Қазақстан Республикасындағы қылмысқа қарсы күрес тиімділігінің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Августа 2013 в 08:59, курсовая работа

Краткое описание

Елімізде жүргізіліп жатқан реформаны іске асыру және барлық заңды мүдделерді қорғау үшін қылмыстылықпен күрес шараларын күшейтуді қажет етеді. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары” дей отырып қоғамға, адамзатқа қарсы іс-әрекеттерді жасауға тыйым салады [1. 1-бап]. Қолданылып жатқан, құқықтық және ұйымдастыру шараларына қарамастан еліміздегі қылмыстық ахуал күрделі күйінде қалып отыр және техниканың дамуы мен көбеюіне, өндірістік қызметтердің қарқынды жүргізілуіне байланысты заңмен қорғалатын құндылықтарға абайсызда зардаптар келуінің мүмкіндігі де артуда.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЖАЗА.doc

— 465.50 Кб (Скачать документ)

Жаза тағайындау барысында, сот заңға сәйкес қылмыстық кодекстің 38-бабында көрсетілген мақсаттарды  көздеуі тиіс. Осыған байланысты, егер қылмыстардың немесе үкімдердің жиынтығы орын алатын болса, тиісті баптар, яғни қылмыстық кодекстің 59,60,61 баптары қолданылып отырады. Сондай-ақ, қылмыс рецидивті сипатта болған жағдайда 59 бап сәйкес қолданылады Мұнымен қоса, сот басқа да жағдайларды, атап айтқанда қылмыстық кодекстің 63,72,74 баптарын, ескеріп басшылыққа алып отыруы қажет. Сондай-ақ мерзімдерді қосу кезінде оларды белгілеу, жаза мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу туралы Жалпы бөлімнің ережелері негізге басшылыққа алынады. Егер жасалған қылмыс үшін көзделген жазаның онша қатаң емес түрі жазаның мақсатына жетуді қамтамасыз ете алмайтын болса сол үшін көзделгендердің арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Бұл жерде балама санкцияларды қолдану туралы сөз болып отыр. Сот жаза тағайындағанда істелген қылмыстың сипатын және қоғамға қауіптілік дәрежесін, айыптының жеке басының кім екендігін, істің жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларын еске алады.

Осы айтылған факторлардың ішінде есепке алынатын екі негізгі  белгі бар. Ол біріншіден, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі, екіншіден, кінәлінің жеке басының кім екендігі, басқа айтылған жағдайлар мен мән-жайлар бұл жоғарыда айтылған екі факторлардың мазмұнын нақтылап толтырылатын, оларға бағынышты түсінік болып табылады. Осы жоғарыда айтылған екі негізгі факторға сипаттама берелік. Бірінші, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтау арқылы жаза тағайындау. Заң бойынша әрбір істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігін екі жақтан: сапалық (қоғамға қауіптілік сипаты) және сандық (оның дәрежесі) белгілері арқылы анықталады. Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі қылмыстың объективтік және субъективтік белгілері арқылы анықталады. Мұның ішінде объективтік белгілері (қылмыстың объективтік зардабы, іс-әрекеттің мәні, қылмыстың істелген уақыты, тәсілі, оның жағдайы) субъективтік белгілері, кінәнің нысаны қылмыстық ниет немесе мақсат жан-жақты еске алынады.

Қылмыстық кодекстің 52-бабының  келесі бір маңызды талабы айыптының  жеке басының кім екендігін анықтау  болып табылады. Өйткені, оны сипаттайтын мән-жайларды дұрыс анықтаудың жазаны даралаудағы маңызы өте зор.

Сот нақты жағдайларға  байланысты әр уақытта да кінәлінің  жеке басына сипаттайтын әлеуметтік мәні бар барлық жайттарды анықтау  қажет. Оның ішінде кінәлінің қылмыс істегенге дейінгі немесе одан кейінгі мінез-құлқы, оның еңбекке, оқуға деген көзқарасы, өмір сүру салты, өзін қоршаған ортаға қатысы, оны сипаттайтын оң немесе теріс мән-жайлардың бәрі де ескерілуге жатады. Бұрын сотталғандарға ішімдікпен, нашақорлықпен әуестенушілерге, қоғамдық тәртіпті бұзушыларға, қатігездікпен немесе сыбайласып қылмыс жасағандарға шектен тыс жеңіл жаза тағайындауға болмайды. Керісінше мемлекет, қоғам, отбасы алдындағы өз міндеттерін адал орындап жүрген өндірісте, тұрмыста жағымды мінездемемен сипатталатын адамдардың бірінші рет қылмыс жасауы олар үшін жеңілірек жаза тағайындауға негіз бола алады. Соттардың сотталушының жеке басының мәліметтерін жан-жақты объективті түрде  тексеруі оларға тағайындалатын жазаның түрі мен көлемін белгілеу үшін елеулі маңызды болып табылады. Сондықтан да, қылмыстық құқықтың адамгершілік принципін басшылыққа ала отырып, сот жаза тағайындауға сотталушының денсаулығын, отбасы жағдайын, еңбекке қабілеттігімен оған деген көзқарасын, білімін, мүгедектігін, асырауындағы адамдардың санын, тағы да басқа мәліметтерді жан-жақты жеке еске алады.

Сонымен қатар, сот істегі жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын  мән-жайларды да есептеуі қажет.

Қылмыстық жазаның ерекше белгісі - оның тек қана сот органдарымен тағайындала алу мүмкіндігі.Ол ережеге сай ешқандай өзге мемлекеттік немесе қоғамдық ұйым қылмыстық жазаны тағайындай алмайды.

Заңды күшіне енген сот  үкімі барлық мемелкеттік, қоғамдық, жеке кәсіпорындар мен ұйымдарға, лауазымды  тұлғаларға  міндетті және Қазақстан Республикасының барлық аумағында орындалуға жатады. Билік өкілдерімен, мемлекеттік қызметшілермен, мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен, коммерциялық немесе өзге ұйымдармен ұйымдармен  заң күшіне енген сот үкімін, шешімін орындамау үшін немес оның орындалуына кедергі жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қылмыстық жазаны белгілеп, оны қолдану үшін негіз қылмыс болады. Қылмыстық жазаланатындығы қылмыстың міндетті белгілі болып табылады.  Егер қылмыс болмаса, әрине, жаза да орын алмайды. Алайда жазаланатындығы тек қылмыстық заң санкцияларында белгіленген жазалау және оны жүзеге асрыу қаупін білдіреді. Қылмыстық жаза тек қана қылмыстың құқықтық салдары болып табылады, бірақ кез келген қылмыс жазалауға алып келмейді. Өзге де құқықтық салдар басталуы мүмкін. Қылмыстық жаза шартты түрде де белгіленуі мүмкін, жазаны өтеу кейінге қалдырылу мүмкін. Қылмыс жасауға кінәлі болып табылған тұлға айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтіп кеткендігіне байланысты қылмыстық жазаны өтеуден босатылуы мүмкін. Соынмен қатар, қылмыстық заң тек қана қылмыстық жазадан ғана емес, қылмыстық жауаптылықтан босату  негізін де қарастырған. Қылмыстық жаза тек қана қылмыс жасағанына кінәлі болып табылған тұлғаға, яғни қасақана немесе абайсызда қылмыстық заңмен көзделген іс-әрекет жасаған тұлғаға қатысты ғана қолданыла алады. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде  кінәсіз тұлға жаза белгілеуге қатаң тыйым салынады.

 Жазаның маңызды  белгісі ретінде  кінәлінің  жасаған қылмысын мемлекет атынан  теріс бағалау болады. Ол бағалау  айыптау үкімінде орын алады  және жария сипатта болады.

Айыптау үкімін шығару сонымен  қатар қылмысты жасауда кінәлі тұлға ол жасаған қылмысы үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылғанын және қылмыскердің өзі мемлекет тарапынан сотталғандығын білдіреді. Сөйтіп, қылмыскерге қылмыстық жаза тағайындау фактісі тұлға мемлекет тарапынан теріс бағаланатын  іс-әрекет жасағандығын білдіреді.

Қылмыстық жауаптылық және қылмыстық жаза өзара қатаң байланысты. Қылмыстық жауаптылық әдетте қылмыстық  жазадан көрініс табады. Егер де қылмыстық жаза орын алған болса, онда қылмыстық жауаптылық та орын алғандығын куәландырады.  Алайда қылмыстық  жауаптылықты айыптау үкімінде жаза тағайындамай да көрсетуге болады, мысалы, кәмелетке толмағандарға қатысты тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану.

Қылмыстық жаза салдары  ретінде соттылық секілді теріс  заңды салдары бар.

Қылмыстық кодекстің 77 бабына сай қылмыс жасағаны үшін сотталған адам соттың айптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап соттылықты жою немесе алып тастау кезіне дейін сотты облған деп есептеледі. Егер тұлға жазадан босатылғант болса ол сотталмаған болып есептеледі. Тұлға сотталған болып есептелетін мерзім жасалған қылмыстың ауырлық дәрежесіне және  жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты болады.

Жаза тағайындаудың  айқындаушы белгілері деп, жаза тағайындаудың  жалпы ережелерін түсіну керек деген  көзқарас кеңінен тараған. Жаза тағайындаудың бірнеше айқындаушы белгілері деп, Конституция бойынша барлығының заң мен сот алдындағы теңдігі туралы ережесін, қылмыстық заңның, оның ішінде жазаның мақсаттарын, қылмыстық заңның баптарымен белгіленген жазаның шектерін, жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілігі мен дәрежесін, кінәлінің жеке басы ерекшеліктерін сипаттайтын жайларды, оның жазасын ауырлататын, жеңілдететін мән-жайларын ескеру  туралы атап өткен.

Жаза шарасын дұрыс  анықтау мәселесі теорияның және қылмыстылықпен күрес практикасының  басты мәселесі бола тұрса да қылмыстық құқық теориясында жеткілікті түрде зерттелмеген және жетілдірілмеген. Егер қылмыстылықпен күрес теориясы мен практикасын құруға қойылатын талаптар тұрғысынан қылмыс үшін тағайындалатын жаза шарасын дұрыс анықтаудың мәселелерін жасап шығару туралы әңгіме қозғайтын болсақ, бірінші кезекте еліміздегі қылмыстық саясатты ізгілендіру мәселелерін шешуге күш салу керек. Осыған байланысты әділетті қылмыстық жазаны таңдау мен тағайындау мемлекеттің ізгілікті қылмыстық саясатының мақсатына жететін құралдарының бірі болып табылады.

Жазаның тиімділігі жөнінде  И.М. Гальперин былай дейді: «Жазаның жоғарғы дәрежелі тиімділігі барлық әлеуметтік-экономикалық тәсілдермен  тығыз байланыста және осылардың  жиынтығында мақсатқа жетуді қамтамасыз етеді. Тиімділікті жеткілікті түрде қамтамасыз етуге қылмыстылықпен күрестегі мемлекеттің жекелеген кезеңдерде қабылдаған оңтайлы шешімдерінің өзі де қол жеткізе алмайды. 

Жазаның тиімділігі- жаза заңды, негізделген және әділетті болса  да жазаны атқару органдарының қызметіндегі кемшіліктер есебінен төмендеуі мүмкін. Бұған керісінше жазаны атқару өз дәрежесінде болғанда да, бірақ сот тиісті жазаның түрі мен мерзімін жауапкершілікті жекешелендіру туралы заң талаптарын ескермей жаза тағайындаса»- дейді И. М. Гальперин. [26; 152 б.]

Заң әдебиеттерінде жазаны зерттеуде оның:

а) жазаның жалпы және оның жекелеген түрлері жүйесінің  тиімділігін;

б) осы және басқа да қоғамға қауіпті әрекеттерге  қылмыстық-құқықтық тыйым салудың  тиімділігін;

в) жазаны тағайындау және орындау кезіндегі тиімділігін;

г) сотталғанның жазаны өтеп шыққаннан және мерзімінен бұрын  босатылған кейінгі түзелу және қайта  тәрбиелену нәтижелерін бекіту жөніндегі  шаралардың тиімділігін ажырату  керектігі көрсетілген.

Осы тиімділіктің әрқайсысы  жеке, айқындаушы белгілері бөлініп қарастырылуы керек. Сондай-ақ қылмыстық-құқықтық нормалардың тиімділігін зерттеуге қолданылғандай, объектінің түрлі квалификациялық белгілерінің негізінде талдаудың деңгейі мен басқа да аспектілерін бөліп қарауға болады. Бірақ бұл жағдайда, ең бастысы болып жазаның тиімділік мәселесі  қала бермек. Сондықтан жазаның тиімділігін талдау әлеуметтік құбылыс ретінде жазаға байланысты объективті және субъективті факторларының барлық жиынтығын қамтуы тиіс. Қылмыстық заңдағы жазаның әлеуметтік шарттылығы, жазаның түрлері мен мөлшерін қолдану-қылмыстық саясаттың дамуының қоғамдық шарттарына барабарлығы, қылмыскерді қайта баулу жөніндегі шаралар жүйесі, бұлардың барлығы біртұтас кешеннің байланысы. Жазаның тиімділік шарттылығы мен оның орындалуы құқықтың түрлі – қылмыстық және қылмысты-атқарушылық салаларымен зерттелуінің өзі, қағидалы емес, қолданбалы мағынасы бар. Ең маңыздысы, кез келген жағдайда жазаның тиімділік мәселесі қоғамның  дамуында орын алған кезеңдеріндегі әлеуметтік шарттылықтармен айқындалатын мәселесі болып қала бермек. [27; 154-156 б.]

Қылмыстық жазаның тиімділігі түсінігін ашуға бағытталған  жоғарыда келтірілген теориялық  тұжырымдар  абайсызда жасалған қылмыстар үшін тағайындалатын жазалар  тиімділігінің теориялық негіздерін сипаттау үшін пайдалануға болады. Шынымен де, қылмысты абайсыздық үшін жазаның тиімділік дәрежесі осы санаттағы қылмыстарда жазаның мақсатына жету үшін таңдап алынған және қолданылып жүрген әлеуметтік-экономикалық тәсілдермен тығыз байланысты.

Жауапкершілікпен жазаны дұрыс жекешелендіру, соттың тағайындаған жазаны сөзсіз орындалуын ұйымдастыру жөніндегі мәселелерді шешу кезінде әділет органдары қызметінің оңтайлылығын көтеру, абайсызда жасалған әрекеттер үшін қолданылған жазаның  тиімділігінің шарты болып табылады.

Қылмыстылыққа жаза шараларымен  әлеуметтік бақылау жасау үшін белгіленген  бағыттарсыз мемлекеттің жазаның  барлық жүйесінің тиімділік дәрежесін  арттыру жөніндегі атқарып жатқан жұмысы қажетті нәтижелерге жете алмайды. Осы бағытта профессор  Я.И. Гилинский қазіргі жағдайда  орын алған жазаның дәстүрлі жүйесінің дағдарысы мен қылмысқа бақылау жасаудың дәстүрлі тәсілдерінің өзін қайта қарау қажеттілігі туралы пікір келтіреді. 

«Қылмысқа бақылау жасаудың дәстүрлі тәсілдерінің тиімсіздігін сезіну-бас  бостандығынан айыру сияқты, кеңінен тараған жаза түрінің зардаптары стратегиялық және сонымен қатар тактикалық сипаттағы баламалы шешімдерді іздеуге әкеп соқтырады»-деп санайды Я. И. Гилинский. Біріншіден, -дейді профессор Я.И. Гилинский, өлім жазасынан бас тартқаннан кейін, бас бостандығынан айыру жазасы тек ерекше жағдайларда, негізінен зорлық жасау арқылы жасалған қылмыстар бойынша және тек жасы толған қылмыскерлерге қолданылатын, ақырғы және «ең жоғарғы жаза түрі» болып қалады. Бас бостандығынан айыру жазасына баламалы басқа жаза шараларының (бостандығын шектеу, соның ішінде электронды бақылауды қолдану арқылы, қоғамдық жұмыстарға тарту, Англия мен Уэльстегідей «құрама бұйрық» - қоғамдық жұмыстар мен пробацияның қиюласуы) кеңінен қолданылуына мүмкіндік туады.

Екіншіден, Батыс Европа, Австралия, Канада, Жапония елдерінде қысқа мерзімдерге бас бостандығынан айыру жазасын  қолдану кеңінен етек алған. Барлық жағдайларда бас бостандығынан айыру 2-3 жылға дейін, яғни сотталғанның психикасы өзгерстерге ұшырамайтын кездерге дейін қолданылады.

Үшіншіден, сотталғанның жеке басы ерекшеліктерінің сақталуы немесе нашарлауы пенитенциарлық мекемелердегі  жаза өтеу жағдайларына байланысты. Өйткені, қазіргі заманғы дамыған мемлекеттерде  қамаудағылардың дұрыс өмір сүруіне  барлық мүмкіндік жасалған (қалыпты тағам, санитарлық-гигиеналық және тұрғын жай жағдайлары, медициналық қызмет көрсету, жұмыс істеу, спортпен шұғылдану, туысқандарымен кездесу), адамның қадір-қасиетіне нұқсан келтірмейтін режим орнату, сондай-ақ жаза мерзіміне, қамаудағының мінез-құлқына байланысты жаза өтеу жағдайларын қатаң түрде саралауға мүмкіндік береді.

Төртіншіден, соңғы кезде  «қылмыскер-жәбірленуші»  қатынасын  реттейтін қылмыстық юстиция  емес, «қайтарымсыз юстициядан» оған баламалы, қалпына келтіретін юстицияны қалыптастыру мен дамыту жөніндегі ұсыныстар табанды түрде қойылып келуде. Бұл стратегияның мағынасы мүдделі емес делдалдың (аралық сот сияқты) көмегімен жәбірленуші мен қылмыскердің арасындағы қатынасты реттеуден тұрады. Көптеген жағдайларда жәбірленуші кінәліні түрмеге отырғызудан (соған байланысты қылмыстық істегі азаматтық талап бойынша міндеттемесінің орындалуын көптеген жылдар бойы күткеннен) гөрі, келтірілген залалдың тез арада нақты өндірілгеніне мүдделі. Ал осы қылмысты жасаған адам түрмеге барғаннан гөрі залалды тезірек өндіруге әрқашан да дайын тұрады. Мұндай «қылмыскер-жәбірленуші» арасындағы мәселені шешу практикасы ақсақалдар алқасының беделі күшті  елдерде іс жүзінде қолданылады және біртіндеп басқа да мемлекеттердің тәжірибесіне енгізіліп келеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы қылмысқа қарсы күрес тиімділігінің теориялық негіздері