Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2012 в 06:49, дипломная работа

Краткое описание

Алдымызда Қазақстан ғасыры. Еліміз егемендігін алып, дүниежүзілік өркениетке ұмтылу барысында, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру халықтың жарқын болашағын меңзейді. Ұрпақты дана да, тәрбиелі етіп тірбиелеу үшін – оның тұлғалық ерекшелігін қалыптастыру қажет.
Дүниедегі ең бағалы асыл байлық – адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл әрекеттің негізі, ол – шені және мақсаты, жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындылардың құдіретті иесі.

Содержание

Кіріспе .............................................................................. .................................3-6

І- БӨЛІМ. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы.
1.1. Жеткіншектердің сана-сезімі мен оны тәрбиелеудегі девиантты мінез-құлқты зерттеудің маңыздылығы................................................................. 7-11
1.2. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының түрлері мен сипаттамасы ..................................................................................................... 12-36

ІІ – БӨЛІМ. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының
ерекшеліктері
2.1. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқына әсер етуші факторлар ...............................................................................................................................37-44
2.2. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының пайда болуындағы жанұяның ролі .................................................................................................. 45-48
2.3. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқындағы тұлғалық ерекшеліктері ....................................................................................................49-51
ІІІ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
3.1. Зерттеудің мақсаты, міндеттері, болжамы........................................52-67
3.2. Зерттеу жұмысының әдістеріне сипаттама......................................
3.3. Эксперименттік зерттеу барысы.........................................................
Нәтижелер мен ұсыныстар ....................................................
Қорытынды ............................................................................ 68-69
Әдебиеттер тізімі ...................................................................... 70-73
Қосымшалар ..............................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жеткіншектердің сана сезімі.doc

— 684.50 Кб (Скачать документ)

  Қауіп факторларын 3 көбірек маңызды және негізгі топтарға бөлуге болады:

  • әлеуметтік факторлар: психобелсенді затқа немесе препаратқа қол жеткізушілік; оған қатысты «мода»; құрбыларының әсер етуші (ең маңызды фактор);
  • психологиялық факторлар: адамның тұғалық мінезі; пайда болатын түйсінулермен сезімдердің маңыздылығы мен жағымдылығы;
  • биологиялық факторлар: бастапқы толеранттылық, қолданылатын заттың (препараттың) табиғаты мен жолдары;

Эпидемиология тұрғысынан бұл топтардың ең қауіптісі - әлеуметтік фактор. Яғни, аддитивті мінез-құлық маңызды этаптарының бірі болып, топтық психикалық тәуелділік этабы саналады. Мұнда есірткіні қолдануға деген қажеттілік бірден пайда болады (белгілі бір топтың мүшелері жиналған кезде). Барлығына бір шприцтің болуы, ортақ ыдыс-аяқ, досымен есірткі дозасын бөлісу, есірткіні тазалаумен оның сапасы тексеру үшін оған өз қанын қосу және т.б. Осы жағдайда ортақ шприцті қолданудан бас тарту өз денсаулығын қорғау элементі емес, құрбыларын сатып кету деп қабылданады.

Құрбыларымен топтасу  профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруда  да маңызды екенін мына сандардан  байқауға болады: 45,4% оқушылар есірткі  туралы ересек балалық тобында білсе, 34,6%-ті өз құрбыларынан естіген. Бұл  көрсеткіштер оқушылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде анықталған.

2.2. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының пайда болуындағы    жанұяның ролі.

 

 Девиантты мінез-құлықтың жасөспірімдер арасында пайда болуының ең басты әрі маңызды  себептері отбасы тәрбиесі. Әрине әрбір ата-ана өз перзенттеріне жамандық тілемейді. Баласына өмірлік өнегелі тәрбие бергісі келеді, бердім деп те ойлайды, дей тұрғанмен қоғамдағы жат қылықты адамдардың көпшілігінің басты қиындықтарының шығуының бастауы отбасы тәрбиесінде екені даусыз. Балалық шақтан жасөспірімдік кезеңге қадам басқан жастың мінезіндегі ауытқушылық тәрбиенің нашарлығынан. Егер де жанұяны кішкентай бір мемлекетке теңер болсақ, кез келген мемлекеттің өзіндік құрылымы, салт-дәстүрі мен заңдары, мерекелері мен қаржылық  жағдайы мен табыс көздері болатыны сияқты әр отбасының да өзіндік тәрбиелік ерекшелігі мен жазылмаған бірақ та қатаң сақталатын заңдылықтары болады.

Бала тәрбиесіне үлкен  жауапкершілікпен қарайтын жанұялар бар. Олар балаларының жасөспірімдік  кезеңге аяқ басқанына, оның енді нәресте емес өзін үлкен кісілерше ұстайтын, сөйлейтін, басқаша киінгісі келетініне түсіністікпен қарайды, санасады. Өздерінің орасан қамқорлықтарымен мезі қылудан абай болып, баласының басындағы келеңсіздіктерді бірігіп шешуге дайын екендіктерін, көмектерін аямайтындықтарын білдіреді. Мұндай қамқорлықты, түсіністікті сезініп өскен жасөспірім рухани бай әрі жан-жақты жақсы дамиды.

Ал әлеуметтенуде терең  кемшіліктері бар отбасылар ерікті, еріксіз балаларының ерте бастан спирттік ішімдіктер ішіп, зиянды заттармен әуестеніп, бойларында жат қылықтар белең алуына себепкер болады. Сондықтан қылмысты іспен айналысушылар (криминологи) жағдайсыз отбасыларды әртүрлі типтерге бөледі.

1. Жағдайы жақсы отбасы  бірақ дұрыс тәрбиелей алмайды.

2. Жартылай, яғни жанұя мүшесі толық емес отбасы.

3. Жайсыз отбасы.

4. Имандылықтан ада  отбасы. (Аморальная семья)

5. Қылмыстық отбасы  немесе қылмыскер мүшесі бар  жанұя.(Кримоногенная семья)

Таратып айтар болсақ төмендегідей тұжырымдама жасаймыз.

   Отбасына қарасақ  барлығы жеткілікті, тұрмыстық жағдайы жақсы бірақ ата-ана  баланы әкімшілік әдіспен тәрбиелейді, яғни өктем тек қана бұйырып жұмсап, өз айтқандарын  бұлжытпай орындатып, көбіне ұрып –соғу, айқай шығып жатады. Мұндай отбасында жасөспірім өзін жалғыз сезінеді. Нәресте күндегідей өз-өзіне сенімсіз әрі бақытсыз. Үнемі ұнжырғасы түсіп, тас-түйін қалыпта жүреді. Өсе келе тұлғалық даму кезінде мұндай жандардың басқалармен қарым-қатынасы кезінде, әкімшілік әдіс бой көрсетеді. Кейде керісінше бұл кісінің мінезінен төменшіктеп, кез-келген нәрседен қорқып, өз-өзіне деген сенімсіздігін жоғалтып жүйкесі тозып жүргенін байқаймыз.

Толық емес, бір ғана асыраушысы бар жанұяда өсе келе жасөспірім өзін жағдайсыз сезіне бастайды. Оған жартылай жетімдік әлеуметтену барысында  көптеген  қиындықтар туғызады. Тұлғалық даму барысында әкесінің не шешесінің болмауы оған кері әсер етеді. Жасөспірім өзінен-өзі ылғи да төменшіктеп, тастап кеткен әкесіне немесе шешесіне деген кейде жаулық сезімде, қарсы көзқараста болады. Егер де жасөспірім әкесіз болса онда жалғызілікті шешенің тәрбиесіне бағынбай, өздігінше жүріп-тұрып, ерте есеюге ұмтылады. Ересек болып көрінуге тырысу, жайсыз ересектер тобына қосылу, оларға еліктеп оңай олжа, табыс табу, психоактивті заттарды қолдануына және қылмысқа әкеліп соқтырады.

Әке-шешесінің ажырасуы балаларға қатты әсер етеді, жандарын жаралайды. Әсіресе жасөспірім шақтағы  бала ажырасудың салдарынан көп қиналады. Бірақ кейде ерлі-зайыптылардың  ажырасуы өздеріне де балаға да оң әсерін тигізеді. Қалай болғанда да балаға маскүнем, нашақор, жеңіл жүрісті немесе тым қатыгез ата-ананың барынан жоғы қолайлырақ. Сондықтан ажырасу арқылы тиышсыз әрі берер тәрбиесі аз ата-ананың бірінен алыстағанда, балаға да, әкесіне не шешесіне де, тыныш өмір сүру, жақсы тәрбие алу мүмкіндігі туындап жатады.

      Асыранды  балаларға келер болсақ: Олар  үнемі өгей ата-анасының өзіне  деген қамқорлығына күмәнденіп, іштей ширығып жүреді, өзіне деген  мейірімділік пен махаббатты  жай аяушылық деп түсінуі де  жиі болады. Сонымен бірге қатарластарының  өзі туралы не ойлайтыны, туған ата-анасының жоқтығына қалай қарайтындығы, өзіне деген жақсы көзқарастың шынайылығы туралы ойларға ылғи да шырмалып жүреді. Асыраушылары, қатарларымен қарым-қатынаста түсінбестік туындап, соңында мінез-құлқында елеулі өзгерістер болып жатады. Олар жаңа мектепке, сыныптастарына, жаңа ортаға тез үйренісіп

кете алмайды. Оған жаңа ережелер, талаптар ұнамауы мүмкін. Жасөспірім шақтағы асыранды балалар  көбіне девиантты мінез-құлықтың иелеріне айналады.

    Жайсыз отбасылар;  Мұндай жанұялардың көбіне тұрмыстық жағдайы төмен болып келеді, жайсыз отбасылар күнделікті ұрыс-керіссіз, төбелессіз ішкен астары боына сіңбейтін, айқайсыз істері бітпейтіндігімен мінезделеді. Ерлі-зайыптылар бірін-бірі түсінбейді немесе түсінісуге тырыспау, түсінгісі келмейтіндігі көңіл қынжылтады. Мінездері жараспай бірнеше уақыт заң жүзінде ажыраспаса да екі бөлек тұруы жанұядағы баланың көңілін түсіреді. Ата-енелерінің, жора жолдастарының араласуымен қайта қосылуы, күн өтпей қайтадан ұрыс шығуы олардың бала тәрбиесіне көңіл бөлетін уақыттарын жоғалтуға әкеледі. Күнделікті ұрыс-керіс жасөспірімді қатты қажытады, сондықтан да ол  үнемі ұрыс басталғанда сыртқа қашады, үйге оралғысы келмейді, уақтының барлығын көшеде өткізеді.  Жасөспірімдерге көңіл бөлінбейді, жақсы, жылы қарым-қатынаста  болмайды, Жеткіншек өзін жанұяда артық керексіз заттай сезінеді. Ызақор, кекшіл, кейде жалтақ, жаман істерге белсенді болып өседі. Жанұяда сезінбеген жылылықты, сенімділікті, қамқорлықты жасөспірім сырттан іздейді. Міне жайсыз отбасындағы ата-аналар кәмелет жасқа толмаған балаларының жаман жолға түсуіне өздері осылай жағдай жасайды.

Кейбір жанұяларда тұрмыстық  жағдайы жақсы болғанмен, тәрбие тізгінін қолдан шығарып алады. Балаларын  еш нәрседен таршылық көрмесін деген  ата-ананың тарапынан балаға барлық нәрсеге рұқсат етіледі. Бала қалағанын, көңіл соққан нәрсесін жасайды. Ол өте өзімшіл, ешкіммен санаспайды. Ол әлдеқашан әке-шешесінің мойынына мініп мініп алған, оларды қалай басқаруды біледі. Өзімшілдік пен керісіп қала беретін көкіректік осындай отбасында өскен жасөспірімнің  мінезіндегі қаталдықтың басымдылығын айқындайды.

Бір отбасында балаға деген қамқорлық шектен шығып  жатады. Жасөспірімді нәресте күндегідей тым өбектеп, сылып-сипайды. Жанына ешкімді жолатпай, қатарластарынан, мұғалімдерден, көршілерінен де қызғыштай қорғап, оны жападан –жалғыз қалдырады. Ол бала күніндегідей өзіне-өзі сенімсіз, ешкімге жартымды жауап қайтара алмайды, өзі бас болып ешкіммен жылы қарым-қатынас орната алмайды. Жасөспірім өте пассивті, сылбыр, артық қозғалысқа жоқ, спорттық ойындарды үйренуге қабілеті аз, көбіне үйде, клубта компьютерлік ойындар ойнауды ұнатады. Сол ойындарға кейде шектен тыс құмартып, компьютерлік тәуелділікке ұшырайды. Автоматты ойындар ойнауға деген құмарлыққа салынған балалар барлық нәрсені ұмытып, соңы қылмысқа, ұрлыққа ұрындырып жатады.

           Имандылықтан ада отбасы.(аморальная  семья).

Имандылық атаулыдан  жұрдай, спирттік ішімдіктер мен есірткі  заттарды қолданатын нашақор, жеңіл  жүріске салынған зинақор ата-ананың тәрбиесіндегі болашағын болжау тым ауыр әрі аянышты. Есірткі заттарды қолдану отбасының берекесін жоғалтып, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын қатты төмендетіп жібереді. Іс жүзінде балалар тастанды балаға айналады. Олардың бойын ата-анаға деген жеккөрушілік сезім билейді. Оның мінезінде ызақорлық, кекшілдік, ашушаңдық қасиеттер белең ала бастайды. Күнделікті айқай-шулы сүреңсіз тіршілік кешіп жүрген жасөспірім де ерікті-еріксіз жаман қылықтарға бой алдыра бастайды. Айқай-шуға, төбелеске ұрып соғуға жас өскіннің де еті үйренеді. Өз тарапынан ол да өзі қатарлас немесе ересек нашақорлар немесе ішкіштер тобына қосылуы ғажап емес. Егер ол бір рет болса да өздерінің ұстамдылықтарын жоғалтқан ата-ананың қолынан қолдануға тиым салынған заттың дәмін татқан болса, онда ол сол қылығымен қоғамдық нормативтік шектеуден шыққан болып саналады. Аталмыш отбасында өмір сүріп, тәрбиеленіп өскен жасөспірімге зиянды заттар мен жаман әдеттерден бойын аулақ ұстау, салауатты өмір салтын ұстанатын азамат шығуы кем-де кем. Мыңнан бір ғана шығатын кейбір бақытты сәттіліктерде ғана осындай жайсыз, бұзылған жанұядағы балалар бойында керісінше, жат қылықтарға белсенді түрде қарсыласу күші болады. Ата-анасына ұқсамауға тырысу, олардың қылықтарына бүкіл жан-тәнімен қарсылық көрсетуі, оларды сұрықсыз өмір тырнағынан  сытылып шығуға көмектеседі. Салауатты, қоғамға пайдалы азамат болып шығу, өздігінше мәнді өмір сүріп, өз жолын табу үшін мұндай жасөспірімдерге орасан қуатты күш-жігер қажет.

Бірақ өкінішке орай «  не ексең, соны орарсың» деген сөз  нақ осы жат қылықты, адами қасиеттерден айырылған ата-ана отбасындағы балаларға  туралап айтылғандай.

Өйткені мұндай жанұялар балаларды тек рухани жағынан  ғана емес олардың тәнінін де жаралап, ойлау қабілетінің дамуында да кемтарлыққа  ұшыратып жатады. Тұлғалық даму барысында оларға еш жағдай жасалмағандықтан өз қатарларынан барлық жағынан көш кейін қалып қояды. Ауыра қалса дер кезінде немесе ешқандай да дәрігерлік көмек көрсетпейді, ұрады, үйден қуады. Бала көшеде өмір кешуге мәжбүр болады. Әрине, мұндай жағдайда жасөспірім білім алуға ұмтылмайды, сабаққа дайындықсыз барады, мектепте мұғалімдер тарапынан сын ескертулер алып, сыныптастары тарапынан шеттетілуге ұшырайды. Мұндай балалардың мінез-құлқында психикалық ауытқушылықтар жиі кездеседі. Барлық айтылған себептер салдарынан аталмыш жанұяда өскен жасөспірім аддиктивті мінезді адамға айналады.

             Қылмыскер отбасы немесе қылмыскер  мүшесі бар жанұя.Қылмысты істерді  зерттеу барысында мамандар әрбір  төртінші сотталушының қылмыстық  отбасында тәрбиеленгенін анықтады. Бұл көбіне жасөспірімдердің қылмыскер ағасы не әкесінің тәрбиесінде болғандығынан. Өйткені көп жағдайда сотталып келген немесе бостандықта қашып жүрген адамның қоғамға, баршамызға бірдей ортақ заңға, үкіметке және үкімет басшылығына деген көзқарасы теріс болып шығады. Олардың тәрбиесіндегі жасөспірім тәрбиелеушісінің қылықтарына, зиянды әдеттеріне, қоғамға деген теріс көзқарастарына, еріксіз еліктей бастайды. Олардан оңай табыс табу жолдарын, ұрлық, тонау, алдап соғу, құмар ойындар ойнауды үйренеді. Олар үнемі уақыттарын көшеде өткізеді. Осының салдарынан жасөспірімнің оқу үлгірімі төмендейді. «Сыныпты артқа тартады»,-деп мұндай балаларды сыныптастары сынға алады, көбіне білімсіздігін мазақ етеді. Мұндай қарым-қатынасқа жасөспірім ашу шақырып ызаланып, қорланып құрбыларын ұрып- соғып, мұғалімдермен керісіп жатады. Орталарынан шеттетілген бала енді сенімділікті, сыйластықты сырттан, көшеден іздеп, өзі сияқты балаларға, өзінен үлкен балалар тобына қосылады, ішімдіктер, есірткілер қолданып, топтық жыныстық қатынасқа түседі, аддиктивті қылмыстық топқа айналады.     

 

2.3. Жасөспірімдердің девиантты мінез – құлқындағы тұлғалық       ерекшеліктері

 

Девианттылықтын әсерінен жасөспірім тұлғасының өзгеру сұрағына психологтардың, әлеуметтанушылардың, педагогтардың көп жұмыстары арналған.

Ересектерге қарағанда  кәмелеттік жасқа толмағандардың тәуелділігі 2 - 4 есе жылдам қалыптасады. Абстинентті  синдромның қалыптасуы бірнеше айда өтеді,  басында да психикалық бұзылыстар пайда болады – тітіркенгіш, ашушаң, қызба, депрессивті, жабырқаңқы, түнеріңкі, мазасыз, шатасқан түстер мен галлюцинациялар көреді, дірілдетпе ұстамалы ауруна бейім. Жасөспірім жиі шошып оянады, шаршағыш, мазасыздықтын не қорқыныштын сезімін себептен себепсіз сезінеді. Жасөспірім ұйықтай алмайды, онда көру галлюцинациялары пайда болады. Кәмелеттік жасқа толмағандар әртүлі ұсақ жануарларды «көреді» - өрмекшілерді, жыландарды, егеуқұйрықтарды немесе жануарлардың, шайтандардың, бірін – бірі ауыстыратын ерекше фантастикалық фигуралары. Көру галлюцинациялары шындық ретінде қабылданады, қашумен құтылу мүмкіндігі жасөспірім үшін де, қасындағылары үшін де қайғылы аяқталу мүмкін.

Ересектерге қарағанда  жасөспірімдерде психикалық деградация жылдам басталады. Олар надан бола бастайды, жас ерекшелігінен интеллектуалды дамуы артта қалады, олар зейінді концентрациялай және жаңа материалды игере алмайды, ес бұзылыстары тез прогрессиялайды. Жасөспірімдер апатиялы, бәріне немқұрайлы болады. Олар құрдастарынан жалпы физикалық дамуынан, бойынан артта қалады, арып кетеді, терісі сұрғылт – бозарған түстес болады, қартаюдың ерте белгілері пайда болады, кейбірлері кішкентай қаусаған шалдардай көрінеді. Жасөспірімдерде химиялық тәуелділіктін болжамы кез – келген кезеңде тұтастай жағымсыз. Олар емдеуге қиын беріледі, көбісі емделгісі де келмейді. Нашақорлық емханада үнемі емдеу режимін бұзады, мүмкіндігі туғанда ішеді немесе нашақорлық әсер ететін затты қабылдайды.

Кәмелеттік жасқа толмағандар  сабаққа қатысуын қояды, ата –  аналары мен мұғалімдерге сөз  қайтарады, әлсіздеріне тиіседі, спирттік ішімдік не есірткінге ақша табу үшін барлық мүмкіндікті қолданады. Заңды түрде ақша таба алмағандықтан, жасөспірімдер ерте ме, кеш пе қылмыстық әрекетке бел буады. Бұдан төбелес, жанжал, зорлау, ұрлық, қастандық жасау шығады.

Тұлғаның деградациясы аддиктивті мінез – құлықтағы жасөспірімде жиі байқалады. Тұлғаның адамгершілік қартаюы, қарапайымдылық, отбасылық пен қоғамдық байланыстары жоғала бастайды, бұрынғы қызығушылықтарының азаюы, кейін мүлдем жоғалуы, ес пен интеллектідегі өзгерістерге қарағанда қасындағыларын сыни көзбен бағалау қасиетінен тез арылады.

Информация о работе Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы