Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2012 в 06:49, дипломная работа

Краткое описание

Алдымызда Қазақстан ғасыры. Еліміз егемендігін алып, дүниежүзілік өркениетке ұмтылу барысында, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру халықтың жарқын болашағын меңзейді. Ұрпақты дана да, тәрбиелі етіп тірбиелеу үшін – оның тұлғалық ерекшелігін қалыптастыру қажет.
Дүниедегі ең бағалы асыл байлық – адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл әрекеттің негізі, ол – шені және мақсаты, жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындылардың құдіретті иесі.

Содержание

Кіріспе .............................................................................. .................................3-6

І- БӨЛІМ. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы.
1.1. Жеткіншектердің сана-сезімі мен оны тәрбиелеудегі девиантты мінез-құлқты зерттеудің маңыздылығы................................................................. 7-11
1.2. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының түрлері мен сипаттамасы ..................................................................................................... 12-36

ІІ – БӨЛІМ. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының
ерекшеліктері
2.1. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқына әсер етуші факторлар ...............................................................................................................................37-44
2.2. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының пайда болуындағы жанұяның ролі .................................................................................................. 45-48
2.3. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқындағы тұлғалық ерекшеліктері ....................................................................................................49-51
ІІІ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
3.1. Зерттеудің мақсаты, міндеттері, болжамы........................................52-67
3.2. Зерттеу жұмысының әдістеріне сипаттама......................................
3.3. Эксперименттік зерттеу барысы.........................................................
Нәтижелер мен ұсыныстар ....................................................
Қорытынды ............................................................................ 68-69
Әдебиеттер тізімі ...................................................................... 70-73
Қосымшалар ..............................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жеткіншектердің сана сезімі.doc

— 684.50 Кб (Скачать документ)

   Девианттық мінез-құлық  екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншісі-бұл анық немесе жасырын  психопаталогияның барлығын білдіретін психикалық денсаулық қалыптарынан ауытқыған мінез-құлық. Екіншісі –бұл  әлеуметтік, мәдени және әсіресе, құқықтық қалыптарды бұзатын  асоциалды мінез-құлық.

Мұндай әрекеттер аз болса, олар құқық бұзушылық , ал салмақты болса, әрі жазаланса қылмыс деп аталады. Бұл жерде делинквенттік (құқыққа қарсы) және қылмыстық іс-әрекеттер туралы айтылып отыр.

   С.Беличева девианттық  мінез-құлықтың әлеуметтік ауытқуын  былайша жіктейді.

1. Пайдакүнемдік бағытта: құқық бұзушылық, материалдық, қаржылық, дүние-мүліктік пайда табуға ұмтылумен байланысты(ұрлау, тонау, алып-сату т.б) жасаған теріс әрекеттері.

2. Агрессиялық бағытта:  адамға қарсы бағытталған әрекеттер(балағаттау, бұзақылық, ұрып-соғу, өлтіру, зорлау).

3. Әлеуметтік енжар  тип: белсенді өмір сүруден,  азаматтық борыштарын өтеуден қашуға, жеке және әлеуметтік мәселелерді шешкісі келмеуге ұмтылу (жұмыстан, оқудан бас тарту, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания, өзіне-өзі қол жұмсау).

   Осылайша (мазмұнымен  де, мақсатқа бағытталғандығымен  де) ерекшеленетін асоциалды мінез-құлық әр түрлі әлеуметтік ауытқушылықтардан көрінуі мүмкін: адами қалыптарының бұзылуынан бастап құқық бұзушылықпен қылмыс жасауға дейін.

   Асоциалдық көріністер  сыртқы мінез-құлық жағынан ғана  емес, мінез-құлықты іштей реттеудің:  әлеуметтік, адамгершілік бағдарлардың және өзін-өзі  бағалай алудың деформациясынан да байқалады.  Осылайша балалар мен жеткіншектердің ауытқыған мінез-құлқы, бір жағынан, тұлғаның тиісті ерекшеліктерінің туындауы мен дамуынан сигнал беретін белгі ретінде қарастырылса, екінші жағынан, тұлғаның дамуына тәрбиелік ықпал ететін жетекші ретінде, оны қалыптастырудың немесе оның   қалыптасуына әсер ететін құрал ретінде көрініс табады.

       Оқушылардың  девианттық мінез-құлқының себептері  мен факторлары неде?

Біздіңше, балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтар мына себептерге байланысты болуы ғажап емес.

   -дұрыс тәрбиеленбегендігінің  себебінен қажетті білімдердің,  біліктердің, дағдылардың жоқтығы,  мінез-құлқындағы жағымсыз таптаурындардың  қалыптасқандығынан баланың, жеткіншектің өзін дұрыс ұстамайтындығынан туындайтын әлеуметтік-педагогикалық олқылықтар;

    -жайсыз отбасылық  өзара қарым-қатынастар, жағымсыз  психологиялық ахуал, оқудағы  жүйелі сәтсіздіктер, сынып ұжымындағы  құрбыларымен өзара қарым-қатынастың орнамағандығы, ата-аналарының, мұғалімдердің, сыныптас жолдастарының дұрыс емес қатынастарынан туындайтын терең психологиялық жайсыздықтар:

    -психикалық  және физикалық денсаулығы мен  дамуы жағдайындағы ауытқушылықтар, жас ерекшелік дағдарыстары, мінез акцентуациясы және басқа да физиологиялық, психоневрологиялық ерекшеліктер себептері:

    -ішкі және  сыртқы белсенділігінің саналы  көріністеріне, өзін-өзі көрсетуіне  жағдай жасалмағандығынан, іс-әрекеттердің  пайдалы түрлерімен айналыспағандығынан,  жағымды және маңызды әлеуметтік, сондай-ақ жеке өмірлік мақсаттары мен жоспарларының болмауы:

    -қараусыз қалумен,  қоршаған ортаның кері ықпал  етуімен және осының негізінде  дамитын әлеуметтік-психологиялық  дезадаптациямен, әлеуметтік және  жеке құндылықтарының жағымсыз түрге ауысуы, т.б. жағымсыз жәйттер.

    Балалар мен  жасөспірімдерге қоршаған адамдардың  немқұрайдылығы, зейін қоймауы негізінде  дамитын әлеуметтік-педагогикалық  бақылаусыздық бұл тізбектегі  ерекше рөл мен мағынаға ие. Нәтижесінде жалғыздық, қараусыз қалғандық, қажетсіздік, қорғансыздық сезімдері пайда болады. Үлкендерге деген қарсылық, жатырқаушылық, жек көру сезімдері, баланың пікірінің, тағдырының, қызығуы мен икемділіктерінің өз бетінше ұйымға, кооперацияға, өзін-өзі ұйымдастыруға ұмтылуына алып келеді.

     Жағымды  әлеуметтік тәжірибенің жеткіліксіздігі,  өмірге көзқарасының, құндылықтар  жүйесінің, әдеп қалыптары мен  эстетикалық талғамдарының жетілмегендігі  және қалыптаспағандығы жасөспірімдердің  өз белсенділігін  жағымсыз, құқыққа  қайшы келетін нәрсеге жұмсауын таңдауға ықпал етеді, бұл олардың мінез-құлқынан, тұлғаның қалыптасуынан, әлеуметтік бейнесінен көрініс береді. Бұл сөз жоқ, балалар мен жасөспірімдерге дер кезінде педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік және медициналық көмектің көрсетілмеуін айғақтайды. 

  Қазіргі кездегі  жасөспірімнің жүрген ортасы  қолайлы емес. Өйткені бала ауытқушы  мінез-құлықтың әр түрлі нысандарын  мектепке бара жатқанда да, аула  мен қоғамдық орындарда да, тіпте  үйде де, мектепте де көреді. Морал  мен мінез-құлық аймағындағы  ауытқушылықты тудыратын қолайлы жағдайларды жасырын, бейнесіз өзара қатынас сипатымен, еркіндігінің көптігімен, кері әсер ететін экономикалық, әлеуметтік және мәдени факторларының кең ассортиментті бар қалалық орта құрайды. Дәстүрлі ұлттық құндылықтар нормасының босауы, ата-ананың, әсіресе, отбасындағы әке беделінің төмендігі, мінез-құлықтың тұрақты үлгілері мен моралдық шекаралардың жоқтығы, әлеуметтік бақылаудың босаңсуы, жасөспірімдер ортасындағы ауытқушы және өзін-өзі жоюушы мінез-құлықтың өсуіне ықпал етеді.

Ежелден бері жасөспірімдік  шақ маскүнемдік пен токсикоманияның  дамуына жағдай жасайтын фактор ретінде  қарастырылады /10/. Егер аддиктивті мінез – құлық жасөспірімдік шақта басталатын болса, химиялық тәуелділіктің қалыптасу қауіп қатері жоғары болады. Осылайша, маскүнемдер мен нашақорлардың 75% -ы психобелсенді заттарды жасөспірімдік шақтан бастап қабылдағандар көрінеді.

Жасөспірімдік шақты  қиын жас деп атайды. Шынымен де, бұл жас ерекшелігі балалар үшін де, ата – аналар мен мұғалімдер үшін де қиынға соғады. Статистикалық мәліметтер бойынша, нашақорлыққа бейім болудың ең қауіпті уақыты – 12-17 жас.

Жасөспрімдік шақты  классикалық зерттеулер көптеген белгілі  психолгтардың бағыттарында бейнеленген.

Л.С.Выготский ойынша, жасөспірімдік шақтың өту ерекшелігі мен ұзақтығы қоғам дамуына байланысты өтеді, яғни бұл жаста қоршаған ортаның  ойлаудың дамуына әсері өте жоғары болады. Өтпелі кезеңдегі жасөспірімдердің қызығушылық мәселесін жасөспірімнің психологиялық дамуының кілті деп есептеді. Л.С.Выготский жасөспірімнің ең айқын қызығушылықтарының негізгі топтарын бөлді, олар доминанталар деп аталды: эгоцентрикалық (жсөспірімнің өзінің тұлғасына деген қызығушылығы), алдағыға доминанта (жоғарыға деген ұстаным), күшейту доминантасы (қарама – қарсы тұруға, жеңуге, ерік – жігер қысымына қызығушылық, олар тәрбиеге қарсы бұзақылықпен, одан бас тартумен және басқа да негативті белгілермен бейнеленеді), романтика доминантасы (белгісіз құбылыстарға, тәуекелге бел бууға, батылдыққа ұмтылыс).

Ст.Холл бұл кезеңді өзіндік сананың дағдарысы деді, бұл кезеңнен өткен адам жеке даралық сезімін иеленеді. Холл ең алғаш автор болып, жасөспірім мінезінің амбиваленттілігін және парадоксальділігін бейнеледі.

Жасөспірімдік шақты  басқа белгілі зерттеуші Э.Шпрангер өзінің мәдени – психологиялық концепциясында жасөспірімдік шақты мәдениетке бейімделудің жасы ретінде анықтады, яғни жеке дара психика берілген дәуірдің объективті және нормативті рухына бейімделеді. Шпрангер бойынша, жасөспірімдік шақтың басты жаңа құрылымдары: «Менді» ашу, рефлексияның туындауы, өзінің жеке даралығын сезіну. Алғашқы жыныстық сезімдер және белгісіз әрі құпиялы құбылыс алдында қорқыныш, ұят ұштасады, бұл дискомфорт пен толымсыздық сезімдерін тудырып, қоғам мен адамдардан қорқынышты, тіпті оларға қарсы агрессияны туындату мүмкін.

Ш.Бюллер пубертантты  кезеңді биологиялық көзқарас жағынан  зерттеп, ерекше биологиялық қажеттілік  әсерімен байланысты спецификалық психикалық құбылыстарды анықтады, бұл толықтыру  қажеттілігі, ол қарама – қарсы жыныстағы адамдармен жақындасуды, бірігуді қажет етеді. Бюллер бұл процесстің неативті фазасының негізгі белгілерін белгіледі: жоғары сезімталдық пен тітіркенгіштік, тынымсыз және қозушылық жағдайы, физикалық және жан күйзелісі, өзіменен қанағаттанбаушылықты қоршаған әлемге бағыттау. Тыйым салынған істерді жасау ерекше күшке ие болады. Бұл уақытта жалғыздық, түсінбеушілік сезімдері мазаландырады. Сондықтан жұмысқа деген қабілеттілік төмендеп, айналасындағыларынан изоляция жоғарылайды немесе оларға қарсы айқын агрессия туындалып, әртүрлі асоциалды әрекеттер жасалады.

В.Штерн жасөспірімдік  шақты балалар ойындары мен ересек адамдардың жауапты іс - әрекетінің арасындағы аралық кезең деді. Штерн  бойынша, адамдық тұлғаның типі белгілі  – бір құндылықтарды анықтаудың шарты болады, бірақ белгілі – бір құндылықты анықтау жетекшілік мәнге ие болып, оның өмірін бағыттайды.

Э.Эриксон өзінің эпигенетикалық теориясында жасөспірімдік шақты  «жеке даралықтың қалыптасуы» деп  атады. Ол жасөспірімдік жастан, жеткіншектікке дейін жыныстық жетілудің қалыпты және аномальді даму сызығын көрсетті. Балалық шақ жеткіншектіпен алмасады да, физиологиялық өзгерістердің толқыны пайда болып, жасөспірім өзін және өзінің өткен шақтағы өмірін жоғары кемелденумен бағалайды. Қоршаған орта оны қалайша қабылдайды, бұрынғы дағдылары мен рөлдерін жаңа мүмкіндіктермен қалай біріктіруге болады сияқты сұрақтар жасөспірімді толғандырады. Бұл кезеңдегі негізгі мәселе – рөлдердің араласуы немесе гиперидентификация. Идентификацияның осындай шектен тыс кеңеюі жасөпірімдердің қызығушылықтары және мақсаттары ортақ компанияларға бірігетіндігін және өздеріне ұқсас емес құрбыларын  мойындамайтындарын түсіндіреді.

Жасөспірімдік шақта, жыныстық жетілу кезеңінде мінез – құлыққа  эмансипацияның, құрбыларымен топтасудың, қызығушылықтардың, имитацияның реакциялары әсер етеді. Бұл реакциялар психобелсенді заттарды қабылдауға да, алдын – алуға да жағдай жасайтын факторлар бола алады. Сондықтан, бұл шақтың мінез – құлықтық реакцияларын атап өту керек  /20/.

- Эмансипация реакциясы жақындарының, ұстаздарының қамқорынан, бақылауынан, басқаруынан шығуға ұмтылыс. Ересек адамдар нені бағалы, құнды десе, соны жасөспірімдер, керісінше, қабылдамайды, оған қарсы шығады. Эмансипация реакциясы нақты адамдарға (ата – анаға, мұғалімдерге және т.б.) да, ересек адамдардың тұтастай буынына да бағытталуы мүмкін.

- Қызығушылық реакциясы  (хобби)  эмансипация реакциясына, керісінше, аддиктивті мінез – құлыққа жол бермейді. Сонымен қатар, жоғары қызығушылықтардың пайда болуы жеткіншектік шақта да спирттік ішімдіктерді қабылдаудың күрт төмендеуіне де жағдай жасайды.

Әсіресе алдын – алушы  факторлары  интеллектуалды – эстетикалық  хобби (әдебиетке, музыкаға, қолөнерге, тарихқа, философияға қызығушылық), дене – мануальді хобби (күшті, ептілікті  дамыту ұмтылысы, спортта биік дәрежеге жету ынтығушылығы).

Хоббидің тағы бір  ерекше түрі ақпараттық – коммуникативті деп аталған. Жасөспірімдер уақытын  мән – мағынасы аз, интеллектуалдылықты  қажет етпейтін, ойсыз қарым –  қатынасқа арнайды. Бұдан құрбыларының әсер етуінен асоциалды компаниялармен қатынасқа түсу ұмтылысы де пайда болуы мүмкін. Бұндай мінез – құлық алкогольді, есірткіні, токсикоманиялық заттарды қабылдаумен ұштасады.

Жасөспірімдік шақты қиын жас деп  атайды. Шынымен де, бұл жас ерекшелігі балалар үшін де, ата – аналар мен мұғалімдер үшін де қиынға соғады. Статистикалық мәліметтер бойынша, нашақорлыққа бейім болудың ең қауіпті уақыты – 12-17 жас.

 

1.2. Девиантты мінез-құлықтың түрлері мен сипаттамасы.

 

     Девиантты мінез дегеніміз ( ағылшын тілінен аударғанда зиянды әдет, жат қылық) өмір шындығын сол күйінде қабылдаудан бас тартып, шынайы өмірден қашу немесе ауытқу болып табылады. Мұндай ауытқулар адамның өзінің психикалық күйін психобелсенді заттарды қолдану арқылы жасанды түрде, өзгертуінен туындайды. Баланың бойындағы аддиктивті мінездің белгілерінің басымдылығы өзгерген макро және микро ортаның талаптарына бейімделуінің бұзылуына әкеліп соғады. Өзінің мінезіндегі өзгерістермен, қылықтарымен бала өзіне жедел көмек түріне зәру екендігін білдіреді. Әдетте кез келген жасөспірім ата-анасынан немесе ұстаздарынан ашық түрде көмек сұрай алмайды. Ал ол медициналық көмектен бұрын, профилактикалық, психолог-педагогтық және отбасы тарапынан асқан шыдамдылық пен мейірімділік, аса тәрбиелілік көмек қажет. Бала аддиктивті мінездің иесі бола отырып зиянды заттардың бір немесе бірнеше түрімен әуестенуі мүмкін. Уақыт өте келе өзінің қалай тұрақты түрде есірткі заттарды қолданатынын кісілер тобынан табылатынын білмей де қалады.

    Жасөспірімдік  шақтың адамның қалыптасуындағы ерекше жас ерекшелік сатысы ретінде айқындалуы ХІХ ғасырдың екінші жартысында басталды. Сол уақыттан бастап, жасөспірімдік шақ, жасөспірімдік мәселелер көптеген психолог, дәрігер, педагог, мәдениеттанушы, әлеуметкер ғалымдардың  көз салу орталығына айналды. Жасөспірімдік шақ бұл балалық шақтан ересектер әлеміне өту сатысы, ол эмоционалды жағынан мазмұнды болғандықтан, жасөспірімдік дағдарыстың негативті белгілері көріне бастайды.

Жасөспірім өзін, өзінің мүмкіндіктерін және жеке дара ерекшеліктерін түсінуге ұмтылады, өзінің басқа адамдармен ұқсастығын және олардан айырмашылығын тапқысы келеді. Құрбыларымен қарым – қатынас жасау өзі туралы адекватты түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Э.Эриксон бойынша /20/, құрбыларының арасында болу жасөспірімдерге саяси, әлеуметтік, экономикалық және діни идеологиялық жүйелердің  әсерін сезінуге мүмкіндік береді. Құрбы – құрдастарымен көп уақытын өткізген жасөспірімдер мінез – құлқының бағыттылығын қалыптастырады, кейде ол девиантты, бұзылған болады.

«Тұлғаның ауытқыған мінез – құлқының» өте күрделі, көпжақты категориясының ішінде тәуелді немесе аддиктивті мінез – құлықтың тобы бар. Аддиктивті мінез – құлық қауіпті мәселе, себебі айналасындағылармен қақтығыстар, қылмыс жасау, жұмысқа жасау қабілетінен айрылу сияқты негативті нәтижелерге әкеледі. «Аддиктивтілік» ұғымы медициналық сөздіктен алынған, қазіргі уақытта жаңа, кең таралған сөз болады.

Информация о работе Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы