Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2012 в 06:49, дипломная работа

Краткое описание

Алдымызда Қазақстан ғасыры. Еліміз егемендігін алып, дүниежүзілік өркениетке ұмтылу барысында, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру халықтың жарқын болашағын меңзейді. Ұрпақты дана да, тәрбиелі етіп тірбиелеу үшін – оның тұлғалық ерекшелігін қалыптастыру қажет.
Дүниедегі ең бағалы асыл байлық – адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл әрекеттің негізі, ол – шені және мақсаты, жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындылардың құдіретті иесі.

Содержание

Кіріспе .............................................................................. .................................3-6

І- БӨЛІМ. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы.
1.1. Жеткіншектердің сана-сезімі мен оны тәрбиелеудегі девиантты мінез-құлқты зерттеудің маңыздылығы................................................................. 7-11
1.2. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының түрлері мен сипаттамасы ..................................................................................................... 12-36

ІІ – БӨЛІМ. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының
ерекшеліктері
2.1. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқына әсер етуші факторлар ...............................................................................................................................37-44
2.2. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының пайда болуындағы жанұяның ролі .................................................................................................. 45-48
2.3. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқындағы тұлғалық ерекшеліктері ....................................................................................................49-51
ІІІ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
3.1. Зерттеудің мақсаты, міндеттері, болжамы........................................52-67
3.2. Зерттеу жұмысының әдістеріне сипаттама......................................
3.3. Эксперименттік зерттеу барысы.........................................................
Нәтижелер мен ұсыныстар ....................................................
Қорытынды ............................................................................ 68-69
Әдебиеттер тізімі ...................................................................... 70-73
Қосымшалар ..............................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жеткіншектердің сана сезімі.doc

— 684.50 Кб (Скачать документ)

Интоксикацияның бірінші  фазасында маскүнемдікке ұқсас  мас болу туындайды, онда көтеріңкі  көңіл – күй, бас айналу, жылулық  пен босаңсу сезімдері байқалады. Егер жұту жалғасса екінші фаза басталады. Шаттық сезімі пайда болады, жасөспірімдер күледі немесе өлең айтады.  
Айналасындағыларын қабылдау бұрмаланады. Заттардың түрі өзгереді, өзінің денесі ерекше жеңілденеді, қол мен аяқтары ұзартылған немесе қысқарған болып көрінеді. Күштердің артуы және қозғалу қажеттілігі болады, қозғалыстардың координациясы бұзылған, сондықтан қозғалуда жсаөспірімдер тең басуынан айрылап, құлайды. Бұның бәрі қызулы қуануды тудырады. Сөйлеуі түсініксіз. Агрессивтілік байқалмайды. 

Кейін доза көбееді де келесі фаза басталады, оны жасөспірімдер «мультик көру» деп атайды. Фаза жарқын, қозғалғыш көру галлюцинацияларынын пайда болумен сипатталады. Денеде жорғалаған жәндіктер немесе жануарлар ретінде галлюцинация болу мүмкін. Интоксикация жағдайында жыныстық ынтығу күшейіп, ол кез – келген жолмен қанағаттандырылады. Интоксикация жағдайынан шыққанда шаршау, солғындық сезімі байқалады.

Жасөспірім ұшпа заттарын иіскей бастағанын анықтау қиын емес:

  1. киімі мен шашынан ұқсас иіс шығады;

2. үйде бос пен толық флакондар, тұрмыстық химия баллондары табылады;

3. бұл препараттар ауыз бен мұрын аумағында бөртпе, көз бен қабақтағы түршігу түрінде сыртқы із қалдырады.

Жасөспірім жүдеу, бозарған көрінеді, оның тәбеті, ұйқысы бұзылады, үйде көп уақыт өткізбейді, көбінде  құрбыларымен көшеде жүреді.

Жүйелі деммен ішке жұтудың 3 -  6 айынан кейін абстинентті синдром дамиды. Тоқталған жұтудан кейін бірінші тәуіліктін соңына қарай пайда болады. Басында көңіл – күйі төмендейді, ашулы болады, бас ауруы, тершендік приступы, қозғалыстық қозу байқалады.

Екінші тәулікте мазасыздық, сақтық туындайды, науқас жанжалшы болып, өзіне - өзі қол жұмсаумен қорқытады.

Кейін көңілі түседі, зарығу туындайды. Жасөспірім төсекте жатады. Жалпы жағдайы 4 – 6 күн ішінде нашарлап, кейін абстиненцияның белгілері жоғалса да, зарығу немесе ыза ұзақ уақытқа сақталады.

Абстинентті синдромның ұзақтығы 10 – 15 күн. 1- 1,5 айдай тең емес тепе – теңдік жағдайы созылады.

 

Токсикоманияның залалы мен асқынуы.

Бұл заттар қатты улы, сондықтан асқынулары жиі ингаляциялардың  бірнеше аптасынан кейін ерте көріне бастайды.

Жүйелі наркотизацияның 2 – 3 айынан кейін тапқырлық, зейінді концентрациялау мүмкіндігі төмендейді, ес бұзылады.

Мектеп оқушылары жаңа оқу материалын есте сақтай алмайды, қиын емес есептерді шығара алмайды, оқуға қызығушылығын жоғалтады. Бірнеше айдан кейін токсикалық энцефалопатия және кемақылдылық дами түседі. Мишық, бас сүйегінің жүйкелері, бауыр, бүйрек, тыныс алу жолдары зақымданады. Науқастардың бәрінде токсикалық гепатит және нефрит дамиды, себебі органикалық ерітінділер оларға токсикалық әсер етеді. Сүйек майы және иммунды жүйесі зақымданады. Передозировкада дірілдеген ұстамалы ауру бола алады.

Өлім тыныс орталығының  сал ауруынан, асфиксиядан немесе сәтсіз оқиғадан болу мүмкін.

Тұтастай алғанда ұшпа нашақорлық әсер еткіш заттармен  токсикомания ең қатерлі болады.

    Қазіргі таңда  есірткімен күрес жасау қолға  алынып отыр.  Жалпы алғанда нашақорлықпен күрес жолында Сингапур мен Малайзия айтарлықтай жетістікке жеткен. Бұл елдерде есірткімен байланысты қылмыс түріне өлім жазасын береді.

Анти үгіттеудің нашақорлықпен  күрес және алдын-алу бағдарламалары сияқты эффективті екені сөзсіз. Құралдардың  жетіспеушілігіне қарамастан кеден мен ФСБ-да нашақорлықпен күрестің арнайы бөлімшелері құрылған.

Ресейдегі наркологиялық  көмек көрсеру жүйесі ең алдымен  химиялық тәуелдікке душар болған адамдарға  көмек көрсетуге бағытталған, ал нашақорлыққа шалдығудың алғашқы кезеңіндегілерге көрсететін көмектің эффективтілігі жеткіліксіз.

Алдын-алу бағдарламаларының  қызметі біздің елде қажетінше таратылған жоқ.

Антиүгіттеудің негізгі сералар-профилактикалық  наркология, отандық әдістемелер  мен алдын-алу бағдарламаларын  жүзеге асыруға қабілетті ұжымдардың әлемдік бай тәжірибесіне қарамастан оларға тиісті көңіл бөлінбеуде. Профилактикалық концепциялардың стратегиялық бірлігінің болмауы осын жағдайдың себебі болып табылады.

Мәселені наркологиялық қызметтің  іс-әрекетін белсендіру жолымен шешу айтарлықтай нәтиже берген жоқ. Бұған бірнеше себеп бар: наркологтар мен кәмелеттік жасқа толмағандар (нашақорлыққа үйренуші ең негізгі контингент) арасында үнемі шынай контактінің болмауы, алкоголизм мен нашақорлықтың пайда болуының алғашқы кезеңдерін анықтаудың күрделілігі немесе анықтаудағы қиыншылықтардың болуы, наркологиялық орталықтардың материалды-техникалық базасының (негізінің) әлсіз болуы.

Алдын-алу жұмыстарына орта мектептер  мен басқа да білім жүйесіндегі  педагогтар мен психологтарды жаппай қатыстыру осы жағдайдан шығудың шынайы жолы болып табылады. Нашақорлықтың алдын-алуда балалармен, жасөспірімдермен үнемі контактідегі адамның мүмкіндігі максималды түрде екені анық. Олар ата-аналар мен нарколог мамандардың көңілімен тысқары қалатын баланың мінез-құлқының, күйінің, жүріс-тұрысының кейбір өзгешеліктерін байқай алады.

Педагогтарды нашақорлықтың алдын-алу  жұмыстарының негізіне үйрету, оларға наркологиялық аурулар туралы адекватты  ақпарат беру, оларды психотехникалық  және психотерапиялық әдіс-тәсілдермен (рольдік ойындар, тренингтер, психодрама, дискуссиялық жұмыстар) қамтамасыз ету, есірткіге қызығушылықтың альтернативті жүйесінің қалыптасу тәсілдерін үйрету жақын арада еліміздегі жасөспірімдерді есірткі эпидемиясынан сақтаудың алғы шарты.

                                              Ішімдікке салыну мәселелері.

 

Маскүнемдік- алкоголь ішімдіктерін үнемі қолданудан және шектен тыс  үйір болудан, қанына сіңіп кетуіне  байланысты, ал ішімдікті қолдануды  күрт тоқтатқан жағдайда (абстиненттік синдром), ағзаның бір қатар қызметтік  бұзылыстарына соқтыратын және баяу тереңдетін кесел. Қазақстанда халықтың 51-пайызы алкоголь ішімдіктерін пайдаланады, оның ішінде; балалар-21пайыз, жасөспірімдер-39 пайыз, жастар-60,4 пайыз. Тексеруден өткен 63 пайыз жасөспірімдердің ішінде алькоголмен танысу тәжірибесі 12 ден 15 жасқа дейін болған.

    -Алкоголь ішімдіктеріне  тым үйір адамдардың өмірінің  ұзақтығы, халықтың орташа өмір  ұзақтығымен салыстырғанда 15-20жасқа  аз.

    -Венерологиялық  ауруларға адамдар он жағдайдың  тоғызында маскүнем жағдайда  ұшырайды.

    -Балаларда  ми дамуының 40-60 пайызға артта  қалу себебі ата-аналардың маскүнемдігі.

    -Алкоголь орталық  нерв жүйесін күйзеліске ұшыратады,  ми жұмысын әлсіретеді және  есте сақтау үрдісін төмендетеді. 

    -Алкоголь қимыл-қозғалыс  үйлесімдігін бұзады және тез жауап беру қабілетін баяулатады.

    -Алкогольді  көп мөлшерде бірақ рет қабылдау, мида қалпына келмейтін өзгерістер  туғызады.

Алкоголь ішімдіктерін зиян келтіре пайдаланудың сатылары;

1.Тұрмыс жағдайдағы  маскүнемдік.

2.Маскүнемдік:

Алкогольге тәуелділік-алкогольдің адам өмірінде маңызды өрын алғанының куәсі және біртіндеп пайда болған ауру белгілерінің жиынтығы.

Маскүнемдік- әлеуметтік, жанұялық мәселе, одан көбіне маскүнемнің  туыстары, жақындары, әсіресе балалары зардап шегеді.

  Темекі шегу денсаулықтың қатерлі бұзылыстарына соқтырады. Қазақстанда шамамен халықтың үштен бір бөлігі (62пайызер адамдар және 18 пайыз әйелдер) темекі тартады, олардың көпшілігі темекі тартуды жасөспірім кезінде достарының арасында бастаған. Жыл сайын елімізде 23-24 мың адам темекі тарту салдарынан болған аурулардан қаза болуда, шамамен әр 2-ші  темекі тартатын адам темекі салдарынан пайда болатын аурулармен ауырады; өкпе рагі, жүрек қан-тамырлары аурулары, өкпе қабынуы, асқазан ауруы. Темекі тартатын жасөспірімдер астма және тыныс алу жолдары ауруымен жиі ауырады.

Қасындағы темекі шегушінің  темекісінің түтінін қабылдау- бұл  күштеп немесе еріксіз темекі шегу. Адам ең алдымен, тұтатылған темекінің  түтінін қабылдайды, еріксіз темекі шегуші негізгі шегушімен бірдей зардап шегеді.

Еріксіз темекі шегуге әсіресе  балалар сезімтал. Темекі шегетін  ата-аналардың балалары респираторлық  аурулармен, бронхит, пневмония, демікпемен көбірек ауырады. Темекі шегетін  аналардан туылған сәбилерде  «шетінеу синдромы» қатері екі есеге  жоғары.

Маскүнемдік – бұл спирттік ішімдіктерді ұзақ уақыт бойы қабылдаудың нәтижесінде дамитын және әлеуметтік бағалы рухани, физикалық қасиеттерді жоғалтуына әкелетін спирттік ішімдіктерге құштарлық.

«Салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру» ұлттық орталығының  деректеріне көз салсақ, соңғы он жылда үлкендер арасындағы маскүнемдікпен ауыратындар саны бес есеге, балалар арасындағы дәл сондай көрсеткіш он есеге дейін өскен екен.

«Дүниежүзілік денсаулық  сақтау» ұйымының деректері бойынша, бір маскүнем маңындағы он адамның өміріне зиян келтіреді екен. Осы ұйымның мәліметтеріне сүйенер болсақ, жылына сегіз литр ішкен адам маскүнемдер қатарына жатады. Адам ағзасына бір литр қанға шаққанда алты грамм алкогольден келер болса немесе бір келі салмаққа 4 – 12 гармм спирттен келсе өлім қаупі бар екен. Әрі ол адамның жасына байланысты, неғұрлым жас ағза болса, сөғұрлым алкогольге төзімсіз. Маскүнемдерге өлім әкелетін жас мөлшері -  2 – 2,5 литр.

Саналы түрде ішкен  шараптың адам ағзасына пайдалы екені  баспасөз беттерінде жазылып жүр. Мөлшерімен ішкен шарап адам ағзасындағы зат алмасуға оңды әсер етеді. Оның құрамындағы заттар көмірқышқылдық, азот, минералдық заттардың құрамын қалыптастырады. Ежелгі гректер суды дезенфекциялауға ақ шарапты қосқаны белгілі. АҚШ – тың Гонолулу медицина орталығында өткізілген зерттеулер ақ және қызыл шараптардың салманелла және колибактерияларға қатты әсер ететінін дәлелдеген.

АҚШ –тың әрбір он үшінші ересек тұрғыны – маскүнем. Олардың  ішімдік пен есірткіні шектен тыс пайдаланатыны себепті, жыл  сайын 120 мың адам ажал құшады екен.

Осы елдің Денсаулық  сақтау министрлігі жыл сайын  ішімдік пен есірткі АҚШ –қа 294 миллиард доллар көлемінде зиян әкелетінін айтты. Соның ішінде тек ішімдіктен келер зиян 185 миллиард доллар. 48 миллион  америкалық аптасына бір рет ішімдік ішсе, елдің 52 мың тұрғыны оны ішуге қарсылық білдіреді. АҚШ –тағы халықтың 32% - ы ішімдікті ықыластана ішеді.  16 миллионға жуық америкалық есірткі ексе, 66 миллионы шегеді, ал тұрғындардың 53% -ы өз жақындарының ішімдік ішкендерін мақұлдайды. 2003 жылы арақ – шарап кесірінен болған жол апаттарынан 17,4 мың адам қайтыс болса, колледждерде 14 мың адам өлімі болған. Барлық жасалған қылмыстардың 40% -ы маскүнемдіктің салдарынан, 25 мыңнан аса адам бауыр ауруларының созылмалы түрлерінен ажал құшады екен. Тек 2001 жылдың өзінде  2 миллионнан астам америкалық осы себептерден өмірден өткен. Америкалықтар арасында жүргізілген сауалнамаға назар аударайық. 18 – 49 жас аралығындағы америкалықтардың  66%  -ы сыраны ұнатса, 8%  -ы күшті арақ, 12%  - ы шарап ішеді екен. Бұл елдің кейбір штаттарында алкоголь сатуға, тіпті, тыйым салынған. Мысалы, АҚШ –тың Техас штатының 254 округінің 51 –інде ішімдік сатуға мүлдем тыйым салынған.  1972 жылға дейін бұл штаттарда спирттік ішімдіктер сатуға мүлдем рұқсат болмаған.

Ал, Қазақстанда адам басына шаққанда  арақ ішу жылына 33,5 литрден келеді. Осы арақ ішуден қанша отбасының  бұзылғаны, қанша тағдырдың қиындыққа  ұшырағанын есепке алып жатқан ешкім  жоқ. Елімізде  235 – 463 мың аралығында маскүнем бар екенін кейбір дерек көздерінен білеміз. 1996 жылғы дерек бойынша, елімізге 80 миллион доллардан астам қаржыға арақ – шарап әкелінсе, республикадағы арақ өндірушілер 2 миллион 100 мыңнан астам деколитр арақ – шарап өндірген екен. Арақ – шарап өндірісінде, әсіресе, Ақтөбе, Алматы, Ақмола облыстары алдарына жан салмай келеді. Әрине, арақ – шарап сатудан бюджетке түсетін қаржының мөлшерінің көп екендігін ешкім жоққа шығара алмайды, бірақ елімізде адам денсаулығынан артық байлықтың жоқ екенін ұмытпауымыз керек.

Елімізде төрт миллионға жақын адам алкогольдік ішімдікке әуес екені анықталып отыр. Ғылыми деректерге сүйенсек, әйел адамдардың ерлерге қарағанда мынадай физиологиялық өзгешелігі бар. Әйел ағзасындағы су ерлерге қарағанда 10%  -ға төмен. Сол себептен де арақ ішу әйел ағзасын ер адамға қарағанда ауыр интоксикацияға тез шалдықтырады. Сондықтан да әйелдер мен еркектер қатар ішкенде әйелдер маскүнемдікке 1 – 3 жылда, еркектер 3 – 10 жылда беріледі. Маскүнем әйел тек отбасы үшін ғана емес, қоғам үшін де үлкен қасірет.

Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, маскүнемдікке салынып, диспансерлік бақылауда тұрған әйелдер саны жылдан жылға өсіп келеді. Балалар алкоголизмі бұл күндері өте бір ушығып тұрған мәселелердің бірі болып тұр. Олардың өсіп келе жатған ағзасы спирттік ішімдіктерге тез үйренетіні себепті, созылмалы маскүнемдік 3 – 4 есе жылдам басталады.

Егер 2001 жылы еліміздегі емдеу мекемелерінде осы кеселмен бақылауда тұрғандар саны 23 177 болса, 2002 жылы бұл сан 25 835 –ке жетті. Ал, 2003 жылы 27 932 болған. Соңғы үш жылда жасөспірімдер арасындағы маскүнемдік 2,5 есе артып, 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы ішкілікке құмарлық 21 есе өскен. Бір ғана Алматы қаласында диспансерлік бақылауда тұрған маскүнем әйелдер саны 5 317 –ні құрса, оның 413 –і жасөспірім қыз балалар.

Бұл, әрине деректер ғана. Бірақ  осы көңілсіз деректердің артында  қаншама тағдырлар өксіп жатыр  десеңізші. Әсіресе, болашағымыз - балалар  жөніндегі деректер бізді қатты  алаңдатуы тиіс қой. Бірақ біз  қай жағынан алып қарасақ та, елімізде араққа қарсы жанды жұмыстарды көрмей тұрмыз. Қатаң шаралар қолдануға мүмкіндігі бар Үкіметіміз неге үнсіз? Маскүнемдікке қарсы емдік шараларын жүргізіп жатқан мемлекеттік емханалардың адам тағдырына деген жауапкершілігі қандай? Сұрақ көп.  Жасөспірімдік шақтағы маскүнемдік мәселесі аса өзекті. Қазіргі уақытта спирттік ішімдіктерді қабылдайтындарға қарағанда қабылдамайтын жасөспірімдер әлдеқайда аз, ал кейбіреулері тіпті үзбей ішеді. Бұл ер балаларға ғана емес, қыздарға да қатысты. Ересектердің маскүнемдігімен салыстырғанда жасөспірімдік және жеткіншектік шақтағы маскүнемділіктін кейбір айырмашылықтары бар. Бұл жасөспірімдердің физиологиялық және әлеуметтік жетілмеуімен байланысты, бірақ қалыптасу кезеңдері мен белгілері сол күйінде кездеседі.

Информация о работе Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы