Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2012 в 06:49, дипломная работа

Краткое описание

Алдымызда Қазақстан ғасыры. Еліміз егемендігін алып, дүниежүзілік өркениетке ұмтылу барысында, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру халықтың жарқын болашағын меңзейді. Ұрпақты дана да, тәрбиелі етіп тірбиелеу үшін – оның тұлғалық ерекшелігін қалыптастыру қажет.
Дүниедегі ең бағалы асыл байлық – адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл әрекеттің негізі, ол – шені және мақсаты, жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындылардың құдіретті иесі.

Содержание

Кіріспе .............................................................................. .................................3-6

І- БӨЛІМ. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы.
1.1. Жеткіншектердің сана-сезімі мен оны тәрбиелеудегі девиантты мінез-құлқты зерттеудің маңыздылығы................................................................. 7-11
1.2. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының түрлері мен сипаттамасы ..................................................................................................... 12-36

ІІ – БӨЛІМ. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының
ерекшеліктері
2.1. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқына әсер етуші факторлар ...............................................................................................................................37-44
2.2. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының пайда болуындағы жанұяның ролі .................................................................................................. 45-48
2.3. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқындағы тұлғалық ерекшеліктері ....................................................................................................49-51
ІІІ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
3.1. Зерттеудің мақсаты, міндеттері, болжамы........................................52-67
3.2. Зерттеу жұмысының әдістеріне сипаттама......................................
3.3. Эксперименттік зерттеу барысы.........................................................
Нәтижелер мен ұсыныстар ....................................................
Қорытынды ............................................................................ 68-69
Әдебиеттер тізімі ...................................................................... 70-73
Қосымшалар ..............................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жеткіншектердің сана сезімі.doc

— 684.50 Кб (Скачать документ)

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

 

Жеткіншектердің девиантты мінез-құлқы

 

 

 

 

 

Орындаған:                                                                Баймакашев В.         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2009 жыл

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе  .............................................................................. .................................3-6

 

         

І- БӨЛІМ.  Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы.

1.1. Жеткіншектердің сана-сезімі мен оны тәрбиелеудегі девиантты мінез-құлқты зерттеудің маңыздылығы.................................................................   7-11

1.2.  Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының түрлері мен сипаттамасы ..................................................................................................... 12-36

                                

ІІ – БӨЛІМ.  Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының

  ерекшеліктері 

2.1.  Жасөспірімдердің  девиантты мінез-құлқына әсер етуші факторлар  ...............................................................................................................................37-44

2.2. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының пайда болуындағы    жанұяның ролі .................................................................................................. 45-48

2.3. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқындағы тұлғалық       ерекшеліктері ....................................................................................................49-51

 

ІІІ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК      БӨЛІМ

 

3.1. Зерттеудің мақсаты, міндеттері, болжамы........................................52-67

3.2. Зерттеу жұмысының  әдістеріне  сипаттама......................................

3.3. Эксперименттік зерттеу  барысы.........................................................

 

Нәтижелер мен ұсыныстар  ....................................................

Қорытынды    ............................................................................    68-69

Әдебиеттер  тізімі  ......................................................................   70-73

Қосымшалар  ..............................................................................

 

 

 

                                     

 

К І Р І  С П Е

 

        Алдымызда Қазақстан ғасыры. Еліміз  егемендігін алып, дүниежүзілік  өркениетке ұмтылу барысында, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру халықтың жарқын болашағын меңзейді.  Ұрпақты дана да, тәрбиелі етіп тірбиелеу үшін – оның тұлғалық ерекшелігін қалыптастыру қажет.

       Дүниедегі  ең бағалы асыл байлық –  адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл әрекеттің негізі, ол – шені және мақсаты, жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындылардың құдіретті иесі.

      Адамды  сипаттағанда алдымен мінезін  ескереді. Егер де қасыңда жақсы  мінезді адам болса, өз басында  үлкен жеңілдікті сезесің. А.С.Макаренконың айтуынша, адамның жаман мінезі басқаларға тікенектей қадалып, жараласа, оның өзі де шөңге кіріп кеткендей сыздатып, қинайды деген болатын.

      Кейбір дәуір кезеңінде ата-аналар балаға тәлім-тәрбие берумен бірге олардың бойында ақыл-қайрат, білім-тағылым алу, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына үнемі көңіл аударып, жете мән беріп отырған.

            Мінез құрылымының компоненнтерін, оның тұлғалық ерекшеліетері мен айналасындағы әлеуметтік ортаның ықпалына икемделе құрылатынына талдама жасаған  Б.Г.Ананьев, А.Г. Ковалев, Н.Д.Левитов, В.С.Мерлин, В.Н.Мясищев, Ю.А.Самарин, И.В.Страхов және т.б.

      Мінез-құлық  мәдениеті–адамшылдық қарым-қатынастың  негізгі талаптары мен ережелерін  сақтау, айналасындағылармен дұрыс  қарым-қатынас құра білу. Адамның жүріс-тұрыс, іс-әрекетінің жиынтық көрінісі мінез-құлық ерекшеліктерін айқындайды. Мінез-құлық ерекшеліктері моральдық категорияға жатады. Ол адамның қоғамдағы мінез-құлқын реттеу қызметін атқаратын әлеуметтік институт, қоғам түгелдей мақұлдаған заңды талаптарының орындалу барысымен анықталады. . Құқықтық моральдан айырмашылығы: біріншіден, қоқам мойындаған адамгершілік талаптарын әр адамның орындауын барлық қоғам мүшелерінің қадағалауына байланысты, екіншіден, морал талаптарын орындау тек рухани әсер ету формаларымен (қоғамдық баға беру, көрсетілген мінез-құлық ережелерінің орындалуын мақұлдалуын мақұлдау немесе айыптау) өлшенеді. Мінез-құлық мәдениеті адамның өскен ортасына, адамдармен күнделікті  қарым-қатынасына , білім өресіне, көрген түйген өнегесінен алған өнегесіне байланысты.

     Адамның  мінезін зерттейтін ғылым саласымен  айналысқан ежелгі грек оқымыстысы  Феофрастан басталады. Ол өзінің  «Мінездер» дейтін трактатында  афиналық отыз адамның жағымсыз  мінездерін (суайт, жылпос, жәдігөй, жарамсақ, өсекшіл және т.б.) сынап жүйелейді. ХҮІІ ғасырдағы француз моралисі  Ларошфуко мыңнан астам нашар мінезді адамдардың портретін берген. Психологияда бұл соңғы кезде ғана зерттеле бастады. Орыс психологы А.Ф. Лазурский «Мінез туралы ғылыми очерктерінде» осы ілімге елеулі үлес қосты.

     Ұлы ойшыл  Абай адамның өсіп, жетілуіндегі  тәрбиенің рөліне ерекше тоқтала  келе, өзінің 19-қара сөзінде «Адам  баласы туа сала есті болмайды.Естіп,  көріп, ұстап,татып, естілердің  айтқандарын есте сақтап қана  естілер қатарында болады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді»- деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Сондай-ақ Абай «сүйекке біткен мінез сүйекпен бірге кетпейді» дейтін теріс көзқарасты әшкерелеп, адам мінезі өмір барысынан сабақ алып, өзін қоршаған жағдайларға байланысты өзгерістерге еніп, оның іс-әрекеттері арқылы көрінеді деген тұжырым жасайды. Адам мінезінің түрлерін  адамгершілік, моральдық, имандық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жіктейді. Әдептілікті сыпайылықты, құмарлықты, тәуелсіздікті, беріктікті жақсы мінезге жатқызса, сенгіштікті, арсыздықты, мақтаншақтықты, қулықты, жауыздықты т.б. жаман мінез деп есептейді. «Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақтық»-дей келе, адамды тәрбиелеудегі  қоғамдық ортаның рөлінің ерекшелігін саралап көрсете білді. Демек, Абай сана-сезімді тәрбиелеп жетілдірудегі қоғамдық ортаның рөлін  негізгі себеп ретінде түсіндіреді. Үлгі етіп ұсынған адал еңбек, ар-ождан мәселелері қай қоғамда болмасын аса қажет, адамды қиыншылық атаулыдан аман алып шығатын тіршіліктің тұтқасы, өмірдің өзгермес заңы, жастарды алға жетелер жарық жұлдыз нысанасы екені даусыз.

      Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті қайраткерлерінің бірі  Ж.Аймаутов жазушылығымен қоса қазақ топырағында тұңғыш педагогика,психология саласында қалам тарты, құнды-құнды ғылыми-зерттеу еңбектерінде «адам мінезінің, ақыл-қайратының әр түрлі болуы тәрбиенің түрлі түрлі болуынан...Адам баласының мінезінің мінді немесе келеңсіз болуы тәрбиенің жетіспегендігінен», ал тәрбиені әлеуметтік факторлардан алады. 

        Қазіргі таңда адамның көптеген  еңбек қызметі салаларында туындап  отырған мәселелердің бірі оның нервтік-психикалық қысымымен байланысты. Урбанизация, өмірдің қилы жылдам темпі, ақпараттық ауыртпалық барлығы адамның қысымын көтереді, сондықтан ол нервтік-психикалық паталогияның пайда болуына және дамуына алып келеді. Бұл психогигиена және психо-профилактика сұрақтарын туындатады. Мұндағы маңызды міндет адамның психикалық жай-күйін, денсаулығын қорғау. Мұндай мәселелерді шешу невротизация, психопатизация  және осыған жақын субклиникалық жай-күйді алдын алудың қажеттілігі, сонымен бірге психотравмалық факторлардың әсерінен патологиялық күйге ұшырайтын акцентуациялық сипатты ауруларды алдын алуда маңызды роль ойнайды.

Жеткіншек шақ  мінез-құлықтың қалыптасу кезеңі болып  табылады. Осы уақыт кезеңі кезінде  мінездің көптеген түрлері құрыла бастайды. Дәл осы мезетте әр түрлі типологиялық варианттар  нормалары басым болады. Уақыт өте келе мінездің кейбір жақтары өзгеріске ұшырайды, жаңарады, өмірлік тәжірбиенің арқасында тегістеледі. /7.5 бет./

Зерттеу жұмысының  өзектілігі: Жеткіншектік шақты қиын жас деп атайды. Шыныменен де, статистикалық мәліметтер бойынша, нашақорлыққа бейім болудың ең қауіпті уақыты – 12-17 жас аралығы. Бүгінгі таңдағы маскүнемдік пен нашақорлық бір ғана адамның немесе отбасының медициналық немесе адамгершілік жағынан мәселесі болудан қалып,  барлық тұрғындардың денсаулығына, бақ – берекесіне, қауіпсіздігіне, тіпті ұлттық дамуына әсер етеді, бір сөзбен айтқанда, бір отбасының емес, тұтастай қоғамның қайғы – қасіреті, ұлттық мәселесі. 

Зерттеу жұмысының  мақсаты: Жасөспірімдердің тұлғасына спирттік ішімдіктерді, есірткілерді, уыттырғы заттарды қабылдаудан, темекіні шегуден туындаған негативті әсерінің дәлелін теориялық түрде анықтау және эксперименттік түрде дәлелдеу.

Мақсатқа байланысты негізгі міндеттер анықталды:

  1. Мәселенің жағдайын психологияның теориясы мен практикасында зерттеу.
  2. Жасөспірімдерде девиантты мінез – құлықтың ерекшеліктерін анықтау.
  3. Жасөспірімдердің девиантты мінез – құлыққа бейім болатын топтын пайыздық көлемін олармен іс – тәжірибе жұмысында эксперименттік анықтау.

4.  Жасөспірімдік шақта девианттылықтың алдын – алуға жағдай жасайтын шарттарды анықтау.

1.Зерттеу жұмысының болжамы: Мектепте оқитын жасөспірімдердің арасында маскүнемдікке, нашақорлыққа, уыттырғы заттарға әуестікке бейім болатын, яғни тәуекел  тобын құратындар бар.

 2. Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер тұлға мінезін қалыптастыру мен жан-жақты дамуына әсер етуші әлеуметтік факторларды жандандырсақ, онда тұлғаның жеке бастық мінез-құлық ерекшелігінің  дұрыс бағытта қалыптасуына және девиантты мінез-құлықтың болмауына  әсер етеді.

Зерттеу пәні девиантты мінез – құлықтағы жасөспірімдердің тұлғасының ерекшеліктері.                

Зерттеу жұмысының  обьектісі:  Жасөспірімдік шақтағы девиантты мінез – құлық.

Теориялық маңыздылығы: Жас өскін ұрпақтардың девиантты мінез – құлыққа бейім болу мәселесі психологиядағы, әсіресе арнайы медициналық психологиядағы күрделі мәселелердің бірі болып табылады.  Психология ғылымында жасөспірімдердің психологиялық дамуын,  жасөспірімдік шақтың өту ерекшеліктері мен ұзақтығын, жасөспірімдік шақтың психологиялық мазмұнын  зерттеген Л.С.Выготский, Б.С.Братусь, Ст.Холл, Ш.Бюллер, В.Штерн, Э.Эриксон, жасөспірімдердің ауытқыған мінез – құлықтын ерекшеліктерін қарастырған А.Е.Личко, Ю.В.Попов, В.С.Битенский, Э.Г.Эйдемиллер. 

Практикалық маңыздылығы: Қазіргі таңдағы еліміздің жас ұрпақтарына сапалы білім, саналы тәрбие беру мақсатында жүргізіліп отырған сан түрлі тәрбиелеу ерекшеліктерін таңдай білу.  Жасөспірімдердің заман ағымындағые еуропалық тәрбие ерекшеліктеріне еліктеуі, оның ішінде жеңіл мінез-құлықтылық, шылым шегуді сәнге айналдыру әдеттерінен арылту мақсатында жалпы психология, әлеуметтік психология, педагогика, заң психологияларында балаларға дұрыс тәрбиелеу бағытында қолданылады.

Зерттеу жұмысының  құрылымы:

Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеу мәселесінің  өзектілігі, теориялық маңыздылығы, міндеттері мен мақсаты, объектісі  анықталды, зерттеу болжамы құрылды, зерттеу бағдарламасы, зерттеудің тәжірибелік мәні анықталды.

Бірінші бөлімде девиантты мінез – құлық мәселесінің теориялық мәселелері, девиантты мінез – құлықтың түрлері және жеткіншектік шақты теориялық тұрғыдан психологиялық зерттеудің теориялық негіздері және жасөспірімдік шақтағы девиантты мінез – құлықтың профилактикасы қарастырылады.

Екінші бөлімде девиантты мінез – құлыққа бейімділікті анықтайтын әдістер анықталады, эмпирикалық зерттеулердің нәтижелері интерпритацияланады және талданады.

Қорытындыда девиантты мінез – құлықтың психологиялық ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу нәтижелері көрсетіледі.

Әдебиеттер тізімі қазақ  және орыс тілінде, барлығы 80.

Қосымша құрамында қолданылған  әдістемелерге стимулды материалдар  көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І-БӨЛІМ. Жеткіншектердің сана-сезімі мен оны тәрбиелеудегі девиантты мінез-құлқын зерттеудің маңыздылығы.

1.1. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын зерттеу психологияның   пәні ретінде.

 

«Қиын бала» атанып, отбасында  да, мектепте де, қиындық тудырып  жүрген балалар туралы айтылып та, жазылып та жүр. Адам өмірге келген сәттен бастап үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы ортада өзін нық, еркін сезінуі мен үйлесімді дамуы үшін көптеген факторлар қажет. Қазіргі көпмәденитті қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына ауқымды әсерін тигізеді. Ст. Холл «бала толыққанды дамуы үшін өз халқының сезімдері мен көзқарастары басынан өткеруі қажет» деп санайды.

    Қандайда бір  олқылығы бар баланың даму  жағдайы, әдетте қолайсыз, жағымсыз  болады. Ол баланың дамуына кесірі тиетін тәрбиелеуші шағын әлеуметтің сипаттарынан, тәрбиелеу-оқыту, үрдістерінен және ықпал еткен тәрбиеленушінің ішкі ұстанымынан құралады.

     Балалардың  әлеуметтік-педагогикалық олқылығының  пайда болу тетігі мен дамуы  баланың тұлға болуға деген қажттілігі мен сондай болу мүмкіндігінің арасындағы қайшылықтар негізінде іске қосылады.

    Баланың персонализациялануға  ұмтылуы оған қатысты референттік  топтардың (бірінші отбасының  одан кейін балалар бақшасындағы  және мектептегі құрбыларының) оның әлеуметтік қалыптарға сай емес жеке дара көріністерін қабылдағысы келмейтіндігімен және құрбыларының жас ерекшелігіне байланысты мұндай ұстанымы педагогтердің және ата-аналардың олқылығы бар балаларға қатынасы негізінде қақтығысқа түседі.

    Әлеуметтік-педагогикалық  олқылық ерте балалық шақтан, шамамен үш жастан басталады,  яғни баланың өзіндік санасының,  мінез-құлқының ережеге сәйкестігінің  және нормативтік іс-әрекетінің  дами бастаған шағымен қатар  келеді. Жағымсыз даму жағдайында  олқылықтардың сандық белгілері мен көріністері жинақталып қалады.

    Ерте зерттеу,  алдын алу және түзету жұмыстары  олардың жоғары нәтижелі маңызына  ие.

     Ауытқушы (девианттық) мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нысандарға сәйкес емес әлеуметтік мінез-құлықты айтамыз (И.Невский). Белгілі әлеуметтанушы И.Кон девианттық мінез-құлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдинет немесе адами қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс-әрекет жүйелері ретінде қарастырады. Бейімделуші мінез-құлықтың тұжырымына сәйкес кез келген ауытқушылық  бейімделудің бұзылуына алып келеді (психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, қоғамдық).

Информация о работе Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы