Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2012 в 06:49, дипломная работа

Краткое описание

Алдымызда Қазақстан ғасыры. Еліміз егемендігін алып, дүниежүзілік өркениетке ұмтылу барысында, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру халықтың жарқын болашағын меңзейді. Ұрпақты дана да, тәрбиелі етіп тірбиелеу үшін – оның тұлғалық ерекшелігін қалыптастыру қажет.
Дүниедегі ең бағалы асыл байлық – адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл әрекеттің негізі, ол – шені және мақсаты, жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындылардың құдіретті иесі.

Содержание

Кіріспе .............................................................................. .................................3-6

І- БӨЛІМ. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы.
1.1. Жеткіншектердің сана-сезімі мен оны тәрбиелеудегі девиантты мінез-құлқты зерттеудің маңыздылығы................................................................. 7-11
1.2. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының түрлері мен сипаттамасы ..................................................................................................... 12-36

ІІ – БӨЛІМ. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының
ерекшеліктері
2.1. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқына әсер етуші факторлар ...............................................................................................................................37-44
2.2. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының пайда болуындағы жанұяның ролі .................................................................................................. 45-48
2.3. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқындағы тұлғалық ерекшеліктері ....................................................................................................49-51
ІІІ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
3.1. Зерттеудің мақсаты, міндеттері, болжамы........................................52-67
3.2. Зерттеу жұмысының әдістеріне сипаттама......................................
3.3. Эксперименттік зерттеу барысы.........................................................
Нәтижелер мен ұсыныстар ....................................................
Қорытынды ............................................................................ 68-69
Әдебиеттер тізімі ...................................................................... 70-73
Қосымшалар ..............................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жеткіншектердің сана сезімі.doc

— 684.50 Кб (Скачать документ)

Тұлғаның қалыпасқан деградациясында кәмелеттік жасқа  толмағандардың мінез – құлқы  әртүрлі болады. Бір жағдайда арамдықпен, әлсіз,әрі шек болмайтын қозумен, агрессивтілікпен қатар жасөспірім шыдамсыз, айналасындағыларға тиіскіш,  қақтығысқа тез түсетін болады. Басқа жағдайларда көңіл – күйдің жақсаруы, әжуа айту байқалады. Бұл өзінің мінез – құлқын, қалыптасқан жағдайды бағалау қабілетінің жоқтығын пайымдайды. Олардың ойлауы тереңдігін, логикалығын, жүйелілігін, ассоциациялардың байлығын жоғалтады.

Бұндай жасөспірімдер  зейінді ұзақ щоғырлауға бейімсіз, тез күшсіз қалады, қиын емес ойлау  жұмысын шешкенде қаталарді көп  жібереді.

Бастапқы уақытта интеллект  пен естін бұндай бұзылыстары  көзге түспейді, олар жасөспірімнің мінез – құлқының өзгеруімен байқалмайды. Бірақ психологиялық зерттеуде обьективті бағалауға ашық тұрады.

Жасөспірімнің орталық  жүйке жүйесіне психобелсенді заттардың  әсері толық, айқын аңғарылады, бұл  нейрофизиологиялық процесстердің нашарлауына ікеледі. Нәтижесінде асқынудың ең қаттысы психиканың айқын не біртіндеп дамитын бұзылысымен бейнеленетін психоздар болады (В.А Гурьева , В.Я.Гиндикин. Юношеские психопатии и алкоголизм, 1980).

Психикалық бұзылыстардың  белгілерінің бірі депрессия. Ол психобелсенді заттарды қолдануды тоқтатқаннан кейін абстиненция синдромында байқалады. Жасөспірімдердің көңіл – күйі нашарлайды, ашушаңдықпен не жыламсыраумен ұштасатын жабығушылық пайда болады. Бұл көңіл – күйдің әсерінен жасөспірімдерде өзінің керексіздігі, «қор қылған өмірі», тіршілік етуінің қажетсіздігі жайлы ойлар туады. Бұнда олар айналасындағыларға қауіп төндірмейді, бірақ өзіне - өзі қол жұмсауы мүмкін. Жасөспірім қауіпті дұрыс бағалай және қажетті әрекет ете алмайды, себебі оның сезімдері мен түйсіктерінің жолы жабық, жағдайды жартылай ғана қабылдайды, кей мезеттерін ғана.

Аддиктивті мінез –  құлықтағы жасөспірімдер басқа  адамдармен белгілі – бір байланыстарды  сақтай алмайды. Жаңа таныстықты жасағанда  талғамсыз, себебі танысудың критериі ішуге, есірткіні қабылдауғы ұмтылады.

Тұлға деградациясының  әртүрлі типтері бар. Астеникалық  типте белілі – бір күшке, шыдамдылыққа, бейімділік байқалады, бұндай жасөспірім іске құлшына кіресе алады, бір нәрсені  жасауға шынайы серт береді, бірақ  оның ұмтылысы күшін жоғалтады да істі жалғастыру ниеті жоғалады. Кейін ол күрделі мәселелерді шешуден және күшті қажет ететін барлық мәселелерден қашады.

Деградацияның истериялық типінде аса айқын күдіктенушілік пен өзін - өзі асыра сипаттау байқалады. Бұндай жасөспірімдер өзін - өзі өлтірумен қорқытып, жақындарының махаббатын өз пайдасына қолданады.

Деградацияның эксплозивті («жарылғыш») типі ерекше салмақсыздықпен, ашу – ызамен бейнеленеді, жасөспірімдер  ұрыстарға бейім болады.

Деградацияның апатикалық типі қуаттын , әрекетке ұмтылысының жоқтығымен сипатталады. Жасөспірімдердің ықыласы жоқ, қызығушылық тантыпайды, ештенені көрмейді, ешқайда бармайды. Тұлғаның бастапқы ерекшеліктері деградацияның типіне ғана емес, мінез – құлық сипатына да әсер етеді /17/.

Кейде психобелсенді затты қабылдаған жасөспірімнің мінез – құлқы естен тануға дейінгіге қайшы келеді. Мысалы, жақындарына шыдатпайтын, қатал жасөспірім мас болу кезеңінде жасаураған – сентименталды болса, басқасы, керісінше, өмірде «қойдай момын» болғаныменен, ашу – ызаға толы болады.

Осылай, тұлға өзгерістері  эмоционалдық, ерік – жігерлік, интеллектуалды деградацияны қосатын психоәлеуметтік  деградация ретінде қарастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ

 

3.1. Зерттеу жұмысының мақсаты, міндеттері және болжамы

 

Адам өзін табиғаттың зор күшіне, оның асқар тауының  биік шыңына, құдыретіне теңейді. Бірақ  адам  табиғаттың заңдылықтарына толықтай бағынатын бөлшегі ғана болады. Бүгінгі  таңда табиғат дамуының заңдылықтары, оны реттеудің күрделі процесстері, оның өзара байланыстарының нәзік жараланғыштығы  туралы көп айтып, жазады. Ауа және су қабаттарының ластануы сияқты экологиялық мәселелерді зерттей отырып, біздер адамның өзіндік экологиясы мәселесін естен шығарамыз. Осыған байланысты соңғы уақытта, аддиктивті мінез – құлық мәселесі аса өршіп барады.

Нашақорлықтың таралу  қарқыны жастардың физикалық  және адамгершілік денсаулығының дамуын, болашақтарын, қоғамымыздың әлеуметтік сенімділігін шынжырға  салады  /38/.

Сондықтан да қазіргі  кезде жасөспірімдік шақтағы  мектеп оқушыларының арасында психобелсенді  заттарды қабылдауға бейім болатын  тәуекел тобын ғылыми түрде зерттеу  қажеттігі туындап отыр. Біздің негізгі мақсатымыз күні ертең ел тұтқасын ұстайтын, алдыңғы толқынның ізін басып, ісін жалғайтын әрбір жастың болашағына жол ашу болып табылады. Бірақ бүгінігі күні Қазақстан алдында тұрған алдыңғы қатарлы мәселелердің орталығында елдің жас тұрғындарының денсаулықтарына, ұлттық қауіпсіздігіне төнген орасан зор қауіп – қатер ретінде  психобелсенді заттарға деген тәуелділік мәселесі орын алады. 

Біздің жұмысымыздың орталық мәселесі мектепте оқитын жасөспірімдердің арасында маскүнемдікке, нашақорлыққа, уыттырғы заттарға әуестікке бейім болатын, яғни тәуекел  тобын құратындардың пайыздық көлемін зерттеу.  Сонымен, өз ұсынысымызды келесі болжамда көрсетейік:

Зерттеу жұмысының болжамы: Мектепте оқитын жасөспірімдердің арасында маскүнемдікке, нашақорлыққа, уыттырғы заттарға әуестікке бейім болатын, яғни тәуекел  тобын құратындар бар.

Мақсаты: Жасөспірімдердің тұлғасына спирттік ішімдіктерді, есірткілерді, уыттырғы заттарды қабылдаудан, темекіні шегуден туындаған негативті әсерінің фактісін эксперименталды түрде дәлелдеу.

Алдыға шығарылған болжамды тексеру  және қойылған мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысының міндеттері құрылды:

    1. Зерттеу мәселесі бойынша жалпы мәліметтердің анализін жасау және болжамдарды құрау.
    2. Тәжірибелік – эксперименттік зерттеулерді жоспарлау мен өткізу.
    3. Әлеуметтік әдістер (оқушыларға анкеталауды, тестілеуді жүргізу) дайындау.
    4. Алынған эксперименттік нәтижелердің салыстырмалы анализін жасау.

5.Эксперименттің нәтижелерін сандық және сапалық бағалау және      олардың зерттеу болжамына қатынасын анықтау.

Зерттеу жұмысының  обьектісі:  Жасөспірімдік шақтағы аддиктивті мінез – құлық.

Зерттеу жұмысының  таңдамалысы: Астана қаласының № 40 қазақ орта мектебінің 9 – сынып оқушылары.  Олардың жас ерекшелігі  14 – 16 жас аралығы. Зерттелушілердің жалпы саны 40. Олар  № 40 қазақ орта мектебінің 9 «Б» сынып оқушылары, ал бақылау тобы ретіндегі 20 жеткіншек сол мектептің  9 «А» сынып оқушылары. Зерттеу жүргізілген 9 «А» сынып оқушыларының ішінде 11 ер бала,  қалған 9 оқушы қыздар болды. Ал 9 «Б» сыныбында 6 ер бала мен 14 қыз балаға зерттеу өткізілді.

Зерттеу жұмысының әдістемелері: «Өзіндік көңіл – күй, белсенділік, көңіл - күй» (САН) сауалнамасы, Басса – Даркидің агрессивтілікті анықтайтын  тестісі, жасөспірімдердің мінез акцентуациясын зерттейтін сауалнама,  жасырын түрде толтырылып, ата – анаға арналған анкета қолданылды.

Зерттеу уақыты: 2009жыл,  қаңтар, ақпан, сәуір айлары аралығы.

 

 

3.2. Зерттеу жұмысының әдістемелеріне сипаттама

 

Жасөспрімдердің психобелсенді  заттарға деген бейімділігін және тәуекел  топты құратын  жеткіншектердің  пайыздық санын анықтау мақсатында келесідегідей әдістемелер қолданылды: «Өзінідік көңіл – күй, белсенділік, көңіл - күй» (САН) сауалнамасы, Басса – Даркидің агрессивтілікті анықтайтын  тестісі, жасөспірімдердің мінез акцентуациясын зерттейтін сауалнама,  жасырын түрде толтырылып,  жасөспірімдердің психобелсенді заттарды қабылдауға деген жағымды немесе жағымсыз қатынасының пайыздық    көлемін анықтайтын анкета, ата – анаға арналған анкета. Зерттеу жұмысында берілген міндеттерді шешу үшін жасөспірімдердің белсенділігі, көңіл – күйі, өзіндік көңіл – күйі, агрессивтілік түрлері, мінез акцентуациялары, психобелсенді заттарға қатынасы және олардың ата – аналарының бұл мәселеге көзқарастарын зерттеуге бағытталған әдістемелер алынды.

Зерттеу мәселесінің  жоспарына байланысты эксперименталдық зерттеу жұмысы бірнеше кезеңге бөлініп жүргізілді.

І кезең: Өзіндік көңіл - күй, белсенділік, көңіл – күй сауалнамасы.

Мақсаты: жасөспірімдердің өзіндік көңіл - күйін, өзін - өзі сезінулерін, белсенділігін, көңіл – күйін оперативті түрде зерттеу. Сауалнама қарама - қарсы  сипаттағы 30 жұптан тұрады. Олар бойынша 30 полярлы белгіден тұратын кесте көмегімен зерттелушінің қазіргі уақыттағы жағдайын бейнелеуін сұрайды. Әр жұпта зерттелуші өзінің жағдайына сай келетін қасиетті  таңдайтын шкала бар,  нақты сипаттайтын қасиетті таңдап, берілген қасиеттің күштілік дәрежесіне сай санды белгілеуі керек.

Есептеуде жұптың негативті  полюсінің бейнеленуінің соңғы  дәрежесі 1 баллмен, ал жұптың позитивті полюсінің бейнеленуінің соңғы дәрежесі 7 баллмен бағаланады. Шкалалардың полюстары өзгерсе де, жағымды жағдайлар жоғары баллдарды, ал жағымсыз төмен баллдарды алады. Жиналған баллдар кілтке сәйкес үш категорияға топталады да, әрқайсысы бойынша баллдардың саны есептеледі де жиналған баллдардың саны онға бөлінеді.

«Өзіндік көңіл – күй, белсенділік, көңіл - күй» сауалнамасының кілті:

Өзіндік көңіл – күй (шкалалар бойынша баллдардың сомасы): 1, 2, 7, 8, 13, 14, 19, 20, 25, 26.

Белсенділік  (шкалалар бойынша баллдардың сомасы): 3, 4, 9, 10, 15, 16, 21, 22, 27, 28.

   Көңіл – күй (шкалалар бойынша баллдардың сомасы): 5, 6, 11, 12, 17, 18, 23, 24, 29, 30.

Алынған нәтижелер әр категория бойынша 10 бөлінеді. Әдістеменің авторларының мәліметтерінше, қалыпты бағалау шкаласы «өзіндік көңіл – күй», «белсенділік» параметрлері бойынша 5,0 ден 5,5 балл және «көңіл күй» параметрінде 5,5 тен 6,0 ге дейінгі ұпайлар диапазонында жатыр /49/.

ІІ кезең: Басса – Даркидің агрессивтілікті анықтайтын тестісі. Мақсаты: жасөспірімдердің тұлғасында:

  1. физикалық агрессия, 
  2. жанама агрессия,
  3. тітіркенушілік,    
  4. негативизм,   
  5. өкпелегіштік,  
  6. күдіктенушілік,
  7. вербалды агрессия,
  8. кінәні сезіну

сияқты агрессияның  белгілерін       анықтау. Тесті  40 тұжырымнан тұрады. Зерттелуші бұл тұжырыммен келісетін болса, «иә», ал келіспесе «жоқ» деп жауап беруі керек.  Сәйкес келген таңбаларға бір ұпай беріледі /49/.

  ІІІ кезең: Жасөспрімдердің мінез акцентуациясын зерттейтін сауалнама. Сауалнама 50 сұрақтан тұрады. Егер зерттелуші  сұраққа келісетін болса «+» , келіспесе – « - » деп жауап беруі керек.

Ескерту: Бұнда зерттелушінің көп ойлануына тыйым салынады, ол ойына алғашқы келген жауапты белгілеуі шарт.

Кесте 3. Сауалнаманың кілті.

 

Көрсеткіші

Сұрақтың №

1. Отбасындағы қарым  - қатынас

3+,  13-, 18+,  19+,  26+,  27+,  32+,  38+,   47+.

2. Агрессивтілік

7+,  12+,  24+,  25+,  30+,  40+,  41+,  45+,  46+.

3. Адамдарға сенбеушілік

1-,  2-,  8+,  9+,  10-,  22+,  23+,  31+.

4. Өз - өзіне сенбеушілік

4+,  14+,  15-,  16+,  20+,  21+,  28+,  29+,  33+,  39+,  49+.

5. Акцентуациялар: гипертимді,

истероидты,  шизоидты,

эмоционалды - лабильді

34+,  42-,  50+,  5+,  35+,  43+,  17+,  36+,  48+,  6+,  37+,  44+.


Нәтижелердің интерпритациясы:

  1. Отбасындағы қарым – қатынасы. Жоғары баллдар отбасылық қатынастардың бұзылысы туралы белгілейді, ол мынадай себептерге байланысты:
      1. отбасының қиын жағдайы;
      1. ата – ананың баланы қабыл алмауы, ұнатпауы;
      2. ата – ананалық сүйіспеншіліктің жоқтығынан себепсіз шектеулер мен талап қоюлар;
      3. ата – ана алдындағы қорқыныш.
  1. Агрессивтілік. Жоғары баллдар басым болған қастасушылықты, қаталдықты сипаттайды.
  2. Адамдарға сенбеушілік. Жоғары баллдар қоршаған адамдарға қатты айқындалған сенімсіздік, күдіктенушілік, қастасушылық туралы мәлімет береді.
  3. Өз - өзіне сенбеушілік. Жоғары баллдар жоғары мазасыздықты, өзінің тұлғасының қасиеттеріне  сенімсіздікті білдіреді.
  4. Мінез акцентуациялары.

Қауіпті топқа мінез акцентуациясының келесі типтері жатады.

Гипертимді тип. Әрқашан  да жақсы көңіл – күймен ерекшеленеді, қуатты, белсенді, тәртіпті ұнатпайды, тітіркенгіш.

Истероидты тип. Өз - өзін жоғары сүйгіштігімен, басқа жақтан өзіне көңіл бөлуге тойымсыздығымен ерекшеленеді, адамдармен жақын қарым – қатынаста сенімді дос бола алмайды.

Шизоидты тип. Тұйықтықпен  және өзгелердің ішкі жағдайын түсіне алмаушылықпен сипатталады, өзінің ішкі дүниесіне түніледі.

Эмоционалды – лабильді тип. Көңіл – күйінің себептен – себепсіз өзгергіштігімен мінезделеді /49/.

Төртінші кезең: Анкета.

Анкета – бұл вербалды емес немесе вербалды коммуникация негізіндегі  алғашқы әлеуметтік – психологиялық  ақпарат алу үшін қолданылатын әдістемелік тәсіл. Анкета зерттудің бастапқы міндетіне байланысты логикалық тұрғыда жинақталған сұрақтардан тұрады. Біз 15 сұрақтан тұратын анкетаны пайдаландық. Біз өткізген анкетаның мақсаты: жасырын (анонимді) түрде толтырылып,  жасөспірімдердің психобелсенді заттарды қабылдауға деген жағымды немесе жағымсыз қатынасының пайыздық    көлемін анықтайтау.   Анкетаның негізгі сұрақтары:

Информация о работе Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы