Қазақстан Республикасындағы қылмысқа қарсы күрес тиімділігінің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Августа 2013 в 08:59, курсовая работа

Краткое описание

Елімізде жүргізіліп жатқан реформаны іске асыру және барлық заңды мүдделерді қорғау үшін қылмыстылықпен күрес шараларын күшейтуді қажет етеді. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары” дей отырып қоғамға, адамзатқа қарсы іс-әрекеттерді жасауға тыйым салады [1. 1-бап]. Қолданылып жатқан, құқықтық және ұйымдастыру шараларына қарамастан еліміздегі қылмыстық ахуал күрделі күйінде қалып отыр және техниканың дамуы мен көбеюіне, өндірістік қызметтердің қарқынды жүргізілуіне байланысты заңмен қорғалатын құндылықтарға абайсызда зардаптар келуінің мүмкіндігі де артуда.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЖАЗА.doc

— 465.50 Кб (Скачать документ)

Қорыта айтқанда,- деп  жазады Я.И. Гилинский, әңгіме «қылмыстылықпен  соғыс» стратегиясының «залалды азайту»  стратегиясына ауысуы туралы болып  отыр. Бұл туралы АҚШ Ұлттық Комиссиясының  қылмыстық юстиция бойынша баяндамасында  нақты айтылады: күн тәртібіне қойылған қылмыстық саясаттағы «соғыстан» «бейбітшілікке» көшіп, түрмеге қамауды төмендетіп, қоғамдық ортада түзетуге көп көңіл бөлуді мәселе етіп қойған. [28; 319-324 б.]

Профессор Я.И. Гилинскийдің «жаза дағдарысына» қылмыстық саясаттың  және қылмыстылыққа қарсы әлеуметтік бақылаудың дағдарысына қатысты айтқан тұжырымдары әділ де негізді. Расында да, қылмыстармен күресудің дәстүрлі тәсілдерінің тиімділігінің жеткіліксіздігін, оның ішіндегі бас бостандығынан айыру сияқты кеңінен тараған жазаның теріс зардаптарын объективті түрде бағалап, оны дұрыс қабылдасақ, стратегиялық тұрғыдан да, әдістемелік тұрғыдан алғанда да бұл мәселелерді шешудің баламалы түрлерін іздеуге әкеп соғады. Қылмысты жасағаны үшін жазаның жүйесінде бас бостандығынан айыру жазасы ең қатал жаза түрі болып келді және қала бермек. Енді оны бұрынғыдан да аса саралап, жауапкершілкпен қарап, ол тек ауыр зардаптар әкелген және кінәлінің қылмыстық менмендік танытқан жағдайларында ғана ақырғы шара ретінде қолданылғаны дұрыс. Қазіргі кезде  бас бостандығынан айыру жазасына балама: бостандығын шектеу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту және басқада бас бостандықтан айырумен байланысты емес жаза түрлерін қолдану  көкейтесті мәселелердің біріне айналды. Жаза тиімділігі шартының бірі, қоғамдық тәртіппен оны реттеу тәсілдерінің тарихи өзгермелілігі феноменінің жағдайына жету болып танылады.Заң практикасында қалыптасқан дәстүрлі жазалар жүйесінің ескіргенін және мемлекетпен қоғам күткендей оң  нәтижелерге қол жеткізе бермейтіндігін көрсетті. Сондықтан өзін-өзі ақтамаған, қылмысқа әсер ету шараларынан бас тартып, болашағы бар, жазалаудың қылмыстық-құқықтық шараларын үнемдеу қағидасына сәйкес келетін ыңғайлы жүйеге көшкен дұрыс.

 

 

2 Жасалған  қылмыстар үшін қолданылатын  жазаның жекелеген түрлерінің  тиімділігі

 

 

2.1 Жазаның  жекелеген түрлері тиімділігінің  шарты

 

 

Мемлекетіміздегі пенитенциарлық жүйені әрі қарай оңтайластыру және гуманизациялау, жасалған қылмыстар  үшін қолданылатын дәстүрлі жазаларды  жеңілдету ғана емес, елімізде  жүргізіліп жатқан қылмыстық-атқару саясаттың тиімділігін көтеруге бағытталған, ол кінәлі адамдарға жаңа, дәстүрлі емес ықпал ету шараларын іздеуді көздейді. Кінәлі адамдарға жаңа, дәстүрлі емес ықпал ету шараларын қолдану жөнінде әңгіме жүргізгенде қазіргі заманғы дамыған шетел мемлекеттерінің пенитенциарлық практикасының жетістіктеріне жүгінген дұрыс.

Мысалы, АҚШ-тың сотталғандарды түзеу қызметінде қолданылатын жазалардың жаңа түрлеріне назар аударуға тұрады.

Р. Роджерс жазғандай: «Мемлекетте ең танымал шаралардың бірі болып жанамалы санкциялар деп аталатын шаралар қолданылады. Олардың қатарына жазаны қарқынды қадағалаумен ауыстыру, электрондық мониторингпен үйде қамауда ұстау, қатардағы түзеу лагерьлері, жеке түрмелер, макси-макси түріндегі түрмелер жатады.

1. Нақтылы жазаны қарқынды  қадағалаумен ауыстыру.

Нақтылы жазаны қарқынды  қадағалаумен ауыстыру – АҚШ–та ең көп қолданылатын жазаның түрі. Барлық сотталғандардың 2/3 бөлігі нақтылы  жазаны қарқынды  қадағалаумен ауыстыру режиміне орналастырылған. Алайда, ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлерге және қылмыскерлердің кейбір басқа да санаттарына бұл жазаның түрін қолдану тиімсіз болып табылады. Нақтылы жазаны қарқынды  қадағалаумен ауыстыру 1982 жылы қабылданылып, сынақтан өткізіліп, практикаға  кеңінен енгізілді, оны АҚШ-тың барлық жерлерінде қолдана бастады.

Нақтылы жазаны қарқынды қадағалаумен ауыстыру бағдарламаларының  түрлері мазмұны бойынша ерекшеленеді және оның барлық бағдарламалары қадағалау  мақсатын талап етеді, (айына 20-30 контакт): сотталушының жәбірленушіге келтірген  зиянын қайтаруды және оны қадағалау жасау үшін жұмсалған шығындарды өтеуді, нақты қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауды, бір рет есірткіге байланысты тестіден өтуді және тұрақты негізде оқуын немесе жұмысын жалғастыруды көздейді. Кейбір штаттарда сот тікелей нақтылы жазаны қарқынды  қадағалаумен ауыстыру режимін тағайындайды, ал басқа штаттарда ол жазаның нақты мерзімін өтегеннен кейін, аралас үкімнің бөлігі ретінде қолданылады.  Бұл жаза түрінің апологеттері сотталушыны түрмеде ұстағаннан гөрі, оны қоғамда қадағалау шарасы арзандау түседі (әсіресе, соңғының есебінен)- деп бекітеді. Нақтылы жазаны қарқынды  қадағалаумен ауыстыру бағдарламалары қылмыстың қайталануын төмендетіп, түрме қызметкерлерінің мінез-құлық деңгейін көтеріп, сотталушыны түрменің теріс әсерінен қорғап, бақылау мен қадағалауға назарын күшейту арқылы қоғамның қосымша қорғанысымен қамтамасыз ету шарасы деп санайды.

Нақтылы жазаны қарқынды  қадағалаумен ауыстыру жөніндегі өзінің позициясын жалғастыра отырып, Р. Роджерс  сотталғанды қайталап қамау және осыған байланысты одан кейінгі жүргізілетін процедуралары түзеу шараларын арзандау ететіні күмән туғызады деп санайды. Түрмеге қамаудың балама түрдегі жазасын қолдану тиімді болған кезде ғана қаражатты үнемдеу туралы сөз болуы мүмкін, себебі шығындардың 75 пайызы түрмені ұстау, қамаудағылардың тамағына және киіміне емес, түрме қызметкерлерінің  жалақысына  жаратылады.

2. Электрондық мониторингпен  үйде қамауда ұстау шарасы.

Үйде қамауда ұстауды  қолдану практикасының тамыры терең  тарих қойнауына кетеді, бұл жерде жаңалық, тек электрондық мониторинг болып табылады. Бірінші рет ол 1984 жылы Ұлыбританияда қолданылған. Қазіргі уақытта ол барлық штаттарда және федералдық деңгейде қолданылуда. Күн сайын АҚШ-та электрондық мониторингтен 12 ден 14000 дейін сотталушы қадағалаудан өтеуді. Электрондық мониторинг қолданылу кезінде үйде қамауда ұсталынып отырған сотталушы жұмысына, дүкенге, емханаға және т.б. жерлерге кедергісіз  бара алады. Сонымен қатар, ол белгілі бір уақытта үйіне қайтып оралуға міндетті. Сотталушының аяғына және қолына темекінің қорабындай болатын білезіктер кигізіледі, олардан берілетін сигналдар телефондық аппаратқа орнатылған арнайы жабдық арқылы бақылау пунктіне түседі. Одан да күрделі жүйелер бар, олардың ішінде саусақ іздері таңбасының идентификациясы, дауысты жазу, фотокамера, алкогольге, есірткіге тестілеу және т.б.». [29; 141-143 б.] Біздің республикамыздағы қылмыстылықпен күрестің теориясы мен практикасының даму жағдайында АҚШ-та қолданылып отырған жазаның жаңа түрлеріне назар аударуға болады. Абайсызда жасалған қылмыстармен күрестің теориясы мен практикасын әрі қарай  дамытуға қатысты нақтылы жазаны қарқынды  қадағалаумен ауыстыру және электрондық мониторингпен үйде қамауда ұстау сияқты жазалар ерекше қызығушылық тудырады.

М.Ф. Гета: «Нақтылы жазаны қарқынды қадағалаумен ауыстыру сияқты шаралар қазіргі заманғы құқық картасында кеңінен тарап, өзінің ежелгі тарихи отаны – Ұлыбританияның шегінен асып кетті. Бұл шаралар АҚШ, Франция, Германия, Скандинавия мемлекеттерінде, Польша, Чехия, Венгрияда пайдаланылуда. Сондай-ақ ол Эстония мен Латвияда белсенді дамып жатса, Қырғыз Республикасында бұл мәселе жөнінде  маңызды қадамдар жасалынуда» - дейді. [30; 109 б.]

1951 жылы Біріккен Ұлттар  Ұйымының экономикалық және әлеуметтік  кеңесі нақтылы жазаны қарқынды  қадағалаумен ауыстыру шарасы бас бостандығына сотталған құқық бұзушыларға қадағалау жасаумен қоса,  жазаның атқарылуын шартты түрде кейінге қалдыру ретінде белгіленген. Нақтылы жазаны қарқынды қадағалаумен ауыстырудың негізгі мақсаты жай қадағалау және  оны қадағалау қызметінде есепте тұратын сотталушының жүріс-тұрысына бақылау қоюмен ғана емес, оған жоспарлы түрде көрсетілетін әлеуметтік  көмек деп санау керек.

Нақтылы жазаны қарқынды қадағалаумен ауыстырудың кейбір ерекшеліктеріне  назар аударар болсақ, олар:

- классикалық шартты  соттау негізінде пайда болуы  және дамуы;

- құқық бұзушыны бас  бостандығынан шектемей оны мамандандырылған  органның қадағалау қызметінің  бақылауында болуы, бақылаудағы  сотталушыға түзелу мақсатына  жетуге жетелейтін жалпы және арнайы міндеттемелерді жүктеу;

- нақтылы жазаны қарқынды  қадағалаумен ауыстыру жетістіктерінің  дәрежесін және қажетті қалпына  келтіретін көмектің ауқымын  айқындау үшін құқық бұзушының  жеке басын әлеуметтік-құқықтық  жағынан зерттеуді жүзеге асыру;

- құқық бұзушымен оның жүріс-тұрысын түзейтін әртүрлі бағдарламаларды ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.

Нақтылы жазаны қарқынды қадағалаумен ауыстыру шарасының кеңінен  қолданылуы, қоғамдық санкцияларды қолдану  жөніндегі Еуропалық ережеге  сәйкес, қоғамдық санкцияларды және шараларды қолдану-құқық бұзушының бойында тұтас алғанда қоғам және  жәбірленуші алдындағы жауапкершілік сезімінің дамуына бағытталуға тиіс. Осы ережеде қоғамдық жазалар және шаралар құқық бұзушы үшін максималды пайдалы болу керектігі, жазаланушының әлеуметтік өсуіне ықпал жасап, оның қоғамдағы өмірге ойдағыдай бейімделу сезімін қалыптастыратындай  тәрбиелеу қажеттілігі көрсетілген.

М.Ф. Гета: нақтылы жазаны қарқынды  қадағалаумен ауыстыру шарасы негізінде құқық бұзушының түзелуіне  және бостандықтағы өмірде қолданылатын машықтарын қалпына келтіру, қылмыс құрбандарының  бұзылған құқықтарын қорғау, әлеуметтік теңдікті және қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз ету сияқты мақсаттарын бөліп шығаруға болады,- деп санайды. [31; 110-111 б.] Осыған байланысты Қазақстан Республикасында да нақтылы жазаны қарқынды  қадағалаумен ауыстыру шарасын қолдануды іске асыру үшін негізгі жағдайлары жасалды деп айтуға негіз бар. Балама жазалардың санаулы түрлерінен оларды іске асырудың тиімді механизімін көздейтін сапалы құрылымдарына өту қажет. Бұл механизм нақтылы жазаны қарқынды қадағалаумен ауыстыру қызметін құруда  көрінеді. Сондықтан, біздің бүгінгі жағдайымызда абайсызда жасалған қылмыстар үшін жазалардың тиімділігінің орнықты және сенімді негіздерін құру үшін қылмыстылықпен күрестің әлемдік практикасының үздік жетістіктерін қолданудың келешегі зор болып табылады. Осы бағыттағы алғашқы қадамдардың бірі деп, абайсызда жасалған әрекеттер үшін сотпен кінәлі деп табылған адамдарға қатысты нақтылы жазаны қарқынды  қадағалаумен ауыстыру қызметінің нақты жүйесін құруды  санауға болады.

Сонымен қатар, заңның өзінде «жаза» ұғымының анықтамасын келтірудің қажеттілігі жоқ. Арнаулы зерттеулер бұл ұғымның  мәні мен мазмұны  қоғамға жетілікті түсінікті  екенін көрсетіп отыр. Сондықтан заңда  жазаның мақсаттары ғана белгіленуі керек.  

Қылмыстық заңды талдау негізінде жаза мақсатының айқындалатыны  жөнінде тұжырымға келуге болады. Бұл тұжырымның пайдасына келесі қағидаларды келтіруге болады:

1. Заң тұрғысынан алғанда,  сот жазаны қылмыстың жасалуына байланысты ғана емес, жасалған қылмыс үшін де қолданады. Сондықтан қылмыстық заңмен белгіленген жаза әрекеттің ауырлығына, сипатына және қоғамға қауіптілігінің дәрежесіне сәйкес болуы тиіс. Жазаның қоғамға қауіптіліктің дәрежесіне сәйкестігі – қылмыстық заңның тиімділігінің қарапайым талабы. Жаза - жасаған қылмыс үшін есе қайтару.

Есе қайтару жазаны белгілі  мазмұнымен толықтырады, оған белгілі  мағына береді, сонымен қатар жаза сияқты құқықтық қорғаудың тәсілі болып  табылатын ұқсас шаралардан ажыратуға мүмкіндік береді. Есе қайтарудың мақсаттары қоғамдық орта мәдениетінің даму дәрежесіне қарай өзгеріп отыруы мүмкін, бірақ олар жазаның ішкі мазмұнын жасыра алмайды және жасыруға тиiсті емес.

2. Жазаны қолдану кезінде  әділетті жазалаудың мақсаты негізге алынатындығы жөніндегі  тұжырым - мерзiмiнен бұрын шартты түрде ерте босату институтының мағынасынан шығады. Бұл институтты қолдану үшін екі шарттың жиынтығы болуы қажет:

а) егер өзінің түзелуі  үшін адамның сотпен тағайындалған  жазаны толық өтеуді қажет етпейтіндігі сотпен танылса;

б) заңмен бойынша тағайындалған  жаза бөлігінің  нақты өтелуі.

Өзінің түзелуі үшін адамның сотпен тағайындалған жазаны толық өтеуді қажет етпейтіндігі сотпен танылған жағдайда да, заңмен белгіленген  жазаның белгілі бір бөлігін өтемей,  ол жазадан босатыла алмайды. Алайда сотталушы тағайындалған жаза мерзімінің белгілі бір бөлігі өткенге дейін де түзелуі мүмкін. Неге заң оны ертерек босатуға тиым салып отыр? Оны босатудың мүмкін еместігі, бұл қылмыскерге  жасаған қылмысы үшін қажетті жазалаудың  төменгі шегіне жетпеуімен түсіндіріледі.

Осындай пікір бағытында  И.А. Бушуевтың бас бостандығынан  айырумен байланысты емес, түзеу жұмыстарына  тарту сияқты жазаның түрі жөніндегі  мынадай тұжырымдарына назар  аударғымыз келеді: «Түзеу жұмыстарында жазалау, өзге де  жазалардағыдай алдымен адамды соттау фактісімен соттың мемлекет атынан үкімде көрсетілген кінәлі адамның жүріс-тұрысына теріс баға беруден көрінеді.

Жазалаудың екінші элементі, түзеу жұмыстарына тартуды өтеудің  ұзақтығымен байланысты.

Жазалаудың үшінші элементі, сот үкімімен белгіленген көлемде  айыптының  еңбек ақысының бір  бөлігін ұстаудан тұрады.

Жазалаудың төртінші элементі, сотталушының құқықтық жағдайының өзгертілуін бекітеді.

Жазалаудың бесінші  элементі, жазаны өтеу кезінде кезекті еңбек демалысы берілмей, түзеу жұмыстарын өтеу уақытында оны алу үшін қажетті өтілімі есептелмейтіндігінен тұрады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы қылмысқа қарсы күрес тиімділігінің теориялық негіздері