Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2012 в 06:49, дипломная работа

Краткое описание

Алдымызда Қазақстан ғасыры. Еліміз егемендігін алып, дүниежүзілік өркениетке ұмтылу барысында, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру халықтың жарқын болашағын меңзейді. Ұрпақты дана да, тәрбиелі етіп тірбиелеу үшін – оның тұлғалық ерекшелігін қалыптастыру қажет.
Дүниедегі ең бағалы асыл байлық – адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл әрекеттің негізі, ол – шені және мақсаты, жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындылардың құдіретті иесі.

Содержание

Кіріспе .............................................................................. .................................3-6

І- БӨЛІМ. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы.
1.1. Жеткіншектердің сана-сезімі мен оны тәрбиелеудегі девиантты мінез-құлқты зерттеудің маңыздылығы................................................................. 7-11
1.2. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының түрлері мен сипаттамасы ..................................................................................................... 12-36

ІІ – БӨЛІМ. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының
ерекшеліктері
2.1. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқына әсер етуші факторлар ...............................................................................................................................37-44
2.2. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының пайда болуындағы жанұяның ролі .................................................................................................. 45-48
2.3. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқындағы тұлғалық ерекшеліктері ....................................................................................................49-51
ІІІ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
3.1. Зерттеудің мақсаты, міндеттері, болжамы........................................52-67
3.2. Зерттеу жұмысының әдістеріне сипаттама......................................
3.3. Эксперименттік зерттеу барысы.........................................................
Нәтижелер мен ұсыныстар ....................................................
Қорытынды ............................................................................ 68-69
Әдебиеттер тізімі ...................................................................... 70-73
Қосымшалар ..............................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жеткіншектердің сана сезімі.doc

— 684.50 Кб (Скачать документ)

Әртүрлі ақпарат көздері  жасөспірімдерге әртүрлі әсер етеді. Мәселен, 10 – 12 жасар оқушылар көрген фильмдердің әсерінен «нашақорларды» ойындарына салса,  13 – 17 жастағы жасөспірімдерде нашақорлықтын мәртебесі жайлы жалған түсінік қалыптасады.

Аса қауіптісі отбасылық  факторлар, себебі жасөспірім тұлғасы  қалыптасуы үшін отбасында болатын  барлық оқиғалар  ол үшін  маңызды. Бұл факторлар келесідей бола алады:

Қоршаған айналасы да алкоголизация мен наркотизацияға әсер етеді. Жақындағылары ретінде  отбасының рөлін көрсету керек.  10 жасқа дейінгі балалардың жартысы  мен  15 жасқа дейінгілердің 90% -ы жақын туысқандарының, таныстарының, достарының әсерінен спирттік ішімдіктерді қабылдады (Шабанов 1999).  Маскүнем немесе нашақор ата – аналардың әсренен  жасөспірім  нашақор немесе маскүнемге айналу қауіп – қатеріне шалдығады.

Балалармен жасөспірімдердің дамуы мен мінез-құлқына кері әсер ететін сыртқы факторларға мыналарды жатқызуға болады.

     1. Қоғамда  өтіп жатқан үрдістер:

- қоғамдық құндылықтар  иерархиясын өзгертуге бағытталған  айқын жағымды мемлекеттік идеологияның  жоқтығы:

- заңдардың және құқық қорғаушы орындардың жетілмегендігі, қылмыстардың жазаланбауы:

- жұмыссыздық (нақты  және жасырын);

-экономикалық тұрмысы  мен төмен  балалы отбасыыларға  әлеуметтік кепілдіктермен және  мемлекеттікқолдаудың жоқтығы; 

-өскелең ұрпақтың  әлеуметтенуінің дәстүрлі институттарының күйреуі мен дағдарысқа ұщырауы;

-бұқаралық ақпарат  құралдары арқылы зорлық-зомбылық  және қатігездікті насихаттау;

-балалардың денелік  және психикалық денсаулығының  бұзылуын  дер кезінде анықтаудың, соған сәйкес көмек көрсетудің  және квалификациялық диспансеризациясының болмауы:

-сапалы тегін қосымша  білімге балалардың қолының жетпеуі  (үйірмелердің,секциялардың ж.т.б.);

-темекіге,ішімдікке,нашақорлық  заттарға жолдың ашықтығы.

    2.Отбасының  жағдайы және оның ауаны:

-толық емес отбасы;

-отбасының материалдық жағдайы (кедейлік, байлық);

-ата-аналардың төмен  әлеуметтік-мәдени деңгейі;

-отбасындағы тәрбие  стилі (балаға бірыңғай талаптардың  қойылмауы,ата-аналардың қатігездігі,  олардың жазасыздығы және баланың  құқықсыздығы):

-баланың өзіндік құндылығын жоққа шығару;

-балалардың қажеттіліктерінің  жеткіліксіз немесе асыра қанағаттандырылуы;

-ата-аналардың балалардың  психоактивті заттарды қолдануға  жол беруі;

-ата-аналардың ішімдікті,  нашақорлық заттарды теріс пайдалануы.

    3.Мектепішілік  өмірдің жеткіліксіз ұйымдастырылуы:

-оқу және тәрбие  үрдісін басқаруды ұйымдастырудың толық жетілмегендігі; мектептің материалдық қамтамасыз етілуінің нашарлығы; қоғам арқылы балалармен айналыспайтвн ата-аналарға ықпал ететін тетіктердің және мектептің оқушылар отбасыларымен жүйелі байланысының жоқтығы; пәндік мұғалімдердің жетіспеушілігі; сабақтардың жиі болмай қалуы; сабақтан тыс жұмыстардың қанағаттандырғысыз ұйымдастырылуы; мектепте балалар ұйымдарының болмауы;

- мұғалімдердің бала  және жасөспірімдер психологиясын білмейтіндігінен көрінетін кәсіптік деңгейінің төмендігі; «оқушы-мұғалім» жүйесіндегі өзара қарым-қатынастардың авторитарлық немесе бетімен кетушілік деңгейінде болуы; оқушылардың  білімін бағалауда обьективтіліктің болмауы, ат-айдар тағу; мұғалімдердің оқушы тұлғасын басуы ( қоқан-лоққы қорлау ж.т.б.)

-жетілмеген жаңа оқу  бағдарламаларын енгізу, құндылықтар бағдарларының өзгеруі және соның негізінде «нені қалай оқыту» мәселесінің туындауы;

   -мектепке келген  оқушылардың дамуының және оқу  түрткілерінің төмендігі.

Аталып өткен тәуекел  факторлары сыртқы, обьективтік сипат  алады. Сондай-ақ балаларға бұдан  басқа да педагогтер білуге тиісті ішкі тәуекел факторлары да әсер етеді. Оларға мыналар жатады: өзінің қажетсіздігін және өзіндік орны жоқтығын сезінуі, өзіндік бағасының төмендігі, өзіне-өзі сенімсіздік, өзін-өзі бақылаумен өзіндік тәртіптің жеткіліксіздігі, әртүрлі жағдайларда сындарлы  ойлау мен адекваттық шешім қабылдай алмау, өз-өзіне және басқаларға өзінің сезімдері мен реакцияларын көрсете алмауы.     

Толық емес отбасы, әкесіз отбасында тәрбиелену деликвенттіліктің, психобелсенді заттарды қабылдауға жағдай жасайтын фактордың бірі. Бірақ  екеуіне де бейімділікті танытқан жасөспірімдер  толық, сырттай берекелі отбасыларында  да өсіп – жетіледі. Ал әлеуметтік жақсы бейімделген, деликвенттілікке де, психобелсенді заттарға да бейім емес жасөспірімдердің  20 – 25% толық емес отбасыларында тәрбиеленеді. Яғни бар мәселе толық емес отбасысында емес,  онда дұрыс тәрбие беру қиындығында жатыр.

Маңызды факторлардың біреуі ата – аналары маскүнем, қылмыскер және отбасы ішіндегі бір – біріне қатал қатынасы бар асоциалды отбасылар. (Битенский). Бұл отбасыларға балалардың панасыздығы мен баларға қатал қатынас тән. Жасөспірімдер көше шарлап, өздері секілді балармен топтасып жүреді. Бұндай балалар  естен таңдырушы заттармен  уақытты көп өткізуге бейім келеді. 

1. Жағымсыз отбасылық  жағдай, әсіресе егер ата –  анасы дәрі – дәрмекті зиянды  қолдану немесе пихикалық ауруға  шалдығу жағдайы. Осылай,  психотропты  заттарға байланысты немесе нашақорлықтан емделуге байланысты қаралуға келген  жасөспірімдердің 75% -ы жаман халдегі отбасыларында өсті, құқық бұзушылардың  90%  -ы берекесіз отбасыларынан шықты,  спирттік ішімдіктерге салынатын жасөспірімдер 76% -ы жаман халді, ал 50%  -ы толық емес отбасында тәрбиеленген (В.Т. Кондрашенко, 1988  /22/).

2. Дұрыс емес тәрбиелеу,  бұл мінезі ауыр немесе салмақты  емес мінез – құлықтағы жасөспірімдер  үшін аса қауіпті. Бұл гиперпротекция, яғни балаға жоғары қамқорлық,  оны дербестіктен арылту, оның мінез – құлқын шектен тыс бақылау. Жасөспірімге балалық шақтан шектен тыс қамқорлық пен бақылау, әр жасаған қадамын тексеру, ол үшін барлық шешім шығару, дербестігін төмендету (басым гиперпротекция) немесе қатты еркелету, кез – келген тілегін орындау, шынайы қабілеттеріне де ойлап тапқан дарындылығына тамсану, кіші – гірім қиындықтарды келтірмеу. Бұның нәтижесінде бала ерік – жігерсіз өсіп, қоршаған микроортаның әсеріне немесе өзінен белсенді лидерге тәуелді болады.

Екінші нұсқада жасөспірім ата – ананың қамқорынан толық шығып, ешқандай бағытқа көнбейді.

Гиперпротекция –  балаға төмен назар бөлу. Ата –  анасы баланың жұмыстарымен, жетістіктерімен, күйзелістерімен өте сирек таныс  болады. Психобелсенді заттарды қабылдауға әсер ететін түрткінің бірі ата –  ана жағынан, әсіресе анадан эмоционалды қабыл алмаушылық. Жасөспірім өзінің қажетсіздігін, ата – анада басқа, қызық өмір барын сезінеді. Жасөспірімге эмоционалды жылулық, ананың адал сүйіспеншілігі, түсіністігі жетіспейді. Жақындарының тарапынан бұндай қатынас эмоционалды – лабилді типтегі жасөспірімдерге қатты тиеді. Эмоционалды қабыл алмаушылық отбасындағы әлеуметтенуді бұзады, бұл өзіндік «Мен» бейнесінің бұрмалануына , өзін - өзі төмен бағалауға, мотивациялық аумақтын бұзылуына және психологиялық қорғаныстын түрі ретінде психобелсенді затты қолдануға және оларды өмірдің барлық мәселелерін шешетін әмбебеп құралы ретінде пайдалануға  әсер етеді.   Ата – анасының баласымен қарым – қатынаста конгруэнтты еместігі, яғни ата – ана сөзінің интонация мен бет қимылына сай келмеуі. Көбінде баланы жасырылытын эмоционалды қабыл алмауда кездеседі. Ата – ананың ескертулерін тыңдап, жасөспірім олардың шынайы еместігін, жасырын немқұрайлылығын сезеді. Бұндай жағдай отбасында өгей шеше немесе өгей әке пайда болғанда қалыптаса алады.

Ата – ана тарапынан  өзара түсінушілік пен балаларға  деген қамқорлықтын жоқтығы. Бала үнемі  өзінің қажетсіздігін, сүйіспеншілікке  қанықпағандығын сезінеді, сондықтан  агрессивті, ызалы болып өседі.

Әлеуметтік фактор ретінде  дәрігерлер жағымды да (тәуелді болған науқастарды емдеу, профилактика мен  тәуелділіктін ерте диагностикасы),  наркотизацияға жағымсыз да (тәуелділік тудыратын дәрілік заттарды дұрыс  жазып бермеу) әсер ете алады.

Бұқаралық мәдениет наркотизацияға жағдай жасайды. Мысалы, хиппи қозғалысы жастар арасында марихуананы бұқаралық қолдануға ықпал етті.

Даралық –  психологиялық сипаттағы себептерге жатқызады:

Тәуелділік туындауының  психологиялық факторлары бұл алкогольді не есірткіні қабылдауға итермелейтін түрткілердің жиынтығы. Олар психобелсенді заттарға үйренудің жеке процессін анықтайды. Оларға қоршаған ортаға бейімделу қиындықтары, айналасындағылармен қақтығыстар, қанағаттанбаушылық, түсінбестік, шаршағыштық, ұялшақтық, өзінің толымсыздығын сезіну, бір сөзбен айтқанда психикалық дискомфорт жағдайы фрустрация жатқызылады.

Жасөспірімдер арасында алкоголизация не наркотизация ересектерге, өзінен жасы үлкен жасөспірімдерге  немесе беделді құрбыларына еліктеуден өтеді. Егер олардың айналасындағы біреуі спирттік ішімдіктерді немесе нашақорлық затты қабылдайтын болса, қалғандары еліктеушіліктен алкогольді немесе есірткінін дәмін тата бастайды. Тәуекел факторы ретінде мінез – құлық реакциялары маңызды орын алады: эмансипация, құрбыларымен топтасу және қалыптасушы жыныстық ынтығу реакциялары.

Жасөспірім үшін құрбыларының қатарынан кем қалмау ұмтылысы маңызды. Құрбыларымен топтасу – бұл жасөспірімдік  шақтын қасиеті. Топта жиналған жасөспірімдер  өздеріне қызықты істі таба алмайды. Олар гитарада ойнап немесе музыканы тындап, есік алдында отырады. Ерте ме, кеш пе «көтерінкі көңіл – күй үшін» немесе «батылдық үшін» олар спирттік ішімдікті немесе нашақорлық заттарды қабылдай бастайды. Егер топ мүшелерінің біреуі ішуден бас тартса, ол әзіл – қалжынның астында қалады, бұндай жаста ол ауыр тиеді. Сондықтан жасөспірім жағымсыз әсерге тез бейімделеді.

Наркотизацияға әсер ететін маңызды психологиялық факторлардың бірі, тұлғаның басты қасиеті - әуестік, қызық көру. Әуестік – бұл қоршаған жағдайға бағдарлану қажеттілігінің нәтижесінде туындайтын психикалық жағдай. Ересектерге қарағанда балаларда әуестік қаттырақ бейнеленеді.

Белгілі – бір іс - әрекетке адамды итермелейтін әсерлерді  іздестіру қажеттілігін өлшеу әдістемесін  ұсынған алғаш авторлардың бірі американ психологы М.Цукерман (Цукерман, Мастеров) болды. 1979 жылы ол әсерлерді іздестіруге жоғары бейімділікпен байланысты мінез – құлықтын жалпы паттернін бейнелеп оны жаңа сезімдер мен әсерленулердің қажеттілігі деп, адамдар бұл әсерлер үшін физикалық және әлеуметтік қауіпке ұмтылысын анықтады. Бұл қажеттіліктін жеке құрылымдық бөлшектерін зерттеу үшін бірнеше шкаладан тұратын мәтінді ұсынды: а) атап   Тұлғаның аномалды белгілері (гедонизм, авантюризм, өзін - өзі жфизикалық қауіп ізденісі. Бұл спорпен және физикалық қауіппен байланысты басқа іс - әрекет түрлеріне қызығушылық; ә) жаңа тәжірибе ізденісі, сонымен қатар есірткіні қабылдау арқылы жетуге болатын тәжірибе, қанғыбастық; б) мінез – құлықтың әлеуметтік нормаларға сай еместігі – алкогольді қабылдау, ақшаға ойнау және т.б; в) жаңалықтарға, жаңа адамдармен танысу ұмтылысы, қызықсыз істерден бас тарту.

Бірқатар авторлардың  зерттеулері бойынша, М.Цукерманның  тестісінің жоғары көрсеткіштеріне  ие болған жасөспірімдер қозу деңгейін жоғарылату мен әртүрлі түйсіктерді алу мақсатымен есірткілерді қолданды, бұны жасауда олардың қысымы жоғарылап, соңғы мезетте босаңсып, рақаттанады.  Тұлғалық ерекшеліктер мінез – құлықтағы аутқуларды, әлеуметтік қатынастардағы ауырлықты тудырады, сондықтан жасөспірімде өзінің психикалық жағдайын өзгерту қажеттілігі туындайды. Жасөспірімнің психобелсенді заттарды қолдануға ынтығушылығы жалпы тұлғалық толымсыздықтын нәтижесі болу мүмкін.

4. Ересектерге (мұғалімдерге, ата - анаға) бағытталған «қарсылық»  реакциялары.

5. Жағымсыз эмоционалды күйзелістерді нейтрализациялау тәсілдері.

6. Әуестік.

Тәуекелдің басқа факторлары жанұядан өзге обьектілермен (мектеп, құрбылары мен қоғам)  өзара  әрекеттесумен байланысты. Олардың  кейбір факторлары:

- сыныпта өзіне сенімсіз  ұяң немесе агрессивті мінез – құлық;

- мектеп іс – шараларына  сәтсіз қатысу;

- қоғамдық міндеттерді  шеше алмау;

- «шеттегілерге» жату  немесе «шеттегі» балалармен  қатынасқа түсетіндермен қатынас  жасау;

- мектептегі, қоғамдағы  құрбыларының арасында психобелсенді  заттарды қабылтайтындардың мінез – құлқына позитивті қатынас.

Қорғаныс факторларының  тобы да бар, ол тәуекел факторына  абсолютті қарама – қарсы бола алмайды. Даму прцесінде әсері де бірқалыпты емес. Қорғаныс факторларына кіретіндер:

- күшті отбасылық байланыс;

- ата – анасы баласына үнемі бақылау жағдайы, өміріне қатысу және отбасы ішінде мінез – құлық қағидаларын оқыту;

- мектеп іс – шараларындағы  жетістіктер;

- әлеуметтік байланыстар,  мәселен мектеп пен жанұя, діни  қауымдастықтар;

- қоршаған адамдары  психобелсенді заттарды қолдануда жалпы қабылданған нормаларды сақтауы.

Осылай кәмелеттік жасқа  толмағандардың аддиктивтілк себептері  күрделі және көпаспектілі. Бірақ  бұл себептін біреуі де шешуші емес, нақты жасөспірім мен жеткіншектің аддиктивті мінез құлқының туындауында негіз болып шыға алмайды.

Спирттік ішімдіктер мен нашақорлықтан психикалық тәуелділікті туындататын әртүрлі факторлардың үйлесуі , олардың әсер ету қарқыны  сөзсіз маңызы бар, бірақ басты рөл  жасөспірмнің өзінің өмірлік жағдайын сезінуіне байланысты. Осыменен ғана шынайы факторлар мен өмірлік бақылаулар да түсіндіріледі: онда жағымсыз ортадан, нашар отбасылық атмосферадан шыққан бала құрметті адам болып өссе, басқасы аман – есен, материалдық қамтамасыз етілген, әлеуметте жоғары орын алатын отбасынан шықса да, нашақорға немесе маскүнемге айналады.

Информация о работе Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы