Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 18:24, дипломная работа
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.Диссертациялық жұмыс сот әділдігінің түсінігі мен құқықтық табиғаты принциптерін анықтауға байланысты жеткіліксіз игерілген(ізденушінің ұстанымы бойынша)мәселелер, сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтық iстер бойынша соттардың сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының түсінігі, мазмұны және жүзеге асырылуының кешенді зерттеулерінен тұрады.
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 3
КІРІСПЕ 5
АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК 15 ҚАҒИДАСЫНЫҢ ТЕОРИЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Сот әділдігінің түсінігі және табиғи құқықтық принципі 15
Бәсекелестік қағидасының қалыптасу тарихы мен дамуы 30
Қазақстан Республикасының заманауи азаматтық сот ісін жүргүзуінің бәсекелестік қағидасының түсінігі мен мазмұны 45
Бәсекелестік қағидасының азаматтық сот ісін жүргізудің басқа қағидаларымен өзара байланысы және қатынасы 62
Дәлелдеу сатысындағы бәсекелестік қағидасының манызы 82
Бәсекелестік-тараптар мен іске қатысушы басқа тұлғалардың дәлелдеу қызметінің негізі 82
Дәлелдеу сатысындағы соттың орны мен бәсекелестігі 101
Өкіл ретінде адвокат қызметінің ерекшеліктері мен бәсекелестігі 110
3.ӘР САТЫДАҒЫ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАҒИДАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ 117
Сот өндірісінің бірінші сатысындағы бәсекелестік қағидасының жүзеге асуы 117
Аппеляциялық сатыда сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 142
Заңдық күшіне енген сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 159
ҚОРЫТЫНДЫ 170
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 176
ҚР- ның «Адвокаттық қызмет туралы» заңына сәйкес адвокаттарға келесідей міндеттер жүктеледі:
1) өзiнiң кәсiптік мiндеттерiн
орындаған кезде Қазақстан
2) өзiнiң кәсiптік қызметiнде адвокатураны
ұйымдастыру мен оның қызметiнiң қағидаттарын
басшылыққа алуға;
3) өзiнiң кәсiптік бiлiктiлiгiн үнемi
арттырып отыруға;
4) заң көмегiн көрсетуге байланысты
өзiне мәлiм болған мәлiметтердi құпия сақтауға
және көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның
келiсiмiнсiз оларды жария етпеуге;
5) адвокаттар алқасына мүше болып
кіргеннен кейін, сондай-ақ коммерциялық
ұйым құрылғаннан кейін бір ай ішінде,
өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ
мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда,
өз меншігіндегі, коммерциялық ұйымдардың
жарғылық капиталындағы үлесті (акциялар
топтамасын) және пайдаланылуы табыс алуға
әкелетін өзге де мүлікті сенімгерлікпен
басқаруға беруге міндетті. Мүлікті сенімгерлікпен
басқару шарты нотариатта куәландыруға
жатады. Адвокат өзіне тиесілі облигацияларды,
ашық және аралық инвестициялық пай қорларының
пайларын сенімгерлікпен басқаруға бермеуге
құқылы. Адвокаттың сенімгерлікпен басқаруға
берілген мүліктен табыс алуға құқығы
бар;
6) сенім білдірушінің құқықтарын,
бостандықтарын және заңды мүдделерін
қамтамасыз етуге бағытталған іс жүзіндегі
мән-жайларды анықтау бойынша заңмен тыйым
салынбаған кез келген іс-әрекетті орындауға
міндетті.
2. Адвокат, егер:
1) заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған
адамның мүддесiне қайшы келетiн iстiң нәтижесінде
жеке мүддесi болса;
2) Қазақстан Республикасының
процессуалдық заңнамасында көзделген
негіздер болса, заң көмегiн көрсету туралы
тапсырмадан бас тартуға мiндеттi.
3. Адвокаттың іс бойынша көмек
сұрап өтiнiш жасаған адамның жағдайын
нашарлататын құқықтық ұстанымда болуына,
өз өкiлеттiгiн өзі мүдделерiн қорғайтын
немесе бiлдiретiн адамға нұқсан келтiріп
пайдалануына тыйым салынады.
4. Адвокаттың қылмыстық iс бойынша
қабылданған тапсырмадан бас тартуға
құқығы жоқ және қорғалатын адамның немесе
адвокаттың өзiнiң көзқарасы бойынша сот
төрелігіне сай емес үкiм шығарылған жағдайда,
оған белгiленген тәртiппен шағым жасауға мiндеттi.
5. Адвокаттың коммерциялық ұйымның
байқау кеңесiнiң құрамына кіру, сондай-ақ
оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық
қызметпен айналысу жағдайларын қоспағанда,
мемлекеттiк қызметте болуына және кәсіпкерлік
қызметпен айналысуына, өзге де ақылы
лауазымда болуына тыйым салынады.
Адвокат адвокаттар алқасында,
Республикалық адвокаттар алқасында және
адвокаттардың халықаралық қоғамдық бірлестіктерінде
ақы төленетін сайланбалы немесе тағайындалатын
лауазымға сайлануға құқылы.
2007 жылға дейін азаматтық істер бойынша соттағы өкілеттіктердің еңбекақысының көлемін анықтау біраз «түсініспеушілік» тудырды. ҚР АІЖК-нің 111 бабында көзделгендей пайдасына шешім шығарылған тарапқа сот процеске қатысушы өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі өзіне екінші тарап келтірген шығындарды іс жүзінде өзі шеккен шығындар мөлшерінде басқа тараптан алып береді. Ақшалай талап бойынша бұл шығындар қойылған талаптың қанағаттандырылған бөлігінің 10 %-нен аспауға тиіс.
Осыған сәйкес бұл талаптар тек материалдық арызға ғана таралады деген қорытындыға келдік. Ал материалдық емес арыздар ше? Бұл заңнамада аз ғана кемшілік болды, ал бұл өз кезегінде материалдық емес арыздарға сотта өкілеттік еткені үшін өкілге тым жоғарғы жалақы талап етуге мүмкіндік береді. ҚР АІЖК-де осы жағдайға байланысты өкілге төлем төлеу туралы ешқандай шектеу жоқ. Тек 2006 жылғы 25 желтоқсандағы ҚР Жоғарғы Сотының «Азаматтық істер бойынша соттық шығындар туралы заңнаманы Қазақстан Республикасының соттарының қолдануы туралы» нормативтік қаулысында осы мәселе реттелген болатын. Аталаған нормативтік қаулымен сотқа өкілеттіктің шығындарының мөлшерін реттеу құқығы берілді, атап айтқанда азайту, сонымен қатар егер ұсынылған өкілдіктің шығындары тым жоғары болса. Жалпы, азаматтық іс жүргізудегі соттағы өкілдіктің рөлі мен мағынасы айтарлықтай жоғары екені сөзсіз. Адвокат – тұлғаның соттық қорғалуына және кәсіби заңи көмек алудағы конституциялық құқықтарын жүзеге асыратын азаматтық сот өндірісіндегі субъект өкіл болып табылатынын асыра сілтеушіліксіз айтуға болады. Ал бұл адам үшін де, азамат үшін де, мемлекет пен қоғам үшін де маңызды.
3 СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ
ЖЕКЕ САТЫЛАРЫНДАҒЫ
3.1
Сот өндірісінің бірінші
Осы бөлімде азаматтық іс жүргізудің жеке сатыларындағы бәсекелестік қағидасының жағдайын жасауға бағытталған ҚР АІЖК-нің нормалары зерттелген.
Кез-келген сот өндірісі сияқты азаматтық іс жүргізу де жеке қызметтерді емес, әрқашан белгілі тәртіпте жүзеге асатын жүйені құрайды.
Бұндай тәртіп, «азаматтық іс жүргізу саты деп аталатын логикалық құрылымдық бөлімдерден құралған жиынтықтан тұрады» дегенді білдіреді [22, 60 б.]. Іс жүргізу ғылымында саты түсінігінің өзі нақты анықтамаға ие емес, ғалымдар бұл іс жүргізу категориясын әртүрлі анықтайды. Кейбір авторлардың пікірінше сатылар белгілі бір мақсаттар мен міндеттерге ие, бірін-бірі алмастыратын дербес кезеңдер болып табылады [208, 43 б.]. Басқа ғалымдардың пікірінше – іс жүргізудің сапалы оқшауланған бөлігі немесе дербес міндеттерді шешуге бағытталған жүзеге асатын іс жүргізу қызметінің дәйекті жүйесі[209, 51 б. ; 210, 19 б.]. Бірақ, көптеген авторлар саты түсінігін ортақ мақсатты көздейтін іс жүргізу қызметінің жиынтығы деген көзқарасты ұстанады[14, 15 б.; 35, 14−15 б.; 70, 13 б.]. Олар азаматтық істерді қарау мен шешу өндірісін 7 дербес бөлімге бөліп қарастырады: 1- істі қозғау; 2- істі сот талқылауына дайындау; 3- істі мән-жайы соттық талқылау; 4- кассациялық тәртіпте шешімнің негізділігі мен заңдылығын тексеру; 5- сот қадағалауы тәртібінде заңдық күшіне енген сот шешімдері мен анықтамаларды қайта қарау; 6 – жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта қарау; 7 –сот қаулыларын орындау.
Басқа ғалымдардың тобы азаматтық
іс жүргізуді сатыға бөлуді және саты
түсінін анықтауда басқа
Сондықтан, осы көзқарасты ұстана отырып және қолданыстағы ҚР АІЖК-нің нормаларын ескере отырып, азаматтық іс жүргізуді келесідей сатыларға бөлу дұрыс деп есептелді:
Азаматтық
іс жүргізуді оның кез-келген
сатысында тоқтатуға болады. Бірақ,
соттың бірінші сатысындағы
Қазақстан Республикасының қолданыстағы
азаматтық іс жүргізу заңнамасына
сәйкес бәсекелестік қағидасының өндіріс
сатыларының бірінші сот
Көптеген авторлардың
Бәсекелестік қағидасының
Талап арыз өндірісі істерін соттық талқылау және істі қозғау және дайындау тәртібін реттейтін азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары өз қызметін істе ерекше талап және талап өндірісінде де жүзеге асырады, егер заңмен белгілі бір алулар көзделмесе. Сондықтан біз сот өндірісінің бірінші сатысында талап арыз өндірісі бойынша істерді қарастырамыз.
Соттың бірінші сатысында
Процессуалист-ғалымдар М.А. Викут және И.М.Зайцевтің пайымдауынша, «сот өндірісі талабын қозғау – екі іс жүргізу қызметінің нәтижесі: мүдделі тұлғаның жүгінуі және шағымданған арызды соттың қабылдауы» [31, 217 б.]. Азаматтық іс жүргізуде субъективтік құқықтар мен заңды мүдделерді қорғаудың процессуалдық әдісінің бірі болып талап арыз танылады. ҚР АІЖК-нің 24,5 б. сәйкес сот азаматтық істі қарауға өзінің немесе өзге тұлғалардың заңды мүдделерін, бостандықтарын және құқықтарын қорғау үшін шағымданған тұлғаның арызы бойынша кіріседі.а
ҚР АІЖК-нің 150 б. талап арыздың құрамы мен нысаны анықталған, қажет деректер белгіленген. Тура солай азаматтық істерді қозғау кезінде тікелей судья және шағымданған(талапкер, арызданушы) тұлға қатысады. Біз В.М.Жуйковтың бәсекелестік және диспозитивтілік қағидаларына негізделген азаматтық іс жүргізуде маңызды болып талап арыз танылады, соған сәйкес іс қозғалады. Ол: біріншіден, соттық өндіріске шағымды қабылдау туралы соттың қызметін, ал сотты – істің маңыздылығы бойынша (іс үшін маңызы бар жағдайлардың анықтылығы туралы, істің бір мекемеге жатуы мен соттылығы, дәлелдемелерді зерттеу және тағы басқа үшін іске қатысушы басқа тұлғаларды процесске қатыстыру) анықтайды; екіншіден, талапкер сияқты соттық қорғау құқығына ие жауапкердің ұстанымы, ал бұл құқықты жүзеге асыру үшін оған қандай қандай талаптар қойылған және қандай дәлелдемелермен расталғандығы туралы анық білу керек [37, с.25].
ҚР АІЖК-нің 150 б. сәйкес талапкерлер өз арыздарында тек қана талаптарын ғана көрсетпей, сонымен қатар құқық бұзушылықтың мәнін немесе олардың құқықтарының, бостандықтарының немесе заңды мүдделерінің бұзылуын, талаптары негізделген мән-жайларды, сонымен қатар осы жағдайлар мен талаптарды дәлелдейтін дәлелдемелерді көрсетуі тиіс. Ескі заңнама бойынша арыздың мазмұнында бұндай жағдайлап мен талаптар болмаған, себебі ол жағдайда, талап арыздың мазмұнында көрсетілгеніне қарамастан, сот өз дербес бастамасы бойынша дәлелдемелерді жинауға, азаматтық іс жүргізуге іске қатысушы өзге тұлғаларды қатыстыруға, талапкерге талаптың негізін өзгертуді ұсынуға, сараптаға тағайындауға және т.б. міндетті болған. Қазір жаңа заңнаманың енгізілуіне байланысты ереже өзгерді. Енді тараптар дербес процессуалдық құқықтарымен теңдей қолдана алады және теңдей процессуалдық міндеттер жүктеледі, дәл солай дәлелдемелерді ұсынғанда да және өздерінің талаптары мен қарсылықтары негізделгенде де теңдей құқықтарға ие болады.
Кімге, қандай және қандай негіздерге сүйене отырып талап арыз ұсынылатынын талапкердің өзі анықтайды, ал қарсы тарап ретінде жауапкер – талап арызды толық немесе жартылай тану, талапқа қарсылық білдіру немесе қарсы талап қою құқығына ие.
Осылай, талап арызда: талапкер мен жауапкер туралы мәліметтер, яғни талап қоюшының атауы, оның туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер немесе, егер талап қоюшы ұйым болса, оның тұрған жері, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi мен банктік реквизиттері, сондай-ақ, егер арызды оның өкілі берсе, өкілдің атауы мен мекен-жайы, бұдан басқа, егер олар бар болса, талапкер мен өкілдің ұялы байланыстың абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мәліметтер; жауапкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылы, айы, күні, оның тұрғылықты немесе болатын жері, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және электрондық мекенжайы (егер олар бар болса), сондай-ақ қосымша сәйкестендіру нөмірі, электрондық мекенжайы, егер бұл деректер талапкерге белгілі болса; талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні; талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, және бұл мән-жайларды растайын дәлелдемелер;егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы; арызға қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
Талап қойған прокурор, бітімгершілік келісім және дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасау құқығынан басқа, талап қоюшының барлық іс жүргізу құқықтарын пайдаланады, сондай-ақ барлық іс жүргізу міндеттерін мойнына алады. Прокурордың басқа тұлғаның мүдделерін қорғау үшін талап қоюдан бас тартуы ол тұлғаны істің мәнісі бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды. (ҚР АІЖК-нің 55б. 5 т).
ҚР АІЖК-нің 55 б. 3 т. және 8б. 2 т. сәйкес прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қойып (арыз беріп) сотқа жүгінуге құқылы және әлеуметтік саладағы шектелмеген адамдар тобының еңбек, тұрғын үй және өзге де құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы, сондай-ақ әрекетке қабілетсіз азаматтың мүдделерін қорғау үшін прокурор мүдделі адамның өтінішіне және арызына қарамастан талап қоюы мүмкін.
Азаматтардың
мүдделерін қорғау үшін прокурор ҚР АІЖК-нің
55 б. 3 т. талапратына сәйкес талап
қоюға құқылы. Біріншіден, егер тұлға
себепті сылтаумен өзі сотқа
шағымдана алмаса тек мүдделі
тұлғаның өтініші бойынша және оның
келісуі талапқа тіркелген құжатта
көрсетілуі тиіс. Сонымен бірге
азаматтардың өзі талап қою мүмкіндігі
жоқтығы туралы себепті дәлел болу
керек. Екіншіден, әрекет қабілеттігі
жоқ азаматтың мүдделерін қорғау үшін
прокурор мүдделі тұлғаның өтінішінсіз
талап қоя алады.
Мемлекеттік немесе қоғамдық мүддені
қорғау мақсатында прокурордың қойған
талабының мазмұны келесідей нысанда
болу керек: 1) мемлекеттік немесе қоғамдық
мүдде неге негізделген; 2) қандай құқық
бұзылған, сонымен қатар заңға немесе
нормативтік құқықтық актіге сілтеме
жасау.