Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Августа 2013 в 08:59, курсовая работа
Елімізде жүргізіліп жатқан реформаны іске асыру және барлық заңды мүдделерді қорғау үшін қылмыстылықпен күрес шараларын күшейтуді қажет етеді. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары” дей отырып қоғамға, адамзатқа қарсы іс-әрекеттерді жасауға тыйым салады [1. 1-бап]. Қолданылып жатқан, құқықтық және ұйымдастыру шараларына қарамастан еліміздегі қылмыстық ахуал күрделі күйінде қалып отыр және техниканың дамуы мен көбеюіне, өндірістік қызметтердің қарқынды жүргізілуіне байланысты заңмен қорғалатын құндылықтарға абайсызда зардаптар келуінің мүмкіндігі де артуда.
5. өмір бойы бас бостандығынан айыру, қамау, еркіндігін шектеу секілді жазаның жаңа және жеңіл түрін қарастыратын қылмыстық құқықтық нормалардың күшіне енуіне қажетті жағдайлар жасау». [14]
Қылмыстық саясат ізгілендіру бағытында дамуы қажет. Ізгілендіру ең алдымен бірінші рет кішігірім және орта ауырлықтағы қылмыс жасаған адамдарға, жүкті немесе жалғыз басты, сондай-ақ кәмелетке толмаған баласы бар әйелдерге, жасөспірімдер мен қарт адамдарға бағытталуы қажет. Сонымен қатар осы Тұжырымдама бойынша ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдар мен қылмыстық қудалаудан жасырынып қалғандар қылмысты әрекеттерді қайталап жасаған жағдайда жазаны күшейту қажет.
Тұжырымдамаға сәйкес құқық қорғау органдары қызметінің базасын нығайту жұмыстарын жалғастыру қажет. Құқық қорғау органдары қызметінің тиімді жүзеге асырылуы қоғамдағы тұрақтылық, адам мен азаматтың құқықтары мен еркіндіктерін қорғаудағы сенімді қалыптастырады.
Жоғарыда келтірілген ережелерге сәйкес, республикамыздағы қылмыспен күрес тиімділігін жақсарту мәселесін шешу-құқықтық саясат тұжырымдамасында қалыптасқан, қылмыстық құқық қағидаларына негізделген өміршең қылмыстық саясатқа тікелей байланысты. Әрине, қылмыстық құқық қағидаларын Ресей Федерациясының қылмыстық кодексіндегідей Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде де айқындау қажет еді. Қылмыстық заңда бұл қағидалар қарастырылмағандықтан құқықтық саясат тұжырымдамасындағы қылмыстық құқық қағидаларын басшылыққа алған жөн. Құқық қағидаларын сақтай отырып құқық қорғау органдары дұрыс қылмыстық саясатты жүргізу үшін қылмыстық құқық қағидаларын қолдану ережесін түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты арнайы нормативтік қаулы қабылдағаны дұрыс болар еді. Мұның барлығы қылмыспен күрес шараларының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
1.4 Қылмыстық
құқықтағы жаза қолданудың
Әділқазылық мәселелерін шешуде жазалар жүйесін белгілеудің методологиялық және практикалық елеулі маңызы бар.
Оның методолиялық маңызы сол - әрбір жазаның қолдану жағдайын, дәл шегін және тәртібін көрсетіп, олардың толық тізімін беру арқылы қылмыспен күресте жазалау саясатының бірлігіне, сот қызметінде заңдылық принципін сақтауға қол жеткізе аламыз. Ал оның практикалық маңызы сол - онда жазаның түрлері бір жүйемен (ең жеңілінен бастап ең ауырына қарай) берілген, соның нәтижесінде сот заңға сүйене отырып, сот практикасының тәжірибесін, қоғамдық көзқарасты және ғылыми ұсыныстарды ескеріп, сотталғанға ықпал жасаудың әртүрлі шараларын тиімді де ұтымды пайдалана алады.
Заңмен белгіленген
жазалар жүйесінің маңыздылығы
сонда - ол арқылы қай жазаның аса
қатаң, ал қай жазаның онша қатаң
емес екендігін анықтай аламыз. Бұл
тек жаза тағайындалғанда ғана емес,
жазаның өтелмеген бөлігін
Жалпы жаза түрінің жүйесі және жазаның әрбір жеке түрі көптеген тәсіл арқылы сотталғанға ықпал жасау мүмкіндігін береді, сол тәсілдер арасынан сот ең орынды шараны таңдап ала алады. Осы жүйеге сәйкес соттар ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға қатысты да, онша қауіпті емес қылмыс жасаған адамдарға қатысты да ауырлығы әртүрлі жаза қолдануға құқылы.
Сонымен, жаза түрлерінің біршама көптігі қылмыстың да, оны жасаған қылмыскердің де қоғамға қауіптілігін ескеріп әділ жаза тағайындауға мүмкіндік береді, алдында тұрған мақсатқа жетуге көмектеседі.
Жазаның түрлері мен
жүйесі, сонымен қатар, қылмыскерлікпен
күресу тәсілдеріне және қылмыстың
өзіне деген қоғамда
Қылмыстың жаза қоғамдағы үстем көзқарасқа және оның өмір сүруінің негізгі шарттарына сәйкес келетін көзқарастарға жауап беріп келеді, жауап береді де. Заңдарға бұрынғы ескірген жазаларды енгізсек, оны қоғам тарихи анахронизм деп санар еді, ол жазалар іске аспас еді.
Қылмыстың заң мен жаза адамдардың қалыптасқан өміріне, қоғамдық қатынасқа, сол қоғамның идеологиясы мен таптың құрылымына, мемлекет экономикасының ахуалына, және осы негізде қалыптасып отырған этикалық және құқықтық көзқарастарға сәйкес келуі тиіс.
Егер жаза түрлерінің қоғамның және қоғамдық қатынастардың даму деңгейімен байланысына көз жүгіртсек мынадай заңдылықты байқауға болады: өндіргіш күштердің даму деңгейі төмен кезде қоғамдық тұрмыс та нашар, мәдениет те төмен деңгейде болды, оған сәйкес идеология болды; жазалаудың аса қатаң түрлері қолданылды - ашықтан ашық үрей тудыру, өлтірудің, жарақаттаудың жетік түрлері болды; қоғам ішіндегі қайшылықтың ушығуы жазаны қатайтуды қажет етті; аса қатаң жазалау кейінгі феодализмге тән әрекет еді.
Қылмыскерлікпен күрестің барлық формалары мен әдістері тек қатаң жазалаумен ғана шектелді. Ондағы басты мақсат - "зиянкес" адамның көзін жою немесе оны адам сияқты өмір сүру қабілетінен айыру. Ол кездің ұраны - үрейлендіру мен қатыгездік.
Бірақ, қатаң жаза қолданудың өзі қатыгездікті тудыратынын өмір көрсетті. Нәтижесінде қылмыс азайған жоқ, қайта көбейіп кетті. Сондықтан да, алдыңғы қатарлы ойшылдар бір жағынан жазаның сипатын өзгерту керек, екіншіден қылмыстың алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру керек дегенді айтты.
Қазіргі тарихи кезеңде жағдайды жазамен түзетуге болмайтындығын көрсетіп отыр, сондықтан да оқымыстылар бұл тығырықтан шығудың жолын іздестіруде. Осыған байланысты мәжбүрлеу және зорлық принципіне емес, сенімді мәжбүрлеумен ұштастырған принципке негізделген жаза теориясы ерекше маңыз алады. Бұл теория жаза қылмыскерлікпен күрестені маңызды да және әзірше қажетті құрал болғанмен, ол жалғыз әрі басты құрал емес, тек қосымша ғана деген түсініктен туындайды.
Қоғамның әлеуметтік өміріндегі жазаның орны, бәрінен бұрын, адамгершіліктен, адамға деген қамқорлықтан барып анықталуға тиіс. Мәжбүрлеудің қылмыспен күрес тәсілдерінің бірі екендігін ескере отырып, бірақ ақтық соңында тек мақсатты тәрбие мен сенім арқылы ғана адамға ықпал жасауға болатындығын, солар арқылы ғана адамның сезімі мен ойын, көзқарасын, идеясын, дағдысы мен мінез-құлқын өзгертуге болатындығын мойындау керек.
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде бұл принциптер ескерілген және жаза түрлерінің тізімі бұрынғы заңмен салыстырғанда едәуір өзгерген. Жазаның кейбір түрлері сақталған, ал кейбіреулерін заң шығарушы алып тастаған.
Сонымен қатар, қоғамдық жұмыстар, бостандықты шектеу, тағы басқадай жазаның жаңа түрлерінің жүйеге енгізілуі өте дәлелді.
Жазаның кейбір түрлерінің атаулары да, оған сәйкес мазмұны да өзгерген. Әскери және арнайы атақтан айырудың орнына - арнайы әскери және құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру; бас бостандығынан айырмай түзеу жұмыстарына жіберудің орнына - түзеу жүмыстары тәртіптік батальонға жіберу түріндегі жаза тәртіптік әскери бөлімде ұстаумен ауыстырылған.
Өлім жазасы жаза түрлерінің тізіміне кіргенмен, ол ерекше сипаттағы жаза деп көрсетілмеген.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 39-бабында қарастырылған қылмыстық жазалар тізімінде белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары; әскери қызмет бойынша шектеу; тәртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру; өлім жазасы; арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру; мүлкін тәркілеу.
Тиімділігі өте төмен болғандықтан жаңа Қылмыстық кодекстен жазаның мынадай түрлері алынып тасталды: қоғам алдында бетіне басу, келтірген нұқсанды жоюды міндеттеу, жер аудару, елден шығарып жіберу, қызметтен босату, еңбекпен тәрбиелеу профилакториясына жіберу, ата-ана құқығынан айыру. Мұның бәрі 1959 жылғы Қылмыстық кодексте бар болатын.
Бұрын кәмелетке толғандарға тағайындалатын жазалар түрінің арнайы тізімі қарастырылмаған болатын. Ал қазір, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 79-бабына сәйкес, 18 жасқа дейін қылмыс жасаған адамдарға тек мына жазалар қолданылады: айыппұл; белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары; бас бостандығын шектеу; бас бостандығынан айыру.
Жаңа Қылмыстық кодексте жазалар жүйесі басқаша құрылған: олар (жаза түрлері) жеңілдеу жазадан бастап қатаң жазаға қарай тізілген. Бұл Қылмыстық заң принципімен сәйкестігін табады - қылмыскерді жазалағанда жазалау құралдары үнемді пайдаланылады.
ҚР-ның қылмыстық заңындағы жазалар жүйесінде адамды масқара ететін, оның денесін жарақаттап, мүгедек ететін жаза түрлері жоқ. Қазақстан Республикасының Конституциясының 17-бабында былай делінген:
«Біріншіден адамның қадір - қасиетіне қол сұғылмайды. Екіншіден азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге, не жазалауга болмайды». Сонымен қатар, кәмелетке толмаған адамға, екі қабат әйелдерге, емшекте баласы бар және жас сәбиі бар әйелдерге жаза қолданылғанда заң бойынша бірқатар шектеулер қарастырылған.
Сондықтан да бұл қылмыстық заңда жаза түрлерінің толық әрі нақты тізімі берілген, оларды сот қылмыс жасаған адамға тағайындай алады. Заңда қарастырылмаған жазаны қолдануға жол берілмейді.
Жаза түрлері өздерінің мазмұны, сотталғанға ықпал жасау тәсілі және ауырлығы (жазалау сипаты) жағынан бір-бірінен өзгеше болады.
Кейбір жазаларды соттардың
міндетті түрде қолдану шарты, шегі
және тәртібі тікелей заңда
Осы күндегі Қылмыстық кодекс бойынша жаза жүйесі туралы айтқанда, біріншіден оның озық, алдыңғы қатардағы принциптер бойынша кұрылғанын, сондықтан оған жазалаудың жаңа тиімді шаралары кіргенін, соңғы бірнеше онжылдықтар бойы қолданылмаған кейбір жазалардың алынып тасталғанын атап өту керек. Сонымен қатар, жаңа Қылмыстық кодекстегі кейбір кемшіліктерді де айтпай кетуге болмайды. Мысалы: өмір бойы бас бостандығынан айырудың жазаның бөлек түрі ретінде жазалар жүйесіне кіргізілмегендігі - қателік.
Жазаның бұл түрінің өзінше бөлек жаза болып қарастырылуға құқығы бар, себебі бас бостандығынан айыру жазаның мерзімді түріне жатады, ал өмір бойы бас бостандығынан айыру - мерзімсіз жаза. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлігіндегі баптардың санкцияларында ол жазаның басқа түрлеріне, оның ішінде бас бостандығынан айыруға балама жаза ретінде көрсетіледі (ҚК-тің 96 - бабының 2 - бөлігі).
Жүйеге кіретін жазаның барлық түрлері үш топқа бөлінеді: негізгі, қосымша және балама, яғни олар негізгі болып та, қосымша болып та қолданыла алады (ҚК-тің 39 - бабы).
Жазаларды негізгі және
қосымша деп бөлудің
Салдардың ауырлығы–барлық
жағдайда қылмыстың қоғамға
Қылмыстық құқық теориясында
қылмыстық жазалауды дұрыс
Қылмыстық-құқық нормаларын толық жүйелеу туралы заңдылық қағидасының талабы, жазаны реттеуге толық мүмкіндік береді. Қылмыстық кодекстен басқа ешқандай заң жазаны белгілей алмайды. «Қылмыстық жаза» деген түсініктің өзі де нақты емес, себебі жаза әр кезде де қылмыстық болады. Сонымен бірге қылмыс жасалған кезде заңды күшінде болған Қылмыстық кодекстің санкциялары қолданылады» деп көрсетеді. [15; 3-5 б.]