Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 18:24, дипломная работа
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.Диссертациялық жұмыс сот әділдігінің түсінігі мен құқықтық табиғаты принциптерін анықтауға байланысты жеткіліксіз игерілген(ізденушінің ұстанымы бойынша)мәселелер, сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтық iстер бойынша соттардың сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының түсінігі, мазмұны және жүзеге асырылуының кешенді зерттеулерінен тұрады.
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 3
КІРІСПЕ 5
АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК 15 ҚАҒИДАСЫНЫҢ ТЕОРИЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Сот әділдігінің түсінігі және табиғи құқықтық принципі 15
Бәсекелестік қағидасының қалыптасу тарихы мен дамуы 30
Қазақстан Республикасының заманауи азаматтық сот ісін жүргүзуінің бәсекелестік қағидасының түсінігі мен мазмұны 45
Бәсекелестік қағидасының азаматтық сот ісін жүргізудің басқа қағидаларымен өзара байланысы және қатынасы 62
Дәлелдеу сатысындағы бәсекелестік қағидасының манызы 82
Бәсекелестік-тараптар мен іске қатысушы басқа тұлғалардың дәлелдеу қызметінің негізі 82
Дәлелдеу сатысындағы соттың орны мен бәсекелестігі 101
Өкіл ретінде адвокат қызметінің ерекшеліктері мен бәсекелестігі 110
3.ӘР САТЫДАҒЫ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАҒИДАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ 117
Сот өндірісінің бірінші сатысындағы бәсекелестік қағидасының жүзеге асуы 117
Аппеляциялық сатыда сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 142
Заңдық күшіне енген сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 159
ҚОРЫТЫНДЫ 170
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 176
М. И. Пятилетовтың
мәлімдеуінше, талап қою бойынша
мінезіне байланысты наразылық тағылған
азаматтық істі қозғау, жауапкердің
соттағы іс бойынша ескерту құқығын
қарастырады[13,13 б.]. Бұндай ойлардан талап
арыз (арыз) жауапкерлердің санына байланысты
көшірмелермен сотқа тапсырылады. Бұнымен
жауапкердің қойылған талаппен танысу
құқығы, арызданған талаптарға қарсы өз
мүдделерін қорғау құқығы талапкермен
теңдей қамтамасыз етіледі. Бұл, шақыру қағазымен
бірге судья жауапкерге талап арыздың
көшірмесі мен арызға қоса берілген құжаттардың
көшірмесін жіберетіндігіне және талап
қоюшыға жіберетін шақыру қағазымен бірге
судья жауапкердің жазбаша түсініктемелерінің
көшірмесін және оған қоса, егер олар сотқа
түскен болса, оларға қоса тіркелген құжаттардың
көшірмесін жіберетіндігіне кепіл береді(ҚР
АІЖК 130 б. 2 т.). Соттық хабарлаулар мен
шақырулар хабарландырылған немесе шақырылған
адамның сотқа уақтылы келуі және іске
даярлануы үшін жеткілікті мерзімі болуы
есептеле отырып жолдануға тиіс(ҚР АІЖК
129 б. 3 т.). Шақырылған адамның шақыру қағазынан
немесе өзге де хабарлаудан, шақырудан
бас тартуы істі қарауға немесе жасалған
жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жасауға
кедергі болмайды (ҚР АІЖК 133 б. 2 т.), бұл
өз кезегінде іс жүргізудің бәсекелестік
шарттарын тудырады. Жауапкер талапкер,
оның өкілдері және іске қатысушы өзге
де тұлғалар сияқты, өзінің мекен-жайының
өзгергендігі туралы мәлімдеуге міндетті.
Егер аталған талап орындалмаса, онда
сот оған белгілі мекен-жай бойынша шақыру
жібереді, хат алушы жіберілген мекен-жай
бойынша тұрмаса да шақыру жетті деп саналады(ҚР
АІЖК 134 б.). Мемлекет мүдделеріне орай,
сондай-ақ алименттерді өндіріп алу, асыраушысының
жарақат алуымен немесе денсаулықтың
өзгедей зақымдануымен немесе қайтыс
болуымен келтірілген зиянды өтеу туралы
талап қою бойынша жауапкердің болған
жері белгісіз болған жағдайда сот жауапкерді
ішкі істер органдары немесе қаржы полициясы
арқылы іздестіру жариялауға міндетті.
Соттың жауапкерді іздестіруді жариялауы
істі қарауға кедергі болмайды.Iздестiру
шаралары барысында жауапкердiң жүрген
жерi анықталған кезде оған сотқа шақыру
туралы соттың шақыру қағазы табыс етiледi(ҚР
АІЖК 135 б. 2 т.).
Азаматтық істі қозғағаннан кейін судьялар оны сотта қарауға әзірлейді және ҚР АІЖК-нің 344 бабының 1 тармағына сәйкес сәйкес ұйғарым шығарады және ол шағым шығаруға немесе наразылық білдіруге жатпайды. Осы сатыда талапкер сияқты жауапкер де бәсекелестік қағидасының шарттарын жасау үшін теңдей құқықпен, яғни барлық іс жүргізу құқықтарымен және теңдей іс жүргізу міндеттерін атқару мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.
Істі сотта қарауға әзірлеу іс жүргізу қызметін жүзеге асырудың негізгі мақсаты оны уақытылы және дұрыс шешу болып табылады.
Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін ҚР АІЖК-нің 166 бабының 2 тармағы істі сотта қарауға әзірлеу бойынша келесі міндеттерді қарастырады: 1) істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды айқындау;2) тараптардың құқықтық қатынастарын және басшылыққа алынуға тиісті заңды анықтау;3) іске қатысатын адамдардың құрамы мен процестің басқа да қатысушылары туралы мәселені шешу; 4) әрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді анықтау. Әрбір іс бойынша міндетті, жоғарыда айтылған міндеттерді шешу бәсекелестік қағидасын жүзеге асыру үшін жағымды жағдайлар жасайды.
Жоғарғы соттың судьясы В.Борисовтың дұрыс ескертуінше қолданыстағы прцессуалдық заңнаманың нормалары судьяларды сот отырысы хатшысының қатысуында тараптардан жауап алуға міндеттемейді.
Соған сәйкес, азаматтық
сот өндірісінде диспозитивтік
және бәсекелестік қағидаларын ары
қарай дамыту мақсатында, ол істі
сотта қарауға әзірлеудің процессуалдық
қызметтерін тараптардың
ҚР Жоғарғы Сотының
нормативтік қаулысында даудың мән-жайы
бойынша тараптардан жауап алу
барысында судья ҚР АІЖК-нің 170 бабының
1) және 2) тармақшаларында көрсетілген
қосымша дәлелдемелердің болуын
негіздемелерде немесе шағымдалған
талаптардың теріске
Жауапкерден жауап алу барысында судьялар оған талапкердің арызына жауапкр мойындайтын талаптар және талпкермен арыздан талаптар мойындалмағандығына (толықтай немесе жартылай) байланысты дәлелдерден тұратын жазбаша кері шақыру толтыруды ұсынады [214].
ҚР АІЖК-нің 51 бабының 1 тармағының ережелеріне сәйкес сот істі дайындау үстінде немесе бірінші сатыдағы сотта оны қарау кезінде талап бойынша жауап беруге тиісті емес адамға талап қойылып отырғанын анықтаса, істі тоқтатпай талап қоюшының өтініші бойынша тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыра алады. Тиісті емес жауапкерді ауыстырғаннан кейін істі дайындау және қарау басынан бастап жүргізіледі. Сондықтан В.М. Жуйковпен айтылған істі ары қарай дамыту үшін және сі бойынша шешім шығару үшін үлкен маңызға жауапкердің талап арызындағы жарлықтар ие деген ескерту дұрыс [37, 28 б.].
ҚР АІЖК-нің 51 бабының 2 тармағына сәйкес, егер талап қоюшы тиісті емес жауапкерді басқа тұлғамен ауыстыруға келіспесе, сот істі ұсынылған талап қою бойынша қарайды. Іс жүргізуге екінші жауапкер ретінде тиісті жауапкерді татуға болады, ол екі жағдайда жүзеге асырылады: біріншіден, бұнымен талапкер; екіншіден, бұндай тиісті жауакермен істің ведомтсволық бағыныстылығы және соттылығымен аталған сот келіссе.
ҚР АІЖК-нің 170
бабының 4 тармақшасына сәйкес тараптарға
дауды шешу үшін олардың аралық сотқа
жүгіну не дауды медиация тәртібімен
шешу құқықтарын және мұндай әрекеттің
салдарларын түсіндіреді. Азаматтық
іс жүргізу құқығының ғылымында
аталған іс жүргізу құқығын талап
арызды қабылдағанға дейін жүзеге асыру
бойынша пікірлер бар. З.Х.Баймолдина
мүдделі тұлғаға талап арыз қабылданбай
тұрып осындай түсіндірулер беруді
ұсынады, себебі талапкер азаматтық
істі қозғағаннан кейін сотқа
шағымдануға байланысты белгілі
мөлшерде материалдық шығындар шығарып,
сот шешімін қабылдауға байланысты
психологиялық дайындалып, сот процессін
бітіруге және өз ұстанымын өзгертуге
байланысты ұсыныс білдірері екіталай.
Соған сәйкес, ҚР АІЖК-нің 170 бабының
4 тармақшасындағы (процессуалдық қызметті)
Соттық талқылауға дайындалу тәртібінде оларсыз азаматтық іс шешіле алмайтын дәлелдемелер ұсынылады.
Дәлелдемелердің қайнар көзі
куәгерлер, құжаттар, заттар, іс үшін маңызы
бар ақпарат тасушылар бола алады.
Сондықтан судьялар сот отырысында
куәгерлерді жауап беру үшін шақыру,
тараптардың арызы бойынша
ҚР Жоғарғы Сотының 20.03.2003 жылдан № 3 «Азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын соттардың қолдануы туралы» нормативтік қаулысында судьялардың назары дәлелдемелерге баға беру және тараптарды дәлелдеуден босату туралы мәселені шешу барысында ҚР АІЖК-нің 66 бабының 10 тармағындағы, 78 бабының 3 тармағындағы және 91 бабының 8 тармағындағы нормаларды ескеру керек. Сонымен қатар, ҚР АІЖК-нің 64-70 баптарына сәйкес сот отырысында даудың пәніне тікелей қатысы бар және өз жиынтығында істің мән-жайын анықтауда соттарға есте сақтау керек[217].
Тараптардың өтініші бойынша және өз бастамасы бойынша, сонымен қатар бәсекелестік қағидасының жағдайын жасау үшін сараптама тағайындайды, сондай-ақ іске маманды, аудармашыны қатысуға тарту туралы мәселені шешеді(ҚР АІЖК-нің 170 б. 7 тармақша).
Талапкер талапты қамтамасыз ету туралы арыз беру құқығы істі дайындау сатысында жүзеге асатын құқықтық шараның бірі болып табылады. Бірақ, бұл жағдайда жауапкердің де мүддесі шетте қалмайды. ҚР АІЖК-нің 165 бабына сәйкес сот талап қоюды қамтамасыз етуге жол бере отырып, талап қоюшыдан жауапкер үшін мүмкін болатын залалдарды қамтамасыз етуді талап етуі мүмкін. Жауапкер талап қоюда бас тартылған шешім заңды күшіне енгеннен кейін талап қоюшыға оның өтініші бойынша қабылданған оған талап қоюды қамтамасыз ету шараларымен келтірілген залалдарды өтеу туралы талап қоюға құқылы[214]. Бұндай шешім қабылдағандығы туралы сот жалпы тәртіб бойынша шағым бере алатын немесе наразылық білдіріле алатын ұйғарым шығарады.
Бәсекелестік қағидасының
және азаматтық сот өндірісіндегі
басқа да қағидалардың сақтау мақсатында,
талапкердің қолдаухаты арқылы немесе
дәлелдемелерді талап етуде жауапкерге
көмек көрсету арқылы судья істі
соттық талқылауға дайындау барысында
бір дәлелдемелердің
Істі соттық талқылауға дайындау барысында маңызды болып бәсекелестік қағидасының жүзеге асуының кепілін қамтамасыз ететін процессуалдық мерзімдер табылады. Жалпы ереже бойынша, істі соттық талқылауға дайындау шағымды өндіріске қабылдаған уақыттан бастап 7 күн ішінде жүзеге асырылуы тиіс, ал ерекше жағдайларда аса ауыр істер бойынша ҚР АІЖК-нің 237 бабында көзделген мынадай: 1) алимент алып беру туралы;2) қызметкерге жалақы, бірақ үш айдан аспайтын уақытқа алып беру туралы; 3) жұмысқа қайта орналастыру туралы; 4) мертігуден немесе денсаулықты өзгедей зақымдаудан, сондай-ақ асыраушысынан айрылуынан келген зиянды, бірақ үш айдан аспайтын уақытқа өтеу туралы;5) ереуілді заңсыз деп тану туралы; 6) қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы шешімдер дереу орындалуға тиіс, істерден басқа, бұл мерзім бір айға соттың дәлелді ұйғарымы бойынша ұзартылуы мүмкін(ҚР АІЖК-нің 167 б.).
Азаматтық іс жүргізудің жаңа жағдайларын талдай отырып, З.Х.Баймолдина, ҚР АІЖК-нің 172 бабына сәйкес ҚР АІЖК-нің 242, 243-баптарында, 247-бабының 1) - 5) тармақшаларында және 249-бабының 1) - 5), 8), 9) тармақшаларында көзделген мән-жайлар болған жағдайда оны сотта қарауға әзірлеу кезінде іс бойынша іс жүргізудің тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы не арыздың қараусыз қалдырылуы мүмкін, деп пайымдайды.[24, 30 б.].
Аталған жағдайда, егер істі
соттық талқылауға дайындауды тоқтата
тұру немесе арызды қараусыз қалдыру
орын алса, онда бәсекелестік қағидасын
тоқтата тұратын сияқты, бірақ
шын мәнінде мүдделі тұлғалар
көбірек дәлелдеме жинау
Судья істі дайын болды деп тани отырып, оны сот отырысында қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады, тараптарға және процестің басқа да қатысушыларына істі қараудың орны мен уақыты туралы хабарлайды(ҚР АІЖК-нің 173 б.).
И.М.Пятилетовтың,
азаматтық істерді соттық талқылауға
дайындай барысында тараптардың
бәсекелестігі тікелей көрініс
таппайды деген пікірін дұрыс
деп санаймыз. Істі соттық талқылауға
дайындау үшін тараптардың бәсекеге
дайындалуы емес, азаматтық-құқықтық дауды
мән-жайы бойынша тез және дұрыс
шешу қажеттігі үшін және іске қатысы
бар барлық құжаттарды жинау қажеттігі
маңызды. Дайындалу сатысында
Сот азаматтық сот өндірісіндегі барлық қағидаларды сақтай отырып азаматтық істерді қарайды және шешеді(ҚР АІЖК 2 тарау).
Азаматтық істерді уақытылы және дұрыс қарау мен шешуді жүзеге асыру сонымен қатар қатаң бәсекелестік қағидасын сақтау арқылы да жүзеге асуы мүмкін.
Соттың бірінші сатысында
істерді талқылау тәртібі ҚР АІЖК-нің
17 тарауында заңнамалы
Тәжірибенің көрсетуі бойынша, жоғарыда аталған талаптардың әрқашан сақтала бермейді, ал олардың бұлжытпай сақталуы сот өндірісінің тиімділігін айтарлықтай арттырушы еді. Сондықтан, соттың бірінші сатысындағы әрбір сот отырысында хаттама толтырылады, ҚР АІЖК-нің 257 бабының 3 тармағына келесідей мәтіндегі өзгерістре мен толықтырулар енгізу қажет: «Хаттама компьютерлік, электрондық (дыбыс-, бейнежазбаны қоса алғанда), машинада жазу не қолмен жазу тәсілімен жасалады. Сот отырысын тіркеп жазудың қосымша материалдары сот отырысының хаттамасына тіркеледі және іс материалдарымен бірге сақталады. Протоколдың толықтығын қамтамасыз ету үшін, іске қатысушы тараптардың талабы бойынша сот соттың аудио-, бейнежазба құралдарын және (немесе) стенографиялауды қолдануға құқығы бар немесе міндетті. Аудио-, бейнежазба құралдарын және (немесе) стенограмманың мазмұны сот отырысының қаттамасында көрініс табуы керек. Стенограмма сот отырысының протоколына тіркеледі, ал оның аудио-, бейнежазба құралдары сот шешімінің заңды күшіне енгеніне дейін істе сақталады. Хаттамада осы құралдар пайдаланылғандығы туралы жазылады».
Бірінщіден, бұл бәсекелі процессті өткізу үшін тараптар және іске қатысушы өзге де тұлғалар және олардың өкілдері, өздеріне тиесілі барлық құқықтарын және өз міндеттерін жүзеге асыра алатын қажетті жағдайлар жасайды. Кері жағдайда хаттамада жіберілген нақтылы емес жайттарды және (немесе) оның толық еместігін дәлелдеу мүмкін емес.
Екіншіден, бұл сотқа тараптардың дәлелдеуге мән-жайларға және ұсынылған дәлелдемелерге қатынасын білуге, даудың дәлелдеу заты мен дәлелі неден тұратынын нақты анықтауға, дәлелдеу процессін тиімді басқаруға, айтарлықтай процессуалдық үнемдеуге жетуге мүмкіндік береді.