Қазақстан Республикасындағы қылмысқа қарсы күрес тиімділігінің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Августа 2013 в 08:59, курсовая работа

Краткое описание

Елімізде жүргізіліп жатқан реформаны іске асыру және барлық заңды мүдделерді қорғау үшін қылмыстылықпен күрес шараларын күшейтуді қажет етеді. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары” дей отырып қоғамға, адамзатқа қарсы іс-әрекеттерді жасауға тыйым салады [1. 1-бап]. Қолданылып жатқан, құқықтық және ұйымдастыру шараларына қарамастан еліміздегі қылмыстық ахуал күрделі күйінде қалып отыр және техниканың дамуы мен көбеюіне, өндірістік қызметтердің қарқынды жүргізілуіне байланысты заңмен қорғалатын құндылықтарға абайсызда зардаптар келуінің мүмкіндігі де артуда.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЖАЗА.doc

— 465.50 Кб (Скачать документ)

Көрсетілген негіздер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 38-бабының 2-бөлігінде тұжырымдалған жазаның бір мақсаты - әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру жөнінде көптеген сұрақтарды туындатып отыр.

Профессор Н. Ф. Кузнецова  әлеуметтік әділеттілікті қалпына  келтіру мақсатын жазаға ұйқастығымен және қылмыстар үшін қос жауапкершілікке тиым салынуымен, қылмыстың жасалуы арқылы  бұзылған әлеуметтік мүдделерді қалпына келтіру және орнына келтіру мәселелерін шешумен, бір жағынан жәбірленушілерге қатысты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірумен, екінші жағынан қылмыскерді әділетті жазалаумен байланыстырады.              

Әлеуметтік әділеттілікті  қалпына келтіру - қылмыспен бұзылған жеке бастың, қоғамның, мемлекеттің  мүдделерін қалпына келтіру. Материалдық  зиян айыппұлмен, мүлкін тәркілеумен, еңбек ақысынан ұстаумен, түзеу жұмыстарына тарту кезінде орнына келтірілуге тиіс. Адамның денесіне келген зиян қалпына келтірілуге жатпайды. Қытайдың Қылмыстық кодексінде (31-бабы) егер жәбірленушіге материалдық шығын келтірілсе, онда қылмыскер аталған Кодекстің тұжырымдарына сәйкес, жазадан басқа материалдық шығындарды өтеуге сотталуға тиіс». [21; 17-18 б.]

Жаза-қылмыс жасалу нәтижесінде  жәбірленушінің бұзылған құқықтары  мен бостандықтарын қалпына келтіру  үшін, яғни әділеттіліктің қалпына  келуіне қызмет жасайды. Қылмыстық  құқық  санкцияларының сипаты қылмыс жасау нәтижесінде қалпына кеклтірілетін бұзылған құқықтар мен бостандықтарының ерекшелігімен тығыз байланысты. Таза қалпына келтірілетін сипаты ақшалай айыппұл, мүлікті тәркілеу сияқты мүліктік қылмыстық-құқықтық санкциялардан тұрады. Әрине, қылмыспен келтірілген барлық зиян бара-бар көлемде қалпына келтіруге жатпайды. Ешқашан да жаза арқылы жәбірленушінің өміріне немесе қылмыс нәтижесінде жоғалған денсаулықты қалпына келтіруге болмайды. Сондай-ақ, мұндай қылмыстар үшін кінәліні жазалаған кезде әлеуметтік әділеттілік қалпына келді деуге болмайды. Кінәлі адамды жазалаудың әлеуметтік әділеттілігі, оның құқықтары мен бостандықтарын шектеуден тұрады. (мысалы, ұзақ уақытқа оны бас бостандығынан айыру немесе тиісті жазаның мазмұнымен белгіленетін қатал шараларға тарту). Сонымен, жазаның  жазалаушылық мазмұны осындай жағдайларда да әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудің өзіндік қылмыстық-құқықтық тәсілі болып табылады. Тіпті ең ауыр жаза да сотталушыға моральдық және тән азаптарын келтіру үшін қолданбайды. Көрсетілген құқықтық шектеулер және жазаны орындаумен байланысты мәжбүрлеу шаралары әр түрлі мақсаттарды көздейді, оның ішінде әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру.

Кінәлі адамды жазалау-қоғамдағы  заңнаманың және әділеттіліктің жеңісін  куәландырады. Құқық қорғау органдарының іс әрекеті бірінші кезекте қоғамға қауіпті құқыққа қарсы әрекеті нәтижесінде бұзылған әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге бағытталған.

Жоғарыда айтылғандай, жазаның жазалау мазмұны мен  мақсаты  дамыған шет елдердің қылмыстық құқығында орын алған. Жазаның жазалау мағынасын Ресей Федерациясындағы белгілі ғалым-криминалист, А.В. Наумов та мойындап отыр. Қылмыспен күресті жүзеге асыруда құқық қорғау органдары қызметінің жазалау мағынасын бір де бір ғалым немесе практик қызметкер теріске шығармайды. Мұның бәрі, жазаны жазалау мағынасынан шығарып тастаудың немесе одан толық бас тартудың дұрыс еместігіне байланысты айтылып отыр. Осындай қорытынды бірінші кезекте жазаның әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру мақсатына қатысты.

Шынында, қылмыспен келтірілген  зиянды еш материалдық және моральдық  өтемдермен қайтаруға мүмкіндік  болмаған жағдайда, тағайындалған және орындалған жаза, жасалған құқыққа  қайшы әрекет үшін есе қайтару  ретінде танылады.

Айтылған тұжырымдарға байланысты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге бағытталған жазаның мақсаты, қылмыспен бұзылған жеке бастың, қоғамның, мемлекеттің мүдделерін қалпына келтіру, жасалған қылмыс үшін есе қайтару ретінде тану біздің заңға сәйкес болып көрінеді.

 «Сотталған адамды түзеудің мақсаты, оның қоғамға деген жеке басының өзгеріп, қылмыстық заңды бұзбайтын және қоғамының жалпыға бірдей ережелерін сыйлайтын азамат болып қайта оралуын көздейді. Жазаны қолдану нәтижесінде сотталған адамның адамгершілік жағынан қайта туылғанын талап етпейді, бірақ жазаның көмегімен оны еңбекке, басқа да адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға, тәртіпке бағынуға баулуға  болады.         

Жаза тиімділігінің  дәрежесі көп жағдайда сотталған  адамды түзеу мақсатына қол жеткізумен анықталады.

Заң әдебиеттерінде жазаның түзеу мақсаты іс жүзінде жаза түрлерінің барлығына бірдей қойылмауы да мүмкін екендігін келтіреді. Ол тек еңбекпен түзеумен байланысты жазаларға, мысалы, бас бостандығынан айыру, қамау, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту жазаларына ғана қойылуы мүмкін. Ал қалған басқа жазалар сотталғанның кейбір жеке басы қасиеттерін өзгертуге әкеп соқпайтын немесе оның көзқарасы мен сеніміне, қажеттілігіне, мінезі мен құнды бағыттарына мақсатты түрде әсер етумен байланысты емес  жеке шара есебінде орындалады. [22; 59-60 б.]

Жазаның түзеу мақсатына  жету-белгіленген уақыт шегінде  кінәлінің өмірге деген көзқарасына  тиісті түзетулер енгізуге, жеке басын  өзгертуге, қылмыстық заңды бұзбайтын  және адамдардың қауіпсіз өмір сүру ережелерін құрметтейтін қоғамға толық қанды азамат етіп қайтару үшін арналған  әсер ету шараларын ұйымдастырумен байланысты.   Сонымен қатар, қылмыскерді түзеу деп оны еңбекке, қоғамда басқа адамдармен мәдениетті түрде қарым қатынас жасауға, құқық тәртібін сақтауға баулу болып табылады. Сотталғандарды түзеу мақсатына жеткізудің бірден-бір жолы оларды келешекте қылмыс жасаудан бас тарттыру, істеген әрекеті үшін өкінетін жағдайға жеткізу болып табылады. 

Түзеу ұғымы қылмыстық-атқару заңнында кеңінен қарастырылған. Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару кодексінің 7-бабында сотталғанды түзеу - оның бойында құқық ұстанушылық мінез-құлықты, жеке адамға, қоғамға, еңбекке, адамзат қоғамының нормаларына, ережелер мен дәстүрлеріне оң көзқарастарды қалыптастыру деп көрсетілген. Сондай-ақ сотталғандарды түзеудің негізгі құралдарына жазаны атқару мен өтеудің белгіленген тәртібі (режимі), тәрбие жұмысы, қоғамдық пайдалы еңбек, орта білім алу, кәсіптік даярлықпен қоғамдық ықпал ету жататынды келтірілген. Қылмыстық атқару заңында көрсетілген түзеу құралдары жазаның түрін, жасалған қылмыстың сипатын, қоғамға қауіптілік дәрежесін, кінә нысаны мен себептерін, сотталушының жеке басы мен мінез-құлқын ескере отырып қолданылады.

Басқа да қылмыстардың алдын  алу түріндегі жазаның мақсатын сипаттай келе, профессор Е.І. Қайыржанов: «Сотталғанның тарапынан жаңадан қылмыс жасаудың алдын алу-жазаның мақсаты ретінде жалпы немесе арнайы алдын алу (жалпы немесе арнайы превенция) деп те аталады. Ол тікелей қылмыс жасаған адамға және сот үкімі бойынша тиісті жаза түріне тартылған сотталғанға бағытталған» деп жазады.

Профессор Е.І. Қайыржанов: «Жеке ескертудің мақсаты екі  жолмен, яғни: а) сотталған адамды жаңа қылмыс жасау мүмкіндігінен іс жүзінде  айырумен; б) жасаған қылмысы үшін оған жаза қолдану фактісімен жетеді»- деп атап өтеді. [23; 191-192 б.]

Басқа да адамдардың тарапынан  қылмыс жасаудың алдын алу- жазаның  мақсаты сияқты жалпы алдын алу  немесе жалпы (басты) превенция деп  аталады. Бұл мақсаттың жеке алдын  алудан айырмашылығы, жазаның мақсаты  қылмыс жасаған адамға емес, әлі қылмыс жасамаған, бірақ мұндай әрекет жасауы мүмкін басқа адамдарға бағытталғандығы.

Кейбір жағдайларда  жаңадан жасалатын қылмыстың  алдын алу мақсаты деп, жалпы  және арнайы превенцияны да түсінеді – деп А.Э. Жалинский өз түйінін  жалғастырады. Бұған «сотталғанды түзеу», сондай-ақ «жаңа қылмыстардың алдын алу» деген түсініктерді қолданған заң шығарушының өзі де жағдай жасап отыр. Сонымен бірге «жаңа қылмыстардың алдын алу» түсінігі де қайталана жасалған қылмыстарды қамтиды». [24; 377 б.]

Яғни, профессор А.Э. Жалинскийдің жазаның қылмыстың алдын алу мақсатына берген түсініктемесіне қатысты қортындыларының ғылыми құндылығы, оның жаза қолдану кезіндегі жалпы және арнайы превенцияның мақсатын анық түсіну және ашу жолымен жаңа қылмыстардың алдын алу  мен түзетудің мақсаттарын  көрсетуден тұрады. Сонымен қатар, кеңестік қылмыстық құқық доктринасында байқалғандай және осы уақытта да кездесіп жүргендей, қылмыстың алдын алу мақсатын шектен асыра көрсетуге болмайтындығын  айта кеткен жөн. Профессор М.Д. Шаргородский  жазаның мақсатын тек қылмыстың алдын алуға байланысты ғана келтірген және ол туралы, «Кеңестік қылмыстық құқықта жазаның мақсаты – мемлекеттің қылмыстық жауапкершілікті белгілей отырып, қылмыс жасаған кінәліні осы немесе басқа да жазаға соттай отырып жетуге ұмтылған нақты нәтижелер емес. Міне сондықтан жазаның мақсаты (түпкілікі мақсаты) тек қана  қылмыстың алдын алу (жалпы және арнайы) болып қала бермек»-дейді. [25; 201 б.]

Жазаны тек жалпы  және арнайы түрлерде қылмыстың алдын  алудың  мақсаты деп тану, жазаның мақсатын ғылыми және заң шығару дефинициясы тұрғысынан алғанда дұрыс деп айтуға болмас, себебі Қазақстан Республикасы ҚК 38-бабы жазаның  әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылатындығын тікелей көрсеткен.

 

 

1.6 Жазаны тиімді  тағайындау жазаның тиімділігі  ретінде

 

 

Жалпы, жаза тағайындау бұл  соттың өкілеттілігі, сондықтанда ол өте маңызды әрі күрделі болып  есептелінеді. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 30 сәуіріндегі «Жаза тағайындағанда соттардың заңдарды дұрыс қолдануы туралы» қаулысында айтылған. Сол сияқты сот жаза тағайындау барысында келесідей қағидаларды басшылыққа алуы тиіс. Бұлар: заңдылық, шығарған шешімінің әділдігі және негізділігі, жазаның жеке-даралығы қағидалары болып табылады. Бұл қағидалар қылмыстық кодекстің жалпы бөлімінің нормаларында өз көрінісін жалпылама табады.

Қылмыстық құқық жаза тағайындағанда кінәлінің жеке-дара жауапкершілік принципін негізгі басшылыққа алады. Сотталушының нақты қылмыс істеуіндегі кінәсі анықталған жағдайда сот оған жазаны істелген қылмыс үшін жауаптылық қаралған заңның тиісті баптарында көрсетілген шектен шықпай тағайындайды.

Мұндай ретте, істелген қылмыстың ерекшелігі және кінәлінің жеке тұлғасы жан-жақты қарастырылады. Тек қана осы мәселелерді есепке алған жаза ғана әділ әрі заңға сай деп танылады. Қылмыстық кодекстің 52-бабында жаза тағайындаудың жалпы негіздері былай көрсетілген:

1. Қылмыс жасауға айыпты  деп танылған адамға Қылмыстық  кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті  бабында белгіленген шекте және  қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің  ережелері ескеріле отырып, әділ  жаза тағайындалады.

2. Қылмыс жасаған адамға  оның түзелуі және жаңа қылмыстардың алдын-алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс. Егер жасалған қылмыс үшін көзделген жазаның онша қатаң емес түрі жазаның мақсатына жетуді қамтамасыз ете алмайтын болса ғана ол үшін көзделгендері арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Жасалған қылмыс үшін тиісті баптарда көзделгеннен неғүрлым қатаң жаза Кылмыстық кодекстің 58 және 60 баптарына сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша немесе үкімдердің жиынтығы бойынша тағайындалуы мүмкін. Жасалған қылмыс үшін қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарында көзделгеннен қатаңдығы төменірек жаза тағайындау үшін негіз қылмыстық кодекстің 55 бабында белгіленеді.

3. Жаза тағайындау  кезінде қылмыстың сипаты мен  қоғамдық қауіптілік дәрежесі, айыпкердің  жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайының ықпалы ескеріледі. Жоғарыда көрсетілген талаптарды біз үш топқа жіктеуімізге болады.

Оның біріншісі, әділ жаза тағайындау болып табылады. Әділеттік  принципі қылмыстық кодекстің жалпы  бөлімінде көрсетілген. Бұл қағидаға байланысты адамның қылмыс құрамының белгілері бар іс-әрекеті ғана қылмыстық жауаптылықтың негізі бола алады. Бір қылмыс үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды. Жазаның әділеттігі істелген қылмыстың ауырлығына, оны істеу жағдайларына және кінәлінің жеке басының кім екендігіне сай келуі қажет. Тағайындалған жаза қылмыскердің іс-әрекетінің заңдылық зардабы, нәтижесі болу керек. Осыған байланысты тым ауыр немесе тым жеңіл жаза тағайындауға жол берілмейді. Тағайындалған жаза істелген қылмысқа пара-пар келетін әділ болғанда ғана ол өз мақсатына жетеді. Сот жаза тағайындағанда кінәлінің істеген қылмысы үшін жазаның мөлшерін, түрін сол баптың санкциясы көрсеткен шектен шықпай тағайындауға міндетті. Мұнда санкцияның алатын орны ерекше. Түріне байланысты қылмыстық кодексте санкциялардың көбісі салыстырмалы түрде анық болады, яғни, жазаның түрі көрсетіліп, оның жоғарғы және төменгі шегі белгіленіп көрсетіледі. Балама санкцияларда негізгі жазаның екі немесе одан да көп түрі көрсетіліп, сот солардың ішінен кез келгенін тағайындауға құқылы. Қылмыстық кодекстің санкцияларының көбісі балама болып келеді. Бұның бірден-бір себебі, балама санкциялардың сотқа жазаны мерзімі және түрі жағынан толық түрде жекелеуге мүмкіндік беретіндігі. Әділ жаза тағайындаудың алғы шарты іс-әрекетті  дұрыс саралау болып табылады. Яғни, істелген іс-әрекеттің белгілерінің нақты қылмыс құрамы белгілеріне дәлме-дәл сай болуын анықтау өте қажет Қылмысты дұрыс саралау әділетсіз жаза тағайындауға әкеліп соғады. Қылмыстық заңның нақты құрамының санкциясында көрсетілген жаза мөлшерінің ең жоғарғы шегінен шығып, жаза тағайындауға заң ешқандай жол бермейді. Керісінше, сот жаза тағайындағанда қылмыстық заңның 55-бабында көрсетілген шарттарды еске ала отырып, кінәліге белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындауға құқылы. Сондай-ақ, жалпы бөлімінің ережелері де басшылыққа алынуы тиіс. Сот адамды қылмыстық жауапкершіліке тарту үшін алдымен оның іс-әрекетінде қылмыс құрамы бар ма, жоқ па осы мәселені анықтайды. Егер, қылмыс құрамы бар болса, ол біткен немесе бітпеген қылмыс па, қылмыскер оны жеке өзі немесе басқалармен істеді ме деген мәселелерді анықтайды. Бұл сұрақтарға жауап алу үшін ең алдымен қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміндегі қылмыстың ұғымы, оның сатылары, қылмысқа қатысу ұғымы, іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын жағдайлар, қылмыстық заңның уақыттағы, кеңістіктегі қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы сияқты мәселелерді анықтау керек. Қылмыстың құрамы бар іс-әрекеттерге жаза тағайындағанда сот ең алдымен адамды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуға негіздер бар ма, жоқ па деген мәселелерді анықтауға міндетті. Егер сот жасаған қылмыс үшін жаза тағайындау қажет деп тапса, онда ол қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінен жаза туралы бөліміндегі қағидаларды-жазаның ұғымы мен мақсаты, жазалау түрлері жаза тағайындаудың жалпы негіздерін басшылыққа ала отырып бекіткен немесе бітпеген қылмыстарға, қайталанып немесе қатысып жасалынған қылмыс үшін, қылмыстардың, үкімдердің жиынтығы үшін жаза тағайындаудың ерекшеліктерін ескереді. Мысал келтіретін болсақ: Қылмыстық кодекстің 359-бабының санкциясында екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Осы бап бойынша қылмыстық кодекстің 48-бабын ескере келгенде ең төмегі мерзім алты ай болып саналады. Яғни, сот қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша алты айдан екі жылға дейін мерзімді тағайындауға құқылы. Егер, осы қылмыс аяқталмаған қылмыстардың қатарына жататын болса, сот жазаны анықтау кезінде қылмыстық кодекстің 56-бабын басшылыққа алады. Ал, қылмыс бірге қатысушылықпен    жасалған    жағдайда,    қылмыстық    кодекстің    57-бабы қарастырылып, осы баптың санкциясы қолданылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы қылмысқа қарсы күрес тиімділігінің теориялық негіздері