса да, ереже бойынша ол толық көлемде өзінің құқықтарын қолданады және өз мүддесінде айғақтарды дәлелдеуде белсенділік көрсетеді. Материалдық құқық нормаларында дәлелдеу міндеттерін бөлудің өзге түрлері де бар.

Заң әдебиеттерінде көрсетілгендей, еңбек заңнамасында дәлелдеу міндеттерін  бөлуге байланысты арнайы ережелер жоқ  [63, 53б.]. Сонымен бірге сот тәжірибесі дәлелдемелерді бөлуге байлынысты жалпы ережелермен сәйкес келмейтін жеке ережелерді өндіріп шығарды. Осылайша6 М.К.Треушниковтың ойынша, «жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан шығарылған тұлғаны жұмысқа қайта қабылдау туралы арызын қарастырғанда, жұмыстан шығаруға негіз болған мән жайды дәлелдеу міндеті, соңғысына түседі, яғни жұмыс берушіге. Еңбек ақыны төлету туралы талап арыздарды, өтемақыны өндіруді, есептерді дәлелдейтін дәлелдемелерді әкімшілік ұсынуы тиіс, себебі ол жұмыстың көлемін, сапасын және жалақының төленуін бақылайды. Азаматтық іс дәлелдемелерді бөлудің негізінде шешілуі мүмкін, егер тараптар мен сот дәлелдемелерді жинау үшін барлық мүмкіндіктерді қолданса [63, 53б.]».

Актілерді жарамсыз деп тану туралы шағымдарды қарастыру кезінде, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін өзі басқару органдарының  және өзге органдардың шешімдері, шешімді  және актіні қабылдауға негіз болған мән жайды дәлелдеу міндеті,сол  актіні қабылдаған органға жүктеледі.

Тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар үшін дәлелдемелерді ұсыну қиындық келтірген жағдайда, сот олардың өтініші бойынша  дәлелдемелерді сұратып алдыруға жәрдемдеседі (бұл жазбаша және заттай дәлелдемелерді ұсынуға байланысты).Дәлелдемелерді сұратып алдыру туралы өтінішінде сол дәлелдемелер көрсетілуге, сондай-ақ осы дәлелдеме арылы сұратып алдыру туралы өтінішінде сол дәлелдемелер көрсетілуге, сондай-ақ осы дәлелдеме арылы іс үшін маңызы бар қандай мән- жайлар анықталатынын немесе бекерге шақырылатыны, дәлелдемені өз бетінше алуға кедергі келтіретін себептер және оның тұрған жері көрсетілуге тиіс (ҚҚ АІЖК 66б.).

тараптар жазбаша немесе заттай дәлелдемелерді соттың көмегімен  жинаудағы құқықтарын жүзеге асыру  тәртібі  ҚР АІЖК 66б. 5т. Және 82б. 3т. сәйкес анықталған, ол жерде былай делінген, соттың алдында іске қатысатын немесе қатыспайтын тұлғалардан жазбаша  дәлелдемелер талап ету туралы өтініш жасайтын тұлға осы дәлелдемені  көрсетуге, оларды өз бетінше алуға  кедергі болатын себептерді, өзі  дәлелдмелерді сол тұлғаларда деп  санайтын негіздерін көрсетуге тиіс.

Көріп отырғанымыздай, бұл нормалар бәсекелестік қағидасының жүзеге асуына қолайлы жағдайды туғызуға бағытталған.

А.В. Цихоцкның пікірі бойынша, «шындық әр тараптың мүддесімен сәйкес немесе сәйкес еместігіне қарай, тараптардың арасындағы дау шындықты ашуға көмектесуі мүмкін немесе керісінше оны жоқ етіп жіберуі мүмкін» [194, 396б.]. Шындық әр тараптың мүддесімен сәйкес келетіні немесе келмейтініне қарамастан, бәсекелестік қағидасы іс бойынша обьективті шындықты бекітудің құралы ретіндегі заманауи даму сатысының негізі екенін атап кеткен жөн. Іс бойынша маңызы бар бәсекелестік қағидасы қажетті әр жақты жағдайлардың туындауына және мән жайды толық зерттеуге бағытталған. Бәсекелестік қағидасының жүзеге асуы іс бойынша  объективті шындыққа жетудің кепілі ретінде қарастырылады.

Осыған ұқсас қауіпті  азаматтық және алқалық сот өндірісіндегі  бәсекелестік қағидасын зерттеген  С.А.Шишкинде айтып кеткен болатын. Ол былай деп санайды, тараптардың  дәлелдемелерді билеудегі еріктері теріс пайдаланушылыққа әкеліп соғады, әсіресе дәлелдеу айғақтарының көп бөлігі талап қоюшы немесе жауапкерге көңіл аударылса. Және осы мәселені шешу үшін С.А.Шишкин шетелдік мемлекеттердің тәжірибесін есепке алуды ұсынады, ол жерде олар екі әдіспен шешіледі.

Біріншісі дәлелдемелерді жинаудағы  сот органына өкілеттілікті улестіру.Ол,мысалы, РФ-да қолданылады, сот қазіргі кезде  дәлелдемелерді іздеуді жеткілікті кең  құқықтарға ие. Ол сол уақытта  немесе сот талқылауының алдында  жүзеге асырылуы мүмкін (РФ АІЖК § 485б.). Әсіресе бұл құрылыс істерінде көп тәжірибеге ие болады,яғни техникалық ақаулықтарды тез арада жою қажет болған жағдайда, ал сарапшыны шақырту көр уақытты алады.

Бұл тәсілдің түрленуі француздық сот өндірісіне тән. 1965 жылы Францияда  iстiң әзiрлеуi бойынша судьяның қызметi енгiзiлдi. Аталған қызметтегі судья іске қатысушы тараптардан және тұлғалардан жазбаша дәлелдемелерді сұратуға, талап қоюшы мен жауапкерді сұрақ жауап алуға шақыртуға құқығы бар. Яғни неміс және француз заң шығарушылары соттық қателерден қашу үшін және айғақтардың анықтылығына жету үшін соттың ықыласын және тараптардың белсенділігінің байланысын таңдап алған болатын.

Іс айғақтарын ашудан тұратын  англо- американдық құқық жүйесінде  қолданылатын екінші тәсіл. Бұл жерде  соттың енжарлығы айқын көрсетілген. Англияда тараптар бір- біріне құжаттарды тізімін үсынулары тиіс, ал бұл өз кезегінде олардың теңдігін және «әділ ойынды» кепілдендіреді. АҚШ-та құжаттарды ашу рәсімі дәлелдеу құжаттарының кең көлемде ашылуы негізінде жүзеге асырылады [75, 35-72б.].

Бұндай тәсіл бәсекелестік процесінің рухындағы дәлелдеудің  көп мәселелерін шешеді.

АҚШ және Англиядағы дәледеу  құқығының өзекті мәселелерін зерттейтін И.В.Решетникованың айтып кеткеніндей, жоғарыда келтірілген тәсідер осы елдерде тараптардың теңдігін қамтамасыз ететін жоғары адвокаттық ұйымдастырушылықпен күшейтіліп кеткен. Батыстық сот өндірісіне соттың қорғалуымен қол жетімділігімен байланысты қоғамдық мүдденің құқығы көптен белгілі. АҚШ-та төменгі мөлшерде тұрғындардың арнайы топтарына мамандандырылған заңи көмек ұсынатын арнайы заң фирмалары бар [55, 160-163б.]. Бұл бәсекелестік қағидасының жүзеге асуына жағдай жасайды, ал ол өз кезегінде іс бойынша шындыққа жетуге өз септігін тигізеді.

Ал отандық заңнамада  тегін мамандандырылған заңи көмек  алу құқығы (ҚР Конституциясы 13б. 3т.)  осындай құқықққа мұқтаж тұлғаларға әлі де тиімсіз болып отыр және бұл сот тәжірибесінде өз көрінісін  тапқан болатын.

Айта кететін жайт, қазіргі  кезде Қазақстанда адам құқығын  қорғайтын құқықтық институт- омбудсмен  жұмыс жасайды. Бұл құқық қорғау институты азаматтардың құқығын  қорғауға бағытталған арнайы мемлекеттік (бюджеттің құрал тарапынан қаржыландырылады) ретінде  танылды. ТМД және Балтық елдеріндегі омбудсмен институтының құрылу мен дамуының тарихын кешенді зерттеген М.С. Башимов атап кеткендей, ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияға қарағанда,  омбудсменнің мәртебесі жоғарырақ [195, 34б.]. Адам құқықтары жөніндегі комиссия адам құқықтарын қорғаудың мемлекеттік тетігін жетілдіруге бағытталған бірқатар маңызды шешімдердің қабылдануына өз үлесін қосты деп нық сеніммен айта аламын. Бұл Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі халықаралық конвенцияларына және БҰҰ-ның Азаматтық және саяси құқықтар мен экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактілеріне қосылуы, халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру, Білім және ғылым министрлігінде Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комитеттің құрылуы болып табылады. Бұған Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен) институтының құрылуын, түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларын Ішкі істер министрлігінен Әділет министрлігінің қарамағына беруді, өлім жазасына мораторий енгізуді, Көші-қон полициясының жұмыстарын халықаралық стандарттарға сәйкес жақсартуды, «Қазақтелеком» АҚ ұсынатын байланыс қызметінің тарифін төмендету мен қол жетімдігін қамтамасыз етуді жатқызуға болады.

2.3 Адвокаттың өкіл ретіндегі қызметінің бәсекелестігі және ерекшелігі

ҚР Конституциясы  әрбір азаматқа оның құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің соттық қорғалуына кепілдік береді. Бұл  конституциялық талаптарөзінің міндеттерін  сапалы орындай алатын әділсоттылықтың  қажет етуімен шартталады. Қойылған міндеттердің жүзеге асуына маңызыды орынға сот өкілдерінің институты  ие.

 Өкілдік институтында ерекше орынды адвокаттар қоғамдастығы ие. Себебі, бүгінгі таңды сот өкілдерінің функциялары жеткіліксіз. Сенім білдіруші өзінің мүліктік мүдделерін тәуекел ете отырып, өкілдерден кәсіби, заңи көмек күтеді, ал оны тек адвокаттар ғана жүзеге асыра алады. Тек адвокат қана өзінің іскерлігімен және кәсібилігімен, істі білуімен, заңмен және сенім білдірушімен оған жүктелген міндеттерді жоғары деңгейде жүзеге асыра алады.

Өкілдік институты, ең алдымен адвокатура азаматтардың кәсіби заңи көмек алу құқығын  жүзеге асыруға септігін тигізетін  атап өткен жөн.

Азаматтың кәсіби заңи көмек алу құқығы әділсоттылықтағы конституциялық қағидасының түсінігіне ие болды. Қазақстан Республикасының  азаматтары үшін елеусіз, басында декларативті норма ретінде қабылданған кәсіби заңи көмек алу құқығы жаһанданған  қоғамда сұранысқа ие болды және айтарлықтай даму үстінде.

Заманауи  жағдайларда сот өкілдігінің  түсінігі белгілі бір себептер бойынша  өсуде. Біріншіден, азаматтық іс жүргізудің бәсекелестік үлгісіне өтуіне байланысты және соттан дәлелдеу міндетінің алынып тасталуына байланысты. Дәлелдемелерді ұсыну міндеті шарттарының негізінде  тараптардың өздері қажетті заңи білімге ие болмаған тұлғалар үшін өзінің талаптары мен қарсылықтарының  негізділігін дәлелдеу өте қиын болады. Екіншіден, құқықтық жүйенің өзі білім жүйесінің жаңаруына байланысты қиындатылады және дифференцияланады. Сондықтан, мамандандырылған заңгердің көмегінсіз сот процесін жоғары деңгейде өткізу мүмкін емес деуге болады. Жоғарыда көрсетілген себептерге негізделетін болсақ осы арқылы заманауи қоғамда адвокаттар институтының болуы түсіндіріледі.

Жалпы алғанда  заң ғылымында өкілдікті екі  жағдайда қарастыруға болады. Бірінші  көзқарас бойынша өкілдік құқықтық қатынас ретінде түсіндіріледі. Осылай профессор М.С.Шакарян соттағы  өкілдікті құқықтық қатынас ретінде  анықтайды, соған сәйкес бір тұлға (сот өкілі) оған ұсынылған міндеттер  шегінде сенім білдірушінің (тарап  немесе үшінші тұлға) атынан және оның мүдделерін қорғау мақсатында процессуалдық  қызметтерді де жүзеге асырады, нәтижесінде  соңғысында белгілі құқықтар мен  міндеттер туындайды[72, 49б.].

Екінші  көзқарастың өкілдері, мысалы, Е.В.Салогубова және басқалары өкілдікті азаматтық  процесте істі жеңіп шығу мақсатында, сонымен қатар сенім білдірушінің құқықтарын жүзеге асыруға көмек көрсету мақсатында сенім білдірушінің атынан өкілдің қызметі ретінде қарастырады [58, 63б.].

Заң әдебиеттерінде бұл екі көзқарасты біріктіруге  көп мүмкіндіктер жасалды. Осылайша, Е.Л.Невзгодина жоғарыда көрсетілген  авторлардың көзқарасы бір біріне қарсы емес деген пікір айтты. Егер соңғысы қоғамдық қатынастардың (қызметтердің) құқықтық нысаны деген  пікір болған жағдайда құқықтық қатынастардың  қызметі қарама қайшы қойылса  бұл қате болып саналушы еді [203, 73б.].

Азаматтық құқықтық өкілдік бойынша Е.Л.Невзгодинаның  жасаған қорытындысы, менің ойымша толықтай сот өкілдігіне де таралуы мүмкін.

Азаматтық процесте сот өкілдігі және оның рөлі туралы ағылшын философы және заңгері И.Бентам өте жақсы  пікір айтты. «Процеске қатыспаған көпетегн тұлғалар- олар туралы ештеңке  білмейді және қызықпайды да, - деп жазған. Олар сот өндірісінің  лабиринті  туралы, біраз варварлық терминологиядан  бұл қоғамдық өмірді тануға жеркенушілікпен қарауды сендірді. Көптеген тұлғалар дауға ие болу арқылы дәл басқалар сияқты сот өндірісін зерттеуге тырыспайды, өзінің ауруымен ғана басы ауырып жүрген науқас сияқты» [204, 6б.].

 ҚР- ның  «Адвокаттық қызмет туралы» заңына сәйкес адвокаттар келесідей процессуалдық  құқықтарға ие:     

1. Адвокат көмек сұрап  келген адамға ол мұқтаж болған  кез келген заң көмегiн көрсетуге  құқылы.  
      2. Адвокат өзiне өтiнiш жасаған адаммен заң көмегiн көрсету туралы өз атынан жазбаша шарт жасасады. 
      3. Адвокат, қорғаушы немесе өкiл ретiнде әрекет жасай отырып, iс жүргiзу заңына сәйкес:  
      1) барлық соттарда, құзыретiне тиiстi мәселелердi шешу кiретiн мемлекеттiк, өзге де органдар мен ұйымдарда заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға және бiлдiруге;  
      2) барлық мемлекеттiк органдардан және мемлекеттiк емес ұйымдардан адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтердi сұратуға және алуға;  
      3) заң көмегiн көрсету үшiн қажет нақты мәлiметтердi дербес жинауға және дәлелдер табыс етуге;  
      4) көмек сұрап өтiнiш жасаған адамға қатысты материалдармен, соның iшiнде iс жүргiзу құжаттарымен, тергеу және сот iстерiмен танысуға және олардағы ақпаратты заң актiлерiнде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен белгiлеп алуға;  
      5) iске қатысуға жiберiлген сәттен бастап жолығулар санын, олардың ұзақтығын шектемей және мұндай жолығулардың құпиялығын қамтамасыз ететiн жағдайларда өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығып тұруға;  
      6) заң көмегiн көрсетуге байланысты туындайтын және ғылым, техника, өнер мен басқа да қызмет салаларында арнайы бiлiмдi қажет ететiн мәселелердi түсiндiру үшiн шарттық негiзде мамандардың қорытындыларын сұратуға;  
      7) өтiнiштер мәлiмдеуге, әдiлет, прокуратура, анықтау, алдын ала тергеу органдары мен соттың лауазымды адамдарының, сондай-ақ көмек сұрап өтiнiш жасаған адамдардың құқықтарына және заңдармен қорғалатын мүдделерiне қысым жасайтын өзге де лауазымды адамдардың әрекеттерiне белгiленген тәртiппен шағым жасауға;  
      8) мемлекеттiк құпияларды құрайтын ақпаратпен, сондай-ақ әскери, коммерциялық, қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратпен, егер бұл анықтау, алдын ала тергеу кезiнде және сотта қорғау немесе өкiлдiк ету үшiн қажет болса, заң актiлерiнде көзделген тәртiппен танысуға;  
      9) заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың заңдарда тыйым салынбаған барлық құралдары мен тәсiлдерiн пайдалануға;  
      10) заңдарға қайшы келмейтiн өзге де әрекеттердi жасауға құқылы.  
      4. Мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам адвокаттың заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған адамның мүддесiн бiлдiру құқығын танудан бас тарта алмайды.  
      5. Адвокат соттардың, прокуратураның, қылмыстық процесті жүргізуші органдардың әкімшілік ғимараттарына белгіленген тәртіппен өзінің адвокаттық куәлігін көрсетуі бойынша еркін кіру құқығын пайдаланады. 
      Адвокаттың ұсталғандар, тұтқынға алынғандар және жазасын өтеп жатқандар отырған орындарға кiруi белгiленген рұқсаттық режимге сәйкес жүзеге асырылады.  
      6. Адвокат мiндеттi сақтандыру қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын мемлекет кепiлдiк берген әлеуметтiк қорғалуға құқылы.  
      Әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды адвокаттар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес төлейдi. 

Информация о работе Қазақстан Республикасының сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының қолданылуы (азаматтық істер бойынша)