Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2012 в 06:49, дипломная работа

Краткое описание

Алдымызда Қазақстан ғасыры. Еліміз егемендігін алып, дүниежүзілік өркениетке ұмтылу барысында, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру халықтың жарқын болашағын меңзейді. Ұрпақты дана да, тәрбиелі етіп тірбиелеу үшін – оның тұлғалық ерекшелігін қалыптастыру қажет.
Дүниедегі ең бағалы асыл байлық – адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл әрекеттің негізі, ол – шені және мақсаты, жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындылардың құдіретті иесі.

Содержание

Кіріспе .............................................................................. .................................3-6

І- БӨЛІМ. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы.
1.1. Жеткіншектердің сана-сезімі мен оны тәрбиелеудегі девиантты мінез-құлқты зерттеудің маңыздылығы................................................................. 7-11
1.2. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының түрлері мен сипаттамасы ..................................................................................................... 12-36

ІІ – БӨЛІМ. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының
ерекшеліктері
2.1. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқына әсер етуші факторлар ...............................................................................................................................37-44
2.2. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының пайда болуындағы жанұяның ролі .................................................................................................. 45-48
2.3. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқындағы тұлғалық ерекшеліктері ....................................................................................................49-51
ІІІ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
3.1. Зерттеудің мақсаты, міндеттері, болжамы........................................52-67
3.2. Зерттеу жұмысының әдістеріне сипаттама......................................
3.3. Эксперименттік зерттеу барысы.........................................................
Нәтижелер мен ұсыныстар ....................................................
Қорытынды ............................................................................ 68-69
Әдебиеттер тізімі ...................................................................... 70-73
Қосымшалар ..............................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жеткіншектердің сана сезімі.doc

— 684.50 Кб (Скачать документ)



 

Басса – Даркидің сауалнамасын өткізудің басты мақсаты: жасөспірімдерде  агрессивтіліктің белгілерін анықтау. Жоғары агрессивтілік көбінде аддиктивті мінез – құлыққа бейімді болуға жағдай жасайды. Сонымен қатар, агрессивтілік  аддиктивті мінез – құлықтағы  жасөспірімдердің мінезінің айнымас бөлігі.

«Басса – Даркидің агрессивтілікті анықтайтын» тестісі  бойынша алынған жауаптардың  нәтижесі келесідегідей болды. Эксперименттік топ респонденттерінің әрқайсысында әртүрлі дәрежеде болғаныменен, агрессивтілік белгілері кездеседі. Осы топтың физикалық агрессиясының орташа көрсеткіші 2,4 ұпай.  Зерттеуге қатысқан 4 адамның нәтижелері бойынша, оларда физикалық агрессияның белгілері мүлдем табылмады, ал қалған 21 оқушыда әлсіз белгілері байқалды.  Сауалнамада көрсетілген барлық агрессия түрлерінің ішінде физикалық агрессияның орташа көрсеткіші ең төмен, яғни оқушылар қарсыластарына физикалық агрессия көрсетпейді және қақтығыстарды күреспен емес, компромисс табу жолымен шешеді. Зерттеуге қатысқан 2 жасөспірімде ғана жанама агрессияның және негативизмнің  ешбір сипаты болмағаныменен, қалған зерттелушілердің барлығында   жанама агрессияның, негативизмнің  белгілері кездеседі. 10 адамда негативизм айқын бейнеленген. Аталған агрессияның осы түрлері бойынша орташа көрсеткіш 3,2 тең болды.  Сонымен қатар, барлық зерттелушілерде тітіркенушілік анықталды. Оның  орташа көрсеткіші 3,4 ұпай. Сауалнама бойынша, жиі кездесетін сипаттаманың бірі кінәні сезіну, оның орташа көрсеткіші 3,3 ұпай болды. Бұл белгі зерттелінген 25 жасөспірімнің ішіндегі 23-не  тән. Күдіктенушілік пен вербалды агрессия да жиі табылады. Бұл қасиеттердің орташа көрсеткіштері 2,9 ұпай  болды.  Өкпелегіштік қасиетінің орташа көрсеткіші 2,6-ға тең.  Бұл да жоғары көрсеткіштің бірі болып табылады, ол жасөспірімдердің маңызы жоқ,  ұсақ нәрселерге ренішті болатындығының көрінісі. 

Осылайша, эксперименттік топ нәтижелерін қорытындылайтын болсақ, зерттелуші жасөспірімдердің басым бөлігінде агрессивтіліктің көріністері кездеседі:

  • 100 % - кінәні сезіну;
  • 100 %   - тітіркенушілік
  • 100% - негативизм

Ал, бақылаушы топ зерттелушілерінің  нәтижелерін қарастыратын болсақ, олардың  да кінәні сезіну қасиетінің орташа көрсеткіші 3,3 ұпай болып, бұл белгі бойынша  эксперименттік топтың орташа көрсеткішіне ұқсас болды. Бірақ эксперименттік топпен салыстырғанда, осы топтағы агрессивтілік белгілері төмен болады.  Негативизм мен тітіркенушіліктің орташа көрсеткіштері бір – біріне жақын, оларды тіпті ұқсас деуге болады, яғни 2,7 және 2,5 ұпай. Физикалық агрессияның әлсіз қырлары көзге түседі. Өкпелегіштік, ренжігіштік қасиеттері 2,01-ге тең болды. Жанама және вербалды агрессияның орташа көрсеткіштері - 1,8.

Респонденттердің 100% тітіркенушілік байқалады. Жасөспірімдік шаққа тән психологиялық ерекшеліктің бірі дағдарыс кезеңіндегі оқушылар кез – келген әлеуметтік жағымды немесе жағымсыз әсерлерге  өте сезімтал және бейім келеді, қоршаған айналасынан келетін ықпалдарды жүрекке жақын қабылдайды, осылардың барлығы тітіркенгіштіктері де жоғары болатындығына куә болады.

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 3.

3. Жасөспрімдердің мінез акцентуациясын зерттейтін сауалнама.

Мінез акцентуациясы  дегеніміз мінез - құлықтың психологиялық нормасының шеткі нұсқасы. Диагностикалық зерттеме нәтижелері бойынша алынған нәтижелерді әр шкалаға сәйкес анықтап, оларға төмендегідей сипаттама берілді:

 

Кесте 9. «А» тобының  нәтижесі /эксперименттік топ /.

 

Көрсеткіші

Топтағы пайызы

1. Отбасындағы қарым  - қатынас

30%

2. Агрессивтілік

60%

3. Адамдарға сенбеушілік

60%

4. Өз - өзіне сенбеушілік

70%

5. Акцентуациялар: а) гипертимді,

ә) истероидты, б) шизоидты,

в) эмоционалды - лабильді

а) 40%            ә) 20%

б) 25%            в) 45%


 

 

Кесте 10. «Б» тобының  нәтижесі /бақылаушы топ/.

 

Көрсеткіші

Топтағы пайызы

1. Отбасындағы қарым  - қатынас

15%

2. Агрессивтілік

40%

3. Адамдарға сенбеушілік

45%

4. Өз - өзіне сенбеушілік

50%

5. Акцентуациялар: а) гипертимді,

ә) истероидты,  б) шизоидты,

в) эмоционалды - лабильді

а)10%               ә) 15%    б) 15%               в) 5 %


 Алынған нәтижелерге  сүйенетін болсақ «А» тобындағы зерттелушілердің 30%  отбасындағы қатынастардың төмен деңгейін көрсетеді. Ал, бақылау «Б» тобында төмен отбасылық қатынастар зерттелушілердің 15% бейнеленген. Эксперименттік топтағы 60% жасөспірімдерге агрессивтілік пен адамдарға сенбеуішілік тән, бақылаушы топта агрессивтілік  40%, адамдарға сенбеушілік 45% респонденттерге тән. Екі топ зерттелушілеріне тән ортақ белгі: екеуінде де аталған сипаттамалар бойынша өз - өзіне сенбеушілік белгісінің пайыз саны ең жоғары болды. Бұл белгі бойынша алынған жоғары баллдар жоғары мазасыздықты, өзінің тұлғасының қасиеттеріне  сенімсіздікті білдіреді. «А» тобындағы зерттелушілердің көбіне мінез акцентуациясының гипертимдігі мен эмоционалды – лабильділігі тән. Гипертимді типтегі жасөспірімдер әрқашан да жақсы көңіл – күймен ерекшеленеді, қуатты, белсенді болады, олар тәртіпті ұнатпайды, тітіркенгіш келеді. Эмоционалды – лабильді типтегілер көңіл – күйінің себептен – себепсіз өзгергіштігімен мінезделеді.

Ал, «Б» тобына истероидты, шизоидты мінез – акцентуациялары тән. Истероидты тип. Өз - өзін жоғары сүйгіштігімен, басқа жақтан өзіне көңіл бөлуге тойымсыздығымен ерекшеленеді, адамдармен жақын қарым – қатынаста сенімді дос бола алмайды. Шизоидты тип. Тұйықтықпен және өзгелердің ішкі жағдайын түсіне алмаушылықпен сипатталады, өзінің ішкі дүниесіне түніледі.

 

Сурет 4.

 

 

4. Жасөспірімдердің психобелсенді заттарды қабылдауға жағымды немесе жағымсыз қатынастын пайыздық арақатынасын анықтайтын анкетаның қорытындысы:

Анкетаны жүргізудегі ең басты мақсаттың бірі – аддиктивті мінез – құлыққа бейім бола алатын жасөспірімдердің тәуекел тобын анықтау.

Эксперименттік топта өткізілген зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша, темекі шегу мен спирттік ішімдіктерді қабылдау сұрағына берілген жауаптар бойынша,  сыныптағы   оқушылардың көпшілігі, тіпті 1/2 темекі шегеді және спирттік ішімдіктерді қабылдайды, осылайша зерттелушілердің 44% есептейді. Есірткілерді қолдану сұрағына 90%  ешкім қабылдамайды десе, қалған 10% -ы 1 – 2 адам қолданады деп жауап берді. Ал  токсикоманиялық заттарды қабылдау сұрағына байланысты  жауаптардың 70% -ы бойынша, сыныпта ешкім естен таңдыратын затты қабылдамайтын болса, 30% -ң мәлімдеуінше, бұларды қабылдайтын 1 – 2 адам бар екен. Зерттелушілердің 44% ойынша, жасөспірімдер психобелсенді заттарды жасы өздерінен әлдеқайда үлкен болатын, таныс есірткілерді сатушылардан сатып алады. Ал  жасөспірімдердің 19% -ы психобелсенді заттармен өздерінің құрбылас достары мен сыныптастары қамтамасыз етеді дейді.  Әртүрлі жағдайларда, мәселен құрбыларымен бірге уақыт өткізуде  психобелсенді заттарды қабылдау сұрағына жасөспірімдердің 55%  бұған қарсы шықса, қалған 45% бұған немқұрайлы, бейқам  қарайды. Көңіл – көтеру, қысым түсіру, бой сергіту мақсатында жасөспірімдердің 44% психобелсенді заттарды қабылдауға немқұрайлы қараймын  және айыптаймын деген көзқарасты білдірді. Жалғыздықты сезінуден қабылдаймын дегендер 20% -ға тең болды. Бұл сұрақ бойынша орташа баға беру көрсеткішін есептейтін болсақ, респонденттердің 70% -ы айналасындағы адамдардың естең таңдырушы  заттарды қолдануға немқұрайлы қарайды екен. Психобелсенді заттар туралы әртүрлі көздерден, мәселен, ата – аналардан алынған ақпаратты қызықсыз, бірақ әрқашан да дұрыс деп бағалағандар 37% құрды. Психобелсенді заттардың зияны және олар туралы берілетін жалпы мәлімет жайлы  мұғалімдер хабарлайтын ақпарат әрқашан да дұрыс, нақты және толық деп жасөспірімдердің 44% -ы, достарынан  алынған ақпарат қызықты, бірақ шынайы емес деп, 25%, ал радио, теледидар, бұқаралық ақпарат құралдары көздерінен естіген хабарлар қызықты дегенмен 40% келіседі.

Қалған сұрақтарға берілген жауаптар бойынша, алынатын қорытынды: зерттелуші жасөспірімдердің көпшілігі  психобелсенді заттардың зиянды әсерін түсіне отырып, оларды қабылдауға қарсы шығады, олардан бас тартады 65% . Бірақ қалған 35% бұл сұраққа қалай жауап беру керектігін білмейді.  Яғни, зерттеуге қатысқан оқушылардың көп бөлігі  естен таңдырушы заттардың тигізетін зиянды әсерін түсінеді, бірақ психобелсенді заттардың тигізетін зардабы жайлы түсінігі қалыптаспаған жасөспірімдердің 35% -ы қалады.

Сонымен, эксперименттік топтан алынған мәліметтерді негіз етіп алатын болсақ, жасөспірімдердің көпшілігі психобелсенді заттарды қабылдауға қарсы шықса (65%),  қалғандары (35%) бұндай заттардың негативті әсерін әлі түсінбейді.

Ал, бақылаушы топты  құрған зерттелушілердің психобелсенді  заттарды қабылдауға жағымды немесе жағымсыз қатынастын пайыздық арақатынасын есептеудің негізінде келесі үлгідегі нәтиже алынды:

Бұл сыныпта темекі шегу және спирттік ішімдіктерді қабылдайтындарды 1 – 2 адам және сыныптық ұжымның 1/3 бөлімі құрды, осылайша 20% есептейді. Темекіні шегеді, спирттік ішімдіктерді қабылдайды: ешкім 60%, есірткі заттарын және токсикоманиялық заттарды ешкім қабылдамайды деп ойлайтындар 93%  -ға тең болды.  Психобелсенді заттарды қолданылатын жасөспірімдер, оларды қайдан алады деген сұраққа респонденттердің 62% -ы  «есірткіні сатушылардан  (үлкендерден)» алады деді. Жасөспірімдердің алкоголь мен есірткілерді әртүрлі жағдайларда қабылдауға байланысты отраша көрсеткішті алғанда, жасөспірімдердің 50% бұған қарсы болса,  40% бұған немқұрайлы қараса, қалған 10% бұған қарсы емес. Есірткілер туралы ата – аналарынан  алынған ақпарат әрқашан да дұрыс деп жасөспірімдердің 60% -ы санайды. Есірткіні ұсынар болса, қабылдаудан бас тартушылар 100% -ға тең болды. Егер жасөспірім психобелсенді заттарды шектен тыс қолданылмаса да,  мөлшерлеп, аз – аздап қабылдаса да, бұл бәрібір де өзінің  зиянын  тигізеді және бұл заттарды қабылдауға деген күшті психикалық және физикалық қажеттілікті тудырады дегенге зерттелушілердің  70% сенімді. Осы бақылаушы топты құрушы жасөспірімдердің 70% психобелсенді заттарды қабылдаудан мүлдем бас тарту керек десе, қалғандары, яғни 30% білмейміз деді. Келесі суретте есірткі заттарына немқұрайлы қатынас білдіретін, сондықтан тәуекел тобын құратын жасөспірімдер және психобелсенді заттарға қарсы қатынастағы жасөспірімдердің  пайыздық көрсеткіші бейнеленген:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Осылайша, біз жасөспірімдердің аддиктивті мінез – құлық ерекшеліктерін теориялық түрде көрсетіп, аддиктивті мінез – құлыққа бейім бола  алатын тәуекел тобын эксперименттік түрде анықтап, келесідегідей қорытындыға келдік.

Аддиктивті мінез – құлық, яғни психобелсенді заттарды зиянды қолдану  пихологтардың, дәрігердердің, педагогтардың үлкен қызығушылығын аудартады, себебі күрделі әлеуметтік мәселелердің қатарына жатады. Дүниежүзінің көптеген елдерінде аддиктивтілік мәселесі көбінде жасөспірімдік шаққа қатысты. Жасөспірімдердегі аддиктивтіліктің жиі кездесетін түрі химиялық тәуелділік, оған темекі шегу, токсикомания, нашақорлық тәуелділік және спирттік ішімдіктерге тәуелділік кіреді. Аддиктивті мінез – құлықтың ауырлық дәрежесі әртүрлі болу мүмкін: қалыпты мінез – құлықтан бастап, биологиялық тәуелділіктін ауыр түріне дейін. Маскүнемдік – бұл спирттік ішімдіктерді ұзақ уақыт бойы қабылдаудың нәтижесінде дамитын және әлеуметтік бағалы рухани, физикалық қасиеттерді жоғалтуына әкелетін спирттік ішімдіктерге құштарлық. Нашақорлық – бұл есірткіні жүйелі қолданумен туындалатын және психикалық, физикалық тәуелділіктің белгісімен айқындалатын ауру. Токсикомания – бұл психикалық тәуелділік қалыптасуымен, толеранттылық өсуімен, әртүлі психикалық, соматикалық және әлеуметтік бұзылыстардың және абстинентті синдромның туындауымен жалғасатын токсикалық заттарды жүйелі қолдану.

  Аддиктивті мінез – құлық көпфакторлы құбылыс деп танылады, себебі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің аддиктивтілік себептері күрделі және көпқырлы болады.  Ең біріншіден, оларға мемлекеттегі әлеуметтік – экономикалық жағдайдың жалпы нашарлауы әсер етеді, себептердің әлеуметтік – экономикалық тобы глобалды және дәстүрлі, әлеуметтік және даралық - психологиялық сипаттағы себептерге бөлінеді.

Аддиктивтіліктің әсерінен жасөспірім тұлғасының деградациясы өтеді, оған эмоционалды бұзылыстар (нәзік пен күрделі эмоциялардың әлсіреуі мен жоғалуы, эмоционалды тұрақсыздық), интеллектуалды аумақтың бұзылыстары (тапқырлықтың төмендеуі, зейінді шоғырлау қабілетсіздігі, ес пен ойлау нашарлауы) және еріктік деградация (өзіне күш сала алмау, ниеттері мен тілектердің құлдырауы) жатады.

Зерттеу жұмсының тақырыбының мазмұнын ашу мақсатымен жасөспірімдерде аддиктивті мінез – құлықтың ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі бағыттар, авторлар көзқарасына шолу жасалынды. Осыған байланысты біздің зерттеу жұмысымыздың алға қойған мақсаты мектепте оқитын жасөспірімдердің арасында маскүнемдікке, нашақорлыққа, уыттырғы заттарға әуестікке бейім болатын, яғни тәуекел  тобын құратындардың және психобелсенді заттарды қабылауға қарсы шығатын жастардың көлемін анықтау болды.  Жүргізілген зертеу нәтижелері бойынша мынадай көрсеткіштер шықты.

 Аддиктивті мінез – құлыққа бейім бола алатын жасөспірімдерге жоғары көңіл – күй, қалыпты өзіндік көңіл – күй тән, бірақ олардың белсенділігі қалыпты деңгейден төмен болады. Сонымен қатар, бұл жеткіншектерге негативизм, кінәні сезіну сияқты  агрессия  түрлері тән болады. Көбінде олар тәртіпті ұстанбайды, тітіркенгіш келеді. Тәуекел тобын құратын жасөспірімдер мазасыз болады және өз тұлғасының қасиеттеріне, потенциялдарына, мүмкіндіктеріне сенімсіздікті білдіреді.  Бұл жасөспірімідер айналасындағы адамдардың бәріне сене қоймайды, себебі оларда күдіктенушілік, қастанушылық сияқты белгілер байқалады. Бұл зерттеу жұмысында алкогольдік ішімдіктерді, есірткі заттарды, темекіні пайдаланудың себеп – салдарынан жетіліп жатқан жеткіншектің жас ағзасына, психикалық, тұлғалық, мінез – құлықтық аумағына  тигізілетін зиянды әсері туралы айтылады. Жалпы мәліметтер бойынша, есірткілерді қабылдауға қарсы көзқарасты ұстанатын жасөспірімдердің саны 68% болды да, психобелсенді заттарды қабылдауға деген немқұрайлы, бейқам, нейтралды қатынаста болғандықтан, аддиктивті мінез – құлыққа бейім болу қаупі бар   тәуекел тобын құрушылардың саны 32% болды.

Информация о работе Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы