Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2012 в 06:49, дипломная работа

Краткое описание

Алдымызда Қазақстан ғасыры. Еліміз егемендігін алып, дүниежүзілік өркениетке ұмтылу барысында, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру халықтың жарқын болашағын меңзейді. Ұрпақты дана да, тәрбиелі етіп тірбиелеу үшін – оның тұлғалық ерекшелігін қалыптастыру қажет.
Дүниедегі ең бағалы асыл байлық – адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл әрекеттің негізі, ол – шені және мақсаты, жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындылардың құдіретті иесі.

Содержание

Кіріспе .............................................................................. .................................3-6

І- БӨЛІМ. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы.
1.1. Жеткіншектердің сана-сезімі мен оны тәрбиелеудегі девиантты мінез-құлқты зерттеудің маңыздылығы................................................................. 7-11
1.2. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының түрлері мен сипаттамасы ..................................................................................................... 12-36

ІІ – БӨЛІМ. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының
ерекшеліктері
2.1. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқына әсер етуші факторлар ...............................................................................................................................37-44
2.2. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының пайда болуындағы жанұяның ролі .................................................................................................. 45-48
2.3. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқындағы тұлғалық ерекшеліктері ....................................................................................................49-51
ІІІ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
3.1. Зерттеудің мақсаты, міндеттері, болжамы........................................52-67
3.2. Зерттеу жұмысының әдістеріне сипаттама......................................
3.3. Эксперименттік зерттеу барысы.........................................................
Нәтижелер мен ұсыныстар ....................................................
Қорытынды ............................................................................ 68-69
Әдебиеттер тізімі ...................................................................... 70-73
Қосымшалар ..............................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жеткіншектердің сана сезімі.doc

— 684.50 Кб (Скачать документ)

Компьютерлік ойын залдары, автоматты ойын залдары, интернет, клубтар көптеп ашылуда. Енді балалар мен жасөспірімдер уақтының көпшілігін компьютер алдында өткізетін болды. Осындай залға кіргенде ойыннан бас алмай өзге жұртты елемей, ойынға еліріп отырған баланы байқаймыз. Карталық ойындарды місе тұтпай, автомашина жарыстармен, радиаторлар ұрысын, боксерлер төбелесін, вампирлер айданын көріп, қызықтап, жолы болмай қалса қатты сеніп, ызаланып, ал ұта қалса айқайлап қуанып жатқанына куә боласың. Олардың өзге жұртпен жұмысы болмайды, жақындарына, білім алуға, достық қарым-қатынас жасауға, спортпен айналысуға мүлдем уақыттары қалмайды. Енді интернет желілері бар клубтарда жағдай тым төмендеп кеткен. Зерттеулер барысында, басқа аддикцияларға тәуелділікке қарағанда интернетке тәуелді жандардың әлеуметтенуінде де өзгерістерге кезігеміз. Олар соңында жалғыздықта қалып, деприссияға ұшырап, жатады. Өйткені ойынға, виртуальды қарым-қатынасқа берілген адамның басқа еш нәрсеге уақыты да әлі де қалмайды. Компьютерге тәуелді бола бастайды, яғни программалар мен ойындарсыз өзін жайсыз сезінеді. Интернет арқылы топтық ойындар мен теле конференцияларға қатысады, үлкендерге арналған секс туралы әңгімелесу немесе интерниттік құмар ойындар мен электрондық сауда-саттықпен айналысады. Осының барлығы шынайы өмірдегі жанұядан, достарынан айырылуға немесе қарым-қатынастарының суып кетуіне, әкеліп соғады. Қозғалмай күні-түні компьютер алдында отыру түрлі ауруларға шалдықтырады. Оларда психикалық ауытқушылық  байқалады. Интернетке тәуелді жандар психотерапевтің көмегін қажет етеді.

Құмар ойындар ойнау.

Құмар ойындарға деген  тым әуесқойлық генблинг деп аталады. Мұндай жандардың бойында девиантты мінез-құлықтың іздері байқалады:

1.Ұзақ уақыт бойы  ойынды жалғастыру, аса құмарлық. (2-3-тәулік бойы ұйықтамай ойнау).

2.Ойыннан басқа уақытта  да ылғи ойын туралы ойынның  жаңа комбинациясы, жүрістері, ұтыстары  туралы ойда жүру.

3.Өзін-өзі басқаруын,  ұстамдылығын жоғалту. Ойынды  тоқтата алмау егер ұтылған  жағдайда, да ойыннан шығып кете  алмайды.

4. Ойыннан еріксіз шығып қалған жағдайда және ойынға қатыса алмағанда оның бойынан тым алаңдаушылық, ашушаңдық ызалануды байқауға болады.

5. Ойын ойнауды жиілету,  қисынсыз тәуекелге бел буу.

Құмар ойындарға тәуелді  болу адамдарды өмір шындығынан аластатып, оларды қиял әлеміне жетелейді. Олар ылғи да құрғақ қиялмен өмір сүреді. Жанұясына, достарына, оқуға, жұмысқа деген қызығушылығы, көзқарасы яғни ешкімге, ешнәрсеге көңіл аудармайды. Күнделікті өмірден гөрі ойындардан рахат іздейді. Құмар ойындарға құмартудың себептері ата-ананың балаға көңіл бөлмеуінен, немесе бір айтқанын істеп, ақшаны есепсіз көп мөлшерде беруінен. Кейде байлыққа тым құмарту да құмар ойындарды ойнауға еріксіз итермелейді.

 Казіргі  таңда   іс -әрекеттің  психологиялық ерекшеліктеріне зерттеудегі актуалды бағыттардың бірі, ақпараттық технологиялардың әсерінен өзгеріске ұшырайтын мотивациялық механизмдерінің спецификасының қайта құрылуын зерттеу болып отыр. Ақпарат технологияларының белсенді қолдануы негізінде тұлғалық мотивацияның өзгеруіне, мысал ретінде, хакерлікті айтуға болады.Осыған сай хакерлер жайлы көзқарастар, көбінесе хакерлік іс- әрекетті мамандық және білім алу іс -әрекет шарасынан асып түскен ақпараттық технологияларға деген аса жоғары берілгендік ретінде түсіндіріледі.

        Хакерлер түсінігі  көп мағналы түсінік. Бұл әртүрлі авторлардың терминологиялық қызығушылықтарына байланысты.

      Жоғары квалифицияланған программистердің  тек компьютерден басқа қызықты  жағдайларды көрмей,  түбімен  компьютерлік жұмысқа берілуі

     әртүрлі  квалифицияланған деңгейдегі тіпті, жоғары деңгейдегі прогаммистердің дәстүрге сай емес, жүріс- тұрыстарымен және стандартты емес, өмір салтымен ерекшеленуі;

        -   компьютерлік вирустарды жасаушылар мен таратушылар;

         - информациялық жүйелер мен қорғаныстық файлдарды және            программалық өнімдерді қорғайтын компьютерлік жүйені ар- ұятсыз әрі сенімді түрде бұзушылар;

-   қорғаныс  жүйені бұзу арқылы, өздеріне  пайда табуды ойлайтындар. Олар  оны, электрондық түрде сақталынған  әртүрлі документтерді модификациялау, мобилді телефонды қайта программалау т. б. арқылы жүзеге асырады.               

     Қазіргі уақытта хакерлікке арналған психологиялық зерттеу мүлдем жоқ.  Бірақта компьютердің салдарына байланысты ойындық тәуелділік немесе Интернетке  тәуелділікті зерттеуге арналған зерттеулер баршылық.

         

             Нашақорлық мәселелері (психобелсенді заттарды пайдалану)

 

  Нашақорлық.Қарапайым  «шөптесінді» пайдалану жыл өткен  сайын өсіп, одан зорын тартып  көруге ұмтылатындар көбеюде. Әдетте адам нашақор болып екі-үш ай ішінде қалыптасады. Сондай-ақ ол үшін күнде ине салдыру міндетті емес-аптасына бір-екі рет салдырса жетіп жатыр. Бірақ адамдар есірткінің алғашқы егіндесінен кейін-ақ соған тәуелді болып қалатын жағдайлар да кезігеді.

Есірткі-бұл тек қана адамның ішкі ағзасын бұзып қана қоймай, сондай-ақ оның миы мен психикасын бұзады. Жанармай немесе «момент» кілейі, мысалы адамдарды 3-4 айда жарымес қылады, «қауіпсіз конопля»-3-4 жылда есінен айырады. Морфин пайдаланатын адам, Екі-үш айдан соң өзінің қабілетін жоғалтқандығы сонша, өзіне қарамай адами қалпынан толық айырылады.

Кокайн пайдалағандар 3-4 жыл ғана өмір сүреді. Күндердің  күнінде олар жүрек жарылысынан  өліп кетуі мүмкін немесе олардың  мұрны жұқарып, пергаментті жапырақшаға  ұқсайды, сөйтіп ол өмірге әкеліп соқтыратын қан ағумен аяқталады.

Есірткіні пайдалану  кезінде кеңістікте қозғалу мүмкіндігін  жоғалтады, оған ол ұшып жүрген секілді  көрінеді. Нәтижесінде өзінің мүмкіндігіне сеніп соңғы қабаттан секіреді.

Барлық нашақорлар, қабылдаған есірткі түріне байланысты көп өмір сүрмейді.

Есірткі айналымы қазіргі  таңда қатер төндіретін мөлшерге жетті, оларды әрбір бұрышта сататын  болды. Ірі есірткі бизнесі басында  адами қалпын жоғалтқан адамдардың арқасында өмір сүріп жатқан бір  топ адам тұрады. Әрине ол барлығына есірткі таратуға жағдайы келмейді. Сондықтан оларды нашақорлардың өздері таратады. Есірткі бизнесіне тартылған адамдар соңғы кезде ауқатты отбасылардың балаларына көп көңіл бөлуде. Оларды алдап, достық ретінде ұсынатын болып көрінеді. Оларды өздеріне үйір етіп, инеге отырғызады. Бұл түсінікті. Олар басқаларға қарағанда ақшаны көп төлеуге мүмкіндігі бар. Басқалары көп ақшалы болмағасын, алғашқыда өздерінің ата-анасын, кейін өзгелерді тонауды бастайды. Кейін олар кішкене есірткі үшін тонауға немесе адам өлтіруге баруға дайын болады.

    Есірткі заттары адамдарға бірнеше мың жылдардан бері таныс. Оларды әртүрлі мақсатта, әртүрлі мәдениет өкілдері қолданған. М: адамның күш-құатын (орнына) қалпына келтіруде, ауру сезімдерінен арылу үшін, жағымсыз түйсінулерді жеңілдету, діни рәсімдер кезінде.

Жазу-сызу пайда болмай тұрғанның өзінде-ақ, адамдардың психобелсенді  химиялық заттарды біліп және оларды қолданғандары туралы деректер бар. Ондай психобелсенді заттарды (яғни, алькоголь мен өсімдіктер (шөптер)) қолдану тікелей санаға әсер етеді. Кейбір археологиялық зерттеулер көрсеткендей, б.э.д. 6400ж. пиво мен ішімдік сусындарының кейбір түрлері адамдарға таныс болған. Соған қарағанда «ашыту» процесі кездей соқ ашылған сияқты. өйткені жүзім шарап тек б.э.д. 4-3 ғ.ғ. пайда болған. Интоксиканттарды қолдану туралы алғашқы жазбаша деректер «тұрмыстық кітаптағы» нойдық мастығы туралы әңгімеде көрсетілген. Сонымен қатар түрлі діни рәсімдер мен медициналық процедураларда адамның физиологиялық және психикалық күйінің өзгерісін туғызатын түрлі өсімдіктер де қолданған. М: б.э.д. 5000ж. Таяу Шығыста «шаттықтың дақылы» («злака радости») қолданған. Оны қазіргі тілмен айтатын болсақ, ол опиум магы болуы керек.

Шамамен б.э.д. 2700ж. Қытайда  конопляны шәй немесе сусын ретінде қолданған: император Шен Нунг өзінің астындағыларға сол затты көңіл-күйдің төмендеуіне қарсы дәру ретінде қолдануды ұйғарған. Тас дәуіріндегі адамдарға гашиш, кокаин және опиум сияқты есірткі түрлері таныс болған. Олар бұл заттарды сананың күйін өзгерту мен соғысқа даярлық кезінде қолданған. Орталық және Оңтүстік Америка үндістерінің жерлеу кешендерінің қабырғаларында кокидің жапырағы шайнап тұрған адамның бейнесі бейнеленген, яғни бұл, кокаинді қолданудың бір түрі. Бұлар б.э.д. 3 жыңжылдықтың орта шенінен қалған деректер болып табылады. Белгілі бір мәдениетте есірткіні қолдану фактілерінің болуы, басқа мәдениет өкілдері есірткіні танып, біліп немесе қолданған деген сөз емес. Тіпті, қазіргі кездеде әртүрлі қоғам немесе мәдениеттегі адамның есірткіні қолдануларының ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар.

Жалпы тарихта әртүрлі  елдер арасындағы байланыстар сауда  мен соғыстардың арқасында жүзеге сақан. М: Марко Полоның саяхатының нәтижесінде еуропалықтар сол кезде  Щығыста кеңінен тараған опиум  мен гашишты таныды. Кейінірек еуропалықтардың саяхаттары (негізінен ағылшындар, француздар, партугалиялықтар мен испандықтар) Америкаға жаңа жаңалықтар ашты. Еуропадан Америкаға әкелінген негізгі психобелсенді заттар – кокаин (Оңтүстік Америкадан), түрлі голлюциногендер (орталық Америкадан) және темекі (солтүстік Америкадан). Зерттеулер көрсеткендей, әртүрлі мәдениеттер арасында екі жақты ауысу немесе алмасу болды. Кофе ағашының отаны – Эфиопия. Еуропалықтар кофе сусынымен 17 ғасырда таныс болды. Қазіргі кезде ең негізгі, әлемдік кофе өндіруші ео – оңтүстік Америкаға кофе дәндерінен алғашқы рет моряктар әкелген деседі. Сонымен қатар Еуропадан Америкаға алкоголь де келді, ал 1545ж. Чилиде конапля пайда болды.

20ғ/ң басталуына дейін  есірткіні өндіру мен қолдануға  ешбір шек қойылған жоқ. Кейде кейбір заттарды қолдануды шектеу немесе тіптен тыйым салуға әрекет жасалған, бірақ олар көпке созылмаған және де сәтсіздікке ұшыраған. М: бастапқы кездеЕуропа темекі, шәй, кофе сияқты заттарды жақтырмай қабылдады. Ең алғашқы темекі тартқан еуропалық саяхатшы Калумба Радриго де Херес Испанияға келісімен, билеуші органдардың шешімімен түрмеге тұтқындалған. Билік басындағылар оның бойына шәйтан қонған деп ұйғарған.Сонымен қатар, мемлекет есіркіге тыйым салмай, тіптен оның сатудың өркендеуіне қолдау көрсеткен жағдайлар да белгілі. М: 19ғ. ортасындағы Ұлыбританиямен Қытайдың арасындағы қарулы қақтығыстар осындай себептердің негізінде болған. Олар «опиумды соғыс» деп аталады, өйткені Англия саудагерлері Қытайға опиум тасыған. 19ғ. орта шенінде бірнеше миллион қытайлар/ң опиумға тәуелділігі арта түскен. Осы кезде қытай әлемдік деңгейде опиумды қолданудан бірінші орынға шықты. Сол опиумның көп бөлігі Үндістанда өсіріліп, ағылшындықтарға жөнелтіліп отырған. Қытай үкіметі опиум импортын бақылау туралы көптеген заңдар қабылдады, бірақ олардың бір де біреуі (тіпті толық тыйым салу) де күтілген нәтижені көрсетпеді.

Америка есірткіні толқынынан зардап шекті. Нашақорлық сол ғасырдың 20ж. өзінде-ақ «қара базарды» жаулап алған. Бұл «өлім шеңбері» 50 жылдары Еуропаны да айналып өтті. Сталин Ресейді есірткіден құтқарды, бірақ ол ұзаққа созылған жоқ. Сонымен, 90ж. – қайта құрылу кезінде, көптеген батысжаңашылдықтарымен бірге жастар қатарына жаңа ермек түрі де қосылды. Ол қараңғы көшелер мен дүңгіршіктерде кеңінен етек жая бастады. Нашақорлардың негізгі бөлігі – байқап көрумен еліктеуге қарсы тұра алмайтын, ересектерге қарағанда психологиялық жағынан елсіз болып келетін жасөспірімдер.Жалпы елде нашақорлықтың кең таралуы күллі халықтың денсаулығына, елдегі экономикалық жағдайға, заң мен тәртіп жүйелеріне және де мемлекеттің қауіпсіздігіне глобальді қауіп төндіреді.

Эксперттік бағалаулар бойынша есірткіні медициналық  емес жолмен қолданатын адамдар саны 2млн. асады. Бұл адамдар категориясының саны күн сайын өсуде: егер 1993ж. олар 13% құраса, онда 1997 жылы 60%-ті құраған. Жасөспірімдер арасындағы есірткінің таралуы ерекше алаңдатушылық туғызады: 1997ж. 22,8%-ті кәмелетке толмағандар, ал 59,7%-ін жасөспірімдер құраған.Нашақорлық дертіне шалдыққан жасөспірімдердің саны, 1998 ж. 580 адамнан 1997 ж. 4,5 мың адамға дейін, яғни 7,7 есе күрт өсті. Бұл өсу 1993ж. басталып, күні бүгінге дейін таластамай отыр.

Наркологиялық есептің  мәліметтері бойынша, жалпы халық  санымен салыстырғанда жасөспірімдер  арасындағы нашақорлық 2,5 есе жоғары екені анықталған. Ал жасөспірімдер арасында есірткіні ететіндер саны басқа жас ерекшеліктермен салыстырғанда 6,3 есеге артық.

Соңғы 10 жылдықта есірткіні  кеселінен өлу жағдайы 12 есе, ал балалар  арасында 42 есеге артқан. Осыған байланысты жақын 10 жылдыққа жасалған болжам тіпті үрейлендіреді: психобелсенді заттарды қолдануына байланысты алғашқы көмек сұраған жасөспірімдер санын есепке ала отырып, 1996ж. көрсеткіштермен салыстырғанда осы жағдай 2005ж. 20%, ал 2010ж. 43%-ке артады делінген.

Сонымен қатар экономикалық және шаруашылық іс-әрекеттің криминализациясы, антиесірткілік тәрбие мен үгіт-насихаттар жүйесінің дұрыс құрылмауы, нашақорлық дертіне шалдыққандарды емдеу мен реабилитациялаудың мемлекеттік жүйесінің толық қанды дамымауы, есірткі заттарын дайындаудың кең мүмкіншіліктері, есірткі контрабандасының даму жағдайы, психобелсенді заттарға жеңіл қолжеткізушілік жағдайлары елдегі есірткінің «қара базарының» кең етек жаюы мен есірткіге деген сұраныстың көбеюіне әкеп соғады.

Есірткіге деген сұраныстың жоғары болуы, соңғы жылдары елдің барлық аймақтарында байқалған есірткі қылмысының өсуін стимулдауда. 1997ж. ішкі істер органдарымен шамамен 185мың есірткімен байланысты қылмыс ашылған. Бұл көрсеткіш 1996 жылмен салыстырғанда 91%-ке жоғары.

Статистика мәліметтері бойынша, елдегі СПИД ауруының күрт өсуі, вирусты гепатит және басқа да күрделі ауру түрлерінің өсуі нашақорлықтың дамуымен тығыз байланысты

1997ж. тіркеуге алынған  ВИЧ-инфекцияны жұқтырған адамдардың 91%-і есірткіні тамырға салу  арқылы қолданатын нашақорлар екені анықталған.

Соңғы кездері пайда  болатын жаңа қауіпті құбылыс, ол «отбасы» нашақорлығы. Яғни, бұл жағдайда бір адам отбасының басқа мүшелерін  нашақорлыққа тартады. Бұндай жағдай Мәскеумен  басқа да ірі қалаларда, көбінесе жас отбасыларында кездеседі. Алдын-ала жасалған болжамдар бойынша бұл сияқты жұптардың саны шамамен 10мыңнан асады. Кәмелетке толаған балаларды туған ата-аналары нашақорлыққа үйрету жағдайлары да кездесіп, тіркеуге алынған. Соңғы он жылдықта есірткі заттарын қолданатын әйелдер санының 6,5 есе артуы ерекше алаңдататын факт.

Информация о работе Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы