Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2012 в 06:49, дипломная работа

Краткое описание

Алдымызда Қазақстан ғасыры. Еліміз егемендігін алып, дүниежүзілік өркениетке ұмтылу барысында, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру халықтың жарқын болашағын меңзейді. Ұрпақты дана да, тәрбиелі етіп тірбиелеу үшін – оның тұлғалық ерекшелігін қалыптастыру қажет.
Дүниедегі ең бағалы асыл байлық – адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл әрекеттің негізі, ол – шені және мақсаты, жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындылардың құдіретті иесі.

Содержание

Кіріспе .............................................................................. .................................3-6

І- БӨЛІМ. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы.
1.1. Жеткіншектердің сана-сезімі мен оны тәрбиелеудегі девиантты мінез-құлқты зерттеудің маңыздылығы................................................................. 7-11
1.2. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының түрлері мен сипаттамасы ..................................................................................................... 12-36

ІІ – БӨЛІМ. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының
ерекшеліктері
2.1. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқына әсер етуші факторлар ...............................................................................................................................37-44
2.2. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының пайда болуындағы жанұяның ролі .................................................................................................. 45-48
2.3. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқындағы тұлғалық ерекшеліктері ....................................................................................................49-51
ІІІ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
3.1. Зерттеудің мақсаты, міндеттері, болжамы........................................52-67
3.2. Зерттеу жұмысының әдістеріне сипаттама......................................
3.3. Эксперименттік зерттеу барысы.........................................................
Нәтижелер мен ұсыныстар ....................................................
Қорытынды ............................................................................ 68-69
Әдебиеттер тізімі ...................................................................... 70-73
Қосымшалар ..............................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жеткіншектердің сана сезімі.doc

— 684.50 Кб (Скачать документ)

Тәуелділік сөзін кең  мағынада қарастыратын болсақ, бұл  «қанағаттанушылық сезімін алу  үшін біреуге немесе бір нәрсеге  нану ұмтылысы» /10/.  Осылайша аддиктивті мінез – құлық біреуді немесе бір нәрсені зиянды пайдаланумен де, оның қажеттіліктерінің бұзылуымен де тығыз байланысты. Ағылшын сөзі «addiction» аудармасы бейімділік, тәуелділік, қауіпті әдет. Аддиктивті мінез – құлық ағылшын тілінің термині (addictive behavior), оныменен психикалық күйді өзгертетін әртүрлі заттарды, сонымен қатар алкоголь мен темекі шегуді де зиянды қолдануды атайды. Егер берілген түсініктін тарихи түп нұсқасына келетін болсақ, латыннан «addictus» қарызға батқан адам дегенді білдіреді. Басқаша айтсақ күшке бағынбайтын, белгілі – бір  билікке айнымастай бейім болған адам.  Осылайша, аддиктивті мінез – құлық – бұл өзін - өзі реттеу немесе бір нәрсеге бейімделу мақсатында біреуді немесе бір затты зиянды пайдаланумен байланысты тұлғаның ауытқыған мінез – құлқының бір түрі.

А.Е.Личко мен В.С.Битенский  көзқарастары бойынша, жасөспірімдерге  қатысты аддиктивті мінез – құлық  терминін қолдану жөн, себебі бұнда  ауру  емес, мінез – құлық бұзылыстары  қарастырылады. Авторлар аддиктивті мінез – құлықтың өршіп кетуіне жағдай жасайтын екі жолды белгілейді. Бірінші жағдайда жасөспірімдер әртүрлі психобелсенді заттарды қоланады: бензин, клей, кейін алкогольді ішімдіктер, ұсынған дәрілік заттар немесе марихуанадан  бас тартпайды. Қолдану жүйелілігі әртүрлі болу мүмкін белгілі – бір затты ұнатып таңдағанша дейін әртүрлі заттарды қабылдап эксперименттеу жалғасады. Кейбір жағдайда қабылдау жедел үзіледі.

Екіншісінде белгілі  – бір нақты психобелсенді  затты (бензин, алкоголь) ғана қабылдау бақыланады. Жасөспірімнің бір есірткіге ерте дағдылануы басқаларына қол жетпегендігіне байланысты, ал саналы түрде таңдау жасау сирек кездеседі.

Д.Д.Исаев аддиктивті мінез – құлықтың немесе  есірткіге  құмарлатудың бірнеше үлгілерін  ұсынады.

- Жайлану үлгісі. Бұл көңілін жайландыру мақсатында психобелсенді заттар мен есірткіні қабылдаудың кең таралған нұсқасының бірі. Оларды қолдану қысым түсіруге, босаңсуға, ұнамсыз не қауіпті шындықтан, шешілмеген өмірлік мәселелерден  қашуға бағытталған. Кейбір жасөспірімдер психобелсенді заттарды эмоционалдық күйін өзгерту үшін мазасыздықта, депрессияда, апатияда пайдаланады.

- Коммуникативті үлгісі. Есірткіге ынтығудың бұл үлгісі қарым – қатынас, сүйіспеншілік, мейірімділік қажеттіліктерінің қанағаттанбаушылығында туындайды. Психобелсенді заттарды қабылдау өз және қарама – қарсы жыныстағы құрбыларымен қарым – қатынасты жеңілдетеді. Ұялшақтық, тұйықтық сезімі жойылып, өзінің мүмкіндіктеріне сенушілік туындайды.

- Белсендіруші үлгісі. Кейбір жасөспірімдер психобелсенді заттарды өмірлік күштерін, сергектікті, белсенділікті жоғарылату үшін қолданады. Өз күштері мен мүмкіндіктеріне сенімсіз болып, тура қарама – қарсы жағдайға сенімділікке, батылдыққа, қуаттылыққа жеткілері келеді.

- Гедонистік үлгісі. Психобелсенді заттарды қолдану рақатқа, ләззатқа, жайлы сезімдерге  бөлену үшін, психикалық, физикалық комфортқа жету үшін жүргізіледі. Қолданушылар галлюцинаторлы бейнелердің фантастикалық әлемін құруға, эйфорияның шаттық жағдайына жетуге ұмтылады.

- Конформды үлгісі. Жасөспірімдердің еліктеу, құрбыларынан қалыспау, топпен қабыл болу ұмтылысын мақсат ету психобелсенді заттарды қолдануға әкеле алады. Бұл үлгінің дамуы лидерлерге еліктеумен, ұжымға қатысты құбылыстарға сыни көзбен қарамаушылыққа байланысты.

- Манипулятивті үлгісі. Психобелсенді заттарды қабылдау арқылы өзгелермен манипуляция жасау үшін, оларды пайдалану үшін, өз басының қамын ойлап белгі – бір жетістіктерге жету үшін қолданады. Мәселен, өзінің ерекше екендігіне, лидерлікке жету қабілетіне  көпшіліктін назарын бөлу үшін  есірткіні және алкогольді қолданады.

- Компенсаторлы үлгісі. Мінез – құлықтын бұл үлгісі тұлғаның белгілі – бір толымсыздық комплексін , мінездің үйлесімсіздігін компенсациялау қажеттілігімен байланысты туындалады.

Аддиктивті  мінез – құлықтың бірнеше формасы бар:

  • химиялық тәуелділік (темекі шегу, токсикомания, есірткіге тәуелділік,    спирттік ішімдіктерге тәуелділік);
  • ас қабылдау мінез – құлқының бұзылысы (артық жеу, ашығу, тамақтанудан бас тарту);
  • гэмблинг – ойындық тәуелділік (компьютерлік ойындарға тәуелділік, азартты ойындар);
  • діни – деструктивті мінез – құлық (діни фанатизм, сектаға кіру).

Аддиктивті мінез –  құлықтың ауырлық дәрежесі әртүрлі  бола алады: қалыпты мінез – құлықтан бастап, соматикалық немесе психикалық патологиямен ұштасатын биологиялық тәуелділіктін күрделі түрлеріне дейін. Осыған байланысты, кейбір авторлар /10/ аддиктивті мінез – құлық пен тәуелділік дәрежесіне жетпейтін, аса қауіпті емес, мәселен тамақты артық жеу, темекі шегу сияқты қарапайым зиянды әдеттерді бөледі. Тәуелді мінез – құлықтың әртүрлі формалары бірігуге немесе бір – біріне өтуге мүмкіндігі бар, бұл олардың механизмдерінің бір екендігін дәлелдейді. Мысалы, көп жылдар бойы темекі шегуші адам темекіден бас тартса, тамақ ішуге басылмайтын құштарлықты сезінеді. Героинға тәуелді адам көбінде әлсіз есірткіні немесе спирттік ішімдіктерді қабылдаумен ремиссияға төзеді. 

Соңғы жылдары кәмелеттік жасқа толмағандар санының  арасында мінез – құлық бұзылыстары  көбейді. Аддиктивті мінез – құлықтын химиялық тәуелділік сияқты түрі аса елеулі және көп кездеседі. Өйткені бүгінгі таңда  маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания және темекі шегу жастар мәдениетінің айнымас белгісі болды.

Аддиктивті мінез –  құлықтың ерекшелігі - ол ауру емес. Бұндай жағдайда дәрілік ем жасау қажеттілігі туса, детоксикацияға бағытталу мүмкіндігі бар, ал психотерапевтік әдіс – тәсілдер психопрфилактика мақсатында қолданылады. Аддиктивті мінез – құлықта жүргізілетін іс – шаралар медициналық емес, тәлім – тәрбиелік болу қажет.

А.Е.Личко белгілеуі бойынша, аддиктивті мінез – құлыққа мінез акцентуацияларының түрлері ерекше әсер етеді.

Жасөспірімдердегі ерте алкоголизацияның мысалын көрсету  арқылы аддиктивті мінез – құлықтың алкогольді түрі қалыптасуына белгілі  – бір акцентуация қалайша  ықпал ететінін байқауға болады. Тұрақсыз, эпилептоидты, гипертимді және истероидті акцентуация типтеріндегі жасөспірімдер ішімдікке бейім келеді. Тұрақсыз типтегі жасөспірімдерде алкоголизация – бұл көңілді  уақыт өткізуге, жағымсыз әсерге  бейімділігінің нәтижесі.  Бұл К.Леонгардтың пікірімен ұштасады, яғни маскүнемділікке бейім ететін жалпы мінез белгісі өзін - өзі басқару қабілетінің төмендігі, бір мезеттік әсер алудан әрекет жасау тенденциясы. Тұрақсыз тип өкілдерінде қатты мас болмаудың  дәрежелері кездеседі. Тұрақсыз типтегі алкоголизацияға гипертимді типтегі жасөспірімдердің алкоголизациясы ұқсас. Эпилептоидты жасөспірімдерде мастықтың бейнесі өзгеше: эйфорияның қысқа кезеңі, кейін дисфориялық түрде мас болу, яғни  агрессия, аутоагрессия, зорлау. Эпилептоидтер мас болудың ауыр дәрежесіне дейін ішеді. Спирттік ішімдіктерді ішу олар үшін жиналған қысым мен кедергілерден арылу жолы. Истероидтер алкоголизацияда демонстративті қалпын сақтайды – мас болу дәрежесін асыра сілтеп айтады. Кейде алкогольді эстеттерді бейнелейді: құрбыларына элиталы спирттік ішімдіктерді ғана қабылдайтындығын   айтады.

А.Е.Личко айтуынша, тұрақсыз типтегі акцентуанттар аддиктивті мінез – құлықтың тұтастай дамуына  ерекше бейім, себебі оларда құрбыларымен топтасу реакциясы жоғары дамыған. Бұдан кейінгі аддиктивті мінез – құлықтағы жасөспірімдердің мінез акцентуацияларын зерттеу бойынша, эпилептоидты және истероидты типтердің басым болуы байқалды. Соңғы басылымдарда есірткіге бейім жасөспірімдерде эпилептоидты типпен қатар, гипертимді және конформды акценттуанттардың артықшылығы жайлы мағлұматтар жазылды. Нашақорлықтың әртүрлі формаларындағы акцентуацияның басым болатын типтері жайлы деректер келтірілген зертеулер пайда болды: эфедронды нашақорлыққа шалдыққандар ішінде көбінде истероидты акцентуанттар кедессе, опийлік нашақорлар арасында эпилептоидтылар көп.

Ц.П.Короленко девиантты мінез – құлыққа жағдай жасайтын жасөспірім тұлғасына тән белгілерді айқын етіп көрсетеді.

- Қиындықтарға төзу төмендігі. Ол гедонистік ұстанымның (рақатқа бірден бөлену ұмтылысы) ықпалымен шартталады. Егер аддиктілердің тілегі бірден орындалмаса, олар негативті эмоциялармен не кездескен кедергілерден кетумен жауап береді. Бұл қақтығыстарға әкеп соқтыратын өкпелегіштікпен, күдіктенушілікпен ұштасады.

- Толымсыздықтың жасырын комплексі көңіл – күйдің жылдам өзгеруімен, қабілеттері обьективті тексерілетін жағдайлардан қашумен бейнеленеді. Жасөспірімдер айналасындағыларына жағымды әсер етуге ұмтылады. Шешім қабылдауда жауапкершіліктен бас тартады, оны басқа адамға артып, қажет уақытта ақтаушы дәлелдерді іздейді.

- Стереотиптілік. Қалыптасқан мінез – құлықтың қайталануы.  Бұдан арылу қиынға соғады. Тәуелділік аддиктивті бағытталған басқа адамдардың әсеріне бағынумен сипатталады. Бұл жағдайдағы жасөспірімге пассивтілік, дербестіктің жоқтығы, қолдау алу ұмтылысы тән.

 -Мазасыздық. Ол жасөспірімдердегі толымсыздық комплексімен, тәуелділікпен байланысты. Бұл жағдайдың бір қызық жері - қақтығыстық ситуацияларда мазасыздық жоғалады, ал күнделікті, тыныш өмірде, қысым келтірмейтін оқиғаларда себептен – себепсіз туындауы мүмкін.

 Көп жағдайда осындай  мінез жастарды қылмысқа да  итермелеп жатады.

Мамандар олардың арасынан есірткі заттарды тұрақты қолданатындармен бірге кейде кездейсоқ немесе оқта-текте ғана қолданатындарды  іріктеп жатады.

Девиантты мінез-құлыққа дәстүрлі түрде маскүнемдік, нашақорлық, темекі шегу, иіске елтушілер яғни химиялық аддикция және химиялық емес аддикция- құмар ойындар ойнау, компьютерлік тәуелділік, қомағайлық немесе үнемі ашығу, жыныстық қатынас аддикциясын жатқызады.

 

 

Аддиктивті мінездің құрылымы төмендегідей:

 

 

 



 

 


 

 

 

 

 


 

 

 

 

Аддиктивті мінездің иелерін, жат қылықтарына, зиянды әдеттеріне қарай тағы да екі топқа бөлеміз. Психикалық және физиологиялық тәуелді  жандар.

А) Психикалық тәуелді жандардың мінезделуі – жат қылықтарға деген орасан қажеттілік бүкіл бойын билейді немесе психобелсенді заттарды қолдануға деген әуестігі, өзі қалап тұрған рахат сезімнің шыңына шығу үшін керекті есірткі мөлшерін шектен тыс күшейтуге ұмтылады. Қалағаны болмай қалған жағдайда оның бойынан психикалық ауытқушылық, қатты алаңдаушылық сезіледі.

Б) Физиологиялық  тәуелділік. Бұл жағдайда адам ағзасы есірткі заттарды тұрақты түрде қолдануды қажет етеді. Ағзаның улы заттарға деген қарсылығы жойылады, сол заттарға тәуелділігі артады. Есірткісіз тіршілік ету қабілетінен айрылады.

Егер керекті мөлшерін қабылдай алмаған жағдайда, ауыр түрде  соматикалық, неврологиялық психологиялық  аурудың  белгісі бой көрсетеді.

Барлық есірткі қолданушы  адамдар қабылдаған есірткі түріне байланысты көп өмір сүрмейді. Олар өзін-өзі сақтау қасиетін жоғалтады. Бұл олардың 60 пайызы есірткіні пайдалағаннан кейін екі жыл ішінде өзін-өзі өлтіруге дейін барады. Көбісі осыны жүзеге де асырады.

Спирттік ішімдіктер мен есірткі заттардың көптеп таралуы мен қолданылуына басты  себептердің бірі кейбір аймақтардағы әлеуметтік – экономикалық жағдайдың тым төмендеуі, ауыр тұрмыстық жағдай, осының бәрі адамды келер күнге деген сенімінің жоғалтуына, қылмыстың көбеюі мен адам өмірінің құнсыздануына алып келеді.

     Аддитивті мінез-құлыққа байланысты жасөспірімдердің келесідей топтарын бөліп көрсетуге болады:

  • территориалды – оқу орнымен тұрғылықты жеріне байланысты топтасатындар;
  • деликвентті – қылмыстық заңдар негізінде кейбір қылықтарды мен заң бұзушылық әрекеттері (ұрлық, соққыға жығу т.б.) үшін жазалау негізінде біріктірілгендер;
  • криминалды – 2-ші пункітінде көрсетілген әрекеттерге аналогиялық (ұқсас) себептер үшін қылмыстық заңдарда қарастырылған әрекеттері мен бірлескендер.

      Статистика мәліметтері бойынша наркологиялық және психиатриялық емханаларға жатқызылған аддитивті мінез-құлықтағы жасөспірімде келесідей топтарда болған:

  • территориалды топтар – 44%
  • нашақорлық топтар – 10 %
  • жалғыз бастылар (ешқандай топта болмаған) – 8 %
  • кездейсоқ топтар – 7 %
  • деликвентті және криминалды топтарда – 1%
  • тұрақты дос (соблазнитель) – 4%
  • гомосексуалды контакт – 4%
  • белгісіз топтар – 7%

формальді еместоптар – 15%

 

                                     Компьютерлік ойындарға тәуелділік.

 

      Компьютерлік  тәуелділік, заман талабына сай  біздің күнделікті өмірімізде  компьютерлер өзіндік орын ала бастады. Қазір компьютерлік программистер компьютерлік ойындарға қызығушылар жай ғана компьютермен жұмыс жасаушылар күннен-күнге көбеюде. Өйткені компьютерге қажеттілік туындаған заманда әрбір адам компьютер тілін білу керек болды.

Информация о работе Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы