Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2012 в 06:49, дипломная работа

Краткое описание

Алдымызда Қазақстан ғасыры. Еліміз егемендігін алып, дүниежүзілік өркениетке ұмтылу барысында, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру халықтың жарқын болашағын меңзейді. Ұрпақты дана да, тәрбиелі етіп тірбиелеу үшін – оның тұлғалық ерекшелігін қалыптастыру қажет.
Дүниедегі ең бағалы асыл байлық – адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл әрекеттің негізі, ол – шені және мақсаты, жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындылардың құдіретті иесі.

Содержание

Кіріспе .............................................................................. .................................3-6

І- БӨЛІМ. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы.
1.1. Жеткіншектердің сана-сезімі мен оны тәрбиелеудегі девиантты мінез-құлқты зерттеудің маңыздылығы................................................................. 7-11
1.2. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының түрлері мен сипаттамасы ..................................................................................................... 12-36

ІІ – БӨЛІМ. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының
ерекшеліктері
2.1. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқына әсер етуші факторлар ...............................................................................................................................37-44
2.2. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының пайда болуындағы жанұяның ролі .................................................................................................. 45-48
2.3. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқындағы тұлғалық ерекшеліктері ....................................................................................................49-51
ІІІ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
3.1. Зерттеудің мақсаты, міндеттері, болжамы........................................52-67
3.2. Зерттеу жұмысының әдістеріне сипаттама......................................
3.3. Эксперименттік зерттеу барысы.........................................................
Нәтижелер мен ұсыныстар ....................................................
Қорытынды ............................................................................ 68-69
Әдебиеттер тізімі ...................................................................... 70-73
Қосымшалар ..............................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жеткіншектердің сана сезімі.doc

— 684.50 Кб (Скачать документ)

Жасөспірімдік шақта спирттік ішімдікті   қабылдаудың өзі патология. Ересек адам үшін жоғары емес дозаларды қабылдау жасөспірім үшін аса көп болып, алкоголді улануға әкеледі. Кәмелеттік жасқа толмағандар алғашқы кезеңдерден бастап, спирттік ішімдіктерді зиянды пайдалана бастайды: оларда көбінде жүрек айнумен және естен танумен ұштасатын ауыр алкоголді улану өтеді.

Топтың басқа мүшелерінің әжуәларына түспеу уайымымен жасөспірімдер  өздерін  спирттік ішімдіктерді қабылдаумен  «жаттықтыра» бастайды. Олар жүректері  айнығанда көрмейтін жерге қашып, лоқсу басылғаннан кейін құрбыларына қайта қосылып, олармен ішуді жалғастырады. Ішетін жасөспірімдерді артық ішу қаупі тоқтатпайды. Бұл кезеңде алкоголге құштарлық сезімі жоқ. Олар үнемі «құсқанша» және қатты мас болғанша дейін ішеді, бұл жағдайға саналы түрде жету үшін емес, топтың басқа «тәжірибелі», шыдамды мүшелерінен қалыспау үшін барады. Әдетте, жасөпірімдерді ауыр мас болу не оның нәтижелері шошындырмаса да, алкоголден олар бұл жағдайды  күтпейді. Егер топтың басқа мүшелерінің талабына емес, өзіндік еркіне тәуелді болса, олар белсенділік пен көтеріңкі көңілді тудыратын мас болу дәрежесіне қанағаттанып, ішуді тоқтатар еді.

Спирттік ішімдіктерді үзіліссіз  қабылдаудың, құсу рефлексінің жоғалуының  нәтижесінде кәмелеттік жасқа толмағандардың маскүнемдерге айналу дәрежесіне қарай, спирттік ішімдіке төзімділік жоғарылайды, оған ынтығушылық қалыптасады. Бұл кезеңде жасөспірім мас болу жағдайында дискомфортты сезбейді. Керісінше, ол өте көңілді,ол белсенді, «ерлікке» дайын болады. Бірақ мас болған жасөспірім өзінің мінез – құлқын басқара алмайды. Қызығушылықтары мен мінезі өзгере бастайды. Оқушылар сабаққа деген қызығушылығын жоғалата бастайды, сабақтардан қашады, мұғалімдеріне және ата – аналарына  сөз қайтарады. Кез – келген жолмен ішімдікке ақша табады. Бұдан төбелестер, ұрлық жасау, кейін зорлық жасау және басқа да қылмыстық әрекеттер туындайды. Бірақ, ең бастысы, әртүрлі себептерге байланысты бұндай жасөспірімдердің өмір сүру салты ата – аналарына белгісіз құпия болады.

Психиатрлардың ойынша, алкогольді қолдану жасы мен  маскүнемдік ауырлығының дәрежесінің арасында анықтаушы байланыс бар: алкогольді қабылдау неғұрлым ерте басталса, ауру соғұрлым азапты өтеді. Аса қауіпті түрі маскүнемдіктін қатерлі (жылдамдатылған) өтуі.

Д.Д.Еникеева маскүнемдік аурудың бұл түрін былай сипаттайды: «Маскүнемдіктің қатерлі өтуі алкогольге патологиялық ынтығудың қарқынды қалыптасуымен сипатталады. Туындаған ынтығушылық ойланбастан жүзеге асырылады, ішімдіктің көлемін  басқару тоқтатылады, амнезиялар, басқаруға келмейтін мінез – құлық, әлеуметтік ортамен қақтығыстар пайда болады » /9/.

Сипатталған патология маскүнемдікке  дейін әртүрлі психикалық ауруларға, мәселен, психопатия, эпилепсия, бас  миының жарақаттары және т.б. шалдыққан  жасөспірімдерге тән. Бұндай балалардың басты белгісі – бақыланбайтын мінез – құлық. Олардың ата – аналары ішкіш, көбінде интеллектісі төмен маскүнемдер болғандықтан, өздері туған балаларын ішімдікке бейімдейді. Олар өздерінің жандарын балаларына тәрбие берумен, өсіріп – жетілдірумен қинамайды, себебі өздері жалпыға ортақ қабылданған мінез – құлық  қағидаларын орындамайды.

Жасөспірімдік маскүнемдіктің қатерлі нұсқасында ата – аналары  наркологтың көмегін қолдануға  мәжбүр болады. Бірақ бұл кезеңде  жасөспірімдер адекватты емес, әрекеттер   жасайды: емделуден бас тартады, емдеу мекемесінін режимін сақтамайды. Әдетте,  жасөспірімдерді қатерлі маскүнемдіктен сақтауға арналған жақындарының әрекеттері күтілетін нәтижеге әкелмейді. Ақыры туыстары олардың ұсқынсыз мінез – құлқын көтеруге шыдамы таусылып, олардан бас тартқандай, толық еркіндікті береді. Маскүнемдіктін қатерлі түріне шалдыққан жасөспірімдер өмірінің кейінгі бейнесі біртүрде өтеді: басында олар қайыр сұрайды, кейін ұрлықты бастайды, бірнеше рет сотталғаннан кейін кәмелеттік жасқа  толмағандардың колониясына түседі.

Бірақ барлық жасөспірімдер  жоғарыда бейнеленген өмірге ұшырамайды. Біздің еліміздегі балалардың абсолютті  көпшілігі орта білімге,

көбісі жоғарыға ие болады.

Кәмелеттік жасқа толмағандарда  маскүнемдіктің дамуының және таралуының ерекшеліктерін талдауда байқалатын ерекшелік  алкогольді қабылдауға көп дәрежеде ер балалар қатысты. Бірақ соңғы  жылдары маскүнемдікке қыздардың да қосылу қарқыны жылдам жоғарылады. Бұл себепке байланысты кейбір батыс елдерінде жастық шақта маскүнемдікке  душар болған әйелдер мен еркектердің ара қатынасы ХХ ғасырдың 80 – жылдарында 3:1 және 2:1 дейін төмендеді, ал  50 – жылдары 10:1 және 9:1 болды /15/. Бұны жасөспірімдер арасында антиалкогольді жұмысты өткізгенде ескеру керек.

В.С. Братусь және П.И. Сидорова /3/ мәліметтері бойынша, микроәлеуметтік  ортаға байланысты жасөспірім қыздардың  алкогольге үйрену түрлерін айқындауға болады.

Бірінші түрі. Еркек жынысты тұлғалардың тобында алкогольді қабылдау:

а) бір жастағы ұл балалармен бірлесіп спирттік ішімдіктерді қабылдау;

б) ішетін еркектін әсер етуімен ішімдік заттарын қабылдау.

Екі жағдайда да маскүнемдіктін еркектік түрі қалыптасады, ол қатерлі өтеді.

Екінші түрі. Екі топқа  бөлінеді. Екі жағдайда да алкоголизация  әйел жынысындағы тұлғалардың тобында  өтеді.

Бірінші топ. Әлсіз спирттік ішімдіктердің құрамында бар  алкоголь құрбылырының ортасында, аз көлеммен би кеші алдында, туған күнде қабылданады. Мас болу дәрежесі - әлсіз. Ауру белгілерінің көріністері баяу, ауру зарарсыз түрде өтеді. Аурулар өздерінің мінез – құлқына жауап бере алады.

Екінші топ. Ішкіш әйелдердің әсер етуімен алкогольді қабылдау. Ерекшеліктері: күшті спирттік өнімдерді  үлкен, көбінде интоксикационды дозалармен мас болғанша дейін қабылдау. Ауру қатерлі өтеді, әсіресе жасөспірім қыздың партнері маскүнемдікке шалынған әйел болса. Алкоголизация жасырын өтеді, салынып ішумен сипатталады, ауру дамуына қарай оның ұзақтығы да жоғарылайды. Көбінде ауру адамгершілік құлдыраумен жалғасады.

Үшінші түрі. Жасөспірім қыздың жалғыз маскүнемдікке салынуы. Көбінде психопатиялық дамуы  бар адамдарда байқалады.  Алкоголь көп мөлшерде мас болудың ауыр дәрежесіне жетуге дейін қабылданады. Алкогольді қабылдаудың мақсаты: қатынастардың жеңілдету, ұялшақтықты, шешімсіздікті түзету. Жалғыз алкогольді қабылдау тез арада тұрақты, одан кейін салынып ішу сипатына да ие болады.

Бұл жасөспірімдердегі  маскүнемдіктің толық емес талдауы. Дүние жүзінде өскелең ұрпақтың маскүнемдігінің өсуі қоғамның әлеуметтік жаман халінің көрсеткіші. Дәлелдеулер бойынша, ересектердің маскүнемдігі мектеп және жеткіншектік шақта пайда болады, ал ішетін ересектердің әр буыны жастардан өзінің «ізбасарларын» қалыптастырады.

Қазіргі уақытта даму үстіндегі медициналық наркологиялық қызмет маскүнемдік мәселелерін шеше алмайды, себебі адамдардың алкоголизациясының соңғы нәтижелерімен соқтығысады. Әлеуметтік және тәрбие сипатындағы негізгі іс – шаралар ішпейтін және аз ішетін жасөспірімдермен профилактикалық жұмысқа бағытталу керек.

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-БӨЛІМ. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының

ерекшеліктері

2.1.  Жасөспірімдердің девиантты мінез – құлқына әсер етуші факторлар

 

Девиантты мінез – құлық көп факторлы құбылыс деп танылады. Ғылымның қазіргі жағдайы аддиктивті мінез – құлықтын келесі себеп пен шарттары туралы айтуға мүмкіндік береді. Ең біріншіден, оларға мемлекеттегі әлеуметтік – экономикалық жағдайдың жалпы нашарлауы, жастар арасында жұмыссыздықтын өсуі, балалар панасыздығының және әлеуметтік жетімдігінің жоғарылауы мен халықаралық нашақорлықтын біздің елдін нарығына қызығушылықтын елеулі жоғарылауы.

Жасөспірімдерде аддиктивтіліктің туындауына жағдай жасайтын себептердің  кеңінен таралған классификациясы  келесі сипаттағы себептерге ие: әлеуметтік - экономикалық, медико – биологиялық, әлеуметтік, даралық – психологиялық.

Себептердің әлеуметтік – экономикалық тобы келесі екі  топшаларға бөлінеді: глобалды және дәстүрлі сипаттағы себептер. Глобалды сипаттағы  себептерге біздің елдің дүние жүзілік нарықтық жүйесіне интеграциясын және бұның нәтижелерін жатқызады.

Дәстүрлі себептер –  бұл тек қана біздің елімізге, оның жеке аймақтарына, қабаттары мен  тұрғындар топтарына тән себептер, мәселен, маскүнемдік пен темекі шегу сияқты құбылыстарға толерантты қатынас.

Медико – биологиялық  сипаттағы себептерге жасөспірімнің  тұқым қуалаушылықпен берілген жүйке  – психикалық ауруларын жатқызады, себебі ол басқаша өзін - өзі өзектендіре  алмайтындықтан, спирттік ішімдіктерді немесе нашақорлық заттарды қабылдаудан ерекше сезімдерді іздейді /15/.

Химялық тәуелділік тұқым  қуалаушылық жолымен берілетіндігі  ешкімде күмән туғызбайды. Маскүнемдердің балаларында маскүнемдіктің туындау  мүмкіндігі әртүрлі мәліметтер бойынша 7 –ден 15 -ке дейін жоғары болады (Альтшутер). Бірақ бұл дәлелдерге ғана жүгіну  жеткіліксіз, себебі маскүнемдіктің туындауына басты әсер етуші факторларына   тәрбиелеу мен қоршаған орта факторларын жауапты қылу керек.

Маскүнемдіктің тұқым  қуалау табиғаты туралы сұраққа нақты  жауапты  келесі зерттеулер берді, онда маскүнемдікке шалдыққан, бірақ асырап алынған және қалыпты жанұяларда, туған емес аға, іні, әпкелермен бірдей жағдайда тәрбиеленген балалардың тағдыры бақылынды. Маскүнем отбасыларынан туған тұлғаларда туған емес аға – інілеріне қарағанда  маскүнемдіктің даму қаупі 2,5 есе жоғары. Басқа зерттеулерде біржұмыртқалы және екіжұмыртқалы маскүнем отбасыларынан егіздердің екі топтарының тағдырын зерттеді. Нәтижесі бойынша, екіжұмыртқалы егіздерге қарағанда біржұмыртқалы егідің бірі маскүнем болса, екіншісінде маскүнемдік дамуының қаупі 2 – 2,5 есе жоғары болады. Осылайша, генетикалық фактордың әсерін дәлелденген деуге болады.

Нашақорлық генетикасына қатысты маскүнемдік жағдайындай  сенімді дәлелдеуші мәліметтер алынбады. Бірақ нашақорларда маскүнемдік  не нашақорлық әсер тұқым қуалауда білінетіндігі белгілі. Бұған байланысты маскүнем немесе нашақор ата – ананың балаларында бұл аурулардың даму қаупі бар деген пікір қалыптасқан (Иванец). Құрсақ көтеру уақытында әйелдің есірткіні қабылдауы нашақорлыққа тәуелділігі қалыптасқан бала тууынын себебішісі бола алады.

Маскүнемдіктің туындауында  басқа да медициналық факторлар  бар.  Жасөспірімдік шақта көптеген психикалық аурулар аңғарылуы мүмкін. Олардың кейбірлері дәл осы жаста  біліне бастайды, себебі ағзаның психологиялық және гормоналды қайта құрылуы өтеді. Кейбіреулері ерте балалық шақтан бері бар, ал жасөспірімдік жаста олардың көріністері анық бола бастайды. Мидын органикалық толымсыздығы (бас сүйегінің – мидың жарақаты, эпилепсия) немесе тұлға бұзылыстары (мәселен, психопатиялар) бар жүйке және психикалық аурулар. Бұл факторлар мидың қызметтік мүмкіндіктеріне әсер етіп, интеллектуалды, эмоционалды аумақтағы қарқынды немесе ұзақ күш салуды бастан кешіру мүмкіндігін төмендетеді. Нәтижесінде бұл пациенттер бұндай күш түсірумен күресте жеңуге көмектесетін тәсілдерді іздейді. Бұндай тәсілдер көбінде психобелсенді заттар болады. Жүйке – психикалық бұзылыстар түсінігі кемақылдылықты, эмоционалды – еріктік ауытқулар мен бас миының әртүрлі дәрежедегі органикалық зақымдануының нәтижелерін қосады. Осылайша, В.Т. Кондрашенко мәліметтері бойынша (1988), маскүнемдік белгілері бар жасөспірімдердің ішінде 24,8 % -ы психопаттар, 12,4 %  -ы бас миының әртүрлі дәрежедегі органикалық зақымданған және психопатизация белгілері бар тұлғалар, 10 %  -ы олигофрендер,  9%  -ы басқа психикалық бұзылыстары бар балалар анықталды /22/. Психобелсенді заттарға қажеттілік минималды ми дисфункцияларымен де байланысты. Оларға ми құрылымдарының жетілудің қалыпты прцессінің маңызды емес бұзылыстары да жатқызылады. Бұл бұзылыстар босану жарақатының, инфекция әсерінің, токсикалық заттардың, радиоактивтік сәулеленудің нәтижесінде пайда болу мүмкін.

Психикалық дамудағы бұзылыстардың келесі тобы психопатиялар  мен мінез акцентуациялары болады /8/. Психобелсенді заттарды қолданумен жасөспірімдерде акцентуацияның тұрақсыз, гипертимді, эпилептоидты, қозғыш, истероидты түрлері  тығыз байланысты. Аддиктивті мінез – құлықты жасөспірімдерде тұрақсыз тип бойынша мінез акцентуациялары кездеседі. Бұны былай түсіндіреміз: жағымсыздан өзінің көңіл – күйін жағымдыға өзгертуге олар сезімтал рақаттанумен жеткісі келеді, ал психобелсенді заттар бұл жағдайды «таза күйінде», олардың жағынан ешбір рухани күш салмаусыз немесе жемісті еңбек етусіз береді.

Әлеуметтік себептер – бұл отбасылық жағдайдың, референтті топтын, тұтастай әлеуметтік ортаның балалар мен жасөспірімдерге әсер етуі,  сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының орасан зор әсері мен білім беру мекемесінде бала бейімделуінің жетістігі мен сәтсіздігі.

Маскүнемдік факторы материалдық жағынан төмен қамтамасыз етілген қабаттарда кеңінен таралған. Молшылықтың жоғарылауы да маскүнемдіктің жағдайын жасайды: урбанизация алкоголь мен есірткіні оңай табуға әсер етеді. «Өмір стилі», спирттік ішімдіктер мен есірткіні қабылдау модасы қабылдау деңгейіне де белгілі – бір есірткіні таңдауға ықпал етеді. Басқа жағынан қарастырсақ, әлеуметтік факторлар алкоголь мен есірткіні қабылдауға қарсы тыйым себептері де бола алады.

Алкоголь мен есірткіні  қабылдаудың ұлттық ерекшеліктері  өте маңызды. Алкоголизацияланудың  солтүстік жақтарында  (Ресей, Скандинавия, Ирландия және т.б.) арақ пен сыраны ұнатса, алкоголизацияланудың оңтүстік жағында  (Италия, Франция, Испания және т.б.) шарапты ұнатады. Кейбір ұлттардағы ферментті жүйелердің жеткіліксіздігіне байланысты  қолдануды бастауда маскүнемдіктін жедел дамуының алғышарттары болу мүмкін (мысалы, солтүстік жақтын халықтары, Латын Америкасының үндістері). Керісінше, басқа халықтарда есірткіні қолдану ескі салт – дәстүрлердің бірі болып, тұрғындардың көпшілігінде оған үйренуге әкелмейді (Орта азия халықтарында – марихуана, Латын Америка үндістерінде кока). Бұның бәрі нашақорлықта мәдени негізделген бағыттын қолданысын қажет етеді, яғни алкоголизация мен наркотизацияда ұлттық ерекшеліктерді ескеру керек.

Жасөспірімдер мен балалар  алатын психобелсенді заттар мен  химиялық тәуелділік туралы ақпараттын таралуы да маңызды рөл атқарады. Өткізілген сауалнамалар ақпараттанудың келесі көздерін таптырды: көркем және документалды фильмдер, телехабарлар, газет – журнал мақалалары, үлкендермен әңгімелесу (ата – аналармен, мұғалімдермен, дәрігерлермен), өздерінен үлкен балалардың, құрбыларының баяндаған әңгімелерін есту.

Информация о работе Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы