Қазақстан Республикасындағы қылмысқа қарсы күрес тиімділігінің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Августа 2013 в 08:59, курсовая работа

Краткое описание

Елімізде жүргізіліп жатқан реформаны іске асыру және барлық заңды мүдделерді қорғау үшін қылмыстылықпен күрес шараларын күшейтуді қажет етеді. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары” дей отырып қоғамға, адамзатқа қарсы іс-әрекеттерді жасауға тыйым салады [1. 1-бап]. Қолданылып жатқан, құқықтық және ұйымдастыру шараларына қарамастан еліміздегі қылмыстық ахуал күрделі күйінде қалып отыр және техниканың дамуы мен көбеюіне, өндірістік қызметтердің қарқынды жүргізілуіне байланысты заңмен қорғалатын құндылықтарға абайсызда зардаптар келуінің мүмкіндігі де артуда.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЖАЗА.doc

— 465.50 Кб (Скачать документ)

Сондықтан да бұл қылмыстық заңда жаза түрлерінің толық әрі дөл тізімі берілген, оларды сот қылмыс жасаған адамға тағайындай алады. Заңда қарастырылмаған жазаны қолдануға жол берілмейді. Жаза түрлері өздерінің мазмүны, сотталғанға ыкдал жасау тәсілі және ауырлығы (жазалау сипаты) жағынан бір-бірінен өзгеше болады.

Кейбір жазаларды соттардың  міндетті түрде қолдану шарты, шегі жөне төртібі тікелей занда белгіленеді, оның нөтижесінде жазаның әділдігін, лайықтылығын және жеке даралығын, жаза тағайындағанда заңцылықты сақтауға, жинақтай келгенде қылмыскерлікпен күрес саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге жағдай жасалады.

Осы күндегі Қылмыстық кодекс бойынша жаза жүйесі туралы айтқанда, біріншіден оның озық, алдыңғы катардағы принциптер бойынша құрылғанын, сондықган оған жазалаудың жаңа тиімді шаралары кіргенін, соңғы бірнеше онжылдықтар бойы қолданылмаған кейбір жазалардың алынып тасталғандығын атап өту керек.

Сонымен қатар, жаңа Қылмыстық кодекстегі кейбір кемшіліктерді де айтпай кетуге болмайды. Біздің пікірімізше, өмір бойы бас бостандығынан айырудың жазаның бөлек түрі ретінде жазалар жүйесіне кіргізілмегендігі — кателік.

Жазаның бұл түрінің  өзінше бөлек жаза болып қарастырылуға  құқығы бар, себебі бас бос-тандығынан айыру жазаның мерзімді түріне жатады, ал өмір бойы бас бостандығынан айыру — мерзімсіз жаза. ҚК-нің Ерекше бөлігіндегі баптардың санкцияларында ол жазаның басқа түрлеріне, оның ішінде бас бостандығынан айыруға балама жаза ретінде көрсетіледі (ҚК-тің 96-бабының 2 бөлігі).

Жүйеге кіретін жазаның  барлық түрлері үш топка бөлінеді: негізгі, қосымша жөне балама, яғни олар негізгі болып та, қосымша болып та қолданыла алады (ҚК-тің 39-бабы).

Жазаларды негізгі жөне қосымша деп бөлудің практикалық маңызы зор. Атап айтқанда, қосымша жазаларды қолдану жазаны жеке даралау принципін жүзеге асыру төсілдерінің бірі. Жазаның қай түрі негізгі, қайсысы қосымша екендігін дәл көрсету зандылық талабына толық сай келеді (4, 61 б.).

 

 

1.2 Қылмыстылықпен күрес жүргізудің тиімділігінің түсінігі және оның өзекті мәселелері

 

 

Біздің елімізде қылмысқа қарсы күрес тиімділігін арттырудың  мәселелері туралы теорияны жасау-қазіргі  кезде заң ғылымдарының дамуындағы негізгі бағыттарының бірі болып  отыр. Жауаптылықтан туындайтын жазаның орындалмай қалмау қағидасын жүзеге асыру мен оны қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттің қылмысқа қарсы күрес саясатын жүргізуді әрі қарай ізгілендіру және ымырашылдық жасау мақсатында, қылмыстық құқықтық қудалау шараларын үнемді қолдану  негізінде және жасалған қылмыс үшін жауаптылықпен жазаны жекешелендіру мен дұрыс оқшаулаудан туындайды. Осы мақсатта қылмыспен күрес тиімділігін арттыру үшін мәселелердің тап осылай қойылуының өзі, қылмыстылықты зерттейтін ілімдер теориясы мен практикасының дамуы және оның жетілдіруіне байланысты үйлесімді ұйымдастыру шараларын қылмысқа қарсы күреске ықпал етуімен тығыз байланысты болады. Елдегі қылмыстық саясатты дұрыс жүргізудегі кең көлемді мәселелерді шешу шарттарының негізі деп, қылмысқа қарсы күрес пәрменділігін арттыруға баса назар аудару айтылады. Өз кезегінде, қылмысқа қарсы күрес тиімділігін арттыру міндетінің оңды шешілуі біздің елімізде қылмыспен күрес тиімділігін қамтамасыз ету барысында сенімді теориялық негізді жасауды алға қояды.

Егер қылмыспен күрес тиімділігінің теориялық жағын айтар болсақ, Қазақстанда бұл мәселе аз әңгіме болып жүрген мәселелердің бірі десек қателеспейміз. Құқық бұзушылықтың көбейіп, оның жазасыз қалуы, ешқандай демократияның, өркениетті нарыққа, адамдардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына жеткізбейтініне мән берілмейді. Қылмысқа қарсы тиімді күрес жүргізу және демократиялық қағидалармен қабылданған нақты заңдардың болуы үшін кейбір ішкі және сыртқы күштердің (билікте, саясатта, бизнесте, БАҚ және құқық қорғау органдары  жүйесінде) бұл туралы ойланбайтыны бүгінде анық байқалды.

Айта кету керек, алғашқы  кездері аталмыш мәселелердің қойылуы  кезінде құқық тиімділігі ұғымы  бұл- құқық нормаларының пәрменділігі, дәлелділігі және пайдалылығы терминдерімен  толықтай немесе ішінара өзара байланыста қарастырылған. Яғни, құқық тиімділігі деп құқық нормаларының ерекше белгілері аталған. Олар:

1.Құқықтың өзі қоғамда (елдегі барлық азаматтар мен ұйымдар үшін) біртұтас тәртіп орнатуға арналғандықтан, құқық  нормасына баршаға бірдей ережелер тән болады. Яғни, құқық нормалары баршаға бірдей міндетті деген сөз.

2.Өзге әлеуметтік нормаларға қарағанда құқық нормалары мемлекет тарапынан жасалады және олардың  тиісті  дәрежеде мүлтіксіз жүзеге асуы мемлекет тарапынан қатаң бақыланады. [3; 132 б.]

Құқықтың басты міндетін (қоғамдағы тәртіпті реттеу, мемлекет көлеміндегі тәртіпті қалпында ұстап, оларды тиісті дәрежеде қамтамасыз ету  т.б.) ескере отырып, құқықтың негізі болып  саналатын құқықтық нормалар жүйесіне жан-жақты зерттеу қажет болады. Мұндай зерттеу жұмыстары кейін осы нормалардың өмірде қолдану нәтижесі мен потенциалының жүзеге асырылуы мен одан ары ізденістер жүргізілуіне мүмкіндік берері сөзсіз. Әрбір құқық нормасы барлық адамдарға тең және кейбір қажетті жағдайларда қолданылатын жалпыға бірдей ережелерден тұратындықтан құқық нормасының жалпыға бірдей мүмкіндіктерін қамтамасыз ету аясында оның жүзеге асырылуы үшін объективті жағдайлар туғызуын жатқызамыз. Содан соң құқық нормасының жалпыға бірдей ережесі өз көрінісін халыққа уақытылы жеткізілуі және арнайы белгіленген нақты тұлғалардың сол ережелерді мүлтіксіз орындауы арқылы табады. Сондықтан құқық нормаларының тиімділігін зерттеудегі негізгі бағыттарының бірі - аталмыш нормалардың басты ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.

Құқық нормасы мәселесін  зерттеудің тағы бір мәселесі - құқық  нормаларына байланысты мемлекеттік  институттардың заң шығару қызметіндегі тиімділікке байланысты туындайтын мәселелер. Атап айтқанда, өкілетті мемлекеттік  органдардың құқықты жүзеге асыруға  байланысты қызметінің тиімділік деңгейіне және құқық бұзушылыққа байланысты қолданатын шаралардың пәрменділігіне байланысты туындайтын мәселелер. Пашков А.С., Чечов Д.М. «құқық нормаларының тиімділігі мәселесін түсіну, нақтылықты, нәтижелілікті, яғни қоғамға пайдалы бағытта анықталған қоғамдық қатынастарға әсер ету мүмкіндігін түсінуге негізделген» -дейді. [4; 3 б.]

Құқық теориясында құқықтық нормалардың мәні мен міндетіне  байланысты қалыптасқан ой-пікірлерге сүйене отырып, олардың тиімділігіне байланысты потенциалды мүмкіндіктерге (құқық нормаларының құқық практикасында қолданылу мен қабылдану тиімділігі) аса назар аударып, құқық тиімділігі мәселесінің теориялық зерттелуіне байланысты туындаған мәселелердің дұрыс жолда екендігін ескере кеткен жөн.

Құқық тиімділігі мәселесі жөніндегі бірқатар ғалымдардың пікірлерін топтастыра келе Л. И. Спиридонов былай дейді: « ... бірқатар авторлардың теорияны жетілдіру бағытындағы зерттеулері, мұндай қылмыстық-құқықтық тыйым салу шараларының тиімділігіне әкеп соқтыратын алғышарттарын қалыптастырады, оларға:

1) заңдарда қылмыс  деп жарияланған, қоғамға қауіпті  іс-әрекеттердің мазмұнын уақытылы, дұрыс және толық ашып көрсету; 

2) қылмыстық заңның  мазмұнының адамгершілік нормалар  мен құқықтық сана-сезімнің деңгейіне  сәйкес келуі; 

3) заң талаптарының  қоғамның әлеуметтік-экономикалық  және саяси даму заңдылықтарына  сәйкес келуі; 

4) адамдардың әрекеттерін  қылмыстық құқықтық тәсілдерімен  реттеу процессінде адамның әрекет  етуіне әсер ететін әлеуметтік (ең бастысы экономикалық) факторларды ескеру;

5) қылмыстық заңдардың  тұрақтылығы және оны қолданудың  біркелкілігі;

6) қылмыстық-құқықтық  санкцияның қоғамға әсер ету  шараларымен ұштасуы;

7) халықтың қылмыстық  заң нормаларының мазмұнымен, оның  ішінде санкцияларынан хабардар  болуы;

8) жасаған қылмысы үшін адамдардың жазасыз қалмайтындығын сезінуі;

9) қылмыстық саясаттың  тұрақтылығы жатады».

Л. И. Спиридонов құқық  пәрменділігінің осы алғышарттарын  қортындылай келе, «ғылыми тұрғыдан алғанда, заң нормалары тек қоғам  дамуының заңдылығы мен объективті жағдайларына, халықтың қоғамдық сана-сезіміне, оның ішінде олардың құқықтық сана-сезімі мен адмгершілік қағидаларына және құқықтық нормалар басқа да құқық нормаларымен сай болғанда ғана тиімді болмақ. Сонымен қатар социологтардың жүргізген тәжірбиелік зерттеулерімен хабардар болу- адамның мінез-құлқының (оның ішінде ауытқымалы мінез-құлқының) басқа да түрлеріне байланысты қылмыстық құқық нормаларының бұзылғанын анықтап, соның негізінде теориялық жағынан да, іс жүзінде де қылмыстылықпен күрес тиімділігінің жаңа алғышарттарын жасауға негіз тудырады».- деп жазады. [5; 119 б.]  

Сондықтан профессор  Л. И. Спиридоновтың тұжырымдары  мен ұсыныстарын қылмыстылықпен күрес тиімділігін жетілдіру  барысында негізге ала отырып қолдану қажет. Шынында да, жауапкершілік белгілейтін қылмыстық заңның тиімділігін қамтамасыз ету мақсатындағы мәселелерді шешкен кезде, заң қылмыс деп жариялаған қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің уақытылы, дұрыс және толық қамтылатындығы ескерілуі керек. 

Ғалымдардың кейбіреулері құқық нормасының тиімділігі ұғымына оның құрамдас бөліктеріне жататын ерекшеліктері секілді құқықтың түпкі мәні, сондай-ақ құқық нормасын қабылдаудағы заң шығарушының алға қойған мақсаты мен ереже қабылданғаннан кейінгі оның нақты орындалуын қамтамасыз ететін жағдайларын жатқызады. [6; 44 б.]

Заңгер ғалымдар осыған байланысты құқықтық нормаларының тиімділігін  талдаудан  нақты құралдарды, яғни тарихи субъектілердің нақты әрекеттерін  алып тастау негізсіз деп есептейді. Нормативтік құқықтық актілердің «таза» қолданылуы ешнәрсеге сай келмейді. Заңның әлеуметтік топтарға байланысты емес, жеке адамдарға байланысты пайдаланылуын қарастырсақ, оның қажетті деңгейде қолданылуы құқықтың өзінен емес сонымен қатар, субъектінің де көптеген сипатына байланысты болып келеді. Мақсатпен нәтиже арасындағы тиімділікті анықтаудың қиындығы жалғыз норманың түрлі-түрлі мақсаттарда емес, сонымен қатар сол норманы зерттеу барысында оның еш нәтижесі болмайтындығында. [7; 34-35 б.]

Құқық нормасының потенциалды  мүмкіндіктері қоғамдық қатынастарға пайдалы әсерін тигізеді. Әсерін тигізе отырып, мұндай мүмкіндіктер кейіннен өмірдегі түрлі дау-шарларды шешуге бағытталады. Бұ тиімділік мәселесінің белгілі бір анықталған мақсатқа сай белгіленетінін және осы мақсаттың орындалуымен өлшенетінін білдіреді. А.А. Игнатьев «Кез-келген жүйе белгілі-бір қойылған мақсатқа жету үшін құрылады және сол үшін қызмет етеді. Тиімділік мәселесі осы қойылған мақсатқа жетуге байланысты жүйенің пайдалы түрде қызмет жасау қажеттілігін анықтауға байланысты туындайды» деген сенімді түсінік берген. [8; 212 б.]  

Жоғарыда келтірілген  ой-пікірлерге сәйкес, құқық тиімділігі деп оның жалпыға танымалдығын, оның сөзсіз орындалатындығын, құқық нормаларының қайшылыққа ұшырамауын және түсініктілігін, әлеуметтік мақсаты мен оған жету тәсілдерінің сәйкестігін, құқықтың әділет органдары мен өзге де құқық қорғау органдары жүйесімен тығыз байланысы қамтамасыз етілгенін айтамыз.

Аталған ережелерге сүйене отырып, былайша тұжырым жасауға  болады: Әлеуметтік зерттеу әдістерін  пайдалануды дамыту қылмыстық құқық ғылымының дамуына әсер етіп, құқық қорғау органдарының қызметі мен қылмыстық құқық ғылымының қылмысқа қарсы күресте өзара байланыста жасаған әрекеттерінің бір-біріне логикалық қатынасқа түсуіне мүмкіндік береді. Нақтырақ айтар болсақ, құқық қорғау органдары қызметкерлері әлеуметтік зерттеу әдісін қолдана отырып, сол арқылы оның қазіргі кезде қолданып отырған әдістерінің нәтижесін анықтауға, сөйтіп кейінгі қылмысқа қарсы күрестің жаңа әдістерін жасауына мүмкіндік береді. Және сол тактиканы түрлі деңгейдегі қылмыс құрамына сай пайдалануға болады.

Құқықтық зерттеудегі  дәстүрлі әдістер өз мәні бойынша  заң шығарушының еркін білдіруге  және құқық нормасын практикада дұрыс  қолдануға түсіндірме беруге бағытталған. Мұндай зерттеулер алдағы уақытта да жүргізіле береді.

Өзге де құқық бұзушылыққа  қарағанда қылмыс өзінің қоғамға  аса қауіптілігімен ерекшеленетіндігі  баршамызға мәлім. Сондықтан да, ең алдымен әрекеттің қоғамға қаншалықты қауіпті екеніндігін анықтау  аса маңызды мәселелердің бірі болып  табылады. Бірақ бұл мәселені шешу құқық бұзушылықты қылмыс деп тануға әлі де жеткіліксіз. Басқа да жағдайларды ескеру қажет. Олардың қатарына мыналар жатады:

1. қоғам өмірінің объективті заңдылығы;

2. қылмыстық жазаның  әлеуметтік салдары;

3.қылмыстық құқық пәрменділігін жүзеге асырудың материалдық ресурстары.

4.қоғамның адамгершілік – рухани сипаты;

5.қажетті жүріс-тұрыс тәртібін қылмыстық құқық құралдарымен ынталандыру мүмкіндігі;

6. ғылым мен техника  дамуының деңгейі;

7. міндетті тұлғалардың  әрекеттерін пәрменді бақылау мүмкіндігі.

Сонымен, қылмыстық құқық  нормасын қолдануда тиімділік шарттарына төмендегілерді жатқызуға болады:

1.Нақты   қоғамға   қауіпті   әрекеттің   әлеуметтік   қауіптілігі мен қоғам өмірі  заңдылығының объективтілігін ескере отырып қылмыстық заңның дер кезінде қабылдануы;

2.Жазаның  мақсатына жету үшін қылмыстық жазаны 
қолданғанда әлеуметтік салдардың ескерілуі.

3.Қылмыстық   құқық   нормасы   мен   қоғамда   қалыптасқан дәстүрдің байланыс деңгейін ескеру.

4.Қылмыспен күресте материалдық ресурстарды дұрыс 
пайдалану.

5.Заңды әрекеттермен позитивті жауапкершілікті қылмыстық құқықтық құралдарымен реттеудің мүмкіндігін анықтау.

6.Заңды қабылдау кезі  мен одан былайғы әрекеттер  барысында қылмыстық заңның тұрақтылығын  қамтамасыз ету;

7.Қабылданған қылмыстық құқық нормаларының халыққа 
жетуіне (хабардар  болуына) нақты жағдай жасау;

8.Құқық қорғау органдарының беделін көтеру үшін 
барлық қажетті шараларды қарастыру;

9.Қылмыстық жаза мен жауаптылықтың бұлтартпаушылық қағидасын қамтамасыз ету;

10.Сот және тергеу тәжірибесіне, қылмыстық заңының тұрақтылығынан көрінетін қылмыстық саясаттың жүзеге асуына жағдай жасауды камтамасыз  ету;

11.Қылмыспен күрес тиімділігін арттыру барысында ғылым мен техника жетістіктеріне, оларды пайдалануға  қамқорлық жасау;

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы қылмысқа қарсы күрес тиімділігінің теориялық негіздері