Қазақстан Республикасындағы қылмысқа қарсы күрес тиімділігінің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Августа 2013 в 08:59, курсовая работа

Краткое описание

Елімізде жүргізіліп жатқан реформаны іске асыру және барлық заңды мүдделерді қорғау үшін қылмыстылықпен күрес шараларын күшейтуді қажет етеді. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары” дей отырып қоғамға, адамзатқа қарсы іс-әрекеттерді жасауға тыйым салады [1. 1-бап]. Қолданылып жатқан, құқықтық және ұйымдастыру шараларына қарамастан еліміздегі қылмыстық ахуал күрделі күйінде қалып отыр және техниканың дамуы мен көбеюіне, өндірістік қызметтердің қарқынды жүргізілуіне байланысты заңмен қорғалатын құндылықтарға абайсызда зардаптар келуінің мүмкіндігі де артуда.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЖАЗА.doc

— 465.50 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

 

          

Жұмыстың жалпы  сипаттамасы. Елімізде жүргізіліп жатқан реформаны іске асыру және барлық заңды мүдделерді қорғау үшін қылмыстылықпен күрес шараларын күшейтуді қажет етеді. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары” дей отырып қоғамға, адамзатқа қарсы іс-әрекеттерді жасауға тыйым салады [1. 1-бап]. Қолданылып жатқан, құқықтық және ұйымдастыру шараларына қарамастан еліміздегі қылмыстық ахуал күрделі күйінде қалып отыр және техниканың дамуы мен көбеюіне, өндірістік қызметтердің қарқынды жүргізілуіне байланысты заңмен қорғалатын құндылықтарға абайсызда зардаптар келуінің мүмкіндігі де артуда.

Қылмыс жасаушылардың  әрекеттері, әсіресе меншікке, экономикалық қатынастарға, қоғам қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарда жиі кездеседі. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек Қазақстан Республикасы Бас Прократурасының статистикалық мәліметтері бойынша Республикада  2003 ж – 142100; 2004 ж – 139431; 2005 ж – 150790; 2006 ж- 152168; 2007 ж- 135151; 2008 ж – 118485; 2009 ж -143550 қылмыс тіркелген. Бұл мәліметтер бойынша жалпы қылмыстылықтың динамикасы 2002 жылғы дейін өсіп, кейінгі жылдары қарқыны төмендеген.

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаев қылмыстылыққа  қарсы күрес және құқық тәртібін нығайту мәселесі жөніндегі мәжілісте  қылмыстылықпен күресудің және құқық тәртібін нығайтудың ауқымды, әрі тиімді бағдарламасын ұсынды. Сонымен қатар Президент өзінің мазмұнды баяндамасында “еліміз әлеуметтік қайта құру және демократиялық мемлекетті құру жолында ең күрделі түрде қарқынды дамыған қылмыстылықпен қақтығысудың шегіне жетті. Бұл шын мәнінде реформа саясатына, қоғамның тұрақтығына, азаматтардың өмірі мен игіліктеріне қауіп тудырады”,-деді.[1] Ғалымдар мұны бір жағынан заңды құбылыс ретінде бағалауда. Себебі қоғамның даму бағытын өзгертуі, ол елде алғашқы уақыттарда экономикалық-саяси дағдарыстың орын алуына соқтыра алды.

Елімізде  қылмыстылықпен күресуді күшейту, өз қызметіне жауаптылықпен  қарауды арттыру үшін, сонымен  қатар құқық қорғау органдары  қызметінің тиімділігін арттыру  мақсатында соңғы төрт жылда Республика Президентінің бірнеше Жарлықтары мен Қаулылары шықты. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: Қылмысқа қарсы күресті күшейту туралы” 1994 ж. 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысы, “Заңдылықпен құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы” 1994 ж. 9 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысы, “Сыбайлас жемқорлықпен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Республикалық комиссия құру туралы”   1994 жылы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, “Қылмысқа қарсы күрес және құқық тәртібін нығайту жөніндегі шұғыл шаралар туралы” 1995 жылы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысы. Қылмысты абайсыздық немесе салғырттықпен жасалған қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге әлеуметтік-құқықтық баға бару  адамдардың қоғамдық өмірде ғана күрделі мәселе болып саналмай, сонымен бірге бұл мәселе теория жүзінде де күрделі, толық шешілмеген мәселе ретінде қылмыстық құқық ғылымының пайда болу уақытынан бері даулы болып келе жатыр. Сондықтан қылмысты абайсыздықтың теориялық мәселелеріне осы күнге дейін көптеген ғалымдардың арнайы монографиялық еңбектерінде зерттеу жасалынды.

Қылмыстық заңда, Қазақстан  Республикасының құқықтық саясат Тұжырымдамасында белгіленгендей, заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғары құндылықтар ретінде адам құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы мен ажырамастығын тану негізге алынуы тиіс.

Жұмыстың өзектілігі. Құқықтық саясат, ол мемлекеттік саясаттың бір тармағы ретінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және құқықтық дамуын білдіретін Конституция ережелеріне негізделеді деген ойдамыз. Сондықтан қылмыстық құқықтық саясаттың бір өзекті мәселесі ретінде қылмыстық заң нормаларының тиімділігін арттыру-заң нормаларының теориялық ғана емес, сонымен бірге практикалық талаптарға да сай келуін қамтамасыз етеді. Р.Т. Нұртаев өзінің бір еңбегінде «Елде қылмыстық саясатты әрі қарай гуманизациялау мен либерализациялау бағытына біздің мемлекеттің күш жұмсауы, заң ғылымдары мен оның негізгі өзгерістерінің жетістіктерін дұрыс және жан-жақты ескерген жағдайда тиімділік көрсетуі мүмкін»- деді. [2; 49 б.] Сондықтан да қазіргі қоғамның әлеуметтік-саяси және экономикалық даму жағдайын, кейбір шет мемлекеттердің қылмыстық құқығының жетістіктерін ескере отырып, алдағы уақыттарда практика талаптарына сай келмейтін қылмыстық заң нормаларын қайта қарау қажет болуы да мүмкін. Әрине мұндай жағдай орын алғандай болса, онда абайсыздықпен сипатталуға жататын қылмыстық құқық нормалары да міндетті түрде өзгерістерге ұшырайтыны даусыз. Өйткені отандық қылмыстық құқықтағы абайсыздықпен сипатталатын қылмыстардың кейбіреулерінің кінә нысандары даулылық тудыруда, сонымен қатар жауаптылықтың көлемі де қайта қарауды талап етеді.

Қоғамдық санада көптеген жылдар бойы жаза деп кінәліні қоғамнан оқшаулау деп түсінетін пайымдау қалыптасқан, ал түзеу жұмыстарына тарту, айыппұл, қоғамдық жұмыстарға тарту, бостандығын шектеу және басқа да қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды қоғамда қалыптасқан сана жаза деп есептемейді деген пікір қалыптасқан. Сондықтан осы уақытқа дейін соттардың жаза тағайындау барысында қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды сирек қолданатыны байқалады.

Адамды бас бостандығынан  айырмай қолданылатын түзеу жұмыстары, бас бостандығынан айыруға шартты түрде соттау, еңбекке міндетті түрде қатыстыра отырып шартты соттау, айыппұл, үкімнің орындалуын кейінге қалдыру және тағы басқалары жатады.

Жазалар құрылымында  бас бостандығынан айыру жазасының  үлесі айрықша басым болуына, қылмыстық-құқықтық нормалардың санкцияларында бірінші кезекте негізгі жаза ретінде бас бостандығын айыру жазасы көрсетіліп, ал қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалар балама жаза ретінде қолдану ұсынылуы әсер етті. Сондықтан сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды қолдану, іс жүзінде судьяның субъективті көзқарасына байланысты болды. Судья мұндай жазаны қолданудың әрбір жағдайында сотталушының қоғамнан оқшауламай-ақ түзеліп кететінін, қайтадан қылмыс жасамайтынын, өзге де мән-жайларды жете зерттеп, дәлелдеп ол жөнінде  үкімде келтіруі тиіс болатын. Сот тәжірибесінде сотталғанға қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза тағайындау кезінде жалтақтық, абайлаушылықпен қарау көріністері байқалады. Мұндай құбылыстар қолданыстағы қылмыстық-құқықтық нормалар санкциясының көпшілігінде, әсіресе абайсызда жасалатын қылмыстар бойынша бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалар бірінші кезекте көрсетілсе де, қазіргі уақытқа дейін кейбір құқық қорғау органдары қызметкерлерінің санасында сол күйі сақталып қалған. Бұл жерде бас бостандығынан айыруды ерекше жағдайда қолданылатын жаза деп санауға болады.

Қоғамнан оқшаулаумен  байланысты емес жазаларды жеткілікті қолданбаудың себептерін, заң нормаларында орын алып отырған аталған жаза түрлерін қолдану негіздерінің олқылықтарымен де түсіндіруге болады. Мысалы, «Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды атқару тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 11 желтоқсан 2001 жылғы №151 бұйрығымен бекітілген Нұсқаулығында қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалардың барлық түрлері қамтылмаған. Әрине, Нұсқаулық заң емес, бірақ кейбір мәселелер заңмен реттелмеген болса, онда заңға тәуелді актілер басшылыққа алынады.

Қазақстан өзінің мемлекеттік  тәуелсіздігін алғаннан кейін, егемен мемлекеттің және оның барлық азаматтарының  өміріне арқау болатын бүкіл құқықтық базаны түбегейлі қайта құру кажеттілігі туындады. Бұл арада аз жұмыс жасалған жоқ: мемлекеттік басқару, экономика, ұлттық қауіпсіздік, сыртқы саясат, қоғамдық саяси өмір, мәдениет және халықты әлеуметтік қорғау, табиғатты қорғау, кұқықтық тәртіпті қорғау салаларында көптеген заңдар мен жарлықтар талқыланып қабылданды.

1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, біздің мемлекет демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланды. Бұл біріншіден демократиялық режимді ұстанады, екіншіден азаматтық қоғамды қалыптастырады дегенді білдіреді. Демократиялық режимнің негізгі көрсеткіші азаматтық және саяси құқықтар мен бостандықтардың қорғану кепілдіктері. Конституцияның негізгі принциптеріне сәйкес кез-келген адамның ата заңда және басқа да заңда да көзделген мүдделерін қорғауды жүзеге асыруда қылмыстық заңдылықтың маңызы ерекше. Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау болып табылады.

Казақстан Республикасының 1997 жылғы қабылданған Қылмыстық  кодексінің 3-4 бөлімдері тұтас жаза институтына арналып, жаза институтының барлық проблемаларына арналған ұғымдар қазіргі заман талабына сай жаңаша түзілді. Алайда, қылмыстық кұқық бойынша жазаларды топтастыру негіздері теориялық тұрғыда әлде де өз шешімін толық таппаған. Жаза жүйелерін жіктеу, оның белгілерін анықтауға жеткілікті мән берілмеген. Теорияда және заң қабылдауда орын алған осындай ағаттықтар, жаза институтын тереңірек зерттеуді, оның көптеген тұстарын жаңаша бағалауды, саралауды қажет етеді.

Осыған орай, жұмыста қылмыстық заңның жаза институтын жетілдірудің өзекті проблемалары, қылмыстық жазаларды жіктеу мен жеке даралаудың жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән жайларына қолданудың теориялық негіздері жүйесін әрі қарай реформалауға бағытталған ұсыныстар келтіріліп, республикадағы қылмыстық заңды жетілдіру проблемалары қарастырылған.

Зерттеудің  объектісі  жазаларды топтастырудың ғылыми негіздерін белгілеуге мүмкіндік беретін теориялық принциптерді анықтау және жауаптылық пен жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлардың  атқаратын рөліне байланысты қатынастарды реттеу.

Зерттеу пәні қылмыстық жаза ұғымы, оның белгілері, жазаларды жіктеуге негіз болатын мән жайлар,  жазалардың  өзара жеке даралану институтының атқаратын маңызы, жаза жүйелерін жетілдірудің  қылмыстылықпен күрес   саласындағы атқаратын қызметі болып табылады.

Зерттеу жұмысының  мақсаты мен міңдеті. Зерттеудің басты мақсаты – кінәліге әділ жаза таңдау  немесе қылмыстық құқықтық сипаттағы басқа да шара тағайындаумен байланысты теориялық, нормативтік құқықтық  проблемаларды кешенді түрде, кең тұрғыда талдау негізінде жаза институтына қатысты жазаны топтастырудың теориялық ережелерін жүйелеп шығару және сот практикасына осыған орай кепілдемелер беру болып табылады. Көрсетілген мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу жолы қарастырылды:

- қылмыстық жазалар  жүйесі құрылымының  теориялық  негіздерін зерттеу;

- жаза түсінігінің  құқықтық теориялық аспектілерін  қарау;

- жазаларды жіктеуге  негіздерді анықтау;

- жазалардың жеке дара реттелуіне салыстырмалы құқықтық талдау жүргізу; 

- қылмыстық жазалардың түсінігі және түрлеріне тарихи құқықтық талдау жүргізу;

- қолданыстағы қылмыстық  заңға сәйкес жазаны ауырлататын  және жеңілдететін мән-жайларды  қолдану тәжірибесінің құқықтық реттелу тәртібіне талдау жүргізу;

- қылмыстық заңды жетілдіруге  байланысты ұсыныстар жасау.

Зерттеудің  әдістемелік негіздері. Еңбектің әдістемелік негізін философияда, әлеуметтануда, әлеуметтік психологияда, құқық тарихы және теориясында, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқарушылық, азаматтық құқық салаларында, криминологияда қалыптасқан ғылыми ұстанымдар мен таным категориялары кұрады.

Негізгі әдіс танымның диалектикалық  әдісі болып табылады. Сонымен  қатар, жұмыс барысында, жалпы ғылыми және дербес ғылыми әдістер: сандық талдау әдісі, жүйелік тарихи, логикалық-заңдық әдістер, салыстырмалық кұқықтық әдістер де пайдаланылады. Нақтылы әлеуметтік әдіс кеңінен қолданылады (сауалнама, сот тәжірибесі материалдарын жинақтау, бас бостандығын айыру орындарында отырған және бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларын өтеп жатқан сотталушыларға қатысты сот қаулыларын талдау, стастистикалық мәліметтерді оқып зерттеу).

Зерттеу  жұмысының  деректік  негізі. Жұмыстың  теориялық базасын бұрынғы өткен және қазіргі кезеңдегі А.Н. Ағыбаев, З.О. Ашитов, Н.О. Дулатбеков, Е.О. Алауханов, Н.М. Әбдіров, Г.И. Баймурзин, К.Ж. Балтабаев, Қ.А. Бегалиев,    И.Ш. Борчашвили, А.А. Исаев,  Ө.С. Жекебаев, Б.Ж. Жүнісов, Е.І. Қайыржанов, Р.Б. Құлжақаева, М.С. Нәрікбаев, Р.Т. Нұртаев,  Е.А. Оңғарбаев, И.И. Рогов,     Л.Ч. Сыдықова, Д. Бұғыбайқызы, Г.Р. Рүстемова, П.И. Люблинский, С.В. Познышев, Н.С. Таганцев, И.Я. Фоиницкий,   К.Ш. Құрманов, И.И. Карпец,  Т.М. Күлтелеев, АА. Пионтковский,  М.Д. Шаргородский, Л.А. Прохоров, Г.А. Кригер, М.А. Скрябин, Г.С. Говеров, П.И. Гришаев, Ю.М. Ткачевский, В.И. Ткаченко, Я.М. Браинин, А.М. Яковлев, А.В. Наумов, В.В. Лунеев, Г.Н. Борзенков, Н.Ф. Кузнецова және т.б. оқымысты ғалымдардың ғылыми зерттеу еңбектері құрады.

Жұмыстың  ережелері мен тұжырымдары Қазақстан Республикасының Конституциясына, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқарушылық заңнамаларға, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына, сондай-ақ ТМД елдерінің Ресей Федерациясының, сол сияқты  кейбір шет мемлекеттердің осы саладағы заң актілеріне негізделді. Сонымен қатар, салыстырмалы талдау жүргізу барысында бұрын қолданылған заңдар мен  ТМД елдеріне арналып дайындалған Үлгілік Қылмыстық және қылмыстық атқарушылық кодекстері пайдаланылды.
1  Қазақстан Республикасындағы қылмысқа қарсы күрес тиімділігінің теориялық негіздері

 

 

1.1 Жазалар жүйесі және олардың маңызы

 

 

Қылмыстық заң жазалау  қатерімен  тиым салу арқылы адамның  жеке басына, қоғамға, мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын қылмысты әрекеттерді істеуге тиым салады.

Қылмыстық заңның міндеттері – бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды  мүдделерін, меншікті, аумақтық тұтастықты, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, табиғи ортаны қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық заңдар қылмыстық  жауаптылықтың негіздерін, қылмыс істеген  адамдарға қолданылуы мүмкін және өзге де ықпал ету шараларын белгілейді.

Азамат терісқылық немесе құқықтық бұзушылық жасаса оған моральдық  немесе құқықтық жауапкершілік жүктеледі. Құқықтық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып саналады. Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тиым салынған қоғамға қауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді.

Құқықтық әдебиетті  талдау нәтижесінде барлық ғалымдардың  келесі ережелерге байланысты бірдей пікір ұстанатынын анықтаймыз.

  • қылмыстық жауаптылық құқықтық жауапкершіліктің бір түрі ретінде оның барлық белгілеріне ие;
  • қылмыстық жауаптылық қылмыс  жасаған тұлғаларға қатысты қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеудің ең қатал, күрделі түрі;
  • қылмыс жасаған адамдар өз қылмыстары үшін мемлекет алдында жауап беруге міндетті;
  • қылмыстық жауаптылық кезінде аталған тұлғалардың қандай да бір дәрежеде құқықтары болады.

Біздің пікірімізше қылмыстық жауаптылық  анықтамасын тек сотталумен және жазамен шектеу дұрыс емес. Шын мәнісінде, қылмыстық  жауаптылықтың анықтамасы одан да кең. Кейбір ғалымдар қылмыстық жауапкершіліктің мәнін қылмыстық құқықтық қатынастар құрайтындығы және оның мазмұны ретінде тараптардың өзара құқықтары және міндеттері, ең алдымен қылмыс жасаған тұлғаның мемлекет алдында өз іс-әрекеттері үшін жауап беру міндеттілігі жататындығын айтады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы қылмысқа қарсы күрес тиімділігінің теориялық негіздері